Жергілікті бюджеттің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері


М а з м ұ н ы
КІРІСПЕ . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономика қазіргі жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырланып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, бюджет өндірістік қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық -заттық көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында -бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет -қоры қоғамдық өніммен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайтып, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жұнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.
Бюджет байланыстарының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады, кірістер және шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі бейнеленеді.
Ұзақ, орта және ағымды мерзімге әлеуметтік-экономикалық саясатты жоспарлау және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жету - кез-келген мемлекеттің, аумақтың немесе мекеменің табысты және өркенді дамуының кепілі. Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері күтілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамын бақылау, реттеу қажет. Осы тұрғыдан диплом жұмысының тақырыбы қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты - Ќазаќстан Республикасының бюджет жүйесіндегі аймақтың жергілікті бюджетінің қалыптасу үрдісінің аймақтық-экономикалық дамыына әсерін зерттеу.
Бұл маќсатќа ќол жеткізу ‰шін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер ќұзделген:
- Аймақтық бюждетті қалыптастырудың теориялық негіздері зерттеу;
- Бюджеттің экономикалық мазмұны, бюджет жүйесінің түсінігі, түрлері мен деңгейлерін қарастыру;
- Аймақтық-экономикалық дамудағы бюджет механизмінің мақсаты мен міндеттерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасыныњ бюджет ж‰йесініњ ќазіргі кездегі жаѓдайының талдауын жүргізу;
- Ќазаќстан Республикасыныњ мемлекеттік бюджет жүйесіндегі аймақтық бюджеттің қалыптасу ерекшеліктерін талдау;
- Аймақтық бюджеттің орындалуын бақылау жүйесін дамыту жолдарын зерттеу;
- Жергілікті бюджеттің орындалуын баќылау жүйесін дамыту жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен турады. Ғылыми жұмыс 8 кесте және 7 суретпен қамтылған 72 бетте жазылған.
Диплом жұмысының бірінші тарауында бюджеттің экономикалық мазмұны, бюджеттік жүйенің түсінігі, түрлері, аймақтық-экономикалық дамытудағы бюджет механизмінің мақсаты мен міндеттері және жергілікті бюджеттің қалыптасуының теориялық негіздері зерттелген.
Диплом жұмысының екінші тарауында Қазақстан республикасындағы фискалдық саясаттың ерекшеліктері, Оңтүстік Қазақстан облысы бюджетінің кірістері мен шығыстарының құрылу принциптері мен орындалыуна талдау жасалған.
Диплом жұмысының үшінші тарауы Ќазаќстан Республикасыныњ бюджет ж‰йесін ќалыптастырудыњ негізгі баѓыттары жєне жергілікті бюджеттіњ орындалуын баќылау ж‰йесін дамыту жолдарын зерттелген.
ТАРАУ-1. АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттік жүйенің түсінігі, түрлері мен деңгейі
Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын қүндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы -қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары біріңғай категориялардан қалыптасады, яғни, салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түрі деп және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындары (әлеуметтік, қорғаныс т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры [1] .
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі үғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмүны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген құрал (бюджеттік механизм арқылы) :
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен
функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні ете зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық кұжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік ір-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс -жалпы мемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жолдары арқылы іске асырылады [2] .
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар
- бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты -ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат
- еліміздегі жүмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық котегория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджетті -қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
2008 жылы қаңтар айының 1 жүлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
• республикалық бюджеті;
• облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті) .
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен - енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің кірістері 109, 8%-ға атқарылды, 1 682, 9 млрд. теңге жоспар кезінде іс жүзінде түсімдер 1 847, 2 млрд. теңгені құрады [3] .
Салықтық түсімдер бойынша 2006 жылғы мемлекеттік бюджеттің жоспары 228, 5 млрд. теңгеге, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша - 122, 0 млрд. теңгеге, қосылған құн салығы - 32, 8 млрд. теңгеге және табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша - 48, 5 млрд. теңгеге асыра орындалды. Салықтық емес түсімдер 9, 8 млрд. теңгеге артығымен орындалды [4] .
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:
- мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
- мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
- мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
- қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, ұлттық банк және т. б. ) ;
- мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Бюджеттік жүйе қашанда болса тұрақты әрекетте болуы керек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумағындағы бұрын қабылданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті болады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сондықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылықты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір өсершіл нәтижеге жету қажеттілік талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оның керек екендігі болып бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан бюджеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы - бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеліктері бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мұндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінін бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртұтас мемлекеттерде екібуынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне негізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір бөлімдерінің мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырып, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz