Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

«Экономика» факультеті

«Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасы.

«Банктегі бухгалтерлік есеп және есептеме» пәні бойынша.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.

Тақырыбы: Банктегі депозиттік операциялар есебі және аудиті.

Орындаған: 4-курс, ЭБХ-115 тобының

студенті Қалымбетов Д.

Қабылдаған: э. ғ. к. доцент. Бекжанова Т.

Түркістан - 2004ж.

Мазмұны.

Кіріспе 3

I-Бөлім. Банктегі депозиттік операциялардың бухгалтерлік есебі. . . . 4

  1. Депозиттік операциялардың бухгалтерлік есептегі жалпы

мінездемесі. 4

  1. Жедел депозиттердің бухгалтерлік есебі. . . . 7
  2. Талап етуге тиісті депозиттердің бухгалтерлік есебі. . 8
  3. Банкаралық депозиттік операциялар есебі . . . 10
  4. Банктің депозиттік және депозиттік емес операцияларының есебі…… . . . 10

Ii-Бөлім. Банктегі депозиттік операциялардың аудиті. 18

  1. Несиелік мекемелердің депозиттік операцияларын зерттеу. . 18
  2. Таратылған депозиттер аудиті, олар бойынша пайыздарды

есептеу және төлеу. 19

  1. Алынған банкаралық несиелердің аудиті. 22

Қорытынды. . 20

Тіркемелер24

Пайдаланылған әдебиеттер28

Кіріспе

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылмын толығымен өзгертті десе де болады. Яғни, бұл депозиттік операция.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Заң деңгейінде белгіленген салымдар (депозит) туралы ережелер жуық араға дейін толығымен азаматтардың бүгіндері жоқ СССР жинақ банктеріне салымдары туралы ескірген ережелеріне біріктіріліп келді және қазіргі заманғы банк жүйесіне байланысты салымдар туралы ешқандай жалпы ережелер белгіленген жоқ. Азаматтық Кодекс алғаш рет заң деңгейінде банк шоттарына байланысты қатынастар туралы ережелер бекітті. Банк істерінің, яғни бір тарабы міндетті түрде банк болатын істер қатарына банк салымы мен банк шоты шарттары жатады. Банк салымы (депозит) банк және оның клиеттерінің банкке ақша сомаларын (салым) салу және оларды сақтау және қайтару қатынастарын ресімдейді, ал банк шоты банктің өзінің клиеттерінің шот және басқа да банк операцияларын жүргізу арқылы тиісті сомаларды тіркеу, аудару және беруге байланысты есеп айырысу қатынастарын ресімдейді.

Сонымен қатар бұл курстық жұмыста банктегі депозиттік операциялар есебі және аудиті, олардың жалпы мінездемесі, түрлері, банкаралық депозиттер операциялар есебі және аудиті, тартылған депозиттер аудиті, олар бойынша пайыздарды есептеу және төлеуге байланысты тақырыптар қарастырылды.

I. Бөлім. Депозиттік операциялардың бухгалтерлік есебі

  1. Депозиттік операциялардың бухгалтерлік есептегі жалпы мінездемесі

Депозит - банкке сақтауға берілген, бірақ мерзімі біткен соң және белгілі бір қайтару шартымен берілетін бағалы қағаздар мен ақша құралдары. Сонымен қатар бекітілген депозиттік келісім-шартқа сәйкес депозиттің суммасы пайыздық ставка бойынша қайтарылады.

Депозиттік операциялар банк қызметінде инвесторлармен еркін ақша нарығындағы банктік ресурстарды алу бойынша қорларды қолданушылар арасында делдалдық қызметін көрсетеді.

Депозитті иемденгеннен кейін банк клиенттердің және басқа банктердің несие салымдарын салу мүмкіндігін кеңейтеді және табыс алу базасын құрады.

Депозиттік операция заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша құндылықтарын мобилизациялау бойынша маңызды күнделікті банк операцияларының бірі болып табылады. Республикалық коммерциялық банктер депозиттік операцияларын конститцияға, ҚР Президентінің жарғысына «ҚР банк және банк операциялары туралы» заңына 31 тамыз 1995 жылы, «салықтар және міндетті төлемдер» 24 сәуір 1995 жылы, «екінші деңгейлі банктердегі клиенттердің банк шоттарының ашылуы, қозғалысы және жабылуы туралы» 4 наурыз 1997 жылы сәйкес жүргізілді.

Заңды және жеке тұлғалар, ҚР-ның резиденттері және резидент еместері, банктің клиенттері және клиент еместері депозиторлар болып табылады. Депозиттерге салымдар ұлттық және шетел валютасымен қабылдана береді.

Депозиттерді тартудың мақсаты болып: клиенттерге сыйақы түрінде қосымша табыстардың ақшаларын салу мүмкіндігі; оларды банктің активті операцияларына пайдалы орналастыру.

Банк пен депозитор арасында шоттардың ашылу кезінде құқықтық қатынастар туындайды, ол депозит сомасын толық төлегеннен кейін және салықты және басқа да бюджетке төленетін төлемдерді, құқықтық қатынастар келісім-шартына сәйкес және әрекет етіп отырған заңға сәйкес келтіріп, сыйақыларды есептеген кезде ғана тоқтатылады. Бұл қатынастар келісім-шартпен құрылады.

Банктің депозиттік базасын арттыру келесі жолмен жүзеге асырылады:

  • корреспонденттік шоттар және басқа банктердің және қаржы ұйымдарының несиелері;
  • заңды тұлғалардың есеп айырысу шоттары;
  • заңды тұлғалардың депозиттері;
  • халықтың үлестері және заңды тұлғалардың білімі жоқ кәсіпкерліктері;
  • базалы қағаздар және басқа да қарыз құралдары;

Шот жоспары бойынша депозиттік оператор үшін келесі синтетикалық

шоттар қолданылады:

1001-кассадағы нақты ақша. Активті банк кассасындағы нақты ақшалардың есебі.

1051-Ұлттық Банктің корреспонденттік шоты (Активі) . ҚР Ұлттық Банкіндегі банк құралдарының есебі.

1052-Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттары.

1858-Банктің қысқа валюталық ұстанымы (Активті) . Бұл шотта осы шетел валютасының міндеттемелерінің жоғарылаған суммасы көрініс табады.

2203-Клиенттердің ағымдық шоты (клиенттердің есеп айырысу шоты) .

2211-Клиеттердің талап етуіне дейінгі депозиттер (пассивті) . Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі.

2215-Клиенттердің қысқа мерзімді депозиттері (пассивті) . Клиенттерден бір жыл мерзімге қабылданған депозит суммаларының есебі.

2217-Клиенттердің орта мерзімді депозиттері (пассивті) . Клиенттерден бір жылдан бес жыл мерзімге қабылданған депозиттер суммаларының есебі.

2219-Клиенттердің ұзақ мерзімді депозиттері (пассивті) . Клиенттерден бес жылдан жоғары мерзімге алынған депозиттердің суммаларының есебі.

2221-Клиенттердің арнайы депозиттері (пассивті) . Клиенттерден қаржыландыруды жүзеге асыруға және дебиторлық карточкалармен, чектермен, чек кітапшаларымен есеп айырысу үшін қабылданған арнайы депозиттердің суммаларының есебі.

2223-Депозит - клиенттің кепілпемесі.

2229-Клиенттердің басқа да депозиттері (пассивті) . Клиенттерден қабылданған басқа да депозиттердің суммаларының есебі.

5221-Арнайы депозиттер бойынша сыйақы шығындары. Клиенттердің арнайы депозиттері бойынша шығыстарының суммаларының есебі.

5229-Басқа да депозиттер бойынша сыйақылардың шығыстары. Клиенттердің басқа да депозиттері бойынша шығыстарының суммаларының есебі.

2720-Клиенттердің депозиттері бойынша шығындарды есептеу (пассивті) . Қазіргі кезеңге қатысты, алдағы кезеңде төленетін клиенттердің депозиттері бойынша сыйақылардың шығындарын есептеу суммаларының есебі.

2859-Шетел валютасының теңгедегі контрқұны.

5211-Клиенттердің талап етуіне дейінгі депозиттері бойынша сыйақыларының шығындары. Клиенттердің талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша шығындарының суммаларының есебі.

5215-Қысқа мерзімді депозиттер бойынша сыйақыларының шығындары. Клиенттердің қысқа мерзімді депозиттері бойынша шығындары суммаларының есебі.

5217-Орта мерзімді депозиттер бойынша сыйақылардың шығындары. Клиенттердің орта мерзімді депозиттері бойынша шығындары суммаларының есебі.

5219-Ұзақ мерзімді депозиттер бойынша сыйақылардың шығындары. Клиенттердің ұзақ мерзімді депозиттері бойынша шығындары суммаларының есебі.

5223-Депозиттер бойынша пайыздық шығындар. Клиеттердің кепілдемесі.

Депозиттер бойынша ақша құралдарын алу үшін сәйкес құжаттардың құралуына белгілі бір уақыт кетеді. Берілген факті баланстан тыс шоттарда көрсетілуі тиіс.

Дт-6175

Кт-6675

Депозиттерді алу мерзімі келген кезде

Дт-6675

Кт-6175

Әртүрлі депозиттік операциялар бойынша жазбалар:

1. Бекітілген депозиттік келісім-шарт бойынша депозиттің қабылдануы

Дт-1001 (жеке тұлғалар үшін) 1052, 2203.

Кт-2211, 2215, 2217, 2219, 2221, 2223, 2229.

  1. Депозиттерді қабылдау бойынша сыйақыларды есепетеу депозитті қабылдаған кезден бастап есепті кезеңнің соңғы жұмыс күніне дейін құрылады, келесі есеп беру кезеңі- әр ай сайын есепті айның соңғы жұмыс күні мынадай жазба беріледі:

теңгемен:

Дт-5211, 5215, 5217, 5219, 5221, 5223, 5229.

Кт-2720. Клиенттің депозиті бойынша шығындарды есептеу

шетел валютасымен:

Дт-1858 Қысқа валюталы позиция

Кт-2720 Бір мезгілде клиенттердің депозиттері бойынша шығындардың есептелуі.

Дт-5211, 5212, 5217, 5219, 5221, 5223, 5229

Кт-2859 Шетел валютасының теңгедегі контрқұны

3. Есептелінген сыйақыларды төлегенде немесе көздеоген сыйақылар бойынша салықты алып қайта есептегенде келесі жазба беріледі:

Дт-2720 Клиенттердің депозиттері бойынша шығындарды есептеу

Кт-1001 (жеке тұлға үшін) 1051, 1052, 2203

Төлем көздерінің салық суммасына

Дт-2720

Кт-2851 Салық бойынша есеп айырысу

4. Есептелген сыйақылардың ай сайынғы күрделенуі немесе оның төленуіне келесі жазба құралады:

теңгемен:

Дт -2720

Кт- 1001(жеке тұлғалар үшін) 2211, 2217, 2215, 2219, 2221, 2223, 2229

шетел валютасымен:

Дт-1858

Кт-1001, 2211, 2217, 2215, 2219, 2221, 2223, 2229

бір мезгілде

Дт-5211, 5215, 5217, 5219, 5221, 5223, 5229

Кт-2859

Депозитор мезгілінен бұрын келісім-шартты тоқтататын болса сыйақылар талап етуге дейінгі сыйақы үлестері банкте әрекет етіп отырған көрсеткіш бойынша депозиттердің нақты сақтау мерзімінде есептелінеді.

Егер депозитор келісім-шарттың мерзімі біткеннен кейін депозитті талап етпеген жағдайда, онда бекітілген келісім-шарт мерзімінен кейін депозитті сақтау мерзімі үшін сыйақылар талап етуге дейінгі әрекет етіп отырған банк көрсеткішінің үлесімен есептелінеді.

Депозиттер жедел, сақтау, талап етуге дейінгі, сонымен қатар бағалы қағаздар болып табылады.

1. 2. Жедел депозиттердің бухгалтерлік есебі

Жедел депозиттерге клиеттермен жасалған депозиттік келісім-шартында көрсетілген белгілі бір мерзімде банк шотында сақталынатын ақшалай қаражаттар жатады. Бұл мерзімде банк ақшалай қаражаттарды еркін қолдана алады. Бұл төлеу депозиті болып табылады, банк келісім-шартта пайыздық төлемді міндетті түрде көрсетеді. Бұл пайыз банк депозиттерін несие ресурсы ретінде қолданғаннан түскен пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл арадағы пайыздық айырма, несие алынған және клиентке депозит үшін төлемдер бактің пайдасын құрайды.

Коммерциялық банк депозиттік операциялар үшін арнайы синтетикалық шот ашады. Олар депозиттің талап етуі бойынша келесі кезеңдерге бөлінеді: 30 күнге дейін; 31 күннен 90 күнге дейін; 91 күннен 180 күнге дейін; 181 күннен 1 жылға дейін; 1жылдан 3 жылға дейін және 3 жылдан жоғары.

Бір жылғы мерзімге арналған жедел депозиттердің есебі шот жоспарының 2015 «клиенттердің қысқа мерзімді депозиттері» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша бір жыл мерзімге түскен қысқа мерзімді депозиттердің суммасы белгіленеді, ал дебеті бойынша қысқа мерзімді депозиттердің төлеу суммасы жазылады. Бұл шотта заңды және жеке жеке тұлғалардың екінші тәртіп шоты бойынша, 30 күн, 31-ден 90 күнге дейін және бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

Пассивті шот. Банктердің клиенттер алдындағы қарызы кредиттік қалдықта көрсетіледі.

Мысалы: Банкке заңды тұлға 50 мың теңге қысқа мерзімді депозит ашады. Ақаның сақталу мерзімі 181 күннен 1 жыға дейі, келісім-шарт бойынша пайызбен 30% есептейді.

Бұл кезде келесідей жазбалар жазылады.

1. Дт- 2203 «Клиеттердің ағымдағы шоты»

Дт- 1051 «Ұлттық Банктің корреспонденттік шоты», 1052

Кт- 2215 «Клиеттердің қысқа мерзімді депозиттер» 50 мың теңге

2. Келісім-шарт бойынша сыйақыларды есептеу. 15 мың теңге (5*30=15000)

Дт-5215 «Қысқа мерзімді депозиттер бойынша пайыздық шығындар»

Кт-2720 «Клиеттердің депозиттері бойынша шығындарды есептеу»

3. Келісім-шарт мерзімі біткен соң депозиттердің қайтарылуы, 15 мың теңге

Дт-2215 «Клиеттердің қысқа мерзімді депозиттері»

Кт-1051 «Ұлттық Банктің корреспонденттік шоты»

Кт-2203 «Клиенттердің ағымдағы шоты» 50 мың теңге

4. Есептелген сыйақыларды есептегенде

Дт-2730

Кт-2203 15 мың теңге

Кт-1051

Бір жылдан 5 жыл мерзімге дейінгі депозиттер есебіне шот жоспарының 2217 «Клиенттердің орта мерзімді депозиттері», ал 5 жылдан жоғары депозиттерге 2219 «Клиенттердің ұзақ мерзімді депозиттері»шотында жүргізіледі. Клиенттерден қаржыландыруға, дебиторлық карточкалармен есеп айырысу, чектермен, чек кітапшаларын жасыру үшін қабылданған арнайы депозиттердің суммаларының есебі 2221 «Клиенттердің арнайы шоттары» шотында жүргізіледі. Бұл шоттардың барлығы пассивті шот болып табылады, банктің клиенттер алдындағы қарызының сомасы кредиттік қалдықта көрсетіледі, дебеттік айналымында - депозиттер мен пайыздардың қарыздарының сомасын жабылуын көрсетеді.

Қысқа мерзімді депозиттер бойынша пайыздық шығындар үшін 5217 «Клиенттердің орта мерзімді депозиттері бойынша пайыздық шығындары», пл ұзақ мерзімді депозиттер бойынша пайыз шығындары үшін- 2219 «Клиенттердің ұзаұ мерзімді депозиттері бойынша пайыздық шығындары» шоты қарастырылған.

  1. Талап етуге дейінгі депозиттердің бухгалтерлік есебі

Талап етуге дейінгі депозиттер банктің ескертуінсіз кез-келген уақытта

алуы мүмкін. Олар құралдардың иелігінде болуы мен сипатына байлаанысты маманданады. Олар келесі шоттарда сақталады: есеп айрысу шотындағы қаражаты, заңды тұлғалардың ағымдық шоты, әр түрлі қорлардың сақталуы бойынша арнайы шоттардағы қаражат, есеп айырысудағы қаражаттар, басқа банктермен есеп айырысу бойынша корреспонденттік шоттағы қорлардың қалдықтары, республикалық және жергілікті бюджеттердің қалдықтары, шетел банк-корреспонденттердің шотындағы қаражаттардың қалдығы.

Талап етуге дейінгі депозиторлардың есебі шот жоспарының 2211 «Клиенттердің талап етуіне дейінгі депозиттер» синтетикалық шотында қарастырылады. Оның кредитінде клиенттің талап етуге дейінгі депозиттерінің қабылданған суммасы, ал дебетінде оның төленуі жазылады.

Клиеттердің талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша пайыздық шығынның суммасының есебі 5211 «Клиенттердің талап етуге дейінгі депозиттері бойынша пайыздық шығындар» шотында жасырылады. Оның дебеті бо йынша клиенттің етуіне дейінгі депозиттер бойынша пайыздық шығындардың суммасы белгіленеді. Ал кредиті бойынша 4999 «Салыққа дейінгі табыс» шотына есептен шығарылған сумма жазылады.

Жергіліекті сақтардыру салымдары мерзімі және салым операцияларының шотына байланысты келесілерге бөлінеді:

  • жедел
  • қосымша төлемдердің жеделдігі
  • ұтысты
  • ақшалай-заттай ұтыстар
  • жастар сыйақысы
  • шарты
  • талап етуіне дейінгі
  • ағымдық шоты бойынша
  • депозиттік сертификаттар

Сақтандыру салымдарының есебі 2215, 2217, 2219, 2221, 2223, сонымен қатар 2230 «Депозит сертификатын айналымға жіберу» синтетикалық шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттың кредитінде айналымға жіберілген депозит сертификатының номиналды құны, ал дебетінде депозит сертификат құнының есептен шығарылуы белгіленеді.

Талап етуге дейінгі депозиттерді банктің алдын-ала хабар беруінсіз кез-келген уақытта салымшылардың алуы немесе басқа тұлғаға ауыстыруы мүмкін. 1998жылдың қаңтарында республиканың барлық банктік жүйесінде талап етуге дейінгі депозиттер 55, 8 млрд теңгені құрады, яғни барлық депозиттің 67%-ын, Ұлттық Банктің 43, 8% пассивін және Казкоммерцбанктің 47, 3%, Темірбанктің 49, 8%-ын талап етуге дейінгі депозиттер құрады.

Талап етуге дейінгі депозиттер - бұл белгілі бір уақыт мерзімінде банктің пассивті шоттарында құралатын ақшалай қаражаттар, қаражаттардың банкке түсу уақытын анықтау мүмкін емес. Бұларға қоғамдық ұйымдардың және бюджеттік емес ұйымдардың клиеттерінің есп айырысу және ағымдық шоттары немесе субшоттары, республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттары жатады.

Талап етуге дейінгі депозиттердің синтетикалық шоты 2211 «Клиенттердің талап етуіне дейінгі депозиттер» шотында жүргізіледі, кредиті бойынша клиенттің талап етуге дейінгі депозиттерінің түскен суммасы, ал дебеті бойынша талап етуге дейінгі депозиттердің төлем суммасы жазылады.

Клиенттердің талап етуге дейінгі депозиттер бойынша пайыздық шығындар 5211 «Клиеттердің талап етуіне дейінгі депозиттер бойынша шығындар» синтетикалық шотында жүргізіледі. Дебеті бойынша талап етуге дейінгі депозиттер бойынша пайыздық шығындардыңсуммасы жазылады, кредиті бойынша 4999 «салыққа дейінгі пайда» шотына есептелген сома бойынша жүргізіледі. Депозиттік операциялар юойынша аналитикалық есебі келісім-шартқа сәйкес салымшылардың бөлек шоттарында ашылады. Салымшылар болып заңды және жеке тұлғалар табылады. Бір клиентке ашылған әртүрлі мерзімге және әртүрлі келісім-шарттың депозиттік суммалары әртүрлі шоттарда есепке алынады.

Аналитикалық есеп шоттары бойынша пайыздарды есептен шығару әрбір депозит иесіне сақтау мерзімі және пайыздық ставка мөлшері үшін бөлек шоттар ашылады.

  1. Банкаралық депозиттік операциялар есебі

Банкаралық депозиттік операциялар жедел және талап етуге дейінгі бодып бөлідеді. Бұндай операциялар есеп айырысуды бақылау және байланыс өтімділігін, сатысын білу үшін керек. Басқа банктердің қабылдаған несие суммалары: 2051 «Ұлттық Банктен алынған несиелер», 2055 «Басқа банктерден алынған орта мерзімді несиелер», 2056 «Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді несиелер», 2058 «Басқа банктерден алынған несиелер мен депозиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар», 2059 «Ұлттық Банктің және халықаралық қаржы ұйымынан алынған несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар», шотында жүргізіледі.

Банкаралық несиелер бойынша сыйақылардың төлеуі мен есептен шығарылуы келесі баланс шоттарында есепк алынады:

5110 - «Овернайт несиелер бойынша пайыздық шығындар».

5111 - «ҚР ҰБ-нің овернайт несиесі бойынша пайыздық шығындар».

5112 - «Шетел орталық банктердің овернайт несиесі бойынша пайыздық шығындар».

5113 - «Басқа банктердің овернайт несиелері бойынша пайыздық шығындар»

5121 - «ҚР ҰБ-тің алынған жедел банкаралық несиелер мен деплозиттер бойынша»

5122 - «Шетел орталық банктердің жедел банкаралық неселер мен депозиттер бойынша пайыздық шығындар»

5123 - «Басқа банктердің қысқа мерзімді банкаралық несиелер мен депозиттер бойынша (1 айға дейін) »

5124 - «Басқа банктердің қысқа мерзімді банкаралық несиелер мен депозиттер бойынша (1 жылға дейін) »

5125 - «Басқа банктердің орта мерзімді банкаралық несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық шығындар»

5127 - «Басқа банктердің ұзақ мерзімді банкаралық несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық шығындар»

Аналитикалық есебі қаражаттарының орналасу мерзімі және пайыздық

ставкасының сатысы бойынша әрбір шот бойынша жүргізіледі.

1. 5. Банктің депозиттік және депозиттік емес операйияларының есебі

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырған өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылмын толығымен өзгертті десе де болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

  • депозиттік қаражаттар ;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозит емес қаражаттар ірі сомада сатып алатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сатысына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктің ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктің тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтұлуына жағдай жасайды.

Эканомикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар;

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категорияларына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • тағы басқалар.

Салым иелерінің котегорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай шоттарға бөлінеді:

  • жеке тұлғаладың шоттарына;
  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
  • жергілікті бюджет ұйымдарының шоттарына;
  • шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктің тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәспорындардың, сондай-ақ әртүрлі шығын комерциялық құрылымдардың ағымдық шоттардағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қлдықтары;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пассивті операциялар
Депозиттік операциялар есебі туралы ақпарат
Басқа банктерден алынған несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Ұзақ мерзімді салымдарды өтеу мерзімдері есебінің тәртібі
Депозиттік операциялар туралы түсінік
Банктің кіріс операциясының есебі
АТФ банк
Центркредит Банк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz