Қашықтан қадағалау механизмі
Аннотация
Дипломная работа выполнена на тему : Банктік қадағалау және банк
қызметін реттеу (на примере АО АТФбанк)
Работа состоит из введения, трех основных разделов и заключения.
Во введении рассматриваются цель и основные задачи дипломной работы,
то есть обоснована актуальность данной проблемы.
В первом разделе освещены сущность и роль банковского надзора и
регулирования в РК, их значение и методы реализации. Также рассматривается
взаимосвязь банковского и финансового надзора.
Во втором разделе анализируется взаимосвязь органов финансового
надзора с банками второго уровня, в частности с АО АТФ банк. В разделе
также по материалам финансовой отчетности банка расчитаны пруденциальные
нормативы.
В третьем разделе дипломной работы рассматриваются пути развития
банковского надзора в РК, а также предлагаются мероприятия
посовершенствованию внутреннего контроля.
В заключении приведен вывод по дипломной работе.
Аннотация
Дипломдық жұмыс Банктік қадағалау және банк қызметін реттеу
(АТФбанк АҚ мысалында ) тақырыбына жазылған.
Жұмыс негізінен кіріспе, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен қарастырылатын мәселері кіріспе
бөлімінде айқындалған, яғни берілген мәселенің өзектілігі негізделген.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ҚР-ғы банктік қадағалау мен
реттеудің мәні мен ролі, оның маңызы мен іске асу тәсілдері
қарасытырылған. Сондай-ақ банктік және қаржылық қадағалаудың өзара
байланысы анықталған.
Екінші бөлімінде қаржы бақылау органдарының екінші деңгейлі
банктермен, оның ішінде АТФбанк АҚ өзара байланысына талдау жасалған.
Бөлімде сондай-ақ банктің есеп берулері негізінде пруденциалдық
нормативтер есептелген.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-да банктік қадағалаудың даму
жолдары, сондай-ақ ішкі бақылауды жетілдіру бойынша шаралар ұсынылады.
Қорытынды бөлімінде дипломдық жұмыс бойынша шешім жасалынған.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. 1.Банк қызметіндегі қаржылай қадағалаудың теориялық және ұйымдастыру-
құқықтық негіздері
1.1. Банктерді қаржылай қадағалау мәні, қажеттілігі,
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Банк қызметін қадағалау мен реттеудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Банктердің қаржы қадағалау органдарымен өзара
іс әрекетінің мәні, алғышарттары және қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. Банктердің қаржы қадағалау органдарымен өзара іс әрекетінің тәжірибесін
талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржылық қадағалау мен реттеудің
даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2. Банктерді лицензиялау және тіркеу кезінде капиталды қадағалау
... ... ..24
2.3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi
мақсаттары мен қызметі

... ... ...28
2.4. Банк қызметінің нормативтік актілерін сақтау мақсатындағы
қаржылай
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...39
2.7. Банктерге заң және нормативтік актілерін орындамаған жағдайдағы
санкциялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3. Банк секторын дамыту мақсатында банк қызметін қадағалау
мен реттеуді жетілдіру
3.1. Банктердегі ішкі қадағалауды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.2.ҚР-да банктік қадағалауды жетілдіру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... .68
Қолданылған әдебиеттер тізімі..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Тіркемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
Кіріспе
Берілген жұмыс банктердің қаржылық қадағалау органдарымен (оның ішінде
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің коммерциялық банктермен байланысын) өзара
байланысын зерттеуге бағытталған. Мұнда олардың міндеттері мен құқықтарын
іске асырудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері қарастырылады. Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің екінші деңгейлі банктермен байланысы қазақстандық банк
жүйесінің қарқынды даму сатысында және әлемдік қоғамдастыққа енуі кезеңіде
қаржылық қадағалау жүйіесінің маңызды бағыты болып табылады.
Банк секторының әрі қарай дамуының басты мақсаттарының бірі болып
несие ұйымдарын заңсыз коммерциялық қызметті жүзеге асыру мақсатында
қолдануды тоқтату табылады. [26] Сондықтан банктік жүйеге байланысты
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда берілген тақырыптың өзектілігіне көз
жеткізуге болады.
Әрине, қаржылық қадағалау мәселелерін бір дипломдық жұмыс шеңберінде
толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан берілген жұмыс банк қызметін
қаржылық қадағалаудағы қашықтан қадағалау әдістеріне, экономикалық
нормативтер арқылы реттеу мәселелерін зерттеуге бағытталады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мне мендеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қояды.
Демек жеке банктердің қызметінен банк секторының қызметінің сапасы
айқындалатын болса, жалпы банк секторының сапасы арқылы ел экономикасының
жағдайы анықталады деген тұжырым жасауға болады. Осыған байланысты бүгінгі
таңда банк қызметін реттеу мен қадағалауды жүргізу, оны жетілдіру мәселесі
өзекті мәселелердің бірі. Себебі, үнемі қадағалау жасау арқылы белгілі бір
тәуекелдердің алдын алуға болатындығы мәлім. Берілген зерттеуде банктік
қадағалау қаржылық қадағалаумен тығыз байланысты қарасытырлады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы банктік
қадағалау мен реттеудің теориялық - әдістемелік негіздерін анықтау және оны
жетілдіру бойынша Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған іс-шараларды саралау.
Осы мақсаттан жұмыстың мынадай міндеттері туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы банктік қадағалау мен реттеудің
даму тарихын, оның ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті қадағалау мен
реттеу бойынша құзырлы органдарың қызметін қарастыру;
- қаржы нарығындағы дипломдық жұмыстығ талдау объектісінің
орнын, оның атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
Жұмыстың талдау нысаны –Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің екінші
деңгейлі банктерді қаржылай қадағалау қызметі, АТФбанк акционерлік
қоғамының қаржы жағдайы.

қадағалау агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ресми веб-сайтының
мәліметтері, Қазақстан Халық банкі акционерлік қоғамының жылдық есеп
берулері жұмыстың ақпараттық базасын құрады.
Қазіргі кезде қарастырылып отырған тақырып жаңа болғандықтан , отандық
экономикалық әдебиеттерде банктердегі қаржылық қадағалау мәселесіне аса
көңіл бөлінбеген. Дегенмен мәселені зерттеуде теориялық негіз ретінде О.Н.
Антипова, А.Г.Братко, В.М.Родионова, Л.А.Дробозина, С.Мақыш сияқты алдыңғы
қатарлы ғылым қайраткерлері еңбектері пайдаланылды.
1.Банк қызметіндегі қаржылай қадағалаудың теориялық және ұйымдастыру-
құқықтық негіздері
1.1. Банктерді қаржылай қадағалау мәні, қажеттілігі, ролі
Тәуелсіз Қазақстанда банк жүйесін қалыптастырудың бастапқы сатысында
несие мекемелеріне салыстырмалы түрде либералды талаптар қойылды. Бұл
коммерциялық банк секторын қалыптастыру мен қарқынды дамыту сатысындағы
банктік қадағалау жүйесінің жетілмегендігімен түсіндіріледі. Кейінірек
қаржы-қадағалау органдарының қызметіндегі негізгі акцент қызмет етіп тұрған
несие мекемелерінің жұмысының сапасын, олардың өтімділігін, төлем
қабілеттілігін, сондай-ақ аталмыш органдардың жалпы банк жүйесін тұрақты
дамыту мақсатындағы талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге жасалды.
Қазақстанда соңғы жылдары банк секторының ролі үлкен масштабқа жетті
деуге болады. Банк жүйесі нарықтық экономиканың үздіксіз қызмет етуін
қамтамасыз етеді. Ол тек қана шаруашылық субъектілер арасындағы айналым,
қор жинау, төлем қатынастарына қызмет көрсетіп қоймайды. Сонымен қатар ол
дамыған елдердің ақша массасының құрамдас бөлігін құрайтын несие ақшаларды
жасайды және олардың жеткілікті деңгейде тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Белгілі американдық экономист М.Фридменнің еңбектерінде дәлелденгендей
банк секторының қызмет етуінің негізгі принциптерінің бұзылуы нәтижесінде
жалпы мемлекетті дағдарысқа алып келетіндей экономикалық тұрақсыздықтың
қайнар көзі болады. Банк жүйесінде миллиондаған азаматтардың салымдарының
сақталуы және осы салымдардың шаруашылық субъектілер үшін қарыз қаражатқа
айналуы жеке бір банктің, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің маңызын күшейтеді.
Демек банктің жүйе дамыған қоғамның қалыптасуына, әлеуметтік маңызды
процесстердің қалыптасуына пайдалы қызметтермен сипатталатын квазиқоғамдық
рольге ие. Сонымен қатар, қазақстандық банктердің халықаралық қаржы
қоғамдастыққа енуі, еліміздің территориясында шетелдік банктердің қызмет
етуі және онымен байланысты қосымша тәуекелдер қазақстандық банктік
қадағалауды әлемдік стандарттарды есепке ала отырып жасалған талаптарға
сәйкестендіруді және де атқарушы органдардың міндеттері мен қызметтерін
нақты координациялауды талап етеді.
Соңғы бірнеше онжылдықта халықаралық банктік қоғамдастық әртүрлі
мемлекеттердің қадағалау органдарының жұмыс тәжірибесін жалпылай келе
халықаралық деңгейде қаржы қадағалау органдарымен банктердің өзара сенімді
байланысын құру бойынша жұмыстар жасады. Бұл жұмыстар жай ақпарат алмасудан
бастап бірегей пруденциалдық нормалар мен несие мекемелерінің қызметіне
қойылатын талаптарды жасауды, қаржылай қадағалау ұйымдарының қызметін
координациялаудың тиімді жүйесін бекітуді көздейді.
Қаржылық қадағалау органы дегеніміз не? Мұнда ең алдымен қаржылық
қадағалау дегеніміз не екендігін анықтап алу керек.
Қаржылық қадағалау дегеніміз мемлекеттің заңнамаларын сақтау мақсатында
қаржы сферасының экономикалық агенттерінің және делдалдарының қызметін
олардың оперативтік қызметіне араласпай үнемі мониторинг жасау бойынша және
өзара қызмет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржылық қадағалау органы дегеніміз қаржы жүйесінің экономикалық
агенттерімен үнемі байланыста болатын және мемлекеттік қаржы саясатын
қалыптастыруға тікелей қатысатын биліктің мемлекеттік органдары.
Әрине біздің елімізде банктік қадағалауды Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі іске асырады. Берілген зерттеуде банктік қадағалау қаржылық
қадағалаумен тығыз байланысты қарасытырлады.
Әр елдің заңнамаларына сәйкес ішкі және сыртқы қаржылық қадағалау
қызмет етеді. Ішкі қаржылық қадағалау ол сол елдің ішіндегі заңнамаларға
сәйкес жүргізіледі. Ал сыртқы қадағалау немесе халықаралық қаржылық
қадағалауды халықаралық қаржы комитеттері жүзеге асырады. Оның ішінде банк
жүйесі үшін беделі жоғары ұйымдарыдың бірі ретінде Базель комитеті
табылады. Базель комитеті ол комитеттің мүше-елдері үшін қадағалау
талаптарын және мүше емес – елдер үшін ұсыныстық мінездегі талаптарды
жасайды. Ол бақылау органдарының шешетін басты мәселелері мынадай жағдайлар
кезінде яғни тапсырмалар мен нормаларды банк қызметтерді реттеу мақсатында
байланыстыру.
Банк қызметтерін бақылау 100 жылдан бері өмір сүріп келеді, мысалы,
АҚШ-да, Европа елдерінде. Соңғы 15-20 жылда дамушы елдер мұндай бақылау
банктік-қаржылық сфераға да, бүкіл экономикаға да маңызы зор екендігін
түсінеді.
Базельдік принциптерге жататындар: өтімділік тәуекелінің максималды
анықтамасының шегі, валюталық, несиелік, пайыздық, нарықтық және басқа да
тәуекелінің төлем қабілеттілігі.
Банктік басқарудың сапасын байланысты тәуекелінің бейтараптаунына аса
көіл бөлінеді. Базельдік комитенттің жасаған принциптеріне сай бақылау
оргондарына міндетті.
• Банк басқарулары актив портфелінің айналасында тәуекел концентрациясы
көрсетілуі жйында ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілетіндігіне көз
жеткізу;
• Бақыланып отырған банкте тәуекел болған жағдайда басқару жүйесімен
қамтамасыз етілгендігіне көз жетуізу;
• Банктің ішкі бақылау жүйесіндей бақылауды көру және ол банктің
қызметінің түрі мен масштабына сәйкестендірілгендігін.
Бақылауының басты мақсаты ақша-несие нарықтарының белгілі бір деңгейін
сақтап яғни ұстап болып табылады.
Берілген жұмыста халықаралық қаржылық қадағалау материалдары
қолданылады.
Шаруашылық субъектілердің қызметін қадағалау бойынша бақылау
функциялары әртүрлі мемлекеттік, кей жағдайларда мемлекеттік емес
органдарға беріледі. Қаржы делдалдарының қызметін қадағалаудың халықаралық
тәжірибесі бұл мәселенің әртүрлі елде шешілунің жолдарын көрсетеді. Бұл
мәселенің туындауы қаржы делдалының міндеттемелерін орындамау (дефолт)
немесе банкротқа ұшырау тәуекелі көлемі жағынан бірдей қаржылық емес
сектордың кәсіпорнының дефолты немесе банкроттығы тәуекелінен біршама
жоғары болуымен байланысты.[1:25]
1.2. Банк қызметін қадағалау мен реттеудің әдістері
Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін
реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни
банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті
шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді
қолдану мәселесі туады.
Бұл – қашықтан (дистанционалды) қадағалау әдісі және инспекциялық
әдісі.
Қашықтан қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына
мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау 1 – суреттегі тәртіппен жүзеге асырылады.
1-сурет. Қашықтан қадағалау механизмі
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде
сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк
балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барасында жеке банктік
операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға,
меншікті және тартылған қаражаттардың өздерін, оардың белгілі бір
мерзімге немесе белгілі бір кезеңде орналастыру құрылымын айқындауға,
сондай – ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен
маңызын белгілуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан
мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай
мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруіне және осы мәселеге
қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің
сапасымен аудиторлардың есеп бергеннін мазмұны туралы ақпараттар) алынатын
қаржылық ақпараттардыталдауды жүзеге асыруымен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндетерді шешеді:
1. Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да
нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға
қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2. Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен
дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің
нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржлық қызметін талдау
банткердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай
маңызды сұрақтарды қамтиды:
1. капитал;
2. активтердің сапасы;
3. пайдалық пен рентабельділік;
4. өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік
мәселелердің пайда болуының мүмкін бола жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып
табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып
отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жән – жақты
талдау, кез – келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін
білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын
талдаушы мынандай сұрақтарды ескеру қажет:
• Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
• Ең төменгі капитал мөлшерінен асқан жағдай болды ма?
• Капитал деңгейнің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
• Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алған тәуекелдер
бар ма?
• Банк капиталінің деңгейінің өзгеру үрдісі қандай?
• Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?
• Банк капиталінің сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражатқа көзі
деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік
операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы
өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін
болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде
өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың түрақсыздығы
банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының
нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан
банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін
реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың
талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк
басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін
факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі
банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің
сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық
ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін
активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің
болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа несиелерге
байланысты болады.
Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай
сұрақтарды көрсетуі керек:
• Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер
байқалды ма?
• Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған
активтердің үлесі қандай?
• Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
• Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының
жоғарылауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз
несиелерінің құрылымы қандай?
• Үмітсіз несиелерді баланстан шығару. Шығарылған несиелердің негізгі
түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
• Банктің несиелік қызметінің шығынын жабу үшін құрылған банктің
жалпы резервтерінің (провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің
(провизиялар) жоғарылауы немесе төмендеуі?
• Ұлттың банктің нормативті талаптарының сақталуы?
Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жардайының
ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын,
сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғүрлым рентабельді жұмыс
жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және
акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына
жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капита-лын азайтып немесе жойып жіберуі
мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды
тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.
Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа
жауап береді:
• Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын
құруға және қолдауға жеткілікті ме?
• Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның
келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?
• Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз
мөлшерлемелерінің жоғарылаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып
қалуы мүмкін 6е?
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды
жүргізеді.
Операцияларды жүргізуде пайыздың, пайыздың емес және басқа да
шығындары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары,
құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да
болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады.
Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос
шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және
капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан
талдауда маңызды орын алады.
Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:
— шығындардың құрылымы;
— пайыздың шығындардың көлемі;
— пайыздың емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
— әкімшілік шығындар.
Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің
көрсеткіштеріне әсер етеді.
Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген
сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан
талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері
мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің
құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл
аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады.
Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктің өтімділігі бойынша
жағдайын бағалаған кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыруы қажет:
• Банктің өтімді активтерінің көбеюі немесе азаюы? Банктің өз
міндеттемелеріне қатысты өтімді активтерінің көп немесе аз болуы?
• Банк ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік
органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген
тәуелділігін азайтып жатыр ма немесе көбеюде ме? Және тәуелділік деңгейі
қандай?
• Банктің активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз
сомасы бар ма?
• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен белгіленген өтімділік бойынша
талаптарды орындай ма?
Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын
Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің электронды жүйесінің (BOSS) Ұлттық
банк алдында мынадай міндеттері болады:
— банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;
— өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау
департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беріп тұру;
— банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктерді түзетуге
қабілеті мен ықыласына байланысты мәселелерді шешуде өздерінің шаралар
жоспарын Ұлттық банктің басшылығына қарастыруға беру;
— өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын
бақылау және олардың тиімділігін бағалау.
Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін
күнделікті баланстарға талдау жүргізеді.
Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-
позициясы орындалуы туралы есептерін тексереді.
Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын
берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен
міндеттемелердің салыстыру кестесін) тексереді.
Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарының бірі
болып табылатын пруденциялың нормативтердің орындалуын тексеріп, олардың
дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен
түзетулер жасайды.
Жалпы пруденциялдық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің
пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және
дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.
Екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне есеп берудің
мынадай формаларын тапсырады:
— 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;
— ашық валюталық позицияның лимиттері және вал-талык, нетто-позициясы
туралы апталық есебі;
— ағымдагы өтімділіктін, орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру
(талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі).
— пруденуиялық нормативтердіц орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
— активтердң және шартты талаптар мен міндеттемелердің, ай
сайын жіктелінуін;
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау
— тоқсан сайын үнемі қаржылық, есеп беруі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пруденциялдық нормативтері
туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, кЗ.1, кЗ.2, к4.1, к4.2 және к5
коэффициенттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі
айдың сегізінші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне тапсырады.
Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін
ақпаратты-статистикалың басқармасының есептелген мәліметтерімен салыстырып
отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ең төменгі резервтік
талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан
сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгілеген резервтік
талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік
қадағалау департаментіне ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп
береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа
заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен
белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген
резервтік мөлшерлеме 6%-ға тең.
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындауының екі әдісі бар:
1) Баламалы — ай сайын қаражаттарды резервтік активтерде орналастыру,
ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс
күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде
есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлың көлемінен кем
болмауы керек.
2) Баламасыз —қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта
орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік
міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік
талаптарға тең болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі
банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық
қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген
қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның
қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден
тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен
автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде
банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және
салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін анықтауға болады.
Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан
қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша
қорытынды жасайды.
Статус-Репорт — банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға
мүмкіндік беретін % ұжат.
Статус-Репортты жасау барысында қашықтан қадағалау қызметкерлері
САЕL (САЕL, яғни М-менеджментті қарастырмағанда, САМЕL жүйесі бойынша)
компоненттері бойынша банкке рейтинг беру жүйесін қолданады.
Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке
санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.
Бұл құжатты қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар
берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылың қадағалау департаментінің
басшылығына беріледі.
Статус-Репортта көрсетілетін негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа
да мәліметтерге мыналар жатады:
1) Банк туралы жалпы мәліметтер.
2) Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
3) Банктің активтері.
4) Банктің міндеттемелері.
5) Банктіц табысы мен шығысы.
6) Өтімділігі және ең төменгі резервтік талаптар.
7) Қосымша ақпараттар.
Талдаушы барлық жоғарыда аталған факторларды ескеріп, қашықтан
тексеруді банктің өтімділік позициясын жалпы бағалаумен аяқтауы керек. Егер
банктің өтімді активтерінің сапасы төмен болған жағдайда, талдаушы бұл
деңгейдің міндеттемелерінің құрамына қаншалықты сай келетінін анықтауы
қажет.
Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің
банктік қадағалау департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау
жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға
мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды.
Қашықтан қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан
бойынша қорытынды жасап, жылдың Статус-Репортты жасайды.
Сонымен қатар, қашықтан қадағалау талдаушысы:
— банктерді ашу үшін табыс ететін құжаттарды қарастырады;
— банктерге банктік операцияларды
жүргізуге
лицензия беру құжаттарын қарастырады;
— банктің басқарушы қызметкерлерінің кандидатуралары
бойынша Ұлттық банктің біліктілік комиссиясында қаралатын сәйкес
құжаттарды дайындайды;
— банктердің бағалы қағаздар
проспектілерінің
эмиссияларын сараптаудан өткізеді және оларды шығару қорытындылары мен
орналастыруын қарастырады;
— банктің қаржылық жағдайын сауықтыру бойынша сондай-ақ
оларға санкциялар немесе шектелген ықпал ету шараларын
қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды және Банктік қадағалау
департаментіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.
Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәліметтерді керек
еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал
жеткілігтігі, активтедрің сапасы мен өтімділік деңгейі сияқты негізгі
қаржылық көрсеткіштер мен коэффициентердің көмегімен талдау жасау
арқылы банктің қаржылық анықтау үшін қолданылады.
Қашықтан қадағалаудың жетістіктері есеп және есеп берудің нақты
нұсқаулары мен нормативтік сәйкес берілетін мәліметтердің дұрыстығына
байланысты болады, сонымен қатар берілген ақпараттардың толықтығы мен
дұрыстығын қамтамасыз етуге көңіл бөлу керек.
Тиімді қашықтан қадағалау үшін жоғарыда аталған негізгі
көрсеткіштеріне қаржылық талдау жүргізудің жоғары деңгейдегі кәсіптілік
қажет. Есеп беру мілеметтерін қаржылық талдау, топтар бойынша
коэффициенттердің деңгейін, тенденцияларын салыстыру талдау жүргізу үшін
қолданылады.
Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселерінің
пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескеретін алдын ала
ескерту жүйесі ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау
банктің алдында тұрған тәукелді жиі айқындай бермейді және барлық
субьективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығара алмайды.
Қашықтан қадағалау мен инспекциялау жалпы қабылданған әдістер болып
саналғанмен, пруденциялық қадағалау осы екі әдісті қатар жүргізуді қажет
етеді.
Қашықтан қадағалаудың артықшылығы – онда банктердің жағдайы туралы
мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктігі, өтімділігі және табыстылығы
бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәукелдің аспектілеріне
жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген
мәліметтердің дұрыстығына өтпегеніне толық сенуге болмайды.
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру
арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік
беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы – банктің барлық операциялары мен
тәукелін тиянақты тексеру, сондай – ақ банктің басқарылуы туралы натқы
көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек – кейбір жағдайда
бірнешежылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық
жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды.
Инспекциялық қадағалау механизмі 2 – суретте берілген.
2 –сурет. Инспекциялық қадағалау механизмі.
Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік
операциялар мен банктік тәукелдерді білетін жоғары білікті мамандардан
тұратын топ немесе топтарды құруы қажет. Инспекциялық тексерулерді
жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететін ескере отырып, қадағалау
органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін (әрбір банк кемінде
жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін
жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің
тәукелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау,
сондай – ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындауға
негізделеді.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу
механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қоланыдатын осындай екі
әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде қашықтан қадағалу әдісі жедел
тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын
көрсеткіштерді айқындау үшін қоланылады жәнетексеруді ерекше алаңдатып
қызметтердің бағытын дұрыстап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселерді
жою бойынша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасауы мүмкін. Осымен бірге
қадағалау орындары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру,
инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болу керек.
1.3. Банктердің қаржы қадағалау органдарымен өзара іс әрекетінің мәні,
алғышарттары және қажеттілігі
Ғылыми әдебиеттерде тиімді қаржы қадағалау жүйесін зерттеу терең
көрініс таппады деуге болады. Демек банктермен өзара байланысы аспектісінде
қаржы қадағалау органдарының мәніне терең талдау жүргізілмеген. Сонымен
қатар қаржы қадағалау жүйесінің жұмысын зерттеуде талдау қажетті элемент
болып табылады.
Банктердің қаржы қадағалау органдарымен байланысы бұл органдардың
құзыреті мен қызметі арқылы көрініс табады. Осыған байланысты жұмыс
барысында аталмыш органдардың қызметіне көңіл бөлінеді.
Банктердің қаржы қадағалау органдарымен өзара байланысының мінезін
объективті түрде анықтайтын алғышарттардың бірі ретінде мемлекеттің
ұйымдастыру негіздері, биліктің жалпы құрылымы, мемлекеттік экономикалық
саясаттың мақсаттарын жүзеге асыру бойынша функцияларды бөлу принципі
табылады. Аталған мінездемелер мемлекеттің ата заңы- конституциямен
анықталады. Қазақстанның дамушы нарықтық ел ретіндегі экономикалық
жүйесінің сипаты оның ұлттық валютасының салыстырмалы түрдегі әлсіздігімен,
яғни сыртқы және ішкі жағымсыз факторлардың әсеріне икемділігімен
сиптталады. Экономиканың дамуының дәстүрлі және ықпалы жоғары
аспектілерінің бірі болып тікелей және портфельді инвестиция түріндегі
капиталдың трансшекаралық ағымы табылады. Бұл қаражаттардың елімізге
келуіне банк жүйесінің тұрақтылығы да үлкен әсерін тигізеді. Осыған
байланысты банктік органдар қаржы қадағалау органдарымен тығыз байланыста
болуы тиіс. Себебі қаржылық қадағалау банк жүйесінің жағдайын алдын-ала
жобалауға, белгілі бір шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандай, берілген тақыыптағы жұмыс, банктік және қаржылық
қадағалау түсініктерін тығыз байланыстырады. Қазақстанның банк жүйесін
қаржылық қадағалауды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі жүзеге асырады.
Бұл агенттік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен біріге жұмыс
істейді. Аталмыш агенттік банктік қадағалау органы ретінде банк қызметін
қаржылай қадағалау тиімді жүргізілуін қамтамасыз етуге қатысады. ҚРҰБ
қаржылық-қадағалау агенті ролін мынадай мақсатта орындайды:
1) Агенттіктің банктермен табысты жұмыс істеуін ұйымдастыру (банктерді
қадағалау тәжірибесінің болуына байланысты);
2) Банктік ұйымдар мен агенттіктің қызметкерлерінің өз құзыретін аса
сілтеушілікпен пайдалануына жол бермеу.
Осылайша ҚРҰБ еліміздің заңнамаларының орындалуын бақылаушы ролін
атқарады. Сонымен қатар банктердің өзінің құқытары мен еріктілігін
қорғаудың кепілшісі болады. Мұндай серіктестік әлемдік тәжірибе
көрсеткендей оптималды шешім болып табылады.

2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржылық қадағалау мен реттеудің даму
тарихы
Қазақстан Республикасындағы қаржы рыногы мен онда қалыптасып отырған
қатынастарды қадағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі көтеру мақсатында
“Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188
Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 924 Жарлығымен Ұлттық Банктің
бағалы қағаздар рыногын реттеу, банктік және сақтандыруды қадағалау,
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаменттері таратылып,
солардың негізінде оның функциясына қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын
мемлекеттік реттеу мәселелері енгізілген Қаржылық қадағалау департаменті
құрылды.
“Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау
туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474–ІІ Заңына
сәйкес қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеудің негізгі мақсаты
мыналар болып табылады:
· Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету және жалпы қаржы жүйесіне деген сенімділікке қолдау көрсету;
· Қаржы қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін
қамтамасыз ету;
· Қаржы рыногындағы әділ бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы
ұйымдарының қызметі үшін тең дәрежеде талаптар тудыру.
Заң қабылданғанға дейін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын
мемлекеттік реттеу мен қадағалау функциясын Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі жүзеге асырды.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге
қызмет көрсететін ммелекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді
және “банктердің банкі” болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің
мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады.
Осының нәтижесінде қолма-қолсыз және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы
Ұлттық банкіде және оның мекемелеріне шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа
да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктің құралу көздеріне – банк ісіне түскен табыстар, бағалы қағаздардан
түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд.теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100Ғ мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылығылардан, көлік және
басқа да құндылықтардан тұрады, ал қаражаты – банкіге тиеселі ақша
қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар
мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер
амортизациясы, оның ішінде банкноттар мен монеталардың құндарының бір
бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі
республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық
салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақсан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамсыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамсыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансыз жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртәбән жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстарын мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге
ораластырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың
монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиялайды;
- ҚР Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және
филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын
береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау
проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссилау проспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дйін міндетті сараптама жүгізеді;
- банктердің қызметн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін
реттеуді жүзеге асырады;
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап “Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы” Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымынан бөлу жолымен - Қазақстан

агенттігі дербес ведомствосы құрылды.
Жоғарыда аталған Жарлықпен Агенттіктің Ережесі және оның құрылымы
бекітілді. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес бағалы қағаздар
рыногын, сондай-ақ банктік, сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы
қорларын, инвестициялық қорларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайлардағы шоғырландырылған негіздегі қызметті
мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі негізгі функцияларын орындайды

Банктердің қызметінің тұрақытылығын қамтамасыз ету мақсатында банктік
қадағалау ұйымдарының тарапынан несие мекемелерінің меншігінің құрылымын
бақылау қажет. Қазақстан Республикаысының Ұлттық Банкі банктік қадағалау
органы ретінде несие мекемесінің тікелей немесе жанама иелерінің
репутациясы таза екендігіне көз жеткізуі керек. Ұлттық банктің жаңадан
құрылу және лицензия беру сатысындағы баға беруі өте маңызды. Ол несие
мекемесінің әрі қарай қаржылай қадағалауға негіз болады.
Банктік, сондай-ақ ҚР-ң Банктер және банктік қызмет туралы заңына
сәйкес белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды
осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган немесе Ұлттық банк береді.
Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар Ұлттық Банк белгілеген тәртіп
бойынша беріледі.
Ұлттық Банк немесе уәкілетті орган лицензия берген кезде
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына
рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші
мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:
1) барлық ұйымдық – техникалық шараларды орындауға, оның
ішінде уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес
келетін үй-жай мен жабдықтар әзірлеуге, сондай-ақ тиісті
біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға;
2) жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге
лицензия алу үшін:
1. банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың
алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің және сақтауға
міндетті басқа нормалар мен лимиттердің;
2. тәуекелдер мен ішкі бақылау жүйелері бар бөлікте уәкілетті орган
белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі өтінішті
уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк өтініш қабылданған күннен
бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
4. Ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен банк операцияларын
жүргізуге лицензия шектеусіз мерзімге беріледі.
5. Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия үшінші адамдарға
берілмеуіге тиіс.
6. банк операцияларының барлық түрлері оны жүргізу құқығы
лицензияда тікелей көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы
мүмкін.
7. Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі шешімді
уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің ресми басылымдарында
жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның тиісті дәрежеде
куәландырылған көшірмесі банк клиенттері көруіне оңтайлы жерге
орналастырылуы тиіс.
ҚР-ң Банктер және банктік қызмет туралы заңына сәйкес банктік
операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруге мынадай жағдайларда рұқсат
етілмейді:
1) осы жоғарыда белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған ретте;
2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде
лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған ретте жүргізіледі.
Осы орайда банктің жарғылық, жалпы меншікті капиталының көлемі мен
оның қалыптасуы өте маңызды екендігін айта кету керек. Банкті құру
сатысында жарғылық капиталы акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары
есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі және
қалыптастырылады.
Бакнкінің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алынатын акцияларға
ақшамен ғана төлем жасауға құқылы.
Банктің құрылтайшылары және акционерлері – заңды тұлғалар акцияларға
орналастырылған активтерді және басқа тұлғалардың капиталына қатысу үлесін
шегере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің
талаптарына сәйкес есептелген өз капиталы шегінде банк акцияларын сатып
алады.
Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары – жеке тұлғалар жарғылық
капиталға ақша қосуға, салық заңдарының табыстары мен мүлік туралы
декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарын ескере отырып, банк
акцияларын төлеуге құқылы.
Банк акцияларын алғашқы сату барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшін
бірыңғай орналастыру бағасымен жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банкінің жарғылық капиталына оның акционерлері Әділет
министрлігі банкіні тіркейтін кезге қарай елу процент мөлшерінде және
тіркеген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
Банктің өз меншігіндегі капиталы (бұдан әрі – Банк капиталы) оның
міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтердің құны банк активтерінің
бастапқы құнынан берілген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажетті
резервтер (провизиялар) сомасын шегеру жолымен есептеледі. Банк капиталын,
активтерінің құнын, берілген қарыздар мен басқа да активтер бойынша
резервтердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz