Бастауыш сыныпта сөйлеуге үйрету дағдылары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ПОРТФОЛИО
Пәні: Шетел тілін оқытудың модельдері
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта сөйлеуге үйрету дағдылары

Орындаған: ИЯ-23 тобының студенті Улбосын
Тексерген: аға оқытушы,педагогика ғылымдарының магистрі- Насимуллина А.Б.

Орал 2021
Жоспар
І Кіріспе
Бастауыш сыныптың оқушыларын сөйлетудің маңызы.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Монологтық және диалогтық сөйлеу дағдысын дамыту.
2.2 Сөйлеу дағдыларын жас ерекшелігіне байланысты қалыптастыру.
2.3 Сөйлеуге дағдыландыратын ойын түрлері.
ІІІ Қорытынды
Бастауыш сыныпта сөйлеуга үйретудің нәтижесі.

Тезис
Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім, - деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.
Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.
Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлғаны бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі - баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты.

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты жəне тəжірибелі авторлары бар, сол себепті сөйлеуге үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз əрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мəселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мəртебесінің биік болуы қоғам. мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, əдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тəрбиелеу - біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мəселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нəтижеге жету үшін əрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл əлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің əр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мəн берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту əдіс- тəсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.Шет тілін үйрету əдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы жəне ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық жəне жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға жəне жұмыс істеуге шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе 2 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мəні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктері. Портфолио мақсаты - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу жəне олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, 2-3сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.
Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның əлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу - көп аспектті əрі қиын құбылыс.
2-3сынып оқушылары шамамен 7-10 жас аралығындағы оқушылар. Олар бейнелікөркем ойлауымен ерекшеленеді. Бұл жас оқушылары үшін мнемоникалық əрекет нəтижесінде еріксіз есте сақтау тəн. Сабақтың қызықты мəліметі олардың назарын тез аударып алғанмен, олар осы қызығушылықпен ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, себебі олар шаршап кетеді. Жалпы осы жас кезеңі байсалды əрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, яғни бұл кезеңде оқушы миының жүйелік толық жетілуі болады. 2-3сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады. Р.И.Жуковскийдің тəжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді. Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады. Сондықтан да 2-3сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту үшін, тез жатталынатын өлеңдер мен ұйқастарды таңдау керек. Сондай-ақ осы жастағы оқушылар қарым-қатынасқа бейім жəне тез əсерленгіш келеді. Олардың назарын жаңа əрі кенеттен болған жағдайлар қызықтырады. 7-10 жасар оқущылардың ақыл-ой мүмкіндіктері əжептəуір кең. Олардың пікір алмастыруға, шешім қабылдауға, ойша пайымдауға, заттар мен құбылыстарға анализ жасауға мүмкіндіктері қалыптасқан. Сол себепті сөйлеуге үйрету өте маңызды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Биляев ойынша, шет тілін игеру яғни басқа тəсілдермен жəне жолдармен санадағы ойды шығару. Шет тілін оқытудың нəтижесі жемісті болу үшін оқушының дербес жəне жас ерекшеліктерін ескеру маңызды шарттардың бірі болып табылады. Бұл бөлімде сөйлеу не үшін, неге жəне не айту керек деген қызметтерді ғана атқарады. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нəрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық жəне синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді əртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады: oo жазу кезінде əртүрлі,ал дыбысталуы бірдей, мысалы two-too,one-won, see-sea; oo мағына жақындығына байланысты, мысалы small-little; oo мағынасының қарама-қарсылығына байланысты, мысалы answer-ask. Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни сөздердің басқа сөздермен сəйкес келуі, мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады: oo order - something (order dinner, order breakfast, a new coat etc ) oo order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed) oo give an order to do something (to stand up, to stay after classes) Сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас кезінде лексикалық сөздік қорларына қатысты құралдарды таңдап алу мына жағдайларды іске асырады: күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер, мысалы good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in. oo сөздердің орнын ауыстыру жəне құрылымын өзгерту, мысалы my name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып, my түрін his, her немесе my sister's деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу тыңдау, оқу жəне жазумен тығыз байланысты. Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты, яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дəлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты, мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады. Сөйлеу монологтық жəне диалогтық түрде жүзеге асырылады. Монологтық сөйлеуге ойды толық жеткізу жəне бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тəн. Монологтық сөйлеуге хабарлау деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз,оқушылар қайда оқимыз,бүгін қай күн деген сөздерді, апта күндерін немесе күздің сипаттамасын ағылшынша жеткізе алу қажет. Монологтық сөйлеуді үйретудің бірліктері сөйлемдер, сөйлемдік бірліктер жəне байланысқан мəтіндер бола алады, мысалы This is a pen. It's on the table. Монологтық формада сөйлеу өз тілінде де, шет тілінде де қиындық туғызады. Ол не айту керек əрі қалай айту керек жəне т.б байланысты. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. 2-ші сыныптық кезеңдерде оқушыларға мəтінді тез есте сақтап, түсініп айту үшін көмек ретінде құрылымдық қаңқаны тірек етіп алуға болады. Қаңқаны кодоскоп арқылы экранға шығаруға немесе тақтаға, карточкаларға жазып қоюға болады. Мысалы, аттың суретін көрсету арқылы мұғалім оқушыларға келесі құрылымдық қаңқаны ұсынады: This is a ..., It's a domestic ... It's ..., It lives on .. , It eats ... It drinks ... I like ... very much. Сөйтіп оқушы тиісті суретке қарай отырып,ат туралы айта бастайды. Ал 3-ші сыныптық кезеңдерде оқушылардан тыңдалған немесе оқылған əңгіме арқылы , оның негізгі мазмұнын бірнеше сөйлем арқылы беру талап етіледі. Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін (conversational formulas) жəне элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Мысалы,сөйлеу практикасында жалпы сұрақтарға иə, жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы Is it tuesday today? деген сұраққа Үes,it is! немесе Yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. Yes ,it is an English book or Russian one? сұрағына Іt is a Russian one немесе a Russian one деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай жауап ала аламыз: What is red? The flower is; Who will go to the cinema? My brother will. 2-3 сыныптарда сөйлеудің диалогтық формасында əңгімелесушіні қарсылау, онымен қоштасу, біреуге біреуді таныстыру, бір нəрсені істеуге келісіміңді білдіру немесе білдірмеу, мейраммен құттықтау, қуанышыңды немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстардың негізгі мәселелері
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Пәндер