Императивті әдіс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Қаржылық құқық - құқық саласы ретінде
2) Қаржылық құқықтың пәні, әдісі, жүйесі
3) Қаржылық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысын анықтау\
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл тақырыптың негізгі бөлімінде қаржылардың жалпы түсінігін қарастырылады. Яғни қаржылар дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады? Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ, қаржылар бұл мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі ,сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп ,мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру пайдалану жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Және тағы бір қарастыратын мәселе құқықтық салада қаржы құқығының рөлі, яғни қаржылық құқық дегеніміз не? Қаржылық құқық дегеніміз - мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Сонымен қатар негізгі қарастыратын мәселеміз,қаржы құқығының пәніне тоқталатын боламыз. Қаржы құқығының пәні ретінде мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қарастырылады.
Және де бұл, мемлекеттің алға қойған мақсатын жүзеге асыруға қажетті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді қажет ететіндігі туралы сөз болады.
Қаржы -- нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі -- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды. Бұл жұмыста негізінен қаржы түсінігі мен пәні, мақсаты мен әдістері бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа салалармен өзара байланысы қарастырылған.

Қаржылық құқық - құқық саласы ретінде
Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін ,осы қызмет барысында пайда болатын қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу қажет.Қаржылық құқық мемлекеттің қаржы жүйесінің және қаржылық қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
Қалыптасқан дәстүрлі көзқарастар бойынша қаржылық құқық тек қана өктем- әмірлі (императивті) әдісті қолданады ,ал мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар ,яғни қаржылық-экономикалық қатынастар шартты түрде кездесетін де,олар азаматтық құқықтың пәніне жатады деп есептелінетін.Бұл көзқарасты мыандай негіздерді қарастыра отырп ,қате деп табуға болады:
1. Қоғамдық қатынастардың заңды формасы оның экономикалық мәні арқылы анықталады.Бұл жерде қарама-қайшылық пайда болады ,өйткені қатынастар мәні бойынша қаржылық ,ал формасы бойынша құқықтық болып табылады.
2. Құқық салаларын шектеудің негізгі критерийі ретінде құқықтық реттеудің пәнін айтуға болады,яғни құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың айырмашылығы.Бұл жерде осындай критерий ретінде ,пәніне қарамастан,құқықпен реттеу әдісі алынған.
3. Мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында қолданылатын шарттарға талдау жасасақ ,оларда азаматтық-құқықтық шарттарға тән басты белгі - екі жақтың тең құқықтығының жоқ екенін көреміз.
Сонымен бірге, қаржылық құқықта қолданылатын құқықпен реттеу әдістерінің бірі - шарт жасасу әдісін жоққа шығаруға болмайды ,бірақ бір ескертетін жәйт, бұл жерде қолданылатын ерекше шарт - қаржылық-құқықтық шарт.
Қаржылық-құқықтық шарттың азаматтық-құқықтық шарттан айырмашылығы тек осы шартпен реттелетін қоғамдық қатынастардың айырмашылығында ғана емес, сонымен қатар осы қатынасқа қатысушы жақтардың тең құқыты емес екендігінде.
Қаржылық қызметтің түсінігін алып қарасақ ,қаржылық құқықтың пәніне ақша қорларын пайдалану кезінде пайда болған қатынсатр кірмейді.Себебі, ақша қорларын басқа қорларға қаражат беру арқылы немесе ақша қаражаттарын тікелей тұтынушыларға беру арқылы қорларды бөлу түсінігін қамтиды.яғни, осындай жолдармен орталықтандырылған қорлардың ,мысалы, бюджеттік-банктік кредиттеу қорлары арқылы және тағы басқа қаражаттары жұмсалады.Орталықтандырылмаған қорлар,мәселен, кәсіпорындардың қорлары екі жолмен жұмсалына алады:біріншіден,қорларын бөліп беру арқылы; екіншіден, қорларын пайдалану.
Сонымен,қаржылық құқық дегеніміз - мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын ,қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің екі әдісі қолданылады:
1. біржақты - өктем ,әмірлі әдіс,яғни императивтік әдәс;
2. қаржылық-шартты әдіс,яғни диспозитивтік келісімге келу.
Бірінші әдістің кеңінен таралған әдістің бірі екенін мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызынан білеміз.Мысалы,халықтан салық алу кезінде, ақша иесінің еркі есепке алынбайды ,ақша қаражаттары міндетті және ықтиярсыз түрінде жиналады.Бірақ кейбір кездерде ,қаржылық қызметті жүзеге асыруға ,мемлекет тарапынан икемділік көрсетіледі, яғни ақша қаражаттарын табу, жинастыру кезінде мәжбүр ету әдісін қолданбай-ақ ,төлеушілер өз еріктерімен ақшаларын береді.Мысалы,мемлекеттік заемдарды сатып алу,жинақ банктерінде азаматтардың ақшаларын сақтау кезінде.
Бұл жағдайларда мемлекет ,екінші әдісті, яғни шарт жасасу әдісін қолданады.Осы әдіс кейде ақша қорларын бөлу процестерінде де қолданылады.Мысалы, банкілердің қарыз беруі.шарт жасасу,яғни келісімге келу әдістері негізінде қаржылық қызметтің несиелік қатынастарға реттеуге қатысады.,өйткені несие беру қатынастарының экономикалық табиғаты екі жақтың келісімге келуін керек етіп қана қоймай, ақшаны беру шартын екі жақтың келісімінсіз ұйымдастыру мүмкін еместігін ескеріп, қараздың сомасын ,оның қайтарылу мерзіміне және процентіне елісу ,тағы басқа талаптар қояды.Қазіргі кезде қолданылатын мына төмендегідей қаржылық шарттарды атап көрсетуге болады:
# бюджеттік-банктік заемдар шарты;
# бюджетаралық ссудалар шарты;
# мемлекеттік заем шарты;
# азаматтардың Қазақстан Республикасының жинақ банктерінде ақша сақтау шарттары;
# ведомствалық ссудалар шарты;
# мемлекеттік банктің несие беру шарты.
Осы айтылған келісім-шарттарының бәрі қаржылық қызметтің процесінде өолданылады да ,қаржылық-құқықтық шарттарға жатады.Қаржылық шарттардың құқықтық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Қаржылық шарттар мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың заңды жолы болып табылады;
2. Қаржылық шарттар ,өздеріне тән экономикалық қасиеттерге байланысты қаржылық қатынастар болып табылатын қоғамдық қатынастардың заңды түрі ретінде кездеседі және бұл шарттарда екі жақтың келісімі өте қажетті;
3. Қаржылық шарттың бір жағында әрқашан да мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін өзі уәкілдік еткен органы тұрады, мысалы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
4. Шартқа қатысатын екі жақта азаматтық құқықққа тән тең құқықтық болмайды.Мұндағы қатынастар басқа да қаржылық қатынастар сияқты мемлекеттік - өктем сипатта болғанымен,құқықпен реттеудің әмірлі әдістеріндей үзілді-кесілді емес, кейбір белгілі жерлерінде қолданылады;
5. Қаржылық шарттардың қайсысы болмасын ,тек екі жақтың келісімімен және өзара міндеттеме алулары арқылы жасалады.
Бұл жерде шартқа қатысатын екі жақтың бірі мемлекет те, екінші жағы мемлекетпен шарт жасасуға өз еріктерімен келісім берген субъектілер.
Сонымен,реттеу құралы ретінде және қаржылық шарттың субъектілерінің ықпал ету әдістері боынша қаржылық шарт біржақты-өктем құқықпен реттеу әдісі мен азаматтық-құқықтық келісім әдісінің аралығын дербес орын алып отыр.
Қаржылық құқық басқа да негізгі құқық салалары сияқты мемлекеттің заң шығарушылық қызметінің барысында пайда болады.Ал қаржылық-экономикалық қатынастар объектілік түрде тек қаржылық-құқықтық қатынастар арқылы өмірдер орын алады.Былайша айтқанда, қаржылардың қаржылық-құқықтық болуын белгілейді.Дәлелдемекші көзқарасымызда мемлекет, қаржылар және қаржылық құқық өзара тығыз байланыста бола отырып, бір уақытта пайда болған деп айта аламыз.

Қаржылық құқықтың пәні, әдісі, жүйесі
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылардың жалпы түсінігі
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Функционалдық программалау тілдерінің мүмкіндіктерді талдау
Миранда функционалдық программалау тілі
Функционалдық программалау тілдердің мүмкіндіктерін талдау
Қаржылық құқық. Қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету
Дәрігер - науқас тұлға аралық қатынасы
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Пәндер