Әдіснамалық білім деңгейлері
2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№ апта
Дәріс тақырыбы және тезистер
Сағат көлемі
№ 1
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының нысаны.
2. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының пәні.
3. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы пәнінің негізгі санаттары
4. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы пәнінің міндеттері.Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 1. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасы курсының мақсаты мен міндеттері
Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
"Методология" грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағынаны береді. "Метод" "әдіс" термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің - нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама - зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.
Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Педагогиканың философиясы мен әдіснамасыпәнінің мақсаты мен міндеттері
2. Біртұтас тұғырдың маңызы мен мәні
3. Педагогикалық зерттеудің мәні мен маңызы
2
№ 2

1. Педагогика әдіснамасы туралы түсінік
2. Педагогика әдіснамасының қызметі
3. Әдіснамалық білім деңгейлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 2. Әдіснамалық білім жүйесіндегі педагогика әдіснамасының мәні мен орны
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж .т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дəріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік - өз меніне шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мəні оның субъектті сипатта болуына тəуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние əр адамның ішкі мені тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына жəне т.б.себепші келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға үйретіп, өз менін жасауға қажет тəрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен қажеттілігі əр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тəрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мəнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық негіздемесі ретінде танылып отыр.
Неотомизм - орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған əдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі - сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дəлелдеу мен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.
Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сəйкестендіре қолдануға мəжбүр болып отыр. Алайда олар танымында дүние екі талай: заттасқан жəне рухани. Заттасқан болмыс- ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мəні жоқ дүние - оны зерттейтін ғылым.
Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған ғылым дүние мəнін ашуда қауқарсыз, себебі ол мəн Алланың қолында. Сондықтанда анайы шындық, неотомистердің пікірінше, Жаратқан ақылымен ғана танылады, оның аяны арқасында ғана пенде санасына қонады.
Адам - екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан жəне рухани дүниеден тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік сипатын көрсетеді. Бұл адамға мəңгі өмір берген Алла тартуы.
Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тəуелділігін (рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір мəнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу жəне тəрбие жүйесі баладағы Алладан дарыған санаға дейінгі ұмтылысты дамытуға бағытталуы қажет.
XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология жəне т.б. жаратылыстану ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа - позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пəндері мен оларда қолданылатын əдістерді əсіре дəріптеп, сандық зерттелген дəйектерді ғана дұрыс та дəлелді деп таниды. Таптық күрес, қоғам дамуы, əлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады.
Позитивистер үшін бірден бір мəнді ғылымдар - бұл математика мен табиғаттану, ал қоғамдық ғылымдар- шындыққа сиыспайтын ертегі.
Неопозитивизм мəндік тұрғыдан өз негізі позитивизмді қолдай отырып, қазіргізаман ұғымдары мен терминдерін пайдалануымен осы дəуір философиясында елеулі орын иеледі. Педагогика əлсіздігін, неопозитивистер, оның шынайы деректермен іс-əрекеттерге орынды мəн бермей, пайдасыз идеялар мен абстракцияға бой ұрғандығынан көреді. Олар білім беру жолында мазмұнға емес, əдістерге елеулі мəн беріп, оқу мен тəрбиеде негізгі нəрсе білім емес, ал оны ұғу мен игеру əдістері - деген тұжырымды алға тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі- ірі атомшы ғалым, АҚШ-тың саяси қайраткері - Дж. Конант. Оның Бүгінгі Америка орта мектебі, Американ мұғалімдерін дайындау атты еңбектері АҚШ педагогикасының өркендеуіне зор үлесін қосты.
Прагматизм философиялық ағым ретінде XIX-XX ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника жəне өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым- тəжірибе, іс(грекше прагма), осыдан олар болмыс танудың негізі жеке адамның іс-тəжірибесінде деп біледі де объектив білімдерді мойындаудан бас тартады. Олардың пікірінше, адамның практикалық іс-əрекетінің нəтижесінде алынған, ол үшін құндылықты болған білімдер ғана шынайы сипатта болуы мүмкін.
Прагматизмнің аса көрнекті өкілі- американдық ғалым-Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен жүзеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, əсіресе АҚШ-тың мектептік білім жүйесінің қалыпқа түсіп, өркендеуіне зор ықпал жасады, əлі де ықпал жасауда. Өзінің көптеген педагогикалық еңбектерінде Дж.Дьюи ескі, схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен тəрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың ішіндегі бала белсенділігін дамыту, бала оқуының ықпалды мотиві- қызығуға дем беру принциптерінің орындалуын білім игертудегі басты міндет деп есептеді.
Прагматизмнің тірек ұғымы тəжірибеге сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу процесінің негізі баланың жекеленген іс-əрекеттік тəжірибесінде болатынын уағыздады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты балаға тумадан берілген инстинкттер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи жəне оның ізбасарлары (Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли жəне т.б.) инабаттылық тəрбиесі мəселелерін де осы жекеленген тəжірибе тұрғысынан қарастыруды дəріптейді.
Адам өз əрекет-қылығын басқаруда алдын ала жоспарланған принциптер мен ережелерге тəуелді болмай, нақты жағдай мен көзделген мақсатқа орай белгілі əрекетке кірісуі қажет екендігін мақұлдайды. Жеке табысқа жету жолында жəрдем бергеннің бəрін прагматистер ізгілік нышаны ретінде таниды.
Диалектикалық материализм табиғат, қоғам жəне ойлау процестерінің жалпы қозғалыс жəне даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде XIXғ. 40-жылдарында туындады. Ол XXғ., əсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың құралы материализмді жариялай отырып, теориялық таным үшін қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы табиғи ұштастыққа келтірді.
Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя - бірінші, ал сана - одан туындаушы, материяның (адам миының) дамуы нəтижесінде пайда болатын өнім (материалистік монизм принципі); объектив дүние мен сана құбылыстары себепті шарттасқан, өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар мен құбылыстар қозғалыс жағдайында болып, дамиды жəне өзгеріске келеді.Диалектикалық материализм философиясында аса маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару.Диалектикалық материализм педагогикасының негізгі идеялық ұстанымы- тұлға қоғамдық қатынастардың объекті де, субъекті де. Адамның тұлғалық дамуы мен кемелденуі сыртқы жағдайлармен себепті тəуелділікте (детерминирован), сонымен бірге сол нақты адамның табиғи болмысына байланысты. Тұлға дамуында жетекшілік рөл - тəжірибеде. Ал тəрбие тарихи жəне таптық сипатқа ие болған күрделі əлеуметтік процесс. Тұлға жəне адам іс-əрекеті ажырамас тұтастық құрайды, яғни тұлға іс-əрекетте, еңбекте көрінеді жəне қалыптасады.
Жаңаланған дəуір педагогикасы философиялық деңгейлі əрқилы əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.
Жалпығылымдық əдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы жəне өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол əрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.Жүйелілік мəніне орай əрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан жəне тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайылылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тəжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дəстүрлерді қажет ететін жаңа сұрақтардың туындауына жол ашады.

1. Әдіснамалық білім жүйесіндегі педагогика әдіснамасының орны мен маңызы
2. Тұлғалық тұғырдың маңызы мен мәні
2
№ 3

1. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті оның жоғары кәсіби деңгейі ретінде
2. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің белгілері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 3. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті.
Бүгінгі қоғам жағдайында терең білімді, ой-өрісі, рухани-адамгершілігі, танымдық қабілеті жетілген, ұдайы шығармашылық ізденісте жүретін жастарды тәрбиелеу - білім беру жүйесінің негізгі проблемасы. Бұл ғасырлар бойы адамзат жинаған тәжірибені жастарға жеткізетін педагогтардың алдына қойылатын талап деңгейлерін айқындап алуды қажет етеді.
Соңғы жылдардағы білім саласындағы өзгерістер педагогика ғылымында қордаланған тәжірибені зерттеп-зерделеп, практикада тиімді пайдалануды талап етіп отыр.
Осыны ескере отырып біз болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын, оның әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қарастырамыз, маманның кәсіби білігін айқындайтын негіздері қараймыз. Философтардың зерттеулерінде көрініс алған әдіснамалық білім деңгейлерін (философиялық, жалпығылыми, нақты ғылыми) бағыт-бағдарына қарай негіздейміз.
Бүгінгі шындыққа бағдарланған практика әдіснамалық білім философиялық деңгейінің негізінде ерекше категориялар мен философиялық заңдылықтар қалыптасқанын (қарама-қарсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу, сандық көрсеткіштердің сапалыққа ауысуы), олардың объективті сипатқа негізделгенін көрсетеді.
Ғалымдардың әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру проблемасына байланысты ұсынған көзқарасына жасаған талдау былайша ой тұжырымдауға мүмкіндік береді: әдіснамалық мәдениет екі салада көрініс табады (оқуға үйретуде, жаңа білімді іздестіруге үйретуде); философиялық, жалпы-ғылыми және нақты-ғылыми деңгейге сәйкес қалыптасқан әдіснамалық білім болмай, біртұтас әдіснамалық мәдениет болмайды; мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру технологиясы оны даярлаудағы ерекшеліктерді ескеруі қажет, өйткені бұл болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін даярлауда проблемалық тапсырманың ерекше түрін болжайды, ал бұл болса осы технологияның материалдық негізін құрайды.

1. Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің белгілері
2. Ғылыми қызметкердің әдіснамалық рефлекциясы
3
№ 4

1. Жүйелілік тұғырының мәні.
2. Ғылыми зерттеу үшін жүйелілік тұғырының маңызы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 4.Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі
Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық - əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық əдіснама - зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

1. Ғылыми қызметкердің әдіснамалық рефлекциясы
2. Полисубьектілік тұғырдың маңызы мен мәні
2
№ 5

1. Біртұтас тұғыр.
2. Тұлғалық тұғыр.
3. Полисубъектілік тұғыр.
4. Мәдени тұғыр.
5. Антропологиялық тұғыр.
6. Іс-әрекеттік тұғыр.
7. Этникалық тұғыр.
8. Құзыреттілік тұғыр
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 5.Педагогикалық зерттеулердің нақты-әдіснамалық ұстанымдары
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу

№ 6

1. Білім философиясының дамуы педагогикалық тәжірибенің баламалы теориялық дәстүрлі баламасы жағдайы ретінде
2. Тұлғаның дүниетанымдық негіздері қазіргі педагогика ғылымының негізгі бағыты.
3. Аксиологиялық тұғыр мәні және аксиологиялық ұстанымдар жүйесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 6.Педагогика әдіснамасының ізгілік негіздері
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кең ауқымды реформалаумен сипатталады, яғни оның базисті негізінің жаңа әдіснамасын анықтау арқылы жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылғы білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір сатылық кезеңдеріне білім мазмұнының жетілген жаңа үлгілері енуі тиіс. Біздің еліміздің білім жүйесін реформалау үшін ғылыми негізделген ықпалдарды өндеуді болжауда жұмыс істейтін механизмдер енгізу мен оны жаңарту жолын қарастыру қажеттігі мемлекеттік бағдарламаларға еніп отыр. Қазіргі заманғы философиялық, педогогикалық зерттеулердің концептуальды бағыттарымен сәйкес білімді жаңартудың негізгі принциптері гумандық, демократиялық және білімді гуманитарландыру принциптері "гуманистік парадигманы"орындауға бағытталған. Сол себепті білімді гуманитарландыру идеясы білім беру мазмұнын ізгілендіру ойларымен тығыз байланысты және технократиялық құндылықтардан азат қоғамдық санаға қайта бағдарлауына бағытталған.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтармен мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Ал, гуманистік көзқарас гуманитарлық мазмұнды білім негізінде қалыптасады, олар әлем бейнесін негіздеу қызметін атқарады, ол ғылыми білімнің әр түрлі өрістерін, гуманистік жемтану негізінде интеграциялау XXI ғасыр адамының қалыптасуы үшін толық құнды негізді құрайтын ескермесе болмайды. Ол мазмұн бойынша "гуманистік адами көзқарастар жүйесіндегі рухани құндылықтарды мойндауға икемделу, сол арқылы бостандыққа,бақытқа ұмтылудың жағымды әрі ізгілікті әрикеттерін жүзеге асыруға қабілетті болу" - деген анықтаманы тұжырымдауға болады.
Гуманистік көзқарас қалыптастыру гуманистік парадигмада "өмірге дайын адамды" немесе "әрикет жасайтын адамды" парадигмасын "білімді адам" парадигмасымен ауыстыру ды жөн деп санайды. Барлық парадигмалардың осылайша алмастырылуы барлық оқытудың әдістемелік жүйесінің маңызын қайта ойластыруды талап етеді. Т.Кун, М.Н.Берулова, В.А.Сластенин және т.б. ғалымдардың пікірі бойынша, гуманистік тәрбие парадигмасы - білім беру міндеттернің біркелкі шешімін табатын нақты көзқарас пен айқын стандарты болып табылады

1. Педагогика әдіснамасының қызметтері
2. Мәдени бағыттың маңызы мен мәні
3
№ 7

1. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
2. Тұлғалық құндылықтар.
3. Топтық құндылықтар.
4. Әлеуметтік-педагогикалық құндылықтар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тақырып 7.Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс - әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатнастарға тәуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дәлелі - көпшілік елдер Ата заңында келтілірген әрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі - мемлекеттің адами - инабаттық, ақыл - парасаттық, ғылыми - техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктерінің негізгі- білімде. Осыдан, білімді ел - мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы, осы күні ҚР он екі жылдық өқуға өту - мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелігін мойындаған әр тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылданған құндылықтарын мойындап, қылық - әрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдеме білуі ғана емес, ол ішінде жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірді мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы, ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта - ықласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық - тарихи құбылыс, оның мән - жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз- ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің Bildung - бейне сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей:кейбір иделды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тәуелді қоғамдық санада түбегейлі әлеуметтік өрнек - эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивитер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.
Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжирбиені ұрпақтан - ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік әректтеріне өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болуы дәуірінен басталады.Дегенмен, мәдинетке мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал - тәсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өрениетжолында өзөрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зертеген ғалымдардың топшылауынша, ол дуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс - әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептеленг де, ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған,ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында ) бұл жұктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білімқоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz