Жүректің ақыл сауыты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

Қoжa Axмeт Яcayи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк yнивepcитeтi

Есенқараева Жанар

Абай: толық адам танымы

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

5В020500 - Филология мaмaндығы

Түpкicтaн 2020
Қaзaқcтaн Pecпyбликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi

Қoжa Axмeт Яcayи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк yнивepcитeтi

Қopғayғa жiбepiлдi
Филология факультеті қазақ филологиясы
кaфeдpacының мeңгepyшici,
филoл.ғ.к., проф. м.а.
_____________Г.Қ.Жылқыбай
_______________ 2020 ж.

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: Абай: толық адам танымы

5В020500 - Филология мaмaндығы

Opындaғaн: Есенқараева Жанар

Ғылыми жeтeкшici,
ф.ғ.к., доцент: Көшенова Тоты

Түpкicтaн 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМ
1.1 Абай танымындағы адам категориясы мен адам болмысы хақында
1.2 Ғақлия-тастихат 38 - қарасөзіндегі сопылық сарын мен Хауас мәселесі
1.3 Абайдың 17-қарасөзіндегі жүрек культі мен толық адам танымының Әл- Фарабидің кемел адам теориясымен тамырласуы
2. АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМ
2.1 Абай өлеңдеріндегі адамгершілік құндылықтар
2.2 Ғылым таппай мақтанба өлеңінде толық адам қасиеттерінің көрініс табуы
2.3 Абайдың діни философиялық тақырыпты қамтитын өлеңдеріндегі үш сүюдің маңызы мен жауанмәртлік

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Абайтану ғылымы осы күнге дейін әр қырынан зерттеліп келді. Абай мұраларының ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтпасы анық. Абай мұраларын зерттеу барысында , талқыға салынған еңбектер әруақытта өз жаңа қырынан танылып отырады. Әр заманға өз өрнегін салып , жаңаша сөйлейді. Дамыған XXI ғасыр тұсында өткен ғасырдың елеулі еңбектері жаңаша бағыттың айқын көзі болып табылып отыр. Плотин, Аристотель, Әл-Фарабиден бастау алған адам жаратылысы, дүниетанымы жайлы ғылымдардың жалғасы болған, Абай танымы тарих таңбасына айналды бүгінде. Адамзат үшін сарқылмас адамгершілік ілімінің көзін ашқан Абай еңбектері абсолюттік мораль теориясы болып табылады. Әрзаман салты өзгерсе де , адамдық аты өз биігінде қалуға тиіс. Қаншама жылдар өтсе де бүгінгінің өзекті мәселелерінде адам танымы мен моральдың өзіндік биік тұғырын танытуда. Адамгершілік пен қоса ақиқат өмір салтын ұсынумен ерекшеленетін Абай қарасөздерінің құндылығы қазіргі экономика саласында да алар орны бір төбе. Адам мен заманның мың құбылған тұсында, Абайдың өзіндік көзқарасы заман сахнасынан шеттелген емес, әркез жаңарып отыр. Абайды жүз оқыған адамның, жүз рет жаңа қырынан тани түспегі хақ. Абай еңбектері- адами құндылықтардың құны құлдырап баражатқан заманға таптырмас дауа.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі негізгі таным- Алланың ақ жолы, ақиқат ғұмыр , адамдық. Осы тұста Абай сусындаған үшбұлақтың алар орны ерек. Абай өз заманынан ілгері ғалымдардың еңбектерімен сусындағанын өз еңбектерінде де келтіріп отырады. Сондықтанда Абай бастау алған бұлақтар, Әл-Фараби, Физули, Шамси, Дауани және де одан ілгері ғұмыр кешкен Платонның шәкірті Плотин, Аристотельдің еңбектеріндегі Адам болмысы жайындағы толғамдарының Абай танымымен ұштасуына ерекше назар аударылды. Абайдың Толық адам танымы Әл-Фарабидің Кемел адам теориясымен өзектестігін, және жүрек культі ілімінің Абай толғамындағы орнын ерекше назарға алынды. Абай танымындағы сопылық сарынның негізгі өзегі болған шығыс ғұламаларының еңбектерін саралап, діни ұғымдардың мағынасын айшықтау және Абай тынамындағы үш сүюдің өзіндік маңызын ашу. Абайдың мораль философиясы мен адамгершілік ілімін толғаушылардың көзқарасына сүйене отырып, Абай танымындағы ақиқат ілімді таныту.
Зерттеу нысаны. Абай еңбектері, оның ішінде қарасөздері мен өлеңдер кітабы, томдық жинақтардағы Абай әлемін зерттеушілердің еңбектері арқылы талдау, діни-ғұрыптарға анықтамалық сөздіктер мен Абайтанушы ғалымдардың зерттеулері, жалпы адамгершілік іліміне қатысты ғылыми еңбектер негізге алынды.
Зерттеу пәні. Абайтану саласындағы зерттеулер мен елеулі еңбектер. Адам болмысы жайындағы ілгергі ғалымдардың негізгі көзқарастары және Абайың хақиқат ілімі жайында монографиялар мен мақалалар.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Абай танымындағы адам болмысы, адамгершілік ілімі, толық адам қағидасының өзектілігі, гуманистік философия мен сопылық сарынның негізгі өзегін таныту .
- Адам болмысы мен адамгершілік ілімінің бастау алу тарихын тарқату
- Абай шығармашаларының философиялық кең толғамдарын мен өзіндік сыни көзқарасын ашу.
- Абайдың (діни) өлең өрнектерінде қолданыс тапқан шығыс үлгісіне тоқталып, араб-парсы элементтерінің мағынасын кеңінен тарқату.
- Абай танымындағы сопылық сарынның сырына үңілу
- Абайдың қарасөздерін талдай отырып , адам формуласы мен абсолюттік гуманизмді сарапқа салу.
- Абайдағы толысу толық адам мен Әл- Фарабидегі кемелдну кемел адам қағидаларының тамырласуын негізін ашу.
- Жүрек культі жайлы ежелгі философтардың Абаймен үндестігіне тоқталу.
- Адамгершілік негізі- Үш сүю мен жәуәнмәртлік маңызын тоқталу
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.
- толық адам категориясы мен Әл-Фараби іліміндегі бақыт баспалдағының үндестік сырының ашылуы
- бірлік пен Алла ұғымы хақындағы Абайдың жаңашыл көзқарасын таныту. Абай неліктен Тұлға ?
- Жан мен тән адам болмысы хақындағы өзге философ-зерттеушілерден бөлек Абайдың өзіндік сыни көзқарасын көрсету.
- Ақынның ғылым- білім тақырыбында жазылған өлеңдерінің адам болмысы (ақиқат, адамдық) хақындағы нәзік иірімдеріне ену.
- Жалпы философияда адамгершілік ілімдерінің ұштасуының негізі-ақиқат ілім екендігін дәлелдеу.
Зерттеу әдістері. Абай қарасөздеріне талдау , өлеңдерін моральдық тұрғыда саралау, мағынасына тереңдей тоқталу. Адамгершілік ілімінінің негіздерін қамтушы еңбектер мен философтардың көзқарастарын салыстыру, ұштастыру.
Диплом жұмысының ғылыми - тәжірибелік мәні. Абайдың ғылым, дін, табиғат тақырыбында жазылған өлеңдерінің толық адам танымынан алатын орнын айқындау. Мораль танымының ақын шығармашылығынан алатын орны.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспе, негізгі екі тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1 Абай танымындағы адам категориясы мен адам болмысы хақында
Абай өзінің үшінші қарасөзінде адамгершілік таымның тамырына балта шабатын адам бойындағы жағымсыз өасиеттердге тоқталады. Қазақтың-қазаққа қас болатынының себебін данышпандар әлдеқашан байқаған. Әрбір жалқау адам- қорқақ , қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз - қорақ адам мақтанғыш келеді. Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз-надан, арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз ешкімге достығы жоқ жандар шығады және бұл қасиеттер толық адам танымына теріс екенін мына сөзімен келтіреді қыстауы тарлық қылса ,арызы жеткендік, сыйы өткендік, барлық қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ ,ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек, әр қазақтың ойы осы[5.9] деп қазақтың қамсыз тірлігі адамдықтың алдына ар деп біледі. Қазақ қашан қамданып , бір-біріне көңіл жіберіп, алдауратып, шын пейілмен мейірленіп, адал маңдай терімен еңбектеніп, өзгенің жайына көз тікпей , өзгені де өзіңдей көрер болса , адамдықтық қадір-қасиетін сезінер еді. мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кейдей болса екен деп көз алартып отырған шақта адами құндылқытың құлдырағаны. Не өзі жетпей не өзгені жеткізбей кешкен ит тірлікте адамның адам болып жаратылу мақсатын да ұмыттырады. Адам баласы абсурд күйге осы нұрлы ақылмен трішілік мәнін, Құдайды таба алмағаннан түседі. Дүниенің құлы болған адам өзгенің қуанышынан рақат таба алмай , не өзі рақат көре алмай өтеді өмірден.
Қызмет пен болыстыққа таласудың соңында бөтен жаққа шығып еңбек қылмай, мал таппай, сауданың да керегі жоқ, бірін- бірін аңдысумен , арыз беріп, бір-бірінің артын ашуды абырой көріп, адам сүйсінер қасиеттен ада қалады. Арамдықпенен болыстыққа жеткен адам , малын қадірлемейді, өзіндей арамды қадірлейді .Өзін алдаумен қоса өзгені де алдаусыратып, айламен алуды ойлап ісі білмес, кісі білер деген мақамның төркіні осы. Іспене бағамдап қарамай, айласы озған кісіге дүние жеңіл келіп, жалғанды жалпағынан басып жүрмін деген сезіммен масаттанып жүріп, бақыт баспалдағынан тек төмен құлдилай беретінін ескермейді. Адам болып жаратылып, адам бақытын сезіне алмау, хайуанша күн кешіп жүріп
адамдық деген биік тұғырдың етегін де бойлай алмай кетеді- бұл нағыз қасірет.
Абай төртінші қарасөзінде қайғысыздығыңа уайым қайғы қыл дағы, сол уайым- қайғысыздықтан құтыларлық , орынды харекет табу керек һәм қылу керек дейді. Әрбір жаман кісінің қылығына күйсең , ыза болғаннан күл[5.14] дейді . Яғни өзгенің қайғысына қайғыланудың өзі адамдық, ал адам уайымсыз тірішілік кешіп өзгенің мұңын бөлісе алмаса , шын жүрекпен тілекші бола алмаса , уайымсыз күйі- қамсыз , маңызсыз тіршілікке ұласпақ. Және бір кісінің жақсылығын көрсеңіз сүйсініз, қуанышын көргенде , шын пейілмен қуана білсеңіз, бұл да бір тірішілікте нағыз бақыттың не екенін сезіндіреді, адам баласының бәрі де бір-біріне бауыр, біріне - бірі ізгілік ойлаумен ғана бақыт табады расында.
Абай үлкен адамгершілік шынарының тамырына осылайша бойлайды. Өзіңе тілегенді өзгеге да тілей алу адамның ісі деп бағамдайды. Осы тұста қайғылану тек қарабастың қамы емес, барша қауым үшін болса, өз дертіңмен ғана арпалыспай, өзгенің де дертімен ауыру, өзгенің әлегімен мазалану - бұл нағыз Алланың өзі махаббатпен жаратқан әрбір адамға тән қасиет.Алла берген ғұмырын, қызыл-жасыл дүниемен өлшеген жан адамдықтың бұлағынан сусындай алмай, өмір бойы арзан ғұмыр кешеіп өтеді. Абай өзінің бесінші қарасөзінде келтіргендей күйбең тіршілікке тоймай , қара жерге кіргенше көзі тоймай , қулықпен арын сатып, азқазанын ғана асырап өтеді.
Өзінде жоқ болса, әкең де жат, мал- адамның бауыр еті деген мақалдарды Абайдың ащы сынауды да осыдан келіп шығады. Ғылым , білім, әділет үшін қам жемейтін , мал үшін әкесін жат деп танитын жаратылыстың несі адам?! Абай өзінің сегізінші қарасөзінде Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны , бәрі - мал. деп , өмірді тым арзан дүниемен өлшеген малжанды дүниенің құлдарын сынайды. Адамдықтан безіп жүріп , мал тапсақ жазалы демейді екенбіз деп ашынатыны да осы. Расыменде дүниедегі бар асылдан артық көріп жиған малдың несі мұрат, несі бақыт?! Қарны тойса адамдыққа қолын бір сілтеген жандардың сиқы осы . Адам баласы өмірге келгенде пәк, таза қалыпта туады. Абай жетінші қарасөзінде адам баласы өмірге келгенде бойында жан қалауы мен тән қалауы деп аталатын екі қасиетті ерекше ескереді. Осы жан қалауы білмекке , көрмекке ынтық келсе, тән қалауы ішіп - жемек пен арзан күлкіні қанағат тұтып , адам баласының қайратына қайшы келеді екен. Жан қалауынан тән қалауын артық көрген жан өзін , жан дүниесін , ішкі әділет таразысына бірде бір салмай кеткен жан екен. Дүниені терең таныған адам , жалғанның мәңгілік мұрат емес екенін ұғар еді, бескүндік баянсыз тірлікте , ішіп- жемекпен өтуді бойына ар санар еді. Ақыл иелерін бұл жалғанның ешбір қызығы Құдай сүйген ізгі амалдардан тия алмайды, оған татырлық, ол адамдық жолды аттап кетерлік қызық жоқ жалғанда. Сол себепті Абай жас күнімізде бізді басқарған жан қалауына бас ұрсақ, қайраттанып сол қалыпты берік ұстап қалсақ керек еді дейді . Жан қалауы - ізгілік, қайырымдылық , әділет, ғылымды сүймек - Алла сүйген амалдар еді. Жан қалуына бойын билеткен жан бұл дүниде бақыт көзін табады , ал тән қалуына ерік берген жан, өзінің толымсыз күйін сезінсе дағы , қайраттанып күресе алмағандар бұл дүниеде не рақат тапсын?! Абай оныншы қарасөзінде осы турасында Құдайдан бала сұрайсың Хош , құдай тағала бала берді , оны өзің жақсы асырай білесің бе? демектегі, өзіңнің тән қалауыңды тия алмай жүріп, оған сол баяғы қулық , сұмдығыңды үйретіп, дүниенің көзі- мал деп жан қалауы әуелден ақ ит тірілікке жеңдірмексің деп ашынады. Адам баласы дүниеге келгенде жан атауы бойына еніп , таза қалыпта келеді. Дүниені, жүріп-тұру салтын ғана таныған адам , Абай танымында жарым адам кейіпін киеді.
Адам өз бойын Құдай сүйген қасиеттермен толықтырса ғана толық адам бола алмақ. Абай танмындағы толық адам - Алланы таныған , Алла сүйген қасиеттерге сүйсініп, бойына жиған, нұрлы ақыл мен ыстық қайратын жылы жүрегіне байлаған жан. Ең әуелі адамдықтың бастауы - Иман десек, жүректегі иманы берік адам , әділетті, қайырымды жүрекпен сүйеді. Ізгі істерді жаны рақат таба отырып жасайды . Құдай тағала адам баласын жаратқанда жақсылыққа құштар етіп, ал, жүрегін әділет пен қайырымнан тыныш табатын етті, тек жүрек көзін байлап , тән қалауына бас ұрғандар, ол рақатты сезіне алмайды. Әрбір адам білсе керек , Құдай адамы махаббатпен жаратқанын , оның бойына өз құдіретімен рух дарытып, дүниені оның аяғының астында айналдырды, тілсіз табиғат, аң атаулыны ол ақыл иесіне бағындырып еді, осыншама ізгілік , мейірім - мәрхабаттын төгіп әділетпен жаратқан Алла , шексіз Құдірет Иесі. Мақұлықты да баласына сүйсіндіріп қоюында да , оған да ұзақ өмір сүруге талпындырып жаратуында да махаббат бар емес пе? Мақұлық небәрі ұзақ ғұмыр кешсе адамзатқа да тигізер пайдасы молаймай ма? Міне осыдан аңғарсақ керек еді. Құлдарын мейірім- махаббатпен жаратып, сүйген Алла, өз құлдарының бойынан да сол ізгіліктердің табылғанын сүйетіні Хақ емес пе?! Махаббатқа - махаббатпен жауап қату-адамдықтың парызы һәм қарызы екені осыдан айқын емес пе?! Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті[7.144] дейді . Яғни Алла жаратқан әрбір дене - Жаратушы сүйгенді сүймекке қарыз. Абай өзінің жиырма жетінші қарасөзінде Сократ Хаким өзінің ғалым шәкірті Аристодемге Хақ тағаланың адамды махаббатпен жаратқандығына еш шүбәсіз дәлел келтіретіні бар . Олай боса адамды жаратушы хауаси хамса захири бергенде , тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой[5.67] демектегі көзді беріп, дүниені танытып, ауыз беріп, ас беріп , ол астың тазалығын тексермекке иіс сезуге мұрын беріпті , осының бәрін көркем етіп мойыннан жоғары басқа орналастырғанында бір ақыл бар емес пе сезініп , байқап қарағанға , адам баласын айуанша жорғалап жүретін емес, басын көтеріп , тіктеп көркем еткенінде махаббат сезінбейміз бе?! Яғни шексіз ақыл иесі адам етіп жаратқасын, адам болу әрбірімізге парыз болып табылмайды ма. Абай айтатын адамдық, жәй көрген көзге адам болу емес, жүрекпенен сезіну , Алланы терең таныған адам, Оның жаратқан әрбір дүниесіне қиянат жасай алмақ емес. Осындай махаббаты жүрекпен сезіне алу үшін алдымен Иман керек екенін ескеріп Абай өзінің он үшінші қарасөзінде Иманды берік етпек үшін , қорықпас жүрек , айнымас көңіл, босанбас буын керек дейді. Иманы кәміл адам ғана Алланы жүрекпен тани алмақ.
Құдай сүйген барша ізгі қасиет жүрекке орын алады, жүректен шығады. Абай өзінің он төртінші қарасөзінде тіл жүректің айтқанына көнсе , жалған шықпайды дейді. Абайдың түйіндеуіндегі жүректі кісі деген - рақым мен мейірім , қайырым мен әділетті сүйген , өз бойын әділет таразысына сала алған кісі. Абай танымындағы жүрек адам категориясының түп қазығы. Он жетінші қарасөзде ақыл , қайрат, жүрек ғылымға жүгінген сәтте , үшеуің ала болсаң мен жүректі жақтадым демеуші ме еді?! Міне сондағы жүрек адам бойының басты мүшесі , адамдықтың алтын діңгегі деп бағалайды, себебі ақылдың өзі әркез туралықты , қайырымды жақтай бере ме ? Жоқ! Ақылы көп бола тұрып , өзі ғалым бола тұрған кісі , ешкім ойлап таба алмайтын ,әлемге зиянды бір қару ойлап тапса , ол ақыл адам табынарлық, ақыл ма ? Абай сондықтан да Нұрлы ақыл , әділетті ақыл ,суық ақыл деп аражігін ажыратты. Ал , қайрат болса , оның өзін нұрлы ақыл мен , жылы жүрек бастамаса ол бір өткір қылыш іспетті. Біреудің әділетсіздігн көріп , жаны шыдамай , өз барын соған құрбан етіп, сол жолда тартынбай , жігерлік танытса немесе өзіне әділетті, ізгіні ұсыну жолында, өз жанына да жаза тарттыра алатын болса , осыны ақылға сүйенген қайрат десек болады. Ал, өзінің атын шығарамын деп, ақ пен қараны ажырата алмайтын, өзгенің өйт дегенін өз ақылына салмай, шауып кетебертін асаулығы да бар ғой. Адам бойына ақылсыз , жылы жүрексіз біткен қайрат та асау ат секілді , қай тау- тасқа соғарын кім білсін? Ал , жүрек осы жүгенсіз кеткен қайрат пен әділетпен қол алыспаған ақылды да түзеуші жүрек. Жылы жүрек болмаса , жүректе Алла сүйген асыл қасиеттерге деген сүйіспеншілік болмаса, әлгіндегіден не пайда шығады? Адамның ісі, сөзі , сезімі бәрі де шынайы шығу үшін жүрек керек екен. Ол бар болмысының патшасы һәм қазынасы. Адамды- адамға мейірлендретін де жүрек. Сондықтанда біз Алла жүрекке салсын деп тілейміз . Қайырым, рақым, әділет сүйген жүрек, нәпсінің дегеніне көнбейді, әрбір бұрыс іс үшін адамды іштей қысатын әділет иесі де өзі.
Жүрегінде үлкен Құдайы бар адам суық ақылға бой алдырмайды. Құдай сүйген барша ізгілік атаулының мекені- Жүрек. Әл-Фарабидің ілімінде де ең басты мүше жүрек екенін ескерсек. Абай шығыс ғұламаларымен қатар Әл- Фараби ілімімен де сусындағанын байқаймыз. Абай жиған ілімін өз ақыл таразысына салып , өзінше жырлап отырған. Абайдың барлық қарасөздері Алланы тану мен адамгершіліктің жайын насихаттайды. Отыз бесінші қарасөзінде Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды демектегі Абайдың нұсқағаны да осы жүрек болатын.

Адам баласы өмірге келгенде есті болмайды деген он тоғызыншы қарасөзі адамның жан қалауы мен тән қалауы тұрғысында қайсысына бас ұратынын өзі қалайтынын көрсетіп отыр, тән қалауына бас ұрған пенде Құдай осылай жаратыпты да, осылай жазыпты да деп сылтау айта алмаса керек, өз бойын жаманшылықтарынан тия алмаған қайратсыз кісінің сөзі бұл. Абайдың он бесінші қарасөзіндегі есті кісі мен есер ксінің өмір сүру қалпы , осы тән қалауы мен жан қалуының мазмұнына дәл мысал бола алады. Сонда- дейді Абай - есті адам , орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен ,есер кісі орнын таппай , не болса сол, бір баянсыз , бағасыз нәрсеге қызығып ,өмірнің қызықты , қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен. Есер кісілердің ес кетіретін ісіне ашынған Абай өзінің жиырма екінші қарасөзінде есті кісіні тауып, құрметтейін десең , әділет , ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі есті.[5.55] деп , осы күнде кімді сыйлап, кімді қадір тұтатыныңды білмейсің деп налиды. Осындай жаман , бойға теріс қасиетерді , бойына ар санап, онымен күрескен адам ғана адам атына лайық бола алмақ. Білсек , әрбір адам жаратылған соң, ешнәрсені қызық көрмей жүре алмайды, көңілі тоймайды, дүниедегі әрненің дәмін көруге құмартады. Осы тұста есті кісі жамандықтан өз бойын тез жиып алып, қайраттанып, өзін жан қалауына бас ұрғызып, ақылды қолдан жібермейді. Ал , есер кісі әрбәр баянсызға қызығып, өз бойын өзі жия алмай, тән қалауын тия алмай, күйбеңнің артынан итше еріп , соны қызық көрген кісі.
Тән қалауына басұрмақтықтың тағы бірі- мақтан. Абай оны өзінің жиырма бірінші қарасөздерінде былайша келтіреді Адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы- қиын іс дейді. Алайда, Абайдың пайымындағы мақтан екі түрлі - бірі үлкендік десе , екіншісі мақтаншақтық дейді. Яғни адам баласы өз бойына ар көретін , жағымсыз қасиеттерден өзін аулақ ұстауға тырысып , өзін арсыз, алдамшы, екіжүзді, өсекші, өтірікші атанбақтан бойын алып қашып, көңіл тоярлық адамшылықты іздейді. Абай оны - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі дейді. Ал , екіншісі мақтаншақтық дейді. Яғни адам өзіне ар көретін, жағымсыз қасиеттерден өзін аулақ ұстауға тырысып , өзін арсыз, алдамшы, екіжүзді, өтірікші, өсекші атанбақтан бойын алып қашып, адам көңілі тоярлық адамдықты іздейді. Абай оны- ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі дейді. Ал, екіншісі мақтаншақтық- осы қасиеттерден аулақ болайын деп, өзіне қорлық көрген мінездермен алыспайды, сыртын жылтыратып, өзгелер көрсе болды деп жүріп, жағынбақтық қамын ойлайды. Ондай мақтанды Абай үш түрге бөледі. Олар; жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол надан , ләки надан болса да адам дейді, екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық , адамдығы толық емес. Үшіншісі, өз үйіне келіп, айтпаса, өзге кісі қотамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы , ләкин өзі адам емес. Яғни үлкендік деп атап отырған мақтанның түрі - адам өз бойын жамандықтан тиып, жақсылыққа құмартып, сол жақсы қасиетімен танылмақты жөн көрген кісі. Абай атамыз атпақшы надандық- жалған мақтанды өміріне көрік көрген көзсіздер. Ол мақтан жайлы Абай өзінің отызыншы қарасөзінде қырт мақтан деп атайды. Ол ар-есті білмейді , не батырлығы, не ел сүйсінер ісі, не адамдығы жоқ нағыз адан бездіретін іс осы.
Осы адам жиіркенерлік теріс мінездерді сынай келе адам жиырма үшінші қарасөзінде я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Өзгенің бойынан көрінген теріс қылық үшін адам баласы арлануы керек, іштей сол іске күйінуі керек . Өзгенің жайын өзіндей көріп, өзіне қалаған жақсылықты, өзгеге де қалай алу адамдықтың белгісі . Өзгенің бойынан көрінген жаманшылық өз бойымнан табылмаса болғаны деп , соны қуаныш көрсе , ол адамның не асқаны бар әлгі кемшілікті кісіден. Нағыз адам өзгенің қайғысын қуаныш көрмесе керек, ол әсте адамға тән қасиет емес. Өз нәпсісін тия алмағаннан, өзгенің қайғысына қуанғандығын өзіне мін санаса керекті. Өзгенің қайғысы, мұңы, кемшілігі тұрғанда, өзіңнің бақытыңа да көңілің толымды болмаса керек, міне осыны адамдық деп атауға болар. Абай айтқан үш сүюдің төркіні осы емес пе? Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп демектегі , өзгенің қиыншылығына қайғылана алу , бауырыңның бір ісі сәтсіз күйде тұрғанда, адам қалай шат-шадыман күй кеше алады? Қуаныш атаулының да теріс тұсы осы , титтей іспен , бір үлкен іс бітірген кісімсіп қуанғаны, әлгі өзгелерді ызаландырсам екен демек . Осының несі қуаныш ? Осының несін қуаныш көреді екен ? Шын қуаныш , достың жетістігі, бауырдың оң ісіне қуанбақтық , қадір - қасиет тұтқан дүниеңе деген сүіспеншіліктен тумас па еді? Ал, жұбанышы болса өй , тәйірі мен анадан тәуірмін , анадан артықпын деп , өзгенің сүрінген- жығылғанын жіпке тізіп отыру . Осы күнде нені қуаныш тұтып , нені жүбаныш етіп жүргенімізді білеміз бе ? Міне осы адамдықтан бездіріп, қайратсыздыққа салатын теріс мінездер. Өзгені өзіңдей көрмек, өзіне тілегенді өзгеге де тілей алу асыл дінімізде де толық Иманың шарты болып табылады. Жиырма төртінші қарасөзінде Бірімізді - біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз деуі де осы , бірінің міні шықса қуанып отырған соқыр сана жайлы. Мұндай теріс мінез үш сүюді сезінбеген жарым адамнан келіп шығады. Үш сүюді жүрекпен сезінген жан , бұл дүниеге алданып, нәпсісін тия алмай жүрген , өз арының алдында есебі жоқ , ескерусіз кеткен надандыққа жаны аши қарайды, себебі ол Хаққа көзі жеткен адамның бұл дүниеде көңіл қалдырып, күндесердей дүниенің жоқ екенін біледі . Абай атамыз айтпақшы Қай қызығы татиды қу өмірідің ,татуды араз, жақынды жат қыларға. Нағыз адам үшін бұл дүние дертпен тең. Таласып - тартызып, жаға жыртысып, күйбеңді сонша сүюшілермен қатар ғұмыр кешу- дерт. Бұл тірліктен есті адамның қайғы таппауы қиын іс. Өзгенің баянсыз тірліктің құлына айналып, Құдайын ұмытқандығы - кісі үшін қасірет , ішін жегідей жейтін мұң. Абадың мұңын әркім ақ сезіне алған жоқ. Абайдың Жүрегім , ойбай, соқпа енді , Жүрегім менің қырық жамау дейген қараөлеңде қандай қасірет жатыр десеңізші!
Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді[5.61]. Алдыменен адал еңбекпен нан таппаққа үйрету керек баланы, тіліңді кесіп алса да шындықты айтатын, басын кесіп алса да туалықтан таймайтын, елім- жұртым деген баланы тәрбиелеу басты парызымыз еді. Алайда, Абай атамның балаларды не болсын деп бағам , қай елге қосайын, қай хареккетке қосайын деп налитыны да осы еді. Абай атам бірін- бірі бауыр тұтқан , адал еңбекпен нан тауып, адам алаламаған адал тірлікті күтті, тәрбиенің тал бесіктен екенін ескерген Абай Әуел балаңды өзің алдайсың , соңында балаң алдамшы болса кімнен көресің ?[5.28] Балаң адам болсын десең, малыңды аямай оқыт деуі де ғылымсыз мына дүниенің көзі ашылмайтынының дәлелі емес пе? Осы ойдың төркіні адам тіршілкті басты мұрат етіп, арсыздықпен алған малын да абырой көреті надандық білімсіздіктен туатынын аңғартады. Дүниенің ішкі сырын, адамдық қасиеттің асылын, адал еңбектің тәтті нанын жемегесін, алдамшы күлкі мен жеген асыңа мәз болып, адамдық атты биік тұғырға шыға алмасаң - ол өмір не үшін, ол бір қасірет емес пе білгенге?
Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы Құдайдан келген істі қылып жүр екен дейміз бе? Адам баласы бойға теріс қасиеттерді нәпсісін тия алмай, өзін әділетті ақылға жеңдіре алмай, жүрек тілін алмай , іштегі қысқан ар-ұяты бір тоқтамсыз кеткендігінен табады. Өз бойы өзі бір тексермеген , Құдайдың жазғаны осы деп өзінің нәпсісін ақтап алуы. Жақсылық, жамандықты жаратқан Құдай , ләки қыдырған Құдай емес дегенді ескерсек керек еді.
Құдайдың әділ екені Хақ! Құдай қалайша өзінің махаббатпен жаратқан пендесінің бірін бұзық, бірін түзік етсін ? Адам баласының иманы әлсіреген тұста өзін не түрлі оймен ақтап алу үшін , мені солай жаратыпты , деп қайраттанып , өз бойымен күреспеген жанның ісі әділет түгіл адамдық па алдымен ? Иман тесік шелек демекші , адам баласы әркез өз бойын бір тексеріп , әр ісін әділет таразысына өлшесе ғана адамдығы толыспақ!
Адамдық- ардың ісі! Абай адам танымына теріс қасиетттерді қостайтұғын мақалдарды қатты сынға алады. Адамдықтан бездіріп, адам баласын айлаға көшіретін сөздерді мақал деп мақамдап айтуға тұрады ма? Соның ішінде Жарлы болсаң, арлы болма дейді , ардан кеткесін адаммын деп жүруің де бойға мін емес пе ? Қалауын тапса қар жанады деген мақалдың сиқына үңілсек , ол сірә еңбекпенен , қайратпенен ебін таппақты айтқан болар , қалауын тапсаң болды ,айласын асырып , арамдықпен алабер деп пе ? Абай осы қалауын итаптым деп , ардан безіп , айласын асырып жүргендерге ашынады. Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ деген мақал да , адам баласын еңбексіз тіленшілікке түсіп, жанын қинамай ақ ,бір байдың тілін тауып, қарнының қамын жеп, жұртты алдап, арбап бейшара қалыппен тапқан дүние , адам атына лайық па ? Абай ондай тіленші , сұрамсақ , надан атанып жүріп , тамақ асырағаннан , Алланың ақ өлімін артық көрген.
Адам баласы жеңіл жолмен мал тауып, оны өзіне ар санамай, ішіп- жеу мен бір киерін ойласа, міне бұл нағыз қасірет. Еңбек, адал маңдай тер- адамның қасиеті. Аллаға сүйкімсіз теріс қылықтарды бойына ар санамай - адам , адам болмақ емес. Дүние боқ көтерген боқтың қабы демекші , арзан істі атақ көріп , дүниеге жүрек көзі тоймай , күйбеңнің құлы болып , өмірге келгендегі мақсатынан адасады.
Атың шықпаса жер өрте деген тағы бір мақалының сиқы , бұл дүниені арзанға түсіремін деген жан, өзі де арзан болып қала бермек. Себебі бәрінің де есебі бар, білгенге бұл өмірде артық не кем дүние жоқ. Құдіретті һәм әділетті Алла тұрғанда , қалайша айламен аламын деп ойлайды екен адам баласы ? Ризық - несібеңді беруші де, алушы да Алла . Адам баласы абыройын төгіп , атағы шықса оның несі мұрат ? Ардан безген ғұмырдың қай тұсын үлгі етіп алмақпыз ? Абай өз тұсындағы замандастарының осы қылығына күйіне отырып , осы іске татымас мақалдарды сынайды. Және де бірі Ата- анадан мал тәтті дейтұғын орынсыз сөз. Абай Ата- анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар ?[5.76] ондай кеудеден шықпаған жан хайуанда да бар , бұндай орынсыз , антұрғандықтан бек сақтану керектігін үндейді. Абайдың көпте ақыл жоқ деп айтатыны да осыдан. Адам баласы өз ақыл санасына салып, қорытпаса, көптің артынан еребергендік , адам жеке менін қалыптастыруға үлкен залал. Адам баласының осындай көрсоқырлықпен пайымдаулары ,өскелең ұрпаққа адамдықты үлгі ете алмасы анық.
Тұрағы тіршіліктің баянсызын ұққаннан соң, қолын мезгілінен кеш сермейтіні өкінішті. Расыменде ой жүгіртіп қарайтын болсақ, адам баласы жас күнінде , барлық ізгілік атаулыны жимаққа , ал жасы жеткен шағында сол игіліктенрдің бейнетін көрмекке лазым екен. Жалындаған жастық шақта , білім жию , жақсы қасиеттер мен қатар өнер жию да сол жастықтың еншісінде , сондай махаббаттың машақаты мен тәтті ұйқы қатар келетін шақта , тән қалауын тежей алып, жан қалауына бас ұрғызу үшін қайрат керек. Әтпесе жас ғұмырыңды арзан күлкі , ойынмен құры өткізіп алып, қартайғанда не бейнеті, не рақаты жоқ , өмірдің өзі алдамшы іспетті көрініп, іштей жазғырып отырасың тағдырыңды , немесе сол терең ойдың дәмін сол бойы тата алмай , өмірден өтеді. Ақыл , білім, үлгі өнеге боларлық дүнеден адам безінбей, жаны соны қаламаса дағы , қайраттанып жеңбекке керек. Әйтпегенде сол қайратсыздық, жалқаулық бойымызды жаман әдеттерге үйір етеді. Абай отыз бірінші қарасөзінде естіген дүниені көңілге тоқымаққа төрт түрлі нәрсе керек дейді . Әуелі көкірегі байлауылы, берік болмақ яғни естіген нәрсені терең ойлап , естіген дүниеге жеңіл қарамастан, ойға түю қажет.
Көкіргеі байлаулы демек, адамның әуелде жүрегінде иманы, ізгі істерге деген ниеті , көңілі түзу , әрбір дүниелік іске көңілі айнымастай берік болмағы керек. Абай өзінің отыз жетінші қарасөзінде Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда , көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. сондықтан сол нәрсені естігенде ынтамен тұшынып ұғыну керек дейді. Үшіншіден сол естіген дүниені ішінен бірнеше рет қайталап, көңілге қондыру керек екен . Яғни естіген нәрсенің әділет екенін ақылға мойындату керек, көңілге тоқу керек. Содан соң ой кеселді нәрселерден қашық болу керек . Олар; салғырттық, ойсыздық , ойын күлкішілдік сынды адам бойына теріс істер. Осының бәрі адамның ғылым- білім іздемек жолындағы қас жауы, я бір уайымға салынып , бірнәрсеге құмарлық пайда болған сәтте адамның көңілі тиянақ таппайды , алаң- елеңге түсіп , естігенін көңілге анық түсіре алмайды. Ондай жағдайда үйреніп жүрген білім де жүрекке дөп түспейді, әлгі қайғы алыс екі тамырын бойлап кетеді. Байқап қарасақ ғылым мен білімнің қас жауы болған бұл мінездер адамдықтың да адамның саналы ғұмырының да жауы болып табылады. Ал, расында адамгершілік ілімімен екі дүниенің бақыты болған ақыл, ғылымның да егіз екені мәлім. Қырық үшінші қарасөзінде Ол бағанағы бес нәрседен өткен соң , оларды жайғастырып, көңілде суреттемек. Ол жанның жибили қуаты. Бұл қуаттың ішіндегі үш артық қуат жанның қуатын сақтап, адамның адамшылығын сақтайтын сауыт. Подживный элемент Білсек адамға көп білуге, көп оқу пайда бьермейді екен. Естіген , көрген дүниенің алды қайдан шығатыны , арты қайда апарады деп , ой жүгіртіп, ақылға салумен , білгеніңді ақылмен өлшеуді адам өз өміріне азық етуі қажет.
Ендігі бірі Сила притагательная однородного - дейді. Бұл бір нәрсені естіп, білгеннен соң , соған ұқсасын іздеп, ортақ қасиеттері ме айырмасын білмекке құмарту. Ол адам сол іздегенін толық тексермей тыныштық таптырмайды.
Үшіншісі впечатлительность сердца екен. Алдымен жүректі адам бойына тән асыл қасиеттерден ада етер, пайдакүнемдік, жеңілтектік, салғырттық , мақтаншақтық сынды мәселелерден аулақ болу. Абай атамыздың ұғымындағы жүрек айнасы, ішкі жан дүниенің тазалығы болып табылады.
Бұл қасиеттердің алғашқысы Подживной элемент пен екіншісі Сила прилагательная однородного бұл екеуін бірдей ұстаса күллі пайда мен күллі зарар да осыдан дейді. Ең алдымен адам бойына жат адамшылықтан бездіретін қасиеттерден адам бойын тез жиып алмаққа керек. Әйтпегенде адам баласы бір құмарлыққа салынса , оны құмарлық , жеңілдік , мақтанқұмарлық, өсекшілікке бойлап кетсе , ол жолдан бойын жимақ қиын іс. Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып , адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақ бұл адамға нұр болады.[5.121] Әйтпегенде қор болып өткен бір өмір болады. Бұл екі қасиеттің бірі бар, бірі жоқ болған күнде де басыңды қайда апарып соғары белгісіз бір асау ат секілді. Ол өзіңе де бағынбай , кеткені кеткен.
Жибили қуатты ізгі жолмен қолға алып кәсиби қуатын , яғни еңбекпен табылған зорайтпақ үшін алдыменен талап керек екен. Абай өзінің қырық төртінші қарасөзінде талаптың әртүрі болады деп келтіреді. Яғни адам баласы ішкі үні мен тілек қалауына сай бір іске ұмтылып іздейді. Қырық үшінші қарасөзінде айтқандай жибили қуатты қайда бастаса соны берік ұстап кетеді. Егер адам осы дүниеде мал-мүлті көздегендер, арсыздықтан да тайынбайды. Арамдықпенен тапқан дүние ,қылған талапты ,талап дейміз бе ?
Абай мұны Көңіл жиіркенерлік іс деп бағалайды. Тек дүние, мал таппаққа жасаған талаптан адамшылықтың иісі де шықпайды. Адам іске талпынбақ үшін алдымен көкіректегі көзді тазалау керек, ғибадат жасау керек екені анық. Адам баласы қайраттанып, өзіне ақиқатты танытып, жығылса дағы өзіме осы керек деп өзіне жазалап, сөге алса, жүректің өзі де ізгі дүниеге бұрып тұрады емес пе ? Әділетті ақылменен өз болмысын мойындатып, өзінің ісін жөнге салған жан ғана жүрек , қайрат, ақылды тең ұстаған жан ғана толық адам танымын танымақ.
Отыз екінші сөзінде осы пікірді қанаттандыра түседі. Әуелі- білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек еді, деп іздемесе керек [5.80].Өзіңнің көңіл қалуың басқа нәрседе тұрып, білім- ғылымды соған себеп етіп қана іздесе , ондай білімге адамның көңілі шын мейірленбейді. Яғни білімнің де мейірленіп , жүрекке ұялап, ақылға қондыру үшін таза ниет қажет, таза көңіл қажет. Бұл дүниеде дейді Абай ; ғылымды үйренуде ақиқатты танымаққа мақсат ету керек дейді, әйтпегенде , талас-тартыс, атақ, жеңбек үшін , мен білемінге салынбақ бір білімсіздіктің ісі. Шын мейірмен іздемеген білім адамға рақат сездірмейді. Ондай кісі- дейді Абай- өтіріктен де, өсектен де , ұрып төбелесуден де қашық болмайды. Себебі көңілі жеңбекті қалаған адам, ақиқатқа ұмтылмайды. Одағы жалғыз мақсаты- жеңу болады. Үшіншіден ақиқатпен ақыл жеткен дүниені берік тұт, өлсең айырылма дейді. Ал , төртіншіден елеп, ескеретін нәрсе білім-ғылымды көбейтудегі екі қару деп; бірінші өзгелермен де пікір алмасу, ал, екінші оны көңілге берік сақтау, ортаға салынып, шындығын ширатпаған ғылым- білім өзінің ақиқатымен ақыл таразысына түсе алмақ емес. Осы тұста отыз бірінші қарасөзінде айтылған көңіл кеселдерін атайды. Ал соңғы алтыншы ескертпесінде осы ақылға салып, ақиқатты танып, көңілге мықты бекіткен ғылым-білімнің ақиқатын сақтайтын мінез деген сауытты атайды. Ол мінез көңіл кеселдерімен бұзылса дағы, оқып білгендіктен не пайда ? Ар үшін, ақиқат үшін алқынбаған қайраттан қайыр жоқ екенін ұғындырады. Қазақтың кей- кез бағы жанбай жүретіні де осы шығар. Қолымыздағы аз - мазды , біреудің әй, осы елде сізден тәуірі жоқ деген сөзге аспандап, осы да маған жетіп жатыр деп,алданып дарқансың, өнерлісің дегенге алданып, Құдай берген қолындағы өнерінен де тиянақ таппай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдараның сопылық идеялары
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Абай өлеңдеріндегі танымдық көзқарас
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
Жүйке жүйесінің құрылысы
Ел болам десең – бесігіңді түзе
Көкірек қуысының сүйектері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Пәндер