Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері


Мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйрету әдістері
(«Түркістан саябағы» кенеп, майлы бояу 80×100)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Түркістан 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіСпорт және өнер факультеті
«Қорғауға жіберілді»
«Бейнелеу өнері» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент
. . . Ж. Бейсенбеков ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: Мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйрету әдістері
(«Түркістан саябағы» кенеп, майлы бояу 80×100)
5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша
Орындаған: ӨБС-711
тобының студенті Жарас Д. Б.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., қауымдаст. профессор Ауелбеков Е. Б.
Түркістан 2021МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Мектеп оқушыларын сұлулыққа тәрбиелеу және оларды түстану ептіліктеріне үйрету жолдары . . . 7
1. 2 Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері . . . 20
2 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Орта мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің бағдарламасы . . . 37
2. 2 Орта сынып оқушыларын көркем еңбек сабақтарында түстану ептіліктеріне үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМШАЛАР . . . 64
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұрпақ тәрбиесімен шұғылдану, оларға білім беру мәселелерін шешу ерекше мән беру қажетті үрдіс болып табылады. Еліміздегі жыл сайынғы Президентіміздің халыққа жолдауларында оқушыларды дамытуға, олардың танымдық әрекеттерін арттыру, дамыту міндеттері назардан тыс қалған емес. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы халыққа Жолдауында білім беру сапасын жақсарту жоспары белгіленген әрі нақты міндеттер қойылған болатын [1] .
Қоғамның өндіргіш күштерін даярлау қоғамдық қажеттілік болып табылады, сондықтан елде білім беру қоғамдық құбылыс ретінде әрдайым жетілдіруді қажет етеді. «Білім туралы» Заңда мектепте оқушыны оқыту-тәрбиелеудің бағыттары айқындалып, оны жүзеге асыружолдары белгіленеді. Оқыту мен білім беру жастарға мектеп қабырғасынан толық тәрбие беріліп, оларды қоғамның болашақ құрылысшылары ретінде даярлауды жүзеге асыру керек. Оқыту мен білім беру мазмұны танымдық қасиеттер қалыптасқан, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.
Қазақстан-2050 атты елімізді дамыту стратегиялық бағдарламасында әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру жолдары, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру жоспарларын айқындайды және дамытудың міндеттерін анықтайды [2] .
Елімізде оқыту мен тәрбиелеуде болып жатқан жаңартулар білім беруді, тәрбиелеу жұмыстарын ерекше қарауды міндеттейді. Тұлға қалыптастыру мектепте оқытудағы сапалық деңгейді арттыру мен баланың мектепке күрделі міндеттерді жүзеге асыруды жүктейді.
Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектептегі көркем еңбек пәнінің орны бөлек, онгың оқушылар танымын арттырып, тәрбиелеуде орны ерекше.
Көркем еңбекке оқытудың қызметі көркем білім беру мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Көркем еңбекке үйрету оқушыға жағымды-өнегелі тәрбие мен тағылым қалыптастырады. Дүниені сызықтар, түстер арқылы танып-біліп, бейнелеудің және зерттеудің аса маңызды құралын үйренеді. Көркем еңбек сабақтарында түстер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, іс-әрекеттерін арттырудың маңызы үлкен. Сол арқылы олардың күрделі танымдық үдерістерінің қалыптасуына зор мүмкіндіктер ашылады.
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйрету жұмыстарының қажеттілігі және оқушылардағы көркем еңбек іс-әрекетіндегі бояу түстеріне деген танымдық қызығушылықтың басым болуы арасындағы қарама-қайшылықтар дипломдық жұмыстың тақырыбын « Мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйрету әдістері » деп таңдауға түрткі болды.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды көркем еңбекке оқытуда түстану ептіліктеріне үйретудің теориялық мәселелерін анықтап, оны жүзеге асырудың тиімді әдістерін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп оқушыларын түстану ептіліктеріне үйрету жолдарын қарастыру;
- мектепте оқушыларды көркем еңбекке оқытуда оларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктерін талдау;
- орта мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің мазмұнын анықтау;
- орта сынып оқушыларын көркем еңбек сабақтарында түстану ептіліктеріне үйретудің әдіс-тәсілдерін көрсету, қорытындылау.
Зерттеудің нысаны: Орта мектепте көркем еңбекті оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні: Орта мектепте көркем еңбек сабақтарында оқушыларды түстану ептіліктеріне үйрету әдістері.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдары, т. б. баспа материалдарын, озық педагогикалық тәжірибелерді сараптау, талдау, бақылау.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, теориялық және әдістемелік бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Мектеп оқушыларын сұлулыққа тәрбиелеу және оларды түстану ептіліктеріне үйрету жолдары
Мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті болып табылады. Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге, яғни білім алуға бағытталған.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің маңызды белгілері: қажеттілік, оқуға қызығушылық, өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, танымдық белсенділік, табандылық пен шыдамдылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдап, оны белсенді орындау т. б.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттерінің өнімдері олардың білімдерінде, шығармашылық іс-әрекеттерінде, рухани өмірлерінде, қоғамдық қатынастарда, бағаларында бейнеленеді. Оқу іс-әрекетінде оқушының барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Мектеп оқышысының оқу-танымдық іс-әрекеті мазмұны, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.
Мектептегі оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені шындықтағы құбылыстардың сыр-сыйпатын, мән-жайын ұғыну - өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға белгілі болып отыр. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы кезеңінде (таныстыру кезеңі) оқушы нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де - нәрседе себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушының көзінің жетуі. Осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш - бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады. Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды қызықпай жаттап алу, өз бетінше пікір айтуға шорқақтық, оқушыда талдау, жинақтау тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді.
Мұғалім оқушы ойлауындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады. Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалана алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай қалады, бұл берілген мағлуматтың практикалық мәнінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау процесін дамытудың орнына олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине, бұдан оқушының есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды. Оқушыке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мен білімі мазмұнды болады.
Білім - адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің, танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен - бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Білім қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, менгерілген білімнің көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол оқушының жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әйгілі ғұлама Әл-Фараби білім мен өнерді арқылы адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болатындығын айтқан [19] . Чех халқының көрнекті педагогі Я. А. Коменский бейнелеу өнерінің мектептегі жалпы білім беру пәні ретіндегі пайдасын белгілеп, өнерді дұрыс пайдалану, өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар жасау сияқты өнерді үш талап негізінде үйренуді анықтап берді [20] . Ағылшын педагогі Джон Локк балаларға өнерді игеруді сурет салу арқылы жетілдіруді, жаттығулармен жүзеге асыруды дәріптеген [21, 177-79] .
Француз педагогі, философ-энциклопедисі Ж. Ж. Руссо сурет салуды жалпы білім беретін пән ретінде тұжырымдап берді. Ол оқушының затқа қарап сурет салуы арқылы дамитын сезім ағзалары дүниені танып білуде маңызды рөл атқаратынын ашып берді. Ж. Ж. Руссо сурет салудың табиғат аясында жүргізілуін, сөйтіп балалардың қоршаған орта заттары мен құбылыстарын бетпе-бет кездесіп, танып, қабылдауын ќажеттілікке жатќызды [21] .
Немістің әйгілі ақыны И. В. Гете сурет салуға өте үлкен мән берген, оның дүниені терең тануға көмектесетіндігін айта келе, ақын-жазушыларға сурет салудың пайдалы екендігін көрсетті. [22, 19] .
Сол сияқты И. Песталоцци мектептегі сурет салуды жалпы білім беретін пән деп есептеп, сурет салу арқылы дүниені, қоршаған табиғатты дұрыс тану, дұрыс ойлау мүмкіндігі туатындығын көрсетті. Ол өнерді талқылай отырып, игеру үшін арнайы жаттығулар, яғни көзді барлық заттар мен құбылыстарға салыстыра, талдай, топтастыра отырып қарауға үйрететін жаттығуларды ұсынды. И. Г. Пестолоцци жазудан бұрын сурет салуды үйренудің пайдалы екендігін, сурет салу жазудың жеңіл үйретілуіне себепші болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Сөйтіп, сурет негіздеріне барлық баланы үйретуге болатындығын, олардың танымдық қызығушылықтарын арттыратындығын айтты [23, 90] .
Бейнелеу өнері мыңдаған реңктерге, сиқырлы мозаикалық түске толы. Түс туралы ғылымы түс ерекшеліктерін түсінуге, қолдануға, сәндік өнерде қолданылады.
Түс ғылымында түстің табиғаты, негізгі және қосымша түстер, негізгі сипаттамалар, контраст туралы, түстер үйлесімі, тілі және түс мәдениеті туралы ақпараттар болады. (2)
Түс туралы ғылым Ежелгі Шығыс елдерінде Еуропа, Азияның түс мәдениетіне ықпал еткен түс символикасы болған. Түсті алғаш рет эстетика категориясы ретінде ежелгі дәуірде қарастырды. Грек философы Аристотель түстің пайда болуын, түстер құбылыстарын түсіндіруге тырысты.
Еуропалық Ренессанс орта ғасырларда Альберти мен Леонардо Да Винчи түс пен жарықтың өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашты, олар түс эстетикасының жаңа түсіндірмесін ұсынды. Леонардо Да Винчи практикалық маңызы бар түс туралы ақпараттар берді. Ол ақ - жарық, сары - жер, жасыл - су, көк - ауа, қызыл - от, қара - қараңғылық сияқты алты түсті гүлдер тізбегін құрды. Әрбір жеке түс үшін үйлесімді түстер табылды және тұрақты түсті аккордтар ойластырылды. Ақ - қара, көк - сары, қызыл - жасыл деп қарама - қарсы түстерді анықтаған да Леонардо да Винчи болды. Осылай түстер туралы ғылым пайда болды. (24)
А. Шопенгауэр, Э. Делакруа, В. Адаме, Ван Гог, Ф. Рунге, В. Кандинский т. б. гүлдер тізбегін өз бетімен түсіндіріп дамытты.
Түс ғылымының «физикалық» негізін И. Ньютон қалады. Ол призма арқылы жарық сәулесінің сынуымен тәжірибе жасап, спектрдің жеті түсін бөліп, түстерді нақты символдық байланыстырудан босатты. Жеті түстің әрқайсысы гармоникалық жүйенің тәуелсіз элементіне айналады-жағдайларға байланысты түс белгілі бір күй мен эмоционалды сипаттаманы ала алады. Француз ғалымы Роджер де пил сурет салу үшін сурет емес, түс маңызды екенін дәлелдейді. (12)
Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал оның құрылымына мынадай танымдық іс-әрекеттің кезендері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау;
- білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барысында оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету жолы.
Оқушылардың танымдық і-әрекеттерін қалыптастыруда оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері. Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Білімді игеру үшін қойылатын талаптар, бұл:
- білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіру үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
- білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
- білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімнің шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
М. В. Ломоносов көзімізде үш түсті қабылдағыш бар екеніне назар аударды (31)
Түс - кеңістікті ұйымдастырып, көрермен эмоциясын тудыратын құбылыс. Түсті қабылдау физиологиялық реакцияларды тудырады, ағзаға, жеке органдар белсенділігіне ықпал етеді. Адам түсті көзбен, терімен де қабылдайды. Мұндай тұжырымды орыс психологиясының негізін қалаушы А. Н. Леонтьев жасады. (3)
Ақ түс жүйке жүйесіне тыныштандыруға әсер етеді. Қара түс зейінге көмектесіп, қысымды төмендету мүмкін, көңіл-күйді төмендетуі мүмкін. Ал жылы түстер қозуға ықпал жасайды. Жасыл түс физиологиялық тыныштандырғыш әсер береді, ерік пен жігерді көбейтуге көмектеседі. Көк түс депрессияны жеңілдетіп, ауруды азайтады. Күлгін түс адамның шабытын, физикалық, рухани күшін арттыруға көмектеседі.
Түстің символикасы да байқалып, киімде қара-ақ түстердің үйлесімі ресми, салтанатты жағдайларға келеді екен, қызғылт-көк түстер жаңа туған нәрестелердің киім түстері болып саналады, көк түс болса аспан, теңіз түстері, ол түс ұшқыштар мен теңізшілердің арнайы форма киімдерінде қолданылатындығын білеміз. (2)
Түстану негіздері оқушыларды оқытуда қызықты әрі өте қажетті бөлім болып табылады. Түс ғылымын оқыту мақсаттары:
- шығармашылық тұлғаны дамытуда көркем бейнелі ойлауын қалыптастыру;
- көркем жұмыстарда білім алушыларды түстермен жұмыстар істеуге үйрету;
3. бояулармен заттар пішінін, көлемін, жарық-көлеңке беру ерекшеліктерін үйрету;
4. суретте түс шешіміне қол жеткізу.
Кескіндеме сабақтарындағы тәрбиелік міндеттердің ішінде мыналарды атауға болады:
1. кеңістік көрінісін бейнелеу жадын дамыту;
2. көркем талғамға, қызығушылық пен байқауға тәрбиелеу;
3. шығармашылық қабілетті дамыту;
4. тәжірибелерді шығармашылықпен өңдей білу дағдыларын дамыту. (30)
Түстану оқушылардың сезімін, көркемдік талғамын дамытуға көмектеседі. (26)
Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, түстану мектеп оқушыларын тәрбиелеуде зор маңызға ие екендігі анық байқалады.
Түсті зерттеуде сабаққа шығармашылық көзқарас пайда болады.
Адамның көзі спектрде 130 түрлі түсті ажыратуға мүмкіндігі бар екен. И. Ньютон олардан қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көк, күлгін сияқты жеті негізгі түсті аықтады. (1)
Мектеп жасындағы балаларды сурет сабақтарында оқытуда қолданылатын түс ғылымының мәнін түсіну керек. Балалар түс ғылымын танып сурет сабақтарында негізгі, қосымша түстер, түстердің негізгі түс контрастын, түстердің араласуын, түс үйлесімін үйренеді.
Түстердің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болатындығы белгілі.
Ахроматикалық түстер қара, ақ және барлық сұр түстерден тұрады. Олар түссіз түстер деп те аталады. (24)
Хроматикалық топқа қызыл, сары, көк, қызғылт сары т. б. күн спектрінің түстері, олардың туындылары кіреді. Хроматикалық, яғни түсті түстер деп аталады (1)
Хроматикалық түстер түс реңі, жарықтығы, қанықтылығы бойынша ерекшеленеді. Түстің басты сипаттамасы оның тоны, ашық-қараңғылығы.
Бұл сипаттамада бір түстің екіншісіне қарағанда қаншалықты жеңіл, күңгірттігін анықтайды. Ең қараңғы түс қара түс, ең ашық түс ақ түске тән түстер.
Түстің екінші сипаттамасы - түстің жылы суықтығы. Бұнда түс реңктер суық немесе жылы түстер тобына жатуы анықталады, яғни түсті дақпен салыстырғанда ыстық-суық реңктері көп-аз болатындығы сипатталады. Орыс суретшісі В. В. Кадинский бояудың жылысы сары, салқыны көк түс деп көрсетті. (33)
Түстің үшінші сипаттамасына жарықтық жатады, яғни, жарықтық және түстің күңгірттенуін білдіреді. (4 қосымша)
Бұл бойынша түстер тыныш, үнсіз немесе түстің дақтары таза, жаңа, айқын ашық болып келеді. (2)
Спектрді шеңбер түрінде көрсету үшін қызылдан күлгінге тегіс ауысуды, деп аталатын түсті шеңберді алу керек. (сурет-1)
Сурет-1. Түстер спектрі шеңбері
Түсті дөңгелекте басқа түстердің қоспалары жоқ үш түсті бөлуге болады. Бұл түстер сары, қызыл, көк түстерді құрайды.
Негізгі түстерді өзара араластыру арқылы алынатын түстерді қосымша туынды түстер деп атайды, яғни қызғылт, жасыл, күлгін т. б. түстер.
Түс шеңберінде екіге бөлінген бөлік болады. Бір бөлігіне қызыл, қызғылт сары, сары, сары-жасыл түстер кіреді. Олар шартты түрде жылы деп аталады, өйткені от, күн түсін анықтайды. Екінші бөлігі көгілдір-жасыл, көк, көк, күлгін және суық деп аталады, өйткені су, мұз, метал түсін анықтайды. (16)
Жылы, суық түстер қарама-қарсы қасиеттерін көрсетеді. Күндізгі жарықта түстер шығыңқы, ал суық түстер шегіністе қабылданады.
Заттың жергілікті түсі таза, өзгермейтін реңктерге байланысты қабылданады. Сонда жергілікті түс кез-келген затта негізгі түсті анықтайды. (12)
Бейнелеуде түстік контраст қолданудың үлкен маңызы бар. Контрастта жарық пен түстің қасиеттері қарама-қарсы фонмен жанасуда айқын қабылданады.
Қарама-қарсылық екі түрлі болады: ахроматикалық (жеңіл) және хроматикалық (түс) . Суретшілер суретте заттардың әртүрлі тондылығын көрсете отырып, жарықтық контрастын қолданады. Қараңғы заттардың қасына жарық заттар қойып түстер контрастын айқындайды. (24)
Түс контрасты құбылысында түс басқа түстердің әсерінен өзгереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz