Шоқан Уәлихановтың сапарлары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ... ...6
1.2. Шоқан Уәлиханов туралы қызықты
деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ӨМІРІНІҢ АШЫЛМАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ ... ..11
2.1. Шоқан Уәлихановтың
сапарлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 22
Андатпа
Ұлтымыз бен еліміздің тарихы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірінің ашылмаған сыралыр
туралы мағлұматтар баяндалған.. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның дамуына зор
үлесін қосқан қоғам мен мемлекет қайраткері нағыз көшбасшының дәл өзі еді.
Оның ғылыми мұрасы – таптырмас дүние.
Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Шоқан Уәлиханов туралы
жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде
айтылып жүретін, ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі-өнеге
болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу. Осы зерттеу жұмысы оқушыларға
біраз септігін тигізеді деген сенімдемін.
Аннотация
Нация и история страны, в этой работе изложена вся информация о жизни
историка, этнографа, географа, фольклориста, путешественника и просветителя
Чокана Валиханова. Именно он был настоящим лидером общественного и
государственного деятеля, внесшим большой вклад в развитие Казахстана в ХІХ
веке. Его научное наследие-это незаменимая вещь.
В соответствии с требованиями времени дать будущим гражданам новое
направление о Чокане Валиханове. Надеюсь,что эта исследовательская работа
поможет ученикам. Моя работа посвящена изучению трудов великого ученого
Чокана Чингисовича Валиханова. В казахской истории, возможно, не было
другой такой одарённой личности, как он. В нем немыслимым образом
соединились гениальный ум, дар исследователя, особая казахская
чувственность и высокий дух предков.
Annotation
Nation and history of the country, orientalist, historian, ethnographer,
geographer, folklorist, set out in the undisclosed syralyr information
about the life of Chokan Valikhanov.. He was a real leader of public and
statesman, who made a great contribution to the development of Kazakhstan
in the ХІХ century. His scientific legacy is irreplaceable.
In accordance with the requirements of the time to give future citizens a
new direction about Chokan Valikhanov. I hope that this research work will
help students. My work is devoted to the study of the works of the great
scientist Chokan genghisovich Valikhanov. In the Kazakh history, perhaps,
there was no other such gifted person as he. In it the ingenious mind, gift
of the researcher, special Kazakh sensuality and high spirit of ancestors
in an inconceivable way United.
КІРІСПЕ
Менің жұмысым ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірінің
құпиялары мен еңбектерін зерттеуге арналған. Қазақ тарихында ол сияқты
басқа дарынды тұлға болған жоқ шығар. Онда данышпан, ақыл, зерттеушінің
сыйы, қазақтың ерекше сезімділігі мен ата-бабалардың жоғары рухы мен ой-
өрісі жалғасқан. Оның жалынды тағдырына кез келген жанасу біздің
жүрегімізде ыстық жұлдыздан күйікке ұқсас із қалдырады.
Жарқыраған метеорит ретінде Қырғыз хандарының ұрпағы шығыстанушы, сонымен
қатар орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ғылым мен білім
үшін сіңірген еңбегі өте зор.
Н.И. Веселовский
Шоқан Уәлиханов – тамаша ғалым және саяхатшы, өз халқының даңқты ұлы, өз
еңбектерінде гуманизм мен данышпандықтың үлгісі ретінде қалады және оның
өмірінің тарихы, оның мұрасы өз жарығымен әлі де көптеген ізденімпаз
ұрпақтарын қуаттайтынына күмән жоқ.
Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі 185
жылдан кем емес уақыт бұрын біздің ұрпағымызға қызықты. Оның өмірі, оның
тағдыры – шынайы аян, ол бізді идеялар мен білім толқынына сөз бен ойдың
барлық күш-қуатымен нәрлендірді. Шоқан интеллектуалды, таңқаларлық ұлы
тұлға. Біз Шоқан Уәлихановтың өмірін өз өмірімізбен салыстырамыз,онда өз
көрінісін табамыз. Қазіргі таңда Шоқан Уәлихановтың өмірінің ашылмаған
құпялары,жасаған еңбектерің терен зерттеп, соны жандандыру мақсатында осы
жобаны өзекті деп есептеймін.
Жобаның мақсаты: Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат беру, материалдар
жинақтау, ұлы тұлғаның ерлігін, еңбегін, шығармашылығын бүгінгі жас ұрпаққа
жеткізу.Шоқанның өмірінің ашылмаған құпяларына зерттеу дүргізу
Міндеттері:
• Шоқан Уәлихановтың өмірінің ашылмаған сырларын анықтау;
• Шоқан Уәлихановтың жасаған ерліктерін насихаттау;
• Шоқанның шығармаларын оқуына сыныптастарымның қызығушылығын ояту;
• Балаларды патриоттыққа, елін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Зерттеудің жаңалығы: Өз жұмысымда Ш. Уәлихановтың еңбектерін,өмір жолын
зерделедім, олар мектеп бағдарламасында аз зерттелген немесе өте қысқа
көрініс тапқан. Біздің мектеп оқушылары арасында өткізілген әлеуметтік
сауалнама Шоқан Уәлихановтың атын өте жақсы білетіндігін,бірақ өмірінің
көптеген кезендері туралы білмейтіндігіміз анықталды. Сол себепті де
Шоқанның өмірінің құпия беттері туралы,ашылмаған сырлары туралы білгіміз
келеді.
Зерттеудің кезеңдері:
I кезең: ғылыми әдебиеттерді жинақтау, зерттеу және жалпылау;
II кезең: Ш. Уәлиханов бағыты бойынша сырттай саяхат;
III кезең: интернет-көздермен жұмыс;
IV кезең: деректерді өңдеу, белгілі бір зерттеуді сипаттау;
V кезең: оқушыларға сауалнама жүргізу, мониторинг жасау.
Зерттеу нысаны: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы.
Күтілетін нәтиже: Ш.Уәлихановтың жасаған ерліктері, жазған еңбектері
бүгінгі ұрпаққа үлгі, шығармашылығы,тарих сабағында айтыла бермейтін
өмірінің құпия сырлары туралы балалар арасында насихатталып
сыныптастарымның кітап оқуға деген қызығушылығы артады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын
аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің
бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі,
философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті,
әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде
болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани
ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-
тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың
қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға
сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай
жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы
үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз
ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі
Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. [4]
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып
есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл
келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы
ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер
әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы,
философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың
озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында
білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусында
Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас
оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті,
орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол
сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім,
идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым
Т.Н.Потанин. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан
саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған
халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы
қызмет етуге әзір екендігін танытты.[3] Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты
(орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің
жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі
әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай
білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп
қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі
халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға
қызықты.[7]
А.Н.Майковқа жазған хатында Шоқан: "Менің туысқандарым ұлттық та, таптық та
ескіліктің шырмауында. Әсіресе, бір бет даңққұмарлығы бірден көзге
шалынады. Осыған қарап-ақ, олардың өздерін өздері жоғары бағалайтыны, ақыл-
естіміз деп түсінетіні өз-өзімен түсінікті болар. Демек оларға айтылған
ақыл-кеңес намысына тиіп, бұрынғыдан да көрі асқынта түсері түсінікті.
Көппен жалғыз алысуға шама келмесін түсіндім, шындық қанша қасиетті
болғанымен, адасқанның алды жөн бола береді екен, әсіресе, уақыт солай етіп
тұрса амал жоқ, – деп ағынан жарылып, өзіндік пікір, көзқарасын
білдіреді.[8] Шоқан Уәлиқановтың орыстың көрнекті жазушыларымен,
ғалымдарымен т.б. жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше
маңызды. Оның хаттары мен күнделіктерінен публицистикалық дарыны айқын
аңғарылады.[4]
Шоқанның азан шақырылып қойылған аты – Мұхаммед – Ханафия. Мұхаммед
пайғамбардың күйеубаласы хазірет Әлидің ең батыр ұлының құрметіне әрі
болашақтың Мұхаммед-Ханафиясы болар ма екен? деген тілекпен Қалқай ишан
балаға осы атты қояды. Бірақ анасы Зейнептің оған тілі келмей, сәбиін
Қанаш деп, ал былайғы жұрт Шоқан деп атап кетеді.[4]
С.Мұқановтың Аққан жұлдызына жүгінсек, Шоқан бала күнінде өте сотқар,
боқтампаз болған. Үйге келген кісіні жақсылап тұрып сыбау, одан қалса
бетіне түкіріп, сақалына жармасу, мініп келіп, байлап қойған атын шешіп
жіберу, қамшы, бөрік, ертұрман сияқты заттарды тығып тастап, таптырмау
Шоқанның дағдылы ісіне айналған. Сырт пішіні жөнінен Шоқан Абылай атасына
қатты ұқсайтынды.[8]
Ел ішінде Қаңға құмартқанда Абылайдың көзі жанып кететін деген сөз қалған
болса, қатты ашуланғанда Шоқанның көзі де жел үрлеген шоқтай қызарып кетеді
екен. Шоқанның бала кезінен ұйқысын қандырып, елдің соңынан тұратын әдеті
болған. Төрт-бес жасынан тайға мініп үйренген ол алты-жеті жасында асау
тайларды үйрете бастаған. Ал сегіз-тоғыз жасынан ірі асауларға да бұғалық
сала білген.
Бала кезінен-ақ қабілеттілігімен, зеректігімен дараланған есті тентек бес
жанынан мұсылманша хат танып, жаза білетін дәрежеген жеткен. Әкесінің іс-
қағаздарына көмектесуге кішкентай кезінен-ақ жараған Шоқан бастауыш білімді
Күнтимес қыстауындағы Шыңғыс ашқан мектептен алған. Сонда оқып жүріп өлең,
жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанады. Көне шағатай
тіліндегі дүниелерді тану, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгереді.[10]
Шығыс ақындарының өлендерін жаттайды. Халық мұрасын жинауды қолға алған
әкесіне көмектесе жүріп, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Едіге, Ер көкше
жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысады. Ауыз әдебиеті мұраларының
даналығын біртіндеп бойына сіңіріп, оның мазмұндылығына, байлығына қайран
қалады. Ел арасындағы әнші, күйші, жыршылардың өнерін тамашалаудан бір сәт
те жалықпайтын бала Шоқан одан қалса әжесі Айғанымға да алуан түрлі ертегі,
жыр айтқызып, сүйсіне тыңдайтын.[6]
1.2. Шоқан Уәлиханов туралы қызықты деректер
Қилы заманда қаһарман болу қиын. Бөтеннің әскери киімін киіп, өз халқын
ілім-білімге бастау одан да ауыр. Тұтас XIX ғасыр ұлан-ғайыр даладағы ірі
өзгерістермен ерекшеленді. Ақсүйек әрі хан тұқымының өкілі. Әскери барлаушы
һәм дарынды оқымысты. Бірде самғап, бірде құлап, ақыр соңында қайғымен
аяқталған, жасындай жарқ еткен ғұмыр. Ол өмірдегі орнын табуға тырысты.
Қазір оның халқы өткенін безбендеп жатыр. Білім мен еңбектің дара жол
екенін жан-тәнімен дәлелдегісі келді. Оның ерен еңбегі бірнеше адамның
өміріне жетерліктей. Алайда маңдайына жазылғаны 30-ақ жыл. Орыс армиясының
офицері болғанымен, империяға бітім-болмысымен бөтен еді. Шыңғыс ханның
ұрпағы. Бірақ нағыз қазақ – Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Омбыда оқыған кезінде оқу орнының тәртібіне тез үйренді. Бірақ рота
балалары Шоқандарға, яғни эскадрон балаларына өктемдің көрсете берді.
Олардың кемсітуіне шыдамай, Шоқан бірнеше рет өзіне ерген балаларды бастап,
қарсы тұрып қайрат көрсетті. Бір күні рота баласының біреуі киргиз,
калбит деді. Шоқан оған: Мен алдымен айтатын сөзінді біліп алып айтсаңшы,
сүзек болған кісідей естігеніңді сандырақтамай. Мен киргиз емеспін,
қазақпын. Және калбит деген – араб елінің бір тайпасы, ол қазақ емес, —
деді. Шоқанға айтар жауап таба алмаған рота баласы қаша жөнелді. Шоқанның
осындай тапқыр, өжеттігіне тәнті болған балалар оны әрдайым арқа тұтып,
басшы ететін болды.[2]
Шоқан орыс тіліндегі әдеби кітаптарлы құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай
кітаптар қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдеби
кітаптар жоқтың қасы. Аздаған кітап рота балаларының қолынан босамайды.
Кітапханада корпус балаларына оқуға ұсынылатын патша генералдарының
өмірінен жазылған шығармалар болатын.
Ондай кітаптар Шоқан, Григорий сияқты ойшыл балаларды қызықтырмайды.
Олардың қызығып оқитын кітаптары – Палластың және Рычковтың жиһанкез
өмірлерінен жазылған күнделіктері. Осы кітаптардың әсерінен болар, Шоқан
мен Григорий екеуі Азияны аралап, жер сырын, ел жайын білгілері келеді.
Шоқанның суретшілігі сурет сабағының оқытушысы Померанцев деген жас
офицерге қатты ұнайтын. Әдебиет сабағын жүргізетін оқытушы Гонсевский де
Шоқанның алғырлығын, дүниетануға, әдебиеттануға қабілеттілігін байқап,
ерекше ілтипат білдіретін.
Әкесі Шыңғыстың досы Николай Потанин – әңгімешіл адам. Потаниннің
әңгімелері – Қоқанға немесе Ташкентке барған сапарларында көрген-
білгендері. Ең алдымен табиғатты сипаттағыш адам екен. Ол бер жағы –
Арқадағы, ар жағы – Орта Азиядағы тауларды, өзендерді, көлдерді, шөлдерді,
мекендерді, ескерткіштерді, қалаларды, олардың сән-салтанаттарын, жолшыбай
қазақтың қай руларына, басқа ұлттардан қандай халықтарға кездескенін,
олардың тарихын, әдет-ғұрыптарын майын тамыза әңгімелегенде Шоқан түгіл,
Шыңғыстың өзі беріле тыңдайтын.әсіресе Шоқан қарама-қарсы жүресінен отырып
алады да, зейін қоя, бар ынты-шынтысымен, көздерін айырмастан тыңдайды да
отырады.[4]
-Мынау балаң, Шыңғыс Валиевич, — деп қояды Николай Потанин сондай
шақтарда, — Тірі болса, нағыз саяхатшының өзі болады. Кейін ержетіп, өзі
де саяхатшы болған шағында Шоқан дос-жарандарына: Мені саяхат сапарына
алғашқы қызықтырған адам – Николай Ильич Потанин, — дейді екен.[10]
• Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың
пікірлер айтқан ғалым. Қазақ халық поэзиясының түрлері зерттеу
еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның
қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның
қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты.
Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы Бұл халықтың
ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды
оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып
салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі
ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы
музыканттар тастап кеткен, - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы
әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен
араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді.
Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне
назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей
отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған.
Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне
шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.[3]
1856 ЖАС ШОҚАННЫҢ ӘКЕ-ШЕШЕСІНЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ
1856 1856 ЖЫЛҒЫ 5 ЖЕЛТОҚСАНДА Ф.ДОСТОЕВСКИЙГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ
1857 ӘКЕСІ ШЫҢҒЫСҚА ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ - БІРІНШІ ХАТ
1860 ӘКЕСІ ШЫҢҒЫСҚА ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ - ЕКІНШІ ХАТ
Шоқанның әкесі Шыңғысқа
Бірінші хат
21 август 1857 ж. Омбы
Шыңғыс Уәлиханов (ортада)
Сізге белянд һурматлу ұлұғ мансаблу атамызға, меһірбанлу анамызға, уа барша
іні қарындастарымызға көптен көп сәлем.
Сәлемнің бағдыда біздерден есендік сұрасаңыз алхамдлилла ифтиля деп
білесіз. 13 числада августың Омбу шаһаріне келдік. Генерал-губернатор бір
күн бұрын келген екен. Ешбір жат хабар жоқ, есенішіліктен басқа. Гутковский
мұнда, Сіздерге көп-көп сәлем көндіреді.
Аға сұлтандық хақында кеше Гасфорт нешік үшбу күнгеше представление
қылған жоқ деп Фридрихсқа сөгіс қылды. Хұда бұйырса бір жұмада аларсыз.
Хатта советник орны бұрынғыдай вакансия болып жәй тұрады, ешбір лайық кісі
таба алмадық.
Сабалақ бен Ханқожа балларын корпуске принимать қылдық. Ыштабдан Гутковский
хат алды,оларды корпусқа алдық деб.
Омбыға келерде Қошығұлдың советниктен дәмесі болса алып бірге келіңіз.
Гутковский жаһат етермін деп уағда берді – жанаралға таныстыру керек.
Біздің Шұрықтың үйі судан жаман болып, сасып кетіпті, ешбір тұруға ләзім
емес. Бір кісі жіберіңіз деп едім – жібере көріңіз. Һәм өзіңіз келерде
біздің жәйді ұмытпаңыз. Гасфорт ыхыласты жіберуге.
Мұхаммедия мен Қозыкені менен сүйіңіз.
Ұғұлыңыз Мұхаммед-Ханафия Уәлиханов
Отцу Чингису Валиханову
Первое письмо
21 августа 1857 г., Омск [2]
2. ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ӨМІРІНІҢ АШЫЛМАҒАН СЫРЛАРЫ
Шоқан Уәлиханов – Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс
тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Ол тек өз халқы ғана емес, көрші
қырғыздың, Қашқардың, Қытайдың, Жоңғарияның мәдениеті, әдебиеті, тарихы,
философиясы, жағрафиясы жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған ғылым иесі.
Қоғамдық құрылысты, патшаның отаршылдық саясатын, халқының басындағы
теңсіздікті көріп, сол ауыртпашылықты жою жолында күрескен қоғам
қайраткері. Патшаның отарлау саясатында қазақтың бай да дархан даласын
иемдену үшін қанаудың жаңа түрін шығарған сот реформасын қатты сынады.
Қалың бұқара халық бұл реформадан еш жақсылық ала алмайтынын айтып,
халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті
реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа екендігін ашына айтқан
еді.[1] Бала күнінен-ақ Шығыс шайырларының атақты шығармаларын оқып, жазып
алып, алтын қазына әдебиетіміздің қорына қосқан әдебиетші, публицист,
Сарыарқаның саңлақтары Орынбай, Арыстанбай, Жанақ ақындардың өлең-жырларын,
Ақан Сері, Біржан сал секілді ән мен күй майталмандарының әсем әндерін
тыңдап, санасына құйып өскен Шоқан қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы.
Шоқан аз өмірінде халқының елдік қасиетін көтеріп, мәдениеті жоғары
елдермен терезесі тең дәрежеге жетуін армандаған. Сонда жалғыз қазақ халқы
емес, тарихы бір тамырлас, тілі де, діні де, ділі де бір Орта Азия
халықтарын тұтас ойлайды, бірге өсіп, бірге дамуын ойлайды.[2] Шоқанның
Орта Азия мен Азия халықтарының тарихы мен географиясына арнап жазған
ғылыми еңбектердің алғашқы іргетасын қаласқан географ, қазақтан шыққан
тұңғыш суретші екені де әлем өнерпаздарына әйгілі.[3] Туған еліне деген
сүйіспеншілігі, қазақ халқының қарапайымдылығын, халқының ән мен жырға әуес
екендігін, тек қана әуестеніп қоймай, бұл өнерді ерекше меңгергендігін аса
білгірлікпен көркем сөзбен де жазып қалдырған. Қазақтар өздерінің көне
аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген,...
әсіресе өлең-жырлары еш өзгеріссіз ауызша тарағанына адам айтса нанғысыз
қасиет, бұл күмән келтіруге болмайтын шындық, - деп, халқымыздың ертеден
сақталып келе жатқан бай ауыз әдебиетін, заман ағымын, халқымыздың тұрмыс-
тіршілігін мақтан ете жазған. Ш. Уәлихановтың ғылымда ең үлкен еңбектерінің
қатарына алғаш рет қырғыздың Манас, Сәметей жырларын жазып алып,
даланың Илиадасы мен Одиссеясы деуі де бұл шығармаларға берілген баға.
Ол аталған шығармаларды қырғыз еліне саяхаты кезінде жазып алған.[3] Шоқан
өмірі туралы талай шығарма жазылды. Әлкей Марғұлан, С.Бақбергенов, С.
Мұқановтың Шоқан туралы жазған еңбектерін болашақ ұрпақ ғалым Шоқан туралы
өшпес мұра деп біледі. Шоқан – гуманист адам. Бүкіл адам қоғамының
теңдікке жетуін арман етті. Бұл – оның арғы арманы. Бергі арманы – туған
елі қазақтың елдігін, шаруасын, мәдениетін Еуропаның, орыстың дәрежесіне
көшіру. Ой саласының қалыптасу жағынан келгенде, мартен пешінде балқып
тұрған болатқа ұқсайды. Ал, жалпы біліміне келгенде, не деген – зор эрудит!
Әсіресе тарихтан, философиядан, эстетикадан, этнографиядан, гуманитарлық
білімдерден, әдебиеттен, табиғатты танудан да білетіндігі толып жатыр, -
дейді Сәбит Мұқанов Аққан жұлдыз романында. Ғалым еңбектері, пікірлері
орыс зерттеушілерін қазақ, түрік халықтары тарихын, әдебиетін, дүниетанымын
зерттеуге жол салған құнды туындылар.[7]
1856 жылы Шоқан полковник М. Хоментовскийдің басшылығымен
ұйымдастырылған әскери- ғылыми экпедицияға қатысады. Бұл сапарда қырғыз
халқымен танысып, оның территориясы мен географиялық жағын зерттейді.
1856 жылы Құлжа қаласына аттанып, Қытай сауда қатынастарын жолға қою туралы
Қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізеді.
1857 жылы Алатау қырғыздарына сапар шегеді. Бұл сапарында Шоқан Уәлиханов
қырғыз халқының өмірі, тұрмысымен жақын танысады. Тарихын, этнографиясын,
поэзиясын зерттейді. Манас жырын тыңдап, қағазға түсіріп, орыс тіліне
аударады.[10]
1856-1857 жылдардағы саяхат нәтижесінде, Ыстықкөл сапар күнделіктері,
Қытай империясының батыс провенциясы және Құлжа қаласы, Іленің арғы
бетіндегі өлкенің георафиялық очерктері, Қырғыз туралы жазбалар
еңбектері жазылды. 21-22-ге жаңа толған жас Шоқан өзін Тянь-Шань мен
Жетісу географиясын, сол аймақтарды мекендейтін халықтардың тарихын бес
саусағындай тамаша білетін байқампаз да дарынды ғалым ретінде танытты -деп
жазады академик Алия Бейсенованың 2005 жылдың 8 қыркүйегінде жариялаған
Жиханкез атты зерттеу жұмысында.[8]
Шоқанды ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген 1858-1859 жылдары жасаған Қашқар
сапары еді. Бұл мейлінше қауіп – қатерге толы сапар болатын. Өйткені
қаныпезер қаталдығымен аты шыққан Қашқарияның билеушісі Қожа Уәлихан төре
европалықтарға сенімсіздік білдіріп, Қашқария еліне келген европалықтарды
аяусыз жазалап отыратын. Солардың бірі белгілі географ Адольф Шлагингвейт
Уәлихан төренің жарлығымен басы кесіліп, қаза болған еді. Оның аянышты
өлімі туралы деректі де сол жақтан Шоқан әкелген.[1] Ресей патшалығы
бірінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz