Ағылшын тіліндегі түсіну


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн Рeспубликaсы Білім жәнe ғылым министрлігі

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрситeті

Болысбек Айдана

«СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ»

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«5В011900 - ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ»

Aлмaты, 2021

Қaзaқстaн Рeспубликaсы Білім жәнe ғылым министрлігі

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрситeті

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы

«Қорғaуғa жібeрілді»

«__»2021 ж.

Кaфeдрa мeңгeрушісі Г. Б. Мадиева

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «СӨЗДІК ҚОРДЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ»

«5В011900 - ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ» мaмaндығы бойынша

Орындaғaн: Болысбек А. Н

Ғылыми жeтeкшісі:

фил. ғыл, докторы, профессор м. а. М. К. Мамбетова

Нормa бaқылaушысы:

ф. ғ. к., доцент м. а. Ж. М. Уматова

Aлмaты, 2021

ABSTRACT

Research topic: Comparative analysis of developing vocabulary methods

Volume of the work: 44 pages.

The aim of diploma work. To make analyses for devoloping communication skills of learners by vocabulary methods and to classify it's ways:

a) To pay attention learner's interest

b) Development of the learner's speech-thinking abilities.

c) Importance of communication skills

The objectives of diploma work: to help students for investigate their vocabulary knowledge and to develop speaking ability.

Methods of our investigation: description, observation, comparative analysis, focus-

Individual works, synthesis and experiment, group observations.

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Сөздік қорды дамыту әдістеріне салыстырмалы талдау

Диплом жұмысының көлемі: 44 бет.

Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін меңгерушілердің сөздік қорын байыту жолында тиімді әдістер қолдану және олардың сөйлеу қабілетін арттыру

a) шет тілінде сөйлеу тәжірибесіне негізделген үйренушінің тілдік және танымдық қабілеттерін дамыту.

b) меңгерушінің сөйлеу қабілетін дамыту.

c) коммуникациялық қарым-қатынас қабілетін дамыту

Зерттеу міндеттері: Сөздік қорды дамыту әдістеріне анализ жасау арқылы олардың классификациясын қалыптастыру, жаңашылдандыру

Зерттеу әдіс-тәсілдері: жеке жұмыстар жүргізу, сипаттау, бақылау, салыстырмалы талдау, фокус-топтық

сауалнама, синтез және эксперимент, топтық бақылау.

РЕФЕРАТ

Тема дипломной работы: Сравнительный анализ методов развитие словарного запаса

Объем дипломной работы: 44 страниц.

Целью данной работы является сделать анализ и классификацию методов развитие словарного знание для всех изучающих

Раскрыть:

a) развитие речевых и познавательных способностей изучаемого, основанных на речевом опыте на иностранном языке и обращать внимание на интересы учеников

b) развитие разговорной способностей ученика

c) развитие коммуникабельность ученика

Задачи исследования: помогать студентам инвестировать словарный запас с помощью различных методов и развивать их разговорная речь

Методы исследования: описание, наблюдение, сравнительный анализ, фокус-

групповой опрос, синтез и эксперимент, групповое наблюдение.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

АНЫҚТАМА

1. Қазақстандағы ағылшын тілінің тілдік жағдаяты, және оны үйренудегі басты қажеттіліктер

1. 1. Ағылшын тіліндегі түсіну; қабылдаудың сөздік қор мөлшерімен байланысы

1. 2. Ағылшын тіліндегі барьерлермен күресудегі әдістемелер мен жүйелі пікірлерге талдау жасау

1. 3 Тіл үйренудегі негізгі қағидалар мен оны меңгерушілердің жеке ұстанымдары

2. Ағылшын тіліндегі сөздік қорды жетілдіру мен грамматика саласының бір-бірімен сабақтастығы

2. 1 Сөздік қорды арттыру әдістемелерінің тіл меңгерушілердің жас ерекшелікке байланысты қолданысы

2. 2. Визуалды тіл үйрену немесе тыңдалым арқылы: күнделікті сөйлесу практикасының эффективтілігі

2. 3 Тұлғаның коммуникативті сөйлеу қабілетін сөздік қорды жетілдіру арқылы дамыту жағдайлары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Анықтама

1. Дифференциалды оқыту -оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып, оқыту яғни саралап оқыту қазіргі мектептердің даму бағыты. Саралау - оқу мекемелерінің түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен өз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа бөлінеді. Алайда онда, білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.

2 . Активті және пассивті білім - активті білім сөйлеу негізінде алынатын білім қоры, ал пассивті- тексттер немесе өздігінше, жекелей бағыттағы жинақталатын білім

3 . Коммуниктивті қабілет - тікелей сөйлеуге бағытталған білім түрі, екінші бір адаммен қарым- қатынас негізінде жүзеге асады

4. Сөздік ағашы(vocabulary tree) - визуалды ойын түрі, ағаш бұтақтарына бір сөздің бірнеше туыстас сөздерді жатқызу арқылы синонимдерін үйрену арқылы сөздермен тікелей жұмыс жасауға көмектеседі.

5. Грамматика-аударма әдісі- 20 ғасырдың ортасында пайда болған дәстүрлі оқыту ппроцесіндегі алғашқы тиімді деп танылған тәсілдердің бірі.

6. Лингвоэтникалық барьер - басқа тілдермен, ұлттармен араласу, барысында туындаған сөздіктегі кірме сөздер мен кейбір диалектілер ерекшеліктерін қамтитын ұғым

7. Тілдік норма -тіл жүйесінің дәстүріне сай тұракты түрде калыптасып, қоғамдық катынастар аркылы орныккан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма - үнемі жетіліп отыратын категория

8. Гербартиандық педагогика -оқушының жеке қызығушылы мен ұстанымдарына сүйене отырып жүргізілетін оқыту процесінің моделі, онда таза сана мен оқушы назары басты аргументтер болып табылды.

9 . Интерактивті іс-әрекет -толыққанды түрдегі мұғаліммен оқушы расындағы жүргізілетін оқытудағы жан -жақты процестің бірі.

10. Экстралингвистикалық факторлар - тіл білімінің бір саласы, және тілді меңгерудегі кейбір сыртқы факторлар ретінде әсер ететін себептер жиыны экстролинвистикалық факторлар тізбегін қарайды. Мысалы, тұрғылықты мекен-жай, көші-қон, этностық өзгерістер, т. б

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда жер шары бойынша мемлекеттік және халықаралық статусқа ие тілдер қатары біршама, соның ішінде ағылшын тілі қашанда алғашқыларының бірі болып есептеледі, сондай-ақ, аса маңызды рөлге ие екені анық. Яғни кез келген білікті маман иесі, қайсібір салада болмасын аталған тілді меңгеру, сонымен қатар еркін сөйлей білу арқылы өз болашағын қамтамасыз ете алады. Ал мұның барлығы, қазіргі заман талабы мен сұранысының ағылшын тілімен тікелей байланыста екендігін айғақтайды. Ағылшын тілі- ерте уақыттан әлем әдебиетінің, ағартушылық пен ілімнің тілі болғанын ескерсек, оның бүгінде өркениет пен жаңа технологияның, ортақ коммуникация тіліне айналғанын қиынға соқпайды.

Жұмыстың өзектілігі. Әрбір елде саналы ұрпақ қалыптастыру үшін оны келешекте пайдалы білім ресурсымен қамту басты міндеттемелердің бірі . Соның ішінде, әлемдік жоғары деңгейдегі және әртүрлі ұлт өкілдерімен қарым қатынас сипатының басты құралы-ағылшын тілін оқыту мен маңыздылығын ұғындыру аса қажет процесс. Жас ерекшеліктеріне қарай үйренушілер тобының сапасы, тіл факторларының күрделене түсуі де қалыпты жағдай. Алайда, осыған орай тіл меңгерту саласының тиімді де, оңтайлы әдісін қолдану, үйренушінің ағылшын тілін меңгерудегі басты мақсатымен және қызығушылығына сүйене отырып оны ақпараттандыру ең әуелгісі. Онымен қоса, визулды немесе вербалды тұрғыда қолдануға болатын таңдамалы әдіс- тәсілдер жиыны мен олардың эффективтілігі зерттеу жұмысының негізгі нысанасы болмақ.

Зерттеудің мақсаты. Үйренушілердің сөйлеу және қарым -қатынас жасай білу қабілетін арттыру мақсатында төмендегідей алғышарттарды жүзеге асыру басты назарға алынады:

  • Ағылшын тілін барлық бөлімдер бойынша үйрету ерекшеліктері(тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйленім)
  • Күнделікті ағылшын тілінің тасымалдаушысы native speaker мен сөйлесу практикасының тиімділігін көрсету
  • Оқушының сөздік қорын кеңейтудің ең тиімді әдістемесін жүргізу

Зерттеудің нысаны барлық жастағы ағылшын тілін үйренушілердің сөздік қоры мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатында түрлі креативті әдістемелер қолдана отырып, олардың тілді жоғары дәрежеде меңгеріп шығуына жағдай жасау.

Зерттеу пәні- лексикалық білімді яғни сөздік қорды арттырудың ең ұтымды әрі тиімді әдістерін ұсыну, оларды айқындау.

Зерттеу әдіс-тәсілдері зерттеуде сипаттау, анализдеу және бағдарлау мен анықтау сияқты ғылыми зерттеу жолдары қолданылды, одан бөлек, талқылау мен ең негізгісі салыстырмалы түрде ғылыми салыстыру әдісі де қолданылды.

Зерттеу жұмысының материалдары дипломдық жұмыста маңызды пікірлер мен көзқарастар анализі ретінде ағылшын педагогтары мен олардың 1986, 1987 және 1983 жылдары жарық көрген лексикалық білімді арттыру мақсатындағы мақалалары мен 20ғасырдың 50 ірі ойшылдарының тұжырымдары талқыланды. Сондай- ақ, 10нан аса әсіресе қашықтықтан білім беруде қолданылатын ойын түрлері мен Британиялық ғалымдар жүргізген зерттеу деректемелері де қамтылды.

Зерттеудің дереккөздері ретінде https://en. islcollective. com/, https://www. oxfordonlineenglish. com/english-level-test/vocabulary және https://youtu. be/Iai7w-scpU, https://www. pinterest. com/shoshanaavidar/english-vocabulary-grammar сияқты сайттар қатары зерттелді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мұндағы парктикалық бөлімнен бөлек жасалған, талқыланған тәжірибелер қатарының басты өзегі- кез келген тіл меңгерушісінің сөйлеуі мен оның сол үйреніп жатқан тілінде қанша сөз білетіні және білуі керек жайында жүргізілген сабақтар мен эксперименнтер болды. Сонымен қатар, осы бойынша әр түрлі ғалымдардың ұсынған көзқарастары өз кезегінде айтралықтай эффектифті зерттеу жасауға үлес қосты деп айтуға болады.

Зерттеудің практикалық құндалығы талдау жұмысындағы тағы бір жеткен кішігірім жетістік ретінде атап өтуге болатын дүние- барлық жастағы меңгерушілермен жұмыс жасау барысында ескерілу керек басты ерекшеліктердің толығымен сипатталынғаны және оның сынып іші немесе сыныптан тыс жағдайлардағы беретін нәтижелерінің едәуір маңыздылығы болды. Қоса алғанда, мұнда белгілі ғалым С. Савиньонның және Конфуций мен Дьюиға дейінгі Сократтың, Штейнер Рудольф және Далькроза Мария Монтесеоридың, Альфред Норт Уайтхед сияқты жалпы ағылшын педагогика ілімінің нағыз мамандары ретіндегі пікірлерінің қаншалықты өзектілігі да сараланды, сондай-ақ, олардың бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтпағаны да анық көрінді.

Зерттеудің нәтижелері оқыту және оқу процесінің шексіз жалғасып жатқан процесс екенін ескерсек, оннда белгілі бер шекке жету немесе оны түбегейлі аяқтау да мүмкін емес екенін аңғаруға әбден болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қай жаста болмасын, қай деңгейдегі болмасын тілді меңгеруші тұлғаның бойындағы байқалатын кейбір ерекшеліктері мен оқыту процесінің бөлімдеріндегі критерийлерді басты назарға ала отырып, нәтижесінде айқындалған факторлар :

  • Оқушы қызығушылығының рөлі
  • Мүғалімнің қоятын басты талаптары
  • Дәстүрлі деңгейдегі сабақ ғана емес, бірқатар қосымша бөлімдерді қосу(ойындар, бейнклиптер, тесттер, feedback)
  • Білім жинақтауға барлық жағдайдың жасалынуы болып сипатталды.

Зерттеу жұмысының құрылымы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және анықтама мен пайдаланылған әдебиеттер қатарынан тұрады.

1. Қазақстандағы тіл үйренушілер мен оның қолданушыларының ағылшын тілін меңгерудегі басты қажеттіліктері

Кез келген тілдің ұдайы қолданыста болуы, ол тілдің қоғамдағы рөлі оның сөйленушілерінің саны және маңызының артуымен ерекшеленеді. Сол сияқты, бүгінде өлі тілдер қатары немесе мемлекеттік, халықаралық байланыс тілі статусына ие тілдер белгілі бір уақыт өткен сайын айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Оған дәйек ретінде, даму мен өсу, өркендеу тілі деген атқа ие ағылшын тілінің біршама жылдар көлемінде жүргізілген дәлелдемелерге сәйкес, 27 елде коммуникация мен екінші қосалқы тіл болып саналуы, ал әлемнің 62 елінде формалды тікелей қолданыстағы сөйлеу тілі болып жарияланғандығын айтуга болады. Бұл дегеніміз ағылшын тілінің маңызы әлемдік сұраныста жоғыраламаса, төмендемейтіндігін көрсетеді.

Жалпы тұрғыдан алып қарағанда, тіл дегеніміз не, оның негізгі анықтамасы қандай және тағы да басқа сұрақтарға бүгінде келтірілген дәйектермен, мысалдар жиыны жетерлік. Дегенмен, атап өткім келетіні тіл -күллі адамзаттың бір-бірімен ұдайы қарым-қатынаста болуы үшін қызмет ететін сөйлеу және дыбыстау символдарының тұтастай бір жүйесі ретінде қарастырылады. Әйгілі ғалым Гофтсманның 1976 жылғы ұсынған зерттеуінде барлық тіл коммуникацисында айтулы универсалды тілдік шектеулер бар. Яғни олар қоршаған орта, қоғамның белгілі бір тілде сөйлеу құбылысында және тіл грамматикасы құрылымдарында, сондай-ақ, қарапайым жеке бір ұстаздың ағылшын тілін үйрету барысында қолданылатын тактикасында да көрініс табуы ықтимал екендігі айтылады. Расында да, кез келген тілде жетік сөйлей алу, оны толыққанды меңгеру барысында кездесетін санқилы қиындықтар оған дәлел бола алады.

Шындығында, тілді үйрену мен меңгеру құбылысы аса зор жауапкершілікпен, кейбір тәуекелдерге баруды талап етеді. Ең әуелі, ол жеке тұлғаның қызығушылығымен, талабына бағытталады . Мысалыға алар болсақ, қандай да бір ағылшын тілінің меңгерушісі белгілі бір уақытқа дейін ғана жоспарлап немесе басқа бір мемлекетке бару мақсатымен ғана тілді үйренген болса, ал одан кейінгі уақыттарда процесті мүлдем доғарып тастаса, ары қарайғы тілдік жетістікке жету немесе осы тілдің еркін сөйлеушісі болу деңгейін бағындыруы мүмкін емес жағдай. Ал бұл процесстен шығатын салдар, кез келген тілді үйрену үздіксіз және тоқтаусыз жүріп отыратын үдеріс, және үнемі жаттығу кезеңдерін қажет етеді. Мұндай кезеңде оқушымен қатар оқытушының да ізденісі мен талабы, тілді жан-жақты максималды деңгейге дейін меңгерте алуы, оны қызықтыра отырып әрбір сабақты креативті өте алуы да қатаң ескертіліуі қажет.

Тарихи деректерге сүйенсек, ағылшын тілі алғашында латын және француз тілінен кейін ғана толықтай қалыптасып, жаңа қарқынға ие бола бастады. Ғылым мен өркениет тілі ретінде латын тілі медицинада, әдебиетте кеңінен қолданылса, француз тілі билік және аристократтықтың, жоғары санаттағы адамдардың өзіндік тілі болып саналды. Ал жекелей ағылшын тілінің даму кезеңдеріне шолу жасар болсақ, Old English (өнерген ағылшын тілі), Middle (орта ғасырдағы ағылшын тілі), кейінгісі Modern English (жаңа замануи ағылшын тілі) . Аталған әрбір кезеңнің өзіндік ұлы төңкерісі, айтулы өзгерістері болды, мысалы алғашқы ағылшын тілі кезеңінде 550-1066 жылдары 4ірі аумақтық батыс германдық диалектілер тобы, 1066жылы Норман шапқыншылығы садарынан грамматикалық ішкі құрылымдық өзгерістер, 1200-1450жылдардағы ең атақты шығармаларда, ұлы жазушылар еңбектерінің ағылшын тілінде жазылуы, 1500 жылы заманауи ағылшын тілінің қолданысының кең етек алуы, сөздік қордың қарқынды өсуі, синонимдер санының артуы сынды ерекшеліктерді қамтиды. Ал бүгінде оның әлем бойынша үшінші орындағы ең көп тараған тіл болуының алғышартттарын, 18ғасырлардағы Британия корольдігі үстемдігінің ірі колониялары мен геополитикалық бағынушыларының ықпалы нәтижесінде бірте-бірте сауда және байланыс, өнеркәсіп пен технологияның, ғылымның тіліне айналуынан байқауға болады. Сол себепті оның грамматикалық, синтактикалық және лексикалық құрылымында да айтарлықтай артықшылықтар мен айырмашышылықтар бар. Мысалы, бір сөздің бірнеше мағында қолданылуы, слэнг және жаргон сөздер қатары, американдық және британиялық ағылшын тілі болып ең үлкен екі топқа жіктелуі, т. б

Қазіргі таңда, ағылшын тілі тек ғылым мен білімнің ғана емес, халықараралық қарым-қатынас тілі статусына да ие болып отыр. Және бұл соңғы 100жылда жеткен жетістік. Және көптеген осы тілді меңгерушілер арсаында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, аз уақыт көлемінде тез әрі жоғары дәрежеде үйренуге қолайлы тіл етіп көрсетуі бірден-бір жақсы көрсеткіш. Себебі, сөздердің қысқалығы, толық емес алайда тура мағынада сөйлемдер құрылымы, етістіктің тек үшңншң жақта өзгеріске ұшырауы мен кейбір қатаң ережелерге бағынбайтын сөздер қолданысы оны барынша оңтайлы етеді. Жалпылама ұсынылатын зерттеулерге сәйкес, әлемдегі үйренуге өте қиын, тым көп уақыт пен күшті талап ететін он тіл орыс, қытай және жапон, сондай -ақ эскимос, санскрит сияқты тілдер қатары тағы бір дәлел бола алатыны сөзсіз. Ал, оған қарама-қарсы тұрғыда меңгеруде ең жеңіл тілдер және ең көп қолданыстағы ағылшын, итальян, испан, француз тілдері болмақ. Мұның өзі ағылшын тілінің оны қолданушылар арасында мәртебесін арттырмаса, азайта алмайды. Сонымен қатар, бұл құбылыс бір сөзбен қазіргі замануи қоғам сұранысын қанағаттандырумен, ондағы жаңа мүмкіндіктерді бағындыруға деген алғашқы қадам бола алады. Баршаға белгілі, 21ғасырдың ауқымды да, айшықты құбылысы - ұдайы даму мен өзгеріс толқынында болу, ол дегеніміз белгілі бір ғылымды меңгеру немесе тіл үйрену, сондай-ақ, қандайда бір саланың білікті маманы атана отырып, өз елінің болашағы үшін тарихта өзінің де, жерінің де өшпестей атын қалдыру. Сондықтан да болар, интеграция мен мәдени жаһанданудың бір тармағы тікелей ағылшын тілімен байланысты болғаннан соң, ол әзірге алғашқы орында. Қарапайым тұрғыдан алып қарағанда, ол біздің өміріміздің әртүрлі сатысында әрқилы кезеңде меңгерілуі мүмкін, яғни ол мектепте, жоғарғы оқу орнында немесе жекелей ерікті түрде. Және мұның барлығыда қандайда бір қажеттіліктерден туындайды. Ірі компания басшылығында мәртебелі қызметкер болу немесе кез келген нарықтағы жоғарғы сұраныстағы маман болу үшін белгілі бір дәрежеде жеке басымызға міндеттелуі де жаңалық емес. Анығын айтқанда, тағы бір қарапайым факт қайсібір білімді адам бүгінде оның белгілі бір сферада, ортада қажетті екендігімен мүлдем таласа алмайды. Осылайша тағы бір рет, оның қоғамдағы басты қажеттілігімен, орнының маңызы айқын екендігінде тоқталуға тура келеді.

Кейбір ағылшын тілінің белсенді қолданушыларының берген бағасы мен сараптамасында бұл тілге “жаңа латын” атауы берілген, яғни бұл дегеніміз латын тілі алғашқыда қаншама қиын да, күрделі дәуірлердегі тарихи сахналардың куәсі, ертедегі ағартушылықпен мәдениеттің тілі болған, алайда ол бүгінде қолданыстан шыққан өлі тіл болып саналады. Мүмкін оның себептеріне соңғы уақытта 1млрд адамның ағылшын тілін өте белсенді пайдаланып, оның 600миллионы, тең жартысы оны екінші қарым-қатынас барысындағы ең қажетті тіл деп табуында жатқызуға болады. Әр ұлттың әртүрлі салт-дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, бұл тілде сөйлеу маңыздылығы күннен күнге артып отыр. Сонымен, ағылшын тілі біздің өмірімізде қандай рөл ойнайды және ондағы басты қажеттіліктер қандай?Жоғарыда келтірілген дәлелдермен қоса, бүгінде оның БҰҰ-ның ресми тілі дәрежесін иеленуі, әлемдік көшбасшы, алдыңғы қатарлы мемлекеттер АҚШ, Ұлыбритания, Индия және Австрия мен Финляндияның технология және экономикалық қарым-қатынас тіліне айналуы сияқты бірқатар айқын себептерді көруге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, аталған барлық дәйектерді негізге ала отырып, еліміз Қазақстан Республикасы үшін де, оның жан жақты даму қарқының кепілі ретінде әрбіріміз ағылшын тілін жетік меңгеру дағдысын қалыптастырудың артықтық етпейтінін айтқан жөн. [1; 10]

1. 1 Ағылшын тілінде еркін сөйлеуді меңгерту мен сөздік қорды байыту жолдарының өзара байланысы

Ерте замандардан бері, білім беру мен оның қоғамды дамытудағы рөлі аса маңызды болып саналды және ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі үрдіс. Адамзат дамуының кепілі, әлемдегі орын алып жатқан ірі өзгерістер мен әрбір жаңа ашулар білім және білімдену, жаһанданумен ұштасып жатыр. Қай салада болмасын, тәлімгер яғни бағыттаушы ұстаздың білім алушының өмір жолында алатын рөлі мен беретін ақпары, үйретер білімі көптеген өзерістерге жол бастайды, онымен қоса болашағын қамтамасыз етуге кепіл бола алуы тиіс.

Талқыланып отырған дәлелдемелер негізінде, оны тағы да толықтыратын болсақ, мыңтүрлі тоқтам мен тұжырымға келуге болады, алайда барлығының негізгі идеясы мен түпкі мақсаты бір болмақ. Әйгілі австриялық ойшыл, философтың пайымдауы бойынша:“ Кез келген дұрыс бағыттағы білім дегеніміз ең әуелгі, төменгі сатылардан бастау алады:бас, қол және жүрек, түйсік, сана мен дене, сондай-ақ:

  • 7жасқа дейін-еліктеу мен ұқсау
  • 14жас-жүйелілік пен мәртебе
  • 21жас-өзін-өзі танудың жоғарғы сатысы, жан дүние өзгерісі”деп қорытылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі
Рецептивті лексикалық дағдылар
Мәтінді дәлме - дәл жеткізу
Аударма теориясы және аударма түрлері
Ағылшын тілін үйренудің себептерін зерттеу
Медициналық мәтіндерді аудару
Ағылшын және қазақ тілдік саналарындағы уақыт концептісінің ерекшеліктері
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz