Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Философия және мәдениеттану: Оқу құралы
Алматы: Эверо, 2014. Ғабитов Т.Х. Соавтор Ж.Алтаев. - 272 б. ISBN 9965-
680-27-2
Бұл еңбек Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс
алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясының
тарихы бойынша оқу құралы ретінде дайындалған. Жұмыстағы деректер ежелгі
түркі әлемінде қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі
кезеңдегі кәсіби философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу
құралын қалыптастыру барысында қазақтың философиялық ойының сан қырлы
бейнелеу формалары сараптаудан өткізілді. Кейбір бөлімдер тарихи
тұлғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге
арналса, біршама бөлімдерде қазақ халқының тарихи санасындағы айрықша
белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. Жұмыстың мәтіні қазіргі
заманның талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және
жалпы оқушы қауымға теориялық және практикалық тұрғыдан көмегін тигізетін
мақсаттарға негізделген.
Бас редакторы:
ҚР ҰҒА академигі Ә. Нысанбаев
Рецензенттер:
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Сәбит
философия ғылымдарының докторы, профессор М. Изотов
философия ғылымдарының докторы, профессор Ж. Молдабеков
Алматы: Эверо, 2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ ПЕН ЕРЕКШЕЛІК
14
1.1 Мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық
мәселелері
14
1.2 Мәдениет пен өркениеттегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістері
36
1.3 Мәдениет және өркениет ұғымдарының тарихи мәдениеттанудағы
орны
52
2. Қазақ өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері 80
2.1 Қазақ өркениеті ғасырлар тоғысында
80
2.2 Қазақ өркениеті ғасырлар сынында
93
2.3 Қазақ өркениетінің тарихи типтері
108
3 Қазақ еліндегі батыстық және шығыстық ұлттық құндылықтардың
арақатынасы 123
3.1. Қазақ елі Шығыс пен Батыстың тоғысында
114
3.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет
147
4 ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ТӨЛТУМАЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ
168
4.1 Қазақ өркениеті болмысының төлтумалығы
168
4.2 Қазіргі өркениет кеңістігіндегі Қазақ еліндегі мәдени инновациялық
үрдістер
180
4.3 Қазақ елі - мәңгілік ұстыны аясындағы қазақстандық ұлттық идея 197
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..235
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...242
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу құралы Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы ауқы-мындағы
Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философия-лық
мұрасы (20 томдық) топтамасының негізінде қалыптастырылған алғаш-қы оқу
құралы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс алып
жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясы бойынша
қосымша оқу құралы ретінде ұсынылады. Жұмыс ежелгі түркі әле-мінде
қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби
философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын қалыптас-тыру
барысында қазақтың философиялық ойының тарихта сан қырлы си-патта көріну
формалары сараптаудан өткізілген. Кейбір бөлімдер тарихи тұл-ғалардың
дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге ар-налса,
біршама бөлімдерде қазақ халқының эпостық жырларындағы, рухани әлеміндегі
айрықша белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. Жұ-мыстың мәтіні
қазіргі заманның талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстаным-дарға сүйенеді
және жалпы оқушы қауымға теориялық тұрғыдан көмегін тигізетін мақсаттарға
негізделген. Әсіресе, соңғы бөлімде ХХ ғасырдың екін-ші жартысында
елімізде қалыптасқан кәсіби философия туралы қызғылықты ойлар баяндалған.
Қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі боларлық
әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік
ерекшеліктерді танытатын философиялық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті
болғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржанның қадірін біліп, қаймағын
бұзбай қазіргі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтай алуда және оны
әрбір келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен бере білуде болып отыр.
Осы істі абыроймен жүзеге асырған жағдайда еліміздің Еуроазиялық
кеңістіктегі ерекше халық ретіндегі этникалық сипатымыздың, басқа
халықтар алдындағы құрметіміздің асқақтай түсері анық. Өйткені, өзінің
рухани құндылықтарын аялаған, өрбіткен ел ғана, оған жаңа заманда өзіндік
жаңғырту сипатын берген халық қана адамзаттың күрделі Тарихының ауқымында
шынайы бағалануға иеленері белгілі. Осы мақсатты оқу құралының авторлар
ұжымы жұмыстың негізгі бағдары, методологиялық ұстанымы ретінде алға қоя
отырып, қазақ философиясы пәні бойынша аталмыш еңбекті оқушы қауымға
ұсынуды жөн көрді.
Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол
жеткізгенен бері қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектер жарық
көргені белгілі. Олардың кейбірі жеке монографиялар болса, біршамасы
оқулық, немесе оқу құралы сипатында көрініс тапты. Бірақ олардың баспадан
шығу даналары да, таралу ауқымы да жоғары оқу орындарындағы күннен күнге
ұлғайып келе жатқан интеллектуалдық рухани байлыққа деген сұранысты
толығымен қанағаттандыра алмасы анық. Оның үстіне философиялық ойлау
тарихына деген көзқарас біржақты болмауы тиіс, ол әр түрлі түсініктердің
сұхбатынан, өзара байланысынан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас
ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы күшейе түседі, күрделі
тарихымыздағы көптеген мәселелер бойынша, тарихи тұлғалардың
дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туындайды. Міне, осындай түпкі
астары бар жағдайды ескере отырып, авторлардың жаңа бір тобы жастарға оқу
құралын қалыптастыруға бел байлаған болатын.
Бұл еңбекті жинақтауға, қалыптастырып, құрастыруға еліміздің әр түрлі
ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүрген
философия тарихы мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген жоғары білікті
мамандар қатысты. Жұмыста келтірілген мәтіндердің біршамасы ғылыми
өнімдер түрінде баспасөз бетінде жарық көрген және олар бірнеше жылдар
ауқымында ғылыми көпшіліктік деңгейде сынақтан өткен. Әсіресе,
мәтіндердің негізі арқауы болатын бөлімдер қазақ философиясының тарихына
арналған Қазақ даласының ойшылдары атты көптомдық жинақта жарық көрген
еді. Өкінішке орай, кезінде бұл топтамадағы материалдардың Қазақстан
Республикасының интеллектуалды кеңістігі көлемінде кеңінен таралып
кетуіне, студенттердің қолына жетуге баспа данасының аздығы кедергі
болды. Сондықтан оқушы қауымның осы ұжымдық еңбекте кездесетін кейбір
авторлардың мақалаларымен етене таныс болмауы әбден мүмкін. Міне, осындай
мәселелер ғалымдарды жаңа әрекеттерге итермеледі. Жұмыс философия тарихын
баяндаудағы аталған олқылықтарды кәсіби деңгейде жою мақсатында, сонымен
қатар қазақ философиясының қыры мен сырын белгілі бір жүйеге келтіру үшін
жасалынды.
Ал, енді оқу құралының мәтінінің осындай түрдегі кешенді жұмысқа
жинақталуы еліміздегі ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі философияны
игеру тарихында алғашқы рет жасалып отыр. Сондықтан мәтіндегі әр түрлі
ғылыми стильдердің, пайымдаулардың кездесіп қалуы заңды дүние деген
ойдамыз. Негізгі мақсат – қазақ философиясының көп ғасырлық тарихында
орын алған дүниетанымдық әмбебаптарға, рухани игеруге ғылыми
түсініктердің көкжиегін кеңейту, оқушы қауымды мемлееттік тілде сұхбатқа
шақыру, шығармашылыққа баулу болып табылады.
Жалпы философияның өзі адамдардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған ілім. Оның құрылымынан догмалық түрде қатып
қалған көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаңсақтық. Ол үнемі ағып жатқан
өзендей жаңғырып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда ғана философияның
аясы тарылып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп
отырылады. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген
сөз емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап
ұғымдар бар екені осы еңбекте кеңінен айтылады. Мәселен, қазақтың
дүниетанымдық әлемі этикалық принциптерді негізінен адамаралық
қатынастарда асқар биікке қойып, оны барлық бағдарлардан жоғары
қоятындығы атап көрсетіледі және осы ұстаным зерттеулердің басымдылық
танытатын методологиялық қағидасына айналған.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ елін өркениет теориясы негізінде
терең зерттеу бүгінгі күнгі ғылым талабы. Зерттеу жұмысында адамзаттың өмір
сүру болмысына айналған жалпы өркениеттегі қазақ өркениеті, оның сатылары
мәдениет философиясы тұрғысынан сарапталып, ғылыми пайымдаулар жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ өркениетін зерттеу өз
өзектілігін ұзақ сақтайды, себебі бұл мәселе теоретикалық пайымдау мен
қолданбалы ұсыныстарға аса қолайлы. Дәстүр мен жаңашылдық, өзімдікі мен
өзгенікі арасындағы айқын үйлесімді теңдік өте сирек және бұл уақыт өте өз
соқпағынан жаңылады. Өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу,
шашыраған құндылықтарды түгендеу жаппай батыстандыруды араластырмағанда,
белсенді модернизация аймағында жүретіні рас. Мұндай құрылым ерікті де
еріксіз өркениеттің күйіне сүйенеді. Өйткені, өркениет барынша қалыптасқан
жүйе, дегенмен оның шарықтауына бөгде күштер ықпал етері анық. Өркениет ең
бірінші – үдеріс, яғни ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара
қатынасы және игеру мен жатсыну, сақтап қалу мен ұмыт болу процесстері.
Демек, өркениеттің әрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ бұл сәт ешқашан
шектелмейді, әрі аяқталмайды.
Өркениет негізін мәдениет құрайды, яғни өркениет мәдениеттің сыртқы
формасы, қабығы. Жер жүзіндегі мәдениеттердің барлығы құрылымы жағынан бір-
біріне өте ұқсас. Кез-келген мәдениеттің белгілі бір ерекше тұсы келесі
мәдениетте әлсіздік танытса, дәл осы әлсіздік өзге мәдениет өркендеуінің
басты себебі болуы мүмкін. Демек, мәдениеттер әрдайым өзгерісте, олардың
өзіндік ерекшеліктері мәдени белгілер жиынтығының ұдайылығы мен екпінінен
айқын көрінеді. Өзгермелі мәдениеттің орны мен уақыты ауысқан сәтте,
мәдениет субъектілері – этнос, социум, тұлғалар да өзгеріп отырады. Ол
үшін біз мәдениет динамикасын өте жақсы меңгеруіміз қажет, тек осындай
білім ғана бізге константты анықтауға жәрдем береді. Үздіксіз процесті
меңгеру феноменнің үстемдік етуші белгілерін анықтайды, әрі бейімделуге
қолайлы қозғалмалы-иілгіш қалыпқа келіп, терең зерттеуді талап етеді.
Аталмыш өзекті мәселе біздің зерттеу жұмысымызда әлемдік мәдени-
философиялық идеялар тұрғысынан талданып, өркениеттік негіздер арқылы
көрініс тапты.
Өркениет өзін-өзі бұзбай, жүйе ретінде қалыптасып, тұтастықты
сақтау мақсатында міндетті түрде қажет. Егер біз өркениетті О. Шпенглерше
ағза деп алатын болсақ, әрбір ағзаның өзіндік қажеттіліктері бар. Бұл
имманенттік қажеттілік өзін-өзі қанағаттандыра алады және ол өте мәнді де.
Өркениет дами отыра өзгереді, себебі даму ұғымының дұрыс мағынасы –
Өзгеріс. Өркениет өзгеріске ең бірінші ішкі негіз бойынша ұшырайды, өйткені
ол ашық жүйе. Ашық жүйе әрқашан жаңа ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу
үзіліссіз процеске тән. Сонымен қатар, ол табиғи аймақтан да көптеген
жаңалықтар мен мәліметтер ала алады.
Қазақ өркениеті ұғымын нақты тарихи, рухани-мәдени және ғылыми
тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға
мәдени-өркениеттік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына
деген бұрынғы батыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас
тартуға итермелейді. Кең байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен
қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып, айрықша қазақ-
қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Біз өз жұмысымызда Қазақ өркениеті мен
Қазақстандық өркениет ұғымдарын жақын мағынада қолданамыз. Олардың
арасындағы айырмашылық негізінен саяси және демографиялық факторлармен
(мысалы, 1959 жылы қазақтар Қазақ ССР халқының 29 пайызын құрастырса, 50
жыл өткен сон олар Қазақстан халқының 65 пайызын құрастырып тұр)
байланысты. Қазақстанның тәуелсіздігі нығая берген сайын Қазақ
өркениеті феномені де жаңа мазмұнмен айшықтала түседі. Дәл сол сияқты
Қазақ елі мен Қазақстан негізінде синонимдер болып табылады.
Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған Мәдени мұра бағдарламасымен
тікелей байланысты. Әлемдік озық өркениеттердің, таңдаулы елу елдердің
қатарына аяқ басқан Қазақстанда уақыт талабы да жоғары, сондықтан
халқымыздың мәдени, тарихи, әлеуметтік мұралары мен рухани жәдігерлерін
зерттеу күн тәртібіне қойылып отырған өзекті мәселе. Қазақстандық рухани
жүйенің бүгіні мен келешегі оның кешегі дәуірінде жинақталған рухани
мұраларын талдай, танып білумен, мойындаумен және қадірлеумен байланысты.
Халқымыздың өзіне тән қайталанбас тарихы, ешкімге ұқсамайтын мәдениеті
мен өркениеті, асқақ рухты болмысы бар. Қазіргі замандағы өркениетті елдер
дегенде екі мәселе бар: олар – адам құқының сақталуының стандарттық
нормалары және өркениеттің технологиялық сапасы. Өркениетті болу әркімнің
болғысы келетін психологиялық еркін мәдени ынта. Қазақ өркениеті –
халықтың ішкі бірлігі, оның азаматтық парасаттылығын нығайтатын,
қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени шындық (Ғарифолла Есім).
Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi
күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз
елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады.
Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм
қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде Мәдениеттер майданы
жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде,
болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың
тағдыры қойылып отыр. Қазақ мәдениеттің ішкі теориялық, идеялық
потенциалын анықтау барысында тек отандық ғалымдар теориялары мен
концепцияларына негізделмей, мәдениет тарихы теориясы мен мәдениеттің
концепциялары жақсы қалыптасқан Батыстық теориялық тұжырымдар тұрғысынан
зерттелініп талдануы тиіс. Бұдан ешкім ұтылмайды. Қазақ ұлттық мәдениетін
тек бір позиция көзқарасынан қарастыру оның ішкі рухани және материалды
мәдениет байлығының көзін толық ашпайды. Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен
қазіргі уақытты және қазіргі уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын
уақыт жалғастығы (сабақтастығы). Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих
оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі
инновациялық үрдістері – яғни, қазақ мәдениетінің бұл уақыт талабына сай
функциялары қалай өзгереді?
Қазір қазақстандық қоғамды тұтас қамтып отырған жаһанданудың
ақпараттық төңкерісі адам өмірінің барлық салаларына ықпал етеді. Ұлттық
егемендік пен ұлттық Меннен, өзіндік болмыс пен қайталанбас дәстүрлі
мәдениеттің архетиптік құндылықтарынан ажырап қалу қауіпі нақтылы көрініс
табады. Жаһанданудың бірегейлендіру тенденциясы ұлттық ерекшеліктерге
тиімді емес, сондықтан батыстандыру мен жаһанданудың қабылданатын
модельдерін трасформациялау қажет.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Дәстүрлі мәдениет пен өркениет,
өркениет тарихы – батыстық ғалым-философтар жүйелеген бірізділік ұғымдар.
Қазақ өркениетін мәдениет философиясы тұрғысынан жете зерттеуді талап
ететін тың тақырып болғандықтан, отандық мәдениеттану және философиялық
әдебиетте мазмұндық, формальді жағынан соны болып табылады.
Батыс пен Ресейдің О. Шпенглер, А. Тойнби, Н.
Данилевский, П. Сорокин, С. Хантингтон, Ф. Фукуяма, Э. Тоффлер
сынды танымал өркениетшілердің іргелі еңбектері диссертациялық зерттеу
жұмысының дәйектік көзін құрайды. ХХ ғасырдың басында мәдениеттанушы О.
Шпенглер тек техникалық құндылықтарға сүйенген өркениет рухани мәдениетті
күйзелтіп жібереді деген еді. Батыс зиялылары Ф. Ницше, З. Фрейд, Э.
Фромм, И. Хейзинга, Х. Ортега-и-Гассет, постмодернизм мен жаңа
гуманизмнің өкілдері индустриалдық қоғам, бұқаралық мәдениет пен әсіре
рационалдық енді мәдени дамудың тежеуішіне айналды, сол себепті мәдениет
философиясы алдынғы қатарға шығу керек деген пікір айтты.
Тарихи тұжырымдарға сүйенсек, мәдениет пен өркениет жеке ғылыми
нысан ретінде XІX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да
оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. А.
Швейцер кезінде философияда мәдениеттің көп зерттелмегенін айта келе,
мәдениетке көңіл бөлмесе, философияның өзі мәдениетсіздікке ұрынады деген
екен. Бұл тұжырым мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығын көрсетіп қана
қоймайды, сонымен бірге заман шындығын айта отырып, болашаққа жол нұсқайды.
Осы жерде Швейцердің сөзіне сүйеніп, мәдениеттану пәні дамымаса, ұлттық
мәдениеттің негізін оқымаған ұрпақ қана емес, бүкіл қоғамның өзі
өркендемейді, үнемі рухани шектеуге ұшырап отырады деп сеніммен тұжырым
жасауға болады. Егер ортағасырда біз діни орталықтың әлем суреттемелерін,
Жаңа заманда – логоорталықтық принциптерді көрсек, онда ХХІ ғасырда әлем
мәдениеттілік және өркениеттілік өлшемдерімен сарапталды.
Қазақ өркениетінің маңызды мәселелері қойылған және өзінше шешім
тапқан шығармалардың арасында Ғарифолла Есімнің Сана болмысы (1-10
кітаптар) мен Хакім Абайының рөлін атап өткен жөн. Жазушы-ғалым Абайдың
рухани философиялық мұрасын қазіргі заман өркениеттілігі құндылықтары
тұрғысынан қарастырып, хакім мәдени феноменіне терең түсіндірме береді.
Ғ. Есім қазақ мәдениеті тарихында типтік бейнелер ретінде көрініс тапқан
пысық, шолақ белсенді, бай мен кедей, үрей, үміт, шайтан,
т.т. феномендеріне жаңаша герменевтикалық талдау береді. Ғарифолла Есім
қазақы мәдениетке кеңірек тоқталады. Қазақ мәдениетінің классигі Абай
шығармашылығын негізгі үш бұлақтан нәр алды десек болады. Олар: халық ауыз
әдебиеті, шығыс поэзиясы, еуропа мен орыс әдебиеті. Тағы бір ескерер жайт,
қазақ мәдениеті сондай-ақ ежелгі түркі өркениетінен де тамыр алған. Яғни,
қазақ мәдениетінде Батыстың да, Шығыстың да элементтері бар. Мысалы, Қорқыт
пен Асан Қайғы заманының өзінде өмір мен өлім проблемалары қамтылған. Бұл
кезде батыс еуропалықтар аталған ағымға экзистенциализм деп ат берген.
Сондай-ақ қазақтар ежелден-ақ өмір мен өлім туралы ой қозғаған, өмірдің
өлшеулілігін, өлімнен құтылмайтынымызды сөз еткен. Әрине, Шығыс пен
Батыстың арасындағы әңгіме мұнымен шектелмейді.
Шығыс пен Батысқа қатысты қазақ мәдениетінің проблемалары да өзімен
бірге көптеген қоғамдық қатынастарға әсер етеді. Мысалы психология ғылымы
ұлттың өзін-өзі тануын, менталитетін, ұлттық идея деңгейін зерттейтіндіктен
мәдениет саласынан сөзсіз алыстамайды. Автор Халықтық дүниетаным атты
мақаласында ұлттық ойлаудың кешегісі, бүгіні мен ертеңіне сараптау жасай
келе, қазақ философиясы мен мәдениеттануын қалыптастыру жолындағы
міндеттерді айқындайды. Біз қазір ұлттық мәдениетпен қатар ұлттық өркениет
туралы сөз қозғауымыз керек. Әдетте өркениет өрісі үшін ең басты қағиданың
бірі – халықтың саяси еркіндігінің жүзеге асуы, яғни ұлттық, тәуелсіздіктің
орнауы.
Қазақ өркениеті ұғымымен қатар көшпелілік өркениет деген термин
де әдебиетте кездеседі. Н. Масановтың Қазақ өркениеті. Номадтық қоғам
тіршілігінің негіздері кітабында, Н. Конрадтың, А. Сейдімбектің
еңбектерінде бұл ұғым қолданыс тапты. Көшпелілік өркениет ұғымын мойындау
дегеніміз еуропоцентристік мәдениеттанудағы әлемде бір ғана батыстық
өркениет бар, қалғандары вестернизацияландыру аймағы болып табылады деген
үстемшілік көзқарасты бекерге шығару.
Аталмыш мәселе басқа да отандық ғалымдар назарынан да тыс қалмауда.
Бұл мәселені жан-жақты зерттеген ғалымдардың арасында А.Х. Қасымжановтың
еңбектері ерекше орын алады. Философ қазақстандық мәдениеттанудың
қалыптасуында маңызды рөл атқарған дала өркениеті деген ұғымды ғылыми
қолданысқа енгізді. Дала өркениеті деген ұғым қазір бүкіл дүниені бір
стандартқа, бұқаралық мәдениет нормаларына, ортақ белгіге келтіріп жатқан
ғаламдану үдерісінде бекерге шығарылуы да мүмкін. Бұл қисында ерекше,
айрықша, экзотикалық, батыстағыға ұқсамайтынның барлығы өркениет емес
деп жарияланады. Дала өркениеті ұғымының қалыптасуында Л.Н. Гумилевтің
еуразиялық ұлы дала туралы ілімі де эвристикалық рөл атқарды. Түркілік
мәдениетті терең білу үшін еуропалық, ирандық, арабтық, қытайлық
авторлармен қатар Ресей ғұламалары, саяхатшылары мен ғалымдарының
зерттеулерін меңгеру қажет. Мысалы, түркілік өркениеттілік мәселелері Л.
Гумилев, Н. Бернштам, Я. Бичурин, А. Левшин, В. Бартольд сынды
зерттеушілердің шығармаларында жан-жақты қарастырылған.
Мәдени-философиялық ой-пікірлердің даму арақатынасын анықтау мақсатында
Ғарифолла Есім, С.Н. Ақатай, Н. Байтенова, Б.Р. Қазыханова, А.Қ.
Қасабек, Д. Кішібеков, Ж.Ж. Молдабеков, Ж. Мүтәліпов, Б.Ғ. Нұржанов,
Г.Ж. Нұрышева, Ә.Н. Нысанбаев, С. Нұрмұратов, М.С. Орынбеков, Т.Х.
Ғабитов, С. Омаров, О. Сегізбаев, Н.Ж. Шаханова, Д.С. Раев және т.б.
ғалымдар еңбектерінің кейбір тұстары диссертациялық зерттеуімізге арқау
болды.
Сонымен қатар, өркениеттің тарихи-мәдени құрылымын, құндылықтары мен
жіктемелерін, концепциялары мен футурологиялық пікірлерін, дәстүрдің
өзіндік сақталуын қарастырған С.Д. Леббок, Э. Тайлор, Л. Уайт, Д. Белл,
А. Печчеи, Э.А. Баллер, Ибн-Халдун, М. Хатами, М. Аджи, Н.А. Бердяев, Л.Н.
Гумилев, М.О. Әуезов, М.М. Әуезов, М.Қ. Қозыбаев, А. Сейдімбек және т.б
тарихшы, тіл маманы, антрополог ғалымдар мен зерттеушілеріміздің есімдерін
ерекше атап өтуге болады.
Қазіргі өркениеттің дағдарысы, қайшылықтары мен оның келешегін
зерттеуге арналған отандық және батыстық ғалымдарымыздың еңбектері
диссертациялық зерттеудің негізі мен ғылыми әдебиеттік қорын құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты
Қазақ өркениетіне, сатыланған тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы
сабақтастық рөліне және мәдени-философиялық проблемалар мен тәуелсіз
Қазақстан өркениетінің бүгіні мен болашағына мәдениет философиясы
тұрғысынан тарихи-логикалық талдау жасау, сонымен бірге Қазақ өркениеті
қалыптаспаған деген пікірді жоққа шығара отырып, қазақ елінің әлемдік
өркениеттегі орнын айқындау. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсатына
жету және қойылған нақты міндеттерді шешу философиялық классиктердің,
батыстық және отандық басқа зерттеушілердің еңбектеріндегі тарихи-мәдени
концепцияларды, гипотезаларды, теорияларды саралауға негізделді.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында диссертациялық жұмыстың алдына
төмендегідей міндеттер қойылды:
- өркениет пен мәдениет ұғымдарының мағыналық байланысын ғылыми
негізде жүйелеп, мәдениет философиясы тұрғысынан түсіндірме беру;
- өркениет және өркениет тарихына методологиялық тұрғыдан салыстырмалы
талдау жасау;
- құндылық категориясын өркениеттік өлшем ретінде сараптау;
- Қазақ өркениеті ұғымына типтік талдау беру;
- батыстық және шығыстық өркениеттер бағдарларының өзара әрекеттесу
тенденцияларын зерделей отырып, қазақ өркениетінің табиғатын ашу;
- қазақстандық өркениеттегі кеңістік пен уақыт мәселесінің өзектілігі мен
мәнін ашу
- қазіргі жаһандану үдерістеріндегі Қазақ елінін мәдени мүмкіндіктерін
сараптау;
- аталан мәселеге байланысты Қазақстандағы мәдениеттанулық ғылыми мектептер
мен бағыттарға пәндік-әдістемелік талдау беру;
- еліміздегі болашақ өркениет ерекшеліктерін айқындайтын бағдарларға
талдау беру;
- аталған міндеттерді шешуге байланысты жазылған іргелі еңбектер
мен ғылыми мақалаларға сүйене отырып, өз ұстанымдарымызды білдіру.
Зерттеу нысанына Қазақ өркениетіне типтік талдау беру жатады. Сонымен
катар Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану
кеңістігіндегі инновациялық үрдістерін талдау көзделеді.
Зерттеу пәні - өркениет жолында қалыптасқан қазақ өркениетіне
мәдени-философиялық талдау жасау. Алдымен мәдениет үрдісінен, мәдени
сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, ұлттық
мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді
болжам жасай отырып, анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы
диссертанттың көтерген тақырыбынан, алға қойған мақсат-міндеттерінен және
мазмұнынан туындайтын қазіргі қалыптасқан мәдени хал-аһуалдың себеп-
салдарын анықтап, талдап, оны жүйелеуден, отандық философияда бұрын-соңды
алынбаған соңғы нәтижелерден келіп шығады. Бұл мәселеге тікелей байланысты
арнайы ғылыми зерттеулер болмағанымен гуманитарлық ғылым салаларында мол
ұшырасатын көп түрлі пікірлерді жинақтап, бір арнаға келтіріп жүйелей
отырып, философиялық, мәдениеттанымдық, әлеуметтанымдық білімдердің соңғы
жетістіктерін ескеру негізінде ғылыми теориялық дәрежеде зерттеуге талпыныс
жасалды.
Бұл бағыттағы ізденіс төмендегідей ғылыми нәтижелерге жеткізді:
- ұлттық мәдениет пен ұлттық өркениет ұғымдары алғаш рет мәдениеттану
мен өркениеттану тұрғысынан қарастырылып, ғылыми-теориялық негіздері
анықталды;
- дала өркениеті әлеуметтік философиялық негізде тұжырымдалады;
- қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен
зороастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық мәдениеті,
эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы,
халықтары, мемлекеттері болғандығы анықталды;
- мәдениаралық сұхбат нәтижесінде туатын мәдениет үдерістерін
(ассимиляция, аккультурация, мәдени шок т.б.) анықтай отырып, ұлт
мәдениетіне тигізетін ықпалы жаңаша көрсетілді;
- батыстандыру және американдандыру процестері мен жаһандану
процесін салыстыра отырып, олардың мәнін көрсетілді;
- қазақ мәдениетін қалыптастырып отырған қазақ ұлтының тарихын
қарастыра отырып, оның құрылымы анықталды;
- қазақ өркениеті әлемдік өркениеттің бір көрінісі ретінде оның
әлемдегі орны айқындалды;
- әлем халықтары өркениеті мен қазақ өркениеті арасындағы сабақтастық
көрсетілді; осы негізге сүйену арқылы қазақ өркениетінің әлем халықтарының
өркениет кеңістігіне енудегі орны сипатталды;
- дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылылымға жіктелу дәстүрі және
отандық зерттеушілеріміздің ол туралы озық ойлары көрсетіліп, жаңа
тұжырымдар жасалды;
- қазіргі қазақ қоғамының хал-ахуал сараптай отырып, болашаққа
өркениеттілік тұрғысынан болжам жасалынады.
- әлеуметтік кеңістік пен уақыт аясындағы Қазақстандық өркениет
тәуелсіздік рухы тұрғысынан жаңа көзқараспен қарастырылып, осы мәселе
шеңберінде атқарылып жатқан бағдарламалар қатары нақтыланып, бірізділікке
түсірілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет
рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті.
Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне,
тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің
дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына
(позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты.
- Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі
уақыт пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы).
Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ
мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістері уақыт
талаптарына сай функционалды өзгеруде.
- Дәстүр мен жаңашылдық, әлемдік супермәдениеттердің арасындағы айқын
үйлесімді теңдік өте күрделі процеске жатады және оның орындалуы көп
шарттарды қажет етеді. Өткенге оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу,
шашыраған құндылықтарды түгендеу, жаппай батыстандыруды есептемегеннің
өзінде, белсенді модернизация аймағында жүреді. Мұндай құрылым ерікті де,
еріксіз де мәдениеттің шығармашылық күйіне сүйенеді. Өйткені, мәдениет
барынша қалыптасқан жүйе, дегенмен оның шарықтауына бөгде күштер ықпал
етері анық. Мәдениет - ескі мен жаңаның, өзімдікі мен өзгенікінің өзара
қатынастары, оларды игеру мен жатсыну, мұралану және ажырау процестері.
Демек, мәдениеттің әрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ бұл сәт ешқашан
шектелмейді, әрі аяқталмайды.
- Дала – өндірістің негізгі көзі, мал шаруашылығының өркендейтін
тетігі. Құдіреті күшті қазақтың сайын даласында ата-бабаларымыз көшіп-қонып
жүріп-ақ ұлттық болмысын жоғалтпай, кейінгі ұрпақтарына баға жетпес асыл
мұраларын қалдыра білген. Демек, көшпенді өмір салты адамзат баласының
мәдениет бастауының бірі, ал, көшпенділік мәдениеттің өзін-өзі көрнекілеп
тасымалдауының ең табиғи жолы, әдісі.
- Қазақ мәдениеті батыстық емес құндылықтарға: тұлғааралық қатынастардың
түпнегізділігіне, әрекеттенуші құндылықтардың тұрақты-лығына, рухани
реттеудің салмақтылығына негізделген. Қазақ мәдениетіне тән адам мен
табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының дара-лығына тән
субьект–обьект қарым-қатынастарының дамымағандығын, яғни адам мен
табиғаттың өзара бірлігін, толықтығын, белгілі бір даралығын көрсетеді.
- Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы мәдени үрдістердің кейбір
бағыттары өзінің табиғи болмысынан ауытқып, мимесистік (ұқсау, еліктеу)
сипаттағы батыс мәдениетінің таратушысына айналып отыр. Бұл жас ұрпақтың
ұлттық талғамын әлсіретеді, ұлтты дәстүрлі төл мәдениеттен бірте-бірте
ығыстыра алады. Осындай еліктеушілік ұлттық мәдениетке, әсіресе жастардың
сана-болмысына, қатты әсер етеді, ұлттық тәрбиеліліктің этика-эстетикалық
маңызы кемиді; кейбір қоғамдық ұйымдар бұқаралық мәдениет элементтерін
пайдалану арқылы оны қаржылық көздеріне айналдырады Мұндай келеңсіздікке
жол берілуінің себептері: ұлттық талғам, қоғамдық мүдде ұстындарында
мәдениет пен өнердегі құндылықтар жүйесін қалыптастыру мен саралаудың
дамымағандығы; шетелдік мәдени ағымдардың енуі мен таралуына мәдени ұжымдар
мен басқару ұйымдарының бақылау орнатпауы; қоғамдық ұйымдар мен саяси
партиялардың мәдени даму процесінен алшақтығы; эстетикалық нормалардың,
сапаның салғырттығы, яғни, талғамның татымсыздығы, стильдің дүбәралануы;
түптеп келгенде нағыз өнердің құлдырауы.
- Қазақстанда жоғары өркениеттілік деңгейі қалыптасуы үшін тек
тоталитарлық санадан арылу жеткіліксіз болды; еуропаорталықтық ұстын мен
бодандық ділден көтерілу ұлттық негіздегі өркениеттің қалыптасуына тікелей
әсер етті.
- Қазіргі өркениеттанулық зерттеулерді ынталандыратын факторларға
ХХ-ХІХ ғасырлардағы дағдарыстық құбылыстар да жатады. Олардың арасында
рационалдық және классикалық әдістемелердің күйзелісі, бұқаралық
мәдениеттің теріс әсерлері, контрмәдениет пен эрзац-мәдениет,
құндылықтарды қайта қараудан туатын белгісіздік, маргиналданудың өрістеуі,
аномия, мәдениеттің коммерциялануынан туатын теріс әсерлер т.т. анық
байқалады.
- Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени үрдістер жүйелік трансформация
жағдайында өтті. Бұл сипатта үлгі-модельдерді таңдаудан гөрі мимесистің
(елігу), коммерцияланудың нәтижесіндегі жоғары мәдениеттің құнсыздануын,
анайы нарық пен капитализмнің мәдениетке тигізген теріс әсерлерін,
архаистік құлшыныстарды, әртүрлі симулакрумдарды, жаңа мифтерді т.т. атап
өтуге болады.
- Бүгінгі Қазақстан өркениетінің алдында тұрған негізгі міндеттердің
бірі ұлттық мәдениет байлығын әлемдік өркениет тізбегіне енгізу.
Қазақстандық өркениет – көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық идеяның
көрінісі.
- Қазақстанда өркениеттану пәнінің өзекті мәселелеріне және
олардың пән құрастырушы потенциалына жататындары: қазақ мәдениеті мен
өркениеттілігін бірегейлендіру, мәдени институттарды бейкоммерциялық
және жоғары мәдениет талаптарына сай қайта ұйымдастыру, ұлттық мәдени
мұраны жаңғырту концепциясын ғылыми негізде талдау; әлемдік өркениет
құндылықтарын ұлттық, мәдениет бітімдерімен үйлесімді қосу, этномәдени
жалпыма контекстіден субмәдениеттік зерттеулерге көңіл бөлу, мәдени
басқарудың шығармашылық және мақсаттылық формаларын қолдау, көңіл көтеру
индустриясының озық үлгілері мен ұлттық дәстүрдің арасындағы үйлесімді
өлшемдерді қалыптастыру т.т.
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздеріне әлемдік
философия, мәдениеттану, өркениеттану, әлеуметтану ілімдеріндегі зерттеу
пәні туралы ой қисындары жатады. Солардың ішінде алдымен бүкіл
протобілімді қамтитын әмбебапты философия пәнінің жіктелу үрдістері мен
білім синтезі және дүниетанымдық тұтастыққа ұмтылу тенденцияларын атап
өткен жөн. Зерттеудің теориялық негізіне мәдениет философиясы мен
мәдениеттанудың қалыптасуына үлкен әсер еткен классикалық емес
философиялық бағыттар (өмір философиясы, мәдени антропология,
цивилистика, постмодернизм, постструктурализм, герменевтика, текстология,
эзотерика, лингвистік мәдениеттану т.т.) жатады.
Жұмыстың әдістемелік негізіне соңғы жылдары мәдениеттану мен
философия ілімдерінде кең таралған методтар, ұстындар, принциптер жатады.
Олардың ішінде классикалық рационалдық методтармен (тарихилық пен
логикалықтың бірлігі, абстрактыдан нақтылыға өрлеу, анализ, синтез т.т.)
қатар мәдени артефактылар мен мәтіндерді зерттеуде қолданатын
герменевтика, тарихи-мәдени нұсқаулар, мотивтік талдау, деконструкция,
концептерді ажырату т.т. әдістері қолданыс табады. Диссертациялық
ізденістің теориялық және әдістемелік негіздері Шығыс пен Батыс
өркениеттерінің ұстанымдары мен мәдени философиялық парадигмаларына да
қатысты. Ғылыми ізденіс процесінде міндетке сәйкес абстракты-логикалық,
жүйелілік, компаративистикалық, құрылымдық, статистикалық талдау әдістері
қолданылды. Дерек көзін зерттеуде ресми материалдар, статистикалық
мәліметтер, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сондай-ақ
ғылыми ақпарат басылымдарында жарық көрген батыстық және отандық ғалымдар
еңбектеріндегі өркениеттің даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер құрады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық
ізденіс Қазақстандағы жас ғылым мәдениеттануды пәндік негіздеу, оның
басты мәселелері мен категориялық аппаратын шындау, зерттеу бағыттарын
айқындау үшін маңызды болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижелері
мәдениеттану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген үлкен сенімдеміз.
Қорғауға ұсынылып отырған диссертация өркениеттің жалпы теориясын және ол
туралы батыстық ғалымдармен қатар отандық әдебиетті талқылағандықтан
қолданбалы маңызы арта түседі. Еңбектің зерттеу нәтижелері жоғары оқу
орындарында мәдениеттану, философия, саясаттану, тарих, социология пәндерін
оқытуда, көмекші құрал ретінде қоғамдық ғылымдар бойынша жүргізілетін
зерттеулерде, жоғары оқу орнындағы дәрістерде, философия және саясаттану
факультеттерінде өтетін арнайы курстарда қолдануға болады деп есептейміз.

1. Мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық
мәселелері
Адам баласы өмірінің басты мақсаты – ол мәдениет принциптеріне
сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей
отырып, жүзеге асыру. Өйткені, мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын,
дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін
бірден-бір институт болып табылады.
Ал соңғы онжылдықтарда, көп деңгейлі және көп мағыналы болып
табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі –
қазіргі кездегі қоғамдық өмірдің хаостық, – дәйексіздік, тұрақсыздық,
тиянақсыздық, негативтілік – сипатқа ие болғандығынан деп білу қажет.
Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар – ата-ана мен баласы арасындағы
түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар (кейде қол жұмсаушылық),
адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола
тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір
себепсіздіктен жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға
негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, Әлем өмірінде көптеп орын
алуда. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады.
Өйткені мұндай үрдіспен қоғам регресс түгелі, санасыз мақұрым тобырына
айналуы мүмкін. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі – бұл
реттеу (немесе нормативті) функциясы. Оның негізгі мәні – адамдардың
қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет ұнамдылық (мораль) пен
құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді. Қазіргі
уақытта осы реттеу функциясы белгілі бір топтар құралына айналып отыр.
Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып
табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа,
мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени позициялар жүйесі енеді. Және айтып
кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш көзқарасты қолдана отырып,
зерттеуші соған тән барлық процестерді толық қарастыра алады: тарихи
(уақыттық) – қандай да бір мәдени құбылыстардың өмір сүруінің уақыты және
орны; формальды-функциональды (уақыттан тыс) – мәдениеттің қызметі мен
құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс, қайталанатын және кері түріндегі
процестерін, интеграция мен дезинтеграцияны түсіну; формальды-уақыттылық
процесс, әдетте, мәдениеттің өсуі немесе дамуы деп атайды – бұл мәдени
жүйенің әр уақытта өзгеруі, бір форма алдыңғы формадан шығуы және келесі
бір формаға айналуы. Бұл процестің шеңберінде өзгерістер жеке құбылыстармен
емес, мәдени құбылыстардың кластарымен болады [1, 28 б.].
Мәдениет ұғымына адамзаттық қоғамның өндірістік, қоғамдық және рухани
өмірдегі жетістіктер жиынтығы [2, 42 б.], ережелер мен тәртіптер жиынтығы,
тәрбие мен білімділіктің белгісі, т.с.с. түсініктер кіреді. Ауылдар,
аймақтар, этникалық топтар, халықтар, діни ұстанымдар – бұлардың барлығы
мәдени әртүрліліктің әртүрлі деңгейлерін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар
белгілі бір мәдениетке ие. Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт
Швейцер (1875-1965) былай дейді: мәдениет дегеніміз адам баласының және
бүкіл адамзаттың прогрессінің жиынтығы, ал бұл прогресс индивидтің рухани
жетілуге ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл прогресс мәдениетке
апармайды [3, 103 б.]. Яғни, бұл прогресс адам баласының рухани жетілуінің
белгісі болып табылады және солай болуға тиіс. Прогресс дегеніміз ғылыми
техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дүниенің, қазынаның,
құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс.
Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады:
адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын
өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет
табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде
болады.
Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді,
өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз
орын алмайды.
Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды
жасау, тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық
жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).
Сәйкесінше, мақсаты адамды, оның жеке тұлғалық, шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту болатын қызмет тәсілі, формасы және нәтижесі
түпкілікті мәдени мазмұнға ие болады. Бұл процесте адамның өзін дамытуы
үшін жасалған қызмет жүйелері мәдениетке жатады.
Сонымен біз мәдениетті адамның табиғатты түрлендіруінің (барлық
түрлерде) саналы қызметі, және де материалдық және рухани сфераларда іске
асырылған осы қызметтің нәтижесі ретінде түсінеміз.
Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениетті оның
жеткізуі бойынша бөлеміз, әлемдік және ұлттық мәдениетті бөлу. Әрбір
мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады. Алайда осы
мәселе бойынша әр түрлі көзқарастар бар.
Ежелгі заманда мәдениеттің этноұлттық сипатына көзқараста екі
қарама-қарсы тенденция пайда болды: этноцентризм және космополитизм.
Біріншісіне сәйкес қандай да бір этнос өзінің мәдениетін үлгі мен эталонның
кейбір үлгісі ретінде қарастырады, оны басқадан жоғары қояды, басқа
мәдениеттерді сенімсіз немесе өшпенділікпен, кейде ксенофобия – басқадан
қорғау түрінде қабылдайды. Екінші тенденция үшін өзінің этносы мен елінің
шеңберінен шығып, әлем азаматы болуға тырысу керек. Бұл жағынан
космополитизм патриотизмге қарама-қарсы болады.
XVIII ғасырдан бастап көрсетілген тенденциялар ұлттық және әлемдік
мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасын құра отырып, мәдени
релятивизм мен мәдени универсализм формасында болады. Мәдени релятивизмнің
басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт өзінің жеке, ұлттық
идеясын құрайды деп болжаған. Алайда ол неміс философы Гердердің
жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде ұсынылған. Мәдени релятивизмнің
қазіргі өкілі француз мәдениеттанушысы К. Леви-Стросс болды.
Мәдени универсализмнің белгілі өкілдері - Руссо, Кант, Гете,
көптеген ағартушы-философтар, әсіресе француздар негізгі адамдық
құндылықтар мен адамгершілік универсалды, көпшілік принциптер жағында
болады деп болжаған. Кант белгілі категориялық императивті тұжырымдады,
оған сәйкес егер қылық универсалды, жарамды болса, жақсы болып саналады.
Осыдан әділеттілік жалпылық болады, әділеттілік дәрежесі универсалдылық
дәрежесіне сай келеді.
Ұлттық және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар проблемасы
кейде Батыс - Шығыс белгілі мәдениеттану дилеммасы арқылы қарастырылады.
Батыс және шығыс мәдениеттері арасындағы үйлесімділік немесе үйлесімсіздік
туралы дау ертеде пайда болды және әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның
бірін Р. Киплинг ұсынды: Батыс ол Батыс. Шығыс ол Шығыс... Олар ешқашан
қосылмайды. К. Юнг де осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән
ойлау типтері соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі
қажет емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс
бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл алқалық принциптердің толық
жеңуіне негіз болады деп санаған.
Мәдени релятивизм және универсализмді бағалай отырып, оның көптеген
ережелері толық негізді және дәлелді болады деп санауға болады, алайда оның
бірде-біреуі толық шындыққа үміттене алмайды. Сондықтан олардың қарама-
қарсы тұруы емес, бірін-бірі толықтыруы жемісті болар еді.
Қазір планетамызда тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерінің ең үздік
жетістіктерінің синтезі ретінде Әлемдік мәдениет ұғымы қалыптасуда. Ұлттық
мәдениет өз кезегінде сәйкес қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары
мәдениетінің синтезі болады. Ұлттық мәдениеттің өзінділігі, оның белгілі
қайталанбас ерекшелігі және сонылығы өмір мен қызметтің рухани (тіл,
әдебиет, музыка, кескіндеме, дін) және материалдық (экономикалық құрылыс,
шаруашылық жүргізу, тұрмыс, еңбек және өндіріс салтының ерекшеліктері)
сфераларында байқалады.
Мәдениеттің нақты таратушысына сәйкес әр түрлі субмәдениеттер
бөлініп көрсетіледі. Субмәдениеттерге дифференциация қоғамда әр түрлі
таптардың, топтардың болуына байланысты болады. Осы фактордың ролі қазір
азайған, бірақ қалған. Қоғамның кедей, маргинал топтарының мәдениеті өте
төмен болады, ол білімнен жеке бас гигенасына дейінгі бар сферада
байқалады. Жоғары топтағы адамдардың қоғам элитасының мәдениеті жалпы
жоғарғы деңгеймен, кейбір сыртқы түрлерімен ерекшеленеді: қатаң этикет,
таңдамалы мәнерлер, ерекше кішіпейілділік, ежелгі (аристократтық)
дәстүрлерді сақтау.
Орташа топтар мен таптар қазір бұқаралық мәдениет деп аталатын ең
көп тараған, басым мәдениетті тарататындар болып саналады. Олардың жалпы
деңгейі жоғары емес, орташа болып табылады. Сонымен қатар бұл топқа барлық
мәдениеттің жаңаруының негізгі көзі болып табылатын, зерде мен шығармашылық
потенциалдың жоғарғы деңгейін таратушы ғылыми және шығармашылық зиялы
қауымның негізгі бөлігі жатады.
Ауыл мен қала мәдениетінің арасында едәуір айырмашылық бар. Сонымен
қатар кәсіптік мәдениеттің ерекшеліктері туралы да айтуға болады.
Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке
алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет
бөлініп шығады.
Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның
өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын,
өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді,
тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.
Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін,
философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен
көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы
бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет
негіздері ретінде қарастырылады.
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені
олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында
рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары,
ойлары тұр.
Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде
болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп,
толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын
мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық,
эстетикалық).
Адамдарға әсері бойынша мәдениетті прогрессивті және реакциялық деп
бөледі, өйткені мәдениет тек өнегелі тұлғаны ғана емес, өнегесіз тұлғаны да
тәрбиелейді.
Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани
құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені
игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және
әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері
дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті
жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі.
Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік
деңгей, әлеуметтік субъектілер қатынасындағы адамгершілік, адамға деген
қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады.
Экономикалық мәдениетті мәдениеттің элементтері мен құбылыстарының
кешені, экономикалық сана-сезім стеоротиптері, мінез-құлық, экономикалық
өмірдің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін экономикалық институттардың
мотивтері ретінде анықтауға болады.
Қазіргі ашық қоғамның базалық моделі нарықтық шаруашылықтың
экономикалық мәдениеті болып табылады, онда көптеген жеке шаруашылықтар-
кәсіпорындар және үй шаруашылығы өз бетімен жоспарлар жасайды, бір-бірімен
нарық формасында экономикалық қатынастарға түседі, өзін-өзі ұйымдастыру
принципі бойынша жұмыс істейді. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің
жоспарларын үйлестіру бағалар мен айырбас құны арқылы жүзеге асырылады. Осы
экономикалық мәдениет XVI-XVIII ғ.ғ. ұлы әлеуметтік революциялардың
нәтижесінде қабылдана бастады.
Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық
жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның
жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени
феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып,
өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың
бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып,
элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік
мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық
қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті
құрады. Ол адамды қазіргі қоғамның құндылықтар еркіндігінен босатады, ол
екінші жағынан, Э. Фромның ойы бойынша техникалықты абсолюттеуге және адам
болмысының құндылықтарын жоюға әкеп соғады.
Қазіргі бұқаралық қоғам әрбір индивидтің тереңде жатқан жеке
қажеттіліктерін жүзеге асыруға бөгет жасайды. Адамның өзін-өзі тану және
басқа адамдармен жеке қатынастарын орнатуға тырысуы, не мінез-құлық
стандарттылығын тудыратын рухани енжарлықты, не индивид өзі туралы бұлдыр
түсінікті жасау үшін қолданылатын жалған бағытқа, пұтқа табынуды
тудырады.
Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан
тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес,
қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz