Медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртерін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
БӨЛІМ І. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина терминологиясының дамуы ... .4
1.2.Медициналық аударма түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
БӨЛІМ ІІ. АҒЫЛШЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРДЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1. Медициналық терминдердің аударылуы (аудармашының жалған достары, транскрипция, транслитерация, калькалеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2.Медицина тақырыбындағы мәтіндерде кездесетін аббревиатуралар ... ... 26
БӨЛІМ ІІІ. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДІ ТАЛДАУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.1. Крис Стокел-Уолкердің Жасанды интеллект дәрігерлердің медициналық диагнозды жақсарту туралы ойлау тәсілін имитациялайды атты мақаласын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

КІРІСПЕ

Мен бұл курстық жұмысымда, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі - медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктеріне тоқталғым келеді. Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажет, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.
Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Егер де сіз асқан аудармашы болу үшін тек қана ағылшын тілін білу қажет деп ойласаңыз, терең қателесіз. Өйткені аударма әлемі мүлдем әрқилы болады: өнеркәсіп, саясат пен шоубизнестен бастап, физика, космонавтикаға дейін және т.б. Осы салалардың әрқайсысында өзіндік ерешеліктері бар, ал ең өзектісі - медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртері болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - медициналық аударма түрлерін қарастыру. Медициналық мәтіндердің аударма ерекшеліртерін анықтау. Медициналық мәтіндерді аударған кездегі қиыншылықтарды, терминология, аббревиатуралар, қыстартулар, аудармашының жалған достары, транскрипция, транслитерация, калькалеу әдістерін қарастыру.


БӨЛІМ І. МЕДИЦИНА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі медицина терминологиясының дамуы

Кез-келген тілдің лексикасын байырғы халық тілі, әдеби және ауызекі сөздер, кірме сөздер, қоғамдағы шаруашылық, мәдени және технологиялық үрдістерге байланысты пайда болатын неологизмдер мен термин сөздер құрайды. Соның ішінде терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты.
Қазақ және ағылшын тілдерінің заманауи ғылыми терминологиясы - бұл ғылым тілінің тарихи дамуының ұзақ процесінің нәтижесі болып табылады. Тіл білімі саласында медициналық лингвистика ғылымы болмағанымен, медицина тілі оның тарихын зерттеуші ғалымдар мен тіл мамандарын ерекше қызықтырады.
Классикалық ғалымдар көне заманғы медицина жазбаларының мазмұны мен тілін егжей-тегжейлі зерттеді.
Қазақ тілі медицина терминологиясының дамуына қазақ ағартушылары Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов зор үлес қосты. Кейбір деректерге жүгінсек, қазақ медицина лексикасы қолданыс аясының басталу кезеңін бұдан бес ғасыр бұрын шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян атты еңбегіндегі медицина туралы тәжірибесі дәлелдейді.[1,б.10]
Қазақ медицина лексикасының пайда болуы және дамуы кезеңі туралы К.Аяпбергенова Қазақ тілі сабағында медицина лексикасын мамандыққа сәйкес оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбындағы авторефератында 3 кезеңге бөледі: революцияға дейінгі,1926-1950ж.ж. және 1950ж. бастап қазіргі заманғы кезеңдерге бөледі. [1,б.12]
Соңғы ғылыми жаңалықтармен байланысты терминдердің қосылуы өте қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын медициналық сөз қорына жүздеген жаңа атаулар қосылады. Олардың ішінде өзге тілдерден, әсіресе ағылшын тілінен енген сөздер көп. Дүниежүзінде басылып шығатын медициналық ғылыми еңбектердің 60 пайыздан астамы ағылшын тілінде жазылады.
Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Қазіргі таңда көпшілік медициналық материалдар ағылшын тілінде және ағылшын тілі ғылыми конференция тіліне айналды.[2,б.12]
Ағылшын медициналық терминологиясы қалыптасуы мен даму жолы халықаралық медицина терминологиясының құрамды бөлігі ретінде өзінің 2500 жылдық тарихы бар.
Жалпы медицина тарихы ежелгі грек және латын тілінен бастау алады.
Мысалы, грек тілінен шыққан, халықаралық қолданыстағы терминдер: arthritis, articulus, oculus, cirrhosis, leukaemia және тағы басқалар; сондай - ақ латын тіліндегі терминдер: acutus morbus - аурудың жедел түрі, cancer - қатерлі ісік, febris - безгек, tumor - ісік, және тағы басқалар.
Ағылшын медицина тілінің даму барысын елдің тарихымен және жалпы тіл тарихымен байланыстырып, бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
1) "ежелгі ағылшын" кезеңі; V - XI ғасырларды қамтиды;
2) "ортағасырлық ағылшын" (Middle English); XII ғасырдың ортасы - XVI ғасырды қамтиды;
Бұл кезеңде латын (femur, placenta), француз (migraine, nurse) және араб (alcohol, alcali) тілдерінің де ізі қалды.
3) "Жаңа ағылшын" кезеңі (Modern English); XVI ғасырдың соңы - XIX ғасырды қамтиды;
4) "Қазіргі заманғы ағылшын" кезеңі(Today's English); XX - XXI ғасырларды қамтиды.[2,б.30]
Медицина ғылыми-техниканың қарқынды дамуы нәтижесінде жыл сайын жаңа терминдермен толығып отыратын ғылым саласы.
Соңғы 2 ғасыр ішінде медицина саласы дами келе, өз ішінде тармақтарға бөліне бастады. Нәтижесінде ағылшын тіліне жаңа терминдер енгізуге тура келді. Егер жоғарыдағы аталған кезеңдер бойы терминдер латын- грек тілдері немесе басқа да кірме тілдер және латын-грек тілдерінің қосымшалары арқылы жасалса, қазіргі таңда ағылшынның өз жаңа сөздері пайда болды. Мысалы: AIDS, shock, stress,screening және тағы басқа.
XX ғасырда экономикалық және халықаралық қарым-қатынастың жаһандану жағдайында ағылшын тілі әлемде болып жатқан ғылымның әр саласындағы жаңалықтарымен ақпараттандыру құралына айналды. Ағылшын тілі басқа да тілдердің тілдік жүйесіне ықпал етуде. Қазақ тілі де солардың қатарында. Мысалы, скрининг, компьютерлік томография, тест және басқа жаңа медициналық терминдер. Алайда, бұл салалық терминдер жалпы халыққа түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан терминдер аудармасы туралы мәселе туындайды.[2,б.57]
Бүгінгі күні аударманың қажеттілігіне ешкім күмән келтірмеуі керек. Өйткені біз мәдениетаралық коммуникация заманында әлемнің көптеген халықтарымен аралас-құралас тіршілік етіп отырмыз.
Жалпы медициналық аудармаға келетін болсақ, медициналық аударма медициналық және фармацевтикалық бағыттағы мәтіндердің аудармасын қамтиды, медициналық аударманы ең күрделі мамандандырылған аудармалардың бірі деп атауға болады, тіпті оны аударма қызметінің ерекше түрі ретінде бөлуге болады. Медициналық және фармацевтикалық мәтіндерді түрлендіру барысында аудармашы әр уақытта бір тілден екінші тілге ауысып, түпнұсқаның бастапқы мәтінін аударылған мәтінмен салыстырады. Бұл процесте аудармашының іс-әрекеттерінің жиынтығы бастапқы медициналық мәтінге және сәйкесінше медициналық аударма мәтініне қатысты іс-әрекеттерге бөлінеді, яғни бұл процесте аудармашы алдымен түпнұсқа мәтінін қабылдайды және түсінеді және оның негізінде аударылған мәтінді қалыптастырады. Осылайша, медициналық аударманы аудармашы жүзеге асыратын аударма процесінің өзара байланысты екі кезеңі негізінде аудармашы жүзеге асырады, атап айтқанда: бірінші кезең түпнұсқа медициналық мәтіннен ақпарат алуды, ал екінші кезең медициналық аударманы жүзеге асыру үшін қажетті аударма құралдары мен әдістерін таңдауды қамтиды. Бастапқы медициналық мәтіннен ақпарат алу-ақпараттық аудармамен байланысты аударма процесінің алғашқы кезеңі. Ақпараттық аударма-бұл мәтіндердің аудармасы, оның негізгі функциясы-кейбір деректерді ақпараттандыру, ақпаратты беру; оқырманға көркемдік және эстетикалық әсер етпейді. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық сипаттағы барлық материалдар кіреді. Бұл топқа көптеген детективтік әңгімелер, саяхат сипаттамалары, эскиздер, ресми материалдар және таза ақпараттық баяндау басым болатын материалдар кіреді.[3,б.68]
Қорытындылай кете медициналық аудармаларға келесілері жатады:
- Медициналық құжаттардың аударылуы (емделушілердің амбулаториялық карталары, сараптама қорытындылары, эпикриздер, мамандардың тұжырымдары, ауру-сырқау тарихынан көшірмелер, анықтамалар, ауруханалық қағаздар, емделушілерге арналған ескертпелер, операциялар хаттамасы)
- Фармацевтикалық құжаттардың аудармасы (Дәрі-дәрмектердің сапалылығын бақылау және оларды тіркеу жайындағы нормативті құжаттар, медикаменттердің аннотациялары, дәрілік затты қолдану жөніндегі м нұсқаулықтар, фармацевтикалық өнімдердің сертификаттары, клиникалық зерттеу мен дәрілік препараттарды сынақтан өткізу қүжаттары)
- Медициналық машина жабдықтары мен саймандарды, құралдарды, аппаратураларды қолдану нұсқаулықтарының аудармасы (қолдану жөніндегі нұсқаулықтар, сертификаттар, каталогтар, патенттер (иеқұжат), лицензиялар т.с.с.)
- Медициналық сайттар
- Медицина жайындағы ғылыми жұмыстардың аудармасы (денсаулық сақтау саласындағы соңғы жетістіктер туралы медициналық мәтіндер, медициналық мақалалар журналдардары, конференция материалдарын қоса алғандағы медициналық әдебиеттер, ағылшын тіліндегі медициналық анықтама кітабына енгізілген терминдер сонымен қатар ғылыми сипаты бар басқа да медициналық құжаттар аудармасы)
- Медициналық сақтандыру полистер, дерттік-анатомиялық тұжырымдар.[4,б.89]

1.2.Медициналық аударма түрлері

Қазіргі таңда медициналық аударма - лингвистикалық сферада ең көп сұранысқа ие болған қызмет. Бүкіләлемдік ғылымның дамуымен, транспорттық қатынастың жиіленуімен, жаппай ғаламданумен байланысты мемлекеттер арасындағы бөгет айтарлықтай азайды және докторлар, профессорлар, ғылыми қызметкерлер мағлұматтарымен алмасу үшін кәсіби медициналық аударма мамандырына жиі мұқтаж болып отыр.
Алайда, медициналық аударма біріңғай қызмет болып көрінгенімен,ол әр түрлі болуы мүмкін. Медициналық аударма қажет болуына қарай ерекшелінеді. Қашанда лингвист медицинаның әртүрлі саласында жұмыс істегенде: ортопедия, травмотология,неврология, т.б...(1- схема) бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және сол салада аудармашыдан жоғарғы тәжірибелікті қажет етеді. Мысалға, медицинаның фармакология саласындағы аудармасы тек қана осы салада ғана емес, сонымен қатар көршілес ғылымдар химия, биологияны терең білуді қажет етеді. Медицинаның физиология саласындағы аудармасы түрлі организмдердің тіршілік әрекетінің негізгі заңдылықтарымен қағидаттарын түсінуді білдіреді. Ал медицинаның гинекология, акушерство және неонология немесе педиатрия саласындағы аудармасы әйелдер мен балалар организмінің ерекшеліктерін тіпті терең зерттеп білуді талап етеді.[5,б.96]
Осымен қатар медициналық аударма сипатына қарай жіктеледі : ол ауызша және жазбаша болады. Әлбетте, бұл аударма түрлерінде ортақшылықтары бар, бірақ кез келген жазбаша тілмаш ауызша медициналық аударма жасай бармейді, ал синхроншы медициналық құжаттар мен әдебиеттің аудармасымен айналыса кетпейді. Тек қана жоғарғы дәрежелі медициналық аударма маманы, қағаз бетінде де, сөз жүзінде де айқын және сауатты аударма жасай алатынын біле отырып өзін еркін сезінеді.
Биологиядан аударма
Биологиядан аударма

Химиядан аударма
Химиядан аударма
Формокологиялық аударма
Формокологиялық аударма

Физиологиядан аударма
Физиологиядан аударма
Медициналық аударма
Медициналық аударма
Хирургиядан аударма
Хирургиядан аударма

Гинекологиядан, акушерлік саладан аударма
Гинекологиядан, акушерлік саладан аударма
Педиатриядан аударма
Педиатриядан аударма

Реанимациядан аударма
Реанимациядан аударма

1- схема

Хирургиялық аударма
Аудармаға жауапкершілік білім саласына тәуелді емес. Фармацевтикалық па, әлде хирургиялық аударма ма, екеуіне де жауапкершілік бірдей болады. Олар аса мәнді, не аз мәнді деп бөлінбейді. Еш күмәнсіз, әр сала бірдей деңгейде маңызды. Алайда, аударма жасауға тапсырыс бергенде, кейбір өзгешеліктерді ескеру керек.
Хирургиядан аударманы мысалға алсақ, басқа аударма түрлерінен қандай айырмашылығы бар? Жазбаша бөлігі терминология, аббревиатуралар мен қысқартулардың жиынтығынан тұрады. Бірақ осы белгілерімен әр сала өзгеше болып келеді. Сондықтан ауызша аудармаға нақтырақ тоқталайын. Аудармашы тақырыптық конференцияларда дәрігерлер аудиториясына синхронды аударма жасаудан басқа, хирургиялық аударма қажет болғанда тікелей операцияларға да қатысады. Осындай кезде бөлек кабинаға жасырына кете алмайсың және арақашықтықты сақтап жұмыс істеу мүмкіндігі болмайды.
Хирургиядан аудармаға тапсырыс бергенде, синхронды аударма, қандай да ыңғайлы болғанымен, өзімен бірге сан түрлі қателіктерді еліктіруі мүмкіндігін түсіну керек. Өйткені синхронды аударма өз құндылығына қарамастан, беріліп отырған ақпаратты жарым-жартылай сарқылтады. Қолында скальпельі бар, тірі адам ағзасына бұл жерде және осы сәтте операция жасап жатқан оташының айтқанынан бір ғана сөз жоғалту кешірімсіз. Мұндайда ілеспе аудармаға жүгінген жөн. Қасында тұрып, әр берілген бұйрықты нақты және айғақ аударып, құрал-саймандар мен адам анатомиясын мінсіз білу парыз. Хирургиядан аударманың мақсаты көбінесе оның жазылуы, сонан бейнетаспаға шығарылуы және қызметтестерді үйрету болғандықтан, әр кезеңнің егжей-тегжейлі түсіндірілуі және оның аудармасы микрофонға беріледі. Оташыға сияқты аудармашыға да микрофонды бет тұсына орнату керек. Оташыға қолдарын босату үшін, ал аудармашыға, бірнеше сағатқа созылатын операция кезінде, оташыны алаңдатпау үшін. Соған қоса, хирургиядан аудармашы маманын таңдаған кезде, дайындалмаған адам қанды көргенде әрқашан сабыр сақтай бермейтінін ескеру керек. Яғни, операция кезінде аудармашы талып қалса, нағыз кәсіптенген тілмашты таңдағаныңызға қарамастан, бұл бүкіл жоспарланған іс-шараны соққыға ұшыратуы мүмкін. [6,б.88]
Хирургиялық терминдер мысалы:
Acrocyanosis - аяқ-қол саусақтарының көгеруі, жансыздануы
Aseptic anesthesia - сүйек басының сорылуы, өлуі
Decalcification - кальцийдың азаюы, жойылуы.
Xeno transplant (hetero) - малдан, құстан алып отырғызу
Bandage - таңғыш,дәке
Paralysis - мүшенің салдануы
Resection - алу, кесіп тастау
Tomography - томография, бірнеше қабат рентгенограмма
Физиологиядан аударма
Кез келген тірі организм ең қарапайым түрлерден басталып - микроорганизмдерден, және күрделі организмдермен аяқталып - өсімдіктер, жан - жануарлар және адаммен, өзімен тұтас биологиялық жүйені құрайды. Оның әрекет ету заңдылықтарын, ұйымдасу деңгейін зерттеумен айналысатын ғылым - физиология.
Нақ физиологиялық үрдістер өмірдің құраушылары болады. Жасушалар жиынтығы болып көрінген кез келген ағза, соның арқасында біртұтас, бүтін механизмдей әрекет ете алады. Берілген ғылым дүниежүзінің түпкір-түпкірінен жиналған ғалымдардың жемісті еңбегінің біріктірген нәтижесі ретінде көрініс табатыны таң қаларлық емес.
Физиологиядан ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, және басқа да құжатнамалардың жазбаша аудармасы кәсіби әдебиетті оқырмандардың ауқымды тобына: студенттерге, магистранттарға, профессорларға т.б. қол жетерлік қылдырады. Алайда, физиологиядан аударманы кез келген аудармашы жасай алмайды. Өйтені бұл аударма лингвисттен тек қана физиологиядан базалық ақпаратты және оңың терминдерін білуді ғана емес, соныме қатар көршілес салалардан: химия, биология, анатомиядан хабардар болуды талап етеді.
Физиологияда синхронды аударма өз ісіне машықтанғандарға ғана қол жетерлік. Бұндай аударма кезінде тілмаш айтылған сөзді бірден қабылдай отырып түсініп, оппоненттерге аудару керек. Физиологиядан аудармада жаңылысуларға жол берілмейді, бұрмаланған сөз орамы қате қабылданып, өзімен бірге ғылыми қателіктерді еліктіруі мүмкін.
Физиологиядан терминдер мысалы:
Akinesia - қозғалыссыздық, қимылсыздық
Depression - тежелу, тұнжырау, босаңсу, әлсіреу
Hypnosis - гипноз, иландыру, иландырушының еркімен ұйқыға бату
Dead ground - тыныс алуға қатыспайтын кеңістік
Reciprocal inhibition - ілеспелі тежелу
Receptor - қабылдағыш
Химиядан аударма
Өзіңіздің қоршаған ортаңызға қараңызшы: үй жиһазы, бөлме, ғимарат, көше, көлік,- бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады. Біз, бұның барлығы біртұтас - Менделеев кестесіндегі түрлі химиялық элементтердің жиынтығы екендігін, тіпті ойланбаймыз. Олардың әрқайсысының ерекшеліктерін, бір бірімен әрекеттескенде болатын процесстерді танып білетін ғылым - химия.
Тіпті, туған тілімізде химиялық үрдістер мен құбылыстар туралы жазылғанды қиындықпен түсінсек, онда басқа тілге химиядан аудару қаншалықты еңбек етуді талап ететінін, өзгешелігін елестету өте қиын. Яғни, тек химиялық элементтерді білу жеткіліксіз. Берілген ғылымды толық меңгеріп, химиялық құбылыстар мен олардың ерекшеліктері мен салдарын білу тиіс. Ал өмірде қаншалық химиялық байланыстар бар, олардың түр-түрлі атаулары, қысқарған сөздер мен аббревиатуралар, бұның барлығы ағылшын тілінен және сол тілге химиядан аударма жасайтын лингвисттің жүгі.
Химия алғашқы көзқарасқа қарапайым ғылым болып көрінгенмен, олай емес. Физико-математикалық және биология-социалды ғылымдар тұрғысында орналасқандықтан, алып оқуға айналады. Химиядан аударма барлық жерде кездесетін мыңдаған ғылым тармақтарына қажетті: медицинаға, фармацнвтикаға, өндірісте т.б. [7,б.63]
Ортақ ас үйде еңбектене отырып, ғалымдар зерттеулерінің, теңдесіз әзірлемелерінің, ғылыми тәжірибелерінің барысында жиналған еңбектерін біріктіреді. Және химиялық аударма, тар мамандануды білдіріп қана қоймай, көршілес салалар: биология, физика, математика т.б. хабардар болуды талап етеді. Өзінің кезекті асын араластыра отырып, химиядан аудармаға жауапты лингвист, ғалымдармен бірлесе отырып, ғылымымызды айтарлықтай алға қозғайтын теңдесіз шек, жаңа дәм ашады.
Химия терминдерінен мысал:
Amino acids - амин қышқылдары
Acyclic compounds - ациклді қосылыстар
Bactericides - бактерицидтер (бактерияларды жоятын химиялық заттар)
Cotton wool hygroscopic - ылғал тартқыш мақта
Radiation - сәуле шығару
Microcapsule - микроқапшық
Alkaline earth metals - сілтілік жер металдар
Volumetric flask - енді өлшегіш колба
Биологиядан аударма
Біздің планетамызда өмір болмаса, Марс пен Венерадан ешқандай айырмашылығы болмас еді. Тірі ағзалардың сансыз көптігі оны бірегей, күн жүйесіндегі басқа планеталарға ұқсамайтындай, қайталанбас етеді. Міне, сондықтан жер бетіндегі барлық өмір түрін зерттейтін ғылым өте маңызды.
Биология - бүкіл дүниежүзілік: мыңдаған ілім-білімді қамтитын, теориялар мен шексіз ақпараттарды біріктіретін ғылым екендігі таң қаларлық емес. Биологиядан аударма профессорларға, магистранттарға, басқа да ғылыми қызметкерлерге ақпараттарымен алмасуға, заманауи өңдеулер мен зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік береді. Және де, өзекті мәселелерді қозғайтын әңгімелерде, пікірталастарда, айтыстарда салмақты рөл атқарады.
Алайда, биологиядан аударма ағылшын тілінен және сол тілге аударылатын қарапайым мәтіндерден айтарлықтай айрықшаланады. Ең алдымен, лингвист не туралы жазылғанды түсінуі керек, ал кәсіби білімсіз - бұл мүмкін емес. Сол себепті, биологиялық аударма аудармашыдан (өз кезегінде, ондаған тармашықтардан тұратын: зоология, ботаника, анатомия т.б.) берілген ғылым саласында терең білімді игергендігін талап етеді. Бұл аударма түрі, әсіресе, топтастыру жағында қиындайды. Лингвист заманауи болмаса қырылып қалған, көбісінің латын тілінде атауларының ұйқастығы бар, түрлі өсімдіктер мен жануарлардың атауларын аудару керек болады. Ал терминологиясы әрдайым өзгеріп, толықтандырылып тұратын генетика, биомедицина саласы ше? Сондықтан, биологиядан аударма мінсіз дұрыс болу үшін, лингвисттерге үнемі өз білімдерін толықтырып, жаңа шыққан деректерді бақылап, кәсіби әдебиеттерді оқып тұру керек.
Қай салада биологиялық аударма болмасын: анатомия, физиология, гистология т.б., тіпті түкке тұрмас кемшіліктер, ғаламдық мәселелерге әкелуі мүмкін. Планетамыздың болашағы - жер бетіндегі өмір аудармашының қолында емес пе?!
Биология терминдерінен мысал:
Autogamy - өздігінен тозаңдану
Histology - жасушаларды зерттейтін ғылым
Commensalism - селбесіп тіршілік ету түрі
Locus - геннің орны
Microglossia - тілдің дұрыс дамымауы
Radiosensitizers - сәулелердің мутагендік әсеріне сезімталдығын
күшейтетін заттар
Brachydactyly - қысқа саусақтылық
Biopsy - ұлпалардың кесінділнріп зерттеу
Фармокологиядан аударма
Біздің әрқайсысымыз өмірімізде бір рет болса да дәрілерді дәрігерлік рецепт бойынша алғанбыз. Не аласыз?-деген сатушының сұрағына біз бірден түсініксіз ирек жазуға толы парақты береміз. Бұған себепші болған дәрігерлердің шимай-шатпақ жазуы емес, дәрі-дәрмектер атауының айтылуының қиындығы. Алайда дәл осы құпия сөздер бізді сырқаттан құтқарады.
Бүкіл әлемдік ғылым мыңдаған жаңа дәрілік заттарды шығарады, ал өндірістік бұларды өндіреді, лингвсттер мен аудармашылар бұл заттарды әлемдегі барлық мемлекеттерге қол жетерлік етеді. Ағылшын тілінен және сол тілге фармакология саласынан аударма - жаңа препаратты қолданысқа енгізудің алғашқы қадамы болады.
Ал енді елестетіңізші, егер де қандай да бір дәрілік заттың атауын жай оқып шығуға қиын болса, фармакологиядан аударма қаншалықты қиын болғаны? Бұл жағдайда лингвисттерге тіпті сөздіктерде жоқ жаңадан шыққан дәрі дәрмектердің атауларын білмек түгіл, Менделеевтің бүкіл кестесін, жүздеген химиялық байланыстар мен препараттарды жатқа білу мәжбүр. Осымен қатар, фармакологиядан аударма көпреген аббревиатуралар мен қысқартуларға, кәсіби терминоглогияларға және басқа да ерекшеліктерге толы болғандықтан, тек қана кәсіптенген адамға ғана қол жетімді, оңайға түспейтін тапсырмаға айналады.[7,б.112]
Осы саладағы аударма нақтылықты талап етеді. Өйткені кез келген дәрі алатын қағаз, яғни рецепт - дәрілік затты дозалау, қолдануға болмайтын жағдайлары мен қолданылуы, жағымсыз әсерлері жайында өте маңызды ақпаратты қамтиды. Тіпті түкке тұрмас жаңылыс немесе дұрыс емес талқыланған сөз сырқатта аллергиялық реакциялардың көрінісінде пайда болған ауыртпалы салдарға, аурудың асқынуына тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Фармокологиядан аударма жасау зергердің жұмысына ұқсағаны жайдан жай емес, бұл жерде әр тозаң болашақтағы ұлы шығарманың кішкентай бөлшегі.
Фармокологиядан терминдер мысалы:
Analysis - талдау,сараптама
Medicinal substances - дәрілік заттар
Ointments such as solutions - ерітінді түріндегі жағылымдар
Capsule - қапташа
Powder - сеппе
Medication - дәрі-дәрмек
Microcapsule - микроқапшық
Volatiles - буланғыш, ұшқыш заттар
Ointment - жағылма, май
Дәрі-дәрмектердің аудармасы
Дәрі-дәрмектер нұсқаулықтарының аудармасы медициналық машина, аппаратураларды қолдану нұсқаулықтарының аудармасынан айырмашылығы техникалық аударма сипатында емес. Алайда жеңіл деуге де болмайды. Кейде мұнда шұбалаңқы сөйлемдер, күрделі бірліктер, тіркестер, анағұрлым ұзақ ережелер, пайымдаулар, жаттығулар, түсіндірмелер басым.
Мұнда синтаксистік құрылымдар тұтастай қарапайым, алайда коммуникативтік тапсырма күрделі, өйткені оның құрылымы әралуан сипатты. Мысал ретінде ең алдымен, түпнұсқа тілінен орыс тіліне, орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылып жатқан нұсқаулықтарда стандартта көрсетілген тәртіптің қалай сақталып келе жатқанына назар аударайық. Нұсқаулық - белгілі бір ережеге негізделген қалыпты мәтін, демек, оның құрылымы үлгіге сәйкес болу керек. Мәселенің барысын талқылау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі фармация комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген Темпалгин, Пенталгин-П, Трихопол, Хилак форте, Визор тамшылары дәрілерінің нұсқаулықтары таңдап алынды. Нұсқаулықтардың орысша мәтінінде құрылымдық, бірізділік сақталады, ал қазақша аудармасында бұл тұрақтылық сақтала бермейді. Бұған дәлел - дәрілік нұсқаулықтардағы қалыпты қөрсеткіштердің әр түрлі берілуі.
Саудалық атауына байланысты Темпалгин, Пенталгин-П, Визор тамшыларында: орысша - Торговое название, қазақша - Саудалық атауы; Трихопол дәрісінде: орысша - Торговое название, қазақша - Сауда атауы; Хилак форте тамшыларында: орысша - Торговое название, қазақша - Дәрілік заттың сауда атауы. Бұл жерде дәрілік зат екені белгілі, сондықтан қысқа ғана Саудалық атауы деу керек.
Дәрінің қолданылу тәсілі мен мөлшеріне байланысты орысша нұсқасы бәрінде Способ применения и дозы болып келеді. Ал қазақшасы әрқилы. Темпалгин дәрісі мен Визор тамшыларында - Қолданылу тәсілі мен дозалары; Трихопол дәрісінде - Қолдану тәсілі мен мөлшерлеу; Хилак фоте тамшыларында - Қолдану тәсілі мен мөлшерлері. Біріншіден, қолданылу тәсілі де, дозасы да бір болғаннан соң көптік жалғаусыз жазу керек. Екіншіден, мөлшер сөзінің қолданылу аясы көп болғандығына қарамастан осы сөзді қалдырған дұрыс сияқты. Демек, Қолданылу тәсілі мен мөлшері болу керек.
Дәрілік заттың көрсететін жанама әсеріне байланысты Темпалгин дәрісі мен Хилак форте тамшыларында: орысша - Побочные действия, қазақша - Жанама әсерлері; ал Пентплгин-П, Визор тамшыларында - Жағымсыз әсерлері; Трихопол дәрісінде - Жанама әсері деп қолданылған.
Бұл қалыпты көрсеткіш дәрінің беретін үстемесін, қосалқы әсерін көрсетеді, ал жағымсыз сөзі - сүйкімі жоқ, ұнамсыз мағынасында қолданылады, екіншіден, беретін әсері бірнеше болуы мүмкін, сондықтан Жанама әсерлері деп көрсеткен жөн.
Дәрінің сақталу жағдайы Темпалгин, Трихопол, Хилак форте, Визор тамшыларында: орысша нұсқаулығында - Условия хранения, қазақшада- Жарамдық мерзімі; Пенталгин-П дәрісінде орысша - Условия хранения, қазақша - Сақтау мерзімі, бұл жерде дұрысы - Сақтау жағдайы.
Дәрілік затты өндіруші мекеме Темпалгин, Пенталгин-П, Хилак форте тамшылары, Визор тамшылары: орысша - Производитель, қазақша - Өндіруші; Трихопол дәрісінде орысша - Производитель, қазақша - Дайындаушы. Жалпы, дәрілік затқа жауапты мекеме Өндіруші болды.
Екіншіден, тұтынушы арасында жасы да, кәрісі де бар. Демек, нұсқаулықтар сауатты әрі түсінікті етіп құрастырылу керек. Ал қазіргі нұсқаулықтардың мәтіні қуантарлықтай дәрежеде емес. Мәтінде кездесетін орфографиялық, пунктуациялық, стильдік, мағыналық қателер жеткілікті. Мысалы, Обычно препарат хорошо переносится. Крайне редко нарушение сна, возбуждение, гипертензия деген сөйлемдер қазақша былай аударылған: Әдетте препаратты жақсы көтереді. Өте сирек - ұйқының бұзылуы, еліру, қан қысымының көтерілу. Немесе ...нарушение физиологической флоры тонкого кишечника деген ашы ішекпен тоқ ішектің физиологиялық флорасының бұзылуы болып аударылған.
Көріп отырғандай, жіберілген қателер - сауатсыз аудармашылардың қолтаңдасы. Демек, бұл нұсқаулықтар тілдің деңгейін төмендетіп отыр. Сонда бұл өрескелдіктерге кім жауапты? Сауатсыз аудармашы ма, әлде сол аудармашыға тапсырыс берген мекеме ме? Алдағы уақытта бұл мәселеге ерекше мән берілу керек. Екіншіден, кез келген аудармашының құралы - сөздік. Демек, арнайы сөздіктер құрастырылғаны жөн. Сөздіктерге де қатаң талаптар қойылу керек. Үшіншіден, фармацевтика саласындағы терминдерді бекітіп оларды қолданыс аясына еңгізу амалдарын жасау. Осындай жұмыстар талаптағыдай орындалса, аударма мәселесі жолға қойылған болар еді.[8,б.58]
Педиатриядан аударма
Дені сау ұрпақ - кез келген ұлттың, мемлекеттің, түгелімен алғанда бүкіл планетаның болашағы. Әрдайым келесі ұрпақты алмастырып отыратын ғылым - педиатрияның медицинада маңызды болғаны кездейсоқтық емес. Алайда қазіргі таңда көптеген сәбилер түрлі аурулар, ауытқулармен дүниеге келеді. Бұған себеп болған экологияның нашарлауы, болашақ ананың дұрыс күтінбеуі, толығымен - өмірдің жоғарғы қарқында өтуі. Осыған байланысты медицина саласы соңғы жылдарда тек қана жаңа емдеу әдістерін қарастырып қана қоймай, алдын ала диагностика жасауға көп көңіл бөледі. Күштерін біріктіріп, әлемдегі түрлі мемлекеттерден ондаған ұжымды ұйымдастырып тәжірибелерімнен алмасу мақсатында сан түрлі жиналыстар, коференциялар, семинарлар өткізіледі. Әлемнің жүздеген диалектілерінен ағылшын тіліне және басқа ұлттар тіліне педиатриядан аударма сұранысқа ие қызмет екені таң қаларлық емес.
Алайда педиатриядан кәсіби аударма тек қана тілмашылыр ұсынатын қызмет қана емес. Тар бағыттағы терминологияны меңгеріп қана қоймай, медицина, анатомия, педиатрия бойынша ақпараттың базалық қорын білуді талап ететін бүкіл дағды мен білімнің жиыны. Педиатриядан аударма аудармашыдан үлкен икемділікті талап етеді: ол бұл саладағы жаңа жетістіктерді қадағалау керек, үнемі тәжірибесін молайтып, ауызша аударма жасауға даяр болып тұру керек.
Ал педиатриядан сөзбе-сөз және синхронды аударма әрбір аудармашының қолынан келер нәрсе емес. Өйткені осындай аударма барысында лингвист бір мезетте түсіну, ойында қорыту және педиатриялық анықтамаларға әлі енбеген, жаңадан шыққан күрделі медициналық терминдерге толы ақпаратты аудару керек. Бұндай жұмыспен тек қана машықтанған, ақпаратты лезде ілтипатқа алатын және ғылыми қызметкерлерге жоғарғы деңгейде диалог құруға мүмкіндік беретін аудармашы айналыса алады.[8,б.96]
Педиатрия терминдерінен мысал:
Newborn - нәресте
Rickets - Мешел
Реанимациядан аударма
Реанимация сөзінің өзі-ақ естігенде үрей тудырады. Нақ осы сөзді көне заманда сыйқырлық пен жұмбақтықтыққа теңесе, бұл күндерде дәрігерлік шеберліктің ең жоғарғы жетістіктері деп санайды.
Реанимотологияны зерттеу облысына толығымен барлық өмірлік маңызды ағза жүйелері кіреді. Әдістер мен көзқарастарды жетілдіру бұл - құрлық пен ұлтына байланыссыз, барлық реанимотолог дәрігерлердің тікелей міндеті. Берілген маман дәрігерлеріне қарым-қатынас жасағанда тілдік бөгет еш жағдайда кедергі тасы болмау керек. Реанимация саласындағы аударма, қаншаплықты адам өмірін тез арада қайтарып беру қажет, міндетті түрде соншалықты нақты және жоғары білікті болу керек. Реанимациядан аударма жасаушы маман тек қана қателік жіберуге емес, тіпті түкке тұрмас дәлсіздік немесе екі мәнді баян етуге құқығы жоқ. Оташыда тоқтаған жүректі тірілтуге, қанды жаңа күшпен айналдыруға, ал миды қызмет ету қабілетінен айырмай жұмыс жасатуға санаулы минуттары кей кезде секундтары ғана бар. Өмірді құтқару, туыстардың көз жасын құрғату, екінші рет өмірге келтіру - бұның барлығы дәрігер-реаниматологпен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық аударма түрлері
Нұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Жарнамалық мәтіндерді аудару фонетикасы
Білім саласындағы мәтіндердің тілдік ерекшеліктері
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Жазбаша аударма
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Пәндер