Құтырық ауруының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР . . .
:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
: 5
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Әдебиетке шолу . . .
: 8
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырық ауруының сипаттамасы . . .
: 8
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырықты балау әдістері . . .
: 11
: 1. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырықтың әр түрлі түліктегі клиникалық ерекшеліктері . . .
: 20
: 1. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Жануарлар арасындағы құтырықпен күресуге қатысты ветеринариялық - санитариялық шаралар . . .
: 24
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . .
: 29
: 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ . . .
: 31
: 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРДЫ ЖАППАЙ ҚОРҒАУ . . .
: 34
: 5
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР . . .
: 36
: 5. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . . .
: 36
: 5. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу материалдары мен әдістемелері . . .
: 36
: 5. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
: 42
: 5. 3. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырық ауруының Шығыс Қазақстан облысы Семей аймағында 2015-2018 жылдар аралығындағы эпизоотиялық жағдайы . . .
: 42
: 5. 3. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырық ауруының жылдық динамикасын сараптау . . .
: 48
: 5. 3. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Құтырық ауруы тіркелген жерде жүргізілетін ветеринариялық санитариялық шаралар . . .
: 51
: 5. 3. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу нәтижелерін талдау . . .
: 54
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 59
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҰСЫНЫСТАР . . .
: 60
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 61
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР
:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  • Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы.
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 96 бұйрығы.
  • Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығы.
  • Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығы.
  • Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығы.
  • "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығы.
  • Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығы.


АНЫҚТАМАЛАР

  • Агглютинация - бактерия, эритроцит, ткань клеткасы сияқты бөлшек денелердің өзара желімделіп, олардың үстіне жабысқан антиген не антиденелермен бірге шөгуі.
  • Аллергия - мал денесінің белгілі бір затқа деген сезімталдылығының өзгеруі.
  • Анаэроб - оттегі жоқ жерде тіршілік етіп, өсіп өне алатын микроорганизмдер.
  • Антидене - белгілі бір антигеннің әсерінен мал денесіне қалыптасып, қан сарысуында жиынтықталатын белок тектес заттар.
  • Вакцина - микробтардан, олардың тіршілік етуі сарынында қалыптасқан заттардан алынатын, малға белгілі бір жұқпалы ауруларды дарытпау үшін қолданылатын биологиялық преперат.
  • Дезинфекция - сырттағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын (бактериялар, вирустар) жою (өлтіру) .
  • Дезинфекциялық дәрілер - адам мен малдың, өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын жою (өлтіру) үшін қолданылатын заттар (күйдіргіш натр, күйдіргіш калий, сөнбеген әк, күл, сода ерітінділері, күкірт қышқылы, хлор, крезол, креолин, формалин.
  • Дератизация - кеміргіштерден арылу.
  • Иммунопрофилактика - иммундық сақтаныс. Белгілі бір тәртіппен малға арнаулы преператтар (вакцина, анатоксин) егіп, оны алдын-ала жұқпалы аурулардан сақтау.
  • Патогендік - белгілі бір микробтың ауру тудыру қабілеті. Онымен тығыз байланысты ұғым-вируленттік-уыттылық, яғни белгілі бір микроб штамының ауру тудыру қабілетінің күшті-әлсіздігі.
  • Реконвалесцент - сауыға бастаған мал. Осыған орай: реконвалесценция- малдың белгілі бір аурудан сауыға бастауы.
  • Серологиялық реакциялар (АР, ПР, КБР т. б. ) - арнаулы антиденелерді табу мақсатымен мал қанының сарысуын зерттеу.
  • Штамм - дене құрылысы мен биологиялық қасиеттері, генетикасы біркелкі болып келген микроб себіндісі.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

АР - агглютинация реакциясы.

ӘБ - әсер бірлігі.

БР - бейтараптау реакциясы.

БМҒБИ (ВГНКИ) - Бүкілодақтық Мемлекеттік Ғылыми Бақылау Институты даярлаған вакциналар.

ВБжҚК - Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

ГАР - гемагглютинация реакциясы.

ГАТР - гемагглютинация тежеу реакциясы.

ДПР - диффузиялық преципитация реакциясы.

ИФА - иммуноферменттік анализ.

ИФР - иммунофлуоресценция реакциясы.

КБР - комплементті байланыстыру реакциясы.

ПР - преципитация реакциясы.

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

ҚР АШМ - Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі.


КІРІСПЕ

Құтырық - бұл ертеден келе жатқан, барлық жылы қанды жануарларға және адамдарға қауіпті індеттердің бірі. Бұл ауру ертеден белгілі болса да, қазіргі күнде барлық елдердің денсаулық сақтау саласында және ветеринария саласында басты проблемалардың бірі болып тұр, сонымен қатар біздің елде де өте өзекті және зерттеуге перспективті болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, Құтырық ең көп әлеуметтік және экономикалық шығын келтіретін, адамдар мен жануарларға ортақ инфекциялық аурулардың алдыңғы бестіктің қатарында тұр. Қазіргі таңда бұл індет жер бетінде 150 ден астам елдерде тіркеліп отыр, көбінесе Азия және Африка елдерінде. Жыл сайын 15 миллионнан астам адамдар Құтырықға қарсы вакцинация алып, аурудың алдын алып отырады, бұл жыл сайын жүз мыңдаған адамды өлім жітімнен сақтап отырады. Дегенмен, жыл сайын Құтырық ауруымен ауырған жануарлардың тістегенінен кейін елу бес мың адам өлім жітімге ұшырайды. Жануарлар арасында елімізде жыл сайын жүзден аса Құтырық ауруына қолайсыз ошақтар тіркеліп отырады [1, 2] .

Елімізде қазіргі кезде ауыл шаруашылық малдары және жабайы жануарлардың арасында Құтырық індетінің табиғи ошағы тұрақты сақталуда. Ғылыми әдебиеттердегі деректер бойынша негізінен, вирусты таратушылар қатарына түлкілер, қарсақтар, жабайы иттер, шибөрілер жатады. Сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі осы мәселені одан әрі ушықтырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, иттердің, мысықтардың ауруы негізінен Құтырықдың табиғи энзоотиялық аймағына байланысты болады. Індет бойынша сәтсіз жағдайлар Республиканың барлық облыстарына тән, ол белгілі бір тұрақтылығы жоқ уақытта және табиғи жағдайларға байланысты өрши отырады. Аталған мәселелер елімізде және Шығыс Қазақстан облысында кеңінен зерттелмеген. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмыстарын қиындатады.

Өзектілігі: Құтырық ( Rabies , бешенство) - орталық жүйке жүйесін зақымдап, шырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Құтырықдың қоздырушысы - Rabies lyssavirus -рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық Құтырық вирустарының көпшілігі бірінші сероварға жатады. Басқа сероварлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған. Құтырық вирусы 60° С градус кезінде 10 мин өткенде 100° С градуста бірден белсенділігін жояды. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазытылып қатырылған мида ұзақ сақталады. Шіри бастаған материалда 2 - 3апта бойы тіршілігін жоймайды.

Құтырықмен барлық жылы қанды үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Жас жануарлар ересектерінен гөрі Құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қазақстанның жағдайында Құтырықдың ең басты таратушысы - түлкі, ал үй жануарларының ішінде бұл ауруғы ең жиі шалдығатыны - сиыр.

Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соңынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затына өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі.

Зерттеу мақсаты: Құтырық ауруының Жамбыл облысы Түлкібас аймағында таралуын анықтап, ветеринариялық санитариялық шаралары.

Зерттеу міндеттері:

  1. Құтырық ауруының Жамбыл облысы Түлкібас ауданында 2017-2020 жылдар арасында таралуын анықтау.
  2. Түлкібас ауданында 2017-2020 ж ауырған жануарлардың пайыздық көрсеткішін анықтау.
  3. Ауыл шаруашылығындағы құтырық ауруының жылдық динамикасы сараптау.
  4. Түлкібас ауданында 2017-2020 ж бойынша құтырық ауруының ит пен мысық арасындағы жылдық динамикасы.


1 ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 Құтырық ауруының сипаттамасы

Құтырық (Rabies) - орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирусты жұқпалы ауру.

Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса бастаған кезден белгілі. Демокрит (б. д. д 5-ғ. ) иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель (б. д. д 4-ғ. ) әр түрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазды [3] .

Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 ж. Францияда Цинке дәлелдеді (бұл ауру тістегеннен де, сілекейдің жара мен көгерген жерге енуінен де пайда болады) . Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В. Гальте (1879-1881) үй қоянында құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л. Пастер (1881-1889) үй қоянының миынан бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 ж. Ремленже мен Риффат-бей дәлелдеді. Румын ғалымы В. Бабеш (1887) және итальяндық А. Негри (1903) кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты. P. Sikes шетел ғалымының мәлімдеуі бойынша дүниежүзі бойынша 75 елді мекен осы ауру таралғаны жайлы айтады [4, 5] .

Құтырық ауруы - жүйке жүйесін қатты зақымдайтын ауру. Құтырық дегеніміз жануарлар мен адамның жіті түрде өтетін, нервтік психикалық ауытқулармен, энцефаломиелитпен сипатталатын жұқпалы індет. Бұл індеттің бірнеше формасы бар: депрессивті, ашушаң, түсікпен сипатталатын және де қайтымды түрлері [2, 3, 4] .

Ауруға шалдыққан малдар арықтаған, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары көгерген, тері және тері жамылғылары құрғақ, қуық зәрге толған патологоанатомиялық белгілерімен сипатталады.

Адамның өмірі бойы айналасында әртүрлі жануалар болады, көбіне, бұл ит не мысық. Бұл жануарлар қашанда адамға пайдасын тигізіп келген. Алайда, кейде бұл жануарлар құтырық сияқты қауіпті аурудың қайнар көзіне айналуы мүмкін.

Құтырық орталық жүйке жүйесін зақымдап, өліммен аяқталатын вирустық жұқпалы ауру. Тыныс алудың салдануы немесе жүректің тоқтауы өлімге әкеп соқтырады.

Бұл дерттің адамдарға жан-жануарлар арқылы беріледі, яғни тістеу арқылы, сілекеймен қанға беріледі. Құтырық энцефалиті (бас миының қабынуы), сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Негізінен, құтырған жан-жануарлардың сілекейі ауру белгісі білінбестен, бірнеше күн бұрын-ақ жұқпалы болады. Құтырық ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан - иттерден, мысықтардан (сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі) тарайды. Қоздырғыш сау адамға ауруға шалдыққан жануарлардың сілекейі арқылы беріледі. Ауырған ит тынышсызданады, тамақ жемейді, одан кейін су көрсе үрейленіп, қаба бастайды, үргенде даусы қарлығып шығады, аузынан сілекей шұбырады.

Құтырықдың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол - уақытылы антирабикалық вакцинаны егу. Жасырын кезең орта есеппен 1-2 ай (7 аптадан 1 жылға және оданда көп) созылады.

Құтырық дегеніміз жануарлар мен адамның вирусты ауруы, ОЖЖ бұзылуымен, өте ауыр түрде өтуімен сипатталатын індет. Өлім жітіммен аяқталады.

Ауру қоздырушысының құрамында РНК бар, рабдовирус тұқымдасына жататын, дамып келе жаткан кейбір тауық және үйрек эмбриондарының торшаларында көбейеді. Вирустың 4 серотипі бар.

Құтырыққа барлық жылы қандылар сезімтал. Ең жиі ауруға шалдығатындар: түлкілер, қасқыр, ірі қара, мысықтар. Қой, ешкі, жылқылар орташа деңгейде ауруға сезімтал болып келеді. Құстар өте сирек ауырады дейді. Жас төлдер ауруға бейім болып келеді, сақа малдарға қарағанда.

Ауру вирусы организмнен көп жағдайда сілекей арқылы бөлінеді. Сілекей арқылы ауру 8-10 күннен аурудың клиникалық белгілері айқын білінгенге дейін жұғуы мүмкін. Ауру кезінде вирус сілекейде үнемі және де жоғары концентрацияда болады. Аурудың өршу кезеңі көктем айларында жазда кейде байқалады, күзде иттердің шағылысу мерзімінде байқалуы мүмкін. Ауруға шалдыққан малда клиникалық белгілері айқын байқалады, яғни орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен сипатталады. Салдану құбылысы айқын көрінеді.

1945-1954 ж. ж, аралығында Болгарияда мекенінде 10500 ауру жануарлар тіркелді, оның 80% ауру иттер болған [6] .

Сонымен қатар Австралияда мекенінде иттердің құтырығы жиі болғанын мәлімдейді. 1970 жылы Африка елді мекенінде құтырықпен 292 адам және 32293 жануар ауырғандары тіркелген [6] . Біздің елді мекенге 50-жылдардың басында келді. Ауру иттер саны 3 есеге артты.

Республикамызда қазіргі кезде ауыл шаруашылық малдары және жабайы жануарлардың арасында құтырық індетінің табиғи ошағы тұрақты сақталуда. Ауыл шаруашылық малдарының құтырық аурумен көбінесе ірі қара малы мен қойлар шалдығады. Ет қоректілер арасынан кезеңдік құтырықтың таралуы індеттің табиғи антропургиялықлық ошақтың түзілуіне әкеледі [7] .

Қазақстаннның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы түлкі, ал үй жануарларының ішінде бұл ауруға ең жиі шалдығатыны сиыр. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалаалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар [8] .

Аурудың үш сатысына сипаттама. Продромальды кезең 1-4 тәулікке созылады, дене қызуы көтеріледі, бас ауруымен, шаршау, тәбетті жоғалтумен сипатталады. Жануар тістеген, қапқан тұсқа жақын маңда невралгия, терінің жоғары сезімталдығы білінеді. Қозу сатысы 4-7 күнге созылады және психомоторлық ұстамамен сипатталады. Жарқын жарыққа, әр түрлі дыбыстарға, шуларға жоғары сезімталдық байқалады. Озбыр, долы келеді, галлюцинациялар, сандырақтау, қорқыныш сезімі пайда болады, құрысу, бұлшықет парездері мен параличтері бірге жүреді. Салдану (параличтер) сатысында көз бұлшықетінің параличі, жұту функциясы бұзылады, аузынан көбік ағады, судан қорқады. Өлім тыныс алу аппаратының зақымдануынан, тыныс тоқтауынан болады. Дерт 58 күнге, кейде 10-12 тәулікке созылады.

Ауру белгілері: Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады, аузы көбіктенеді - ішіп жей алмайды; жанына жолағанның барлығын қауып тістеуі мүмкін. Хайуан 5 - 7 күннің аралығында өледі. Сырқат көбінесе жағымсыз күйлерден басталады. Хайуанның тісі батқан жер ауырады. Мұның арты қызбаға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі болмайды, мазасызданады, ашуланшақ болады, шаршау сезімі мен түрлі дыбыстар бейнелерге түршігіп тұрады. Сондай-ақ аузы көбіктенеді-ішіп жей алмайды, тыныс жолдары мен жұтынуы қиындап, ақыл есі бұзылып, сандырақтауы мүмкін және суға, жарыққа үрейі пайда болады, бет әлпеті жаңа ғана жылаған адамға ұқсас келеді. Аузының сілекейі қоюланып, желімделе береді, құтырып алас ұрады. Өлім алдында талма ұстап, дене құрысып сал болып қалады [9] .

Патогенезі . Ауру әдетте малдың сілекейі арқылы тістеген кезде жұғады. Бұл тұрғыдан алғанда, әсіресе қасқырдың тістеуі өте қауіпті. Сондай-аіқ вирус мал денесіне ауыз бен көздің кілегейлі қабықтары, сәл ғана зақымданған тері арқылы енуі мүмікін. Тышқан мен түлкі құтырып өлген малдың өлексесін жеген сәтте ауруға шалдығады. Ауруға шалдыққан мал ауру белгілері білінуіне 8 - 10 сағат қалғанда сілекеймен, кейде сүтімен бірге сыртқа вирус шығарып тұрады.

Мал денесіне енісімен құтырық вирусы нерв тканін жайлап алады да, оны зақымдайды. Одан әрі нерв талшықтарын бойлай жылжи отырып, вирус орталық нерв жүйесіне, айталық миға барып, жетеді де, мұнда көбейіп, нервтер арқылы барлық органдар мен тканьдерге, сілекей бездеріне тарайды.

Вирус мал денесіне нерв талшықтары арқылы ғана емес, сондай-ақ сөл және қан тамырлары арқылы да тарайды. Бұған дәлел - құтырып өлген малдың құрсағындағы төлден вирус табылған. Клеткада вирус өніпөсіп көбейеді де, сол клетканы ыдыратып, босап шығады да, осы арадағы басқа сау клеткаға енеді. Клеткалар жаігпай зақымданса, тыныс органдары мен жүрегі параличке ұшырап мал өледі. Кейде індет одан әрі дамымай, күрт үзіледі де, мал әсіресе ит сауығып кетеді. Мұның себебі - денедегі ауруға төтеп беретін қорғаныс күштер жеңіп, иммунитет қалыптасады. Құтырған малдың нерв тканіне жайылған нейтротоксин сау малға еккен кезде оны құтырта алады. Мұның механизмі әлі толық анықталған жоқ.

Ауру белгілері. Астыртын кезең әдетте 3 апта, кейде 3 айға созылады. Өте сирек кездесетін жағдайда бұл кезең 3 күнге, тіпті 3 жылға созылуы мүмкін. Әрине мұны лабораториялық жолмен байқауға болады. Құтырық ірі қарада елірме және паралич түрінде өтеді. Еліріп Құтырық орта есеппен жалпы Құтырықдың 15-30 процентіне тең. Ауру мал бастапқы кезде еліріп, алға қарай ұмтылады, кез келген нәрсені, мәселен, шөмеледегі шөпті, мүйізімен іліп, алып жан-жағына шашады, қорадағы қоршауларды мүйіздеп бұзады, маңайына жолаған ит пен мысыққа тап береді, оларды сүзеді. Әлсін-әлсін басын шалқайтып бар дауысымен қатты өкіреді. Өкірген сәтте мал кенеттен жалп етіп құлап, аяқтарын тырбаңдатады, кенеттен бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Аузынан сілекей шұбырып, ауру мал терлейді, әлсін-әлсін зәр шығарады, осы уақытта оның жыныстық шабыты артады. Сиырдан сүт шықпай қалады, бірақ ол аздап жем жеп, су ішеді. Кейде оның көпке дейін тәбеті қашпайды. Кейде мал аурудың алғашқы сатысында-ақ жемнен бас тартып, су ішпей қояды.

Еліріп, айналасындағы жануарларға тап бергеннен кейін мал көбінесе қатты күйзеліп, тырысып-бүрісіп қалады. Ақырында әбден әлсіреп бір бүйіріне жатып алады, айналасында не болып жатқанын сезбейді. Аяқтарын делбеңдетіп жер соғады. Арандай ашылған аузынан тілі салақтап шығып, сілекей шұбырады. Аурудың бұл сатысы әдетте екі күнге созылады. Құтырған ірі қара көбінесе параличке ұшырайды: алдымен. артқы аяқтары, кейін алдыңғы аяқтары сал болады. Оның сырт белгілері 5 - 7 күн-бойы айқын білінеді.

Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әртүрлі жануарда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің Құтырықы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.

Өршіген құтырықтың 3 кезеңі болады: біліне бастаған, көтерілген және дел-сал. Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Иттің кенеттен өшпенділігі артып, орынсыз басқа жануарларға, адамға, тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін. Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңі басталғанын көрсеттеді. Бұл кезең 3-4 күнге созылады. Иттің қорқыныш сезімі жоғалып, шынжырын тістеп, бұлқынып, үзіп кетуге тырысады, босанып алса кісіге шауып, бет алды жүгіріп, қашып кетеді. Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып, аурудың үшінші дел-сал кезеңі басталады. Бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде дыбысы мүлде өшіп (афония), жағы салалақтап, көзі шапыраштанады.

1. 2 Жануарлар құтырығын балау әдістері

Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктерін табудың маңызы зор. Олардың тұрқы дөңгелек, сопақша, үшбұрыш немесе ұзынша, мөлшері 0, 5-30 мкм, саны мен мөлшері аурудың ұзақтығына байланысты. Алдын ала диагноз індеттік және клиникалық белгілері бойынша қойылады. Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Құтырық антигенін табу үшін диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР), иммунды ферменттік талдау (ИФТ) қойылады.

Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ньюкасл ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Құтыру - зооантропонозды ауру
Иммунизацияланған Жануарлар препараттармен нуклеокапсид, сатып алғанымыз жоқ резистенттілігін кейіннен құтыру вирусын жұқтыру
Ауру белгілері
Вирустардың өсімдіктерде таралуы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz