Модульдік оқыту технологиясы


М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» екінші тілді оқытуда сөйлеуге үйретуді негізге алады. Осы орайда мен өзім берген сыныптарда осы технологияны қолдандым. Бұл технологияның ерекшелігі оның білімді меңгеруі, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есіту, көру, қимыл т. б. ) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым -қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
«Модуль дегеніміз -қандай да бір жүйенің, біршама дербес бір бөлігі» (С. И. Ожегов) ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі .
М. М. Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1. Кіріспе
2. Сөйлесу
3. Қорытынды .
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
1. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды жалпы модульдің мақсат, міндеттерімен таныстырады. Мен де өзім сабақ берген сыныптарда оушыларды сызба, кеспе үлгілеріне сүйене отырып лексикалық және грамматикалық тапсырмалармен таныстырып отырдым.
2. Сөйлесу бөлімінде әр оқушымен оқу матиралдарымен жұмыс істей отырып, оқушылардың өз қабілетін, ынтасын, есін (қабылдауын) ауызша, жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік бередім. Оқушылардың танымдық процессін арттыру үшін, оларды 5-6 адамнан шағын топтарға бөліп, әрбір оқушыға әр сабақта 3 күрделілеу деңгейдегі берілген оқу материалын тыңдау, жазу және айту мүмкіндігі болатындай етіп құралған оқытуды ойын түрінде және әр түрлі жеке, топтық, жұптық жұмыстардың белсенді формаларын ұйымдастырдым.
Сөйлесу бөлімінің екінші сабағынан бастап оқушыларға стандарт талабына сай сараланған деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылар сол тапсырмалар бойынша жұмыс істейді. Мысалы:3-деңгей төменгі, 2-деңгей орташа, 1-деңгей білімі жоғары білімді оқушы-ларға арналады. Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, брін бірі бағалау әдістері пайдаланады. Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделірек деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көшбасшылық (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар «кеңесшілер» немесе «топ жетекшісі» рөлдері арқылы өздерін танытады. Жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 2-ші және 1-ші тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда 3, 2 тек кейде ғана 1-деңгей тапсыр-малары таңдалады. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте 3-деңгей (жеңілдетілген стан-дарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтар-ында сөйлесуді қамтамасыз ету үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушылардың қызығушылықтарын артыру мақсатында оқыта-үйрету ойындары жүргізіледі.
Модульдің 3-ші бөлімі қорытынды бақылау бөлімі. Мұғалім оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлерін ұйымдастырады. Олар:
1. Тест
2. Диктант, мазмұндама, шығарма
3. Нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалды ойындар) .
Осы жұмыстардың негізгілеріне сөйлеу жаттығулары жатады. И. А. Грузинскаяның «Методика преподования английского языка» (М. 1947) деген еңбегі ғылымда танылып жүр. Шетел тілін оқыту әдестімешілерінен М. А. Бахарева (ойды түгел жеткізу), И. Д. Салистра «Жаттығуларды топтастыру» (первичные, предречевые, речевые) мәселесін шешу, зерттеу, анықтау ісімен шұғылданады. Ал М. С. Ильин жаттығуларды сөйлеуге дейінгі жаттығулар, сөйлеу жаттығулары деп бөледі. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді. Оны жаттығулар кестесінен көруге болады. Тілдік жаттығулардың міндеті - тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту, тілдік тұлғаларды дұрыс, ойланбай қолдану дәрежесіне жеткізуді көздейді. Адам сөйлеуінде қолданылатын тілдің нұсқалары - дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің тілді оқутыдағы негізгі мәселелері екендігі анық. Тілдік жаттығулар ол тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Мысалы: тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді. Ал, сөйлесу жаттығуы тілдік материалдары керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алуын көздейді. Оған: сұраққа дұрыс жауап беру; өзі сұрақ қоя білу; тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану; тақырып бойынша мазмұндама, шығарма жазу; сурет арқылы әңгімелеу; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету; мақал-мәтелдерді сөйлеуде дұрыс қолдануға жаттықтыру; тақпақ, өлең айтуға, ән салуға үйрету жатады. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда аймақтық компонентті пайдалана отырып, әр тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндірдім. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, әрі оқушыларды осы тірек-сызба арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі, яғни сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Зерттеудің көкейкестілігі:
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттігі қарастырылған.
Дәстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде. Сол себептіде дипломдық зерттеу жұмысымның тақырыбын модульдік оқыту технологиясына арнадым. Жұмысымның маңыздылығын ескере отырып зерттеуімді барынша ашуға тырыстым.
Зерттеудің міндеттері:
- Модуль ұғымына тоқталу;
- Модульдік оқытудың шығу тарихын анықтау;
- Оларды мектепте оқытудың ерекшеліктерін шығару;
- Модульдік оқытуды сабақта тиімді қолдану;
- Ағылшын тілі пәнінің күнделікті сабақтарында модульдік оқыту технологиясын қолдану аясын дамыту мүмкіншіліктерін табу;
- Оқушыларды өз бетімен білім алуға баулу;
- Модульдік оқытудың тиімді және кемшілік тұстарын зерттеп орта мектепте оқыту мүмкіншіліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі:
Жалпы орта білім беретін мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу пәні:
Педагогика пәні
Зерттеудің мақсаттары:
Оқыту процесінде модульдік оқытудың артықшылығын көрсете отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, олардың оқу материалымен индивидуальдік әдістермен жұмыс жасауына жағдай жасау.
Тұлға бойына қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруды қалыптастыру.
Зерттеудің болжамдары:
Модульдің оқу элементтерімен жұмыс істегенде білімгерлер оқу ақпаратын үйрене отырып, тапсырмалар жүйесін орындау мүмкіншілігіне ие болады. Біз өзін-өзі тексеруді жүзеге асыра алуы үшін, оқытылатын модульдің материалдары бойынша сұрақтарға баса назар аударуды ұсынамыз. Тапсырмалардың шығармашыл сипатта болуы тек білік пен дағдыны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар білімгерлердің іс-әрекеттерін белсендіреді, қызығушылықтың оянуына ықпал жасайды.
Даралап оқыту жүзеге асырылғанда білімгер материалды өзіне қажетті қарқынмен оқып-үйренеді, оқу ақпаратының әлсіз ұғынылған бөлігін қайталап оқуға мүмкіншілік туады.
Осы жұмыс қорытындысында, орта мектеп оқушыларына модульдік оқыту технологиясын қолдануда қанағаттанарлықтай нәтиже алып, оқушылардың білім деігейін жоғарғы деңгейге арттырып, сол арқылы ұстаз қазметінің ауыртпалығын жеңілдетеді деген үміттемін.
Зерттеудің теориялық мәні:
- Модуль сөзінің ежелгі шығу тегі зерттелді;
- Модульдік сбақ барысына кездесетін қиыншылықтар мен ұтымды жерлері анықталды;
- Фразеологизмдер мағыналарына қарай топтастырылды;
- Көптеген ойын-тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігін арттыру ерекшеліктері анықталды;
- Шет тілін оқытуда модульдік технологияны мүмкіншіліктері қарастырылды;
- Осы дипломдық жұмыс жалпы модульдік технологияны және оны мектептегі оқыту процесінің дамуына өз үлесін қосады деген үміттенемін.
Зерттеудің практикалық мәні:
- Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мектепте ойындар мен қызықты тапсырмалар қолданып модульдік технология бойынша оқыттым;
- Грамматиканы оқытуда түрлі көрнекілікте қолданып, тақырыпты кеңірек түсіндіріп, тапсырмалар бердім;
- Модульдік қызықты оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын жетілдірдім;
- Жүргізілген модульдік сабақтар нәтижесінде оқушылар уақытты үеудің қаншалықты пайдалы екенін түсінді.
- өзіндік жұмысқа берілген көп уақыт, өзін-өзі басқару әдістерін үйренді;
- тақырыпқа, сабаққа деген қызығушылықтың артты;
- өзін - өзін іске асыру мүмкіндігі пайда болды.
Зерттеу базасы: Зерттеу жұмысын жүргізу үшін №22 мектеп алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеге жалпы «модульдік оқыту технологиясы» терминінің мағынасы турасында қысқаша тоқталып өттім. Атап айта кетсем, елімізде кеңінен қолданысқа ие болған М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясына талдау жасап, өз тәжірибемде пайдаланған сәттерімді көрсеттім.
Еліміздегі білім жағдайы атты алғашқы тарауымда еліміздегі білім жағдайы туралы толыққанды мәлімет бере отырып, оқыту технологиясы ұғымына және қазіргі таңдағы ұстаздарға қойылар талаптар жөінде біраз ой толғадым. Бұның маңыздылығы сонда, қазіргі таңда оңтайлы саясат ұстанып отырған еліміздің ең өзекті мәсәләенің бірі ретінде білім саласын жақсарту және жаңа оқыту технологияларын сынақтан өткізу туралы шешімімен таныстырдым. Бұлда зерттеліп отырған жұмысымның маңыздылығын арттыра түсі.
Жаңа педагогикалық технологиялар атты келесі тарауымды, жоғарыда көрсетілген бірінші тараудан бөліп көрсеттім. Бұл тарауда жаңа педагогикалық тенологиялардың классификациясы туралыда сөз қозғай кетуді жөн санадым. Осы тақырыптың ішіне оқу тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңлықтарды енгізудің шарттарын, критерийлерін жалпы процесс барысымен толыққанды таныстырып өтуді жөн санадым.
Модульдік оқыту технологиясы атты үшінші тарауым зерттеу жұмысымның негізгі бөлігі болып саналды. Бұл тарауды модульдік оқытудың тарихынан, сонан соң түрлері мен құрылымы жөнінде баяндадым. Келесі кезекте құзыретті білім беру кеңістігінде жоғары мектептегі оқытудың модульдік технологиясының рөлі мен маңызы туралы айта кетуді жөн санадым.
Бұдан соң шетел тілі сабағында модульдік оқытуды тиімді қолдану туралы жаздым. Себебі модульдік оқытуды қазіргі кезде шетел тілдерін оқытуда кеңінен қолдануда.
Қорытынды бөлімімде зерттелген тақырыбымды жалпылай және кейбір тұстарын қайталай кете баяндадым. Осы орайда мектепте жүргізген зерттеулер нәтижелері және осы алынған нәтижелерге негізделген ұсыныстар көрсетуді жөн санадым.
Қосымша бөлімге зерттеу барысында қолданған кейбір материалдарды қоса кетуді жөн санадым.
І. Еліміздегі білім жағдайы
1. 1Оқыту технологиялары
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Мектепте оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі - мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа ақпараттық технологияны шағын жинақталған мектептерде де пайдалануға болады. Онда сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы - оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі өмір талабына сай 1-сыныпқа арналған «Математика» электрондық оқулығы (авт. Құрманалина Х. Ш., Спатаев И. ) Қазақ тілінде 2002 жылы (ЦПТИО) даярланып, республика мектептеріне берілді. Бұл электрондық оқулық мектеп оқушылырын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.
Мектептің бастауыш сатысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары: дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П. М. Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі, математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р. Г. Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г. Г. ), шоғырландырып - қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ. А., Нұрахметов Н. Н. ), блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М. ) Қазіргі таңда қолдау табуда. [1]
Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру - жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.
Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс - іс-әрекетті оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне, топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Әрбір сабақта оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады.
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған, толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін, өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамытады.
1. 2 Ұстазға қойылар талаптар
Біздің басты мақсатымыз - білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім - тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі - оқу.
Ғалым педагог Л. В. Занков: «Оқыту - оқушының рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», - дейді. [2]
Көрнекті психолог Л. С. Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуына ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады», - деп тұжырымдайды. [3]
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру - қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабаққа оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.
Әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуы сабақта оқу-тәрбие мәселелерін барынша дұрыс шешуге себі тиетіндерін, оқушылардың белсенділігі мен өздігінен іс-әрекет жасауын талап ететіндерін іріктеп алуға байланысты.
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап, сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра түспек.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
- Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.
- Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
- Мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
- Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі.
- Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі.
- Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
- Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану.
- Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі
Шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж. Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті - тіл, қадір қасиеті - кісілік» деген екен. [4] Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz