Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі


БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ САЙТ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Семей, 2021
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ………. . . …3-4
I тарау. Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері ……. . 5-35
- Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдалану саласындағы педагогикалық зерттеулер……. . . . ………5-10
- Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі қарастырылмаған ……. . 11- 17
II тарау Мектеп мұғалімдерінің интернет-ресурстарды пайдалану
даярлығының әдістемесі ……. . . 36-41
2. 1 Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесінің кезеңдеріне сипаттама……. . 36-38
2. 2 Бағдарламалардың практика жүзінде қолданылу аясы. ……. . …… . . . 39-46
Қорытынды…. . 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……. . . . . 48
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім беруді ақпараттандыру білім беруді реформалаудың маңызды факторы болып отыр. Білімді ақпараттандыру маңыздылығы компьютер мен қарым-қатынас құралдарының көмегімен білімді өңдеу ақпараттық қарым-қатынас технологиясы негізінде ақпараттық білім ресурстарын құру өндірісін дамытуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын.
Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда мектепте ақпараттық-қатынастық технологияларды, соның ішінде Интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде:
− профессор Е. Ы. Бидайбековтың мектебі студенттерді ақпараттық технология құралдарын пайдалануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері [Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ], − профессор Ж. А. Қараев және көптеген ғалымдар [М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К. Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметова және т. б] ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қарастырған.
Бастауыш білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер жеткіліксіз. Жүргізілген зерттеулердің көбінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-қатынастық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі қарастырылған [Г. А. Абулкаримова, Ж. К. Ахмадиева, К. З. Хамитова, Б. А. Изиева, Е. С. Саватеева, О. В. Синявина, Д. Т. Рудакова т. б. ] .
Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде Интернет-ресурстардың мектепте бiлiм беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей пайдаланылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi.
Мектепте Интернет-ресурстарды пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарастырылмаған. Жоғарыда жасалған талдаулар дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.
Зерттеу нысаны: ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде білім беруді ақпараттандыру.
Зерттеу пәні: Информатика оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
− педагогика ғылымы мен жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесіндегі Интернет-ресурстарды пайдалану тенденциясын талдау;
− бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделін жасау;
Зерттеудің ғылыми жаналығы: мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесінің теориялық негізіндері ашып көрсетілді, «мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығы» ұғымына толық анықтама берілді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Қарастырылған әдістерді білім беру үрдісінің субъектілері күнделікті тәжірибесінде пайдалана алады. Жаһандық Интернет желісі жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің әртүрлі іздеу жүйелері мен мамандандырылған порталдарды, Интернет-ресурстарды іздеу әдістерін меңгеру; кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербес және жас ерекшеліктеріне сәйкес Интернет-ресурстарды бағалау және таңдау әдістерін меңгеру; интернет-ресурстарды сабақ өткізуге проекциялау әдістерін меңгеру.
Курыстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1 Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдалану саласындағы педагогикалық зерттеулер
Педагогикалық іс-әрекеттер, кез-келген әрекет сияқты мақсат, құрал және нәтижемен анықталады.
Құралдар мәселесі мақсатты іс-әрекетке байланысты негізгі мәселе болып табылады [1, 15 б. ] .
Оқу іс-әрекетінің құралдары мен педагогикалық іс-әрекеттің құралдарын ақпараттандыру жағдайында анықтау бүгінгі күннің мәселесі болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің іс-әрекетіне жаңа талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті жаңалау талабын орындаудың бірден бір жолы ақпараттық технологияларды пайдалану.
Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайын сипаттайтын ғылыми еңбектер мен әдебиеттерге жасалған мынадай талдаулар, шетелдік [Р. Вильям, К. Маклин, Г. М. Клейман, Ж. П. Арно, М. Рокли, Б. Сендов, Т. Хифайед және басқалар], ресейлік [Б. С. Гершунский, Е. И. Машбиц, В. М. Монахов, И. В. Роберт, В. В. Рубцов, И. Е. Вострокнутов, И. И. Трубина, И. Г. Белавина, В. А. Захарова, П. В. Беспалов, М. М. Букеев, Н. А. Власенко, В. В. Колос, С. П. Кудрявцева] және отандық ғалымдардың [Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, Д. М. Жүсібалиева, Г. Қ. Нұрғалиева, С. С. Үсенов және басқалар] білім беру ортасын қалыптастырудың мынадай ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді:
1) оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жан-жақты дамуы;
2) білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың даму деңгейі мен жылдамдығын үйлестіру;
3) ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен жалпы білім беретін сабақтардың пәнаралық моделі;
4) үнемі өзгеріп отыратын еңбек шарттарына жас ұрпақты дайындау үшін оқушылар мен мұғалімдердің АҚТ-ны пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
5) «білім беру траекториясын» таңдауды қамтамасыз ету.
Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына ықпал етіп, «Интернет» ұғымын өмірге енгізді. Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Интернет - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеұттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Интернет-ресурстарға талдау жасағанымызда Ресейде бастауыш мектептер http://www. ed. gov. ru, http://www. kic. ru, http://ioso. narod. ru, http://som. fio. ru, www. nachalka. com, http://www. altai. fio. ru, www. tehnologiya. ucoz. ru, www. openclass. ru, www. web-resurs. ru, www. рonyatovskayaucoz. ru, Өзбекстанда http://nachalka. uz/, Қазақстанда https://onlinemektep. org, https://daryn. online сияқты Интернет-ресурстармен қамтамасыз етілгенін анықтадық.
Бұдан біз ақпараттық қарым-қатынас жасау мүмкіншілігі бар білім беру порталдары мен сайттарының басым бөлігі ресейліктердің үлесінде екенін аңғарамыз. Ресейлік Интернет-ресурстарға сараптама жасау барысында олардың Интернетті пайдаланушылармен әрекеттік байланыста болатынын анықтадық. Мысалы, www. nachalka. com сайтында мұғалімдер: математика пәні бойынша қоғамдастық және форум, конкурстар арқылы; ата-аналар: блог, оқушылар: конкурстар, викториналық ойындар, әдеби марафондар, тест тапсырмаларын орындау арқылы байланыста болады т. с. с.
Ал, қазақ тіліндегі сайттардың жағдайы өз дәрежесінде емес.
Оның себебі, тұтынушы іс жүзінде ғаламтор желісінде қазақ тілінде ақпаратты толық алуға мүмкіншілігі жоқ. Сұраныстың мардымсыздығы ұсыныс сапасының қажетті деңгейге көтеріле алмайтындығын көрсетеді. Мұндай тығырықтан шығаратын жолдың бірі ретінде елімізде білім беру порталдарын жасаудың, пайдаланылуының аясын кеңейтуге көңіл бөлуіміз керек. Білім беруді ақпараттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта республика бойынша мектептердің 98 %-ы Интернет желісіне әлдеқашан қосылған. Оның ішінде Алматы облысы (100 %), Солтүстік Қазақстан облысы (100 %), Шығыс Қазақстан облысы (99, 1 %), Оңтүстік Қазақстан облысы (94 %), Батыс Қазақстан облысы (99, 1 %), Қызылорда облысы (94 %), Атырау облысының (98, 9 %) мектептері алда келеді.
Көптеген сайттар хабарландырушылық сипатта, мектептің тарихын, жетістіктерін көрсетумен ғана шектеледі. Білім беретін материалдар сирек кездеседі, оқушылардың өздері жасаған материалдар тіпті аз.
ХХ ғасырдың аяғы жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде пайдаланылған техникалық оқу құралдары түрлерінің көбеюімен және ауқымдылығымен мазмұндалады. Білім беру саласы түбегейлі жаңа ақпараттық құралдармен қамтамасыз етілді. Оқу үрдісінде компьютерлік ЭЕМ-ның пайдаланылуы, ғылыми техникалық ақпарат көлемінің қауырт өсуі және оған байланысты көп ақпараттың тез «ескіруі», ақпаратты машина арқылы өңдеудің және басқарудың тиімді тәсілдерін жасау қажеттілігі туды.
Электронды есептеуіш машиналарды оқу үрдісінде пайдалануды зерттеу ісімен
Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдары мен көптеген жоғары мектептің мамандары айналысуда [Ж. С. Сарыпбеков, Е. Ы. Медеуов, Е. У. Бидайбеков, Г. К. Түкеев, Ғ. З. Қазиев, А. М. Тәтенов, Н. Т. Ермеков және т. б. ] .
Ақпараттандырудың тиімді түрлеріне аудирование (тыңдалым), бейнеқолдау сынды бейнетехникаларды пайдалану жатады. Оқу үрдісінде ақпараттық технологиялар мен жаңа ақпараттық желілердің пайда болып, телеарна орталықтарында мұғалімдердің, арнайы мамандардың жетекшілігімен оқу телебағдарламалары даярланды.
Мұнда қашықтан оқыту құралдары мен қашықтан оқытудың жерсерік арнасының (ҚОЖА) маңызы ерекше. Бұл жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігіне және білім сапасының артуына мүмкіндік беретін жаңалық болды. Компьютерлік бейнеконференциялар, техникалық құрал-жабдықтар арқылы алынған мәліметтерді өңдеп, білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз етудегі жоғары деңгейімен сипатталады.
Демек, әрбір білім алушы мамандар компьютерлік желі арқылы қосылатын әр түрлі электрондық мұрағаттар мен Интернет-ресурстарды жан-жақты меңгеру негізінде көптеген ақпараттарға өз орнында отырып-ақ қол жеткізеді. Электрондық кітапхана, электрондық оқу басылымдары, электрондық оқулықтар және т. б. мүмкіндіктер пайда болды. Бұл әрине, оқу үрдісін ақпараттандырудағы үлкен жетістіктер болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау ғалымдардың [Г. Г. Воробьева, Ю. А. Шрейдер т. б. ] жеке адам мен ақпараттың арасындағы байланысқа зор көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Олар ақпаратты игеру жеке адамның ақпараттық мәдениетін сипаттайтын белгілі бір білімдер, дағдылар жиынтығы сол адамның бойынан табылған жағдайда ғана мүмкін деп есептейді.
Білім жүйесін ақпараттандырудың ерекшеліктері [Л. Я. Беляев, Л. И. Бережной, В. В. Васильева, Б. К. Гершунский, М. П. Золотухина, Г. В. Иванова, Л. Д. Квиртия] еңбектерінде қаралған. Бұл еңбектерде педагогикалық қызметті ақпараттандырудың негізгі бағыттары, мұғалімдерді ақпаратпен қамтамасыз етудің оперативті жүйесі, ақпаратты қорды құрудың, сақтаудың және пайдаланудың, теориялық аспектілері сипатталған.
Ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің ақпараттық технологияларды құрал ретінде пайдалану көптеген ірі ғылыми жұмыстарда қарастырылған [4] - [12] және т. б.
Ақпараттық қоғамның критерийлері ретінде келесі үш жағдайды алуға болады:
- компьютерлердің болуы;
- компьютерлік желінің даму деңгейі;
- күнделікті өмірінде іс-әрекетінде ақпараттық технологияны пайдаланатын және ақпараттық салада еңбек ететін тұрғындардың саны.
Ақпараттандыру үрдісі келесі өзара байланысқан үш үрдісті біріктіреді [14] :
1) интеллектуалдандыру - адамдардың (қоғам мүшелерінің) ақпаратты қабылдау және жасау қабілеттерін дамыту, тудыру;
2) компьютерлендіру - ақпаратты іздеу және өңдеу құралдарын жетілдіру үрдісі;
3) медиостизациялау - ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру үрдісі.
Е. С. Полаттың пікірінше жаңа технологиялардың оқыту тәжірибесіндегі ролін, оның оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік даму үрдісі ретінде қарастыру қажет. Даму педагогикалық үрдісте оқыту ұғымының альтернативасындай кілттік сөз ретінде қалыптасты [14, 5б] .
Д. М. Жүсібалиеваның іргелі зерттеуінде ара қашықтықта оқыту мәселелері ұсынылған. Педагогикалық технологияларға сәйкес ара қашықтықта оқытуды жүзеге асырудың негізгі құралы болып «Интернет - қиындылар» түрінде жинақталған оқу фильмдері, электрондық оқулықтар және ақпараттар саналады.
Ара қашықтықта оқытудың қатысушылары үшін белгілі ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері, мұражайлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың қорлары қол жетерлік дүние болып табылады. Ара қашықтықта оқытудың сипатты жағы болып иілгіштік, модульдік және экономикалық тиімділігі табылады. Ара қашықтықта білім алу жүйесінде оқушы лекция, семинар түрінде өтетін сабақтарға күнделікті қатыспайды, өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде жұмыс істейді.
Ара қашықтықта оқыту бағдарламасының негізіне модульдік принцип жатқызылған. Әрбір жекелеген курс белгілі пәндік сала туралы бүтін бір түсінік береді. Бұл тәуелсіз курс - модульдердің ішінен жекелген немесе топтық қажеттілікке сай оқу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді. Оған танымдық процесін үйлестіру, оқытылып отырған курсты дұрыстау, жекелеген оқу жоспарын құру барысында кеңес беру, оқу жобаларына басшылық жасау сияқты функциялар жүктеледі. Ол оқу топтары арасындағы өзара қолдау көрсетуді басқарады, оқушыларға олардың кәсіби өзін-өзі анықтау жолында көмектеседі.
Г. Б. Ахметованың «Болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастыру әдіснамасы мен технологиясы» тақырыбында жүргізген іргелі зерттеу жұмысында студенттердің желілік даярлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Бұл жұмыста бәсекелестіктің шарты ретінде болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастырудың әдістемелік қамтамасыздық пен жүйелік компоненттерінің тұтастығы арқылы ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде жоғары білімді ақпараттандырудың теориялық-педагогикалық негізі анықталған.
Халықаралық индекстер мен ғылыми педагогикалық жетістіктерді ескере отырып «желілік даярлықтың» мәнін анықтау және болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастырудың критериалды үлгісі жасалған.
М. Б. Есбосыновтың «Орта мектепте дистанциялық оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттары» атты еңбегі орта мектепте дистанциялық оқытуды ұйымдастыру, оны жүргізудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, ақпаратты-бағдарламалық шарт-талаптарын анықтауға арналған.
Дистанциялық оқыту - республикамыздағы орта білім беретін мектептердің жартысына жуығын құрайтын шағын комплектілі мектептердің оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру мен білім сапасын көтерудің басты жолдарын құрайды. Зерттелген жұмыстың басты жаңалығы - орта мектепте жаңа ақпарат құралдарын пайдалана отырып, «ізгілендіру парадигмасы» негізінде дистанциялық оқытудың дидактикалық негізін жасау болып табылады.
Бұл жүйе өзіндік оқытуға арналып құрылған, дистанциялық оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін ескере және оларды пайдаланудың дидактикалық мақсаттарын айқындай отырып, дистанциялық оқытудың әдісіне, формасына, технологиясына және оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар анықталған.
Дистанциялық оқыту оқушы мен мұғалімнен алғашқы кезекте компьютерді пайдаланушының дағдыларын қажет ететін болғандықтан зерттеуші Интернет пен компьютерлік локальды жүйелерді пайдалану жөніндегі әдістемеліктер жасаған [17] .
Интернет оқушыларға ақпараттық кеңістікте еркін қозғалу мүмкіндігі мен ақпаратты іздеу және өңдеу жолдарын таңдау еркіндігін береді. Бұл, өз кезегінде, ақпаратты интерактивті беру құралымен жұмыс істеуге ынталандырады. Интернетті білім беруде пайдалану оқушылардың ақпаратты ойша құрылымдау мен түсінуінің жаңа қабілеттерін игеруіне әкеледі.
Мұндай оқытудың барысында оқушылардың экрандағы ақпаратты қабылдау, көрнекі бейнелерді ауызша жүйеге түрлендіру, сапаны бағалау және ақпаратты тұтынуда тапқырлық таныту, сонымен қатар, хабарламаларды кең мағынада талдау - ақпараттың жасырын мағынасын түсіну қабілеті дамиды.
С. М. Кеңесбаевтың «Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы жүргізілген іргелі зерттеу жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып оқытудағы негізгі мақсаттарға мыналар жататындығын анықтады:
- ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
- «ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау;
- берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
- болашақ педагогтың зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде пайдаланудың негізгі артықшылықтарын төмендегідей атап көрсетті.
Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиісті мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Бір-бірінен үлкен ара-қашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқыту жүйесін көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
1. 2 Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі қарастырылмаған
Н. Ғ. Даумов «Оқытуды ақпараттандыру үрдісінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту» тақырыбындағы еңбегінде Ұлттық гимназияда оқушылардың зерттеу қызметінің қалыптасу нәтижелігі ғаламдық «Интернет» жүйесі мен электронды оқулықтармен жеке зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат жинау, мәлімет базасын жасау арқылы пәнді-бағдарлы жұмысқа бағытталуды қамтамасыз етсе, ұсынылған әрекеттің қызықты және жаңа формалары арқылы мотивтердің айқындалу негізінде тұлғаның зерттеу үрдісінің субъектісі ретінде жеке позициясы белсенді болатындығын дәлелдеп көрсетті.
А. Ө. Байдыбекова «Бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану» атты диссертациялық жұмысының мақсаты - бастауыш мектептің математика пәндерін оқыту үрдісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу және компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін қалыптастырып, одан әрі дамытуға арналған.
Білім беруге телекоммуникациялық технологияларды енгізуді талдау нәтижесі көрсеткендей, ішкі ақпарат алмасу үшін қомпьютер желілерін пайдаланатын көптеген ұйымдар бас компьютерден ақпаратты іздеу мен ақпараттың желі компоненттерінде шашыраңқы жағдайында интерфейс унификациясының қиыншылықтарымен кездеседі.
Дегенмен, ұйым ішіндегі ақпараттық құрылымды Интернет желісіне ұқсас, ақпараттық қызметі бар (Web-қызмет), концептуалды негіз ретінде пайдалануға болатын технология бар. Мұндай жағдайда түрлі типтегі (мәтін, сурет, дыбыс, бейне) мәліметтерді компьютерлік желінің аймақта таралған түйіндерінде орналасқан ақпаратты байланыстыру механизмдерімен үйлестіре сақтау мүмкіндігі пайда болады. Осы кезде, ақпарат жасалу мен пайдалану тәртібі бойынша таралады, оған бірыңғай рұқсат алу жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде білім беру жүйесінің даму бағыттарының бірі ретінде ақпараттық технология құралдарын, соның ішінде Интернет-ресурстарды оқыту үрдісінде пайдалану болып табылатыны анықталды.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша қоғамды ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық екі амалы белгілі : оның біріншісі - технократтық, яғни ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін арттыру құралы ретінде қабылданып, өндіріс және басқару салаларымен шектеледі, екіншісі - гуманитарлық, мұнда ақпараттық технология адам өмірінің негізгісі болып, өндіріс үшін ғана емес, әлеуметтік сала үшін де мәні бар болады.
Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі базасы болып табылады. Сонымен қатар, адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ортасы болып табылады. Сол себепті, білім беруді ақпараттандыру және компьютерлендіру мәселесі толыққанды ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы бастапқы мәселелердің бірі болып табылады.
Компьютердің көмегімен оқыту мәселесі 80-ші жылдардың соңынан бері зерттелуде.
Ақпартаттық технологияны оқыту құралы ретінде пайдалану келесі жағдайлардың болуына ықпал ететіні [24] жұмыста анықталған:
- оқушының тұлғасын дамытып, ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүруге дайындайды, мысалы ойлау қабілетін дамыту (көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі, интуитивті, шығармашылық, ойлаудың теориялық түрін) ; эстетикалық тәрбиелеу; қатынастық икемділіктерін дамыту, оңтайлы шешім қабылдау білігін қалыптастыру, эксперименттік зерттеу әрекетін жасау білігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақпаратты өңдеу икемділігін қалыптастыруға;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz