ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Ізмағамбетова Ақерке Серікқызы

Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда

қолданылатын электрондық құралдар кешенін әзірлеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В01515-«Химия»

Қызылорда, 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Биология, география және химия»

кафедрасының меңгерушісі

PhD, аға оқытушы Г. Б. Тоқтағанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда

қолданылатын электрондық құралдар кешенін әзірлеу

6В01515-«Химия»

Орындаған студент А. С. Ізмағамбетова

Жетекші Ш. О. Еспенбетова

Норма бақылаушы Н. Б. Жұмаділда

Қызылорда, 2021 ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Жаратылыстану институты

«Биология, география және химия» кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ТАПСЫРМА

Студент: ІЗМАҒАМБЕТОВА А. С.

Жұмыс тақырыбы: Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда

қолданылатын электрондық құралдар кешенін әзірлеу

«13» қазан 2020 ж. № 937-с бұйрықпен бекітілген

Аяқталған жұмысты өткізу уақыты

Жұмысқа берілген мәліметтер

Жұмыс мазмұны (дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі) :

Графикалық материалдар тізімі (міндетті плакаттарды нақты көрсету) :

Ұсынылатын негізгі әдебиет:

Тапсырманы беру уақыты

Кафедра меңгерушісі Г. Б. Тоқтағанова

Жетекші Ш. О. Еспенбетова

Тапсырманы орындауға қабылдаушы Ізмағамбетова А. С.

Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар

Тақырып: Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда

қолданылатын электрондық құралдар кешенін әзірлеу

Реттік №
Кезеңдер атауы
Орындау мерзімі, ескерту
Реттік №: 1
Кезеңдер атауы: Тақырып бойынша ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау, оқып зерделеу
Орындау мерзімі, ескерту: Қазан, 2020
Реттік №: 2
Кезеңдер атауы: Зерттеу жұмысының жоспарын жасау
Орындау мерзімі, ескерту: Қараша, 2020
Реттік №: 3
Кезеңдер атауы: Тәжірибелік мәліметтер жинау және қалыптастыру
Орындау мерзімі, ескерту:

Желтоқсан, 2020

Ақпан, 2021

Реттік №: 4
Кезеңдер атауы: Теориялық және тәжірибелік мәліметтерді талдау, зерттеу тұжырымдамасын жасау
Орындау мерзімі, ескерту: Наурыз-сәуір 2021
Реттік №: 5
Кезеңдер атауы: Нәтижелерді қорытындылау, ұсыныстар беру
Орындау мерзімі, ескерту: Сәуір, 2021
Реттік №: 6
Кезеңдер атауы: Рәсімдеу, таза түрде жазу, графиктер, диаграммалар, кестелерді орындау, пікір және сын-пікір алу
Орындау мерзімі, ескерту: Мамыр, 2021
Реттік №: 7
Кезеңдер атауы: Жұмысты кафедраға өткізу
Орындау мерзімі, ескерту: 12. 06. 2021

Тапсырманы беру уақыты

Жетекші Ш. О. Еспенбетова

Тапсырманы орындауға

қабылдаушы А. С. Ізмағамбетова

АННОТАЦИЯ

Актуальность темы. В школьном курсе химии вводная глава по термодинамике преподается как отдельная тема в каждом классе. При преподавании этой главы используется традиционный метод обучения. Это не означает, что традиционное обучение играет важную роль в повышении интереса детей. Но нельзя исключать необходимость традиционного обучения. Единственное, что можно сказать о растущем интересе школьников, - это необходимость использования электронных систем, новых технологий.

Поэтому поиск наиболее эффективных образовательных технологий актуален в связи с противоречиями между уровнем электронного обучения сегодня и тем, в какой степени они могут быть использованы в преподавании химии. Также существуют противоречия из-за отсутствия компьютеризации образования и повсеместного внедрения компьютерных обучающих программ для них, с другой стороны, отсутствия теоретической разработки и методики использования электронных средств при преподавании химии в школе. Основанием для выбора темы исследования подобных протестов послужило «Разработка набора электронных средств, используемых при преподавании вводной главы по термодинамике в школе», что подтверждает ее актуальность.

В этой дипломной работе объясняются роль и особенности преподавания главы «Введение в термодинамику» с помощью набора электронных средств.

Цель исследовательской работы : Разработать набор электронных инструментов для преподавания вводной главы по термодинамике в курсе химии в средней школе и разработать методику их использования на уроках.

Объект исследования : процесс обучения химии в средней школе.

Предмет исследования : Разработка набора электронных инструментов, используемых при преподавании главы «Введение в термодинамику» в школе.

Задачи исследования :

1. Сбор информации из научно-педагогической литературы по использованию электронных средств при изучении вводной главы по термодинамике, знакомство с лучшими практиками;

2. Разработка набора электронных средств для улучшения знаний школьников вводной главы термодинамики в химии;

3. Разработка методики обучения школьников введению термодинамики в химии с использованием электронных средств;

4. Проверить введение в термодинамику в химии в ходе педагогического эксперимента по методике обучения с использованием электронных средств.

Методы исследования : теоретический (аналитико-синтетический; сравнительный, индуктивно-дедуктивный анализ), эмпирический (опрос, наблюдение / педагогический эксперимент, педагогическая деятельность) при выполнении исследовательской работы.

ABSTRACT

Relevance of the topic . In the school chemistry course, the introductory chapter on thermodynamics is taught as a separate topic in each class. This chapter is taught using the traditional teaching method. This does not mean that traditional learning plays an important role in raising children's interest. But the need for traditional training cannot be ruled out. The only thing that can be said about the growing interest of students is the need to use electronic systems and new technologies.

Therefore, the search for the most effective educational technologies is relevant in connection with the contradictions between the level of e-learning today and the extent to which they can be used in teaching chemistry. There are also contradictions due to the lack of computerization of education and the widespread introduction of computer training programs for them, on the other hand, the lack of theoretical development and methods of using electronic means in teaching chemistry at school. The rationale for choosing a research topic for such protests was "Development of a set of electronic tools used in teaching an introductory chapter on thermodynamics in high school", which confirms its relevance.

This dissertation explains the role and features of teaching the Introduction to Thermodynamics chapter using a set of electronic tools.

The purpose of the research work : to develop a set of electronic tools for teaching an introductory chapter on thermodynamics in a chemistry course in high school and to develop a methodology for using them in the classroom.

Object of research : high school chemistry learning process

Subject of the study : Development of a set of electronic tools used in teaching the chapter "Introduction to Thermodynamics" in high school.

Research objectives :

1. Collecting information from scientific and pedagogical literature on the use of electronic means when studying the introductory chapter on thermodynamics, acquaintance with the best practices;

2. Development of a set of electronic tools to improve the knowledge of students of the introductory chapter of thermodynamics in chemistry;

3. Development of a methodology for teaching students the introduction of thermodynamics in chemistry using electronic means;

4. Check the introduction to thermodynamics in chemistry during a pedagogical experiment on teaching methods using electronic means.

Research methods : theoretical (analytical-synthetic; comparative, inductive-deductive analysis), empirical (survey, observation / pedagogical experiment, pedagogical activity) when performing research work.

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер
8
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтама, белгілеу және қысқартулар
8: 9
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
8: 10
: 1
Нормативтік сілтемелер: Орта мектепте химиялық білім беруде электрондық құралдар туралы түсінік қалыптастыру
8: 14
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер: Жаңа буынды оқытуда электрондық құралдарының әдістемелік кешені
8: 14
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер: Электрондық құралдарын қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
8: 16
: 1. 3
Нормативтік сілтемелер: Оқу үрдісіндегі гипермәтіндік және мультимедиялық ақпараттық технологиялар
8: 19
: 1. 4
Нормативтік сілтемелер: Электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың ұтымдылығы және жіктелуі
8: 23
: 1. 5
Нормативтік сілтемелер: Ақпараттық білім беру үдерісінде электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың дидактикалық шарттары
8: 26
: 2
Нормативтік сілтемелер: Орта мектепте химиялық термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін әзірлеу әдістемесі
8: 31
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Орта мектепте «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытуда қолданылатын электрондық құралдарды пайдаланып оқыту әдістемесі
8: 36
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер: Орта мектепте химия пәнінен «Термодинамикаға кіріспе» тарауын электрондық құралдарды пайдаланып отырып оқыту бойынша жүргізілген педагогикалық экспериментті саралау және талдау
8: 62
: 3
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
8: 67
: 4
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер
8: 68

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:

1. 1 ҚР «Білім туралы» Заңы;

1. 2 ҚР МЖМБС 01. 09. -2009 «Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»;

1. 3 5В011200-«Химия» мамандығының 6. 08. 067-2010, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011жылғы «08» тамыз №349 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты;

1. 4 5В011200 - «Химия» мамандығының типтік оқу жоспары;

1. 5 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық саясат басқармасы 12. 10. 2020 жылғы №2 хаттамасымен бекітілген, дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулығы (Жаратылыстану - педагогикалық бағыт бойынша) ;

АНЫҚТАМА, БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы дипломдық жұмыста сәйкес анықтамалар бойынша келесі терминдер қолданылады:

  1. ҚР МЖМБС - «Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты»
  2. АОЖ - автоматтандырылған оқыту жүйелері
  3. ЭОҚ -Электрондық оқыту құралы
  4. СОЖ - сараптамалық оқыту жүйелері
  5. ЗОЖ - зияткерлік оқыту жүйелері
  6. ҰМЖ - ұзақ мерзімді жоспар
  7. ҚМЖ - қысқа мерзімді жоспар

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта орта мектептің білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Өйткені біз өмір сүріп келген жүйе үнемі қарқынды даму үстінде болып отырған қоғамның қатал сұраныстарына жауап бере алмайды. Жалпы білім беретін орта мектептің білім беру мазмұны және оны оқыту барысы оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыра алмады.

Тұңғыш Елбасымыз «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөлiктен тұруға тиiс деп оны талдап бердi. Оның бiрiншiсi - орта мектепте бiлiм беру жүйесiн инновациялық даму жолына түсудi қарастырады. Дәстүрлi бiлiм беру әдiсi шәкiрттердi заманауи ақпарат және бiлiммен мейiлiнше мол ауқымды қамтамасыз етудi алға қоюды қарастыралмай келеді. Қазiргi кезде әрбiр сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен бiлiмнiң ағынынан өзiмiзге керектiсiн iрiктеп алу - оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа еңгiзу мәселесi күн тәртiбiнен түспеуi керек. Сондай-ақ, жаңаша ойлауды да ұмытпауды еске сала келiп, бұл үшiн жаңа әдiстемелер, әдіс-тәсілдер және оқыту формалары қажеттiгiн айтты.

Осыған орай қазіргі заманда бiлiм берудi компьютерлендірудің негiзгi көзделген мақсаты Қазақстан Республикасында бірегей бiлiмдiк заманауи ақпараттық ортаны жасау болып табылды. Осы орайда, бiлiм саласында жаңаша ақпараттық технологияны пайдалануға, біздің мемлекетімізде инновациялық әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен бірлесуге мүмкiндiк бередi.

Білімді әрі жаңаша адамдар - бұл ХХІ ғасырдың адамзат дамуының негізгі қозғаушы бағыты. Ал білім алушының жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасы бар тұлға болып қалыптасуы, оның ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады. Қазіргі заманауи мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, педагогикалық технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы керек, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінің жауапкершілігіне жүктеледі. Бүгінгі таңда қоғамдағы адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы болашақ тұлғаның білім алуында өте маңызды рөл атқарады, өйткені - жаңа ғылыми-техникалық ақпараттардың көлемі қарқындап өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең алдымен жас балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын қолдана отырып, жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастырады.

«Қазіргі заманғы жас жеткіншектер ақпараттық технологиямен тұспа-тұс әлемдік стандартқа сәйкес келетін жаңа білім беру өте қажет» деп тұңғыш президентіміз Елбасы атап айтқандай, еліміздің жас ұрпақтарына білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне пайдалану және оның тиімділігін жетілдірудің мәні зор. Өйткені, ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асырады. Оқушы - оқу үрдісінің басты субъектісі, сол себепті жас ұрпақтың жетілуіне, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы оқу үдерісіне жүйелеу және түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқытудың әдіс-тәсілдерінің үйлесімділігінің нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мектеп химия курсында, термодинамикаға кіріспе тарауы жеке - жеке тақырып болып әр сыныптарда оқытылып келеді. Аталмыш тарауды оқыту барысында дәстүрлі оқыту әдісі қолданылуда. Дәстүрлі оқыту балалардың қызығушылығын арттырудан үлкен рөл атқарады деп айтуға келмейді. Бірақ дәстүрлі оқытудың қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды. Тек білім алушылардың қызығушылығы артуына электронды кешендердің, жаңа технологияның көмегіне жүгінудің қажеттілігін айтуға болады.

Сол себепті бүгінгі электрондық білім беру дәрежесі және оларды химияны оқытуда пайдалану шамасының арасындағы қарама-қайшылықтарға қатысы білім берудің анағұрлым ұтымды технологияларын іздестіру көкейтесті мәселе болып саналады. Сондай-ақ оқу-ағарту саласының жетік және оларға арналған компьютерлік оқыту бағдарламасының көптеп енуі, екінші жағынан мектепте химияны оқытуда электрондық құралдарды қолдану мәселесі теориялық жағынан әзірленіп, әдістемесінің жасалмағандығынан пайда болған қайшылықтар бар. Осындай наразылықтарды зерттеу тақырыбын «Орта мектепте - Термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда қолданылатын электрондық құралдар кешенін әзірлеу» деп таңдауымызға негіз болды және оның көкейкестілігін дәлелдейді.

Бұл дипломдық жұмыста электрондық құралдар кешенімен «Термодинамикаға кіріспе» тарауын оқытудағы рөлі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Зерттеудің обьектісі - Арал ауданы №220 орта мектебінің 10-сынып оқушыларын химиялық бөлімге байланысты оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - орта мектеп химия пәні.

Зерттеудің мақсаты - орта мектеп химия курсында термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін әзірлеп, сабақта пайдалану әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектеп химиясында термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін пайдалануды жандандыруға бағытталған әдістемелік ұстанымдар мен тиімділік шарттары айқындалса, онда білім алушылардың білім сапасын жақсартуға мүмкiндiк туады, өйткенi заманауи оқыту түрлерін пайдалану әрбір білім алушының мүмкіндіктерін ескереді және өзiндiк әрекетке басымдылық бере отырып ұйымдастырылады.

Зерттеудің мақсаты мен ғылыми болжамына сәйкес мынандай негізгі міндеттер алға қойылады:

  • Термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электронды құралдар кешенін қолдану туралы ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауы туралы білімдерін жетілдіру барысында электрондық құралдардың кешенін әзірлеу;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын электрондық құраладарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесін дайындау;
  • Химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын электронды құралдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесін қойылған педагогикалық эксперимент барысында тексеріп көру.

Педагогикалық зерттеуге қойылған міндеттерді шешу барысында мынадай зерттеудің әдістері мен түрлері пайдаланылды:

1. Теориялық бөлімде: ғылыми-педагогикалық, психология-педагогикалық ғылыми әдебиеттер мен ғалымдардың педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау, білім берудің қазіргі жаңаша өрбіген қоғамдағы даму стратегиясына арналған құжаттармен танысу, оқыту үдерісін жобалау;

2. Практикалық бөлімде: Қазақстан Республикасындағы орта мектептердегі химия пәнінің оқытылуының жай-күйін анықтау, педагогтардың озық іс-тәжірибесімен танысу;

3. Зерттеу жұмысында педагогикалық эксперимент жүргізу, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент нәтижелерін арнайы бақылу және сұрыптау. Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным, адам әрекеттерінің теориясы, оқытуды гуманизациялау идеясы, адам мен қоғамның қоршаған ортамен бірлігі және қарым-қатынасы туралы диалектикалық ғылыми ілім.

Зерттеудің жетекші идеясы - қазіргі таңдағы жоғары білімді, білікті, әрекеттің әртүрлі сферасында жаңа талаптарға сай өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетiн іс жүзіне асыра алатын іскер тұлғаны дамыту.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері : теориялық-әдіснамалық қағидалар; материалистік диалектиқалық негізгі заңдар; табиғаттағы сабақтастық туралы философиялық қағидалар; химиялық, физиқалық білім беретін құжаттар жиынтығы.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республиқасы Білім және ғылым министірлігінің оқу-тәрбие үдерісіне байланысты құжаттары, электронды кешендері, әдіскерлер мен мұғалімдердің озық тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (аналитиқалық-синтетикалық; салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау/педагогиқалық әксперимент, педагогиқалық іс- әрекет) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • Термодинамикаға кіріспе тарауын оқытуда электрондық құралдар кешенін қолдану туралы ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден мәліметтер жинақталып, сабақта түрлі электрондық құралдардың пайдалану жолы теориялық тұрғыдан негізделді;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауы туралы білімдерін жетілдіру барысында электрондық құралдардың кешені әзірленді;
  • Білім алушылардың химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын электрондық құраладарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесі дайындалды;
  • Химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын электронды құралдарды пайдалана отырып оқытудың әдістемесі педагогикалық эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: орта мектепте химия пәнінен термодинамикаға кіріспе тарауын электрондық құралдарды пайдаланып оқытуға байланысты әдістемелік ұсыныстар енгізіледі.

Зерттеудің құрылымы: Диплом кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІСТІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1. 1 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАР КЕШЕНІНІҢ РӨЛІ

Қазіргі қоғамдағы адамзат өркениетінің жаңаша дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа кезеңі, сол себепті, адам өмірі мен жасайтын іс-әрекетінің барлық салаларына оқудың электрондық құралдарының енуімен баяндалады. Бұл үдеріс адамзат өмірінің тұрпатын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына көшудің іргетасы мен материалдық негізі болады.

Елімізде электрондық құралдар арқылы білім беруді пайдалану мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасы барысында жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру бәсекелестікке қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастырудың маңызды механизмі ретінде еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауларында толық көрсетілген.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқындап дамуы ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың басты және шешуші бағыттарының біріне айналды. Жалпы, сала аралық деңгейде көптеген жаңа технология бағыттары зерттелді, құрал-жабдықтарды дамытып, даму мен прогрестің түйінді мәселелерін шешуде басты шешуші рөл атқарады.

Заманауи қоғам дамуы барысында ақпараттық мәселелердің бірқатар ерекшеліктері байқалады: жаһандық әлемдегі ақпараттық ресурстарды пайдалануға бағытталған зияткерлік ғылыми еңбектің жоғары маңыздылығы, біріккен ғылыми-зерттеудің міндеттерін шешу мен ортақ жобаларды жүзеге асырудағы мықты мамандар мен шығармашылық ұжымдар арасында қол жетімді және жылдам қарым-қатынасты жүзеге асыруға деген зор қажеттілік, ғылым, техника, білім беруді толық қамтитын үдерістердің интегративтік сипаты қарастырылады [1] .

Қазіргі қоғамда адамзаттың кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерінің деңгейлерінің үздіксіз көтерілуі ақпараттандыру үдерісімен сипатталады. Ғылыми және өндірістік технологиялармен салыстырғандағы ғылыми-техникалық дамудың жаңа саласы ретіндегі электронды құралдардың негізгі сипаттамалары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Электронды оқулық студент үшін дайын материал
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Электронды оқулықтардың құрылымы
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz