Сыртқы саралап оқыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Төлешева Ғазиза Оразбекқызы
Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесі

Дипломдық жұмыс
5В011200- Химия

Қызылорда, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қорғауға жіберілді
_______________ кафедра меңгерушісі
PhD, аға оқытушы Тоқтағанова Г. Б.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесі
5В011200- Химия

Орындаған: Төлешева Ғазиза
Ғылыми жетекші Абызбекова Г.М.
х.ғ.к. қауымдастырылған профессор м.а.

Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қорғауға жіберілді
Биология, география және химия
кафедрасының меңгерушісі
_______________ PhD , аға оқытушы Тоқтағанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесі
5В011200- Химия

Орындаған студент ________________ Төлешева Ғ.О.

Жетекші ________________ Абызбекова Г.М.

Норма бақылаушы _______________ Жұмаділдә Н.Б.

Қызылорда, 2021ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Жаратылыстану институты
Биология, география және химия кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ТАПСЫРМА

Студент: Төлешева Ғ. О.
Жұмыс тақырыбы: Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесі

13 қазан 2020 ж. № 945-с бұйрықпен бекітілген

Аяқталған жұмысты өткізу уақыты_____________________________ ______________________________

Жұмысқа берілген мәліметтер ___________________________________ ____
___________________________________ _______________________________
___________________________________ _______________________________
Жұмыс мазмұны (дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі): ___________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______
___________________________________ _______________________________
Графикалық материалдар тізімі (міндетті плакаттарды нақты көрсету): ___________________________________ _______________________________
___________________________________ ______________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
___________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ _______
___________________________________ _______________________________
Тапсырманы беру уақыты ___________________________________ __________
Кафедра меңгерушісі _________________ Г.Б.Тоқтағанова
Жетекші ______________ Абызбекова Г.М.

Тапсырманы орындауға қабылдаушы ________ Төлешева Ғ. О.

Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
Тақырып: Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесі

Реттік №
Кезеңдер атауы
Орындау мерзімі, ескерту
1
Тақырып бойынша әдебиет таңдау, оқу

2
Жұмыс жоспарын жасау

3
Тәжірибелік мәліметтер жинау және қалыптастыру

4
Теориялық және тәжірибелік мәліметтерді талдау, зерттеу тұжырымдамасын жасау

5
Нәтижелерді қорытындылау, ұсыныстар беру

6
Рәсімдеу, таза түрде жазу, графиктер, диаграммалар, кестелерді орындау, пікір және сын-пікір алу

7
Жұмысты кафедраға өткізу

Тапсырманы беру уақыты ________________________________

Жетекші ______________ Абызбекова Г.М.

Тапсырманы орындауға
қабылдаушы _________________ Төлешева Ғ. О.

Аннотация
Актуальность темы. Для школьников химия становится незаменимым замком. Они не могут понять урок химии, понять текст задачи, различить и связать понятия, необходимые для получения заданной информации и поиска, составить уравнения реакций, тщательно выполнить эксперименальную работу, понять ее сущность и определить модель. Многие не задумываются, не стремятся к уроку, не проявляют равнодуши и продалжают помогать учителю. Важнейшей главой химии 11 класса является необходимость дифференцированного изучения темы карбонилные соединения . По крайней мере стандартным путем необходимо повысить интерес учащихся к занятиям и повсить качество знаний.
Цель исследовательской работы: анализ преемственности в дифференцированном обучени между ступенями образования и формиравание эффективности преемственности на практике и теории. Сформулировать дидактические условия преемственности в формах и методах обучения, разработать теоритическую научно- методическую основу преемственности в непрерывной химияческой подготовке учащихся.
Объект исследования: процесс обучения химии в средней школе
Предмет исследования: тенденция к выполнению преемственности при уровнево- дифференцированном развитии раздела карбонильные соединения в 11 классе в средней школе.
Задачи исследования:
1. определение преемственности на уроках химии в дифференцированном обучении;
2. раскрыть роль химических методов и лабораторных работ в дифференцированном обуений;
3. дополнить традиционные виды занятий уровневыми заданями;
4. определить значение методики дифференцированного обучения главы карбонилные соединения на уроке химии.
Методы исследования: теоретический, аналитический анализ, опрос, наблюдение, педагогический эксперимент педагогическая деятельность при осуществлении исследовательской работы, методы обработки данных.

Abstract
Relevance of the topic.
The purpose of the research work:
Object of research:
Subject of the study: the
Research objectives:
Research methods

МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1
Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы

2
Орта мектептің 11-сынып химиясының Карбонилді қосылыстар тарауының мазмұнын талдау

3
Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқытудың әдістмелік моделі және оны жүзеге асыру әдістемесі

3.1
Карбонилді қосылыстар тарауының теориялық мазмұнын саралап оқытудың әдістемелік моделі

3.2
Карбонилді қосылыстар тарауының зертханалық- практикалық сабақтарын саралап оқытудың әдістемелік- дидактикалық моделі

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

4.1
Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқытудың тиімділігін тәжірибеден өткізу

4.2
Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқытудың тәжірибе нәтижелерін талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Нормативтік сілтемелер
Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы;
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент). Әдістемелік құрал. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 87 б.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған Химия пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Педагогикалық шеберлік орталығы. Химия және Жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016.
Қазақстан Республикасы Бiлiм жане ғылым министрiнің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған Жаратылыстану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Бiлiм жане ғылым министрi міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған Жаратылыстану пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейтестілігі: Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда химияпәні мұғалімдердің негізгі міндеті - ұлттық тілі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар, химияны жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету. Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап жететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді" делінген. Осыдан білім беру сатысында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы. Бүгінгі таңда мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең маңызды да, басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Диплом жұмысының мақсаты: білім беру сатылары арасындағы саралап оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз химиялық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық ғылыми-әдістемелік негізін жасау. Орта мектепте саралап оқыту технологиясы арқылы химияны оқытуда білім алушылардың білім сапасын арттырудың жолы ретінде саралау құралдарын қолдану әдістемесін жасау болып табылады. Орта мектеп органикалық химия курсының "Карбонилді қосылыстар" тарауын саралап оқыту технологиясын пайдалану әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Диплом жұмысының міндеттері:
- саралап оқытуда химия сабағындағы сабақтастықты анықтау;
- саралап оқытудағы химиялықреакциялар мен зертханалық жұмыстардың ролін аныктау;
-дәстүрлі сабақ түрлерін деңгейлік тапсырмалармен толықтыру;
-химия сабағында карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту әдістемесінің маңызын анықтау;
-орта мектеп органикалық химия курсының "Карбонилді қосылыстар" тарауын саралап оқыту әдістерін қолданудың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу пәні: Орта мектепте 11 сыныпта карбонилді қосылыстар тарауын деңгейлеп- саралап дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі. Орта мектепте негізгі мектеп химиясын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны , оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары. Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, орта мектепте оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегінегізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда негізгі мектептерде химияны сабақтастық негізінде дамыта отырып, оқытудың сапасын арттыра отырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалытастарар едік, өйткені химияны саралап оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзіреттілігін қалыптастыруда жағдай жасайды. Химияны оқытудың тиімділігіне саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әсерін анықтау.
Диплом жұмысының өзектілігі: Мектеп оқушылары үшін химия пәні алынбас қамалға айналып барады. Олар химия сабағын түсініп, есеп мәтінін ұғынып, берілген ақпарат пен табуға қажетті ұғымдарды ажыратып, байланыстырып, реакция теңдеулерін құрастырып, оны теңестіріп, тәжірибелік жұмыстарды мұқият орындап, оның мәнін түсініп, моделін айқындау қажеттігін көз алдарына елестете алмайды. Көпшілігі ой қорытып, сабаққа талпынбайды, немқұрайлық танытып, мұғалімге артып отыра береді. Содықтан 11 сынып химиясының маңызды тарауы карбонилді қосылыстар тақырыбын саралап оқыту қажеттігі туып отыр. Ең болмағанда стандартты жолмен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын алға дамыту керек.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Зерттеудің обьектісі: орта мектептің химиялық білімге байланысты оқу- тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыуда теориялық, аналитикалық талдау, сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент педагогикалық іс-әрекет, деректерді өңдеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау, зерттеу барысында алынған эмпирикалық деректерді талдау және синтездеу;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы:
орта мектепте химия пәнін оқыту кезінде саралап оқытуды дамыту технологиясының әдістер жүйесі талданды;
зерттеу материалдарын мектеп химия пәні мұғалімдерінің практикалық қызметінде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерін тәжірибелік тексеру педагогикалық практика кезінде Қызылорда облысындағы №50 Абай атындағы орта мектебі Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің 11- сынып оқушыларымен жүргізілді.
Зерттеудің тәжірибелік базасы - Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Бала би ауылы №50 Абай атындағы орта мектебі Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің 11- сыныбы. Зерттеу 2020-2021 оқу жылында жүргізілді және үш кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең - ізденіс кезеңі. Зерттелетін проблеманы теориялық талдау жүзеге асырылды, оның маңыздылығы мен ерекшелігі анықталды; оны шешу үшін қажетті тақырып, мақсат, болжам, міндеттер анықталды. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жүргізілді.
Екінші кезең - теориялық-жобалау. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес химиядан білім алушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық жағдайлар анықталды, білім алушылардың білім сапасын арттыру моделі әзірленді.
Үшінші кезең - тәжірибелік кезең. Ұсынылған гипотезаны тәжірибелік тексеру және әзірленген үлгінің тиімділігі тексерілді. Орта мектепте химияны оқытуда саралап оқытуды есепке ала отырып, білім сапасы көрсеткіштерінің сапа деңгейінің динамикасы анықталды, қорытындылар жасалды, нәтижелер пысықталды, дипломдық зерттеудің ресімделуі аяқталды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Орта мектепте химияны оқыту үдерісіндегі саралап оқыту технологиясы
Қазіргі таңда мемлекетіміздің білім беру жүйесінің алғашқы міндеттерінің бірі - оқытудың ұлттық модуліне өту арқылы оқушылардың білім дәрежесін халықаралық деңгейге көтеру.
Білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.
Деңгейлеп саралап оқыту дегеніміз - балаларды топтастыру және қалыптасқан топтарда оқу процесін басқаша құру үшін жеке тұлғаның жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескеру.
Біз қарастырып жатқан саралап оқытудың жүйелік негізін Л. Вьютский, А.Леонтьев, Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б. ғалымдар құрастырған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В.Давыдов, Л.Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде құрастырған. Деңгейлеп саралап оқыту - бұл оқушылардың бейімділігін анықтауға, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға оңтайлы жағдай жасауға бағытталған оқыту технологиясы.Саралап оқыту оқушыларды төменде көрсетілген критерийлердің біріне сәйкес топтарға бөлуді көздейді:
:: интеллектуалды даму деңгейіне сәйкес;
:: ойлау түрі бойынша;
:: темперамент бойынша;
:: қызығушылықтар мен бейімділіктер бойынша
Жүргізілген диагностика нәтижесінде бірнеше топтар құрылады. Мысалы, ақыл-ой дамуының деңгейі бойынша саралау кезінде оқушылар келесідей топтастырылады:
1. Танымдық белсенділігі жоғары оқушылар.(Олар жоғары дамығын шығармашылық ойлаумен, тұрақты зейінмен және жақсы жұмыс қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бұл студенттер ақпаратты тәуелсіз талдау және жалпылау дағдыларына ие.
2.Оқу қабілеттілігі орташа оқушылар. Аналитикалық ойлау деңгейінің төмендігіне байланысты олар оқуға аса қабілетті емес, бірнеше рет қайталап оқу олар үшін маңызды. Олар материалды мұғалімнің көмегімен анықтамалық схемаларды қолдана отырып игереді.
3. Оқу белсенділігі төмен студенттер. Олар баяулығымен, шаршағыштығымен, ынта-жігерінің болмауымен ерекшеленеді. Мұғалімдер тарапынан оларға жеке көзқарас қажет. Бұл оқушылар үшін қосымша тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмі, егжей-тегжейлі нұсқаулар қажет.

Саралап оқыту

Сызбанұсқа 1

Ішкі саралап оқыту
Сыртқы саралап оқыту

Мамандандырылған оқытумен байланысты. Профильдерге бөлудің негізі - оқушының өзін-өзі анықтауы, мұғалімнің ұсынысы, психологиялық диагностика
Интеллектуалды даму деңгейіне сәйкес бір сынып ұжымының студенттерін бөлу. Негізгі мектепте тиімді көп деңгейлі білім беру.

Сабақтың әр кезеңінде саралап оқыту әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту топ алдына шығып өз тұжырымын айта білу ойын қорғай білу қабілетін дамытады. Химия және жаратылыстану пәндерін оқытудың сапасын арттыру бүгінгі күннің басты мәселелерінің болып есептеледі. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шындау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Саралау тапсырмалары бойынша оқушылар өзін өзі таниды, сезінеді, химия пәніне деген қызығушылығы артып, сабаққа мол зейін қояды.
Саралап оқытудың басты бағытың бірі- тоықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау.
Орта мектепте саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мыеадай мақсаттар қою керек.
* Педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда даралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс- тәжірибесімен қаруланған болу керек
* Нақтылы бағдарлама жасау
* Материалдық базаның жеткілікті болуы
Саралап оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды.
Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу - білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Саралап оқыту негізіндегі педагогикалық технология
мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Саралап оқыту технологиясының мақсаты - әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы.

Сызбанұсқа 2
Саралап оқыту
Сабақтың мақсаты оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп құрастырылады
Ойлау деңгейлері,білу, түсіну, қолдану
тапсырма

нәтиже
Мұғалім бағыт-бағдар беріп, тапсырмалар дайындайды

Жеке жұмыс, топтық жұмыс

Диалог және қолдану

Оқытудағы нәтиже:
Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;
Үйренушінің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;
Үйренушінің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы.

Саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері
Осы уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан әдістемені қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жеткізуші рөлінен оқушыларды білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қалыптасқан әдістеме аясында тақырыпты меңгерту нақты улгерім деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді. Ал жаңаша оқыту технологиясы тақырыпты әрбір оқушының игеруіне (үлгеріміне байланысты емес) тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар: оқушының тақырып бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату. Бұлардың бәрі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты жүргізіліп отырады. Химия мұғалімі жаңаша оқытудың барлық кезеңін қамти отырып, оқушылардың әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналылық, болжалдық, мақсаттылық сипаттар береді. Демек, қалыптасқан әдістеме мен жаңаша оқыту бір-бірінен білімді ұйымдастыру, тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау,білім деңгейін көтеру жағынан ерекшеленеді. Екі әдістеменің негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі. Жаңаша оқытудың басты сипаты - мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да -нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Осыған орай дәстүрлі әдістемені жаңаша оқыту ұғымы ығыстырды. Химия пәнін саралап оқыту оқушыға: білім беру және оқу әрекетін жүйелі ұйымдастыру тұрғысынан қаралады. Саралап оқыту мемлекеттік стандарт талабына сай химия пәнінен жан-жақты білім беру, екіншісі - оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалауға үйретеді. Бұл жағдай 11 сынып оқушысының оқу әрекетінде өзін - өзі жете түсінуіне, өз бетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыруына, білім деңгейін анықтауына, білім деңгейін стандарт деңгейіне жоғарылатуына мүмкіндік береді.

2. Орта мектептің 11-сынып химиясының Карбонилді қосылыстар тарауының мазмұнын талдау
Орта мектептің 11-сынып жаратылыстану бағытының химиясы Карбонилді қосылыстар тарауында алты тақырыптан, екі зертханалық жұмыстан тұрады. Қарастыратын тақырыптары:
Карбонилді қосылыстардың құрылысы
Альдегидтер мен кетондарды алу
Альдегидтер мен кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары
Карбон қышқылының қасиеттері
Күрделі эфирлер және сабын
Майлар
Зертханалық жұмыс тақырыптары: 1. Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері (1-тәжірибе. Сірке қышқылының кейбір металдармен әрекеттесуі.
2-тәжірибе. Сірке қышқлының негіздермен әрекеттесуі.
3-тәжірибе. Сірке қышқылының спирттермен әрекеттесуі)
3. Күрделі эфир алу және оның қасиеттерін зерттеу
Кесте- 1

Сабақ тақырыбы
Пәндік мақсаты
Көрнекілігі
Тірек ұғымдар
1
Карбонилді қосылыстардың құрылысы

Карбонилді қосылыстардың құрылымын, изомериясын және номенклатурасын зерттеу. Оқушыларды осы қосылыстар класы өкілдерінің физикалық қасиеттерімен және олардың жабайы табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызымен таныстыру.
Интерактивті тақта, Презентация, карбонилді қосылыстардың құрылысын бейнелейтін анимация, карбонилді қосылыстардың қасиеттерін көрсететін видеотәжірибелер
Карбонил тобы,альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, құрылысы, номенклатурасы, изомерленуі
2
Альдегидтер мен кетондарды алу

Оқушылар альдегидтер мен кетондардың молекулаларының құрылымын, олардың номенклатурасы мен изомериясының түрлерін қарастыруы керек.
карбонил тобының құрылымдық ерекшеліктерін білу
Альдегидтердің химиялық қасиеттерін зерттеу.
Альдегидтер мен кетондарды алу жолдарын қарастыру
Интерактивті тақта, Презентация, Альдегидтер мен кетондардың қасиеттерін көрсететін видеотәжірибелер, Молекулалық конструктор бағдарламасымен жаттығулар
Тотығу, гидратация, кумол әдісі
3
Альдегидтер мен кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары

Оқушыларды альдегидтердің көміртегі тобымен байланысты химиялық қасиеттерімен, ацетальдегид мысалында альдегидтерді алу әдістерімен таныстыру; альдегидтердің физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды қолдану салаларын анықтау;
Интерактивті тақта, Презентация, минифильм,карточкалар, деңгейлік тест тапсырмалары
Альдегидтер, кетондар, қасиеттері, қолданылуы
4
Карбон қышқылының қасиеттері
Оқушыларды оттегі бар қосылыстардың жаңа класы - карбон қышқылдарымен таныстыру.
Презентация, сынақ тәжірибелік есептер, схема- графиктер, оқу фильмдері
Карбон қышқылдары, қасиеттері, эфирлену реакциясы, қолданылуы
5
Күрделі эфирлер және сабын
Мамандыққа деген қызығушылықты ояту үшін оқушылардың эфирлер, сабын туралы білімдерін кеңейтуге үлес қосу;
Химиялық заттар үлгілері, макеттер, интерактивті тақта, суреттер, диаграммалық көрнекіліктер
Күрделі эфирлер, құрылысы, изомерленуі, алынуы, қасиеттері, сабын, қолданылуы
6
Майлар
Эфирлердің физикалық және химиялық қасиеттері, эфирлену реакциясының механизмі туралы түсінік беру
Майлардың жіктелуін білу
Майларды өңдеуді және қолдануды білу
Интерактивті тақта, кесте- суреттер, плакаттар, Майлардың қолданылуы туралы видео
Майлар, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы

Берілген тақырыптар бойынша кітапта карбонилді қосылыстар тақырыбына қысқаша түсініктеме берілген. Карбонилді қосылыстардың құрылысы, альдегидтер мен кетондардың формуласы, молекулаларының модельдері изомерленуі мен номенклатурасы, карбон қышқылдарының жіктелуі, атаулары, спирттердің тотығуы, алкиндердің гидратациясы, физика- химиялық қасиеттері, қолданылуы, күрделі эфирлер және сабын, майлар, табиғатта таралуы, алынуы т.с.с. тақырыптар қарастырылған.
Қарастырылатын тақырыптар бойынша қолданылатын тірек ұғымдар:
Карбон қышқылдары- молекулаларында бір немесе бірнеше функционалды COOH карбоксил тобы бар органикалық қосылыстар класы.
Кетондар- молекулаларында карбонил тобы екі көмірсутек радикалымен байланысқан органикалық заттар.
Альдегидтер- құрамында альдегид тобы (-CHO) бар органикалық қосылыстар класы.
Изомерия- атомдық құрамы мен молекулалық массасы бойынша бірдей, бірақ кеңістіктегі атомдардың құрылымы немесе орналасуымен және нәтижесінде қасиеттерімен ерекшеленетін химиялық қосылыстар - изомерлердің болуынан тұратын құбылыс.
Гидратация- су молекулаларының молекулаларға немесе иондарға қосылуы. Гидратация - бұл еріткіштің ерекше жағдайы - заттардың молекулаларына немесе иондарына органикалық еріткіш молекулаларын қосу.
Күрделі эфирлер- құрамында оттегі бар органикалық карбон немесе бейорганикалық қышқылдар негізіндегі органикалық қосылыстар.
Жәй эфирлер- бұлар эфирлік иісі бар, мөлдір, түссіз сұйықтықтар. Олар өте ұшқыш және тез тұтанғыш.
Майлар- суда ерімейтін бірқатар химиялық заттардың немесе қоспалардың жиынтық атауы.
Альдегидтердің де, кетондардың да құрамында карбонил тобы болғандықтан, бұл екі қосылыс карбонилді қосылыстар деп аталады да, екеуін бірге қарайды. Химиялық қасиетін анықтайтын карбонил тобы болғандықтан, екеуінің қасиеттерінде де, алу әдістерінде де көп ұқсастықтар бар, бірақ карбонил тобының бір жағдайда бір органикалық радикалдармен және сутегімен байланысуы, екіншісінің екі органикалық радикалдармен байланысуы, екеуінің әр қайсысына әр түрлі ерекшеліктер береді.Альдегид және кетондар Карбонил тобы С=О екі қосылыста кездеседі. Егер карбонил тобы бір көмірсутек қылдығымен және бір сутек атомымен байланысса, оны альдегид деп атайды, ал карбонил тобы көмірсутек қалдығының екеуімен байланысса - кетон дейді.
Изомерленуі мен номенклатурасы. Халықаралық номенклатура бойынша альдегидтердің атаулары сәйкес көмірсутек атауларына аль жұрнағын қосу арқылы жасалады. Кейбір альдегидтер тарихи немесе сәйкес қышқылдардың атауларынан шыққан атаулармен аталады. Мысалы: HCHO метаналь (формальдегид, құмырсқа альдегиді), CH3-CHO этаналь( ацетальдегид, сірке альдегиді).
Кесте- 2. Карбон қышқылдарының атаулары
Химиялық формуласы
Жүйелік номенклатура бойынша
Тривиалды (дәстүрлі) номенклатура бойынша
HCOOH
Метан қышқылы
Құмырсқа қышқылы
CH3COOH
Этан қышқылы
Сірке қышқылы
CH3CH2COOH
Пропан қышқылы
Пропион қышқылы
CH3 CH2 CH2 COOH
Бутан қышқылы
Май қышқылы
CH3 CH2 CH2 CH2 COOH
Пентан қышқылы
Валериан қышқылы
CH3 (CH2)4COOH
Гексан қышқылы
Капрон қышқылы
CH3(CH2)5COOH
Гептан қышқылы
Энат қышқылы
C15 H31 COOH
Гексадекан қышқылы
Пальмитин қышқылы
C17 H35 COOH
Октадекан қышқылы
Стеарин қышқылы

Физикалық қасиеттері. Альдегидтер мен кетондар қатарының төменгі мүшелері суда жақсы ериді.Олардың қайнау температуралары сәйкес спирттердің қайнау температураларынан төмен болады. Метаналь (формальдегид)- түссіз, өткір иісті улы газ. Формальдегидтің 35-40% сулы ерітіндісі формалин деп аталады.Гомологтық қатардың қалған мүшелері- сұйық, жоғарылары- қатты заттар. Ацетон- ұшқыш сұйықтық.
Химиялық қасиеттері 1. Тотығу реакциялары. Карбонил тобындағы оттек атомы әсерінен альдегидтер С-Н байланысы бойынша тотығады. Егер таза сынауыққа күміс (I) оксидінің Ag2О аммиактағы ерітіндісін құйып, оған альдегид ерітіндісін қосып абайлап қыздыратын болсақ, сынауық қабырғасында күміс пайда болады. тотығу-тотықсыздану реакциясында альдегид қышқылға дейін тотығады, ал күміс тотықсызданады:
CH3COH + Ag2O=CH3COOH + 2Ag
Бұл реакция күміс-айна реакциясы деп аталып, альдегидтерді сапалық анықтауда қолданылады. Мыс (II) гидроксиді Си(ОН)2 де альдегидтер үшін тотықтырғыш болып табылады. Егер мыс (II) гидроксидінің көгілдір түнбасына альдегид ерітіндісін (сілтілік ортада) қосып қоспаны қыздырса, алдымен мыс (I) гидроксидіңің CuOH сарғыш, содан кейін мыс (I) оксидінің Сu2О қызыл тұнбасы түзіледі.
Қолданылуы. Формальдегид фенолформальдегид шайырын, бояулар, синтетикалық көксағыз және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Оның сулы ерітіндісі формалин органикалық заттарды, ағзалар мен организмдерді бальзамдауға, анатомиялық препараттарды консервілеуге, тері илеуге және залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылады. Ацетальдегид, негізінен, сірке қышқылын алуға және кейбір органикалық заттарды синтездеуге қолданылады. Құрамында 7-ден 16-ға дейін көміртек атомдары болатын жоғары альдегидтер хош иісті болғандықтан парфюмерияда кеңінен данылады. Ацетон және басқа кетондар лак, бояу және синтетикалық шайырларға жақсы еріткіш болып табылады.
Кесте 3
Тақырыпты оқытуда интеграциялау проблемасы
Р\с
Пәнаралық байланыс
Қолданылу аясы
1
Косметикада
Құрамында 7-16дейін көміртек атомы бар жоғары альдегидтер хош иісті болғандықтан парфюмерияда кеңінен қолданылады.Ацетон және басқа кетондар лак,бояу және синтетикалық шайырларға жақсы еріткіш болады.
2
Техникада
Формальдегид фенолформальдигид шайырын, бояулар, синтетикалық көксағыз және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Оның сулы ерітіндісі- формалин органикалық заттарды, ағзалар мен организмдерді бальзамдауға, анатомиялық препараттарды консербілеуге, пластмасса, тері илеуге және залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылады.
3
Тұрмыста
Сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Бакелит- бұл қатты ыдыс- аяқ, кофе қайнатқыштар, пышақтар т.б. сияқты тұрмыстық ыдыстарда қолданылатын қатты полимер.
4
Медицинада
Глутаральдегид, бензальдегид, салицилальдегид дезинфекциялаушы құрал ретінде, аяқтағы сүйелдерді емдеуде,дәрілік заттарды өндіруде, аспирин қышқылын синтездеуде қолданылады.
5
Биологияда
Өсімдіктерге және көкөністерге гермицид, фунгицид және инсектицид ретінде қолданылады.

4. Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқытудың әдістмелік моделі және оны жүзеге асыру әдістемесі
Педагогикалық жүйенің жұмыс істеу тиімділігін бағалау мәселесі (тар мағынада - оқу процесінің нәтижелілігі) қазіргі заманғы теория мен білім беру практикасы үшін аса өзекті болып табылады. Қазіргі білім беруде болып жатқан түбегейлі өзгерістер - білім беру парадигмаларын ауыстыру, оқытуға жеке-бағдарлы көзқарас, сабақ өту барысындағы жаңа технологияларды енгізу -- білім алушылардың білім сапасын арттырудың аса өзекті міндетін атқарады.
Орта мектептің оқу процесіне саралап оқыту технологиясын енгізумен оқу процесін жетілдіру және білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін осы ресурстарды қолдана отырып оқыту моделін әзірлеу міндеті туындайды.
Сызбанұсқа 3
Саралап оқытудың әдістемелік моделі
Білім беруші мұғалім
Жеке оқу материалы және әр оқушыға арналған жеке тапсырмалар. Әрбір оқушымен жеке қарым- қатынас.
Бейіндік оқытуға арналған
оқу материалдары

Оқушылар тобы
Оқушы оқушы оқушы
Мамандандырылған оқытуға арналған сандық білім беру беру ресурстарының жиынтығы
Сабақ аясында компьютерлік сыныпта жұмыс жасау
(45 минуттан көп емес, аптасына 3 реттен көп емес)
Ғаламтор желісіндегі мазмұндық материалдар мен қызметтер

Оқытушы- ұстаз
Білім материалдарын өз бетінше зерттеу
Ата- аналар
Электронды журнал
Оқу орнының (Мектеп) әкімшілігі
Оқытудың тиімділігін бақылау, орындалған тапсырмаларды тексеру
Тапсырма орындау



Саралап оқыту технологиясының ерекшелігі - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей жəне қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. Карбонилді қосылыстар тарауын саралап оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың маңызы зор. Себебі, мұғалім оқушының:
-білім деңгейін;
-жас ерекшелігі бойынша;
- жынысына байланысты;
- қызығушылығы бойынша;
- ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
- тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
- денсаулық деңгейін есепке ала отырып жұмыс жасауы қажет.
Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы əркелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы оқитындар жəне нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім балалармен сабақ жəне оның барлық кезеңдерді жаңа материалды түсіндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді. Осындай жағдайларға 11- сынып Альдегидтер мен кетондар тақырыбы бойынша деңгейлеп- саралап оқытуға арналған тапсырма үлгісі:
Кесте 4
Деңгейлер
Тапсырмалар
1-деңгей
* Альдегидтер деген не? Кетондар деген не? Мысал келтіріп, құрылысын салыстырыңдар.
* Бірнегізді, екінегізді карбон қышқылдарын ата.
* Этанолдың және пропанолдың тотығу реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар.

2-деңгей
* Мына спирттердің тотығу нәтижесінде түзілетін альдегидтердің құрылымдық формулаларын жазыңдар
пропил CH3CH2CH2OH
изопентил (CH3)2CH-CH2-CH2OH
бутил CH3CH2CH2CH2OH
* Мына қосылыстардың формулаларын жазыңдар
2-этильбутаналь,
3,4- диметилпентаналь
4-метилпентанон-2
* Өзгерістер тізбегінде химиялық реакция теңдеуін құрастырыңдар
Алкен- алкилгалогенид- спирт- альдегид
3-деңгей
1. Массалары 13,8г этанол мен 28г мыс(II) оксидін әрекеттестірді. Нәтижесінде массасы 9,24г альдегид түзілді. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы:70%
2. Күміс оксидін сірке альдегидімен тотықсыздардырғанда массасы 2,7г күміс түзілді. Тотыққан альдегидтің массасын есептеңдер. Жауабы: 0,55г
3. Көлемі 10мл метил спиртін (ρ=0,8 гмл) тотықтырып, нәтижесінде 120г 3% -дық формальдегид ерітіндісі алынды. Өнім шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 48%

Берілген тапсырма бойынша қандай деңгейдегі тапсырманы таңдау оқушылардың өз еріктеріне беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық минимумы қамтамасыз етіліп, сонымен қатар əр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады. Білімді тексеру кезінде саралау тереңдеп, кеңейіп, əр оқушының жеке табысқа жетуін есепке алуға ауысады.
Саралап оқытудың мақсаты: жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, яғни оның мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейіне негізделген білім беру процесін ұйымдастыру болғандықтан, оқушының даралығын көру және оны сақтау, баланың өзіне сенуіне көмектесу, оның барынша дамуын қамтамасыз ету үшін сабақ барысында оқытудың екі әдісін ұсынамын.
Саралап оқыту
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс

Топтық жұмыс ішкі саралаудың көптеген мүмкіндіктерін ұсынады. Топтық жұмыс кезінде тапсырманы орындау үшін сынып 3 - 8 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Көбінесе 4 адамнан тұрады. Тапсырма жеке оқушыға емес, топқа беріледі. Шағын топта оқушы өзінің бүкіл сыныппен жасаған жұмыстарға қарағанда анағұрлым қолайлы жағдайда болады. Шағын топтағы әңгімеде ол өз пікірін айта алады, өзінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес білім беру мәселелерін шешуге белсене қатыса алады. Белгілі бір жолмен біріктірілген топтар оқушы үшін қолайлы болады. Бұған, ең алдымен, мұғалімнің оқушының даму деңгейіне қарай құратын топтары жатады.(әдетте білім деңгейі немесе ақыл-ой қабілетіне байланысты). Мұндай жағдайларда күшті топқа қиынырақ, ал әлсіз топқа жеңілірек тапсырмалар беріледі. Топты оқушылардың өз қалауы негізінде құруға болады. Бұл жағдайда қызығушылықтары, жұмыс стилі және туыстас достықтары бар оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды.
Мұндай топта жұмыс жасау жеке қасиеттердің көрінуіне қолайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мұнда сіз топтарға өздері таңдаған тапсырмаларды ұсына аласыз. Алайда, топтық жұмыста белсенді оқушылар ыждағаттылығы енжар, әлсіз және жалқау оқушылар үшін тапсырманы өздері шешіп қойып жатады. Ондай кемшіліктерді болдырмас үшін біз кейбір оқушыларға жеке (өзіндік) жұмыс ұсынамыз. Мұндағы даралау негізінен оқушыларға бірдей тапсырмалар берілмейтіндей, бірақ оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыратын тапсырмалар, сонымен қатар оқушыларды сынып ішінде әр түрлі критерийлер бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
Сынып ішіндегі саралаудың кең таралған түрлерінің бірі- оқушылардың әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауы. Тапсырмалардың күрделенуі жұмыс түрлерінің күрделенуіне, тапсырманы орындау кезінде қажетті шығармашылық белсенділік деңгейінің жоғарылауына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым деңгейде студенттерге оқулықтағы абзацты оқып, сол бойынша негізгі ұғымдарды түсінгендерін айту ұсынылады. Ал орташа деңгейде - параграфты оқып, оған жоспар құрып , сұрақтар жасау болса, қиын деңгейде - тақырыпты оқып, аннотация беру және оқушының жеке жұмысын (ғылыми жоба) жасау тапсырылады. Сараланған тапсырмалар арасында әртүрлі бағыттағы тапсырмалар кең таралған: сабақ барысында кеткен қателіктерді жоятын, толықтыратын тапсырмалар және оқушылардың тақырып бойынша алдын ала алған білімдерін тексеретін тапсырмалар.
Оқушыларға сауалнама жүргізу тәсілдері
Көбінесе сабақтарда сауалнама жүргізу мақсаты оқушылардың біліміндегі олқылықтар мен кемшіліктерді іздеуге бағытталған. Бірақ бұл білім көрсеткіші мен мұғалімнің сабақ барысындағы қателіктерін қарастыру керек. Сауалнама барысындағы басты міндет - қолдау, көмек көрсету, үйрету.
Сызбанұсқа 4

1. Бірлескен сауалнама.
Мысалы: Тақтаға шақырылған оқушы тапсырманы орындай алмайды. Мұғалім сынып оқушылары арасынан бұл тапсырманы кім орындай алатынын сұрайды. Содан кейін өз еркімен тапсырма орындай аламын деген оқушылар арасынан бір оқушыны таңдап оған сыныптас досына көмектесіп, тапсырманы өзі орындай алатындай етіп үйретуін сұраймыз.
Немесе: біз оқушыны тақтаға шақырамыз, оған тақырып бойынша тапсырма ұсынамыз; содан кейін ол сыныптан өзіне көмектесе алатын жолдастарын таңдайды (1-2 адам), содан кейін олар барлық қажетті оқулықтарды, дәптерлерді алып, артқы үстелге барып отырады, содан кейін 15 минут дайындыққа уақыт беріледі. Дайындалып алғаннан соң оқушы оқытушыларының қатысуымен мұғалімге оқылған материалды тапсырады. Егер оқушы тапсырманы орындаса жақсы баға алады және сөзбен ынталандырады. Оқушыға көмектесуші жолдастарында бағалаймыз. Егер тәжірибе нәтиже бермесе, қанағаттанарлықсыз деген баға қойылмайды, мұғалім оқушының жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін басқа тәсілдер мен тапсырмаларды ұйымдастырады.

2. Өзара сұрақ.
Сынып ішінен "5", "4" және "3" - ке жауап береді деген оқушыларды топтарға бөліп, уш қатарға отырғызамыз. Әр қатарда отырған оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырмалар ұсынылады. Егер төменгі деңгейдегі оқушы сұраққа аз уақыт ішінде дұрыс жауап берсе, онда ол екінші деңгейге ауысады.
3. Жасырын сауалнама.
Бұл сауалнама сынып оқушыларының жартысы мұғалім берген тапсырманы орындап жатқан кезде орындалады. Яғни, тапсырма орындап жатқан оқушылардан басқа оқушылар, мұғаліммен бірге қатты дауыстамай сұрақ-жауаптан өтеді.
4. Қорғаныс парағы.
Оқушы сабаққа жиі дайындалмай келеді. Қаталдау мұғалім әр сабақтың алдында үй тапсырмасын тексереді. Егер ол тапсырманы орындамағанын мұғалім білсе жазаланады, ал егер мұғалім көңіл аудармаса тапсырма орындамаған оқушының бұл әрекеті сенімсіздік пен басқа да жағымсыз әсерлерді тудырады.
5. Мінсіз сауалнама.
Мінсіз сауалнама- бұл оқушылардың мұғалімге сұрағы болмаған кезде орындалады. Яғни, оқушылар өз- өздерін бағалайды және сабақтан түсінгендерін мұғалімге айтады.

Оқушылардың білім сапасын саралап оқыту технологиясымен арттыру моделі
Кесте 5

Мазмұндық - мақсаттық блок
Мақсатты компонент

Орта мектепте химияны оқыту процесінде саралап оқыту әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және пәнге деген қызығушылығын ояту

Саралау әдістері

Талдау(кейбір оқушылар үшін)
Қолдану(көпшілік оқушылар үшін)
Білу және түсіну(барлық оқушылар үшін)

Тақырып бойынша алатын маңызына негіздеме жасауда нақты дәлелдер ұсынып, өз тұжырымын береді
Тақырыпқа талдау жасап, идеясын ашады. Көтерген мәселені анықтай біледі.
Ұсынылған тірек сөздер мен суретті байланыстырып, тақырыпты болжай біледі

Мотивациялық компонент

Оқушыларды білім алуға, өздігінен ізденіп білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саралап оқыту
Саралап оқыту технологиясының мәні
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздемесі
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу негізінде орта мектепте информатиканы саралап оқытуды ғылыми негіздеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Педагогикалық жүйедегі сараланған оқыту деңгейлері
Пәндер