Сулы орта



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
AБAЙ AУДAНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
AБAЙ AТЫНДAҒЫ ЖAЛПЫ БІЛІМ БЕPЕТІН МЕКТЕП

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Су-тіршілік көзі

Бағыты: Бейорганикалық химия

Орындаған: 8 "А" сынып оқушысы Серік Айбол
Жұмыстың жетекшісі: Абишева Гульдана Толеубековна

Тoпap кенті, 2018
Мaзмұны
Кіpіcпе. Су

1.Негізгі бөлім
0.1. Сулы орта. Су ортасының айырмашылықтары. Жер асты сулары.
0.2. Табиғаттағы су айналымы. Суды тазарту жолдары.
0.3. Су - еріткіш.
0.4. Судың пайдалы қасиеттері.

Қopытынды

Пaйдaлaнғaн әдебиеттеp

Кіpіcпе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Судың адам өмірінде алатын орны туралы, қасиеттерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеті: судың табиғаттағы айналымы, суды тазарту жолдарын зерттеу, судың еріткіштік қасиетіне тоқталу. Сонымен қатар адам ағзасында алатын орны, оның жеке қасиеттерін зерттеп қана қоймай, рөлін анықтау, су мәселесін қарастыру.
Су─адам өміріндегі оттектен кейінгі екінші орын алатын маңызды қосылыс. Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иісінің бойында бар. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Сондықтан адам тамақсыз бірненше күн өмір сүре алады, ал сусыз с20 онша уақыт өмір сүруі мүмкін емес. Жер бетінің 23 (1,43 млрд км3) бөлігін су алып жатса 13 бөлігі ғана құрлыққа тиесілі. Сондай-ақ адамның, көптеген жан-жануарлардың 23 бөлігін, ал кейбір өсімдіктердің 45 бөлігі судан тұрады.

Мұхиттар мен теңіздерді, өзендер мен көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде кездеседі.Куйбіреулер қатты мұз да, газ сияқты жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады. Бұл-судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ түрінде кездеседі.
Су─сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларында тұрақтылығын сақтап қалатын химиялық қосылысы. Жер бетінде тіршілік бірінші болып сулы ортада пайда болған. Су─барлық тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Біржасушалы және көп жасушалы ағзалардың жасушаларындағы биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық физиологиялық үдерістердің қалыпты түрде өтуіне себепкер болады. Және көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер су болып табылады.
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су -- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

1.Негізгі бөлім
1.1. Сулы орта. Су ортасының айырмашылықтары. Жер асты сулары.
Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршітк ететін ағзалар жарьмсыз ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа -- гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді.[2] Сулы ортада ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп табуы -- толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы жүзеге асады. Көпшілігі жүзу кезінде әртүрлі жиіліктегі электр зарядтарын тудырып, шағылған электр импульстарын қабылдайды. Электр зарядтарын тудырып, оны өзінің бағыт-бағдар алуында және сигнал үшін пайдаланатьін 300-ге тарта балық түрлері белгілі Мысалы, тұщы суда тіршілік ететін су пілі балығы (Моrrуtus kannume) секундына 30 импульс жіберіп, су түбіндегі тұнбадан өзі қоректенетін омыртқасыздарды оңай табады. Импульстары секундына 2000-ға дейін жететін теңіз балықтары да бар. Кейбір қорғану көптеген шұңқырлы, ойық жерлерінде өзендердің тасуынынан, қатты нөсер жауыннан соң, қардың еруінен жіне тағы басқа жағдайларда уақытша көлшіктер, тоғандар пайда болады. Мұндай көлшіктерде де қысқа уақытта тіршілік ететін әт-түрлі гидробионттар кездеседі. Бұлардың ерекшелігі сол, аз ғана уақыт ішінде көбейіп, өзінен соң көптеген ұрпақтарын қалдырып келесі ылғал болатын уақытқа дейін тұнбаға көміліп иабиоз жағдайға түседі (кейбір шаяндар, планариилер, аз қылтанды құрттар моллюскалар, тіпті кейбір балықтар -- африка протоптерусы және оңтүстік америка лепидосирені). Көптеген майда организмдер құрғақшылық жағдайда циста түзеді (инфузорилар, тамыраяқтылар, кейбір ескекаяқты шаяндар, турбеллярий және т.б.).
Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.
Су ортасының жарық режимінің әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Жарықтың су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарықтың мөлшері аз болады. Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық , алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі. Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретің бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді. Үнемі қараңғылықта тіршілік ету немесе жарықтың жетіспеуі гидробионттардың көру мүмкіншіліктерін шектейді.
Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда.
Суды зерттеу. Гидрология. Су -- бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады.
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында -- су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады -- жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
:: Бірінші түрі жетекші деп аталады.
o Бұл -- жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
:: Екінші атауы -- артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
:: Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.

1.2. Табиғаттағы су айналымы. Суды тазарту жолдары.
Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен кар күйінде қайтып отырады.
Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады.
Табиғи суды сыртқы түріне қарап таза су деуге болмайды, себебі оның құрамында әртүрлі қосылыстар кездеседі . Судың құрамындағы қоспалар еритін және ерімейтін болып екіге бөлінеді. Әсіресе ірі қалалар мен өндіріс орындарына жақын орналасқан жерлердегі өзендерде, теңіздерде, су қоймаларында су көбірек ластанады.
Суды ерімейтін қоспалардан тұндыру және сүзу арқылы тазалайды, ал еріген қоспалардан айдау арқылы бөледі. Судың ластануы табиғатқа және ауыл шаруашылығына көптеген зиянын тигізеді.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.
Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
Полимерлі және төменмолекулалы лигандтармен Cr, Mo, W және Re иондарының комплекстүзу ерекшеліктері
Сұлы дақылының агротехнологиясын зерттеу
Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
Сұлы дақылының аурулары
Түбегейлі жақсартуға пайдаланылатын малазықтық біржылдық дақылдар
Полимерлі лигандтармен Pd2+ ионының комплекс түзуі
Сұлы дақылының технологиясы
ШҚО Абай ауданы жағдайындағы сұлы өсімдігінің аурулары, зиянкестері, арамшөптері
Сұлы және қарақұмық
Пәндер