Күздік көбелек
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Күздік көбелектің биологиясы, зияндылығы. Зиянкеске қарсы күресу шаралары.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2021 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қабыршаққанаттылар тобы
2.2. Көп қоректі қабыршаққанаттылар өкілі
2.3. Түн көбелек
2.4. Күздік көбелек
-Биологиясы, көбеюі, қыстауы, зияндылығы мен табиғи жаулары
2.5. Есептеу әдістері мен күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Энтомология-жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Ауылшаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді.
ХІХ ғасырдың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде энтомологиялық зерттеулер негізінен 2 бағытта жүргізіледі:
1. Жалпы энтомология (жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын)
2. Қолданбалы энтомология (ауылшаруашылық, орман, мал дәрігерлік болып бөлінеді)
Ауылшаруашылық энтомологиясы ауылшаруашылық дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді. Ауылшаруашылығы зиянкестері-қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Зиянкестер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.
Ауылшаруашылық энтомологиясының негізгі міндеті-зиянды насекомдар мен т.б. организмдердің зақымдау салдарынан ауылшаруашылық өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту. Ауылшаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты-оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкеске қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Ауылшаруашылығы зиянкестерімен күресу-мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді, микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды қолдану арқылы ж.ргізіледі.
Негізгі бөлім
2.1. Қабыршаққанаттылар тобы-Lepidoptera
Қабыршаққанаттылар-жәндіктер класының бір отряды. Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі.
Жер шарында кең тараған. Қабыршаққанаттылардың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.
Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында 1 жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде 3 жұп аяқтары мен 2 жұп қанаттары бар. Қанаттарының беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған). Бұл қабыршақтар көбелектің қанатарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әртүрлі болады. Қанаттарының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық маңызы бар. Құрсағында 2-5 қос жалған аяқтары болады.
Қабыршаққанаттылардың денесінің ұзындығы 3-8 мм-ден 200-300 мм-ге дейін, ең ірісі-Оңтүстік Америкалық қоңыр көбелек (жайғанда қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен-емен көбелегінің қанаты 12-15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Қабыршаққанаттылар өсімдіктердің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т.б. қоректенеді.
Қабыршаққанаттылар түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршаққанаттылардың дернәсілі-жұлдызқұрт. Қабыршаққанаттыларға тән ерекшелік-жұмыртқасының әртүрлі пішінді болуы.
Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы қабыршаққанаттыларда есту органы болатыны анықталған.

Көп қоректі қабыршаққанаттыларға қоңыр көбелектер немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасының бірқатар түрлері мен қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасының біраз өкілдері жатады. Көп қоректі қоңыр көбелектер кеміргіш қоңыр көбелектер және жер үстілік немесе жапырақ кеміргіш қоңыр көбелектер болып 2 топқа бөлінеді. (1-сурет)
1-сурет.
2.3. Түн көбелегі
Түн көбелектері (Noctuіdae) - қабыршаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 15 тұқымдас тармағына жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда шөлді аймақтардан басқа барлық жерлерде тараған 250-ден астам түрі бар. (2-сурет)
Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары-20-45 мм. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт-қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін ажыратуға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт-қоңыр немесе жасыл түсті болады. 3 жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.
2-сурет. Түн көбелек
Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары: жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т.б. дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды.
Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттардың 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді.
Түн көбелектерінің ең қауіпті түрлері:
-Күздік-Agrotis segetum Schiff.
-Лепті-A. Exclamations L.
2.4. Күздік көбелек
Күздік көбелек-күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т.б. өсімдіктер көгінің аса қауіпті зиянкесі.
Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығысында таралған.
Биологиясы. Денесінің ұзындығы 18-22 мм; ал қанаттарының өрісі 40-50 мм.(3-сурет) Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді және дөңгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен жиектелген. 4 ирек сызық қанаттың үстінде көлденең орналасқан. Олардың 2-і сына тәрізді таңбадан кесіп өтеді де, қалған 2-і бүйрек тәрізді таңбадан төмен жатады. Артқы қанаттары ақшыл. (4-сурет) Ұрғашыларының мұртшалары жіңіщке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ тарақ тәрізді болады. Қазақстанда күздік көбелектер Оңтүстікте жылына 3 рет, Оңтүстік-Шығыста 2 рет, ал Шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді.
3-сурет. Күздік көбелек
4-сурет. Күздік көбелек құрылысы
Көбеюі. Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5 мм, үстіңгі жанындағы қырларының саны 16-20. Жаңа салынған жұмыртқаның түсі сүттей ақ, 2-3 күн өткен соң оның сыртқы қабығында қызғылт шеңбер пайда болады. (5-сурет) Жұлдызқұрт шығар кезде жұмыртқа қараяды және жұлдызқұрттары денесі ақшыл, бас бөлімі қоңырлау болады. Олар 6 рет түлейді. І-ІІІ жастағы жұлдызқұрттар топырақ түсті сұр, жоғарғы жастағыларының эпикутикуласы жылтыр, арқасында бойлап орналасқан жіңішке қара жолақ бар, құрсағында 5 жұп аяқтары болады, маңдай тігістері желке шұқырында түйіседі. VI-жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 52 мм жетеді. Қабыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр, анальды бунағы 2 тікенекті.
5-сурет. Күздік көбелек дамуы
Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 200-ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе 3-5 топтап, жапырақ бетіне, қурап қалған сабаққа немесе топырақ кесектерінің үстіне орналастырады. Әсіресе егін шырмауығы сияқты төселме сабақты өсімдіктердің жапырақтарына салуды ұнатады.
Күздік көбелектің 1 жылда беретін ұрпақтарының саны мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына байланысты. Мысалы, Шымкент облысында 3, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облысында 2, ал Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 1 генерация беріп көбейеді.
Қыстауы. Күздің көбелек дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде орташа температура 10-нан жоғары көтерілгенде жұлдызқұрттар 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа райы жағдайына байланысты 2-4 жетіге дейін созылады. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр. (6-сурет)
6-сурет. Күздік көбелек жұлдызқұрты
Көктемде көбелектердің ұшуы, яғни қуыршақтан шығуы, орташа тәулік температурасы 15-17 болғанда байқала бастайды. Олардың ұшуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz