Жидекті дақылдар
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Агробилогия факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жидек дақылдарының биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2021 ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жеміс-жидек дақылдарына жалпы сипаттама
2.2 Жидек дақылдарының биологиясы мен морфологиясы
2.3 Басқа дақылдардан айырмашылығы
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жидек дақылдары адамзат тарихында өте ертеден белгілі және әр дақылдың өзіндік даму тарихы бар. Адам өз тіршілігінің барысында жеміс-жидек өсіріп, өндіруді меңгергенімен қазіргі уақытқа дейін өздерін осы дақылдар өнімімен толығынан қамтамасыз ете алмай отыр. Жалпы жидек дақылдарының көлемі ТМД елдерінде 140 мың гектар, оның ішінде негізгі жидек дақылдарынан қарақат 66 мың, бүлдірген 24 мың, таңқурай 20,1 мың, тұшала 20 мың гектар жерде өсіріледі. Қазақстанда жидек дақылдары қажетті дәрежеде өсірілмей отыр. Республикадағы жеміс-жидек дақылдарына жүргізілген 1985 жылғы соңғы санақ бойынша (қазіргі көрсеткіштер өзгеруі де мүмкін) жидек дақылдарының ауданы 7458 гектар, оның ішінде қарақат 2816 гектар, таңқурай 2259 гектар, бүлдірген 1392 гектар, тұшала 457 гектар, қара жемісті шетен 259 гектар, шырғанақ 289 гектар және сирек кездесетін жидек дақылдары 36 гектар жерді алып жатыр. Сонымен қатар жалпы өндірілетін өнім мөлшері де төмен, орта есеппен жылына 68 мың тонна, бұл көрсеткіш халық санына шаққанда қажеттілігімізді қанағаттандырмайды. Жидек дақылдарын республиканың барлық аймақтарында дерлік өсіріп-өндіруге болады.
Жидек дақылдарының өзіндік емдік қасиеттері бар:
Бүлдірген: Жапырағы мен жемісінің тұнбасын зәр қуғыш дәрмек ретінде, бүйрек пен бауыр тастарын шығару үшін пайдаланады: құрқұлақ (цинга), подагра (буынның ісініп ауруы) ауруларынан ем.
Таңқурай: Суық тиіп ауырғанда терлететін қасиеті бар. Бүйрек ауырғанда және асқазан бұзылғанда пайдалы.
Қарақат: Жапырақтарының құрамында С витамині мен эфирлі майлар бар. Оларды көкөніс тұздағанда дәмін шығаруға пайдаланады. Ақылмен істейтін және қара жұмыстан қатты шаршағанда, авитаминоздан емдеуге әрі алдын алуға қарақаттың жидегі мен жапырағын қолданады.
Тұшала: Таза піскен жемістері асқазан - ішек жолдары ауырғанда, зат алмасу бұзылғанда, әсіресе артықша толғанда (салмақ қосқанда) пайдалануды дәрігерлер ұсынады. Сондай-ақ бүйрек пен қуық ауруларында, қаны аздықтан, қан тамырларын нығайтуға, кейбір тері ауруларынан және авитаминозда асқа пайдалануға ұсынады.
Негізгі бөлім

Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді:
I. шекілдеуікті
II. сүйекті
III. жидекті
IV. жаңғақты
V. субтропикалық
VI. тропикалық
I. Шекілдеуіктілер тобы
Шекілдеуіктілер тобына жататын дақылдар (алма, алмұрт, беке, мушмула, шетен, долана, арғай т.б.) раушан гүлділер тұқымдасына, алмалық тармағына жатады. Жемісі нәрлі, алма тәріздес, дамыған қалың балдырлы келеді. Негізгі шекілдеуікті дақылдарының жемісі тасымалданғыш, әрі жақсы сақталады.
Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар, жеміс-жидек өсімдіктерінің 71,0%-ын құрайды. Бір гектардан алынған өнім мөлшері орташа 8-15 тоннаға жетеді. (сурет 1)
Сурет 1. Шекілдеуікті дақылдар
II. Сүйектілер тобы
Барлық сүйекті дақылдар раушан гүлділер тұқымдасына, алхорылық тармағына жатады. Олар шие, алхоры, шабдалы, алша, өрік, шомырт. Бұл дақылдарды біріктіретін негізгі белгі - жемісінде сүйек-шырынды қабатының болуы. Жемісінің сақталуы мен тасымалдануы, шекілдеуіктілерге қарағанда нашар, дәмді , қайта өңделеді. Шекілдеуіктілермен салыстырғанда өнімді ертерек (3-5 жылда) береді, аздау(20-80 жыл) өмір сүреді. Өнім мөлшері бір гектардан 5-10 тоннаға жетеді. (сурет 2)
Сурет 2. Сүйекті дақылдар
III. Жидекті дақылдар тобы
Жидек дақылдарына жататын өсімдіктер ( бүлдірген, құлпынай, таңқурай, бөрткен, қарақат, тұшала) әр түрлі ботаникалық тұқымдастар қатарына жатады. Бүлдірген, құлпынай, таңқурай, бөрткен - раушан гүлді, ал қара, қызыл, сары қарақат, тұшала тастескен тұқымдасына жатады. (Сурет 3)
Сурет 3. Жидекті дақылдар
Қарақат.
Қара қарақат орта ғасырларда емдік өсімдік ретінде белгілі болды. XVII ғасыр соңында Францияда және Италияда десертті дақыл ретінде өсіре бастаған, бірақта басты мақсат бұрынғы күйінде қала берген. XIX-ғасырда бұл дақыл өңдеуге қолайлығына байланысты өте жоғары бағаланған, сондықтан да оны Германияда көптеп өсіру қолға алынған. Дегенмен қара қарақат XX-ғасырда ғана кеңінен мәдени дақыл ретінде тарай бастаған. Ресейде қара қарақат ертерек пайда болды. Тарихи мәліметтерге қарағанда Киев қаласында қара қарақатты XI ғасырдың өзінде өсіре бастаған. Қарақат жидегінен қызыл шарап дайындаған. Мәскеу маңындағы бақтарда XVII- ғасыр басында қара қарақатты көптеп өсірген. (сурет 4)
Сурет 4. Қара қарақат
Қызыл қарақат емдік өсімдік ретінде XV-ғасыр аяғында Германияда, Францияда және Италияда пайдалана бастағаны туралы мәліметтер кездеседі. Кейінірек, XVI-ғасырда ол Англияда да белгілі болған. Голландияда табылған қызыл қарақат суреттеріне қарап, оны сол жерде өскен деп есептейді. Ресейде қызыл қарақат туралы деректер тек XVIII-ғасырда ғана пайда болған. (сурет 5)
Сурет 5. Қызыл қарақат
Сарғылт қарақат - отаны Солтүстік Американың Вашингтоннан Калифорния штатына дейінгі аралықтар мен Монтана, Колорада, Нью-Мексиканың жартасты таулары болып есептелінеді. Европаға сарғылт қарақат XVIII-ғасырдың бірінші жартысында басқа да бұта тектес өсімдіктермен бірге алып келінген. 1901 жылдан бастап оны құрғақшылыққа қарсы қорғау алқаптары ретінде кеңінен қолдана бастады. Сарғылт қарақат жидек дақылы ретінде кең тараған. (сурет 6)
Сурет 6. Сарғылт қарақат
Тұшала.
Алғашқы мәліметтер бойынша Франция әдебиеттерінде XIII-ғасырда кездеседі. Англияда ол туралы деректер XVI-ғасырдың ортасында пайда болып, XVI-ғасыр аяғы мен XVII-ғасырдың басында кеңінен тарай бастаған. Мұнда тұшала сүйікті ұлттық жидек дақылы болып саналған, әлі де солай бағаланады. XIX-ғасырдың басында бұл елде оның 1000-ға жуық сорттары өсіріле бастады. Италияда тұшала XVI-ғасырда тарала бастаған. Америкада еуропа тұшаласы кешірек пайда болды, мұнда алғашқы сорттарды Англиядан және Голландиядан жер ауып келген тұрғындар өзімен алып келген, бірақ ақ ұнтақ (сферотека) ауруымен қатты зақымданатын болғандықтан көп тарала қойған жоқ. Ресейде тұшала XVI-ғасырдан кең тарай бастады, әрі ескі сорттары жаңа тексерілген батыс еуропалық сорттармен ауыстырылып отырды. Бірақ XX-ғасырдың басында Ресейге тұшала егістеріне көп зиян тигізетін, Ирландиядан сферотека ауруын алып келді. (сурет 7)
Сурет 7. Тұшала
Бүлдірген.
Бүлдірген дақыл ретінде алғаш Францияда, Англияда, Италияда және Данияда өсірілді. Ресейде бүлдірген XVII-ғасырдан бастап тарала бастады. Бүлдіргеннің батыстан алып келінген ірі жемісті сорттарын Ресейде XVII - ғасыр аяғында өсіре бастаған. Ең көп таралған Франциядан шыққан Виктория сорты, бұрыннан келе жатқан ескі сорттар қатарына жатады. (сурет 8)
Сурет 8. Бүлдірген
Таңқурай.
Таңқурай жидегін адамдар өте ертеден пайдалана бастаған. Мәдени дақыл ретінде алғашқы деректер IV - ғасырдан белгілі. Дәлірек мәліметтер XVI - ғасырдан (Германияда және Англияда) бері берілген. Бұл кезеңдерде қызыл және ақ жемісті сорттары белгілі бола бастаған. Америкада таңқурай дақылы XVIII - ғасыр соңында белгілі бола бастады. Әрі осы уақыттан бастап бөрткен тәріздес қара таңқурай, ал XIX - ғасыр ортасынан қызыл-қоңыр таңқурай өсіріледі. Ресейде таңқурай дақылы XVII - ғасырда, Мәскеу түбінде, бояр Романовтардың бағын салған уақыттан бастап белгілі болды. (сурет 9)
Сурет 9. Таңқурай
IV. Жаңғақты
Жаңғақ өсімдіктері негізінен бұта тектес немесе үлкен ағаш түрінде өседі. Бұл дақылдардың басқа жеміс-жидек өсімдіктерінен айырмашылығы - жеуге дәні пайдаланылады. Жаңғақтар май мен белокқа өте бай. Олардың дәндерінде, тұқымдарында А, В, Е, Р витаминдері сондай-ақ дәні піспеген жаңғақта С витамині өте көп болады. Жаңғақ жемістілер ішінде өндірістік маңызы барлары: грек, орман жаңғағы және бадам. Бұл өсімдіктер негізінен Оңтүстік аймақтарда өсіріледі. Жыл сайын орта есеппен 50-60 мың т жиналады. Бірақ бұл өте аз, себебі жаңғаққа деген қажеттілік 600-700 мың т. (сурет 10)
Сурет 10. Бадам
V. Субтропикалық
Бұл топқа әртүрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер кіреді. Олар суыққа төзімсіз, жылусүйгіш және даму кезеңі ұзақ 6-7 ай. Кең тарағандары-лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут және т.б. Олар цитрус тегіне, аңызды тұқымдасына жатады. Олар мәңгі жасыл болып өсетін ағаш немесе бұта. (сурет 11,12)
Сурет 11. Лимон Сурет 12. Грейпфрут
VI. Тропикалық
Тропиктік жемістердің түрлеріне банан, манго, ананас және т.б. жатады. Тропикалық жемістердіңде адам ағзасына тигізетін пайдасы өте үлкен. Мысалы, банан құрамында 22-25 % көмірсулар, 14-22 % қант, 5-8 % крахмал және 1-1,5 % ақуыз, 0,5 % май, сонымен қатар минералды тұздар мен А,В,С,Р витаминдері бар. Ал манго тропикалық жемістердің ішіндегі ең тәттісі және ең жақсысы. Бұл жемісті "ұлы жеміс" немесе "тропикалық жемістердің патшасы" депте атайды. (сурет 13)
Сурет 13. Манго

Қарақат пен тұшаланың биологиялық ерекшеліктері
Қарақат Ribes Z тегіне, тасжарғандар (Sragaceae D.C.) тұқымдасына жатады. 150-ден астам жабайы түрі кездеседі. Бұл дақылдың ішінде көп тараған түрлеріне: қара (nigrum), қызыл (rubum), сарғылт, (aureum) ақ түстілері жатады. Оның ішінде кең орын алғаны қара қарақат. Қара қарақаттың сорттары негізінен екі (Еуропалық және Азиялық) түр тармағынан пайда болған. Қарақат биіктігі 2-2,5 м келетін көп жылдық бұта. Қара қарақат бұтасы 16-24, ал қызыл қарақат 10-15 дана әр түрлі жастағы бұтақтардан тұрады. (сурет 14) Бұл бұтақтарды қара қарақатта бес жылдан соң, ал қызыл мен сарғылт қарақатта 7-8 жылдан соң жылдық сабақтармен ауыстырып отырады. Алмасу өркендері, сабақтардың түбінде қалыптасқан бүршіктерден пайда болады. Неғұрлым балақ шыбықтар мол болса, соғұрлым түп берік болады. Олардың ең қуаттысы тамырға жалғас шыққандар. Түбір бұтақшалар (алмасу балақ шыбықтар) бірінші жылы қарқынды өседі де, келесі жылдары біртіндеп толастайды. Қарақат сорттары бұтасының өсу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді. Бірінші топ - бұтаның тармақталуы нашар, өркендерін қайта қалпына келтіру қасиеттері жоғары (Сентябрьская, Даниэля т.б). Екінші топ - бұтаның тармақталуы күшті, өркендерін қайта қалпына келтіруі төмен (Бесколский Великан, Память Мичурина т.б), ал үшінші топ - бұтасының тармақталуы мен өркендерін қайта қалпына келтіру орташа (Лия плодородная т.б). Қарақаттың барлық түрлері келесі бұтақшаларда жеміс салады: аралас, ұзындығы - 15 - 35 см, жемісті өркен - 10-15см, шоқ бүршікті және сақиналы бұтақшалар 2-3 cм - ден 4-5 см-ге дейін болады.
Сурет 14. Қызыл қарақат
Қарақаттың үш түрлі бүршіктері болады: бұйыққан - бұтақтардың түбінде қалыптасады, өркен бүршіктер - жазғы кезде сабақтардың қарқынды өсу кезінде қалыптасады, олардан көктемде күшті өркендер дамиды. Үшіншісі - гүл бүршіктер, аралас, генеративті және вегетативті мүшелерден тұрады.
Қарақат-таңқурай мен бүлдіргенге қарағанда ерте гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-20 күнге созылады. Гүлдегеннен 2 ай өткенде жидегі пісе бастайды. Жемісі - жалған көпдәнекті жидек. Қарақаттардың тамыр жүйесі жер қабатында негізінен 30-60 см - ге дейінгі қалыңдықта орналасады, тек жекелеген қаңқалық тамырлары 150 см тереңдікке жетеді.
Қысқа төзімділігі. Еуропа сорттары төзімсіз, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz