Қызанақ көшеттерін өсіру


Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Агробиология факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шараларыОрындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2021 ж
Жоспар
І. Кіріспе
1. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
2. Облыс, ауданның табиғи-климаттық жағдайы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дақылды өсіру технологиясы
2. Дақылда кездесетін зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштердің биологиясы, зияндылығы
3. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштермен кешенді күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауыл шарушылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Nematoda, немесе жұмыр құрттар класы Nemathelminthes типіне жатады. Нематода класы өкілдеріне тән ерекше қасиеттер бар. Нематодалар кеңінен таралған организмдер. Олар теңізді, тұщы суды және топырақты мекендейді. Көптеген нематодалар эволюциялық дамуында басқа организмдерге, облигатты немесе факультативті паразиттер болып бейімделген. Ғылыми деректер бойынша қазіргі кезде нематодалардың 500 мыңға жуық түрлері белгілі.
Кенелер Acari класс тармағына, өрмекші тәріздес Arachnida класына, хелицера - Chelicerata тип тармағына және буынаяқтылар - Arthropoda типіне жатады. Кенелердің өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарының қауіпті зиянкестері.
Кеміргіштер сүтқоректілер класының ерекше тобын құрайды. Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына, жайылымдықтарға және қоймадағы жем қоры мен азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді. Әсіресе, техникалық қызылша дақылын көп зақымдайды.
1. Тақырып бойынша әдебиеттерге шолу
Әліпбеков Н. Ж., Тоқтыбаев А. Е., Шағырбаева Ж Көкөніс өсіруші фермер анықтамалығы. Анықтамалықта көкөніс және бақша дақылдарының жалпы сипаттамасы, ауыспалы егістер мен топырақты өңдеу, арамшөптермен күрес жүргізу жүйесі, көкөністердің аудандастырылған сорттары, жабық жерлерде көкөністерді өсіру ерекшеліктері, көкөніс шаруашылығының өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, көкөністердің зиянкестері мен аурулары, олармен күрес шаралары жан-жақты баяндалған.
Бұл анықтамалық фермер шаруа қожалықтарының жетекшілеріне, агрономдарға, жоғары және орта оқу орындарының ауылшаруашылық мамандықтарының студенттеріне арналған.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының климаттық жағдайы.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңт-нде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Тәуліктік орташа температурасы 0ºС-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады. Облыстың территориясы аграрлық климаттық тұрғыдан мынандай аймақтарға бөлінеді:
-Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ облыс территориясының көп бөлігін қамтиды және онда Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері бар. Оған сондай-ақ облыстың орталық бөлігі де кіреді.
-Өте қуаң ыстық тау бөліктерлі аймағы. Оған Түркістан, Алғабас, Түркістан, Сайрам, Ленгір, Ленин аудандарының тау бөліктеріндегі бөлігі, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.
-Таулы аймақ- Қаратау жотасы және Батыс Тянь-Шаньнің тармақтары. Аймақ Түркістан, Созақ, Алғабас, Түлкібас, Ленгер және Ленин аудандарының таулы бөліктерінде орналасқан.
Негізгі бөлім
1. Қызанақты өсіру технологиясы
Қызанақ -алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағының биіктігі 30-40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі-екі не көп ұялы жидек, пішіні әр түрлі. Салм. 25-500 г, кейде 800-900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4, 5-8, 1% құрғақ зат, 3, 5-8, 5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20-25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1-2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150-200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12-15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сорттары бар. Ерте пісетін сорттары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т. б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т. б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т. б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т. б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады. (1-сурет)
Қызанақты әр түрде өсіруге болады. Жылда бір ғана сорт емес, бірнеше сортты алмастырып отырған дұрыс. Қызанақ - картоптың жақын туысы. Қызанақ күн шуағы мол түсетін ашық тыңайтылған жерде жақсы өседі. Көктемнің ортасында өскіндерді тұрақты жеріне әр өскіннің арасын 60 см, ал қатар аралықтарын 75 см қондырады, бұны түптеп егу дейді. Өскінге тіреу қажет, сондықтан да ағаш қадалар, керілген сым темір не ескен жіптер тарту керек. Топырақ ылғалды болу үшін, үнемі суғаруды тілейді. Қосымша қоректендіруді әр он күн сайын қайталап отыру керек. Күздің қара суығы түскенше өнім негізінен пісіп үлгереді. Пісіп үлгермегендерін тамыр сабағымен қоса жұлып алып қалқа жерге іліп қойса, сапасын жоғалтпай піседі. Қызанақты жинаған кезде гүл табанымен үзіп алу керек.
Қызанаққа көптеген аурулар мен зиянкестер әуес. Инфекциялық аурулардан қызанақтың қысқы ауруы, картофель өрнегі, сұр және жапырақты шіру, фитофтора. Зиянкестерден ақ көбелек, бит, қызыл торлы қандала, темір құрттар. Су жеткіліксіз болса қызанақ жарылып қақырап кетеді.
1-сурет. Қызанақ
Қызанақ тұқымын егіс алдында дайындау .
Біркелкі түқымдарды өндіру үшін механикалық жарақат алмаған, бактериялық аурулармен зақымданбаған, химиялық фумиганттармен өңделген түқымдарды егіс танаптарына себеміз. Қызанақтың . есуін, дамуын жақсартатын препараттармен және микроэлементтермен залалсыздандырамыз. Микроэлементтерден (В) 0, 01-0, 03% -дық сүйықтық, (Мо) 0, 0 1 0, 0 5 /о -дық
сүйықтық қолданылады. Бүл сүйықтықтармен қызанақ түқымдарын ылғалдандырып, одан кейін кептіреміз. Қызанақ түқымдарының жақсы өсіп
дамуы үшін түқымның өнгіштігін күшейтетін «Рост-5», «Рост-6 » препараттарын 0, 01%-дық мөлшерде қолданамыз.
Қызанақ көшеттерін өсіру.
Қызанақтан жоғары өнім алу үшін өте сапалы тамырлары, жапырақтары жақсы өсіп дамыған көшеттерді өсіруіміз керек. Жай полиэітилен пленкалар жабылған парниктерде немесе арнайы жасалынған жылыжайларда өсіріп дайындауымыз қажет. Көшеттерді өсіру кезінде жылы жайлардың температурасы +20-25' С болуы керек, одан кейін
күндізгі температура 15-18 С, түнгі уақытта 12-13° С болуы керек. Көшеттерді өсіру кезінде көшеттердің қатараралығы 5- 6 см болатындай етіп сиретуіміз керек және 3-4 рет арамшөптерден тазартуымыз керек. Күндізгі сыртқы ауаның температурасы 10 С-тан жоғары болса, жылыжайдың полиэтилен пленкасын ашып, кешкі мезгілде кайтып жауып отыруымыз керек, егер түнгі температура 18 С немесе одан жоғары болған жағдайда түнгі мезгілде көшетті ашық қалдыруымызға болады.
Қызанақ көшеттерін кешіріп егістік танаптарға егу.
Қызанақ көшеттерін ауаның температурасы 12-15 С болғанда Оңтүстік Қазақстанда сәуір айьшың
15-нен 25-сі аралығында кекеніс егілетін танаптарға отырғызамыз. Қатараралығы 70x90 см, есімдік аралығы 25-30 см етіп қызанақ көшеттерін
егіп отырғызамыз. Қол күшімен қызанақ көшеттерін егіп отырғызу алдында
қатараралыққа су жіберіп ылғалдандыруымыз қажет. 1 га егістік танаптарына
ең аз мелшерде 40 мың түп, жоғарғы мөлшері 55-60 мың түп аралығында кешеттер егіліп отырғызылады.
Қызанақты сақтау технологиясы.
Қызанақты 1 С температурада, ауаның ылғалдылығы 85-90% болғанда бір ай мерзімге дейін сақтауға болады. Толық
жетілген, бірақ қызарып үлгермеген қызанақты үсік шалмай түрып жинап үлгеру керек. Жиналған қызанақты қой. мада арнайы лотоктарға тізіп жайғастырады. Лотоктарды сөрелерге текшелеп жинайды. 10-12° С жылылықта түрып бір-үш ай сақталған қызанақ толық, пісіп жетіледі. Ауаның ылғалдылығы 80-85% . Қызарған қызанақты теріп алып отыру керек.
Өнімді жинап алу.
Қызанақ жемістерін жинап алу кезеңі бір жағынан сұрыптардың сипаттарына, екінші жағынан өсімдіктің өсіп-өну шарттарына, енгізілген тыңайытқыштардың құрамы мен мөлшеріне т . с. с. байланысты.
2. Қызанаққа зиян келтіретін нематодалар, кенелер, кеміргіштердің биологиясы, таралуы және зияндылығы.
Галла (беріш) түзіші нематодалар - Meloidogyne Goel .
Галла түзуші түрлі терілі нематодалар гетеродерит тұқымдасына жатады. Фитогельминттердің ішінде төрт беріш нематодалары: явандық, арахис немесе құмды, оңтүстік және солтүстік ауыл шаруашылық дақылдарға аса зиян келтіреді. Олардың дене құрылысы, өмір сүруі және өсімдіктерді залалдауы ұқсас болып, соңғы екі түрі Қазақстанда кездеседі. Нематодалардың бұл түрлері оңтүстік аудандарда далалық егістерде және жылыжайларда кең таралған.
Ал баска аймақтарда көбінесе ірі қалалар жанындағы жабық жайларда кездеседі. Зиянкестің жұмыртқалары мен дернәсілдері өсімдік тамырлары қалдықтарында тіршілігін жойған аналық нематоданың тері қабығың ішінде жіне топыраө астында қыстайды. Олардың дамуы көктемде топырақ температурасы 10-12 С жеткенде басталады. Дернәсілдер қыстайтын жерлерінен шығып, өсімдік тамырына еніп, біраз уақыт қоректеніп алған соң жыныс мүшелері жетілген ересек нематодаға айналады. Ауруға шалдыққан мәдени өсімдіктер әсіресе, қияр уақытынан бұрын солып, қурап қалады.
Қызанақ кенесі - Aculus (Vasates) lycopersici Massee.
Эриофиид кенелер тұқымдасына жатады. Қызанақ кенесі - олигофаг. Кенелер қызанақтан басқа картоп, бұршақ және тағы да басқа дақылдармен қоректенеді. (2-сурет) Зиянкес алдымен дақылдың сабағы мен төменгі жапырақтан зақымдайды, содан соң жоғарғы жапыраққа ауысады. Өсімдіктің сабағы жарылады, ал жапырақтары қарайып, артынан солып, түсіп қалады. Бұл кене қызанақ өнімділігін 30 - 50 пайызға кемітеді.
2-сурет. Олигофагтың қызанақпен қоректенуі
Зиянкес жабық жерлерде қыстайды, ал қолайлы жағдайда олар жыл бойы дамиды. Ашық жерлерге қызанақ кенесі көшеттер арқылы тарайды. Жоғарғы ылғалдылықпен жоғарғы температура кененің дамуын бәсеңдетеді, ал жоғарғы ылғалдылық пен төменгі температура, керісінше зиянкеске ұнамды. Бір ұрғашы кене 50 дана жұмыртқа салады. (3-сурет) Оның өмірінің ұзақтығы 40 күнге созылуы мүмкін.
3-сурет. Қызанақ кенесі
Аламан - Cricetus cricetus Linnaeus
Ел ішінде бұл кеміргішті алақоржын деп те атайды. Дене тұрқы 239 - 280 мм, салмағы 312 - 536 г. Арқасының жүні қызыл қоңыр, жауырыны ақ дақты, бауырының жүні - қара. (4-сурет)
4-сурет. Аламан
Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Шөлді және шөлейтті аймақтарда өзен, көлдердің жағасында тіршілік етеді. Қоныстарында ін қазып тұрақты тіршілік етеді. Тек жаз айларында азық іздеп қоныстарынан 2 - 3 шақырымға дейін кетіп қалады. Астық, көкөніс қоймаларында кездестіруге болады. Аламан інінің басқа кеміргіштерден айырмашылығы - індерінде азық қорын жинайтын қоймасы болады. Олар күндіз інінде жатып тек күндіз ғана тіршілік қоректеріне кіріседі. Әр түрлі азықтармен қоректенеді. Көбінесе көк шөпті, жемісті, мәденижәне жабайы өсімдіктердің тұқымы мен тамырын жейді. Қысқа қарай қоймасына 10 - 18 кг дейін азық қорын жинайды. Бұл кеміргіш ұзақ қысқы ұйқыға кетпейді. Аламанның ұрпақ беруі наурыздың аяғында басталады. Аламан жылына 2 - 3 ұрпақ береді. Аламан ауыл шаруашылығына аса қауіпті кеміргіштердің бірі. Астық егілетін аудандарда маусым сайын әр аламан 8 килограммға жуық астық дәнін немесе 15 - 18 кг көкөністі жейді.
Эверсман атжалманы - Allocricetulus eversmani Brandt
Дене тұрқы 150 мм, салмағы 95г. Түсі сарғылт-қоңыр, кеудесіне қара теңбілдері бар. (5-сурет) Шөлейтті және далалық аймақтарды мекендейді. Көбінесе егістік маңын, бау-бақшаларға жақын қоныстарды мекендейді.
5-сурет. Эверсман атжалманы
Азығын іздеуге түнде шығады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Қысқы ұйқыға кетпейді. Ұрпақ беруге ерте көктемде қар ерімей- ақ кіріседі. Жылына 3 - 4 рет балалайды, әр көбейген сайын 3 - 12 бала туады. Соқыр, жалаңаш жәрдемсіз туылған ұрпақтың салмағы 1, 3 г, денесінің ұзындығы 37, 4 мм. Атжалмандарды жыртқыш аңдар мен құстар және жыландар жем етеді.
Қаптесер - Mus muscules Zinnaeus
Сырқы пішіні. Дене түрқы 100 мм аспайтын ұсақ кеміргіш, салмағы 10, 5-31, 0 г. Реңі сұр-қоңыр, бурыл-қоңыр болып келеді. (6-сурет)
Таралуы және сан мөлшері . Адамдардың көмегімен дүние жүзіне таралған. Қазақстанда қаптесерлер барлық жерлерде кездеседі. Сан мөлшері көп.
6- сурет. Қаптесер
Биологиясы . Үйлерде, үй маңайындағы құрылыстарда және табиғи жағдайда тіршілік ете береді. Дала және шөлді аймақтарда өзен және көлдердің жағаларын мекендейді. Тіршілігінің негізгі ерекшелігі - маусымдық қоныс аударуы болып табылады. Көктемде үйлер мен кұрылыстардан далаға, бау-бақшаларға, егіс, көкөніс алқаптарына, күзде қайтадан құрылыска қайтып оралады. Үйлерде кабырғаны, еденді кеміріп, ін қазады. Негізгі тіршілігі түнде өтеді. Азығы тіршілік еткен ортасына байланысты. Үйлерде немесе астық қоймаларында мекендейтіндері нан мен астықты қорек етеді. Табиғи ортада өмір сүретіндері ауыл шаруашылығы дақылдары мен жабайы өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Қысқа аздап азық жинайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Қаптесерлер жыл бойы көбейе береді. Үйлерде, құрылыс алаңшаларында қыс айларында да өсіп жетілсе, ал далада бұл процесс тек жылдың жылы кезінде ғана өтеді. Қазақстанның солтүстігінде шағылысқаннан кейін 20 күн өткеннен соң 5-тен 14- ке дейін, оңтүстігінде 1-ден 11-ге дейін бала туады. Жаулары - барлық жыртқыш құстар мен аңдар. Қаптесерлер денесінде кенелер, бүргелер, паразит құрттар, кокцидиялар кездеседі. Сондықтан да олардың тулярямия, оба және т. б. ауруларды таратуға қатысуы ықтимал.
Шаруашылық маңызы. Тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы дақылдарына, үй мен коймаларға үлкен зиян тигізеді. Түрлі індеттер таратады. Жыртқыш андар мен құстардың негізгі қорегі.
Зорман - Citellus fulvus Lichtenstein, 1823
Сыртқы пішіні. Саршұнақтардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 23, 0-37, 0 см, салмағы 700-1600 г. Арқасының реңі құм түстес. сары-қара, қоңырлау болып келеді, бауыры ашық сарғылт. (7-сурет)
7-сурет. Зорман
Таралуы және сан мөлшері. Жайық өзенінен бастап, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Иранда жөне Ауғанстанда таралған. Ол Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейтті өңірлерді мекендейді. Зорман әсіресе, Ақтөбе (ЬІрғыз, Қарабұтақ аудандары), Қостанай (Аманкелді, Жанкелді аудандары), Қарағанды (Жезді, Ұлытау аудандары), Алматы (Жамбыл, Қарасай аудандары) облыстарында өте көп таралған. Жамбыл облысында Қордай, Шу, Меркі, Құлан және Мойынқұм аудандарында бұл кеміргіш көптеп кездеседі.
Биологиясы. Негізгі мекені - сазды топырақты шөлді қоныстар, құмды төбелер, шөлейтті жазықтар. Мал фермаларының маңайын, жол мен арық, сай-сала жиектерін мекендеуді ұнатады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Тұрақты және уақытша тұратын індері болады. Жатағынан таңертеңгілік және кешкілік мезгілдерде шығып жайылады. Негізінен шөптесін өсімдіктердің 30-40 түрімен қоректенеді. Олардың ішінде бағалы азықтық шептер - бидайық, бетеге, жусан, жабайы жуа, изен және т. б. бар. Сондай-ақ зорман құрғақшылық жылдары түрлі қоңыздарды, шегірткелерді, құмырсқаларды және бунақденелілердің тағы басқа түрлерімен қоректенеді. Зорман қыста ұйқыға кететін кеміргіш, ал құрғақшылық жылдары жазда да ұйықтайды. Батыс және Орталық Қазақстанда қысқы ұйқыдан наурыз айының екінші жартысында тұрса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда ақпанның аяғында оянады. Көктемде бірақ рет шағылысқан соң 30 күннен кейін 1 ден 9-ға дейін бала туады. Жалаңаш, соқыр, жәрдемсіз зорманның туылғандағы салмағы 15 г, денесінің ұзыңдығы 60 мм болады, 10 күннен кейін жүні денесін жабады. 22 күннен кейін көздері ашылады; 251 күнде зормандар інінен шығады. Бұл саршұнақтың жаулары - сасық күзен, шұбар күзен, түлкі, қарсақ, қасқыр, жамансары, тілеміш, қарақұс, бүркіт, кезқүйрық жөне т. б. жыртқыш хайуанаттар. Денесінде үй жануарларына және адамға ауру тарататын кенелердің 9 түрі кездеседі.
Шаруашылык маңызы. Зорман ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Ол бидай, қара бидай, арпаны, қарбыз, қауын, жүзім отырғызылған жас ағаштарды кеміріп, зақымдайды. Зорман саршұнақтар ішіндегі ең ірісі және терісі өте құнды кеміргіш болып саналады. Оны кәсіптік жолмен аулау наурыз-сәуір айларында өтеді. Республикамызда жыл сайын орта есеппен 450-500 мың зорман терісі дайындалады. Әрине, бұл көрсеткіш мүмкіншіліктен көп төмен. Ғалым мамандардың есебі бойынша Қазақстанда бұл аңның жылына 1, 0-1, 5 миллиондай бағалы терісін дайындап тұруға болады. Ол үшін аңшылық шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру мәселесін шешу қажет-ақ. Оның терісінен әйелдер мен балалардың сырт және бас киімдері тігіледі. Бұл аңның сондай-ақ, еті мен майы да сапалы.
3. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштермен кешенді күресу шаралары
Қызанақ нематодасымен күресу шаралары
Галла (беріш) түзуші нематодалармен күресу шаралары.
Әр түрлі беріш нематодалармен күрес шаралары үнемі жүргізіліп, олардың мекендейтін жеріне қарай жою жұмыстары ұйымдастырылады. Ашық жерлерде күресу шараларынан бірінші орында агротехникалық тәсіл, екінші- химиялық, ал жабық жайларда - керісінше. Агротехникалық тәсілдермен ерекше орын ауыспалы егіс үлесіне тиеді. Егіске 4 - 5 жылдық мерзіміне қабылдағыш дақылдары егуге болмайды. Өсімдік қалдықтарын ұқыпты жинап жою, күннің ашық мерзімінде өнімді жинап, топырақты аударып, оны 1 - 1, 5 ай бойы жақсы кептіру керек. Мәдени өсімдіктің өсіп - жетілуі кезінде оған мыс, марганец, және бор тыңайтқыштарын беру. Жабық жайларда топырақты бумен қыздырып соңынан тоңазыту, кейде оны түлегімен ауыстыру сияқтышаралар жүргізіледі. Көкөніс егілетін жабық жайларда топырақты беріш нематодаларынан зарарсыздандыру үшін 1% формалин, 94-100% базамид түйіршігі қолданылады.
Қызанақ кенелерімен күресу шаралары
Ауыспалы егісті ендіру және дақылдар егу кезегінің ретін сақтау, егістік танаптарды және олармен шектес арық бойы, жол жағаларында арам шөптерді жою, өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазалап, терең етіп сүдігер жырту.
Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) өрмекші кенені жою үшін егістердің айналасындағы арам шөптерді (1 шаршы метрьжерге келетін кененің саны 20 данадан асқанда) нитрофеннің 65% пастасымен (40-75 кг/га + 1000л су) бүрку қажет.
Кенелерге қарсы екінші, үшінші және одан кейінгі жою шаралары кезінде мынадай препараттарды қолдануға болады: аполло 50 % с. к. (0, 4-0, 6 л/га), актеллик 50% к. э. (0, 3-1, 5 л/га), Би-58 40% (1, 5-2, 5 л/га), вертимек 1, 8% (0, 3 л/га), данитол 10% к. э. (1-1, 5 л/га), золон 35% к. э. (2-3 л/га), неорон 50% к. э. (1, 5-2 л/га) . Жұмсалатын жұмыстық сұйықтықтың мөлшері 600 л/га.
Жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және сонымен қатар жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин ерітіндісімен (2, 5 л/га) және инсектоакарицидтердің біреуінің қоспасымен бүрку шараларын жүргізу қажет.
Зябь жырту, арықтар бойы мен жолдардың жағаларын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арам шөптерді құрту кененің санын азайтады. Агрохимикаттардан инсекто-акарицидтерді кеңінен пайдалануға болады.
Қызанаққа зиян келтіретін кеміргіштермен күресу шаралары
Жабық жайларда сұр тоқал тістілерден, егеуқұйрықтардан және қаптесерлерден зияндылық көбінесе көктемде байқалады. Бұларға қарсы улы еліктіргіштерді пайдаланады, оны жабық жайлардың шет- шетіне орналастырады. Еліктіргіш қалдықтардан мұқият жинап, оларды 60 - 70 см болатын топырақ астына көміп тастау керек.
Жабық жайларды мекендейтін кеміргіштерге қарсы негізгі күресу шараларыұйымдастыру жұмыстарына жатады. Ол үшін жабық жайлардың төңірегіндегі қоқыстарды жою керек. Жабық жайларда улы еліктіргіштерді үй жануарлары жеп кетпес үшін оларды арнайы жәшіктерге салып, олар толықтырылып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz