Түркістан облысы, Сарыағаш елді - мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасы

Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Түркістан облысы, Сарыағаш елді- мекені 1200 орындық лицей аумағын көкжелектендіру жобасын құру

Орындаған: Муталип Г. ПВ-110қ
Қабылдайтын: Джумадилова Г.Б.

Алматы, 2019 жыл

Студенттің аты-жөні
Облыс
Қала, елді мекен
Нысан

аты
сиымдылығы
Муталип Гүлдана
Түркістан
Сарыағаш
Лицей
1200 орын

Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Түркістан облысы Сарыағаш елді мекенінің топырақ және климаттық жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Лицей аумағын Көкжелектендіруде пайдаланылатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Лицей аумағын көкжелектендіру ауданын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Жобада пайданылатын шартты белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Бас және дендрологиялық жобаны жасау,үлгісін сызу ... ... ... ... ... ... ...
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Кіріспе
Сәндік бақ шаруашылығының негізі жасыл өсімдіктер болып табылады. Олар үй жай шаруашылығының маңызды саласы. Құрамына көгалдандыру құрылысы сәндік ағаштар, бұталар, көшеттер және гүл шаруашылығы кіреді.
Жасыл сәндік өсімдіктердің маңызы өте жоғары. Тәрбиелік сәндік жасыл егістен үлкендер мен балаларға, табиғатқа деген сүйіспеншілік ұялатады. Желек топырақты азотпен байытып оның құнарлығын арттырады. Шаруашылықты тегіс және кедір қатармен қорғайды. Ғимараттарды артық қызудан қорғайды. Жаяулар немесе автомобильдер қозғалысына көмектеседі. Тазалық сақтау, жасыл егісті қыста суықтан , жазда ыстықтан, кеуіп кетуден сақтайды. Көп өсімдіктердің тұрғын аумақтарды қаланың суынан қорғайтын қабілеті бар. Шырмауық өсімдіктері тұрғын үйлерді күннің тіке түсетін сәулесінен қорғайды. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаның ылғалы мен газын сіңіреді. Сондай-ақ ағаштар мен бұталар жапырақтарында газ алмасу жасыл процесі жүріп, жер бетіндегі ауаны тазартады.Тазалық сақтау, санитарлық - гигиеналық егістер қыста суық желден, жазда ыстықтан сақтайды. Көп өсімдіктерді бүкіл аумақтарда қаланың шуынан қорғайтын қабілеті бар. Өсу кезеңінде өсімдіктер қоршап тұрған ортаны ылғалмен, оттегімен байытып, көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондай- ақ ағаштар мен бұталардың жапырақтары ауаны шаң - тозаңнан тазартады. Қарағай, үй жаңғағы, шырша, шаттауық, арша, емен бөлетін фитонциттік заттар көптеген ауру туғызатын микроорганизмдерді жояды. Жазда бір күннің ішінде арша орманның 1 гектарына осындай заттың 30 кг бөледі. Ол орташа қала аумағындағы барлық микробтарды жоюға жеткілікті мөлшер.
Көгалдандырудың негізгі мақсаты: тұрғындардың мәдени демалуына және табысты еңбек етуіне барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. Қоршаған табиғатқа сүйіспеншілік пен ұқыпты қатынастық сезімді сіңіру.

2. Түркістан облысы Сарыағаш елді мекенінің топырақ және климаттық жағдайлары.
Түркістан облысының климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңтүстігінде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы +25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан көбіне суға төзімді өсімдіктер көптеп кездеседі олар: сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп. Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал көптеп кездесе, Тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік өсімдіктер мен ағаштар кездеседі.
Сарыағаш ауданының жері бедері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ жылы (-10°С төңірегінде),, жазы ыстық (+40°С-қа жетеді), қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 2 - 3°С, шілдеде 24 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік.

3. Лицей аумағын көкжелектендіруде пайдаланылатын өсімдіктер мен архитектуралық бейнелерге сипаттама
Лицей ғимараты көкжелектендіретін аумақтың негізі жобалау орталығы болып табылады. Лицей ғимаратынан бөлек бірнеше аймақтарға бөлінеді атап айтқанда: дене шынықтыру, оқу тәжірибелік, демалыс және шаруашылық аумақтары. Негізгі стандарт бойынша алдыңғы атап өткен үш аумақ бас ғимараттың алдыңғы және бүйір беттерінде, ал шаруашылық ауласын артқы жағына аумақ шекарасына жақын орналастырады. Кәдімгі қарағай. Биіктігі 20-40 м және диаметрі 1 м дейін жететін, жас шағында конус тәрізді, ал қартайғанда дөңгелектенген ұшар басты ағаш. Қабығы төменгі жағынан қызғылт - қоңыр, терең тілімді, жоғарғы жағы тегіс, бұтақтарында сарғыштау. Өркендері жасылдау, қызғылт-қоңыр үшкірленген, бүршіктері түксіз, шатырлы болады. қылқанының ұзындығы 4-7 см, бір шоқта 2 ден, көкшілдеу-жасыл, 3 жыл тұрады. Гүлдеуі мамырдың аяғы - маусымның басы, түйіндерінің ұзындығы 3-7 см. Екінші жылдың қарашасында пісіп жетіледі, келесі жылдың сәуір айында ашылады. Тұқымның ұзындығы 3-4 мм, қанаты онан үш есе ұзын. 1000 дәнінің салмағы - 5-9 г. Жарық сүйгіш. (1-сурет) Құрғақ континентальды құбылмалы ауа райына төзімді. Топыраққа сезімталдығы аз. Өте құрғақ құнарсыз топырақта да өсе алады. Жас, аса құнарлы құмайт топырақ өте қолайлы. Өртке берік. Біршама жылдам өседі. Өмірінің ұзақтығы 300-350 жыл. Тұқыммен көбейеді. Таралу аймағы: Еуропа, Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанда Қостанай, Ақмола және Қарағанды (Сары-Арқа), Павлодар (орман жолдары), 1-сурет
Шығыс Қазақстан (Қалба жотасы) облыстарында кездеседі.Сүрегін тұрғын үй құрылысында, кеме, вагондар, ағаш бұйымдарын жасауда және де басқа өндірістерде пайдаланылады. Шатырынан канифоль және скипидар өндіріледі. Елді мекендерді, газы жоқ көкжелектендіруде пайдаланады. Батыс бозаршасы - Солтүстік Америкадан шыққан. Өз отанында 12 м дейінгі биіктікке жетеді. (2-сурет) Жапырақтары 3-4 мм ұзындықта, қабыршақты, түтесіп айқаса орналасқан. Бөрікбасы пирамидальді әдемі пішінді және күңгірт жасыл түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа және аязға төзімді. Топыраққа талапссыз. Аллеяларға, жасыл жиектемелерге, жеке-дара егістерде жекелеп немесе топтап отырғызуға пайдалануға болады.
Талшын - әдемі жапырақтарымен ерекшеленетін жалпақ жапырақты ағаш. Биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бізде оны "Ат талшын" деп те атайды. Жер жүзінде табиғи 30 - дан астам түрі бар, көгалдандыруда 500 - ден астам сұрпы қолданылады. (3-сурет) Талшын ағашы 500 жылға дейін өмір сүреді және 30 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жапырағының пішіні күрделі қауырсын тәрізді. Ерте көктемде шырақ секілді ақ, қызыл түсті гүл жарады. Гүлдері әдемі, бірақ иісі болмайды, көлемі 10-20 см. Талшынның гүлінде 65-75 % қант бар. Гүлдеп біткен соң, жеміс салады. Қоңыр түсті, жылтыр, диаметрі шамамен 3 см, жалпақтау келген домалақ жемісінің сыртында тікенекті жасыл қабығы болады.
Сібір бал қарағайы - ұшар басы конус тәрізді өте қалың және қоңыр-сұр қабықты, биіктігі 35 м дйінгі ағаш. Бұтақтары қысқа жақындасқан күлте басты келеді. Өркендері жиі жирен түсті, түкті. Бүршіктері конус тәрізді, шайырсыз. Қылқанның ұзындығы 13 см, бір шоқта 5 данадан, тығыз қоңыр-жасыл түсті, 3-5 жылға дейін тұрады. (4-сурет) Мамыр айында гүлдейді. Түйіндері дөңгеленген ашылмайтын ашық-қоңыр, екінші жылы қыркүйек айында піседі: ұзындығы 10-14 мм, 40-тан 150-ге дейін қанатсыз тұқымдары болады. 1000 дәнінің салмағы - 250 г. Олардығ өзектерінде - 50 пайызға дейін сапалы май болады.4-сурет
Көлеңкеге едәуір төзімді, топыраққа аса талғампаз емес, бірақ неғұрлым құнарлы сазды және ылғалды топырақты жақсы көреді. Қысқа шыдамды. Ауаның құрғақшылығына сезімтал. Біршама жәй өседі. өмірінің ұзақтығы - 500 жыл. Құстар мен тышқандар таратқан тұқыммен көбейеді. Өмірінің 50 жылы жеміс салады Таралу аймағы: Ресей федерациясының Европалық бөлігінің Солтүстік-Шығысы, Сібір, Алтай. Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтары. Олар терісі қымбат аңдар үшін жемшөптік қор болып табылады. Сүрегі өнеркәсіпте, тұқымы тағам үшін, май алуға пайдаланады. Шайыры емдік мақсаттар үшін қолданады. Қылқанында эфир майы және С витамині болады. Қотыр қайың - Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Ағаштың биіктігі 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диаметрі 60 - 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті.Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады.
Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. (5-сурет) Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді. Жемісі - ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 - 4 мм). Тұқымы тамыз - қыркүйекте піседі. Қайындар тұқымдасының Қазақстанның Тобыл - Есіл, Ертіс бойында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өседі. Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар.
6-сурет
Кәдімгі емен - биіктігі 40 метрге жетеді, кәрі емендердің діңдерінің жуандығы бірнеше метрге жетеді. Тамыр жүйесі мықты өзекті тамыры 5 метрге дейін тереңдеп жуан діңнің жетілуіне жағдай жасайды. Жас өркендердің қабығы тегіс, жылтыр, сұр, үлкен емендердің қабығы майлы қызғыштанып жарылып тұрады, қара-қоңыр түсті. Жапырағының пішіні өте әдемі - ұзын тақтасының үстіңгі беті қою - жасыл, астыңғы жағы ақшыл-жасыл, жылтыр, жиектері терең ойықталған, мұндай жапырақ тақтасының пішіні қалың қабыққа, жапырақтың көп мөлшердетүсуін қамтамасыз етеді. (6-сурет) Пайдасы жағынан қарағанда едәуір бағалысы еменнің сүрегі - мықты, қатты, әдемі суретті. Бәрінен бұрын оны кеме жасауда қолданады, сондай-ақ жиһаз, паркет төсеніштер, арнайы ыдыстар (бөшкелер) жасауда қолданады. Бұл ағаштың қабығы пайдалы. Ерте кезден бері тері өңдеуде қолданылады. Таралу аймақтары: Еуропа, Қазақстанда - Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан областарында өседі. Қарағаш - қарағаштар тұқымдасына жататын көп жылдық жапырақ тастайтын ағаш. Биіктігі 35 м-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жарты шар пішінді, диаметрі 60 - 80 см. Жай жапырақ жүйкелерінің ұшы жапырақ жиектеріне тіреле аяқталады. Бөбешік жапырақтары ерте қурап түсіп қалады. Жапырақтары негізінен жемістері піскеннен кейін жайылады. Топталған гүлдері қос жынысты, жапырағы шықпай тұрып гүлдейді. Гүлсерігі 4 - 8, аталық саны да осындай. Аналығының аузы қостілімді, қанатша тәрізді өсіндімен тұтасып бірігіп кеткен, жемісі піскенде де қанатша сақталады. Жемісі - жиегі жарғақ қанатшамен көмкерілген жаңғақша. 200 - 400 жылдай жасайды. Өте жеңіл болғандықтан жел арқылы алысқа ұшып таралады. Қарағаш - бағалы орман ағашы, әрі дәрілік өсімдік. (7-сурет) Жапырақтары мен жас бұталарының қабығы емдік мақсатқа пайдаланылады. Халық медицинасында қабығын суға немесе спиртке тұндырып, құлақтан ірің аққанда, жапырағының ұнтағын ішек және бүйрек шаншуларын емдеуге қолданады. Қарағаш - суыққа төзімді ағаш, көбінесе көгалдандыру мақсатында жол жиектеріне отырғызылады. Аңызақ желге тосқауыл болу үшін егістіктердің айналасына, сусымалы құмдар мен сай-жыраларды су шаймас үшін мәдени түрде егеді. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен, түрлі үй жиһаздарын жасау үшін, құрылыс материалы ретінде қолданылады.
Кәдімгі қына ағашы - ұзындығы 3-6 см, қияқты, тұтас жиектелген, жылтырақ жапырақтары бар, биіктігі 2-3(5) м бұта. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, хош иісті, ұзындығы 4-8 см пирамида тәрізді шашақ гүлдерде отырады. Жемісі қара түсті, жылтырақ, ұзындығы 6-8 см. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт ауыл округі - Қазығұрт ауданы аумағында орналасқан әкімшілік бірлік
Қаратау таулы жотасы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жағдайы
Ескі қаласы колледж
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстанның туристік жерлері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700 орындық емхана аумағын көкжелектендіру
Жамбыл облысы, Тараз қаласының 2000 орындық институтты көкжелектендіру жобасын құру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының экономикалық-географиялық сипттамасы
Пәндер