ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сөж
Тақырыбы: Танымдық процесттер. ТАнымдық процесстерді диагностикалау
Орындаған: Әтенова Н. Б
Олигофренопедагогика - 1 топ
Алматы, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері
1. 2. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың типтері
II. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ КЕШЕУІЛДЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
2. 1. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
2. 2. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы жұмыстардың бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту - түзету (коррекциялық) жұмыстарының, сондай - ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік - психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М. С. Певзнер, Т. А. Власова, К. С. Лебединская, В. В. Ковалев, П. Е. Сухарева, В. И. Лубовский т. б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20-шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни,
- арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
- дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
- ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай - ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдердер бұл ұйымдарға ата - аналарының, психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі.
Кемтар балалардың ата - аналарының және өзге де заңды өкілдерінің:
- баланы психологиялық медициналық педагогикалық консультацияларда куәландыру кезінде қатысуға;
- баланы тексерудің нәтижелері, жеке әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелері туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
- өз балаларының Қазастан Республикасының заңдарында белгіленген әлеуметтік және медициналық - педагогикалық тузеу арқылы қолдау алуына;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына
- сәйкесінше тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемін алуға құқығы бар.
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағыттта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тұлғасын зерттеу мәселесі қазіргі әлеуемтік жағдайда маңызды орын алады. Арнайы педагогикада, сондай - ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды.
Біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым- қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Жалпы психикалық педогогикада психалық дамудың тежелуі деген ұғымы психологиялық-педогогикалық болып табылады.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, мұндай кешеуілдеудің негізгі себептері бас миының оганикалық зақымдалуы болып саналады. Кейбір жағдайларда орталық жүйке жүйесінің жетіспеушілігі мен генетикалық тұрғыдан да болуы мүмкін. Л. В. Занков пен И. М. Соловьевтың басшылығымен зертхананың жас қызметкерлері (Г. М. Дульнев, М. С. Левитан, М. М. Нудельман және т. б. ) ақыл-ойы артта қалған оқушылардың жеке түлғасы мен оқудағы танымдық іс-әрекеттеріне тәжірибелік зерттеулер жүргізді.
Бұл зерттеулер балалардың кемістіктерін ғана емес, сондай-ақ, олардың дамуының мүмкіндіктерін анықтауды ұсынды. Оқушылардың вербалды және бейнелік есте сақтаулары, олардың сөйлеу ерекшеліктері, мотивациялық сфералары, психикалық процестердің етуіне тигізетін әсері зерттелінді.
Психикалық функционалдық құрылымы күрделі кешенді болғандықтан және бірнеше жүйелердің байланыстарына негізделгендіктен, олардың қалыптасуы психикалық дамуы тежелген балаларда баяу болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың қабылдауы қалыпты балалармен салыстырғанда, төмен деңгейде болады.
Бұл сенсорлық ақпаратты қабылдауға ұзақ уақыт қажет еткендіктен, баланың қоршаған орта туралы білімнің шектеулігінен, сондай-ақ таяздығынан анық байқалады. Осы категориядағы балаларда кеңістікті қабылдау жеткіліксіз дамыған. Бұл балаларда бас миының итегативті әрекеті бұзылады.
Осының нәтижесінде қабылдаудың жүйелік механикалық бұзылысына әкеледі. Балалардың қабылдау процестерін реттестіруге көмектесуге және затты қабылдауға үйрету дефектолог маманының негізгі міндеті болып табылады. Психикалық дамуы тежелген балалардың зейіндері олардың тұрақсыздығымен, шашырақылығымен сипатталады.
- Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникасы, психикалық және физикалық дамудың кешеуілдеуіндегі инфантилизм ретінде белгілі. Психикалық дамудың кешеуілдеуін кешенді зерттеумен оқыту дефектология ғылымына 60 - жылдардың ХХ ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан бері өз қызметін атқарып келеді.
Балалардың ақыл - ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай - ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі - баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс.
Кейбір балаларда іс - әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай - ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі - осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер.
Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы - бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.
Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады. Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл - күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік - психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс - әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл - есі кем балалардан ажыратуға болады.
Балаларда іс - әрекеттің тұрақсыздығы қимыл - координациясының жеткіліксіздігі мен режимге бағына алмаушылығы болса да, мұндай балалардың басым көпшілігі дене шынықтыру пәні мен спорт ойындарын жақсы көреді. Олардың психикалық дамуындағы жоғарғы мүмкіншіліктердің бар екендігін түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында ескерген жөн.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі - ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дефференциалды зерттеудің маңызы болып отыр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады.
Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысынан жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі - бұл анамалияның дамуы, ячни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне адаптацияланбауынан байқалады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың негізгі айырмашылығы мынада: бұл балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі, сондай - ақ дағдылары мен танымдық процестеріндегі өзара ауытқушылықтарымен сипатталады. Арнайы педагогикада, сондай - ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен олардың эмоциясына назар аударған жөн. Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Бұл балалардың қалыпты балалардан ерекшелігін айтар болсақ, яғни олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез - құлықтарымен және іс - әрекеттерімен ерекшеленеді.
Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік - педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту - бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым - қатынас құқтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж) . Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ - қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы.
Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай - ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және да басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын - туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы…»
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамының белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті - қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп - салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуы қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым - қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас - құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін қамтамасыз етуге үйрету.
2. 1. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері
Гормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтың ең негізгі себептері: Тұқым қуалаушылық, ерте кезден пайда болатын ауру түрлері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда қоршаған ортамен байланысы жеңіл түрде қарастырылады. Балалар қарым қатынас кезінде көпшіл, сезімшіл, қамқоршыл келеді. Балаларда психикалық және физикалық дамулары қалыптасады. Ал мектеп жасына келгенде, балалардың ойынға деген қызығушылықтары арта бастайды. Психофизикалық инфантилизм барысында, таным қабілеттерінің бұзылыстары да қалыптаса бастайды.
Дисгормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтағы инфатилизмнің себептері: Ми жүйелерінің ерте жастан ауытқушылығымен сипатталады. Физикалық даму жағдайларында қалыс қалады. Кейде цереброастениялық синдромдарға тән қасеттері де көрініс беріп отырады.
Ойлау операцияларының ішінде - анализ, синтез, салыстыру сияқты қасеттері өте қиын жағдайда қалыптасады. Бұл топқа жататын балаларда есте сақтау қабілетінің мүмкіндігі де әртүрлі жағдайда бұзылып отырады. Сондай - ақ балалардың эмоциональдық ерік сферасының бір бағыттылыққа жүктелмейтіні байқалады. Балалар көбінесе өзімшіл, агрессивті, ешкімге де бағынбайтын сәттері де болады.
Балалардың сабаққа деген үлгермеушілігі - олардың қызығушылықтарын төмендетіп, сабаққа барғылары келмейтіндей сезімде болады. Психикалық дамудың ауытқуы кезінде, мектеп жасында дисграфиялық бұзылыстары көп кездеседі.
Психопатологиялық жағдайындағы синдромының психикалық дамуыдың кешеуілдеуі. Бұл тип осы негізде екі жағдай бойынша қарастырылады: Баланың эмоциялық яғни көңіл - күйінің гиперактивті түрінде анықталады. Балалардың агрессивті жағдайда болғаны мен де, оларда ешқандай ауыр мінезділік жоқ. Көбінесе тез ашуынан қайтатын балалар жатады.
Танымдық қабілеттерінің бұзылыстары барысында олардың инттелтуальдық операцияларының, соның ішінде қабылдуы мен зейіндерінің алатын орны ерекше. Ойлау әрекетінің бұзылысының әсерінен, балаларда сабаққа деген үлрермеушіліктері ұлғая береді. Алайда, бір жүйеге, бір мақсатқа нақтыланбайды.
Мектеп бағдарламаларын меңгеруде, көптеген қиындықтар кездеседі. Осындай балалардың келеңсіз әрекеттері, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертеді. Жасөспірімдік шақтан өткен соң, кейде өздерінің жекелік қасиеттерін де жоғалта бастайды. Гиперактивті синдром жағдайындағы дамудың кешеуілдеуі - ерте жастағы баланың моторлық, психикалық дамуының темптерінің жұмыстарын төмендетеді.
Бұл топтағы балалардың қимыл - әрекеттері жүйелі емес. Олар бірден әрекетке кірісе алмайды, әрекеттің бір түрінен екінші түріде ауыса алмайды. Танымдық қабілеттерінің ішінде сөйлеу тілінің қызметі қалыпты деңгейде емес. Сонымен қатар басқа да танымдық қабілеттерінің қызметтерінің де жұмыстары пассивті түрде кездеседі.
Аутистикалық синдром жағдайындағы психикалық дамудың кешеуілдеуінде - баланың психомоторлық дамуының бұзылыстарын ерте жастан қолға алуды көздейді. Себебі моториканың дамуы артта қалып отырады. Балалар өздерінің қимылдық әрекеттерін бағдарлай да, бақылай да алмайды. Ерте жастан бастап балаларда аутизмнің белгілері байқалады.
Мұндай балалар тек өздерін ғана ойлайды. Өзге балалармен де қарым - қатынас жасамайды. Өздеріне ұнамайтын әрекеттерімен айналыспайды. Сондай - ақ сабаққа деген қызығушылықтарын тудырмайды, қайта қиындықтарды туғызады. Бірақ, осы ірекеттері өздеріне ұнайды. Психикалық дамудың ауыр түрлеріде, балалардың оқу және жазу дағдылары бір бағытта болмайды. Бала кездегі церебральдық салдану жағдайындағы психикалық дамудың кешеуілдеуі.
Диагностикалық зерттеулер оқушылар үшін танымдық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру, жаңа нәтижеге келуі болып табылады.
2. 2. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтаудағы жұмыстардың бағыттары
Оқу-тәрбие процесінде мұғалім баланың көңіл-күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыру керек. Себебі, бала зейінінің, ой - өрісінің өсуі мұғалімдер үшін тіпті ата - аналар үшін де аса қажетті объект болып табылады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту кезінде сабаққа деген үлгермеушіліктерінің толықтай төмен болуына байланысты, клиникалық, педагогикалық -психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор.
Психикалық даму тежелісінің дәрежесіне және жеке ерекшеліктерге байланысты бұл балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін.
Психикалық дамуының тежелу дәрежесі жеңіл балаларды әдеттегі (жалпы білім беретін) мектепте осы санаттағы балалардың психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімі жеке тәсілмен оқыта алады.
ПДТ айқын аңғарылған балалар осы санаттағы балаларға арналған арнайы сыныптарда немесе мектептерде ( мекетп-интернаттарда), сондай-ақ интеллекті жетіспейтін балаларға арналған мектептердегі ( мектеп-интернаттардағы) арнайы сыныптарда оқи алады.
Мінез-құлқының бұзылыстары ауыр және психопаттық реакциялары бар балаларды оқыту үйде ұйымдастырылуы мүмкін.
Аталған ұйымдастыру нысандарының әрқайысында балаларды оқыту жекелеген функциялардың (сөйлеу, моторика, кеңістікте көріп-түсіну және басқалар) және тұтас тұлғаның даму кемістіктерін жою мақсатында оларға жеке тұрғыдан қарау жүзеге асырылады.
Арнайы мектепте (мектеп-интернатта) оқу бастауыш сыныптармен шектеулі мүмкін. Бұл типтегі бастауыш мектепке қалалық (обылыстық, республикалық) ПМПК-ның қортындысы негізінде жалпыға арналған мектептің оқушылары көшірілуі мүмкін. Бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін ПМПК оқушыны тұрғылықты жері бойынша немесе ПДТ-ның ауыр нысаны жағдайында жалпыға арналған мектепке ауыстыру туралы, оқуын осы арнайы мектепте жалғастыруы туралы мәселені қарайды.
ПДТ балаларға білім беру құрылымының мынадай нұсқалары болуы мүмкін:
6 жастан бастап оқығанда-дайындық сыныбы және о-4 сыныптарда оқу;
7-жастан бастап оқығанда-төртжылдық бастауыш саты, ал даму қалықтығы айқын көрінген жағдайда-дайындық сыныбы және 1-4 сыныптар; жалпыға арналған мектептен ауысқан кезде біржылдық (және одан да ұзақ) қиын оқудан кейін ПМПК баланы оның білімі мен біліктеріне сәйкес сыныпқа жібереді. Бұл ретте негізгі мектепте оқу мерзімі жалпыға арналған мектеппен салыстырғанда бір жылға ұлғайтылады, өйткені оқушы өзі бұрын оқымаған сыныбына қайта жіберіледі.
Жалпылама түзете-дамыта оқытуды мұғалім барлық сабақтарда жүзеге асырады және оқу материалын меңгеруді мемлекеттік білім стандартарына сәйкес қамтамасыз етуге тиіс.
Сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде қиындық көретін оқушылар үшін жеке және топтық түзеу сабақтары ұйымдастырылады, олар жалпы дамытушы және пәндік бағытты ұстанады. ПДТ балаларды оқытуды орта немесе жоғары педагогикалық білімі бар және арнайы дефектологиялық даярлықтан өткен мұғалым жүзеге асырады.
Жалпыға арналған мектептің немесе интеллектісінде кемістіктері бар балалрға арналған мектептің жанындағы ПДТ балаларға арналған арнайы мектеп (мектеп-интернат), арнайы сыныптар оқушыларға бастауыш және негзгі жалпы білім беретін мектептің көлемінде білім беруді жүзеге асырады. Оқудың ұзақтығы -9-10 жыл, бастауыш мектепте -4 жыл (дайындық сыныбымен -5 жыл), негізгі мектепте-5 жыл.
ПДТ балалрға арналған арнайы жалпы білім беретін мектептің (мектеп-интернаттың) базистік оқу жоспары жалпы білім беретін пәндердің, еңбекке даярлау курсының, түзеу курстарының, таңдау бойынша мәндетті пәндердің, факультативтік сабақтардың (мектеп компоненті) арасындағы сағаттық оқу жүктемелерін бөлуді қамтиды.
ПДТ балаларға арналған арнайы мектеп (мектеп-интернат) аймақтың ерекшелігін, мектептің мүмкіндіктерін, оқушылар контингенті мен ата-аналардың тілектерін ескеріп, Республикалық базистік жоспардың негізінде өзінің бірегей жоспарын құруға құқылы.
ПДТ балаларға арналған бастауыш мектептің базистік жоспары мынадай міндеттері шешуді ескеріп жасалған:
Оқуды, санауды, жазуды, оқу қызметінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, өзіне-өзі бақылау жасай білуді, оқу қызметін, сөйлеу және мінез-құлық мәдениетін меңгеруді қамтамасыз ету. Балалар жалпы бастауыш білім мазмұнының міндетті минимумын меңгеруі тиіс:
Балалардың дамуындағы артта қалуды жеңу, айнладағы әлем туралы білім мен түсініктердегі оқылықтардың орнын толтыру, қызметін түзеу және дамыту.
ПДТ балаларға арналған мектептің (мектеп-интернаттың) 5-9- сыныптарының базистік жоспарында жалпыға арналған мектептің базистік жоспарында белгіленген білімнің, біліктің, дағдылардың негізгі көлемін меңгеру көзделеді.
Мұның сыртында жергілікті жағдайларға сәйкес таңдалынатын әртүрлі бейіндер бойынша еңбекке даярлау, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, сондай-ақ жекелеген пәндерді меңгерудегі қиындықтарды жою және даму кемістіктерін жою жөніндегі жекеше-топтық жұмыс қамтылады.
Арнайы түзету сабақтарын жоғары дефектологиялық білімі бар педагогтар-ологофренопедагог, логопед, педагог-психолог жүргізуге тиіс.
ПДТ балаларға арналған мектепте (мектеп-интернатта), сыныпта оқу-тәрбие процесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін:
Кешенді түзеу-дамыту жұмысын жүргізу;
балалардың соматикалық және психоневрологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz