Корпоративтік қаржы қызметтері


Реферат
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы сферасының мазмұны
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Корпорация қаржысы
- Корпорация қаржысының жіктелуі
- Корпоративтік қаржы қызметтері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Батыс әдебиеттерінде "Корпоративтік қаржы" қаржы менеджментінің синонимі болып есептеледі. Қаржы менеджменті корпоративтік қаржының қолданбалы бөлігі болын табылады. Екеуі де компанияның инвестициялық шешімдері мен осы инвестициялық шешімдерді қаржыландыру көздерін талдау бойынша шешімдердің жиынтығы ретінде анықталады.
Қаржы менеджменті әдетте мәдениетке, яғни қаржы теориясын тәжірибеде қолдануға бағытталса, корпоративтік қаржыда негізінен сәйкесінше тұжырымдамалар мен формулаларды ғылыми негіздеуте көп көңіл бөлінеді.
Корпоративтік қаржы - батыс және отандық университеттерде және бизнес мектептерінде экономикалық білім беру жүйесіндегі негізгі және міндетті курстарының бірі. Оның мазмұны қаржының жалпы теориялық тұжырымдамдарын және дамыған қаржы нарығында, бағалы қағаздардың құнын қалыптастыруға бағытталған акционерлік компанияның қаржылық басқарудың тәжірибелік әдістерін қамтиды.
Оку обьектісі - микродеңгейдегі қаржының қызмет етуі, заңнамалық және нормативтік актілер шеңберіндегі ұйымдық - құқықтық нысандағы түрлі кәсіпорындарды қаржылық реттеу саласында жинақталған тәжірибелік білім. Корпоративтік қаржы мемлекеттің бірыңғай қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттык табыс және ұлттық байлық қүрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Мәні жағынан корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінін, ерекше бөлігі болып табылады. Олар өндіріспен тығыз байланысты және экономика дамуының заңдылықтарын көрсетеді, экономикалық бизнестің құрамына кіретін категория болып табылады.
Корпорация қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуіне елеулі әсер етеді. Неғұрлым кәсіпорындардың қаржылык жағдайы мықты әрі берік болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік жәнс аймақтық ақша қорлары толығымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері жеткілікті түрде қанағаттандырылады.
Негізгі бөлім
Корпорация қаржысы
Бұл негізгі және айналмалы капиталдың құрылуы, корпорациялардың ақшалай қаражат қорларының және олардың бөлінуі мен пайдаланылуы процесінде пайда болдатын қаржылық немесе ақшалай қозғалыстар.
Корпоративтік қаржы - бұл корпорацияның өндірістік - шаруашылық қызметіндегі процесінде орнайтын ақшалай қатынастар жүйесі. Қаржы категориясының ерекше белгілері, бұл :
Ақшалай сипаты;
Бөліну сипаты;
Ақшалай қорлардың құрылуы болып табылады.
Корпоративтік қаржылардың тиімді әрекет етуінің қажетті шарттары мыналар:
Меншік формаларының көптігі;
Тауар, еңбек, капитал нарықтарының болуы;
Өз-өзін қаржыландыру мен өзін ақтау;
Нарықтық баға құру мен бәсеке;
Корпорация қызметіне мемлекеттің шектеулі араласуы;
Экономикалық жүріс-тұрыс ережелерінің құқықтық қамтамасыз етілуі.
Корпорациялардың қаржылық қатынастары экономикалық мазмұны бойынша келесі бағыттарға топтауға болады:
Кәсiпорынды құру кезiнде жарғылық қорды қалыптастыру үшiн құрылтайшылар мен кәсiпорын арасындағы қатынас. Өз кезегiнде жарғылық қор материалдық емес активтi алуда, алғашқы өндiрiс қорын қалыптастырудың көзi болып табылады;
Кәсiпорындармен мекемелердiң өнiмдi өндiру мен өткiзуде жаңа бағаның құрылуына байланысты. Оларға шикiзатты, материалды, даяр өнiмдердi т. с. с. жабдықтаушымен сатып алушының қаржылық қатынастары, құрылыс мекемелерiмен инвестициялық қазмет кезеңдерi кезiнде, транспорт мекемелерiмен, байланыс кәсiпорындарымен, кеден, шетел кәсiпорындары т. с. с. кiредi. Бұл қарым - қатынастар шаруашылық қызметтiң негiзi болып табылады, себебi олардың тиiмдi ұйымдастырылуына коммерциялық қызметтiң қаржылық нәтижесiне байланысты;
Кәсіпорындар мен олардың бөлімшелерініің филиалдарының, цехтарының, бөлімдер, бригадалар арасында шығындарды қаржыландыру, пайданы, айналым қаржыларын бөлу мен қайта бөлу бойынша. Бұл қатынас өндiрiстiң ұйымына және ырғақтылығына әсер етедi;
Кәсiпорынмен оның қызметкерлерi арасында табысты бөлу және пайдалануға, мекеме акциясын облигациясын шығаруға және оны таратуға, облигацияның процентiн акцияның дивидентiн төлеуге, келтiрiлген материалдық зиянды штрафтармен және компенсациямен өндiрiп алуға, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалуға, қаржы қатынасын ұйымдастыру еңбек ресурсын тиiмдi пайдалануға әсер етедi;
Кәсiпорын мен жоғарғы мекеменiң, өндiрiс - қаржы топтарының холдинг iшiнде, ассоцияциялармен одақтардың арасында кәсiпорын осылардың мүшесi. Бұл қатынас ақша қоры жиналып бiр орталыққа шоғырландырылып бөлiп пайдалану кезеңiнде және белгiлi мақсатқа арналған қорды.
Корпорация қаржысының жіктелуі
Корпорация қаржысын әр түрлі сипаттар бойынша жіктеуге болады:
Ұйымдастырушылық - құқықтық формалары бойынша: толық және сенім негізіндегі серіктестіктер қаржысы, ашық және жабық акционерлік қоғамдар қаржысы, жаупкершілігі шектеулі серіктестіктер қаржысы, өндірістік кооперативтер қаржысы және т. б.
Салалық белгісі бойынша корпорациялар қаржысы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көлік, сауда, тұрмыстық-жабдықтаушы, жобалық қызмет және т. б. Өнеркәсіп қаржылары кәсіпорын қаржыларының жалпы жүйесінде алдыңғы орын алады. Өнеркәсіп кәсіпорындары өз қызметінде ауыл шаруашылық, көлік, сауда және т. б. кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі. Сондықтанда олардың қаржылары халық шаруашылығының барлық басқа салаларының қаржыларымен тығыз байланысты болады.
Меншік құқығы субьектілеріне байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасы субьектілері, шетел азаматтары, және бірлескен меншіктегі кәсіпорын қаржылары болып жіктеледі. Жіктелудің бірінші және үшінші бағыттары кәсіпорын қаржыларының ұйымдастырылуына әсерін тигізеді, себебі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындарды, жалпы табысты, пайданы, салық салу мен мүліктің құрылуы мен пайдалануына әр түрлі ықпалы болады. Әрбір бағалы қағаз белгілі бір қаржылық операцияны қажет етеді. Қаржылық операцияларға қатысушылар алдын-ала оның нәтижесін пайдалылығы мен тиімділігін білу керек. Ол үшін дисконттау жай және күрделі пайыздарды есептей алуы керек. Капитал уақыт құндылығына ие. Уақыт аспектісіндегі капитал салымдары компаундинг және капиталды дисконттау операцияларына. байланысты. Компаундинг- бұл бүгінгі, яғни ағымдағы капитал құнынан оның болашақтағы құнына өту процесі. Кәсiпорын қаржысын басқару қаржы механизмi арқылы жүзеге асады. Кәсiпорынның қаржы механизмi дегенiмiз - кәсiпорын қаржысын жүйелi басқару барынша көп мақсатты табыс табу.
Корпоративтік қаржы қызметтері
Корпорация қаржысы экономикалық категория ретінде қаржылық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оның атқаратын қызметтерінде көрінеді. Корпорация қаржысының қызметтерінің экономикалық әдебиеттерде екі бағыты бар. Бірінші бағыт бойынша, қаржылар екі қызмет атқарады:бөлуші және бақылаушы. Ал екінші бағыт бойынша оларға қосымша ресурсқұрушы немесе қамтамасыз етуші қызметті қосады. Қамтамасыз етуші қызметте корпорацияның шаруашылық қызметін қамтамасыз ету және дамудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін әр түрлі көздерден ақша қаражаттарын қажетті көлемде жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыру болып табылады.
Қаржылық қатынастар - бұл ең алдымен бөлуші қатынастар. Қаржылардың бөлуші қызметі қамтамасыз етуші қызметпен тығыз байланысты болады және құрылған функционалды ресурстардың жалпы соммасының бөлінуі мен қайта бөлінуінде көрінеді. Бөлу қызметiнiң көмегiмен алғашқы қор құрастыруына бастайды. Ол құрастырушылардың салымының есебiмен құрайды, жалпы iшкi өнiм құны көрсетiлiп бөлiнедi; қаржы қорымен табысты бөлу барысында баға негiзiнiң пропорциясын анықтайды, өнiм өндiрушiлердiң, кәсiпорындардың мекемелердiң және мемлекеттiң тiлектерiн мүдделерiн толық қамтамасыз етеді. Қаржының негiзiнде бөлу қатынасы жатып, ол өндiрiс процесiн қаржы көздерiмен қамтамасыз етедi, сонымен ұдайы өндiрiс процесiнiң барлық кезеңдерiн бiрiктiрiп, байланыстырады. Олар: өндiрiс, айырбастау және тұтыну арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Бұл процесс кәсіпорындардың өнімді өткізуден түскен табыс пен таза табыстың құрылуы жолымен жүзеге асады. Табыстың бір бөлігі бөлу тәртібімен орталық қорларға, ал қалғаны - шаруашылықтың өзінде еңбек ақыға, , өндірістің ұлғаюы мен дамуына шығындарды қаржыландыруға бағытталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz