Мұсылман отбасында тәрбие маңыздылығы мен бала тәрбиесінің ахлақтық қасиеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қадирханова Индира Замирқызы
Тақырыбы: «ИСЛАМИ ТӘРБИЕ ҚАЗЫҒЫ-МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ТҰЛҒАСЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В021100-«Теология» мамандығы
Түркістан 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қopғaуғa жiбepiлдi»
Дiнтaну кaфeдpacының мeңгepушici
Филос. ғ. к., доцент м. а. Қ. Қаратышқанова
«» 2021 ж.
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы : «ИСЛАМИ ТӘРБИЕ ҚАЗЫҒЫ-МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ТҰЛҒАСЫ»
5В021100-« Теология » мамандығы
Opындaғaн И. З. Қадирханова
Ғылыми жeтeкшici PhD,
доцент м. а. Қ. Р. Қаратышқанова
Түpкicтaн 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
АННОТАЦИЯ 8
І ИСЛАМДЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ДІНИ-АХЛАҚИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 9
1. 1. Тәрбие анықтамасы және құрылымы . . . 9
1. 2. Мәдениет және тәрбиенің діни негіздер . . . 14
1. 3. Мұсылман отбасында тәрбие маңыздылығы мен бала тәрбиесінің ахлақтық қасиеттері . . . 24
ІІ ИСЛАМДЫҚ ҚАЙНАР КӨЗДЕРДЕ ТӘРБИЕ РӨЛІ ЖӘНЕ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ 40
2. 1. Құран аяттары мен хадистердегі тәрбие рөлі мен тәрбиелеу әдістері 40
2. 2. Мұхаммед Пайғамбардың тәрбиеге қатысты ұстанымдары 54
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТİЗİМİ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тәрбие бұл қоғамның әр мүшесінің өсіп жетілуіндегі кемелдік дәрежесіне жетуіндегі, адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауадай қажет құрал. Еңбектеген сәбидің ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие алуы ислам дінінде ерекше айтылған. Сонымен қатар баланы тәрбиелемес бұрын тәрбие беруші ұстаздардың тәрбиелі болмасы керек.
Отбасы-ол дүниеге келген, өскен, бастауыш білім алған адамзаттың ең кішкентай әлеуметтік қауымдастығы. Бірінші адам жерге қадам басқаннан бері отбасылық мекеме де өсіп жетіледі. Кейбір әлеуметтанушылардың пікірінше бірінші отбасы, инстинктивті түрде пайда болды және кездейсоқ емес керісінше, Аллаһ Тағаланың қалауымен бірінші адам отбасы ретінде құрылды. Құран-пайғамбар, жер бетінде өмір сүретін адамдардың ата-бабасы. Ата ана бала алдындағы үлгі десек болады. Өйткені перзент көз алдындағы анасының не әкесінің жасаған іс әрекеттерін және үйреткендерін қайталайды. Сол үшінде олар өрнек болатындай ізгі әрекеттер жасауы тиіс әрі баласында соған баулуы керек. Ата ананың баласы үшін қалдыратын теңдессіз мұрасы тәрбие демекші, оның болашақта жақсы мінезбен қалыптасып, өзінен кейінгі ұрпаққа да сондай игі іс қалдыруы.
Қазақ ата бабаларымыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда да соны іледі», «Қызды қырық үйден тыю» деп бекерге айтпағаны бәрімізге мәлім. Бұл сөздердің барлығының астарында әрине үлкендердің кішіге өнегелік қасиеттері, қыз баласы нәзік болғандықтан, ол халықтың ар намысы болғандықтан оны қалай тәрбиелеу керектігі айтылған.
Дене мүшелеріміздің іс-әрекеті жан-дүниемізбен тікелей байланысты. Болмысымызда жақсы әдеттер орын алса, қылықтарымыз жақсарады, бұлар көркем ахлақ деп аталады. Ал егер болмысымызда жа-ман әдеттер орнықса, қылықтарымыз да жаман болады. Оны жаман әдет немесе жаман ахлақ деп атайды. Іс-әрекеттеріміздің жақсы, парасатты болуы үшін жан-дүниемізді жаман мінез-құлықтардан тазарта отырып, өзімізді жақсы мінез-құлықтарға бауруымыз керек. Топыраққа еккен тұқымға қарай өнім аламыз. Бидай тұқымынан би-дай өсіп шығатыны сияқты, арпаның дәнінен де арпа өсіп шығады. Демек, топыраққа қандай дән ексең, соған қарай өнім өсіп шығады. Осы сияқты жан-дүниеміздің түкпіріне жақсы мінез-құлықтардың тұқымын сепсек, бұл тұқым да дене ағзаларымызда жақсы іс-әрекеттерді іске асырады. Ал, егер жаман мінез-құлықтардың тұқымын сепсек, дене мүшелерімізді жаман іс-әрекеттерге итермелейді.
Исламда оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - иманды, өнегелі және адамдарды тәрбиелеу. Бұл принцип уақыт пен географиялық аймақтармен ғана шектелмейді. Өйткені, алғашқы түскен Құран аятты оқып, үйренуге бұйрық береді. Пайғамбарымыздың әдет-ғұрыптары әрқашан осы бағытта болған. Осы мәселе бойынша Кітап пен Сүннеттің міндетті ережесін ескере отырып, мұсылмандар Исламның алғашқы жылдарынан бастап білім мен оқытуға үлкен мән берді. Бұрын бұл күштер діни білім мен оқытуға бағытталған: өйткені бұл ақпарат ғибадатты жүзеге асыруда қажет болды. Сонымен қатар, намаз, ораза, зекет және қажылықтарды орындау үшін мұсылмандар астрономия, география, күнтізбе және денсаулық туралы білуге мәжбүр болды. Исламдағы білім беру мен оқыту қызметі көбінесе осы қажеттіліктерден туындайды деп айтуға болады. Кеңінен қолданылатын білім - мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Адам мен қоғам үшін тікелей функцияларды тағайындау осы дамудың себептерінің бірі ретінде қарастырылуы мүмкін. Гөкалптің тәртіп деп санайтын білім беру тұжырымдамасы - бұл қоғамның жеке адамға ие болуын қалайтын мінез-құлық. Білімнің арқасында біз қоғам мүшесі болып табылатын жеке тұлғаны кездестіреміз. Барлық тұжырымдамалардағы сияқты, білім беру тұжырымдамасында да әртүрлі анықтамалар жасалды, оның ішінде кең және тар мағыналар бар. Кең мағынада білім беру «табиғаттың, әлеуметтік институттардың және басқа адамдардың біздің ақыл-ойымызға немесе еркімізге тигізетін әсерлері» деген мағынада қолданылады. Білім берудің анықтамасы осылай сақталса, біз өмір сүріп отырған қоғам институттарының заңдары, саяси басқару формалары және өндіріс техникасының әсері де білім болып табылады. Білімге қоғам өмірінің барлық салалары әсер етеді.
Пайғамбар ахлағы Құран екендігін Айша анамыз одан сұрап келген сахабаға айтқан болатын. Ол ауқатты ма, кедей ма құлға да басқаға да бәріне бірдей қараған. Ешкімді бөліп жарып әсіресе, балаларды алалау оған тән емес еді. Кішкентай болсын бағалы үлкен сыйлық болсада ол барлығын қабылдаған және өзі де сыйлық сыйлау ара қатынасты жақындататынын айтқан еді. Отбасында да өз киімдерінің жыртығын өзі жамап, етіктерін өзі тігіп алатын болған. Қалған уақытында әйеліне үй шаруасына көмектесіп балаларды ойнатып көңілдерін көтеретін. Өз қызметшілеріне де басқа адамдарға да ешқашан ұрысып, жекімейтін керісінше бір жағдай болып қалса қасындағылары арқылы жеткізіп немесе өзі жеке сөйлесетін. Әрі қалғандарына да содан сабақ алуды үйрететін. Қандай жағдай болмасын сабырлық танытып, шыдамдылықпен түсіністік пен қараған. Әрбір ісін бір ұқыптылықпен жасаған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мұсылман отбасында баланы Пайғамбар ахлағымен тәрбиелеу өте маңызды. Қыз бала болсын не ұл болсын барлығына бірдей әділеттілік танытып, бірдей деңгейде сүйіспеншілікпен қарау. Бала балиғат жасына жеткеннен бастап, оған Алланың парыздарын орындау керектігін, күнә жасағанда жазаланатын ал жақсылық жасағанда марапатталатынын айтып түсіндіру қажет. Сол кезден бастап өсіп келе жатқан перзент те саналы түрде ақылмен әрекет ететін болады. Пайғамбар сүннетімен жүріп, өзіне көркем мінез қалыптастырып кемел инсан дәрежесіне жететіндей болады.
Әр қоғамның құндылықтар, нормалар мен мағыналар жүйесі әр түрлі. Бұл айырмашылық мәдени элементтерді құрайтын әлеуметтік құрылымдарда да айырмашылықтар тудырады. Сондықтан білім, мәдениеттілік және тәрбие өзгерістер тұрғысынан маңызды элемент. Тәрбие - бұл мәдениеттің сабақтастығын қамтамасыз ету тұрғысынан да, әлеуметтік өзгерістерді қалаған өлшемдермен шешу тұрғысынан да қарастырылатын маңызды әлеуметтік құрылым. Адам өзін тәрбиелеу арқылы айналасындағы қоршаған ортаны да өзгертуге ат салысады. Сонда ғана мәдениетті ода ары дамытуға болады. Мәдениетті орта әрине көркем мінезді мәдениетті, байсалды адамдардан құралады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысымның зерттелу барысы алдымен тәрбие сөзіне анықтама беріп, оның негізгі мәнін ашумен басталады. Одан кейін барып тәрбиенің құрылым әдістерімен, оның бөліктеріне тоқталдық. Сонымен қатар өркениетті қоғаммен де салыстырып, мәдениетпен тәрбиенің байланысын ашық жеткіздік.
Қазақ отбасындағы баланы қандай жолдармен тәрбиелейтініне, ата бабаларымыздың айтып кеткен нақыл сөздерінің мән мағынасын жеткізуге тоқталдық. Балаға азан шақырып ат қою, тілашар, тұсаукесер тойларын жасау. Жалпылама айтқанда балаға қатысты мәнді жоралғылардың түп тамырына үңілу. Ана құрсағында жатқаннан бастап әр жасқа толған сайын балаға берер тәрбие де өзгешеленіп, күрделене түседі. Оның жасы ұлғайған сайын түсінігі де кеңейіп, ақылы толыса бастайды. Өзіне парыз етілген амалдарды орындамаған жағдайда Құдіретті бір Алланың жазасын алатынын немесе орындаған жағдайда ақиретте марапатқа ие болатындығын түсіндіру. Адал жолмен ас тауып жеу керектігін, харам амалдарға жоламай хақ жолмен жүру. Пайғамбарымыздың үмбеттеріне көрсеткен жолмен қия баспай оның сүннеттерін қайталау және көркем ахлағына ұқсау.
Әке мен ананың балаға тәрбиесі туралы Құран кітапта аят, сүрелерде де айтылған. Алланың тура жолмен жүретін, өтірік айтпайтын, әділетті құлдарды жақсы көретіні баяндалған. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың көзін көрген сахабалардан жеткен хадистерде де Алла Елшісінің мінезінің сондай көркем екені жеткізілген. Өзінен кейінгілер де одан үлгі алатын болған.
Ислам дінінде ахлақтың маңызы үлкен. Исламның мақсаты - адамдарды игі ахлақ иесі қылып тәрбиелеп, кемелдендіру. Ислам - көркем мінез деген сөз. Пайғамбарымыз (с. а. у) былай деген: «Мен адамгершілік мінезді толықтырып, кемелдендіру үшін жіберілдім. » Мұсылманға берілетін баға оның парасаттылығымен өлшенеді. Пайғамбарымыз: «Сіздердің маған ең сүйкімділерің және қиямет күнінде маған ең жақындарыңыз - ахлағы көркем болғандарыңыз. » дейді. Пайғамбарымыздан: «Алла жанында ең сүйікті құлдар кімдер болады?» деп сұрады. Сонда: «Ең көркем ахлаққа ие болғандары», - деп жауап береді. Ғибадаттар қалай дініміздің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да дініміздің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты - адамдарды жаманшылықтан тыйып, ізгі ахлақты болуға тәрбиелеу.
Дипломдық зерттеудің мақсаты. Диплом жұмысымның ең басты мақсаты қашан да болмасын тәрбиенің адам өміріндегі орны маңызды екенін көрсету. Тәрбиенің психологиялық, педагогтық, тарихи және ең бастысы діни тұрғыдан қалыптасу жолдарын көрсетіп, теориялық және тәжірибелік әдіс тәсілдерді негіздеу. Қазіргі жаһандану заманында көптеген келеңсіздіктер орын алуда. Осының барлығы үйдегі балаларға берілетін тәрбиенің аздығы мен ата-ананың аз көңіл бөлуінен туындап отыр. Сәбиді кішкентайынан өздеріне кедергі жасамауы үшін көгілдір экранның торына тастап кетеді де ол жерде тіпті нені тамашалап отқандарына да мән бермейді. Одан өсе келе алақандай телефонның баласын алдаусыратуына көмегіне жүгінеді. Одан тәрбиелік мәні бар ма немесе керісінше баланы теріс жолға салатын видеороликтер қарайдыма? Үй тірлігімен не жұмыс барысымен қабаттасып жатқан әке мен шеше оған көңіл бөлместен тыныш жыламай отырса болды деп есептейді. Бірақ сондай қара жәшіктің тәрбиесін көріп өскен бала бір күні анасына қарсы шықса, яки әкесін балағаттаса шошынып бұларды қайдан үйренген деп таңданады. Жегені алдында, жемегені артында, әдемі қымбат киімдер кигізіп ешкімнен кем қылмай өсіріп жатырмын деп шешемен әке сорлайды. Бірақ тәрбие беру, білім беру тек киіндіру мен ішкізу емес. Сол уақытта өздері балаларын қараусыз қалдырғандарынан хабары жоқ. Кінәні мектепке болмаса достарына жаба салады. Әрине бала тәрбиесінде мектеп те, қоршаған орта, достары да әсер етуші факторларға жатады. Алайда тәрбиенің бастапқы кірпіші өз үйінен бастап қаланады.
Көптеген жастар қазірде смартфонның басқаруында жүріп, әр елдің киноларын тамашалап, соларға еліктеуде. Солайша олар тарихтан қол үзіп, ата әжелерінен бері сақталып келе жатқан дәстүрлерді мойындамай жоққа шығаруда. Қазіргі ұрпақ тарихты өзінен кейінгілерге жеткізбесе, онда қазақ деген ұлтымыздың жоғалуына қауіп төнуі мүмкін.
Осылайша, жас жеткіншектеріміздің Пайғамбардың (с. а. с) жасаған амалдарын, оның қандай болғанын және ата-баба дәстүрін, олардың қазақ жері үшін қаншама соғысты бастан кешкендерін, ақын жазушылардың қазақ балаларын сауатты оқыту үшін мектеп ашып, кітап жазғандарын, батырларымыздың тәуелсіздікке жету жолында құрбан болғандарын осылардың барлығын бойларына сіңіре отырып, жиырма бірінші ғасыр апатынан аман сақтап қала аламыз.
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан (тозақтан) құтқарыңдар». Осы аяттағы құтқарудың мағынасын Әли ибн Әбутәліп (р. а. ) : «Оларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», - деп түсіндірген. Ал Хасан Басри: «Аллаға мойынсұнуға бұйырып, ізгілікті үйретіңдер», - деген. Хакимнің Ибн Аббастан риуаят еткен хадисінде Пайғамбар: «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһә иллалламен» ашыңдар және өмірден өтер алдында оларға «Лә иләһә иллалла» сөзін айту керектігін үйретіңдер», - деген.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Диплом тақырыбы тарих, психология және дінтану ғылымдарының ортақ тақырыбы аясында жазылды. Зерттеу тақырыбы мақсатына жету барысында әртүрлі теориялық та, практикалық та тұрғыдан әдіс тәсілдерге сүйене отырып, жаңашыл білім негіздерін ұштастырып және де сүзгіден өткізілген мысалдар қолданылып, діни әдебиеттер пайдаланылды. Алланың Елшісі: «Әкенің баланың алдындағы міндеті: жазу-сызуды, жүзуді және садақ атуды үйрету әрі жақсы етіп тәрбиелеу», - деген. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады » деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіңдіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мөселесі.
Зерттеудің ғылыми құрылымы. Ғылыми жұмыс құрылымы осы зерттеліп отырған тақырыптың жоспары және мазмұнына сәйкес кіріспе, екі тарау және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 64 бетті құрайды.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа рассамтривает методы религиозного воспитания основанные на выказываниях и деяниях Пророка Мухаммеда. Цель дипломной работы включает раскрытие основных канонов воспитательного и образовательного влияния ислама, пути роста внутренней духовности. В работе приводятся личностные качества религиозных лидров, персонажей эпических и героических песен, рассказов, сказок и произведений поэтов-песенников. Указывается правомерность образа жизни и Сунны Посланника Аллаха, также акцентируется внимание на важность выбора таких качеств как воспианность и образованность.
ТҮЙІНДЕМЕ
Диплом жұмысында Мұхаммед Пайғамбардың айтқандары мен істеріне негізделген діни тәрбие берудің әдістері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты ретінде ислам дінінің тәрбиелік және діни білім берудегі ықпалының басты ұстындары, іштей рухани даму жолдары қарастырылған. Диплом жұмысында дін беделдерінің тұлғалық қаистеттері, эпостар мен ертегілер кейіпкерлері келтірілген. Алла Елшісінің өмір сүру үлгісі мен оның Сүннетінің дұрыстығы, білімгерлік пен тәрбиелілікке ерекше назар аударылатындығы айғақталады.
ABSTRACT
Thesis examines the methods of religious education based on the statements and deeds of the Prophet Muhammad. The purpose of the thesis includes the disclosure of the basic canons of the upbringing and educational influence of Islam, the path of growth of inner spirituality. The work presents the personal qualities of religious leaders, characters of epic and heroic songs, stories, fairy tales and works of songwriters. The legitimacy of the way of life and the Sunnah of the God's envoy is indicated, and attention is also focused on the importance of choosing such qualities as upbringing and education.
ÖZET
Tez, Hz. Muhammed'in söz ve fiillerinden hareketle din eğitimi yöntemlerini incelemektedir. Tezin amacı, içsel maneviyatın büyüme yolu olan İslam'ın yetiştirilmesi ve eğitsel etkisinin temel kanunlarının açıklanmasını içerir. Tez, dini liderlerin kişisel niteliklerini, destan ve kahramanlık şarkılarının karakterlerini, hikayeleri, masalları ve şarkı yazarlarının eserlerini sunar. Allah Resulü'nün yaşam tarzının ve sünnetinin meşruiyetine işaret edilmekte, yetiştirilme ve eğitim gibi niteliklerin seçilmesinin önemine de dikkat çekilmektedir.
І ИСЛАМДЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ДІНИ-АХЛАҚИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. 1. Тәрбие анықтамасы және құрылымы
Тәлім-тәрбие -белгілі бір индивидтің жеке адами бейнесін, мінез-құлқын қалыптастырып, үлкен өмірге бейімделу мақсатындағы жасалатын процесс. Ұлы ғұлама, философ әбу Насыр әл - Фараби- «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп бекерге айтпаса керек. Яғни, бұл жерде балаға білімнен бұрын тәрбиені бойына сіңіріп өсіру керек. Сонда ғана бала тәрбиелі бола отыра, ғылым, біліммен айналысуында ешқандай кедергі туындамайтыны анық. Егер адамға берілген тәрбие нәтижесіз болса, онда сол адамның қоғамдағы өмірге бейімделуі қиындық туғызуы мүмкін. Бұндай жағдайда адам қарым-қатынаста қиындықтарға тап болып және өмірлік проблемаларды жеңе алмауы әбден мүмкін. Мұндай қарым-қатынас барысында педагог өзінің арнайы принциптері арқылы тәрбиеленушіге дұрыс жолды нұсқайды.
Жаңа моральдық және саяси ойлау қоғамдық өмірдің барлық салаларында қажеттілік туғызады. Әрине, ата-ана тәрбиесі де ерекше, алайда жеткілікті білімі мен мінез-құлық принциптері бар жеке тұлғаны-қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік және мәдени даму қоғамынсыз қалыптастыру мүмкін емес. Мұның бәрі білім беру теорияларын әзірлеу мен жетілдіруде ғылыми зерттеулерді едәуір жандандыруды, оның тұтас әлеуметтік процестегі орны мен рөлін түсінуді қажет етеді. Адам-бұл тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, қоршаған ортаның, нақты әлеуметтік қатынастар жүйесінің, жалпы қоғамның өнімі болып табылады. Бұл көбінесе оның типтік әлеуметтік ерекшеліктерін анықтайды, соған сәйкес ондағы белгілі бір процестердің даму дәрежесін бағалауға болады. Адамдардың адамгершілігі, руханилығы, тәрбиесі-кез-келген қоғамның жетілуінің белгісі. Л. П. Буева былай деп жазғаны кездейсоқ емес: «Шынайы принциптердің бірі- адамның объективті қарым-қатынаста жауапты тәуелділіктің болуы» [1] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz