Туристік бизнестегі делдалдық қызметтің есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 183 бет
Таңдаулыға:   
Анотация
Оқу құралында туристік агенттіктердегі бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін жүйеленіп, жан-жақты қарастырылған, туризмдегі құжат айналымының сипаттамасын, шығындарды есепке алу ерекшеліктерін көрсетілген және туристік өнімдердің құнын есептеу, туристік фирамалардағы қаржылық және салықтық есебінің ерекшеліктері көрсетілген және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп сипатталған. Есеп және аудит, Менеджмент және Туризм мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге, магистранттар мен докторанттарға дәрістер оқу және семинарлар өткізу кезінде оқу процесінде қолдануға арналған. Сонымен қатар, оқу құралының туризм және қонақ үй бизнесінде жұмыс істейтін бухгалтерлерге, қаржы директорларына және менеджерлерге пайдасы тиюі мүмкін.

А. К. Бейсенбаева

Туризмдегі
бухгалтерлік есеп

Оқу құралы

Алматы
2008

2
ББК 65.433я7
Б 38

Пікір жазғандар:

Экономика ғылымының докторы, доцент Тулембаева А. Н.
Экономика ғылымының кандидаты, доцент Сұлтанова Б. Б.

Б 38 Бейсенбаева А. К.
Туризмдегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. -- Алматы:
Нұр-пресс, 2008. -- 230 б.

ISBN 9965-813-34-5

Оқу құралында туризм саласындағы есепті ұйымдастырудың
ерекшеліктері, турөнімді өндірудегі шығындар түрі, есептеу жол-
дары, делдалдық қызмет есебі, ҚХЕС бойынша есеп беру қарас-
тырылған. Саланы оқып үйренуге жəне тəжірибеде көмекші құрал
ретінде жоғарғы оқу орындарының студенттеріне жəне салаға
кызығушылық тудырған тұлғаларға пайдалануға арналған.

ББК 65.433я7

(C) Бейсенбаева А. К., 2008.
(C) Нұр-пресс, 2008.
ISBN 9965-813-34-5

3
КІРІСПЕ

Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың ең
дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері --
қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек
сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйым-
дастыру -- тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көр-
сететін қызметіне дұрыс есеп жүргізуге байланысты. Осыған
байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп сала-
сында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Қазіргі заманғы бухгалтер тек бухгалтерлік есеп саласында
ғана емес, сонымен қатар салық салу, басқару есебі жəне эко-
номикалық талдау саласында да білімінің кең деңгейін қамтуы
керек.
Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрияның
экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны
дамытуға жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіме-
тінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндет-
терінің бірі -- Қазақстанды Орталық Азиялық өңірдегі туризм
орталығына айналдыру.
Мемлекеттік бағдарлама Республикада қазіргі заманғы тиім-
ділігі жоғары жəне бəсекеге қабілетті туристік индустрия құруға
жəне экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтама-
сыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы
мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, ба-
сымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды
жəне туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемле-
кеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік
əлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік беделін, рек-
реациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтарды қалыпта-
стырудың негізгі аспектілерін қамтиды. Қазақстан Республи-
касының теңдесі жоқ табиғи жəне мəдени əлеуетіне негізделген
қазіргі заманғы туристік индустрия -- туризмнің туристік қыз-
мет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне кіруінің та-
биғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы жəне
өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға
қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылаты-
нына көз жеткізіп отырмыз.

4

1-тақырып. Туризм және халықаралық сауда

Туристік бизнес -- əлем шаруашылығындағы тез дамитын
салалардың бірі.
Халықаралық туризм -- мұнай өндіретін жəне автомобиль
өнеркəсіптерінен кейін, үш ірі экспорттық салалардың құрамына
кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мəні үнемі артуда, бұл жеке ел
экономикасындағы туризм ықпалының өсуімен де байланысты.
Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы
халықтың əл-ауқат деңгейінің өсуінің нəтижесі болып табы-
лады. Туристік қызметтерге қол жетерлік, олардың сапасы жəне
əр түрлілігі демалыс нысанын таңдауда да маңызды фактор
болып табылады. Кəсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартым-
дылығы келесі себептерге байланысты:
-- шағын бастапқы инвестициялар;
-- туристік қызметтерге өсетін сұраныс;
-- жоғары деңгейлі пайдалылық;
-- шығындар ақталуының ең қысқа мерзімі.
Қазіргі кезде Қазақстанда демалысты жайлылықпен жəне
қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін туристік қызметтерді көрсе-
тетін туристік компаниялар желісі дамыған.
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі
ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, əлеумет-
тік, ұйымдастыру негіздері ҚР Туристік қызмет туралы За-
ңында анықталған. Осы Заңға сəйкес туристік қызмет -- тур-
агенттік жəне туроператорлық болып бөлінеді.
Туроператорлық қызмет -- өзінің туристік өнімдерін қалып-
тастыру, дамыту жəне туристік агенттер мен туристерге сатуға
лицензиясы бар заңды тұлғалардың қызметі.
Турагенттік қызмет -- туроператормен қалыптастырылған
туристік өнімді дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне
лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың кызметі.
Олардың арасындағы айырмашылық -- туроператорлардың
туристік өнімді дамыту мен сату қызметінен басқа, осы өнімді
қалыптастыруда болып табылады.

5
Туристік өнімді қалыптастыру -- шет елдік əріптестерді
табу, қонақ үйлерді, экскурсияларды таңдау, авиакомпания-
лармен келіссөздер, көрмелелердегі жұмыстар, қонақ үйлер мен
авиарейстерде сақтап қою орындарының нақты санын есептеу,
каталогтарды шығару, агенттіліктерді іздестіру жəне таңдау.
Басқа сөзбен айтқанда, туроператор əр түрлі қызметтермен -
визаларды рəсімдеу, ұшу, трансферт, қонақ үй, сақтандыру,
экскурсиялар ұйымдастырумен айналысып, тур өнімді жинай-
ды, оны нарыққа шығарады жəне тұтынушыларға немесе
турагенттерге тікелей өткізеді. Ал турагент -- туроператор мен
тұтынушы арасындағы делдал болып табылады.
Тур өнім туристік саяхат мерзімінде көрсетілетін туристің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер жəне
осымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа
да (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, ту-
ризм нұсқаушысының, гидтің, гид-аударушылардың қызметтері)
қызметтер жиынтығын білдіреді.
Туристердің кұқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында
Қазақстан Республикасында туроператорлық, турагенттік, экс-
курсиялық қызмет, туризм нұсқаушының көрсететін қызметтері
лицензияланады.
Туроператорлар мен турагенттердің лицензияны алуы үшін
туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкер-
шілігін міндетті сақтандыру келісім шарты қажет. Осы келісім
шарт оның заңды күшіне енген күннен бастап 12 ай мерзіміне
жасалады, іс-əрекет ету аумағы туристік бағыттардың (турлар-
дың) өткізілетін аумағы болып табылады.
Туроператорлар мен турагенттердің қызметі міндетті түрде
сертификатталынады. Сертификаттарды рəсімдемеген жағдайда
жауапкершілік лицензияны берген мезеттен 7 ай өткеннен кейін
басталады.
Туристік фирмаларда бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
туризмнің ұйымдастыру нысандарынан -- халықаралық, ішкі
жəне туристік қызметтерінің кұрылымынан туындайды.
Халықаралық туризм төмендегілерге бөлінеді:
келу туризмі -- Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты
тұрмайтын тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында
саяхат жасауы;

6
кету туризмі -- Қазақстан Республикасының аумағында тұ-
рақты тұратын тұлғалар мен азаматтардың басқа елге саяхаты;
ішкі туризм -- Қазақстан Республикасының аумағында тұ-
рақты тұратын тұлғалар мен азаматтардың Қазақстан Респуб-
ликасы аумағындағы саяхаты.
Қазақстан Республикасы аумағына келу туризмін ұйымдас-
тырумен байланысты туристік қызметтерді көрсету туристік
қызметтердің экспорты болып табылады. Ал басқа елге кетумен
байланысты туристік қызметтерді көрсету импорт болып
саналады.
Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы
мынадай анықтама берілген; бұл -- материалдық-техникалық
базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстардың
пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің айырбаста-
луын, қолданылуын, материалды жəне материалды емес сала
өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйым-
дар жиынтығы.
Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын,
кəсіпорындарын үш топқа бөледі:
1. Демалыс орындары мен бағыттардағы туристік экскур-
сиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, конақ үйлер,
санаториялар, кемпингтер; саяхат жəне экскурсия бюролары;
арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орын-
дары мен туристік орталықтары, туристерді сауықтыру орын-
дарымен, сувенирлер жəне басқа да туристік тауарлармен қамта-
масыз ететіндер).
2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа
тұрмыстық, мəдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін
мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, ки-
нотеатрлар, клубтар).
3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдала-
нуды қамтамасыз ететін өнеркəсіп орталықтары жəне оларға
еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ
туризм саласына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын ме-
кемелер.
Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерек-
шеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы
ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі

7
мезгілдік; үшіншіден туризм имфрақұрылымының даму дең-
гейіне жоғары талап.
Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тəн бірқатар
айрықша ерекшеліктері бар, ол солар арқылы халық шаруашы-
лығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм ин-
дустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді
тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни
туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі жəне бір-
ден қолданылады. Екінші ерекшелігі -- оның өнімдері арты-
ғынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көр-
сетудің келесі бір ерекше айырмашылығы қызмет өндірісіне
дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу.
Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылық-
тарымен байланысты -- турист алған өнімдерді "өзімен алып
кетеді", яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күй, жаңадан толты-
рылған білім, пікір, ақпарат арқылы.
Туристік қызмет көрсетудің түпкі мəнін түсіну үшін, ту-
ристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік
көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған
кезде əр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл
процестің кешенді түрі келесідей анықталады:
туристерге əр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көр-
сетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарларды ұсынуы;
туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда
(қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылым-
дарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;
туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер əр түрлі іс-
əрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы
туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының сала-
ларында: көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтауда пайда
болған;
қызмет əр түрлі кəсіптік дайындықтағы жəне білім деңгейін-
дегі адамдармен көрсетіледі.
Туризмде ұсынылған қызметтер аумақ бойынша бөлінеді.
Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін
жерлерінде қөрсетіледі (ақпараттық қызмет). Басқаларын турист
саяхат кезінде (ақпараттық, көліктік қызметтер) алады. Үшін-

8
шісін туристер туристік орталықтарынан (орналасу, тамақтану,
емдеу, көңіл көтеру, іскерлік кездесу) алады,
Қызмет көрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша былай
бөлуге болады:
Қызмет пен тауарларға тарту;
Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру;
Ұсынылған тауар мен қызметтерді пайдалануға қызығушы-
лықтарын тудыру;
Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура
шешім қабылдауға қөмектесу.
Туристік индустрия дегеніміз -- туристік өнім шығару-
шылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді,
олар адамдардың рекреациялық қажеттілігінің арқасында құ-
рылады.
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шыға-
ратын өнімдерінің тартымды болуына, бағасына, нарықтағы
өтімділігі жəне жылдам таралуына байланысты.
Өнімнің экономикалық дəреже ретінде терең мазмұны бар,
бірақ, осы уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ.
АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің маркетинг профес-
соры, Американың маркетинг ассоциациясының белсенді
мүшесі Ф. Котляр мынадай анықтама береді: Өнім -- өзіне
тарту, алу, пайдалану жəне қолдану мақсатымен нарыққа
ұсынылатын жəне адамның ынтасы мен өтей алатын қандай да
болмасын зат. Өнім физикалық объектілер, көрсететін қыз-
меттер, ой-пікір жəне басқалар бола алады.
Туризмде өнім болатыны көрсететін кешенді қызмет, яғни
бір пакетте туристерге сатылатын қызметтер жиынтығы. Өнді-
рушілерге қарағанда, туристер туристік өнімді кең түрде ұғына-
ды. Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін
қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері
ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын
түзеп қайтса, басқалары іс-сапарларға барып, іскерлік келіс-
сөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер
туристік өнімдерге мұқтаж емес, олар жаңа сезімге, қызық
оқиғаларға мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.
Атақты ағылшын туризмологы В. Мидлтонның анықтамасы
бойынша, кешенді туристік өнім дегеніміз "сезінетін жəне сезін-

9
бейтін компонентті пакеттер, оның құрамы туристік орта-
лықтағы адамдардың іс-əрекеттерімен анықталады. Алған əсер-
лерінің бағасы ретінде пакетті туристер қабылдайды".
Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді:
-- тур;
-- қосымша туристік-эскурсиялық қызметтер;
-- тауарлар.
Тур дегеніміз -- тұтынушыға біртұтас таратылатын жəне
туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа жəне
мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.
Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет жəне 2)
бағытта көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік пакетті туроператорлар ұсынады жəне бағытта
міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:
-- туристерді көлікпен демалыс орнына апару жəне алып
келу;
-- трансфер;
-- орналастыру жəне тамақтаңдыру; міндетті түрдегі экскур-
сиялық жəне мəдени бағдар.
Туристік өнімнің, туристік пакеттен айырмашылығы --
нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын
туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едəуір же-
ңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, тур-
оператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай
алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.
Туроператор туризмде маңызды роль атқарады. Өйткені əр
түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтан-
дыру, көңіл көтеру жəне т. б.) бір турпакетке жинап, турөнімді
шығарады, оны турагент арқылы таратады.
Турагент -- туроператордың туристік өнімін іске асыратын,
туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан
турагенттің айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты
емес.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы -- ту-
ристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.
Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын
келесідей бөлуге болады:
тур -- 50 %;

10
қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер -- 30 %;
тауарлар -- 20 %.
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз -- бұл
жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солар-
дың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жол-
даманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік
орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат,
телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны жəне т.
б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы
керек.
Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жа-
татындар: туристік карталар жəне қаланың жоспары, суве-
нирлер, буклеттер, сондай-ақ тұрғылықты елдегі тапшы тауар-
лар жəне т. б.
Туристік индустрияда өндірілетін туристік, өнім екі əдіспен
бағалануы мүмкін:
барлық өндірістің шығынының жинағы есебінде;
туристердің барлық шығынының жинағы немесе туризмнен
түскен кіріс есебінде.
Қандай бір əдіспен бағаланса да, сөз туристік индустрия
өндірілетін туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде болып
отыр.
Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды
үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі -- туристердің
туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен
тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану жəне т. б.);
бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері,
сувенирлер жəне т. б.). Əрбір туристік қызметтер мен тауарлар
тобы тағы да жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің
түріне, жайлылығына қарай жіктеледі.
Туристік сұраныс жəне ұсыныс туристік құрылыстың эконо-
микалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қыз-
мет пен тауарларды тарату саласын құрайды.
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежү-
зілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе
туристік қызметтердің бағасына туристердің көліктік шығыны
да кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырма-
шылығы, міне, осында.

11
1-кесте

Туристік индустрияның кіріс бойынша 2001 ж.
көрсеткіштері

Туризм түрлері бойынша қызмет
көрсетілген келушілер саны, мың адам
оның ішінде

барлығы
кіріс
шығыс
Барлығы: 10649,0
4365,0
3004,0
оның ішінде:

туристік ұйымдар 456,1
40,4
218,0
орналастыру объектілері 1361,3 264,2

санаторийлік-курорттық
мекемелер
209,6 69,0

айрықша қорғалатын
табиғи аумақтар
391,6 130,4

мəдениет мекемелері 2412,0
828,6

2-кесте

2004 жылы бюждетке түскен қаржының көлемі

Туристік қызметтен
түскен кіріс, млн. теңге
Бюджетке түскен
қаржы, млн.теңге
Барлығы: 30553,4
6526,5
оның ішінде:
туристік ұйымдар 5902,6
554,6
орналастыру
объектілері
23153,5 5317,5
санаторийлік-
курорттық мекемелер
256,0 532,6
айрықша қорғалатын
табиғи аумақтар
9,1 2,2
мəдениет мекемелері 1232,2
119,6

Туристік қызметтер құрылымында негізгілер мен қосымша
қызметтерге бөлінеді. Негізгілерге жататындар: тасымалдауды
ұйымдастыру бойынша қызметер; орналастыру; туристерді та-
мақтандыру, ал қосымшаларға жататындар: экскурсияларды

12
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, гидтердің, гид
аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырыл-
ған тасымалдаулар жəне т.б.
Бухгалтерлік есептің маңызды элементі туристік фирмалар-
дың қызметтерді жеткізушілер жəне тұтынушылармен өзара қа-
рым-қатынастарды құжаттық рəсімдеу болып табылады. Тұты-
нушылармен өзара қарым-қатынастар кезінде мынадай құжаттар
негіз болып табылады:
1. Тапсырыс үшін құжаттар (тапсырыс, сақтап қою парағы,
сақтап қоюды растау).
2. Тұтынушылардың құжаттары (келісім шарт, жолдама,
ваучер, сақтандыру полисі, көлікке билет).
3. Турист тұлғасын куəландыратын құжаттар (төлқұжат,
балаларға сенімхат жəне т.б.)
Сақтап қою парағын немесе турға тапсырысты толтырған
кезде, тұтынушы өзінің іс-əрекетін растау ретінде тур құнының
бір бөлігін төлейді. Құжатта бұл сома аванс не кепілақы ретінде
аталуына байланысты тапсырыс əр түрлі құқықтық мəртебеге ие
болады.
Егер алдын ала төлем аванс деп танылса, онда рəсімделген
тапсырыс алдын ала келісім шарт ретінде танылады жəне
тараптар кейіннен негізгі келісім шартқа отыруы көзделеді.
Тапсырысты сақтап қою -- парақты рəсімдеу ңұсқаулары
мақсаты жағынан турагенттер үшін орынды.
Туристік қызмет көрсетуге келісім шарт жазбаша түрде
жасалады жəне ҚР заңдарына сəйкес болуы тиіс.
Келісім шарттың маңызды шарттарына жататындар:
-- туристік қызметті жүзеге асыруға лицензия туралы, мекен
жайы мен банктік реквизиттері жайлы мəліметтерін қоса
туроператор немесе турагент жайлы ақпарат;
-- туристік өнімді сату үшін қажетті көлемде турист жайлы
мағлұматтар;
-- туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері, туристік қыз-
метті көрсетуге сертификаттың болуы жайлы нақты ақпарат;
-- саяхаттың басталу жəне аяқталу күні мен уақыты;
-- туристерді қарсы алу, шығарып салу жəне жөнелтудің
тəртібі;
-- туристік өнімнің бағасы жəне оны төлеу тəртібі;

13
-- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
-- келісім шартқа өзгертулерді енгізу мен бұзу шарттары;
-- туристің жүгін жеткізу шарттары жəне келісім шарттың
осы тармағын орындамаудағы құқықтық салдары.
Туристік жолдама -- турды сатқанда фирма мен тұтынушы
арасындағы келісім шарттың ажырамас қосымшасы, ол тур-
өнімнің сатылғандығын растайтын құжат болып табылады.
Туристік фирма үшін туристік саяхат дайын өнім болып та-
былады, оның өзіндік құны туристік жолдамаға кіретін қыз-
меттерді төлеуге кеткен шығындардан тұрады.

Бақылау сұрақтары:

1. Кəсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы қан-
дай себептерге байланысты?
2. Халықаралық туризм қандай түрлерге бөлінеді?
3. Туризмнің негізгі түрлері қалай сипатталады?
4. Туризм индустриясын қалай түсінесіз?
5. Туристік қызмет көрсету дегеніміз не?
6. Туристік өнім құрамы жағынан неше бөлімге бөлінеді?
7. Турдың құрамы қандай болады?
8. Туристік пакетті қандай тұлға ұсынады жəне қандай түрде
көрсетілетін қызметтерден тұрады?
9. Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы неде?
10. Туроператордың туризмде атқаратын рөлі қандай?
11. Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын
қандай түрлерге бөлуге болады?
12. Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім неше
əдіспен бағалануы мүмкін?
13. Туристік нарықтың қандай ерекшеліктері бар?
14. Рəсімделген тапсырыс алдын ала келісім шарт ретінде
танылады ма?
15. Туристік жолдамаға анықтама бер.

14

Туристiк қызмет саласындағы сертификаттау мен стан-
дарттау
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сəй-
кес Қазақстан Республикасында туристiк индустрияда қызмет
көрсету мiндеттi сертификаттауға жатады.
2. Стандарттау, метрология жəне сертификаттау жөнiндегi
өкiлеттi орган белгiлеген мемлекеттiк стандарттардың мiндеттi
талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
айқындалады.
3. Стандарттау, метрология жəне сертификаттау жөнiндегi
өкiлеттi орган туристiк қызмет саласындағы өкiлеттi органның
ұсынысы бойынша ұйымдардың туристiк қызмет саласындағы
сертификаттау жөнiндегi жұмыстарын жүргiзу құқығын аккре-
дитациялауды жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

1.

Туризм менеджментінің негізгі ерекшеліктері қандай?
2.

Басқару жүйесінде қолданылатын модельді қалай түсі-
несің?
3. Туристік мекемелер мақсаттарына байланысты неше топ-
қа бөлінеді?
4. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, ба-
сым бағыттары жəне тəсілдерін ата.
5. ҚР Үкіметінің құзыреті мен өкілетті органның атқаратын
қызметтері қандай?
6. Туризмдік маркетингтің кезеңдерін ата.
7. Маркетинг стратегиясын іске асыруда мемлекеттің алатын
орны қандай?
8. Лицензиялау қандай заң актілерімен айқындалады?
9. Сертификаттау мен стандарттаудың ерекшелігі неде?
10. Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн қан-
дай құжат толтырылуы қажет?

11. Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыруда қандай
шаралар жасалынуда?

26
12. Туристiк қызметке берiлген лицензияның қолданылуын
тоқтата тұру туралы шешiмді кім қабылдайды?
13. Лицензиялар, туроператорлар мен турагенттер туралы
деректер туристiк саланың мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiледi ме?
14. Туристiк қызмет саласындағы сертификаттау мен
стандарттау мəселесі қандай шарттардан құралады?
15. Стандарттау, метрология жəне сертификаттау жөнiндегi
өкiлеттi орган туристiк қызмет саласындағы өкiлеттi органның
ұсынысы бойынша ұйымдардың туристiк қызмет саласындағы
сертификаттау жөнiндегi жұмыстарын жүргiзу құқығын аккре-
дитациялау қалай жүзеге асырылады?

27

3-тақырып. Туристік бизнестегі бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру

3.1. Туристік ұйымның анықтамасы мен қатысушылары

Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңы
бойынша (15 бап) Қазақстан Республикасында туристердің құ-
қығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, тур-
агенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық
қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 14.09.2001 ж. №1213 Туристік қыз-
метті лицензиялау тəртібі қаулысына сəйкес жүзеге асыры-
лады. Лицензия туралы, туроператорлар мен турагенттер туралы
деректер туристік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт агенттігі төрағасы-
ның 09.01.2002 ж. №06-2 -- 23 бұйрығымен лицензияны алу
үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттары заң форма-
лары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін аза-
маттық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, он мың бір
айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын
əкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашы-
лық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты
ұйымдастыру керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға
уақытылы жəне шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен
тапсырмалардың жағдайы туралы мəліметтерді уақытылы алу.
Туризм -- Қазақстан Республикасы азаматының уақытша
кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың жəне тұрақты мекен --
жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық,
кəсіби-іскерлік жəне т.б. сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тəртібі ҚР
Конститутциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жыл-
дың 13 маусымындағы №211 -- II (22.02.02 ж. № 296 -- II
өзгертулермен) Қазақстан Республикасында туристік қызмет-

28
тер туралы Қазақстан Республикасы Заңында реттелген. Қар-
жылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралык стан-
дартына сəйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
негізгі принциптер (есептеу жəне үздіксіз қызмет);
ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орын-
дылығы, сенімділігі жəне салыстырылуы).
Бұған қоса олар БЭС 30 Қаржылық есеп берулерді табыс
ету реттелініп, Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы
Заңда белгіленген принциптерге жəне бухгалтерлік есеп стан-
дартына сəйкес кəсіпорындар əзірленіп, пайдаланатын кəсіп-
орындағы Есептік саясатқа қабылданады.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристік
бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс
жоспары; шаруашылық операцияларын рəсімдеуге қолданыла-
тын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу
тəртібі жəне тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті жəне тап-
сырмаларды бағалау əдістері; құжат айналымы тəртібі, есептік
ақпаттартарды өңдеу технологиясы жəне бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Қазакстан Республикасы Бухгалтерлік есеп пен есеп беру-
лер туралы заңының 7-бабына сəйкес кəсіпорын басшысы есеп-
тік жүйені жасауды жəне бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай
бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын кұрылымдық
бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет шта-
тын ашады, алғашқы келісім-шартпен мамандандырылған бух-
галтерлік бөлімге бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады не-
месе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік
есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызмет-
тердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің
формаларын сақтайды.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы
əдістемелік басшылығының негізінде Бухгалтерлік есептің əдіс-
темелік департаменті жəне ҚР Қаржы министрілігі жүзеге асы-
рылады.

29
Қаржы есептілігінің есеп саясаты бөлімі мыналарды:
-- қаржы есептілігін əзірлеуге пайдаланылған өлшем ба-
засын (немесе базаларын);
-- қаржы есептілігін дұрыс түсінуге қажетті есеп саясаты-
ның əрбір нақты аспектісін сипаттауға тиіс.
Қаржы есептілігінде пайдаланылатын нақты есеп саясатына
қосымша пайдаланушылар өлшем базасын немесе базаларын
(тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын құны, əділ
құн немесе келтірілген құн) білу маңызды, өйткені тұтастай
алғанда қаржы есептілігін жасаудың негізін қалыптастырады.
Егер қаржы есептілігінде бірден артық өлшем базасы қолданы-
латын болса, мысалы, белгілі бір ұзақ мерзімді активтерді қайта
бағалаған кезінде, онда əрбір тиісті өлшем базасы қолданыла-
тын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткі-
лікті болады.
Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабыл-
даған кезде басшылық ашып көрсету кəсiпорынның қызмет
нəтижелерiнде жəне қаржы жағдайында операциялар мен оқиға-
ларды көрсету тəсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме
деген мəселенi қарастырады. Ұсынылуын кəсiпорын қарауы
мүмкiн есеп саясатының аспектiлерi мыналарды қамтиды (бiрақ
онымен шектелiп қоймайды):
-- кiрiстi тану;
-- еншiлес жəне қауымдас кəсiпорындарды қоса, шоғырлану
принциптерi;
-- бизнестi бiрiктiру;
-- бiрлескен қызмет;
-- материалдық жəне материалдық емес активтердi тану
жəне амортизациялау;
-- қарыздар бойынша шығындарды жəне басқа да шығыс-
тарды капиталдандыру;
-- құрылыс салуға шарттар;
-- инвестициялық жылжымайтын мүлiк;
-- қаржы құралдары мен инвестициялар;
-- жалгерлiк;
-- зерттеулер мен əзiрлеулерге шыққан шығындар;
-- босалқылар;
-- салықтар, оның iшiнде кейiнге қалдырылған салықтар;

30
-- бағалау мiндеттемелерi;
-- қызметкерлерге сыйақы беруге арналған шығындар;
-- бiр валютадан екiншiсiне ауыстыру жəне хеджирлеу;
-- шаруашылық жəне географиялық сараланымдарды анық-
тауды жəне сараланымдардың арасындағы шығындарды бөлу
үшiн негiздi;
-- ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларын анықтау;
-- инфляцияны есепке алу;
-- мемлекеттiк субсидиялар.
Басқа Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттары осы
салалардың көпшiлiгiнде есеп саясатын ашып көрсетудi нақты
талап етедi.
Əрбiр кəсiпорын пайдаланушы осындай түрдегі кəсiпорын
үшiн ашып көрсетiлуiн күтетiн өз операциялары мен саяса-
тының сипатын қарастырады. Мысалы, жеке сектордағы барлық
кəсiпорындар, кейiнге қалдырылған салықтар мен салықтық
активтердi қоса, пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп сая-
сатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады. Кəсiпорында шетел-
дiк қызметтiң немесе шетелдiк валютамен жасалатын опера-
циялардың едəуiр көлемi болған кезде, оң жəне терiс бағамдық
айырманы тануға жəне осындай айырмаларды хеджирлеуге
қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделедi. Шоғырланған
қаржы есептiлiгiнде гудвиллды жəне азшылық үлесiн анықтау
кезiнде қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.

Бақылау сұрақтары:

1. Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тəртібі
қандай заңдармен реттеледі?
2. Туристік ұйымдарда есеп саясаты қалай ұйымдастыры-
лады?
3. Есептік жүйені жасауды жəне бухгалтерлік есепті ұйым-
дастыруды кімдер қамтамасыз етеді?
4. Қаржы есептілігіндегі есеп саясаты бөлімдерін ата.
5. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы
əдістемелік нұсқауымен қандай шаралар жүргізіледі?

31
6. Туристік ұйымның есеп саясатының аспектiлерi нені қам-
тиды?
7. Кəсiпорында шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валюта-
мен жасалатын операциялардың көлемiн қалай анықтайды?
8. Оң жəне терiс бағамдық айырманы тануға жəне осындай
айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көр-
сету көзделген бе?
9. Пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын
ашып көрсетуге тиiс деп болжанады ма?
10. Қаржы есептiлiгiнде гудвиллды жəне азшылық үлесiн
анықтау кезiнде қолданылатын саясат ашып көрсетiледi ме?

32

4-тақырып. Туристік өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясының және өндіріс
шығындарының есебі

4.1. Туристік өнімнің өзіндік құнына кіретін
шығындардың құрылымы

Туристік өнімдердің өзіндік кұнына қосылатын шығын құ-
рамы БЕС №7 Тауарлы-материалдық қор есебі жəне оған əдіс-
темелік ұсыныспен реттелінеді. Осы құжаттарға сəйкес туристік
өнімдер өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар,
отын, энергия, негізгі кұрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа
шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының
құнын білдіреді.
Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына тікелей жəне
жанамаға бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар -- бұл туристік өнімдердің өзіндік құнын
тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік өнімдерді жəне
өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым
(21% əлеуметтік салық) жəне əдеттегінше шығын элементтері-
нің аумағында ескеріледі.
Жанама шығындар -- бұл туристік өнімдердің өзіндік құны-
на оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық
телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет
көрсету төлемі; жарнамалық (каталогтар) жəне сувенирлік өнім-
дерді дайындау, жылдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік
ролі бойынша айрықшаланатын, олар кешенді баптарды (бірне-
ше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.
Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру эконо-
микалық мазмұнына жəне БЕС 7 Тауарлы-материалдық қор
есебі мен оған əдістемелік ұсынысқа сəйкес жүзеге асырылады:
а) экономикалық элементтермен:
-- материалдық шығындар;
-- еңбекақы шығындары;
-- аударым;
-- құралдардың тозуы;

33
-- басқадай шығындар;
ə) шығын баптары бойынша:
-- материалдар;
-- еңбекақы;
-- аударым;
-- үстеме шығындар.
Турөнімді сатып алушы немесе турист белгілі бір көрсе-
тілетін қызмет түрі пайдаланады. Толық кешенді көрсетілетін
қызмет түрі екіге бөлінеді.
Біріншісі -- инклюзив-тур деп аталады, немесе авиа тасы-
малдау қызметінде барар жəне қайтар жүру жолының ақысы
арнайы тарифпен есептелу арқылы пайдаланушы туристке
жеңілдікпен ұсынылған турөнімнің жалпы бағасының түрі.
Екіншісі -- пэкидж-тур деп аталады немесе тасымалдау қыз-
метінің бағасы турөнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі.
Турөнімнің өзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуля-
циялық құжат толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қа-
рай төмендегідей түрлері қарастырылады:
1. жоспарланған кезең ішіндегі мөлшер мен смета бойынша
жасалынған баға.
2. нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты сомасы.
3. сметалық немесе жаңа турөнімдерге сметалық құжат ар-
қылы жасалған жобалық баға.
Туристік өнімдерді өндірудің шығын есебіне 8110 Негізгі
өндіріс, 8300 Қосалқы өндіріс калькуляциялық шоттар, 8400
Үстеме шығындар жинау -- бөлу шоты жəне Алдағы кезең
шығындары 1620 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойын-
ша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын-ала жиналған
шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады.
8110, 8300, 8400 шоттарының сальдосы жоқ жəне есепті айдың
бітуі бойынша бұл шоттарда дебет бойынша жиналған шығын-
дар Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны 7010
шоттың дебетінде есептен шығарылады.
БЕС 7 Тауарлы-материалдық қор есебі, ХҚЕС 2 Қорлар
оған əдістемелік ұсынысқа сəйкес туристік өнімдердің өзіндік
құнына мыналар қосылады:

34
-- туристік кəсіпорындарды туристік өнімдерді қалыптасты-
ратын жұмысшы күшімен (қызметкерлермен) қамтамасыз ету
шығындары;
-- аударым (əлеуметтік салық);
-- көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (əуе,
темір жолдары, су жолы);
-- туристік фирмалардың асырау, қызмет ету жəне басқару
шығындары;
-- жаңа туристік өнімдерді əзірлеу жəне игеру шығындары;
-- турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін
басқа жақтағы кəсіпорындарға (тұлғаларға) төлемақылар;
-- контрагенттерге комиссиялық сыйақылар;
-- басқадай шығындар мен төлемдер.
Туристердің өнімдерді өткізумен түскен табыстар мен
шығындар есебі 22.02.02 ж. №296 -- II Қазақстан Республика-
сында туристік қызмет туралы заңда белгіленгендей, қызмет
көрсету қолданыстағы заңға сəйкес жазбаша түрде бекітілген
келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

4.2. Директ-костинг жүйесі бойынша шығындар
есебінің ерекшелігі

"Директ-костинг" жүйесі жағдайында операцияларды бух-
галтерлік шоттарда көрсету тəртібіне келетін болсақ, тікелей
шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 8110 "Негізгі
өндіріс" жəне 8300 "Қосалқы өндіріс" шоттарында жиналады.
Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын ала 8400 "Үстеме
шығыстар" шотында жинақталады, сосын ай сайын 8110 "Не-
гізгі өндірістің қосымша шығыстары" жəне 8300 "Қосалқы өн-
дірістің қосымша шығыстары" шоттарына көшіріледі. Жалпы
басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-
тұрақты шығыстар 7210 "Əкімшілік шығыстар", шотында, ал
өткізу шығыстары бөлігінде 7110 "Өнімдерді сату жəне қыз-
меттер көрсету бойынша шығыстар" шоттарында көрсетіледі.
Өнімнің өзіндік құнының нақты сомасы 8110 "Негізгі өн-
діріс" шотынан 1340 "Дайын өнім" немесе 7010 "Өткізілген дай-
ын өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзін-
дік құны" шоты дебеттеріне көшіріледі.

35
7110, 7210, 7310 шоттарында жиналған шартты-тұрақты шы-
ғыстар əрбір есепті кезеңнің соңында толығымен 5600 "Жиын-
тық табыс (зиян)" шотынан жиынтық табысты азайту үшін
есептен шығарылады.
"Директ-костинг" жүйесінде кірістер туралы есепті кұру сыз-
басы көпсатылы екендігін мысал келтіре отырып 3-кестеден
көруге болады. Мұнда екі қаржылық көрсеткіштер бар: маржи-
налды табыс пен пайда.
3-кесте
Пайданың қалыптасуы


Көрсеткіштердің атауы
Көрсеткіштердің
мəні, теңге
1
Турөнімді өткізуден түскен түсім (Т)
Т = 5000
2
Өзгермелі шығындар (ӨШ)
ӨШ = 3000
3
Маржиналды табыс (МТ)
МТ = Т -- ӨШ = 2000
4
Тұрақты шығыстар (ТШ)
ТШ = 1000
5
Пайда (П)
П = МТ-ТШ = 1000

Маржиналды табыс -- өзгермелі шығыстар бойынша есеп-
телген турөнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес
өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына
туристік кəсіпорынның пайдасы мен тұрақты шығындары кі-
реді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен
кейін операциялық пайда көрсеткіші жасалады.
"Директ-костинг" жүйесіндегі кірістер мен шығыстар туралы
шамамен алынған есеп 4-кестеде ұсынылған.
4-кесте

Маржиналдық табыс тəсілімен жасалған кірістер
мен шығыстар туралы есеп


Көрсеткіш
мың.теңге
1
Өткізілген турөнім көлемі 285000
2
Өзгермелі шығындар 165000
3
Маржиналдық табыс (1-2 жол) 120000
4
Тұрақты шығыстар 68500
5
Таза пайда (немесе зиян) (3-4 жол) 51500

36
Ұсынылған есепте екі саты бар: жоғарғы -- маржиналдык
табыс: төменгі -- таза табыс есептің кезеңдік процесінде тол-
тырылады.
Өзгермелі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын каль-
куляциялаудың маңызды сəті шығындар мен пайданың оңтайлы
арақатынасын есептеуге арналған əдіс пен зиянсыздықты тал-
дау калькуляциясының байланысы болып табылады.
Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуля-
циялау турөнім бағасы деңгейіне, бизнестің əр қилы сегментінің
өнімділігін ынталандыруға елеулі ықпал етеді.
Стандартты "директ-костинг" -- кəсіпорынның түпкілікті
мақсатына таза пайда алуға жету жүйесі деп түсініп, оның ар-
тықшылықтарына тоқталсақ:
-- өзіндік кұнды жарым-жартылай калькуляциялаудың қара-
пайымдылығы мен объектілігі, өйткені тұрақты шығынды шарт-
ты түрде бөлудің қажеттілігі болмай қалады;
-- өзіндік кұнды əр түрлі кезеңдердің өзгермелі шығындары,
абсолютті жəне салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүм-
кіндігі;
-- шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі жоғары өнімді анықтау;
-- өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын жəне дайын
өнім кұрылымын өзгерту нəтижесінде пайда өзгерісін бақылау
мүмкіндігі;
-- тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін
жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша
шығыстардың бөлінбеген сомасының бөлігі бір кезеңнен екін-
шісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;
-- есептің талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені
есеп пен талдаудың байланысты бірігу процесі жүреді;
-- "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің
басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.

Бақылау сұрақтары:

1. Туристік өнімнің калькуляциялану тəртібі қандай?
2. Турөнімді калькуляциялауда қолданылатын бухгалтерлік
жазбалар қандай?

37
3. Туристік өнімдердің өзіндік кұнына қосылатын шығын
құрамы нешінші стандартта қарастырылған?
4. Туристік өнімдердің өндірістік өзіндік құнына қандай
шығындар қосылады?
5. Тікелей шығындарға қандай шығындар түрі жатады?
6. Жанама шығындарға қандай шығындар түрі жатады?
7. Туристік өнімдерді өндіру шығындарын топтастыру эко-
номикалық мазмұнына қарай қалай топталады?
8. Инклюзив-тур дегеніміз не?
9. Пэкидж-турға анықтама бер.
10. Калькуляциялаудың мақсатына қарай шығындардың қан-
дай түрлері қарастырылады?
11. Туристік өнімдерді өндірудің шығын есебі қандай шот-
тарда қарастырылады?
12. Директ-костинг жүйесінің артықшылықтары мен кем-
шіліктерін атаңыз?
13. Директ-костинг жүйесінің өзіндік құнының калькуля-
циялаудан басты айырмашылығын атаңыз?
14. Маржиналды табыс қалай анықталады?
15. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды кальку-
ляциялау турөнім бағасы деңгейіне, бизнестің əр қилы сегмен-
тінің өнімділігін ынталандыруға қалай ықпал етеді?

38

5-тақырып. Туристік өнімнің өткізу есебі

5.1. Туристік өнімнің бағалануы мен есебі

Халық шаруашылығының саласы ретiнде туризм сұраным
мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сəйкес тиiс өнiм шыға-
рады. Осыған қатысты шетелдiк тұтынушыға бағдарланған ха-
лықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған iшкi
рыноктың ара жiгiн ажырата бiлу қажет.
Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған
айналымды жəне қатаң бəсекелестiкте орасан зор механизмдi
бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана
тəн ерекшелiгi бар жəне сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұ-
дан əрi -- турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты
рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жар-
қын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.
ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау
мен қазiргi тəжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi
базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы
бойындағы мəдени туризм (зиярат ету жəне дəстүрлi), сонымен
қатар онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари,
рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық).
Бұл ретте экономикалық туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен
өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен
орынды.
Орталық Азия аймағындағы туризмнiң ерекшелiгiн ескеру
қажет. Жiбек жолы жəне оқиғалы туризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Туристік бизнестегі тұтынушыларды зерттеу
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Пәндер