Инерция күштері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама №2 11 мамыр 2020жыл

Құрастырушы: Тойлыбай Жанарбек- Никольск ауылының ЖОББМ -ң физика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Рецензенттер: Ишангалиева А.Ф-М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ
физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

Кажиакпарова Ж.С-Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты



Ұсынылып отырған 10 сыныптарға арналған әдістемелік жинағы жалпы орта білім беретін физика пән мұғалімдеріне арналған. Бұл қолданбалы курс физиканың негізгі заңдылықтарымен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларға байланысты тәжірибелерді қарастырып, әрі есептерін шығару жолдарын үйрету. Оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілетін, эксперименттік есептер мен логикалдық есептерді шығаруға және өз бетімен жұмыстануына мүмкіндік береді.

Мазмұны:
1.Түсінік хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
2. Қолданбалы курстың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 бет
3. Күнтізбелік тақырыптық жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5 бет
4. Сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-12 бет
5.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..13 бет

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып,
облыс педагогтеріне таратуға ұсынылған
(Хаттама №2, 11 мамыр 2020жыл) Қ. Сағырбаев атындағы ЖОББМ -нің физика пәні мұғалімі Мендигалиева Шолпан Сарсенбаевнаның 10 сыныпқа арналған Физиканың негізгі заңдары тақырыбындағы қолданбалы курсының бағдарламасы басшылыққа алынды.

Түсінік хат
Физикада материяның қасиеттері мен өзгерістерін сипаттайтын, өлшенетін әрі санмен өрнектелетін көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бақылау мен тәжірибе арқылы құбылыстар мен физикалық шамалар арасында тағайындалған тәуелділіктер физикалық заңдылықтар болып табылады. Ұғымдар, заңдар, принциптер физикалық теорияның негізін құрастырып, белгілі бір құбылыстар жөніндегі біздің білімізді жинақтап және жалпылап отырады. Физика-техника негізі; техникалық құрылғылар (қозғалтқыштар, реакторлар, есептеу техникасы т.б.) физикада ашылып, зерттелген табиғат құбылыстары мен заңдарын пайдалануға негізделген.
Курс бағдарламасы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша физика курсының 10 сыныпқа арналған бағдарламасының мазмұнына сай аптасына 1- сағаттан барлығы 34 сағатқа арналып құрылған.
Бағдарламада физиканың мектеп курсындағы негізгі бөлімдері бойынша берілген тақырыптарға тереңірек, ауқымды түрде есептер шығару қарастырылған және оқушылардың білімдерін, негізгі физикалық заңдылықтарды, формулаларды қайталауына жол ашады. Бұл оқушылардың білімін, біліктігін арттыруға мұғалімді бағыттайды. Оқушылардың теориялық білімін графиктік, мәтіндік, сапалық есептерге қолдана білуге, оны шешудің әдіс-тәсілдерін үйренуіне, өз бетімен жұмыстануына, ҰБТ есептерін тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.
Курстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі.
Курстың өзектілігі физиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Курстың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренуге, мақсаткерлік, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді қасиеттерін қалыптастыруда жұмыстар жүргізу.
Міндеті: Оқушыларды физиканың негізгі заңдылықтарымен кеңінен таныстырып қана қоймай, оларға байланысты тәжірибелерді қарастырып, әрі есептерін шығару жолдарын үйрету.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
-- физикалық заңдардың қолданылу шегі болатынын түсіну;
-- практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және осы заңдылықтарға есептер шығара білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың білімі іскерлігі мен есеп шығару дағдысы анықталады;
2. Физиканың негізгі заңдарын есеп шығаруға қолдана біледі;
3. Физикалық заңдардың оқылуы мен формулалардың жазылуын біледі;
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

Қолданбалы курстың мазмұны
10 сынып. Барлығы 34 сағат.
І тарау. Кинематика негіздері (2 сағ)
Нүктенің, қатты дененің кинематикасы
ІІ тарау. Динамика негіздері (3 сағ)
Ньютон заңдары. Ньютонның І,ІІ заңдары. Ньютонның ІІІ заңы. Гравитациялық күш
ІІІ тарау. Сақталу заңдары (6 сағ)
Импульстің сақталу заңдары. Жұмыс.Қуат.Энергия. Энергияның сақталу заңы
Инерция. Күш және импульс моменттері. Импульс моментінің сақталу заңы.
Үдемелі қозғалыстағы санақ жүйелері. Инерция күштері
ІV тарау. Сұйықтар мен газдар механикасы (2 сағ)
Қысым. Паскаль және Архимед заңдары. Үздіксіздік және Бернулли теңдеулері. Сұйықтар мен газдардағы денелердің қозғалысы.
V тарау. Идел газдардың кинетикалық теориясы (2сағ)
Идеал газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеулері. Максвеллдің газ молекулаларының жылдамдықтары және энергиялары бойынша таралу заңдары.
VІ тарау.Термодинамика негіздері (3 сағ)
Термодинамиканың І бастамасы және оны газдардағы изопрцестерге қолдану.
VІІ тарау. Нақты газдар, сұйықтар, қаты денелер (4 сағ)
Нақты газдардың қасиеттері. Сұйықтардың қасиеттері. Капиллярлық құбылыс. Қатты денелердің қасиеттері. Фазалық тепе-теңдіктер мен ауысулар
VІІІ тарау. Электростатика (4 сағ)
Вакуумдағы электростатикалық өріс. Гаусс теоремасы. Электр өрісіндегі диэлектриктер мен өткізгіштер
ІХ тарау. Тұрақты ток (4 сағ) Тұрақты токтың негізгі заңдары. Металдардың классикалық электрондық теориясы. Әр түрлі ортадағы электр тогы
Х тарау. Магнит өрісі (3 сағ)
Вакуумдағы магнит өрісі. Магнит өрісінің ток пен зарядқа әсерлері. Магнетиктер. Заттардағы магнит өрісі

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 10 сынып. Физиканың негізгі заңдары
(Механика. Молекулалық физика мен термодинамика негіздері.
Электромагниттік өріс)
Барлығы сағат-34сағ , аптасына 1 сағат

Тақырыбы
Сағат саны
Өту мерзімі
І тарау. Кинематика негіздері (2 сағ)
1
Нүктенің, қатты дененің кинематикасы
2

ІІ тарау. Динамика негіздері (3 сағ)
1
Ньютон заңдары. Ньютонның І,ІІ заңдары.
1

2
Ньютонның ІІІ заңы. Гравитациялық (тартылу) күш
2

ІІІ тарау. Сақталу заңдары (6 сағ)
1
Импульстің сақталу заңдары.
1

2
Жұмыс.Қуат.
1

3
Энергия. Энергияның сақталу заңы
1

4
Инерция. Күш және импульс моменттері
1

5
Импульс моментінің сақталу заңы.
1

6
Үдемелі қозғалыстағы санақ жүйелері. Инерция күштері
1

ІV тарау. Сұйықтар мен газдар механикасы (2 сағ)
1
Қысым. Паскаль және Архимед заңдары.
1

2
Үздіксіздік және Бернулли теңдеулері. Сұйықтар мен газдардағы денелердің қозғалысы.
1

V тарау. Идел газдардың кинетикалық теориясы (2сағ)
1
Идеал газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеулері
1

2
Максвеллдің газ молекулаларының жылдамдықтары және энергиялары бойынша таралу заңдары.
1

VІ тарау.Термодинамика негіздері (3 сағ)
1
Термодинамиканың І бастамасы және оны газдардағы изопрцестерге қолдану.
2

2
Термодинамиканың ІІ бастамасы
1

VІІ тарау. Нақты газдар, сұйықтар, қаты денелер (4 сағ)
1
Нақты газдардың қасиеттері
1

2
Сұйықтардың қасиеттері. Капиллярлық құбылыс
1

3
Қатты денелердің қасиеттері
1

4
Фазалық тепе-теңдектер мен ауысулар
1

VІІІ тарау. Электростатика (4 сағ)
1
Вакуумдағы электростатикалық өріс
1

2
Гаусс теоремасы
1

3
Электр өрісіндегі диэектриктер мен өткізгіштер
1

4
Электр өрісінің энергиясы
1

ІХ тарау. Тұрақты ток (4 сағ)
1
Тұрақты токтың негізгі заңдары
2

2
Металдардың классикалық электрондық теориясы.
1

3
Әр түрлі ортадағы электр тогы
1

Х тарау. Магнит өрісі (3 сағ)
1
Вакуумдағы магнит өрісі.
1

2
Магнит өрісінің ток пен зарядқа әсерлері
1

3
Магнетиктер. Заттардағы магнит өрісі
1

Қорытынды сабақ
1

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі

Келісемін: Бекітемін. Қаралды: Әдістемелік бірлестік
Әдістемелік кабинет Мектеп директоры: Директордың отырысында қаралды
ОІЖ орынбасары
меңгерушісі: Хаттама №_________
________________ _______________ ___________ _________________
Р.А.Аткешова У.Т.Жагпаров Б.А.Лукпанова М.А.Зайнушева

10 сыныпқа арналған
Физиканың негізгі заңдары
қолданбалы курсының күнтізбелік
жоспары

Физика пәнінің мұғалімі:
Аймуканова Б Қ

2020-2021 оқу жылы

5
Сабақ 1
Тақырыбы: Нүктенің, қатты дененің кинематикасы
Мақсаты:
1.Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
2. Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Механика-физиканың материя қозғалысының формаларын, пайда болу, өзгеру себебін және салыстырмалы тыныштық күйін зерттейтін саласы.
Механиканың негізгі мақсаты-дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау. Дененің механикалық қозғалысы деп уақыт өтуіне қарай оның басқа денелермен салысырғанда кеңістікте орын ауыстыруын айтады. Барлық нүктелері бірдей орын ауыстыратын дененің ілгерілемелі деп аталады. айналмалы қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалады және олардың центрлері айналыс осі деп аталатын бір түзудің бойында жатады. Тербелмелі қозғалыс деп белгілі бір уақыт мерзімі өткен сайын дәлме-дәл не жуықтап қайталанатын қозғалыстарды айтады. Материалдық нүкте қозғалыстың берілген шарттарында өлшемдері ескерілмейтін денені айтады. Қарастырылатын мысалдың шарттарында деформациясын елемеуге болатын денені абсолют қатты дене деп атайды. Дененің қозғалысы санақ жүйесіне қатысты қарастырылады.Координаттар жүйесі,онымен байланысты уақыт пен таңдап алынған қозғалмайтын санақ денесі санақ жүйесін құрайды. Материалдық нүктенің кеңістіктегі орны (декарт кооринаттар жүйесінде) r радиус-векторымен* немесе оның Х,Y, Z осьтеріндегі проекцияларыен (координаттарымен) анықталады.
Z
r
Y

X
(1 сурет): r=xi+yi+zk; r=√х²+y²+z²;
Дененің қозғалу траекториясы дегеніміз-қозғалыстағы нүктенің радиус векторының ұшының сызған сызығы.
Орын ауыстыру (∆r,м) деп дененің бастапқы орнын оның соңғы орнымен қосатын түзудің кесіндісіне тең векторлық шаманы айтады. Орын ауыстыру векторы нүктенің радиус-векторының өсімшесіне тең:
r=xi+yi+zk; ∆rх=x=x-x0;
ry=y=y-y0; ∆rz=z=z-z0;
Жол (∆s,м) деп нүктенің берілген ∆t уақыт ішінде бір орыннан екінші орынға айтады.

6
Сабақ 2
Тақырыбы: Нүктенің, қатты дененің кинематикасы
Мақсаты: 1.Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
2. Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану
Берілген уақыт мезетіндегі нүктенің лездік жылдамдығы траекторияға жүргізілген жанама бойымен бағытталады. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс деп нүкте бірдей уақыт аралықтарында бірдей орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Механизм буындарының инерция күштерін анықтау
Айнымалы бұлғақты механизмдерге техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу ерекшеліктері
Кориолис күші
ПШН-8-3-5500 тербелмелі құрылғы рычагты механизмнің кинематикалық және динамикалық анализін жасау
Машина механизмінің жетегіндегі біліктердің айналу қатаңдығын анықтау
Манипуляторларды және РТК-ны жобалау
Физика – техниканың іргетасын қалаушы білімнің бірі
ДИНАМИКА. МАТЕРИАЛДЫҚ НҮКТЕ ДИНАМИКАСЫНА КІРІСПЕ
Механикалық тербелістер мен механикалық толқындарға, осы тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларға ғылыми-әдістемелік талдау жүргізу
Механизмінің құрылымдық талдауы
Пәндер