Баскетбол ойынының ережесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті КеАҚ

Реабилитология және спорттық медицина кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Спортзалдағы тәртіп ережелері

Орындады: Оразбай Мөлдір
Факультет: Фармация
Топ: 201
Қабылданды: Алия Каирбековна..
Күні: 10.09.2021

Нұр-Сұлтан 2021
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Гимнастиканың ережесі
2. Жеңіл атлетиканың қауіпсіздік ережесі
3. Дала жарысының негізгі ережесі
4. Баскетбол ойынының ережесі
5. Валейбол ойынының қауіпсіздік ережесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері. Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындау керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Негізгі бөлім
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары - тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру - диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды. Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол ойынының техникасы
Спорт ойындары жайлы
Баскетбол - доппен ойналатын ойын
Баскетболдың спорттық ойын түрі пайда болуы және оның даму кезеңдері
Допты билел техникасы
Сыныптан тыс дене шынықтыру туралы ақпарат
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Спорт ойындарының ережесі
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Пәндер