Бейнелеу өнерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА

ТАҚЫРЫБЫ: Оқушыларлың белсенді танымдық іс әрекетін мұғалімнің
ұйымдастырушылық шарттары мен құралдары

Орындаған: Мырзан Б.С
Қабылдаған: Аширбекова Т. Б

Шымкент 2021ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдіс-
тәсілдері ... ...4
2 Бейнелеу өнерінде оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру ... ... ... ..6
3 Оқушының танымдық қызығуын оятудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні мен мағынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Тақырыптың көкейкестілігі: Дәл қазіргі кезге білімнің кең
көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін
қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке
тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін
дамытуына жол ашуы қажет.
Танымдық белсенділік — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының,
құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың
жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап
етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне
айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің
мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері
анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт
беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.
Ал, В.Г.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына
шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі
-оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс
істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен
байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу,
табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын
жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін
бақылай білуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік
әрекетінің деңгейінің артып отыруы — осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі
белгілері болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Білім жүйесіндегі оқушылардың танымдық
белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау.
Міндеттері:
• Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі, іскерлік
әрекеті ұғымдарының мәнін ашу.
• Оқушыларды мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі
тәсілдерге шолу
• Педагогтар тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау

1.1Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсендірудің әдіс- тәсілдері

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің
дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің
мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда
олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп,
ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет
мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін,
деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте
белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным
қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады,
ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің
қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне
негізінде дамиды. Белсенділіктің жоғары көрінісі оқушылардың алған
білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық
қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын
танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде
оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін
дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін
жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі
іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік
мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің
қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б.
сипатталады.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен
оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер
педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға,
тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса,
оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен
ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға
міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде
баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша
әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы
түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап
тұрған жаңа материалын түсінү үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған
білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып бақылау тәжірибе жасау сияқты
жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда,
жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз
мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын
алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын
іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің
игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын
болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді,
өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика
барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда
болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады:
- танымдық белсенділікті қалыптастыру, түрлі пәндерді оқыту барысында
оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше
болуымен байланысты; өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім
алуы ретінде қарастырады;
жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып
оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды
бөліл көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана
білуі.
2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.
3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері.
4. Өз бетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.
5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара
әрекеті.
6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына
арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық
ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып
табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық
мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты
құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Олардың кейбіреуін нақтырақ қарастырайық.
а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік — адамның белсенді іс-
әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және
жасөспірім шақта-басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз
немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрініс табады. Үлгерімі нашар, өз
қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның
сабақтағы танымдық белсенділігі төмендеп кетеді.
ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап
болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек-оқу процесінің нәтижелілігін
арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға
көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы,
танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін
тұтастай бір жүйе қалыптастырады.
б) "Қауіп-қатер балаларының" диагностикасы және олардың оқудағы
қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі
категориясының есебінде құралып келген, бірінші категогрия — "қалыпты
балалар" категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды
балалар — дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар.

1.2Бейнелеу өнерінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Оқушылардың танымдық шығармашылығының дамуына бейнелеу өнері сабағының
ықпал ететін үлкен мүмкіндігі бар. Бейнелеу өнері сабағы бір жағынан,
белсенділік, өзбеттілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-
әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт-бейнелеу өнері
сабағына тән қасиет.
Мектеп жасындағы балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін
тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған
білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты .
Атақты психолог Б.М.Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім
тәрбиеленеді, қызығушьшық туындайды, көзқарастар, тұжырымдар және
дүниетаным қалыптасады деген. Ал бұл жердегі сезім де, қызығушылық та,
тұжырьш да, адамның дүниетанымы да оқушы іс-әрекетінің мотиві ретінде
көрінеді.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында балалардың өзбетгілігі және
белсенділігі жақсы дамуы үшін бірнеше талаптарды ескеру керек .
Мұндай талаптардың бірі - сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің
салыну кезеңдерін айқын көрсету. Оқушылар салынатын нұсқауға өз бетінше
талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды.
Әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалар сәндік композиция мен
тақырыптық суреттерді өзбетінше шешкені маңызды. Балалардың зейінін сурет
салудың мұндай түріне тарту, олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын
ала жасалатын жұмыстарға жұмылдыру пәрмеңді ықпал жасайды. Мысалы,
нобайлар, бақылау, эскиздер т.б.
Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға тапсырма көбірек беру керек.
Бұл тапсырма оқушыларда шығармашылықты, қайсарлықты, тұрақтылықты дамытуға
жағдай жасайды. Балалардың бойында алға қойған мақсатқа қол жеткізе білу,
соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу сияқты қасиетгерді
тәрбиелейді. Бұл жерде өзбеттілік, шыдамдылық және қайсарлық әрқашан бірге
жүреді .
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі - үнемі шыдамдылық пен сурет
салу процесі кезіндегі белсенділікті талап етеді. Баланың танымдық-
шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Сонымен қатар
бақылау - тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі
белгілі. Белгілі психолокгар Л.С.Выготский мсн СЛ.Рубинштейннің ұсынған
тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту
жеке адамның таным қабілетін, дүниетануын мақсатқа сәйкес дамыта және
тәрбиелей отырып жетілдіреді.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри,
Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.)
тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынадай:
1. Таным қабілетін дамыту - бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту барысында оқушыларды дамытуға бағытталған мақсаттылық іс-
әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтар ерекше маңызды рөл атқдрады.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын әрдайым жетілдіріп отыру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы - оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының
бірі.
Мектеп мұғалімі балаларды оқуға үйретуді, оқушының танымдық
қажеттілігін сақтап, оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін
танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан бастауыш мектеп
мұғалімі танымдық іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала бойында
қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені жөн.

Оқушылардың сурет салу кезінде мұғалім оларға жазу үйреткен сияқты,
қолынан ұстап, суретгің контур сызықтарын сызуға көмектесіп жатады. Бұл
көмек қол саусақтарының қимыл-қозғалысына біршама серпін берсе де, баланың
өз бетінше жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе оймен
жасалатын танымдық іс-әрекет барысына теріс ықпал жасайды, себебі бала
сурет салудың кезеңдерін, ережелерін толық ұқпайынша,оған қағаз бетіне сол
суретті бейнелеу өте қиынға соғады. Бейнелеу өнері материалдарын игеріп,
үйренуде сол материалдарды түсіндірмей, сөйтіп, балалардың санасыз әбден
сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға кірістіру -
үлкен қателік [8].
Оқушылардың сурет салуына, олардың танымдық-шығармашылық
белсенділігіне әсер етуші негізгі міндеттер мыналар:
1. Ойша талдауды дамыту. Бұл жүйелі жаттығулар арқылы заттардың
құрылымды негізін ашып береді. Оқушы танып-білуге және шығармашылыққа
қажетті затты, нәрсені немесе құбылысты санасында түсінуге тиіс.
2. Қабылдаудың көлемді болуы. Дүниедегі заттардың бәрінің көлемі бар,
соңдықтан іс жүзінде көлемдік ұғымдарды түсіндіріп, оқушыларға заттарды
көлемді етіп көруге, бейнелеуге үйрету қажет.
3. Бейнелеудің тұтастыгы болу қажет. Суреттегі салынған бөлшектер бір
шешімге бағынуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының бұл бағыттағы іс-
әрекетгері толыққанды болмаса да, жалпыдан жекеге қарай сурет салу, реңдік
қатынасты дұрыс сақтау сияқты шарттарды меңгеруге тиісті.
4. Суреттегі көңіл-күйді немесе мінезді көрсету. Бұл бастауыш мектеп
оқушыларында өзінше көрінеді, яғни кейбір детальдық беліктерді мұғалім
оқушыдан сұрап, оның түсіндіруін талап етуі мүмкін, өйткені үлкендер ондай
бөліктердің сипаттамасын анық түсінбей қалуы мүмкін.

Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында танымдық -
шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы - оларды оқытып, тәрбиелеудегі және
тұлғалық дамытудағы маңызды педагогикалық үрдіс.

Бейнелеу өнеріне үйретудің негізіне қойылымды зерттеу, қоршаған
дүниені өмірді тану жатады. Ал, балаларға сурет салу үйрету міндеттерінің
бірі – табиғат заңына сәйкес жазықтықтың бетіне пішіндерді сала білу
тәсілдерін – табу. Атақты орыс педагогы, бейнелеу өнердің майталманы
П.П.Чистяковтың Неғұрлым көп білсең, соғұрлым көп көресің деген сөздерін
келтіре отырып, бастауыш мектеп оқушыларына затты табиғи және оның мәні
мен түрін көрсете отырып бейнелеуге шығармашылық, бейнелеу қабілетін
дамытуға болады [10].

1.3 Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары

Математикада өнер сияқты таным. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін,
ойын-сауықтардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру
Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық белсенділігін арттыруда ықпалы
Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Бейнелеу өнерін оқытуда ұжымдық оқыту техникасын қолдану
Бейнелеу өнерін оқыту
Тау бөктерінде
Абстракция туралы ұғым
Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын
Пәндер