Түс атауларының семантикасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Бөлім. Түстер табиғатының теориясы . . . 6

  1. Түстердің пайда болуы және шығу тегі . . . 6
  2. Түс атауларының семантикасы . . . 10

ІІ Бөлім. Негізгі түс атауларының ағылшын және қазақ тілдеріндегі мағыналарының прагматикалық аспектілері . . . 19

  1. Түске байланысты сөздердің туындысы және шырай категориялары . . . 19
  2. Күрделі түс атаулары және түс атауларының қатыстық сын есім қызметінде көрінуі . . . 23

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Қосымша . . . 28

КІРІСПЕ

Ғылыми жоба тақырыбы: «Ағылшын және қазақ тілдерінде түске байланысты сөздердің семантикалық құрылымы».

Өзектілігі

Түстер біздің өмірімізді әдемілікке бояйды. Біз күннің батып бара жатқан сәтін бейнелеу үшін көкжиектен көрінген түстер мен реңктерді анықтап, ашық немесе жылы шырай түстер екенін ажырата отырып, осындай табиғи үйлесімділікпен тамсанамыз. Күз мезгілі кезінде қызыл-сары түстерге боялған ағаш жапырақтарының палитрасы көздің жауын алады. Сонымен қатар, біз гүлденген өсімдіктер мен таңқаларлық түрлі түске боялған кемпірқосақ доғасынан ғажайып әсер аламыз. Ал өмірімізге әсерлі мән, рахат сезімін беру үшін әр түрлі жолдармен түстерді қолданамыз. Мәселен, көптеген адамдар өздерінің киім түстерін аса мұқияттылықпен таңдайды және өз үйлерін өздеріне, яки қонақтарына ғажайып әсер қалдыратындай немесе жайландыратын көңіл сыйлау үшін, әдемілік пен релаксация үшін әртүрлі түстерге қанық жиһаз аттрибуттарымен, интерьермен безендіреді. Ал суретшілер өздері таңдаған түстердің орындауында картиналарын шынайы немесе мәнерлі етіп көрсетеді.

Түстер табиғатта маңызды рөл атқарады, ал табиғат өздігінше әдемілікке, талғамға және бояуларға толы. Оның әдемілігі түстердің реңктерінің үйлесімділігіне байланысты. Түстердің реңктерін ажырату, ғажайыпты сезіну тек бір адамға ғана қажет емес, бұл бүткіл қоғамға маңызды. Сол үшін де түстер туралы мәселе физика, физиология, химия, оптика, астрономия және лингвистика сияқты ғылым салаларында жан-жақты зерттеледі.

Бұл тақырып біз үшін де өзекті. Себебі, түстердің атаулары түрлі тілдерде түрліше қолданылатындығы соның айғағы. Біз түске байланысты сөздерді, түс атауларын нақтылы бір түске реңк беру үшін қолданамыз, ал ол өз кезегінде оның маңыздылығы мен семантикалық құрылымына назар аудартады. Мұндағы түс атаулары мен түске байланысты сөздердің семантикалық құрылымы деп отырғанымыз сол сөздердің лексикалық мағынасы бойынша қолданылуы. Лингвист В. В. Виноградов сөздердің лексикалық мағынасын келесідей қарастырды: «бұл әр тілдің грамматика ережелері арқылы құрастырылған тақырыптық мазмұны, тілдегі сөздік қордың жалпы семантикалық жүйесінің элементі». [1]

Түс атаулары мен түске байланысты сөздердің семантикалық құрылымымен мағынасын грамматика мен лексикология ғылымдары салаларында екі тіл бойынша салыстырып қарағанда, көптеген зерттеушілер әр тілдегі түс атауларының біршама ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындады. Бұл ерекшеліктер мен ұқсастықтар адамның көзбен көруі арқылы және ми қыртысы жүйесінде түйсінуі арқылы қабылдауына байланысты. Бұл туралы А. Ахманова былай деп жазған: «Егер соқыр адам өзінің туылған кезінен бастап бор, немесе сүт, немесе қарды, немесе сол іспеттес ақ түстес заттарды көрмесе, «ақ» сөзінің мәні ол үшін ешқашан да беймәлім болады». [2]

Осыған орай, адамның көру сезімі арқылы қабылдауы түс атауларының құрылуына себепші болады деп ой түйіндесек болады. Ал сол адамның көру сезімі арқылы қабылдауы, олардың сөйлеу тіліндегі дәстүрлік, мәдени ерекшеліктері мен сенімдері, нанымдары, сонымен қатар тілдің тарихына байланысты. Осы туралы заңдылықтардың бар екендігін аудармашылар түске байланысты сөздерді бір тілден екінші бір тілге аударғанда есепке алып отыру керек.

Түске байланысты сөздердің тіл білімі бойынша мәселесі көптеген ғалымдардың ғасырлар бойы зерттеу тақырыбы болып отыр. Қазақ тілінде мәселен, бұл мәселе бойынша біршама жұмыстар жазылған. Олар Хайдаров Е. Г., Өмірбеков А., Ахматбердиев З. Т. сынды лингвисттердің ғылыми мақалалары мен жұмыстары: «Сырға толы түр мен түс» (Хайдаров Е. Г. ), «Теңеу және түс атаулары» (Ахматбердиев З. Т. ), «Түр-түстердің тілдегі көрінісі»(Хайдаров Е. Г. ) . Сондай-ақ, Бодуен де Куртене, М. М. Покровский, Л. В. Шерба сияқты шетелдік лингвисттердің де осы мәселе туралы зерттемелері баршылық. Бұл ғалымдар түс атауларын сын есім ретінде қарастырған, олардың морфологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметін айқындаған.

Зерттеу жұмысының пәні - түс атаулары мағынасының прагматикалық аспектілері.

Зерттеу жұмысының нысаны - салыстырып отырған екі тілдегі түске байланысты сөздер.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі түс атауларын параллельді (екі жақты) зерттеу, сондай-ақ олардың дефиницияларын құрылымдық және сематикалық типтеріне байланысты топтастыру. Салыстырып отырған екі тілде түске байланысты сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау, әр халықтың түстік қабылдауын және түс атауларының тілде қолданысының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Түстердің пайда болуы және шығу тегін шолу жасау;
  • Түс атауларының семантикасына зерттеу;
  • Түске байланысты сөздердің туындысы және шырай категорияларына салыстырмалы талдау жасау;
  • Күрделі түс атаулары және түс атауларының қатыстық сын есім қызметінде көрінуін айқындау.

Зерттеу жұмысының әдістері. Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін келесі әдістемелер қолданылды: салыстыру, топтастыру және талдау әдістемелері.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелері ауызша сөйлеу тілінде құнды және екі тілде сөздік құрастыру үшін негіз бола алады. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы тіл білімі саласындағы зерттеуші-лингвисттерге қосымша мәлімет бере алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

І БӨЛІМ. ТҮСТЕР ТАБИҒАТЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1. Түстердің пайда болуы және шығу тегі

Әр түстің психологиялық, көркемдік ерекшеліктері әртүрлі. Сол себепті де, әр түске байланысты әр ел халықтарында тұрақты сөз тіркесіне айналған сөздер бар. Жалпы алуан түрлі түстердің ерекшеліктері жайлы білгіңіз келе ме? Ақ түс Ақ - қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка - бұл өзара махаббат белгісі. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді. Ақ түс қуаты - жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ - бұл қуат синтезі. Міне, неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі болып есептелінеді. Ақ түс - таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: «Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз». Ақ түс адам санасында «аңқаулық, пәктік, албырттық» шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен[3] . Мәселен, ағылшындардың қолданысындағы «white day» (сөзбе-сөз: ақ күн) бақытты күн, ағылш: «whiter than white» (сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) «күнәсіз пәк» яғни қазақ тіліндегі «судан тұнық, сүттен ақ» деген фраза баламалас келеді. Ал, көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы мүлдем бөлек. Мысалы, «белый - скорби и печали» (мұң-қайғы) немесе «собственной неполноценности или о болезни» (денсаулығының нашарлауы немесе аурудың белгісі) . Ақ түсінің жас ерекшелікке байланысты ассоциациялануынан туған санадағы түсінік-пайымдауларға байланысты, көбінесе ақты жастар жөн көреді екен. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар, ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар, «қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды», - деп ұғынылады. Қара түс Қара - ең сиқырлы түс. Батыс елдерінің дәстүрлеріне сай қара өлім символы болып есептелінеді. Алайда, көптеген халықтарда (мысалы, Солтүстік Америка үндістерінде) қара - бұл жақсы түс, себебі ол құнарлы топырақты және жерді еске түсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түр түс атаулары
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Функционалды-семантикалық өріс проблемасы
Брендтік атаулардың әсер ету ерекшелігі
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz