Тәжірибе атауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС - ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А.А.Сарсенова

ЭЛЕКТР МАШИНАЛАРЫ
Бәр оқу түрлерінің 5В0718 Электр энергетика мамандығының студентерінің
зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

Өскемен
2015ж

УДК 621.3

Сәрсенова А.Ә. Электр машиналар: Бәр оқу түрлерінің 5В0718 Электр энергетика мамандығының студентерінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар Сәрсенова А.Ә. ШҚМТУ баспасөзі. - Өскемен, 2015. - 52с.

Әдістемелік нұсқаулар зертханалық жұмыстардың орындау әдістемесін және қауіпсіздік техникасы талаптары бойынша жалпы ұсыныстарынан турады.

Инженерия факультетінің әдістемелік комиссиясымен бекітілген.
2015ж № Хаттамасы

Изд.лиц.№
Басуға тапсырылды
Пішімі 60х8416.
Усл.печ.л.
Таралымы Заказ №
Бағасы келісімді.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университе
070010, Өскемен қаласы, Д.Серікбаев көшесі, 19

(C) ШҚМТУ баспасы,
2015
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
1
Зертхана жұмыстарын істеу ережелері
5
2
Есепті толтыру ережелер
6
3
Жұмыс орындау кезіндегі қауыпсіздік
7
4
Зертханалық жұмыс Бір фазалы трансформаторды зерттеу
8
5
Зертханалық жұмыс Қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқышты зерттеу
17
6
Зертханалық жұмыс Үш фазалы синхронды генераторды зерттеу
26
7
Зертханалық жұмыс Параллель қоздырылған тұрақты тоқ генераторын зерттеу
34
8
Зертханалық жұмыс Магниттік жүргізгішті және үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың басқару сұлбасын зерттеу
42

Әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Электр машиналар өндірісте, ауыл шаруашылықта, авиацияда, транспортта, әскери істе және тұрмыста кеңінен қолданалады. Кәзіргі заман автоматты басқару жұйелерде және синхронды байласныс жұйесінде, орындаушы орган ретінде, ережелер бойынша, электр машиналар қолдаланады.
Электр машиналар пәні синхронды және асинхронды электр машиналарының, трансформаторлардың, коллекторлы электр машиналарының теориялық негізін, жұмыс жасау принципін, құрылысын және эксплуатациялық сипаттамаларын оқуын құрастырады.
Қысқаша теориялық мағлуматтар, әр бір зертханалық жұмыстың мазмұнында бар, олор, зертханалық жұмысты орындауға көмектеседі, бірақ кітәппен оқулықты ауыстырмайды. Әдістемелік нұсқаудың соңында берілген әдебиеттер материалды өз еркімен тереңдетіп меңгеруге арналған.
Әр-бір зертханалық жұмыстың мазнұнының құрамы, екі сағаттық сабақта орындалып, есебі толтырылып және қорғалуы керек.

1 ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСТАРЫН ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Берілген уақытта зертханалық жұмыстысаналы түрде орындап шығу әр-бір жұмысқа алдын-ала мұқият дайындалған кезде ғана мүмкін. сондықтан зертханалық жұмысқа деін әрбір студент әдістемелік нұсқаумен танысып, жұмысқа дайындалу барысында істелетін тапсырмаларды орындауға міндітті. Бірінші кезекте жұмыстың мақсатын анықтау және оқылатын құрылғының атқаратын міндетін, оның сұлбасындағы шартты белгісін, жұмыс істеу принципін және сипаттамасын нақты түрде білу қажет.
Жұмыс тапсырмасына сәйкес зерттелетін қондырғының элементерін және өлшеуіш құралдардан туратын электр тізбектерінің қосылу сұлбасын сызу және білу қажет. Аспаптар көрсететін эксперимент нәтижесінің кестелері дайын болу керек. Студенттер дайын болған есепті тексеріп, тапсырманы орындауға кірісуге рұқсат алу үшін мұғалімге көрсетеді.
Жұмыстың соңында алынған нәтижелерді жетекшіге бекіттіру қажет, содан соң ғана соңғы жиналған сұлбаны бұзып, жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек. Дайын жұмысты қорғау қажет, келтірген бақылау сұрақтарға жауап беруі қажет.
Келесі жұмұсқа әрбір студент мұғалімге келесі зертханалық жұмыстың есебін көрсету керек.

2 ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ

Зертханалық жұмыстың есебі А4 (210х297) форматты қағаздың бір жақ бетінде орындалады. Парақтың жиек өлшемдерін төмендегідей сақтау керек: сол жиек - 20мм-ден кем болмауы, оң жиек - 20мм-ден кем болмауы, жоғарғы және төменгі жиектер - 20мм-ден кем болмауы керек.
Есеп:
- есеп тысыннан (А қосымшасы);
- жұмыс мақсатынан;
- зерттелетін құрылғының сұлбасынан;
- жұмыстың қысқаша мазмұнынан және есептеу формулардан;
- эксперименталды және есеп нәтижелерден;
- графиктер және диаграммалардан;
- алынған нәтижелердің зертеуі мен талдауынан турады.
Өлшеу жазатын кестедезерттелген шамалардың қандай бірліктеөлшенгенін көрсеткен дурыс.
Есепте келтірілген барлық сұлбаларға, кестелер мен графиктерге атау берген жөн.
Қосылу сұлбалармен кестелердісызу құралдары көмегімен салу керек№ Сонымен қатар сұлба элементтерінің шартты белгілері МСТ талаптарына сай болуы керек.
Графиктер және диаграммалар салғанда рабцисса осі бойына, таңдап алынған масштабта, тәуелсіз айнымалыны орналастырады. Графиктерді осьтер бойында санақты нөлден бастау керек.
Бір графикте бірнеше қисық орналасқан кезде, әр түрлі шартты белгілермен белгілеген дурыс. Тәжірибе нүктелерін сынық сызықпен қосу дурыс емес. Тәжірибе нүктелерін лекаланың көмегіментегіс етіп салуыны қажет.
Есеп оның мазмұны мен істелген жұмыс нәтижелерін ешбір қосымша ауызша түсіндермесіз де түсінікті болатындай етіп қурылуы қажет.

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА
АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Ережелер:
1) Жұмыс сұлбасын жинаудың алдында жиналатын сұлбаның қоректендіру қысқыштарына кернеу беретін қосқыштардың ажырап тұрғанына көз жеткізу керек;
2) Кернеудің бар жоғын қысқыштарды және басқа тоқ жүретін бөліктерді саусақпен үстап тексереге тиым салынады;
3) Жұмыс сұлбасынкернеу ажаратылған кезде жинау керек;
4) Сұлбаны мұғалімге немесе зерханашыға тексертпей кернеуге қосуға тиым салынады;
5) Сұлба тізбегіндегі кез келген ауыстыру мен өзгертулерді кернеу ажырап тұрған кезде жасау керек;
6) Жұмыс кезінде қондырғының кернеу тұсіп тұрған тоқ жүретін бөліктерде ( сымдар, қысқыштар, қосқыштар тағы басқалар) дененің кездей соқ немесе әдейі жанасуларын болдырмай, сақтық жасау керек;
7) Қозғалтқыштармен, генераторлармен және басқа да айналмалы машиналармен жұмыс істегенде денені, киімді және шашты машинаның айналатын бөліктеріне тигізбей, сақтық жасаған жөн;
8) Жұмыс стендтерінде сұлбада пайдаланбайтын заттарды болдырмау керек;
9) Кернеу түсіп тұрған сынақ қондырғысын бақылаусыз қалдыруға тиым салыныды;
10) Аспаптардың, аппаратураның, электр машиналарының ақаулары байқалған кезде, және де сынақ қондырғысының қалыпты күйі бұзылған жағдайда тез арада қондырғыны қоректендіру көзінен ажарату қажет және өз еркімен жөндеуге тырыспай, болған жағдайды мұғалімге немесе зерханашыға баяндау керек;
11) Қажетті зерттеулерді жасап болған соң сынақ қондырғысын қоректендіру көзінен ажарату керек;
12) Электр тоғы соққан жағдайда, ең алдымен зардап шеккен адамды тоқ әсеріненажаратып алу керек. Одан кейін жедел медициналық жәрдем шақырып, ол келгенше зардап шеккен адамға қажетті көмек көрсету керек;
13) Қауыпсіздік техникасы ережелерін бұзған студенттер зертханалық жұмысқа жіберілмейді.

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
БІР ФАЗАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРДЫ ЗЕРТТЕУ

4.1 Жұмыстың мақсаты

Трансформатордың жұмыс істеу принціпін, құрылымын және эксплуатациялық сипаттамаларын зерттеу. Бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибелерінің мәліметтері бойынша трансформатор параметрлерін анықтау.

4.2 Қысқа теориялық мағлұматтар

Кернеуі бір шамалы айнымалы тоқ электр энергиясын кернеуі басқа шамалы жиілігі сондай айнымалы тоқтың электр энергиясына түрлендіруге арналған статикалық электр магнитті кондырғы трансформатор деп аталады. Трансформатор (4.1 сурет) тұйық магнит өткізгіштен 1 және орамалардан 2 тұрады.

4.1 сурет - Т р а н с ф о р м а т о р д ы ң қ ұ р ы л ы с ы

Магнит өткізгіш электротехникалық болаттың қалыңдығы 0,36 . . . 0,5 мм болатын пластикаларынан жиналады. Мұндай конструкция құйынды тоқтардан және гистерезистен болатын шығынды азайту үшін қажет.
Орамалар оқшауланған (изоляцияланған) мыс немесе алюминий сымдарынан жасалады. Электр энергиясы көзіне қосылатын орама бірінші реттік, ал электр энергиясының қабылдағышы қосылатын орама екінші реттік деп аталады. Көп жағдайда бірінші және екінші реттік орамаларды концентрді түрде бір өзекшеге орналастырады. Әдетте кернеуі төмен орама магнит өткізгіш өзекшесіне жақын орналасады, өйткені бұл жағдайда оқшаулама (изоляция) қалыңдығы аз қажет болады (негізінен жоғарғы вольтты трансформаторларда). Төмен қуатты және төмен вольтты трансформаторларда бірінші реттік ораманы өзекшеге жақын орналастырған ыңғайлы. Трансформатордың бірнеше екінші реттік орамасы болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол көп орамалы деп аталады.
Трансформатордың әрекет ету принціпі электр магниттік индукция заңына негізделген. Орамалардың бірін айнымалы кернеудің электр энергиясы көзіне қосқанда, орамада электр тоғы i1 пайда болады. Бұл тоқ негізгі бөлігі магнит өткізгіште тұйықталатын (негізгі магнит ағыны Ф0) магнит ағынын қоздырады. Магнит ағынының елеусіз бөлігі ауада тұйықталады (сейілу ағыны Фα). Магнитағыны бірінші реттік орамада өздік индукция э.қ.к-ң е1 индукциялайды, екінші реттік орамада өзара индукция э.қ.к-ң е2 индукциялайды:

, (4.1) , (4.2)
Э.қ.к. орамалардағы әсерлі шамасы:

, (4.3)

, (4.4)

мұндағы w1, w2 - бірінші және екінші реттік орамалардағы орам сандары.
f - қоректендіруші кернеудің жиілігі, Гц
Фm - негізгі магнит ағының амплитудасы.
Орамалардағы орам сандарының қатынасына тең болатын, жоғарғы кернеулі орама э.қ.к. - нің Ежк төмен кернеулі орама э.қ.к. Етк - ге қатынасы трансформатордың транформация коэффициенті деп аталады.

(4.5)

Екінші реттік орамаға электр энергиясы қабылдағышын қосқан кезде е2 э.қ.к. әсерінен i2 тоқ пайда болады және орама қысқыштарында U2 кернеу қалыптасады.
Ендеше трансформаторда бірінші реттік ораманы электр энергиясын қабылдағыш, ал екінші реттік ораманы электр энергиясы көзі ретінде қарастыруға болады. Электр энергиясын бірінші реттік тізбектен екінші реттік тізбекке беру магнит өрісі арқылы жүзеге асады, ал бірінші және екінші реттік тізбек бір-бірінен электрлік жағынан оқшауланған.
Комплекс шамалар үшін жазылған Кирхгофтың екінші заңына сәйкес трансформатордың бірінші және екінші реттік орамаларының электрлік күйінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
Тараптардың келісімімен айқындайды медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын
Front page тілінің тиімді пайдаланылуы
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты
Педагогикалық тәжірибе
Жалпы мұрағат жұмысы және мұрағат қорлары туралы түсінік
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер