БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігін

дамыту жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Педагогикалық шеберлік ұғымының ғылыми негіздемесі . . . 6

1. 2 Музыка пәні мұғалімінің кәсіби ерекшелігі . . . 11

1. 3 Жаңа форматтағы музыка мұғалімінің моделі . . . 28

2. БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Анықтауыш тәжірибесінің мазмұны мен нәтижесі . . . 36

2. 2 Қалыптастырушы тәжірибесінің мазмұны мен нәтижесі . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

ҚОСЫМШАЛАР . . . 57

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Болашақ музыка мұғалімінің педагогикалық қызметтің кəсіпқойлығын қалыптастырудың заңды кезеңдері - білім, білік жəне дағды жинақтауы. Сонымен қатар көркемдік-шығармашылық қабілеттерінің дамуы үнемі жүріп тұрады. Музыка пəнінің мұғалімі мамандығы педагогика мен музыка өнерінің қиылысында, жалпы педагогикалық жəне арнайы қабілеттерінің міндетті болуын көздейді.

Бүгінгі күні білім беру мен тәрбиелеу саласындағы негізгі міндет олардың сапасын қамтамасыз ету негізінде жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылатындықтан, педагогтың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар да өсті.

Бүгінгі педагог қай оқу орнында жұмыс істесе де (балабақшада немесе мектепте, лицейде, колледжде немесе ЖОО-да) бір уақытта бірнеше функцияларды орындайды: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әдістемелік, қабілетін анықтау және т. б. олардың әрқайсысының табысты жүзеге асырылуы педагогтан белгілі бір білімді, іскерлікті, дағды мен қабілеттілікті, сондай-ақ жеке қасиеттерді талап етеді[1] . Замануи теория мен практикада педагогикалық шеберлік мәселесі маңызды орын алады, өйткені кемелді, дені сау, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру - күрделі, көпсалалы процесс, педагогтардан терең білімді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қабілеттерді, шығармашылық тәсілді, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуді, процесті басқару қабілетін талап етеді[2] .

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде білім алушы болашақ педагогтардың өздігінен білім алу арқылы психологиялық-педагогикалық және жалпы мәдени дайындығын жетілдіре отырып, педагогикалық шеберлігін дамыту мәселесі

Диплом жұмысының мақсаты : Болашақ музыка пәні мұғалімінің - педагогикалық шеберлігін дамытудың негізі ретінде өзін-өзі дамыту арқылы жетілдіруін зерттеу болып табылады.

Көздеген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалуы тиіс:

1. Өзін-өзі дамыту арқылы Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде білім алушы болашақ музыка мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру жолдарын зерттеу

2. Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде білім алушы болашақ музыка мұғалімдерінің өздігінен білім алуға психологиялық- педагогикалық және жалпы мәдени дайындығының диагностикасын талдау

3. Болашақ музыка мұғалімдерінің өзіндік білім беру қызметінің жағдайы мен өнімділігін талдау

4. Өзін-өзі дамытуға кедергі келтіретін факторлар және педагогтың өзін- өзі дамытуын ынталандыратын факторларын анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері:

1. Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде білім алушы болашақ педагогтардың өзін-өзі дамыту арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіру жолдарын зерттеу

2. саз колледжінде білім алушы болашақ педагогтардың өздігінен білім алуға психологиялық-педагогикалық және жалпы мәдени дайындығының диагностикасын талдау

3. болашақ педагогтардың өзіндік білім алу әрекетінің жағдайы мен тиімділігін талдау

4. Өзін-өзі дамытуға кедергі келтіретін факторлар мен педагогтың өзін- өзі дамытуын ынталандыратын факторларды анықтау.

Зерттеу әдістері : сауалнама, эксперимент, бақылау жұмысы.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан саз колледжі

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы : Бұл дипломдық жұмыстың негізгі тәжірибиелік жұмыстары Оңтүстік Қазақстан саз колледжінде білім алушы болашақ педагогтардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында жүргізіліп, қазіргі жағдайы мен ары қарай даму мүмкіндігі талданып зерттелді. Осы оқу орнында педагогикалық шеберлікті өзін-өзі дамыту арқылы жетілдіру бойынша семинар өткізіліп, семинарда педагогтардың кәсібилігінің негізгі критерийлері, әдістемелік жұмыс процесінде мұғалімнің өзін-өзі талдау және өзін-өзі дамыту қабілетін жоғарлату мәселелерінің теориялық аспектілері, мұғалімнің өздігінен білім алуы, педагогтың кәсіби қызметінің қажетті шарттары, өздігінен білім алу процесін құрайтын қызмет түрлері, өз бетінше білім алудың нәтижелері талқыланды.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ шеберлік ұғымының ғылыми негіздемесі

Әр педагог тиімді қызмет атқыруы үшін педагогикалық шеберлікті жетік меңгеруі тиіс, себебі қай кезеңде болмасын тек шебер педагог қана тиімді нәтижелерге қол жеткізе алады. Ал ХХІ ғасыр педагогы үшін бұл талап тіпті айрықша. XX ғасырдың басынан бастап "шеберлік" ұғымы тек шығармашылық мамандықтармен байланысты айтылды, мысалы, ақын - рифма шебері, суретші - қылқалам шебері, актер сахна - шебері және т. б. Замануи білім беру процесінде педагогикалық қызмет те шығармашылық сипатқа ие болғандығын ескеріп, "шебер-педагог" термині пайда болды. Сондықтан болашақ мұғалімдер, тәрбиешілер педагогикалық шеберліктің мәні, оның күрделілігі мен көпжақтылығы туралы нақты түсінікті игеруі тиіс.

"Педагогикалық кәсібилік" ұғымы "Педагогикалық шеберлік" ұғымы арқылы анықталады. Танымал ғалым Қоянбаев педагогикалық шеберлік педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандыратын педагогикалық жұмыстың идеалы ретінде, оқытушы тұлғасының маңызды сапасы ретінде және педагогикалық еңбектің тиімділігін бағалайтын эталон ретінде қарастырылады[3] .

Мыңбаева A. қазіргі педагогикадағы педагогикалық шеберліктің басты критерийлерінің бірі деп мектеп оқушыларының жүз пайыз үлгерімі мен олардың пәнге деген жүз пайыз қызығушылығынан байқалатын мұғалім жұмысының нәтижелілігі, яғни, егер барлық балаларды түрлі тәсілдерді қолдана отырып, оқкшыларға сапалы білім бере алған педагог-шебер. Педагогтың кәсіпқойлығы үлгерімі төмен, оқуға қабілетсіз оқушылардың жақсы нәтижелерге қол жеткізуінен айқын көрінеді. [4] .

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс - әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

- педагогикалық кәсіби білгірлігі;

- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;

- педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады[5] .

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми - зерттеу пайымдаулар мыналар:

- пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

- іс - әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік - қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттерін В. И. Андреев былай жіктейді:
1. Педагогикалық білім бірлігі;

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;

3. Ситуацияларды меңгеру;

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру[6] .

Жусупова Ж. А. «Педагогикалық шеберлік» oқулығында бөліп көрсеткендей, педагогикалық шеберліктің критерийлері төмендегіше[7] :

1. Мұғалім жетістігінің педагогикалық критерийлері:

- оқушылардың білім деңгейі.

- жалпы оқу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейі.

- зерттеу жұмысының жағдайы.

- өздігінен білім алу.

- педагогтарға білім беру және біліктілікті арттыру.

- өз әрекетіне анализ жасау, рефлексия қабілеті.

Мұғалім жетістігінің психологиялық критерийлері :

- қызығушылық тудыру, мотивацияны арттыру.

- оқушыны саналы түрде оқыту.

- "мұғалім-оқушы"жүйесіндегі қарым-қатынас.

- оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру

Мұғалімнің табыстылығының жеке критерийлері:

- сөйлеу мәнерлілігі тұлғаның шығармашылығы

- ұйымдастырушылық қабілеті

- әзілді қолдана білуі

- тәртіптілік, табандылық

Педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттері

Педагогикалық шеберлікке келесі компоненттер кіреді:

  1. мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыты.
  2. кәсіби маңызды білім.
  3. кәсіби қажетті қабілеттер, білік және дағдылар.
  4. кәсіби шығармашылық. [8] .

Психологиядан белгілі болғандай, адам таңдаған мамандығына деген өз көзқарасын түрліше білдіре алады [9] . Бұл ұғым педагогтерге де қатысты.

Біріншіден, мұғалім немесе тәрбиеші жалпы педагогикалық қызметінде, атап айтқанда, оның жұмысында үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Өз кезегінде, жағымды қарым-қатынас мамандыққа қызығушылық тудырады, еңбек нәтижесіне жауапкершілік туғызады және педагогты өзінің жеке қасиеттерін жетілдіруге итермелейді. Олардың негізгілері: жоғары адамгершілік, сенім, азаматтық сана, қоғамдық белсенділік, патриотизм, басқа ұлттарға деген құрмет, еңбекқорлық, қарапайымдылық, балаларға деген махаббат пен мейірімділік, қайырымдылық, гуманизм және т. б. болып табылады.

Екіншіден, жоғары білікті педагог болу үшін адам ең алдымен кәсіби қажетті білімді меңгеруі тиіс. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімі сабақтарды бір-бірден емес, бірнеше пән бойынша өткізеді: ана тілі, оқу, математика, еңбек, табиғаттану, бейнелеу өнері және т. б. осылайша, оның арнайы дайындығы жоғарыда аталған барлық пәндер бойынша білімді меңгеруді қамтиды.

Қазіргі мұғалім еркін ойлауы, әлем туралы ғылыми түсінігі болуы, кең ой-өрісі болуы тиіс - бұл үшін ол саяси, экономикалық, құқықтық және басқа да қоғамдық білімді меңгеруге міндетті. Ғылыми сауаттылық, зияткерлік тұрғыда іздену, өзінің педагогикалық білімін жаңарту мен кеңейтуге ұмтылу Заманауи педагогқа қажетті қасиеттері болып табылады. [10] . Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, зерттеу жүргізу қабілеті де заманауи педагог үшін қажетті болып табылады, сондай-ақ ол зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруі қажет. Зерттеу процесінде педагог нақты материалдар жинайды, талдайды және қорытынды жасайды - бұл оған көмектеседі, тәжірибесі бар басқа да педагогтардың тәжірибесі мен өз тәжірибесін салыстыру да педагог үшін маңызды.

Үшіншіден, шебер болу үшін педагог өзінің кәсіби функцияларын сәтті орындауға көмектесетін бірқатар қабілеттері болуы тиіс. Бұл қабілеттер қатарына Сайдахметованың пікірінше, келесілер кіреді[11] . :

а) ұйымдастырушылық қабілеттер - оқушылар ұжымын ұйымдастыру және дамыту, оны маңызды міндеттерді шешуге бағыттау қабілеті;

б) коммуникативтік қабілеттер - оқушылармен, олардың ата- аналарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас процесін басқару, қақтығыстардың алдын алу және уақытылы жою қабілеті;

в) дидактикалық қабілеттер - өз білімін қол жетімді түрде беру және оларды оқушыларға түсіндіру қабілеті; жаңа білімді өз бетінше игеру, ғылымның дамуын қадағалау және ғылыми жетістіктерді өз тәжірибесінде қолдану қабілеті; оқушыларды өз бетінше ойлауға, өз пікірін айтуға және оны қорғауға үйрету;

г) бақылау қабілеті - әрбір оқушының ішкі әлемін зерделеп, түсіне білу, оның мінез-құлқының ерекшеліктерін, оның рухани дүниесінің "құпияларын" ашып, әрбір тәрбиеленушінің жеке басының дамуын бағыттай білу;

д) сөйлеу мәдениеті - ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы өз ойлары мен сезімдерін дәл және мазмұнды жеткізе білу, оқу материалын, әдістемелік нұсқауларды жазу, оқушылардың білімін, іскерліктері мен мінез-құлқын бағалау; мұғалімнің дәл, қарапайым (қол жетімді), мәнерлі, эмоционалды, мазмұнды, бейнелі, стилистикалық және грамматикалық қатесіз сөйлеу және жазу қабілеті;

е) гностикалық қабілеттер - тұлғаның даму перспективасын болжай білу қабілеті, яғни өз оқушыларының зерттеу материалдары негізінде олардың танымдық іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін анықтай білу, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Бұл қабілеттер оптимизмге, мұғалімнің өз оқушыларына сенуіне негізделген;

ж) оқушылардың назарын басқару қабілеті - педагогтың оқушыларды қызықтыра білуі, олардың назарын нақты мәселеге, тапсырмаларға аудару. Бұл қабілет мұғалімге барлық оқушыларды бір уақытта "көруге", олардан неғұрлым қабілетті балаларды бөлуге, олардың қызметін (оқу, еңбек, қоғамдық) қажетті арнаға бағыттауға көмектеседі.

Жоғарыда аталған барлық қабілеттер жиынтығы педагогтың неғұрлым табысты қызметін қамтамасыз етеді, оның жеке тәжірибесін, жеке жұмыс стилі мен беделін құруға ықпал етеді. Алайда, бұл еңбекқорлық, шыдамдылық, талапшылдық, табандылық, жұмысқа шығармашылық көзқарас, оның нәтижелері үшін жауапкершілік және т. б. сияқты жеке қасиеттерінсіз мүмкін емес.

Педагогтың қызметі шығармашылық сипатқа ие, өйткені ол дереу шешуді талап ететін көптеген түрлі жағдайларды қамтиды. Әдетте, бұл стандартты емес жағдайларда педагог проблемаларды шешудің әр түрлі нұсқалары табу - шығармашылық қабілетті қажет етеді.

Педагогикалық шығармашылықтың ерекшелігі педагог еңбегінің ерекшеліктерімен негізделеді: оқыту, тәрбиелеу және дамыту - бұл оқушылардың жеке басын, адамгершілігін, дүниетанымын, нанымын, санасын, мінез-құлқын қалыптастыруға байланысты сансыз педагогикалық жағдайларды қамтитын процесс[12] . Бұл мәселелерді шешу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін, құралдарын іздестіруде, оларды қолдану технологиясында педагог шығармашылығы көрінеді.

Тек шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім ғана балаларды, жасөспірімдерді, жастарды табысты оқытып, тәрбиелеуге, озық педагогикалық тәжірибені, замануи инновациялық технологияларды зерделеп, пайдалана алады [13] . “Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек”, деген елбасының сөзіне сай болу ыүшін осындай зерделі ұстаздар қажет ақ [14] . .

Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру критерийлері.

Педагогикалық қызмет барысында қандай да бір мұғалімнің, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігінің қалыптасу деңгейін дұрыс бағалау өте маңызды. Осы бағалау критерийлері:

1. жұмыстың әдістері, құралдары, түрлері мен түрлерінің әртүрлілігі, олардың жаңалығы;

2. жұмыс тәжірибесінің озық тәжірибенің жаңа жетістіктеріне сәйкестігі;

3. қол жеткізілген нәтижелердің тиімділігі, өзектілігі және оңтайлылығы, өзгермелі жағдайларда ұзақ уақыт бойы олардың тұрақтылығы;

4. педагогтың өз тәжірибесін жинақтап, басқа педагогтармен тәжірибе алмасуы [15] .

Педагогикалық шеберліктің үш деңгейін бөліп көрсетуге болады [16] : Педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі мұғалімнің оқушылардың табысқа жету үшін жағдай жасауға, олардың жеке ерекшеліктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесті құруға қабілеттілігімен сипатталады және педагогикалық процестің барлық компоненттерін: мақсаттары, мазмұны, нысандары, әдістері және т. б. қайта құруға ықпал етеді.

Орта деңгей гуманистік құндылықтарды қабылдаумен, балалар мүддесінде бағытталуымен сипатталады, бірақ қарым-қатынас саласын гуманизациялаумен, негізгі категорияларды, қағидаттарды, технологияларды білумен, оларды нақты педагогикалық жағдайда қолдануға қабілетсіздігімен ғана шектеледі.

Жеткіліксіз деңгей. Бұл деңгей үшін келесі көрсеткіштер тән: Нұсқаулық бойынша қызмет, әдістемелік ұсынымдарды нақты орындауға бағдар беру; басқа мұғалімдерден қызмет үлгілерін алу; оқушылардың педагогикалық міндеттерін шешуге тырыспай, өз іс-әрекетіне ғана назар аудару.

Жоғарыда айтылғандарды ескерп, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып (Абсатова М. А., Таженова Г. С., Атабекова Б. А., Нишанбаева С. З., Сманова А. А., Садирбекова Д. К. ) [17], [18], [19], педагогикалық шеберлікті қалыптастыру тиімділігінің көрсеткіштерін төмендегіше тұжырымдауға болады:

- педагогикалық қызметтің жоғары өнімділігі;

- біліктілік пен кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі;

- еңбектің оңтайлы қарқындылығы мен қауырттылығы;

- жоғары ұйымшылдық;

- сыртқы факторларға тәуелділіктің төмендігі;

- кәсіби міндеттерді шешудің заманауи мазмұны мен қазіргі заманғы құралдарын меңгеру;

- қызметтің жоғары көрсеткіштерінің тұрақтылығы;

- жеке тұлға ретінде еңбек субъектісінің даму мүмкіндігі;

- оң әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізуге бағыттылығы. Сонымен бірге, ол өзіне мынадай сұрақтар қоя алады: менің кәсіби білімім, біліктерім, қабілеттерім қандай даму деңгейінде? Менің күшті және әлсіз жақтары неде? Мен кемшіліктерден құтылу үшін не істеу керек?

Егер педагог біліктілігі жоғары деңгейге жетпесе, онда ол үнемі өз бетімен жұмыс істеу керек, өзінің білімін, қабілетін және жеке қасиеттерін жетілдіріп, өзінің біліктілігін арттыруы керек. Бұл ретте жетіспейтін элементтерді ол өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу процесін жалғастыра отырып толықтыра алады. Бұл процесті шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Алғашқы 3-5 жыл бойы педагог жас маман болып саналады, оған жұмыс орны бойынша тәжірибелі тәлімгер бекітіледі, оның басшылығымен ол бұқаралық тәжірибені зерделейді және оны өз практикасына енгізеді.

Келесі 5-6 жыл бойы жас мұғалімдер өздерінің кәсіби дағдыларын бекітеді және дамытады, оларда өзінің жұмыс стилін қалыптастырады.

Келесі 5-10 жылда мұғалімдер арасында озық және жаңашыл тәжірибелерді пайдаланатын, сондай-ақ өзінің өзіндік тәжірибесін жасайтын педагогтар бөлінеді.

Жоғарыда аталған кезеңдер ғалымның пікірінше [20], шартты түрде бөлінген, өйткені педагог-шебердің қалыптасу және даму үрдісі жеке, оның жеке тұлғасы бірегей: біреуі барлық істерде өзінің белсенділігімен, басқалары - қызықты сабақтармен немесе сабақтан тыс іс -шаралармен, үшіншісі-озық инновациялық технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізе отырып, беделге ие болады.

Педагогикалық шеберлікті жетілдіру келесі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін.

1. Өзін-өзі үнемі жұмыс (арнайы әдебиеттерді оқу, тәжірибелі педагогтардың сабақтарына және тәрбиелік іс-шараларына қатысу, аутотренингпен айналысу) .

2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану (ТВ-хабарлар, ғылыми- әдістемелік журналдар, газеттер), ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттің жаңалықтарын зерделеу

3. Жұмыс орны бойынша құрылған құралдар мен шарттарды пайдалану (әдістемелік күндер, өзара қатысу, әдістемелік бірлестік, педагогикалық оқулар, тәлімгерлік, сондай-ақ мектепаралық, қалалық, облыстық семинарлар) .

4. Біліктілікті арттыру институтында оқу, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен қорлар ұйымдастыратын түрлі семинарларға қатысу.

5. Заманауи инновациялық технологияларды қолдану.

Барлық осы жолдар мен әдістер өзара байланысты, оларды үнемі, үздіксіз, мақсатты пайдалану қажет.

1. 2 Музыка пәні мұғалімінің кәсіби ерекшелігі

Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері 1841-1889 жылдар аралығында өмір сүрген ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі» «Егер балалар бір нәрсені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс» деген сөздері үлкен маңыздылығымен қазіргі таңда да өміршеңдігін байқатады [21] .

«Музыка» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы [22] оқушының шығармашылық қабілетін, эстетикалық-көркем талғамын, музыкалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны оқушылардың алдыңғы біліміне қоса шығармашылықпен ойлауын, қиялын, елесін, есте сақтау қабілетін, назарын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан музыка пәнінің мұғалімі пәннің мақсатын ескеріп, үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, оқушылардың бойында келесі мынадай білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға ықпал ете алады:

-Ұлттық және әлем халықтарының мәдениетінің негізгі стильдері мен жанрларын, олардағы құндылықтар мен эмоцияларды зерттеп, ажырата отырып талдай білу. Бұл жерде мұғалім тарапынан әрбір оқушыны сын тұрғысынан ойлай алатын, жеке пікірі қалыптасқан жеке тұлғаға айналдыру көзделеді.

-Музыканы тыңдау, құру, сезіну арқылы орындауды кіріктіру негізінде білімдерін дағдылары мен түсінігін дамыту. Бұл жердегі мақсат әрбір оқушының таланттылығы мен дарындылығын ашу, жан-жақты дамыту болып табылады.

-Өз жұмысына сыни пікір айта білу және өзінің, басқалардың жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізе білу. Оқушылардың бір-біріне деген сенімдері, қамқорлықтары артып, әрбір сабақтағы бағалауды барынша шынайылыққа, ашықтыққа, сын тұрғысынан пікір айта білуге, оны дұрыс түсінуге жеткізу мұғалімнің көшбасшылығымен ендіріледі[23] .

-Біртіндеп аспаптық, вокалдық және музыкалық дағдыларын дамыту (соның ішінде әртүрлі музыкалық технологиялар мен АКТ) Оқушылардың жан-жақты дамуы, өз - өздерін аша білулері, ізденімпаздықтары мұғалімнің басшылығымен, бағыт бағдарымен жүргізіледі.

-Музыканы өнер саласының басқа да пәндерімен пәнаралық байланыс орнату қабілетін арттыру. Бүкіл өмірміз музыкамен тікелей байланысты. Қуанышымыз бен қайғымыз да, жеңістер мен жемістеріміз де бәрі күйлер мен әндермен суреттелген.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,

Ойлансайшы бос қақпай елең-селең»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Музыка мен әдебиеттің байланысы
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Сынып жетекшісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz