Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы,түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік қызмет ету ерекшеліктері16
2.2 Қазақстан Республикасындағы орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл курстық жұмысымның тақырыбы: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік қызметі туралы айтып өтемін. Сонымен қатар азаматтық құқықтық реттелуі, онымен қоса кәсіпкерлік құқықты жүзеге асыратын нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, Азаматтық Кодексі, Конституцияны негізге ала отырып сипаттап жаздым.
Курстық жұмыс тақырыбымның негізгі мазмұны кәсіпкерліктің даму тарихына терең тоқталып өтемін. Себебі, кәсіпкерлік қызмет қазіргі азаматтық қоғамда аса даму үстінде. Азаматтық заңи тұрғысынан кәсіпкерліктің құқықтық реттелуі, кәсіпкерлік аясындағы жеке кәсіпкер үшін құқықтық тұрақтылық өте маңызды
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кәсіпкерлік қызмет заман талабына сай нормативтік өзгертулер мен бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты жаңаша теориялық кешенді зерттеуді қажет ететіндіктен және дербес ғылыми зерттеу пәні болғандықтан аталған тақырыптың өзектілігін құрайды. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаның сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан - жақты әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл атқарады. Сондықтан нарықтық қатынасқа өту біздің қоғамымыздың алдында бірнеше міндеттер қояды, олардың ішінде кәсіпкерліктің дамуы маңызды орынға ие. Ал кәсіпкерлік даму үшін оны құқықтық реттеу ең басты міндет болып табылады. Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу барысында кәсіпкерлік түсінігі, нысандары және түрлерін, оның ерекшеліктерін, кәсіпкерлікке қатысты құқықтық - теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу. - Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің құқықтық мәртебесін анықтау; - Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау; - Кәсіпкерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұнын жетілдіруге бағытталған үсыныстар жасау. Курстық жұмыстың құрлымы мен көлемі. Курстық жүмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттермен нормативтік актілерден тұрады. Көлемі 25 беттен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы,түсінігі
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық Экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілетін зерттеулер негізінде кәсіпкерлік түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса, кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII-XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер - ол тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейінірек атақты француз экономисі Ж.Б. Сәй (1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізі үш өндіріс факторының, яғни жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Ал ағылшынның экономист-ғалымы А. Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер - капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы [3].
ХІХ-ХХ ғасырларда кәсіпкерлік институтының рөлі мен мәні күшейе түсті. Француз экономисі А. Маршал (1907-1968) жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына (жер, капитал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты. Ал, американдық экономист Дж. Б. Кларк тың (1847-1938) пікірінше, өндіріс процесінде төрт фактор тұрақты түрде қатысады. Олар: капитал, капиталдық игіліктер-жер мен өндіріс құралдары, кәсіпкерлік қызмет, жұмысшының еңбегі. Осыған байланысты әрбір факторға өндірістік түсімнің өзіндік үлесі тән болуы керек: капитал капиталиске - пайыз түрінде, капиталдық игіліктер - рента түрінде, кәсіпкерлік қызмет - пайда түрінде үлесті алып келсе, жумысшылар еңбегі оған жалақыны қамтамасыз етеді. Танымал американдық ғалым, Й.7Шумпетер (1883-1950) кәсіпкер түсінігін новатор ретінде сипаттайды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкер - бұл жаңа технологияларды әзірлейтін новатор (жаңашыл). Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді және олардың қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклінің жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, кәсіпкердің функциясы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Осыған байланысты Шумпетер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда пайдаланылатын немесе ескерілетін негізгі мәселелерді атап көрсеткен. Оларға төмендегіле жатқызылады:
Жаңа өнімдер өндіру және қызметтер көрсету;
өндірістің жаңа әдістерін анықтау немесе жаңа технологиялар енгізу;
өткізудің жаңа нарықтарына ие болу;
жабдықтаудың (шикізаттың) жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
ұйымдастырудың жаңа нысандарын анықтаудың қажеттілігі.
Кәсіпкерлікті жоғарыда аталған ғалымдардан басқа да көптеген экономистғалымдар әр түрлі аспектіде қарастырған. Зерттеушілердің бір тобы, кәсіпкерлікті шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет ету, нарық субъектілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндір (жұмыс орындау, қызмет көрсету) арқылы қанағаттандыру және пайда табу мақсатындағы іс-әрекет ретінде қарастырса, тағы бір тобы Кәсіпкерлікті меншік иелерінің инновациялық іс-әрекетіне негізделген, жаңа идеяларды табу және оларды қолдану, сондай-ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі ретінде сипаттайды.
Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарының қалыптасуы XX ғасырдың 80 жылдардағы кеңес заманында-ақ, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына жеткізген қайта құру деп аталатын кезеңде басталған. КСРО-ның 1986 ж. қарашаның 19-ында қабылданған Жеке еңбек қызметі туралы Заңы және 1988 ж. мамырдың 26сында қабылданған КСРО-дағы кооперация туралы Заңы шаруашылық қызметтің субъектілері ретіндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке еңбек қызметін іске асырудың құқықтық негіздерін айқындап берді. Жоғарыда аталған нормативтік актілер шаруашылық (оның ішінде сыртқы экономикалық та) қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік заңдар жүйесін құруға көшу мәселесін айқындады.
Кәсіпкерлік заңдар дамуының бірінші кезеңі осы уақыттарда кәсіпкерлік субъектілері қызметінің құқықтық негізі қаланғанымен сипатталады. Оған сол кезде қабылданған: 1991 ж. маусымның 11-індегі Қазақстан республикасының Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар айналысы және акционерлік және қор биржалары туралы Заңы; 199ж. желтоқсанның 25-індегі Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы ҚР Заңы және т.б. сияқты заң актілері дәлел бола алады,
Бұл кезетке кәсіпкерлік қызметтің өркендеуі үшін 1992 ж. шілденің 4-інде шыққан, жеке кәсіпкерліктің негізгі формаларын және оны қорғау, қолдау тәсілдерін айқындаған, сонымен бірге жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерліктің барынша бостандығын, коммерциялық құпияны сақтауды және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлердің құқыларын бұзуға жауапты болуын бекіткен Қазақстан Республикасының №1543-XII-ші Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Заңы аса маңызды құжат болды.
Заңдардың ұлттық жүйесін қалыптастыруда азаматтық заңдарды бір жүйеге түсіру (кодификация) маңызды рөл атқарды. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 1994 ж. желтоқсанның 21-інде (Шетелдік инвестициялар туралы ҚР Заңымен бір мезгілде) қабылданды. Ол қолданысқа енгізілген уақыттан 1995 ж. 1 наурызынан) бастап, Қазақ КСР-інің 1963 жылғы Азаматтық кодексінің кіріспесі, 1-223 баптары; КСР Одағы және республикалардың 1991 ж. Азаматтық заңдар негіздерінің 1-73 баптары күшін жойды (Азаматтық кодекстің және Азаматтық заңдар негіздерінің басқа баптары 1999 ж. шілденің 1-іне дейін, яғни ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қолданысқа енгізілгенге дейін күшін жойған жоқ); 1991 жылғы Қазақстан Республикасының Меншік туралы, Кәсіпорындар туралы, Кепілдік туралы Заңдары және Азаматтық кодекс жеке-құқықтық қатынастарды (оның ішінде кәсіпкерлік қатынастарды да) реттеу саласында негізгі арнайы нормативтік акт болып табылады.
Сөйтіп, аталған кезен Қазақстан Республикасында тұтастай алғанда тәуелсіз және егеменді мемлекеттің мүлдем жаңа заңдық жүйесін және оның ішінде Қазақстанның кәсіперлік заңдары жүйесін құру бойынша нарықтық қатынастар дамуының бастапқы кезеңі болып саналады.
Кәсіпкерлік заңдардың дамуындағы екінші кезеңнің басталуына Қазақстан Республикасының 1997 ж. маусымның 19-ындағы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы және 1997 ж. маусымның 1-індегі 135-І Жеке кәсіпкерлік туралы Заңдарының қолданысқа енгізілуі себепші болды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заң шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың төмендегідей:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдық ұстанымы:
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кешенділігі ұстанымы;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын шаралардың қолжетерлік болуы ұстанымы;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және өркендету саласында халықаралық Ынтымақтастық ұстанымын бекітті. Жеке кәсіпкерлік туралы заң ҚР Конституциясы белгілеген азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жүзеге асыруға, жеке кәсіпкерлік үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесін құруға бағытталған.
Кәсіпкерлік қатынастарға оң ықпал еткен заң актісі ретінде 1997 ж. ақпанның 28-інде шыккан мынадай: жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауларды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызметтермен толтыру; отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру, экспортқа бағытталған және импортты алмастарушы өндірісті дамыту; жаңа жұмыс орындарын құру; қоршаған табиғат ортасын жақсарту және басқадай негізгі міндеттерді айқындаған Қазақстан Республикасының Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңын атауға болады. Аталған актіге сәйкес, экономиканың басымдыққа ие секторында инвестициялауды жүзеге асыру барысында айтарлықтай артықшылықтар мен жеңілдіктер (оның ішінде инвестициялык салық артықшылықтары, кеден төлемдерін босату, заттай грант) берілді. Экономиканың басымдыққа ие секторлары болып: 1) өндірістік инфрақұрылым; 2) өңдеуші өнеркәсіп; 3) Ақмола (Астана) қаласының нысандары; 4) тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм нысандары; 5) ауыл шаруашылығы танылды. Мемлекет дамуы , басымдыққа ие болып табылатын экономика секторларын және сол жағдайда берілетін ынталандыру және қолдау шараларын айқындады. Осының бәрі кәсіпкерлердің белсенділігін тудырып, экономиканың дамуына ықпал етті.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 1997 ж. шілденің 16-ында шыққан, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары ретінде мемлекеттік сатып алуларлы іске асыру барысында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жекелеген түрлерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу үшін, мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінің 10%-ын міндетті түрде резервке сақтауды жүктеген No 163-1-ші Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңы (25-2-бабының 1-тармағы) белгілі бір шамада шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен жүргізілетін кәсіпкерлік қызметті Ынталандырды.
Үшінші кезең өз бастауын 2006 ж. қаңтардың 31-індегі Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормаларды жүйелеген және оларды біртұтас заң актісіне біріктірген Жеке кәсіпкерлік туралы Заңының қолданысқа енген мерзімінен алады. Кәсіпкерлік құқық қатынастарын реттейтін саны көп актілердің орнына Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жалпыға ортақ бастауын белгілеген бір ғана заң актісі қабылданды.
Нәтижесінде, біздің елімізде нарықтық қатынастарды реттейтін басты заң актісі болып табылатын Азаматтық кодекс және кәсіпкерлік туралы арнайы заң бар. Мұндай арасалмақ кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін құқық нормаларын біртектес келдануға ықпал етеді және жеке-құқықтық реттеудің біртұтастығын дәлелдейді. Сонымен қатар, алдында айтылғандай, ТМД-нің жекелеген елдерінде (Украинада) Азаматтық кодекспен бірге Шаруашылық кодексі қабылданған және қолданысқа енгізілген. Дегенмен жеке құқық дуализмінің азаматтық және кәсіпкерлік заңдардың тиімділігін жетілдіруге және көтеруге ықпал ете қоюы неғайбыл. Шын мәнінде, Шаруашылық кодексі жүйеленген заң түріне айналдырылғанмен, кәсіпкерлік қызмет саласындағы қатынастарды енгізілген. Дегенмен жеке құқық дуализмінің азаматтық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін (Азаматтық кодекспен салыстырғанда, өзінің қайталама екенін ескере отырып, арнайы акт болып қала береді. Нарықтық қатынастардың дамуының осы кезеңінде кәсіпкерлік заңның даму үдерісінің міндетті түрде аяқталуы аса маңызды емес, маңыздырақ болып табылатын нәрсе - ол оны халықаралық стандарттарға және бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру.
Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы.
Қазақстан Республикасы заңдарында кәсіпкерлік қызмет түсінігінің орнына кәсіпкерлік деген термин енгізілген (соған сәйкес мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік деп ажыратылады). Кәсіпкерліктің құқықтық мәні ҚР АК Жалпы бөлім 10 бабында берілген. Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіперлік) не) мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі[7]. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:
1) кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;
2) меншіктің болуы;
3) тәуекел сипаты,
4) пайда табыс алуға деген мүдделілік
Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі: кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылыр мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Оған қоса, кәсіпкердің бастамашылығы мен дербестігі оның жекелей тәуекелінде және ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жоғары деп танылатын (себебі, кәсіпкердің кінәсіна байланыссыз орын алады) жеке мүліктік жауапкершілігінде көрініс табады. Кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз жеңе алмайтын төтенше күш (форс-мажор) жағдайлары болып табылады. Ақыр соңында, кәсіпкердің қызметі заңмен (бірақ мемлекеттің дара құзырына жатқызылған мәселелер (конституциялық құрылыс негіздерін, бақа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысын және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету) бойынша ғана) шектелуі мүмкін.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. Сонымен бірге белгілі бір мүлікті иелену кәсіпкерлік қызметпен айналасуға мүмкіндік береді, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылады[30]. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқығымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей бақару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға, тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдік сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру де, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзіне асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі.
Тәуекелдік ұғымы мүмкін болатын шығын түсінігіне байланысты, оның үстіне кәсіпкерлік қызметте мұндай шығындардың туу табиғатының ешқандай маңызы жоқ, яғни бұ шығындар кездейсоқ, абайсызда пайда болды ма, біреудің жауапкершіліксіздігінен немесе қасақана әрекетінен туды ма, - оның бәрі есепке алынбайды. Келтірілген шығындардың орнын белгіленген тәртіппен толтыру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бұл маңызды бола алады.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Бұл табыстарды пайдалану көлемін және мүмкіндіктерін ешкім де, ештеңе де шектей алмайды, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтен тапқан пайдасының салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерден қалған бөлігін өз бетінше пайдалануға құқылы.
Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін атауға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді. Ондай кезде кәсіпкерлік қызметтің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі нақты әрекеттер пайда табуға және мүлікті пайдалану, тауарлар сату, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын түпкілікті кәсіпкерлік нәтижелерге жетуге бағытталуға тиіс.
Ақыр соңында, кәсіпкерлік қызметтің белгісі деп оның жария (заңдастырылған) сипатын, яғни кәсіпкерлік қызмет субъектісінің тиісті мемлекеттік органдарда кәсіпкердің: заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай, азамат-кәсіпкер, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі нәтижесінде иеленетін ресми мәртебесі болуын айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеусіз де атқаруға болғанмен, алайда аталған тұлғалар солай-ақ кәсіпкер бола алмайды, керісінше замсыз кәсіпкерлік, яғни тіркеусіз немесе арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асырылған кәсіпкерлік үшін, мұндай рұқсат (лицензия) алу міндетті болып саналатын немесе лицензиялау шарттары бұзылған жағдайда немесе қызметтің тиым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе немесе ірі көлемде табыс табуға немесе акцизді тауарларды елеулі көлемде ендіру, сақтау немесе сатуға байланысты болса, заңсыз әрекет ретінде жауапқа тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы заңдарымен арнайы азаматтар санаттарына кәсіпкерлк қызметпен айналысуға тыйым салынған. Сонымен қатар, басқа жағдайларда тыйым салу жаза нәтижесі болып табылады. Сөйтіп, бірінші жағдайға ҚР Бәсеке және монополистік қызметті және шектеу туралы Заңы жатады. Ол мемлекеттік уәкілетті органның және басқару органының лауазымды тұлғаларына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салады. ҚР Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңында былай делінген, Мемлекеттік қызметкерлер жеке өздері де, делдал арқылы да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. Аналогиялық шектеу ҚР Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңдада көрініс табады. Кәсіпкерлік қызметпен соттар, прокуратура қызметкерлері, салық полициясы, нотариустар айналысуға құқығы жоқ. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу жазаның нәтижесі болуы мүмкін. Солай мысалы, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сауда-саттық аясында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу бостанығынан айырылу немесе айыппұл мен оған қоса кәсіпкерлік қызметпен бес жылға дейін айналысу құқығынан айырумен жазаланады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметін құқықтық реттеу ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі заңдары жүйесін және төмендегі топтарға біріктіруге болатын басқа да нормативтік құқықтық актілерді құрайды.
Бірінші топқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі бастамаларын белгілейтін арнайы нормативтік құқықтық актілер кіреді, олар Қазақстан республикасының: 1995 ж. мамырдың 2-індегі №2255-ші Шаруашылық серіктестіктер туралы Заңы; 1998 ж. сәуірдің 22-індегі №220-І Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы Заңы; 2002 ж. маусымның 24індегі №330-ІІ Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы Заңы; 2006 ж. қаңтардың 31-індегі №124-ІІІ Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы; 2007 ж. қаңтардың 11-індегі №124-III Лицензиялау туралы Заңы; 2008 ж. желтоқсанның 25-індегі ҚРЗ Бәсекелестік туралы Заңы; ҚР Президентінің 1998 ж. сәуірдің 27-індегі №3928-інші Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау туралы Жарлығы; ҚР Президентінің 1999 ж. мамырдың 28-індегі №49-ыншы Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау бойынша қосымша шаралар туралы өкімі; ҚР Үкіметінің 2005 ж. сәуірдің 23-індегі №1560-ыншы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. маусымның 2-індегі №496-ыншы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптау кеңестері жөніндегі Үлгі ережелерді бекіту туралы қаулысы; ҚР Үкіметінің 2006 ж. мамырдың 31-індегі
№477-інші Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін тіркеу ережелерін бекіту туралы қаулысы және басқалары.
Екінші топқа шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді, олар: ҚР Үкіметінің 2003 жылғы маусымның 17-індегі
№572-інші Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексеру жүргізуінің Ережелерін бекіту туралы қаулысы; ҚР Үкіметінің 2003 ж. сәуірдің 4-індегі №327-інші Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне республикалық мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын нысандарын мүліктік жалдауға немесе соңынан қайтарымсыз меншікке алу құқымен сенімдік сенімдік басқару құқыға беру Ережелерін бекіту туралы қаулысы; ҚР Үкіметінің 2005 ж. мамырдың 12-індегі №450-інші Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы қаулысы және басқалары.
Үшінші топты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы актілер - Қазақстан Республикасының: 2001 ж. шілденің 9-ындағы №225-П Ғылым туралы Заңы; 2006 ж. наурыздың 23-індегі №135-III Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңы; ҚР Президентінің 2006 ж. наурыздың 16-сындағы №65-інші Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық саясаты аясында ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілетін ары қарай көтеру бойынша мемлекеттік шаралар туралы Жарлығы; ҚР премьерминистрінің 2006 ж. шілденің 17-індегі №206 Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы өкімі және басқалары құрайды.
Бесінші топқа отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету туралы актілер - Қазақстан Республикасының 1998 ж. желтоқсанның 28-індегі №337-I Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы Заңы; 1999 ж. шілденің 13-індегі №421-1 Демпингке қарсы шаралар туралы Заңы; 1999 ж. шілденің 16-ындағы №441- Субсидиялар және өтем шаралар туралы Заңы; 2001 ж. қаңтардың 19-ындағы №146-II Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы Заңы; 2002 ж. мамырдың 16-ындағы №321-II Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңы; ҚР Үкіметінің 1998 ж. қарашаның 13-індегі №1162-інші Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы қаулысы; ҚР Үкіметінің 2000 ж. қыркүйектің 12-індегі №1384-інші Отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары аясында кредиттелетін инвестициялық жобаларды таңдау Ережелері туралы қаулысы және басқалары кіреді.
Алтыншы топты кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер - Қазақстан Республикасының 1995 ж. сәуірдің 5-індегі № 2170-інші Тауар биржалары туралы Заңы; 1995 ж. тамыздың 31індегі № 2444-інші Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы, 1998 ж. наурыздың 31-індегі № 214-інші Шаруа(фермерлік) қожалығы туралы Заңы; 1998 ж. қарашаның 20-ындағы No 304-І Аудиторлық қызмет туралы Заңы; 2000 ж. қарашаның 30-ындағы № 109-II Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы; 2000 ж. желтоқсанның 18індегі № 126-II Сақтандыру қызметі туралы Заңы; 2001 ж. маусымның 13індегі № 212- ІІ Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы; 2001 ж. шілденің 16-ындағы № 242-ІІ Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы; 2003 ж. қаңтардың 8-індегі № 373-II Инвестициялар туралы Заңы; 2003 ж. шілденің 2-індегі No 461-II Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңы; 2004 ж. сәуірдің 12-індегі No 544-II Сауда қызметін реттеу туралы Заңы; 2005 ж. маусымның 13-індегі № 57-III Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңы; 2006 ж. шілденің 7-індегі № 180-III ҚРЗ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz