Энергия көздерін өндірісте пайдалану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отын-энергетика кешені
Кіріспе 3
1 Энергия көздері 5
1.1 Энергия көздеріне жалпы сипаттама 5
1.2 Жел энергиясы 7
1.3 Су энергиясы 12
1.4 Күн энергиясы 13
1.5 Атом энергиясы 17
2 Энергия көздерін өндірісте пайдалану 21
2.1 Энергия көздерін өндірісте пайдаланудың тиімділігі 21
2.2 Өзекшелі катушка арқылы магнит өрісінің энергиясын анықтау 27
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті. Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты
Мұнай өнеркәсібі -- дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.Мұнай өнеркәсібі -- күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты -- осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі
Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50 -- 60-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.

4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың экологиялық әсерлері.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.
Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
5. Табиғи ресурстардың қоры және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы - заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.
6. ҚР қоршаған ортаны қорғау заңының негізгі қағидалары.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;
қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;
табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;
қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;
қоршаған ортаның сапасын нормалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;
экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;
экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.
3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
Олар:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;
- жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;
- табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.
7. Аз қалдықты технологиялар.
Қалдығы аз өндірісті ұйымдастырдың негізгі принципі шикізат және энергетикалық ресурстарды пайдалануда оның жинақтылығы. Қазір пайдаланылп жүрген шикізат ресурстары көп компонентті. Мысалы: түсті металлургияда бастапқы шикізат көптеген пайдалы қазбалардан тұрады. Кәсіпорындардың мамандануына байланысты одан 1-2 компонент ғана алынады.Ал қалғандары үйіндіге тасталынады. Қазірде рудаларды өңдеудің кешенді пайдалану Өскемен қорғасын мырыш комбинатында, Балқаш, Жезқазған, Норильск кен металлургия кәсіпорындарында жолға қойылған.
Қалдығы аз өндіріс құрудың келесі принципі - айқын көрінетін материалдар ағынының циклдігі. Мысалы: су шаруашылығында канализация , тазалау бір мезгілде және таза компонентерді алып пайдаға асырады . Өнеркәсіпте сумен қамтамассыз ету жағының кезеңі тұйықталған, оны өндіру мен тасымалдау, бірнеше рет пайдаланғаннан соң алдын ала тазартылып су қоймаларына құйылады.
Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрасмдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалыө тиімділікке қол жеткізуге болады
Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі - алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.

8. Экологиялық нормалаудың негіздері. Жылуэнергетикалық объектілерде экологиялық құжаттау.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық нормалау мақсатында эмиссияларды нормалау экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді сақтап қалуды және биологиялық сан алуандықты қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған келтірілетін рауалы шектелген ықпалды анықтау болып табылады. Ластаушы заттардың рауалы шектелген шығарындылары (РШШ) мен тастандыларының (РШТ), өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтері жалпы алғанда қоршаған ортаның сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді деген шартпен, әр тұрақты эмиссиялар көзі мен кәсіпорын бойынша есептеудің негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады. Ластаушы заттардың рауалы шектелген шығарындылары мен тастандыларының нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат берген кезде пайдаланылады. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың нормативтері жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін бөлек құжаттар түрінде, не болмаса көзделетін шаруашылық және басқа қызметтің қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың құрамында негізделеді.
Экологиялық аттестация және төлқұжаттау объектілердің (территориялар, территориялық-өндірістік жүйелер және шаруашылық объектілер) табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекетіне құжаттарға сүйене отырып экологиялық-экономикалық сипаттама беру болып табылады.Осы мақсатта кәсіпорындарға (өндірістік бірлестіктерге), территорияларға арналған экологиялық құжаттар үлгілері мен төлқұжаттандыруды жүргізу әдісі жасалған.
Экологиялық төлқұжат - объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті-техникалық құжатының жаңа түрі.
Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер:
:: кәсіпорында қолданылатын технологиялар;
:: пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның,энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары;
:: шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы;
:: қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділердің,
қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалары;
:: кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және
отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері.
9. Экожүйе: құрылымы және динамикасы.
Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе - зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек
Кез-келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың арақатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктік, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы.
Тәуліктік динамика. Әрбір биоценозда тіршілігінің белсенділігі тәуліктің әр түрлі уақытына сәйкес келетін ағзалар тобы болады. Біреулері түңгі уақытта белсенді, ал күндіз тығылып жатады. Басқалары түнде пассивті. Олай болса, экожүйенің жеке популяциялық арақатынасы мен құрамында периодты өзгерістер болып тұрады. Тәуліктік динамиканы тек жануарлар ғана емес, өсімдіктер де қамтамасыз етеді. Тәуліктік ырғақтар барлық белдеулердің, тропиктерден тундраға дейінгі бірлестіктерінде байқалады.
Экожүйелердегі тәуліктік өзгерістерде неғұрлым күн мен түн кезіндегі температура, ылғалдылық және басқа факторлардың айырмашылығы көп болса, соғұрлым күштірек көрінеді.
Мысалы, тәуліктік миграциялар, әсіресе теңіз планктонына тән. Каспий теңізінің зоо және фитопланктонының өкілдері күндіз 100-350 м тереңдікте болса, түнде беткі қабаттарға қарай көтеріледі.
Маусымдық динамика. Тек белсенділік күйінің өзгеруі ғана емес, көбею циклі, маусымдық миграциялар және т.б. байланысты жеке түрлердің сандық арақатынасы өзгеруі арқылы көрінеді. Жыл мезгілінің ауысуы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік қызметіне әсер етеді (гүлдеу кезеңі, жеміс беру, белсенді өсу, жапырақ түсіру, өсімдіктердің қыстық тыныштық күйі, жануарлардың қысқы және жазғы ұйқыға кетуі, миграциясы). Маусымдық динамикаға экожүйенің белдеулік құрылымы да ұшырайды; жылдың белгілі бір маусымында өсімдіктердің жекелеген белдеулері толық жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, бір жылдық өсімдіктерден тұратын шөптесін белдеу.
10. Экологиялық сараптама. Экологиялық аудит.
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus - тәжірибелі) - адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары - оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техника-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы "Экологиялық сараптама туралы" заң қабылданған.
Экологиялық сараптаманың мақсаттары:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Экологилық сараптама туралы Заңында экологиялық сараптаманың 2 түрі анықталған:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама -- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.
2. Қоғамдық экологиялық сараптама -- кез келген мемлекеттік қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын түрі. Ол сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.
Экологиялық аудит ұғымы
Шет елдердің табиғат қорғау практикасында жобалық экологиялық талдаудың консалтингтік фирмалар жүзеге асыратын сатысы экологиялық аудитдеп аталады. Басқа сөзбен айтқанда,экологиялық аудитті жұмыс істеп тұрған нысанға жүргізілген экологиялық сараптама деуге болады.
Экологиялық аудиттың мақсаттары аудит жүргізілетін субъектінің қызметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігінің әділ бағасын алу; экологиялық тәуекелдіктерді анықтау және экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстамалар әзірлеу болып табылады.
11. Өндіріс қалдықтарын шаң мен газдан тазарту әдістері. Парниктік эффект. Киотто хаттамасы.
Газдарды шаңнан тазарту.
Атмосфераның шаңдануы табиғи құбылыстарға және адамдардың әрекетіне байланысты. Табиғи құбылыстарға вулкан күлі орманның және даланың қртенуі, бұлттардан түкен тұздарға байланысты, өсімдік аэрозольдері, құмдардың майдаланып шаңғуы және тау жыныстарының майдалануы. Атмосфераға көтерілетін шаңның көлемі топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты да өсіп отырады. Сонымен қатар атмосфераның шаңдануын ұлғайтатын фактор - ол адамдардың тіршілігіне байланысты түзілетін зауыт, фабрикалардың шаңдары. Зауыт-фабрикалардың шаңдары өндіріс ерекшеліктеріне байланысты былай сұрыпталады: құрылыс материалдары өндірісі - 34,7%, ЖЭС - 29,5%, автокөлік - 15,8%, қара металлургия - 12,4%, химия өндірісі - 4,6%, түсті металлургия - 2,2%, мұнай өңдейтін өндіріс - 0,5%.
Қазіргі кезде шаң тазалағыш аппараттарды төрт топқа бөлуге болады:
1. Механикалық шаң ұстағыш аппарат. Бұл аппаратта шаң өзінің салмағымен, инерциялық және центрден қашықтау күштерінің әсерімен газдардан бөлінеді.
2. Ылғал немесе гидравликалық аппараттар. Бұл аппараттарда шаң сұйықтық ортада газдардан бөлінеді.
3. Қуыс фильтрлер.
4. Электрофильтрлер. Бұл фильтрлерде газдар мен шаң ионға айналуы арқылы шаңның газдардан тазалану үрдісі жүреді.
Механикалық шаң тазалау қондырғыларына бөлгіш камералар, инерциялық шаң ұстағыш және циклон жатады.
Бөлгіш камералар көлемі ірі 50-500 мм болатын шаңды ұстауға арналған. Бұл камераның шаң ұстағыш қабілетін жақсарту үшін ГОВАРД камерасын қолданады. Бұл камерада газ ағыны пластинкалар секцияларында бірнеше ағынға бөлінеді. Бұл камералардың онша үлкен емес аэродинамикалық кедергісіне қарамастан өндірісте сирек қолданылады. Себебі оның көлемі үлкен болып келіп, тазалау қиынға соғады. Мұндай камераларды домна және агломерациялық пештерінің шаңдарын ұстауға қолданылады. Оларға қарағанда күрделірек жалюздік фильтрлерде размері 50 мм-ге дейін шаңдар тазаланады. Олардың кемшілік жағы ол жалюздердің тез тозуы және фильтрді шаңнан тазартудың күрделілігі.
Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы - ха - лық - аралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағыт - талған тұңғыш құжат.
1980 жылы әлемдік қоғамдас - тық - тың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфера - ның ластануы, жыл сайын ауа тем - пе - ра - тура - сының көтерілуі полюс - тер - дегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұ - хит суларының деңгейі көтеріліп, жа - ғалау бойына жыпырлай ор - на - лас - қан ірі қалалар, елді мекендер су астын - да қалады деген қауіп ай - ты - ла бас - та - ды. Бұл алдымен адам - ның таби - ғат - қа тигізіп жүрген за - ла - лын ойлан - бастан жасаған шаруа - шы - лық қыз - ме - тінің салдары, көмір - қыш - қыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бө - лінуінің әсері деген ғалымдар пайым - дауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сай - ын әуеге көтерілген метан мен кө - мірқышқыл газы жерді қатты қы - зып кетуден сақтайтын инфра - күл - гін сәулелерді жұтып, планета тем - пературасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық бере - тін стансалардан, қаладағы кәсіп - орындардан бөлінген көмірқыш - қыл газы атмосфералық қабатқа өте - тін газдың 13 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл ал - қаптар - ормандар бұл газдың біраз бө - лігін қажетіне жаратқанымен, бар - лығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.
Қазақстан Киото хаттамасы - ның тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен ин - вестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикі - зат - тық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары техноло - гия - лық өндіріс үдерістеріне өзге - ре - тін болады. Цифр тілімен сөй - ле - сек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміз - де - гі жоғары булы газдың шығарын - дысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвести - ция - лы - қ жобалар бірнеше есе арзан - ға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар не - гізінде құрал-жабдықтарды жаңар - тып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.
Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік дең - гейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық эко - логиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.
Енді Киото хаттамасын рати - фи - кациялау Қазақстанның әлем - дегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде "Киото үдерісін" дамы - ту - ға, тиімді энергия саясатын енгізу - ге, зиянды заттардың шығарын - ды - ларын қысқартуға, сондай-ақ бар - лық экономикалық саладағы ашық - тыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйы - мы - на (БСҰ) кіру кезінде сөзсіз ар - тықшылығы болады. Әрі хаттама - ның экономикалық тетіктері то - лық - қанды жұмыс атқарғанда қа - зақ - стандық бизнес те жаңа мәрте - бені иеленеді. Яғни, әлемдік рынокта булы газдар шығарын - ды - ларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады.
Киото хаттамасын ратифика - ция - лау, сондай-ақ Қазақстанға қа - зіргі заманғы тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд. АҚШ доллары - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергия көздері
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Күн энергиясын тұрмыста қолдану
Энергетикалық проблема
Химиялық өндірістің шикізаттары
Химиялық өнеркәсіп өнімдері
Өндірістік қалдықтар
Жасыл экономикаға көшу міндеттері
Күн энергиясын жылуын өндіріп оны тұзда сақтау тәсілдерін қарастыру
Электр станциялары жайлы
Пәндер