Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті КеАҚ

Реабилитология және спорттық медицина кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Университеттегі дене тәрбиесінің құрылымы.Физикалық қасиеттерді дамыту үшін ОРУ кешендерін жасаңыз.


Орындады: Оразбай Мөлдір
Факультет: Фармация
Топ: 201
Қабылданды: Алия Каирбековна
Күні: 10.09.2021

Нұр-Сұлтан 2021

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Негізгі ұғымдар
2. Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
3. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
4. Дене тәрбиесі жаттығулары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе
Дене тәрбиесі - ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі - дене тәрбиесінің теориясы деп аталады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады. 1. Дене тәрбиесінің теориясы- дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алатын орнын зерттейді. 2. Дене тәрбиесінің әдістемесі- дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп талдайды. 3. Спорттық жаттықтыру- оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесінің маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе нәтижелерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан - жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі гемнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді.
Негізгі бөлім
Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері мынадай: Дене мәдениеті, Дене тәрбиесі, Спорт. Дене мәдениеті осы құрылымда ең жалпы түсінік болып қалады. Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты -- түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. Дене мәдениетіне тәрбиелеуде дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ, адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы болып өзгеріп кетеді, ал құралы: дене шынықтыру жаттығулары -- керісінше анық, дұрыс және дене мәдениетінің негізгі қорына кіреді. Дене шынықтыру жаттығулары дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің материалдық қолдаушысы болып, оның міндетті мәселелерді шешудегі мақсаттары мен мүмкіндіктерінің дұрыстығын анықтаушы күші болып табылады. Бул дене тәрбиесінің теориясы пәні туралы мәселені шешу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының сипат ерекшеліктеріне және мән-мағынасына сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында дене тәрбиесінің теориялық негіздерін дамытудағы негізгі әдіснамалық (жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым) бағыттары бар. Адамның дүниетаным айырмашылығында және дене шынықтьгру жаттығуларының пайда болуы көзқарасында идеалистік бағыттағы және субъективті идеалистік бағытгағы зерттеулер бойынша жаттығуларды ойындардан шыққан, ал дінге табынатын идеалисгердің негізгі өкілдері, былайша айтқанда, диалектикалық тарихи материализмнің бетке ұстар діңгектері -- жаттығуларды еңбектен шыққан, деп өз дәлелдерін осындай тұрғыда тұжырымдайды.
Дене шынықтыру жаттығулары барлық тіршілік дүниесіне тән өзінің қарапайым түрімен ағза мен оның қозғалысы арасындағы іс жүзінде олардың қайталау кезіндегі өздеріне тән өзара жүйелі өзгеруі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының материалдық дүниесі -дене шынықтыру жаттығулары, пәндік ауқымы және қолданылу әрісі -- дене тәрбиесі, пәндік заңдылықтары -- адамды қоғамдық игіліктері, еңбекке дайындау және іс қабілеттерін қалыптастыру мақсатьшда белсенді қимыл әрекеттерінің шарттары мен түрлерін қолдану болып табылады (Ә.К. Әбділлаев, Ж.К. Оңалбек, 2004).
Дене тәрбиесінің теориясын, әдетте дене мәдениеті заңдылықтарын оқытатын ғылым деп санайды. Бірақ, бұл анықтама бір сарынды, өзектілік мәнін жоғалтқан, дене тәрбиесінің сипатты ерекшеліктері белгілеріне бағыттайды. Дене тәрбиесінің бағытгы сипат ерекшелігі адамның денесін тәрбиелеу немесе дене арқылы адамды тәрбиелеу болып саналады. Дене тәрбиесі Дене мәдениеті түсінігіне кіреді, кіргенде оның ең көп айналысатын түріне жатады. Ол 3 бағытқа бөлінеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Қолданбалы дене мәдениеті -- кәсіптік және әскери дене мәдениеті болып, екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге болады бағытталады. Адамның таңдап алған мамандығына немесе оны әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің дене шынықтыру дайындығы деп аталады. Ал, мұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде таңдап алған мамандығын игеруге және тиімді еңбек етуге ағза дайын болса, дененің арнайы қызметке дайын болғандығы, алға қойылған міндетгерді орындай алады, деп атауға болады. Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да, дене қимылы жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе Болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындау үшін дене тәрбиесінің пайдалану мүмкіншіліктері еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болады.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.
Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.
Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:
- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;
- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;
- мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;
- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.
Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері - оқытып, үйретудің мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.
Бірінші міндет - дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.
Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.
Жоғары дене дайындығы деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері бойынша басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта болады.
Екінші міндет - дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.
Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады
Суға жүзуді үйрету үдерісі ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру, әсіресе жүрек-қан-тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатында жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.
Шаңғымен жүру негізінен қысы қарлы аудандарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа райында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен шаңғымен қозғалу жаттығуларының иммитациялық мүмкіндіктерін орындауға болады.
Үшінші міндет - оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.
Жеке тұлға - адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.
Жеке тұлға ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы анықталатын белгілері айқындалады.
Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мәдинеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуальность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс әрекет пен білім иесі ретінде әрбір адамның тіршілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен ішкі сезімі болып табылады.
Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті мен спорттың үдерісіндегі байланысы принципі өз көрінісін табады.
Кез келен спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы мақсатты міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.
Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.
Бірқатар жағдайларда жекелеген сыртқы қолайсыз әсер етуші күштердің әсер етуіне ағзаның жоғары төзімділік көрсетуіне жетуі үшін жан-жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені жаттықтыру әдістерімен толықтырылады. Студентің психикалық дамуының қозғаушы күші, оның қабілеттері мен қоршаған ортамен байланысу түрлерінің жеткен даму денгейінің арасындағы үйлеспеушілік болып табылады. Дене мәдениеті мен спорт саласындағы арнайы міндеттерді шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие. Оларды орындау спроттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтырудың міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру жүйесі
Дене тәрбиесінің негіздері
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Пәндер