Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

1. 1 Ішкі секреция бездерінің түрлері, қызметі, маңызы

1. 2 Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері…

1. 3Ұйқы безінің адам ағзасындағы ролі

2. Қант диабеті туралы түсінік

2. 1Қант диабетіне жалпы сипаттама . . .

2. 2Инсулиннің химиялық табиғаты және әсер ету мехенизмі . . .

2. 3 Қант диабетінің пайда болу себептері . . .

ІІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3. 1 Қызылорда облысы бойынша «Қант диабетінің» ауруының таралу көрсеткіші (3 жылдық динамика бойынша) ……… . . .

3. 2. Қант диабеті ауруынан ағзада болатын өзгерістер . . .

3. 3 Қант диабеті ауруының алдын алу жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

Практикалық ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Адам денсаулығы оның негізгі байлығы, сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып, халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.

Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу, және жүзеге асыру[1] .

Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді.

Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.

Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту, медициналық қызмет көрсету, сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру, үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады[3] .

Бүгінгі таңда дүние жүзінде қант диабетімен ауыратындардың
саны көбейіп, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық дерттен кейін үшінші орынды иеленуі - көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Бұл дерт біздің елімізде күннен-күнге көбейіп келеді. Сондықтан қант диабетінің белгілері білінген күннен бастап, денсаулыққа аса күтім керектігін ұмытпаған жөн.
Қант диабетімен дүние жүзі тұрғындарының бес пайызға жуығы, яғни 250 миллион адам ауыратыны белгілі және 15 жыл сайын бұл көрсеткіш еселеніп отыратын көрінеді[5-6] .

Қант диабеті - эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсулиннің жетіспеушілігі жатыр.

Инсулин - ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын гормон. Бұл науқас ұйқы безінің β-клеткалары бөліп шығаратын сөл, инсулиннің жетіспеуіне байланысты пайда болады. Инсулиннің тапшылығынан денедегі зат алмасуы, әсіресе көмірсутегі заттардың химиялық ажырауы мен денеге сіңу процестері бұзылады да қанның құрамында қанттың қалыпты деңгейі жоғарылаған кезде бүйректен сүзіліп өткен глюкоза несеппен бөлініп шығады.

Біздің зерттеу жұмысымызда Қызылорда қаласындағы қант диабеті ауруының динамикасы мен қант диабеті ауруымен ауырған адамдардың ағзасында болатын болатын өзгерістерді анықтауға арналған мәліметтер келтірілген.

Зерттеудің мақсаты: Қызылорда қаласындағы кеңес беру орталығымен бірлесе жұмыс істеп, қант диабеті ауруының динамикасын жәнеқант диабеті ауруымен ауырған адамдардың ағзасында болатын өзгерістерді анықтап, аурудың алдын алу жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:-

- Қызылорда қаласында қант диабетімен ауыратын адамдар санын анықтау

- Қант диабеті ауруынан ағзада болатын өзгерістерді талдау

- Қант диабеті ауруының алдын алу жолдарын насихаттау

Зерттеудің нысаны: Қызылорда қаласындағықант диабеті ауруынашалдыққан тұрғындар

Зерттеудің пәні : Қант диабетімен ауыратын науқастардың жай-күйі

Зерттеудің ғылыми болжамы : Қант диабеті ауруының ағзаға әсерін анықтап, білу тұрғындардың денсаулығын сақтап, көңіл бөлуге және аурудан сақтану жолдарына үйретеді.

Зерттеудің негізгі базасы: Қызылорда қаласындағы кеңес беру орталығы

Негізгі бөлім

1. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

1. 1 Ішкі секреция бездерінің түрлері, қызметі, маңызы.

Адам және жануарлар организмі дамудың «онтогенез» деп аталатын циклін бастан өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге дейінгі аралықтағы даму кезеңі. Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық онтогенездік даму деп атайды. Дамудың келесі сатысы организм туылғаннан бастап өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны постнатальді онтегенездік даму деп атайды.

Онтегенездік дамудың барысында дененің массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық өзгерістер - организмінің жекелеген физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды. Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері ағза дамуының бастапқы кезеңінде -ақ іске қосылып, ағзаның одан әрі дамуы мен қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы - ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық, т. б. ) химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты[2-6] .

Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын К. Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған. Американ физиологы У. Кеннон бұл концепцияны ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен жүйелерді зерттей отырып, организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның физикалық және химиялық қасиетін тұрақты сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз» (грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып қалу, қозғалмайтын) деп атады.

Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер де біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин- бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді[8] . Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері, көбіне осы жолмен жүзеге асады.

Қарапайым ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін жасушаішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық акиваторлар өзара жақын орналасқан бір жасушадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік ролне ие болды[9] . Дамудың ондай кейінгі барысында нервтік элементтердің кейбіреулер биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды. Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін нейросекреторлық жасушалар деп атайды. Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге әсер етеді. Сонымен функцияларды реттеу жүйесі эволюциясы мына бағытты дамыған: жасушаішілік химиялық заттар, нерв жасушалары, нейросекроторлық жасушалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар ағзасында жоғары да келтірілген реттеу механизмдері барлық түрі сақталған. Бірақ, ағзаның бір тұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше роль атқарады[10] .

Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын телекриндік реттеу механизмі деп атайды. Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың өзіне ғана әсер ететін активті заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атайды. Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға қанға түспей ақ диффузия жолымен ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар дейді. Осы сияқты биологиялық активті заттар түзілетін жасушаларды паракринді жасушалар деп, олардың көршілес жасушаларға тигізетін әсерін паракриндік реттеу деп атайды. Бұған ұлпалардың қабыну процестері кезінде түзілетін простагландиндердің қатысуымен жүретін реакцияларды жатқызуға болады[11] .

Паракриндік жасушаларда түзілетін секреттер мен нейрондарда түзлетін нейронмедиаторлар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік жасушалар деп те атайды. Бұл эндокриндік және паракриндік жасушалар арасындағы аса тығыз морфологиялық және физиологиялық байланыстарға негізделген.

Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде қан тамырлары капиллярлар торын құрайды, сондықтан безде түзілген өнімдер бірден қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз, бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері жатады[12] .

1-сурет. Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.

1-гипофиз; 2-эпифиз; 3-қалқанша без; 4-айырша без; 5-бүйрек үсті безі; 6-қарын асты безі; 7-аналық без; 8-аталық без.

Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты. Без қанмен өте жақсы жабдықталады. Оған келетін қан гипоталамус арқылы өтеді, сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді.

Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен - туберальдық, алдыңгы, аршық (ортаңгы) және нервті (артқы) құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды[13-15] .

Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кездеседі: хромофобтар немесе негізгі торшалар, базофильдер жоне ацидофильдер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар торша қоры болып табылады да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотроптықтар және лактотропоциттер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торшалар - тиреотропоциттер, кортикотропоциттер, фолликулотропоциттер және лютеотропоциттер болып төрт түрге бөлінеді. Гипофиздің аралық бөлігінде меланотропоциттер орналасады. Ал, гапофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз нерв талшықтарынан құралады.

Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды - судың, минералды затгардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын, реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызметін реттеуге қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігін бірнеше гормон бөледі: оларға мыналар жатады[16] .

Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), - организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе - өсу процесі шапшандап, алыптық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің аутқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) жөне гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы жөне торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. АКТГ - катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организмнен азотың бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдлігін төмеңдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.

Тиреотроптық гормон (ТТГ) - қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшаңдатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады.

Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын, қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп, олардан аналық гормондар (эстрогендер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реттейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын құрылым - сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.

Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу және сүттену процестерін реттейді.

Пролактин (ПРЛ) - сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен тұздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептерлер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасында ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын реттейді.

Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады[17] .

Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе меланофорлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реггейді. Кейбір деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецепциялық торшалары - таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.

Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан - питуициттерден, құралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейросекреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жиналған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин - паравентикулярлық ядроларында түзіледі.

Вазопрессин зәрдің түзілуін азайтады - антидиурездік әсер етеді, бүйрек түтікшелерінде алғашқы зәр құрамындағы судың қайта сорылуын күшейтеді, калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан кысымын жоғарылатады[18] .

Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Бұл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шәуеттік жолдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, овуляцияны қамтамасыз етеді.

Әр түрлі тосын, қолайсыз факторлардың әсерімен (инфекция, улану, қансырау, тоңазу т. с. с. ) организм әрекеттері өзгеріп, ол шамадан тыс ширығады, булыгу (стресс) күйіне ұшырайды. Стресс деген терминді канада ғалымы Ганс Селье ұсынған.

Күшті тосын әсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларының тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге қатысы жоқ басқа да жалпылама реакциялар тудырады. Осымен байланысты организм өз қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үшін жұмылдырады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрессорлар деп атайды. Стрессорлардың әсер күші үйреншікті деңгейден жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да әрекетке қосады[19-20] .

Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың, АКТГ, СТГ, глюкагонның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар қанның үйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, жүрек жұмысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті артады. Сондықтан стресс жағдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға тән белгілер жиынтығы) деп атайды.

Огрессор өсерімен алдымен рефлекс ретінде адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамуске әсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді. Кортиколиберин аденогапофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.

Стресс үш сатыда өршиді.

Дабыл сатысы - АКТГ мен глюкокортикоидтар секрециясы-
ның күшеюімен сипатталады.

Төзімділік сатысы - зат алмасу процесі қарқыиының күшеюімен
байланысты организмнің қорғанысгық қабілетінің жоғарылауьшен, оның
өр түрлі қолайсыз осерлерге төзімділігінің артуымен сипатгалады.

Қажу сатысы - стрессор әсері тым күшті болып, ұзаққа созыл-
са, глюкокортикоидтардың бөлінуі тиылып, зат алмасу процесінің
қарқыны басылады да, организмнің қолайсыз өсерге қарсыласу қабілеті
төмендейді, ауру дендейді.

Эпифиз немесе пинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған[21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сусамыр - қант диабеті ауруы таңқаларлық ауру
Қант диабеті және оның типтері
Қант диабетінің бұзылусының себептері
Қант диабетінің жіктемесі
Қант диабетінің алиментарлық профилактикасы
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі
Бүгінгінің дерті – бүйрек
Генетикалық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz