Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы


Жамбыл облысы
Қордай ауданы
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин шығармалары бүгінгі жасөспірім ұрпақ тәрбиесінде»
Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық.
Секция: қазақ әдебиеті.
Орындаған: 10 «а» сынып оқушысы Таласбаева Кунсулу
Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті
пәні мұғалімі Ерназаров Нурлыбек
2021 жыл
Түйіндеме
Оқушының аты-жөні: Таласбаева Күнсұлу.
Туған жылы, айы, күні: 04. 07. 2005 ж.
Мектебі: №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі, Қордай ауданы.
Сыныбы: 10 «а» сынып.
Мекен жайы: Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Аннотация
Бұл зерттеу жұмысында Таласбаева Күнсұлу, 10-сынып білім алушысы қазақ даласының алғашқы ағартушы ғалымы, жазушы, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин шығармаларының бүгінгі жастарға берер тәрбиесі жөнінде сөз қозғайды. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кіші және жоғарғы буын сынып оқушылары арасында Ыбырай шығармалырының танымалдығы мен жастардың сол шығармадан алар тәрбиесі жөнінде сауалнама жүргізіп, жас буынның мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымына жазушының ықпалы туралы мәліметтер жинақтаған.
Зерттеу жұмысы барлық талаптарға сай жүргізілген. Ізденуші аса жауапкершілікпен өз міндетін атқара білген.
Жоғары санатты қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Абенова Айзат Ақылбековна
Мазмұны
Кіріспе
- Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
Негізгі бөлім
1. Ыбырай өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
2. Жазушының ұсақ әңгімелерінің бүгінгі өмірмен байланысы.
- Ақынның экология тақырыбындағы шығармаларының бүгінгі күнгі өзектілігі.
Қорытынды .
Қолданылған әдебиеттер
... жалғасыЫбырай Алтынсарин шығармалары бүгінгі жасөспірім ұрпақ тәрбиесінде
Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетіне тән көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретемін», - деді. Алтынсариннің барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында өзі айтқан осы идея баяндалып отырады. Ғалым атамыздың шығармалары бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде де ерекше орын алады. Біз, ХХІ ғасыр жастары қаламгер туындыларын қалай түсініп жүрміз, қандай әсер аламыз деген мақсатта өз зерттеу жұмысымды жүргіздім. Зерттеу нысаным: «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының өскелең ұрпақ тәрбиесіне әсері».
Зерттеу жұмысымды Ыбырай Алтынсариннің экология тақырыбындағы өлеңдерін, ғылым-білімнің пайдасы туралы өлеңдерін саралаудан, еңбек, отбасы тәрбиесі жайындағы әңгімелерін жинақтаудан бастадым. Соның ішінде «Өнер-білім бар жұрттар», «Өзен», «Жаз», ана туралы өлеңін, «Дүние қалай етсең табылады?», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерін таңдадым.
Жобалық жұмысты 5, 6 және жоғарғы буынды сыныптар арасында өткіземін деп шештім. Осы орайда, біріншіден, оқушылар арасында «Ыбырай Алтынсарин кім? Оның қандай өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер?» деген сауалнама жүргіздім. Оқушылар жауабын талдай келе, барлық дерлік буын оқушылар Ыбырай Алтынсариннің ақын, жазушы екенін білетіндігін және оның «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңін жатқа білетіндігін анықтадым.
Ақын шығармашылығының бір саласы оқу-ғылымға арналған. «Өнер - білім бар жұрттар» деген өлеңін 5-сынып оқушыларына оқып бердім. Өлеңді оқығанна соң, «өлеңде ақын не туралы айтады?» деген сұрақты қойып көрдім. Бұл сұраққа бүлдіршіндердің жауабы келесідей болды:
«Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды», -
деген жолдарда ақын теледидар, телефонды айтқан деп жауап қайырды.
«Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны
Күн жарымда барғызды», -
деген жолдарда ақын поезд, ұшақ пен автомашинаны айтқан деп жауап қайырды. Және де оқушылардан «Өздерің осындай техникаларға қызығасыңдар ма, өздерің сондай техникаларды ойлап тапқыларың келе ме?» деген сұраққа олар өздерінің де осындай техникаларды меңгергісі келетінін айтуда. Бұл өлеңнен адамды таң - тамаша ететін, кісі қызығарлық, соған құштарлығыңды арттыра түсетін техникалық эстетика көрініс тауып отырғандай. Осындай техникалық білім алу дәрежесіне оқу және үздіксіз оқу арқылы ғана жетуге болатынын бүлдіршіндер түсінеді деп ойлаймын.
Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың рөліне ерекше маңыз беріп, оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген.
«Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегін
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан. »
Бала тәрбиелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Сыныптас оқушылар арасында «осы өлең жолдарын оқығаннан соң, қандай ой түйдіңдер?» дегенде: «баланы өсіріп, тәрбиелеуде Ананың еңбегі зор», «Ана - қамқоршы жан», «Ананы құрметтеу керек» деген ойлар айтылды. «Ал өздерің анаға құрмет көрсете аласыңдар ма? Осы өлеңнен соң ойларың өзгерді ме?» деген сұраққа ақын өлеңінен соң, өз аналарына деген сүйіспеншілік махаббатары арта түскенін, кей-кейде еркелікпен ренжітіп алған қателіктерін еске түсіріп, міндетті түрде кешірім сұрайтындақтарын айтты. Жоғары буын оқушыларына «Бүгінгі жастардың ата-анаға құрметі қандай дәрежеде?» деген сұрақ қойылды. Оқушылар қазіргі кезеңде ата-анаға құрмет жастар бойында жоғары деңгейде емес деп ой бөлісті. Ата-анасына жас балалардың ренжіп үйден кетіп қалуы, егде жастағы ата-анасын қарттар үйіне тапсыруы сияқты келеңсіз оқиғалар қоғамда кездесетінін айтысты. «Ыбырай өлеңдері арқылы жастар бойында құрмет сезімін оятуға бола ма?» деген сұраққа барлығы да болатындғын, әрі оқыту қажеттігін айтысты. «Осы өлеңді жазған автордың өзіне қандай баға бересіңдер?» деген сұраққа олар «автордың өзі ата-анасын сыйлай білген, олардың еңбегін ақтай білген үлгілі тұлға» деген жауап қайтарды. Демек, автор идеясындағы ата-анаға құрмет сезімдерін арттыру мақсатын оқушылар жеңіл меңгеріп алған тәрізді. Осындай өлеңді оқып өскен балалардың бойында ата-анаға деген құрмет сезімі ерте оянады деген ой түйдім.
Ыбырай Алтынсариннің «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері - өлкетану, айналадағы табиғат құбылысына құрметпен зер салуға бағытталған тәрбиелік орны бар, баланы әр алуан іске баулитын әсерлі шығарма» дейді әдебиеттенаушы Серік Қирабаев.
«Көл бұзылып, көк шығып, қойнын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна», -
деген шумақтар табиғат әлемінің әр алуан сұлу да көркем көріністерін көз алдыңа келтіріп, көңіліңе эстетикалық әсер қалдыру арқылы өмір танытады. Табиғаттың осындай мінсіз сұлулығын адам ғана түсіне алады. Шығармашылық шабыттың қайнар көзі де теңдесі жоқ осы бір сұлулықтан, оның ерекше эстетикалық әсерінен табылмақ. «Өзен» деген өлеңінде:
«Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған», -
деп, Ыбырай Алтынсарин өзенді оның сұлу көріністері үшін ғана тектен -
тек суреттеп отырған жоқ. Әсемдік сезімі көкірегіне ұялаған, жақсылыққа жаны құмар, эстетикалық талғамы жетілген, әрбір адам табиғатты осылай қызықтайды. Сөз өнерінің құдіретімен тірілген табиғат көрінісі туралы оқи отырып, біз, жас өскелең ұрпақ туған жердің табиғатын сүюге, аялауға үйренеміз. Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңінен алған әсерлеріңізді суретпен жеткізіңіздер деп сұрағанда, 6-сынып оқушылары әсем табиғат көрінісін, ағып жатқан өзен суретін салды. «Осы өзенді қалай әсем де таза сақтауға болады?» деген сұраққа оқушылар суға қоқыс тастамау, оны ластамау, өзен жағасындағы ағаштарды шаппау керек деген ойларды айта алды. Жоғары сынып оқушылары арасында бұл өлеңді оқи келе, бүгінгі жаһандық мәселелермен байланыстырып көрдік. Әлемдегі су тапшылығы, Арал теңізінің құрғауы сияқты экологиялық мәселер төңірегінде ой қозғап, су - тіршілік көзін әрбір өзенді тазалаудан басталатынын ұғынатындығын түсіндім. Мұнда біз балалардың ойына, қиялына әсер еткен ақын шеберлігін танимыз. Осы өлеңді оқығаннан соң, балалардың бойында табиғатты аялау, оны таза ұстау деген сияқты ізгі қасиеттер қалыптасуда деп ойлаймын.
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz