Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)



1.Экожүйелердің жіктелуі
2.Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
3.Экожүйелердің динамикасы мен дамуы

Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)
1. Экожүйелердің жіктелуі
2. Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
3. Экожүйелердің динамикасы мен дамуы

Синэкология (бірлестіктер экологиясы) -әр түрге жататын өсімдіктер,
жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының, олардың қалыптасу
жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.
Экожүйе дегеніміз –зат, энегия және ақпараттар алмасу нәтижесінде
біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар
мен қоршаған орта жағдайланың жиынтығы.
Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша
ерекшеленеді.
Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энегия көзі, мөлшері
және сапасына негізделген.
Экожүйелердің құрылымдық жіктелуі өсімдіктер типіне және ландшафтың
негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің
табиғи белгілері, ал су экожүйелері –геологиялық және физикалық белгілері
бойынша ерекшеленеді.
Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі
экожүйелерге бөледі:
1. құрлық экожүйелері –тундра, тайга, орманды дала, шөлейт, шөл,
тропиктер, тау;
2. тұщы су –ағынсыз су (көл,тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ)
батпақты ормандар экожүйелері;
3. теңіз экожүйелері –теңіздер мен ашық мұхит

Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама
Тундра Тундраның негізгі белгісі орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі
астық тұқымдастардан, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті
бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей.
Негізінен жауын құрттары кездеседі, әр түрлі қос қанаттылар
өсімдіктер қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында тіршілік
етеді.
Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушцлер қоректенеді. Барлық
тышқандар жыл бойы қысқа арнап індеріне қорек қорын жинайды. Тундрада қыста
ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын суырлар мен саршұнақтар
кездеседі. Бір інде 20-30-ы жиналып қыстайды. Евразия мен Солтүстік Америка
тундраларында карибу деп атлатын солтүстік бұғысы кең таралған.
Таулы тундраларда қар койы немесе жуан мүйізді қой кездеседі.
Құстардан тундра шағаласы, тундра аққуы, казаркалар, үкі, лашын т.б.
кездеседі.
Тундра зонасының жартасты жағалауларында –құс базары құрылған. Сол
сияқты гренляндия тюлені, морждар кездеседі.
Тайга. Қылқанжапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі. Үздіксіз
белдеу түрінде Евразия, Солтүстік Америка арқылы өтеді. Евразиядағы
қылқанжапырақты ормандардың енінің максимумы Енисей мен Лена өзендерінің
арлығында болса, Солтүстік Америкада Тынық мұхиты жағалауларында.
Қылқан жапырақты ағаштардың түрлері –шырша, арша, қарағай, самырсын.
Солтүстік Америкада. Евразияда тайга негізінен Ресей территориясында
таралған. Одан тыс тек Скандинавия түбегінде ғана бар. Қара қылқан
жапырақты ормандардың негізгі орман түзушілері европа шыршасы, сібір
шыршасы және сібір қарағайы болып табылады. Солтүстік Америкада евразиялық
ормандарға қарағанда түрлік құрамы бай, негізінен Тынық мұхит бөлігінде
шоғырланған. Ең көп таралғаны Бэнкс қарағайы, Веймут қарағайы. Бүкіл зонады
туя, тсуга самырсынның басымдылығы байқалады, ал оңтүстігіне қарай
Энгельман шыршасы, секвойя кездеседі. Секвой әлемдегі ең биік ағаштардың
бірініе жатады. Биіктігі 112 м. және 500 жылға дейін өседі.
Жануарлар дүниесі бұлан, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор қоян,
түлкі, еліек т.б. бар. Тайга құстарға бай, онда құр, саңырау құр, тоқылдақ,
үкі т.б. тіршілік етеді.
Бауырмен жорғалаушылардан кәдімгі қара жылан, кесірке кездеседі.
Дала. Қоңыжай белдеулердің даласы бірнеше жалпы белгілермен сипатталады.
Олардың сипаты ылғалдырақ аудандардан құрғақ аудандарға қарай өзгереді.
Дала зонасын солтүстікке қарай орманды дала зонасы алып жатыр.
Дала өсімдіктерінің тіршілік формаларының жинағы солтүстіктен
оңтүстікке қарай өзгереді. Олардың арасында мыналар ерекше орын алады:
1. астық тұқымдас және өлең, боз, селеу, бетеге өсімдіктері;
2. арпабас, жабайы сұлы;
3. далаларға қаңбақ түзетін әр түрлі өсімдіктер тән -әрем, қаңбақ
4. эфемерлер (біржылдық) және эфемероидтар (көпжылдық) шөптесін
өсімдіктер
5. жаздық және күздік біржылдық өсімдіктер;
6. жартылай бұталар (жебіршөп, астрагал)
7. дала бұталары (дала шиесі, дала баданасы, бадам)
Дала экожүйесіне Қазақстан территориясының 20% жатады. (ұзындығы
2200 км, ені 40-140 км-ге дейін).
Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қара топырақтан қызыл қоңыр
және сұр топыраққа дейін өзгереді.
Солтүстік Америкада матриктің ортасында өте үлкен территорияны алып
жатқан далалар –прериялар Альберта, Саскачеван.
Оңтүстік жарты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Бірлестік экологиясы–синэкология
Бірлестіктер экологиясы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экология ғылымы - дүниеге көзқарас
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Дара организмдер экологиясы
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Пәндер