Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі
Павлодар облысы, Май ауданының білім беру бөлімі
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп ММ

Рухани жаңғыру Қалмаққырылған керуені

Секциясы: туризм
Жетекші: Устаева А.С.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4 бет

1. Қазақстандық туризмнің даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7 бет

2. Әлеуметтік - экономикалық ресурстар- өңірдің туристік маршруттары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-12 бет

3. Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 бет

4. Қалмаққырылған керуені этноауылының бизнес жоспары ... ... ... ...13 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16 бет

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 бет

Тезис

Туризм - бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу. Қазақстан - көптеген тарихи және мәдени, географиялық ескерткіштері бар, тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет, ал бұл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі десе болады. Осыған орай, тарихи-мәдени мұраны мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру екендігі бәрімізге айқын. Сонымен бірге, бүгінгі таңда мәдени туризм - туризмнің ең танымал және жаппай түрлерінің бірі болып есептеледі.

Ең біріншіден, этноауыл - қарапайым һәм ерекше жоба. Қит еткеннің мақтауын келістіріп, мадақ жыр жазатындардың қатарынан емеспін. Сонымен әлгінде қарапайым әрі өзгеше жоба деп қалдық емес пе? Соған бірнеше факт келтіріп, нақты жауап беріп көрейік.
Зерттеу сұрағы Аймақтық тарихи мәдени туризм - ауыл келбеті
Мақсаты: туризм және оның қалыптасу тарихымен танысу. Аймақтың туристік ресурстарын анықтау, ұлттық туризмнің салыстырмалы сипатын беру және еліміз үшін бәсекеге қабілетті ұлттық туризм индустриясын құру, қазіргі экономикалық дағдарыстағы туризм индустриясының келбеті мен аймақтық туризм туралы мәліметтер жинақтау.
Міндеттері:
- туризм туралы материалдармен танысу;
- Май ауданның туристік ресурстарын анықтау;
- бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру бағдарламаларымен танысу ;
- еліміздің дамуындағы туризмнің перспективалық бағытын анықтау;
Менің жобамның ерекшелігі
Шығында аз қажете етеді (Кендірлі курот аймағының жанынан салынады, құрлыс, шикізат өнімдері жергілікті жерден алынады)
Халықты жұмыспен қамтиды
Қазақстанда жаңа туризімді дамытыу этно-эко туризім.
Аймақтың құрлыс және малшаруашылығы дамиды.
Нәтижесінде: Қазақстанның туризмін дамыту арқылы - ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға, Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем етіп, мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады. Туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылады.
Туризмнің еліміз экономикасының дамуындағы рөлін анықтап, қазіргі экономикалық дағдарыстағы туризм индустриясының келбетін
зерттеп, ұлттық туризм жобасын ұсыну.
Зерттеудің көкейкестілігі
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқарар рөлі ерекше. Табиғат - ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады. Мен осыны басшылыққа ала отырып тағылым алар бастама негізі - ұлттық туризм екенін дәлелдегім келеді.
Қорғауға ұсынылатын қағида:
Май ауданы өңірі аймағында тарихи- өлкетану туризмін дамытуға ықпал ететін бағыттардың мүмкіншіліктері.
Тақырыптың зерттелу деңгейін ашатын болсақ, Май ауданындағы туризм және туристік маршруттар жайында арнайы ғылыми, әдеби және тағы да басқа еңбектер жоқ. Алайда, өңірдің тарихы туралы ұлт зиялыларының көптеген еңбектерінен, мерзімді баспасөз беттерінен мол мағлұмат алынды. Сонымен қатар, осы зерттеу жұмысын жазу барысында аудандық

Кіріспе
Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүние жүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжауға болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі жән есалт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздіңкөркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.
Қазақстан - Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне тарихы мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнитологиялық, балалар, аңшылық тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, ежелгі көне қалалар саяхат пен туризм көздері. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласы тамырының тым тереңде жатқанын байқаймыз. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикасы мықты дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін туризмді дамытуды баса айтқаны белгілі. Осыған байланысты туризмнің иммиджін қалыптастыру, білікті туристік мамандарды әзірлеу жас ұрпаққа терең біліммен бірге, өз атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқаратын ролі ерекше. [1.,28]
Табиғат - Ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады. Біз осыны басшылыққа ала отырып, қазақ жерін мекен етіп отырған жұрттың ұл - қызын аяулы табиғатымен жиі табыстыруды мақсат етіп отырмыз. Олар табиғаттың әсемдігіне көз жеткізе отырып, оны аялауды үйренеді, экологияны бүлдірмеуге тырысады.
Нәтижесінде экономиканың шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады, әрі республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлары мен мүмкіндіктері жасалады. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.[6.,21]

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстандық туризмнің даму бағыттары
Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Елбасы бекіткен бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін заманауи тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, сондай-ақ тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Айтулы мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылады.
бірінші кезең 2007-2009 жылдарды
екінші кезең 2010-2011 жылдарды қамтиды.
Қазақстан - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыра бастаған Ұлы Жібек Жолын дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекет. Аталған бағдарлама туризм саласын дамытуды көздейді. Ұлы Жібек Жолының бойындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан мен Отырар аудандары туристер қатарын арттыратын болады. Бұған қоса өңірдегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін де қосыңыз. Ал, Қапшағай су қоймысының жағалауына демалыс орнын салу туралы бас жоспардың жобасы 2005 жылы жасалған. Соған сәйкес, Қапшағай қаласының оң жақ беткейіне жалпы аумағы 11000 гектар жерге Жаңа Іле атты туристік орталық салынады. Құрылысы биыл басталған орталық 2012 жылға дейін салынып бітуге тиіс.[2.,99]
Туризм дегеніміз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы.
Халықаралық туризмнің функцияларына бірнеше мәселе кіреді, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді.

Туризм аспектілері
- туризм дегеніміз демаластың бір түрі. Ол адамдардың куш-қуаты мен еңбек ету қабілетінің қайта қалпына келуіне, ендеше үлкен категориялар тұрғысынан қоғамның психофизиологиялық ресурстарының (байлық көздерінің) орнына келуіне көмектеседі;
- туризм адамдардың бос уақыттарын ұтымды пайдалануына себеп болады;
- туризм еңбекпен қамту мен жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру мәселелерінде үлкен роль атқарады;
- туризм адамдар ойлап тапқан іс-қарекеттердің ішіндегі қоршаған ортаға ең бір залалсызы;
- туризм мемлекеттер мен халықтарды жақындастырады;
- туризм аймақаралық әлеуметтік қатынастарды;
- туризм экономикалық қатынастарды байытып жандандырады.

Аймақтағы туристік ресурстар

Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік - мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді Аймағымыздағы мәдени-танымдық экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни т.б.туризм түрлерін дамытуға болады. Оған жатқызылатын туристік нысандар - емдік қасиеті бар Кемертұз көлі, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы тізіміне енген Абылай жайлауы (Май ауданы), Бәкі Басарұлының зираты (Май ауданы, Кеңтүбек ауылы), Тастағы суреттер, Қалмаққырылған таулары Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік- экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады Археологиялық - тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. 2001 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Ж.О. бастаған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ертеортағасырлық қалашықтың орны анықталды. Онымен бірге ежелгі өркениет мәдениетінің ерекше туындысы-Қалабалғасұн мұнарасының қалдықтары табылды. Осы жердің кезінде қимақтардың астанасы болғандығы туралы Ж.О. Артықбаев, А.Ж. Ерманов, Ә. Жәнісовтың Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде [ 8,3-15 б.б.] деген еңбегінде көптеген дәлелдер келтірілген. ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. орыс елшілері, ғалымдары Ертіске ескі Подпуск қаласына қарсы бір көне құрылыстың болғандығынан хабар береді. Айтылып отырған нәрсе аты аңызға айналған, бірақ әлі күнге ешкімге сырын ашпағын, жұмбақ мұнара Қалабасун. Ескеретін мәселе 1654 жылдары осы маңнан өткен Ф. Байков деген елші бұл жерді урочище Калбасун деп атапты.
Кемертұз көлінің маңында ІХ-ХІІІ ғ. қыпшақ- кимақтар коныстанған. Оған заттай деректер дәлел. тасқа қашалған суреттер
Кимақтар темір қорытудан нағыз мамандары садақтың жебесін жасаудың хас шеберлері болған. Оған дәлел-олардың зираттарынан түрлі жебелердің табылуы.

Туризм және оның түрлері
Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы. Туризм дегеніміз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. Халықаралық туризмнің функцияларына бірнеше мәселе кіреді, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде туризмді әр түрлі жіктеуге болады. Ал біз оны туризмге деген сұранысқа орай жіктейміз.
1. Емдік туризм. Бұл туризмнің өзі атына сай емдік мақсатта ұйымдастырылады. Табиғаттың емдік, шипалы қасиеттерін адам бойына сіңіріп, дертіне дауа табады.
2. Рекреациялық туризм. Адамның басты сұранысын, яғни ағзасының физикалық және рухани күш қуат алуан қамтамасыз ету.
3. Спорттық туризм. Адамдардың спорттық ойындардың түрлерімен шұғылдануына, белсенді спортты, салауатты өмір салтын жүзеге асыруға арналған.
4. Іскерлік жұмыстың барысындағы туризм.
5. Конгрессті туризм.
6. Культтік туризм әр түрлі дін өкілдерінің бас қосуы мақсатында ұйымдастырылады.
7. Танымдық туризм. Ғылымның әр түрлі саласын меңгеруге арналған.
8. Транзиттік туризм. Бір ел территориясынан екінші ел территориясына өту арқылы жүзеге асады.
9. Экологиялық туризм. Бұл туризмнің ең жас, әрі жаңа түрі деп есептеледі.
Мұнда көшпелілердің тұрмысына үңіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көбірек білуге және ұлттық тағамдардың дәмді тағамдарын көруге болады.
Қалмаққырылған тарихы әлі ашылмаған арал секілді

Өзге өңірлер тұрмақ, біздің облыстың өзінде бұл атауды жиі ести бермейсіз. Қалмаққырылған жаққа барғандардың қатары да сирек. Өткен жаугершілік заман жайлы тарихи зерттеу жазып жүрген мүмкін бірді-екілі ғалым бар болар. Тіпті қазіргі Рухани жаңғыру бағдарламасына орай жергілікті әкімдіктердің, рухани салаға жауап беретін қызметкерлері де онда әлі аяқ баса қойған жоқ. Әрине, Баянауыл осы өлкенің маңдайға басар мақтанышы екенін білеміз. Жыл сайын мұнда келіп-кетіп жататын қонақтар да, туристер де жеткілікті. Ал, біз нағыз тарихи туризмге сұранып тұрған Ақшимандағы Қалмаққырылған тауына жұрт назарын аудару қажет .
Ақшиман ауылына таяу Қалмақ - қы - рылғанға жету оңай емес. Май ауданының орталығы Көктөбеден мінген көлігің таусылып бітпейтін ұзақ жолға алып шығады. Сар даланың қай жерінен Қал - мақ - қырылған тауы көрінер екен деп көзің де әбден шаршайды. Содан шаршап, көзің ілініп кетеді. Селк етіп оянғанда, алдыңнан қалың қатпарлы тастардан соғылған, өркешті үшкір тас - ты қарасұр құз-жартастар қоршап, дөңгелене ор - наласқан биік таулар қарсы алады. Сонау 1756 жылы Олжабай батыр ат ойнатқан Баянауыл мен Ертіс өзе - ні аралығындағы қазақ-жоңғар шай - қасына куә болған Серектас таулары деген осы. Жауды жапырған жеңістен соң тау Қалмаққырылған деп аталғаны белгілі. Тастары тарихи шежірелерге тұнып тұр. Көліктен түсесің. Тағзым етіп, бас иесің. Осы біздің Май ауданы, Ақшиман ауылы маңындағы осы таудан басқа, Қалмаққырылған атауы әйгілі Ұлытау жерінде, Ақтөбе облысының Темір ауданында кездеседі. Басқа да өлкелерде болуы мүмкін.
Ақшимандағы біз көрген Қал - мақ - қырылған тауларының ерекшелігі - дөңгелене орналасқан. Қалмақтың қа - лың қолы осы сол дөңгелене орналасқан таулардың ортасында қа - лып қойған деседі. Әрі қарай үңіл - сек: Қалмаққырылған атауының шығуын енді біреулер Олжабай батыр бастаған қазақ қолының қалмақтарды ойсырата жеңуімен байланыстырады. XVIII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар (қалмақтар) Баянауыл жерін Ертіс өзені жағынан басып алмақ болады. Олжабай батыр бастаған қазақ қолы Баянауылдың таулы аймағынан басталған шайқаста Ақшиман жеріндегі (Баянауылдан 95 шақырым) тауда аяқталған. Осы тауда Олжабай батырдың қолы жоңғарларды қоршап алып, түгелдей жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда және транзит
Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Туристік кластердің дамуын қолдау
Пәндер