Қатты тұрмыстық қалдықтар



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
1 ҚАЛДЫҚТАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ
САҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.1 Қалдықтар туралы түсінік және олардың классификациясы ... ..8
1.2 Қалдықтарды тасымалдау және уақытша сақтау 16
... ... ... ... ... ...
1.3 Нысандарды (қалдықтарды сақтау орындарын)
жасақтауға,орналастыруға және қолдануға арналған талаптар 21
... ...
1.4 Қалдықтарды жинау 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.5 Кәсіпорын (ұйым) аймағында жинақталатын қатты тұрмыстық
қалдықтардың шектеулі мөлшерін анықтаудың болдамдық әдісі... 26
1.5.1 Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтауға және жинауға
арналған арнайы контейнерлердің мөлшерін есептеу ... ... 27
1.6 Қалдықтарды уақытша жинауға және сақтауға арналған орындар
мен конструкцияларға арналған қойылатын талаптар ... .. 28
1.6.1 Жекелеген территориялардағы қалдықтарды жинау мен
сақтаудың ерекшеліктері 29
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
2 ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ
ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА САРАПТАМА ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
2.1 Атырау қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару 31
саласындағы жағдайға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
2.2 Атырау облысының аудандарындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды
басқару саласындағы жүйелерге сипаттама ... ... ... ... 51
2.2.1 Жылыой ауданы 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2.2.2 Индер ауданы 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.2.3 Исатай ауданы 63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.2.4 Құрманғазы ауданы 66
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
2.2.5 Қызылқоға ауданы 69
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
2.2.6 Махамбет ауданы 71
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
2.2.7 Мақат ауданы 72
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
3 БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... .. 72
3.1 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен
механизмдері 73
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
3.2 Екінші реттік шикізатты алу және залалсыздандыратын
қалдықтарды азайту мақсатында ТҚҚ бөліп жинауды енгізу 75
... ... ..
3.3 ТҚҚ басқару мәселелері туралы халықты ақпараттандыру
мақсатында, ақпараттық-үгіт насихаттау көмегімен қамтамасыз
етіп, Атырау облысының барлық қалалары мен аудандарында жаңа
ТҚҚ басқару жүйесін енгізу 75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
3.4 ТҚҚ қалыптасу көзінен қалдықтарды бөлек жинау бойынша
сынамалы жобаны іске асыру 75
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
3.5 Облыстың ірі елдімекендерінде ТҚҚ алдын-ала сұрыптап және
қалған калдықтарды қалалық полигонға тасымалдауды іске асыру 76
3.6 Қайталама шикізаттарды (пайдаланылатын тоқыма, макулатура,
шыны) қабылдайтын арнайы стационарлық және жылжымалы қабылдау
орталықтарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... 80
3.7 ТҚҚ жинау, тасымалдау, есепке алу және бақылау үдерісін
жақсарту бойынша қосымша 80
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.8 Экологиялық және санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды,
сонымен бірге көму үшін пайдаланылған жерлерді кейіннен қалыпқа
келітіруді ескере отырып ТҚҚ полигонын және ауылдық
күл-қоқыстарды пайдалану 80
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.9 Жаңа полигонды іске қосу 80
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
3.10 Ескі полигон территориясы жерін қалыпқа келтіру 81
... ... ... ... ..
3.11 Аудандарда ТҚҚ айналымы жүйесін оңтайландыру 81
... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ 84
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 86
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

Нормативті нұсқаулар

Магистрлік диссертацияны орындау үшін қолданылған мәліметтер:
реестерлер, анықтамалар, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау
нормалық-құқықтық құжаттамалары, Атырау облыстық статистика департаментінің
мәліметтері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасыл экономика
тұжырымдамасы негізінде бекітілген қаулысы және халықаралық танымал
институттар мен ұйымдарының жарық көрген ғылыми еңбектері мен зерттеулері
пайдаланылды.

Қысқартылған сөздер мен олардың түсініктемелері

ТҚҚ – тұрмыстық қатты қалдықтар
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
МЖМТС – Мемлкеттік жалпыға міндетті талап
стандарты
ОХТ – оттегіні химиялық тұтыну
ОБТ – оттегі биологиялық тұтыну
ШМК – шектеулі мүмкіндік концентрациясына
РМК – Республикалық Мемлекеттік кәсіпорын
АМӨЗ – Атырау мұнай өңдеу зауыты
ТЭН – техникалық – экономикалық негіздеме
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі
Қазіргі таңда еліміздің экономикалық өсу қарқыны – көшбасшылық
ұстанымда. Сонымен қатар еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев жақын он
жылдықта әлем бойынша бәсекелестікке қабілетті елу мемлекеттің қатарына
кіруге мақсат қойып отыр. Бұл уақыт аралығында көптеген өзара тығыз
байланыстағы мәселелерді шешуге тура келеді, солардың ішінде маңыздылардың
бірі экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілі мәселе – қалдықтарды
басқару. Жоғары дамыған ел дегеніміз – ол біріншіден қалдықтарға тиісті
көңіл бөлетін, жоғары технологиялы және мәдениеті жоғары ел.
Қалдықтардың жылдан-жылға көбеюі – қазіргі нарықтық заманда тауар
өндірушілердің маркетинг талабы, тұтыну тауарларының бір реттік
пайдаланылуы, әр-түрлі өлшемдерде дайындалуы, жаңартылған үлгілердің ескіні
аз уақытта орын алмастыруы, жарнама ретінде, санитарлық норманы сақтауда,
сыртқы туындайтын жағдайлардан қорғау мақсатында көптеген материалдарды
пайдалану себебінен деп білемін. Соңында пайдаланылған материалдар граммнан
мыңдаған, миллиондаған тоннаға дейін жетуде. Тұрмыстық қатты қалдықтардың
өсу қарқынын төмендету –көп жылдар бойына әлем елдері үшін шешімі
табылмаған мәселе және экологиялық ахуал. Дамыған елдер үнемі, қалдықтарды
басқару саласына көп көңіл бөліп, қалдықтарды қайта өңдеу саласын
жетілдірумен келеді.
Қазақстан Республикасы бойынша жылдық қалдықтардың жиналуы 5-6 млн.
тоннаны құраса, жиналған қалдықтар 100 млн. тоннаға жуық екен, бұны текше
метрмен көтеріп жинаса бес қабатты үйдің жиырма үш мың сегіз жүзін (23800)
көруге болады, бұл дегеніміз мемлекетіміздің халқы сыйатын үйдің көлемі.
Зерттеудің мақсаты
Атырау обылысы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесіне
талдама жасап, сонымен қатар бірнеше өзара байланыстағы кешенді шараларды
жүзеге асыруға ұсыныс жасау, ТҚҚ басқару жүйесін қайта ұйымдастырып,
экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізу.
Зерттелу нысаны
Атырау қаласынан Солтүстік Батысқа қарай Атырау – Орал тас жолы бойында
қаладан 5 км қашықтықта орналасқан, 1979 жылдан бері қолданылып келетін
және IV және V санаттағы қауіпті қалдықтарды сақтайтын полигоны және
қалдықтарды тасымалдап шығаратын және өңдейтін арнайы мамандандырылған
Арнайыавтобаза РМК, Вест Дала ЖШС және Adem ecology ЖШС компаниялары.
Зерттеу міндеттері
Тұрмыстық қатты қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға
талдау жасау;
Әлемдік тәжірибедегі қалдық өңдеу әдістерімен танысу және
олардыэкологиялық тиімділігі жағынанталдау;
Тұрмыстық қалдықтар проблемасын шешу мақсатындағы мемлекет тарапынан
жасалып жатқан бағдарламалар мен жобаларға талдау жасау;
Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды
ұсыну.
Зерттеу жұмысының әдістемелері
Атырау қалалық тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату
және орналастырумен айналысатынАрнайыавтобаза РМК, Вест Дала ЖШС және
Adem ecology ЖШС компанияларының және Атырау статистика басқармасы
мәліметтері.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Экология оқулықтарына, ғаламтор-қорларына, тұрмыстық қалдықтар
проблемасына байланысты мемлекеттік, облыстық бағдарламаларға талдау жасау;
Екінші реттік шикізатты алу және залалсыздандыратын қалдықтарды азайту
мақсатында ТҚҚ бөліп жинауды енгізу
Зерттеудің алынатын нәтижелер мен оның ғылыми жаңашылдығы
Тұрмыстық қатты қалдықтарды араласқан күйінде полигондарда жинап,
сақтау, көму әдісінің қоршаған ортаға тигізер зияндары анықталды.
Полигонның айналасы мен қала ішінде ретсіз жатқан қалдықтардың қоршаған
ортаға зияндары бірдей екені тұжырымдалды.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы:
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу (кәдеге жарату) және жоюдың әр
түрлі жолдары туралы материалдар жинақталып, жүйеленді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
ТҚҚ басқару мәселелері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында,
ақпараттық-үгіт насихаттау көмегімен қамтамасыз етіп, Атырау облысының
барлық қалалары мен аудандарында жаңа ТҚҚ басқару жүйесін енгізу.ТҚҚ
қалыптасу көзінен қалдықтарды бөлек жинау бойынша сынамалы жобаны іске
асыру.
Зерттеу бойынша жарияланған жұмыстар
Диссертациялық жұмыстың материалдары халықаралық және аймақтық
конференцияларда баяндалып талқыланды:
1. М.С.Есенаманова, Ж.С.Есенаманова, Г.С.Дүйсенғалиева Требования к
размещению, устройству и содержанию объектов складирования твердых
бытовых отходов XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
FUNDAMENTAL AND APPLIED SCIENCE-2015. (Шеффилд, 30 қазан – 7 қараша
2015). 55-58 беттер.
2. М.С.Есенаманова, Г.С.Дүйсенғалиева Қалдықтармен күрес – макулатураға
екінші өмір беру Ғылыми журнал Халел Досмухамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің Хабаршысы, №4 (39) 2015, 131-133 беттер.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 85 бетте
жазылған, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, 14 пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен, 33 кесте және 32 суреттен тұрады.

1. ҚАЛДЫҚТАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ

Қазіргі замандағы шешімін табу керек маңызды мәселелердің бірі – ол
қоршаған ортаны қорғау болып тұр. Ғылыми-техниканың қарқынды дамуы
соншалықты - көліктен, энергетикалық жүйелерден, өндіріс орындарынан шыққан
шығарындылар, әсіресе ірі өнеркәсіп орналасқан аймақтар атмосферасы, су
көздері, топырақтың ластануы шектік санитарлы нормадан бірнеше есе жоғары.
Соңғы он жылда әлем елдерінің жүргізген экологиялық зерттемелері
бойынша –антропогендік факторлардың әсері қоршаған табиғи орта күйін
күйзеліске ұшыратқандығын көрсетіп отыр. Әр-түрлі экологиялық ахуалдар
қатарында ең қауіптісі еш нәрсемен алмастырылмайтын табиғат ресурстарын,
яғни – таза ауа, тұзщы су және топырақ қабатын (шикізат қорларының
таусылуы, таза тұзщы су тапшылығы, климаттық катастрофалар мүмкіндігі)
көлік газдарымен өндіріс қалдықтарының ластап жатқандығы.
Қоршаған ортаны қорғау – кешенді мәселе және ол ғаламдық сипатта болып
келеді. Адамзаттың әрі қарай дамуы үшін– әлеуметтік, экологиялық,
техникалық, экономикалық, құқықтық жағдайлар және халықаралық мәселер
аспектілеріндебелгілі бір өндіріс мәселесі ғана емес, сонымен қатар
өңірлермен, елдер, жалпы бүкіл әлем ауқымында кешенді мәселелерді
қарастырып, есепке алмау мүмкін емес.
Қоршаған ортаның тозуын тудыратынөнеркәсіптік қатты, сұйық және
газтектес қалдықтары қоршаған ортаны ластап және жалғастыруы,соңғы уақытта
шешімін таппаған әлеуметтік және экономикалық мәні басым экологиялық өткір
мәселелер [1].

1. Қалдықтар туралы түсінік және олардың классификациясы

Табиғи ресурстарды игеру және өңдеу үдерісіндегі қалдықтар жалпы
өнеркәсіп ықпал еткен белгілі бір табиғи ортаға, немесе сонымен бірге
биосфералық сипатта жағымсыз әсер ете алады. Өнеркәсіп және тұтыну
қалдықтары қоршаған ортаны ғаламдық ауқымда антропогендік ластаукөздері
және бұл тұтынушылық қатынас пен ресурстарды төменгі коэффициентте үнемді
пайдалануды жүргізбесе нәтижесі шарасыздық туғызады.
Қалдықтар дегеніміз – күнделікті адам шаруашылығында, яғни тағам
дайындауда, үй-жайды тазалауда, жөндеу жұмыстары жүргізілгенде, сонымен
қатар көлікте, өнеркәсіпте қалыптасқан, өз орнымен қолданылмаған, яғни іс
жүзінде шаруашылықта немесе ықтималды басқа да салаларда оларды өңдеу
жолдарымен шикізат ретінде шынайы пайдалануға болатын заттар. Өнеркәсіп
қалдықтары болып өнімді дайындау үдерісінде қалыптасқан жартылай
фабрикаттар және толықтай немесе жартылай өзінің жарамды физикалық
құрылымын жоғалтқан шикізат, материалдар қалдықтары.
Тұтынылған қалдықтарды әрі қарай қолдану – тікелей олардың нысаналы
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып келеді. Тұрмыстық қалдықтардың
көлемі мен құрамы (сурет 1.1) өте алуан түрлі болып келеді және олар тек
елді мекендерге байланысты емес, сонымен бірге жыл мезгілі және басқа да
көптеген факторлар себеп. Тұрмыстық қалдықтардың көлемі 1.1 кестеде
келтірілген. Қағаз бен қатырма қағаз ТҚҚ басым бөлігін құрайды (40%).
Екінші ірі санаты бойынша – органикалық деп аталатындар, яғни оның ішінде
тамақ қалдықтары бар; ал металл, шыны және пластмасса қалдықтары жалпы
қалдықтың 7-9% құрайды. Ағаш, тоқыма, резиналар шамамен 4% келеді және т.б.

1.1-Сурет. Тұрмыстық қалдықтардың көлемі мен құрамы

Қалдық жағдайына өткен материалдар және бұйымдар, заттар тізімі [2]:
1 тізім. Табиғат пайдаланушының аумағындағы ішкі қабылдау, сақтау,
шикізатты, өнімдерді, материалдарды тасымалдау.
1. Тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан шикізаттар, материалдар, дәрі-
дәрмектер, реагенттер, катализаторлар, сорбенттер, дайын өнімдер және
т.б.
2. Вагондардан, контейнерлерден, поддондардан және т.б. қалған қалдықтар.

3. Орауыш және қалып: шыныдан, ағаштан және басқалар (таза немесе
салынған зат қалдықтарымен).
4. Дренаждан шыққан, кездейсоқ төгіліп, құйылып, шашылып ластанған
топырақ.
2 тізім. Материалдар мен шікізатты өңдеу:
1. Тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан шикізаттар, материалдар, дәрі-
дәрмектер, реагенттер, катализаторлар, сорбенттер, дайын өнімдер және
т.б.
2. Өнеркәсіптің қолданысына кірмеген жанама және жартылай өнімдер.
3. Ақаулы, кондицияға сәйкес емес өнімдер.
4. Материалдарды механикалық, технологиялық, термиялық, электрохимиялық
үдеріспен өңдегендегі қалдықтар жәненемесе тұнбалар.
5. Өңделген сұйық жылу тасығыштар, судан басқасы.
6. Дренаждан шыққан, кездейсоқ төгіліп, құйылып, шашылып ластанған
топырақ.
7. Орауыш және қалып: қағаздан, қатырма қағаздан, полиэтиленді және
басқалары (таза немесе салынған зат қалдықтарымен).
3 тізім. Ағынды материалдарды тазалау.
1. Катализаторлар және сорбенттер.
2. Сүзгіш материалдар, оның ішінде мембраналар.
3. Құрғақ немесе ылғал тұнбаларшөгінділер, оның ішінде ақаба суларды
өңдегендегі шламдар, сужайландыру шламдары, өңдегеннен артылып
жиналған лай балшық.
4. Конденсаттар – газды тазалау конденсация үдерісіндегі өнімдер.
5. Шаңдар – ұсақ бөлшектерден тұратын және шаңаулағыш қондырғыларда
жиналған құрғақ немесе ылғал қалдықтар.
6. Сүзгіш және жұтқыш массалар (белсенді көмір, белсенді жер және т.б.)
4 тізім. Қызмет көрсету және техникалық жабдықтарды жөндеу:
1. Жабдықтардың негізгі бөлшектері, корпустары, құбырөткізгіштері,
жаңқалары, электрод тұқылдары және т.б. (қара металлдар).
2. Пештердің жеке бөліктері, жабдықтардың негізгі бөлшектері,
құбырөткізгіштер, төсеме материалдар және т.б. (түсті материалдар).
3. Отқа төзімді материалдар:
• отқа төзімді саз кірпіш
• торкретбетон
• тағы басқалары
4. Жылуұстағыш материалдары:
• шлактымақта
• минералдымақта
• жылуұстағыш тоқымалар (оның ішінде шыныталшықтар)
• асбестті материалдар
• тағы басқалар
5. Электроқшаулау және тығыздаушы материалдар:
• фторопласт;
• паронит;
• тағы басқалар
6. Ағаш жаңқалары, үгінділері, кесінділері және т.б.
7. Кепкен лактар, бояулар, желімдер.
8. Пайдаланылған майлау майлары: мұнайдан және синтетикалық.
9. Салқындатқыш эмульсиялар: майлы және сулы.
10. Технологиялық жабдықтардың қабырғасында жиналған қалдықтар.
11. Тегістеуіш, жылтыратқыш дөңгелектер және басқа абразивті материалдар.
12. Есептен шығарылған станоктар, құралдар, жабдықтар (қара металлдар).
13. Конвейерлік таспалар, белбеулер жетегі.
14. Ластанған шүберекті материалдар.
15. Еріткіштер және олардың қоспалары (қоспалары бар; қоспалары жоқ).
16. Ластанған жер.
5 тізім. Электржабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету.
1. Істен шыққан трансформаторлар және электр қозғалтқыштар, өткізгіштер,
айырғыштар және т.б. (қара металлдар).
2. Трансформатор, электр қозғалтқыштары және кабель орамалары,
акумуляторлар, реактивтер және т.б. (түсті металлдар).
3. Жартылай өткізгіш түрлендіргіштер (сирек кездесетін металлдар).
4. Өткізгіш және т.б. құрылғылар (бағалы металлдар).
5. Оқшаулау материалдары:
• Текстолиттер
• эбонит;
• бакелит;
• винилит;
• карболит;
• керамика;
• полимерлер;
• битум, май, канифоль массаларымен сіңірілген қағаз;
• минералды мақта, сонымен бірге шынылы мақта;
• шынылы талшық;
• слюдо құрамдас;
• тағы басқалар.
6. Трансформатор майы.
7. Электр белбеу жетегі.
8. Ластанған шүберекті материалдар.
6 тізім. Инженерлік құрылғылар компоненттерін мен агрегаттарды жөндеу
және қызмет көрсету.
1. Есептен шығарылған істен шыққан құрылғылар бөлшектері, датчиктер және
т.б. (қара металлдар).
2. Екінші реттік құрылғылар, пневматикалық түтікшелер (медь, бронза және
басқа түсті металлдар).
3. Тығыздаушы материалдар:
асбестқұрамдас материалдары, сонымен бірге паронит;
фторопласт;
т.б.
4. Пневматикалық құбырлар, релелік корпустар және басқа екінші реттік
құрылғылар материалдары (полиэтилен, полистриол және т.б.
5. Ластанған шүберекті материалдар.
7 тізім. Ғимаратты жөндеу және құрылыс қызметі.
1. Металлды конструкциялар (қара металл).
2. Шатыр материалдары (рубериод, толь, темір, қатты полимерлер).
3. Цемент, бетон.
4. Темірбетонды конструкциялар (қара металлдар, бетон).
5. Кірпіш.
6. Плитка, изоляторлар, сантехника, черепица және т.б. (фарфор және
керамика).
7. Жол жабындысының сынықтары.
8. Известь, қайнатқаннан кейінгі шламдар.
9. Пайдаланылған және кондициясыз түсқағаздар.
10. Паркет, ағаш үгіндісі, кесіндісі, ДВП, ДСП және т.б.
11. Кепкен лактар, бояулар, желімдер.
12. Заманауи құрылыс материалдары, линолеум және т.б. (полимерлер және
пластмассалар).
13. Жылу өткізбейтін материалдары:
• керамзит;
• шлаки;
• минералды мақта;
• шлакты мақта; т.б.
14. Асбестқұрамдас материалдар:
• шифер;
• асбоцемент, сонымен бірге асбоцементті шаң; т.б.
15. Орауыш және қалып: металлды, ағаштан, шыныдан, қағаздан, полимерден,
пластмассадан (таза немесе салынған зат қалдықтарымен).
16. Ғимараттарды бұзу, бөлшектеу немесе жаңғыртудан шыққан материалдар.
17. Кепкен, қатқан шайыр және сылау материалдары.
18. Құрылыс щебені.
19. Ерітінділер және олардың қоспалары (қоспа құрамдас; қоспа қосылмаған).

8 тізім. Автокөлікті пайдалану және жөндеу:
1. Көліктің құрал бөлшектері және корпусы (қара металл).
2. Қышқылды акумуляторлар (қорғасын).
3. Акумуляторлық күкірт қышқылы.
4. Сілтілік акумулятор (никель, кадмий).
5. Акумуляторлық сілті.
6. Көлік шинасы, автокамералар және басқада техникалық резеңке бұйымдары.
7. Жағар май материалдарының қалдықтары.
8. Көлік құралдарын жуғаннан қалған шламдар.
9. Кеуіп, қатқан лактар, бояулар, желімдер.
10. Ерітінділер және олардың қоспалары (қоспа құрамдас; қоспа қосылмаған).

11. Көлік құралдарының бөлшектік материалдары және құрылғылар корпусы
(пластмассалар және полимерлері).
12. Орауыш және қалып: шыныдан, металлдан, ағаштан, полиэтиленнен,
пластмассадан (таза немесе салынған зат қалдықтарымен).
13. Тегістеуіш, жылтыратқыш дөңгелектер және басқа абразивті материалдар.
14. Құралдар (қара металл).
15. Ластанған шүберекті материалдар.
16. Ластанған жер.
9 тізім. Аналитикалық зертхана қызметі.
1. Үлгілер қалдықтары.
2. Пайдаланылған реактив қалдықтары.
3. Пайдалану мерзімі біткен реактивтер, дәрі-дәрмектер, катализаторлар,
сорбенттер және т.б.
4. Термопарлар, кішкене кеселер және т.б, (платинді)
5. Орауыш және қалып: шыныдан, металлдан, полиэтиленнен және т.б. (таза
немесе салынған зат қалдықтарымен).
6. Газ баллондары.
7. Есептен шығарылған құрылғылар, жабдықтар, құралдар (қара және түсті
металлдар, пластмасса).
8. Асбестқұрамдас материалдар:
• беттік және тоқымалы асбест;
• асбошнур;
• асбесті ұнтақ;
• паронитті төсемелер; т.б.
9. Пайдаланылған ластанған материал.
10 тізім. Емдеу қызметі:
1. Пайдаланылған орама материалдар.
2. Қолданылуға жарамсыз дәрі-дәрмек.
3. Орауыш және қалып: қағаздан, шыныдан, полиэтиленнен, пластмассадан
т.б. (таза немесе зат салынған қалдықтарымен).
4. Есептен шығарылған құрылғы, жабдықтар және құралдар.
5. Залалсыздандыру құралдары.
11 тізім. Шаруашылық қызметі:
1. Ластанған арнайы киім (сонымен бірге бас киім және аяқ киім) және
қолданылған материал.
2. Қатты тұрмыстық қалдықтар.
3. Қазылған шұңқырлардағы сұйық тұрмыстық қалдықтар.
4. Макулатура.
5. Өсімдік қалдықтары.
12 тізім. Ғимаратты пайдалану:
1. Есептен шығарылған жиһаз, кесінділер, кесектер және т.б. ағаш
материалдары.
2. Люминисцентті шамдар (ртуть).
3. Тұрмыстық қатты қалдықтар.
13 тізім. Химиялық тазалау және кір жуу:
1. Кондициясыз реагенттер және ерітінділер.
2. Конденциясыз синтетикалық кір жуу құралдары.
3. Кір жуу және химиялық тазалаудан қалған қалдықтар.
4. Орауыш және қалып: қатырма қағаз, металлдан, полиэтиленнен (таза
немесе салынған зат қалдықтарымен).
14 тізімі. Қоғамдық тамақтану:
1. Жарамсыз болған тамақтану тағамдары.
2. Орауыш және қалып: қағаздан, шыныдан, металлдан, ағаштан,
полиэтиленнен, пластмассадан (таза немесе салынған зат қалдықтарымен).
3. Жабдықтар және инвентарь (қара және түсті металлдар).
4. Тамақ қалдықтары.
5. Тағам дайындауда қалған қалдықтар.
15 тізім. Өрт сөндіру қалдықтары:
1. Газқағар, өрт сөндіру.
2. Сорбенттер, катализаторлар және реагенттер.
3. Қолданбалы құралдар, сатылар, аспаптар (қара металлдар).
4. Өртке қарсы материалдар және олардың қалдықтары, сонымен бірге арнай
киімдер.
5. Өрт сөндіруден қалған ұнтақтар.
Өнеркәсіп қалдықтарының құрамы көбіне химиялық біртекті емес болып
келеді, олар әртүрлі улы, химиялы-физикалық, химиялық, биологиялық,
коррозиялы, өрт және жарылғыштық қасиетке ие күрделі жартылай компонентті
заттар [3]. Қалдықтардың химиялық табиғаты, технологиялық жиналу белгісі
және әрі қарай өңдеп, қолдануға болатындығы жөнінде классификация жасалған
[4]. Қалдықтарды қауіптілігіне байланысты төрт класқа бөледі (1.1 - 1.3
кестелер), бұған олардың өңдеу және көму шығындары тәуелді [5].
Қалдықтардың қауіптілік класын анықтау мақсаты, қалдықтарды
тасымалдағанда, залалсыздандырғанда, орналастырғанда қауіпсіз әдісті
қолдану үшін.
Өнеркәсіптің қызметтік үдерісінде қауіпті қалдықтар түзілетін болса,
онда Өнеркәсіп қалдықтары және тұтыну жөнінде [6] (14 бет) заңы негізінде
шыққан қалдықтарды белгілі бір қауіптілік класына енгізіп, дәлелдеуге
міндетті.

1. – Кесте. Агрегатты күйі бойынша қалдықтар классификациясы.

Қалдықтардың агрегатты күйі атауы Код
Қатты 1
Қатты фаза + сұйық фаза 2
Сұйық 3
Газ тәрізді жәненемесе шаң тәрізді 4

2. – Кесте. Қалдықтардың сыртықы түрі бойынша қалдықтар
классификациясы

Қалдықтың сыртқы түрінің сипаттамасы код
Конструкторлар, бұйымдар (мысалы: трансформатор корпусы және 01
т.б.)
Ақаулы, сынған 02
Тас кесек, кесектер (мысалы: тау жыныстары және т.б.) 03
Ұзындығына қарай (мысалы: тақтай, кесінділер, құбырлар және т.б.)04
Жіп, талшықтар (мысалы: сым темір, асбесті талшықтар және т.б.) 05
Түйіршіктер, дәндер 06
Жаңқалар 07
Үгінділер 08
Құм 09
Шаң 10
Қатты бетшелер (мысалы: металлдық немесе қатырма қағазды және 11
т.б.)
Жұмсақ бетшелер (мысалы: қағаздар, маталар, жаймалар және т.б.) 12
Жабысқақ 21
Жабысқақ емес 22
Қоймалжың емес 23
Смола тәрізді 24
Паста тәрізді 25
Шлам тәрізді 26
Эмульсия 27
Суспензия 28
Тағы басқалар 99

3. – Кесте. Қалдықтар қауіптілігінің класы

МЖМТС 12.1.007-76 бойынша Қауіптілік класының сипаттамасы код
қалдықтар қауіптілігінің
класс атауы
Жоғары – 1 класты қауіпті Сынабы бар және оның қоспасымен, 1
сонымен бірге сулем (HgCl2),
хромқышқылы және цианисты калий, сурьма
қосылыстары, SbCl3 – үшхлорлы сурьма,
бенз-а-пирен және т.б., диоксидті
қалдықтар.
Қауіпті – 2 класты қауіпті Хлорлы мыс, сульфатты мыс, 2
щавелевоқышқылды мыс, үшоксидті сурьма,
қорғасын қосылыстары бар қалдықтар.
Орташа қауіпті – 3 класты Қорғасын оксиді (PbO, PbO2, Pb3O4), 3
қауіпті хлорлы никель, төртхлорлы көміртегі
қосылыстары бар қалдықтар.
Төменгі қауіпті – 4 класты Сульфатты магний, фосфатты мырыш 4
қауіпті қосылыстары бар қалдықтар, аминдерді
қолдану арқылы флотационды әдіспен
пайдалы қазбаларды байытудағы
қалдықтары
Іс жүзінде зиянды емес – 5 Басқада заттарды тұратын қалдықтар. 5
класты қауіпті

Қауіптілік класы барлық түзілген қалдық түріне тағайындалады.
Қалдықтарды белгі бір класқа енгізу критериін, мына құжат бойынша
жүзеге асыруға болады: Қауіпті қалдықтарды қоршаған табиғи ортаға қауіпті
класс деп қарау критерилерін бекіту туралы [7].

1.2 Қалдықтарды тасымалдау және уақытша сақтау

Тұтыну және өндіріс қалдықтарын тасымалдау және уақытша сақтау
негізінен өндірістік кәсіпорынның даму жобасымен анықталады немесе
қалдықтарды басқару туралы жеке жобамен айқындалады.
Тұтынудың және өндіріс қалдықтарын уақытша сақтау мынадай жағдайларда
рұқсат етіледі:
- Өндірістік негізгі қалдықтардың пайда болатын (шығарылатын) өндірістік
аймақта;
- Екінші реттік шикізаттың жинақталу және қабылдау бекеттерінде;
- Токсинді қалдықтарды өңдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы
кәсіпорындардың аймағында және ғимараттарында;
- Ашық, осы салаға (қалдықтарды басқаруға) арнайы жабдықталған алаңдарда.
Өндірістік аймақтардағы қалдықтарды уақытша сақтау негізінен мынаған
бағытталады:
- Әртүрлі қалдықтарды сараптауға және жеке-жеке жинауға;
- Қалдықтарды залалсыздандыруға (нейтрализациялауға), бөлшекті немесе
толықтай өңдеу және қосымша арнайы қондырғыларда жоюға
(утилизациялауға) секілді технологиялық үрдістерге жіберу мақсатында
қалдықтарды қолдану.
Қалдықтардың технологиялық және физико–химиялық сипаттарына қарай
оларды былайша уақытша сақтауға жол беріледі:
- Өндірістік немесе қосымша ғимараттарда;
- Стационарлы емес қоймалық сақтау орындарында (үрмелі және ілмелі
конструкциялар астында);
- Жинақтауыштарда, қазандарда, резервуарларда және т.б. арнайы
жабдықталған жерастылық және жербетілік ыдыстарда;
- Вагондарда, цистерналарда, шағын вагондарда, платформаларда және өзге
де жылжымалы құралдарда;
- Қалдықтарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған ашық қондырғыларда
және алаңдарда.
Тез ұшқыш және төгілгіш қалдықтарды ашық күйде сақтауға жол берілмейді.
І және ІІ санатты қауіптілікті қалдықтарды уақытша сақтауға арналған
жабық қоймаларда арнайы кеңістіктік изоляция (оқшаулау) қарастырылуы қажет
және де санатына байланысты әртүрлі қалдықтар жекелеген бөлек-бөлек
бөліктерде арнайы тақтайлардың үстінде немесе бетонды қатты бетте сақталуы
қажет.
Өндірістік қалдықтардың жинақталуы немесе уақытша сақталуы өндірістік
аймақ территориясында цехтық принцип бойынша немесе орталықтанған жүйе
арқылы жүзеге асады.
Қалдықтарды жинау және сақтау ережелері қалдықтардың қауіптілік
санатына қарай анықталады, және қалдық сақталатын ыдыстың беріктігі мен
агрегаттық күйін ескере отырып, қаптау тәсіліне байланысты анықталады, бұл
туралы ақпараттар техникалық регламентте анық көрсетілуі тиіс (кәсіпорынның
паспорты, жоба, қолдану туралы нұсқамалар).
Осы орайда І санатқа жататын қатты өндірістік қалдықтарды сақтау тек
қана арнайы жабдықталған герметикалық тұрғыдан жабық ыдыстарда
(контейнерлер, бөшкелер, цестерналар) ғана рұқсат етіледі; ІІ санаттағы
қалдықтарды – жақсылап жабылатын ыдыстар мен қаптарда сақтауға болады
(полиэтиленді қаптар, пластикалық пакеттер және т.б.); ІІІ санаттағы
қалдықтарды қағаз қаптарда, мақталы – қағазды қаптарда, матадан жасалған
қаптарда сақтауға болады; ІV санаттағы қауіптілігі төмен қалдықтарды бір
орынға үйіп, тау-тау етіп немесе жайып сақтауға болады.
Егер де қалдықтарды стационарлы емес қоймаларда, ыдыссыз немесе
қаптамасыз күйде (жайма немесе тау-тау) немесе герметикалық емес ыдыстарда
сақтайтын болсақ төмендегі жағдайлар сақталуы қажет:
- Уақытша сақтау алаңдары мен қалдықтарды сақтауға арналған ашық
алаңдар тұрғын үйлерге жағымсыз иіс келмейтіндей етіп желдің
бағытына қарай орналастыру қажет;
- Қалдықтарды ашық күйде сақтауға арналған алаңдардың немесе ашық
қабылдау – жинақтау алаңдары атмосфералық жауын-шашын әсерінен және
желден қорғалуы қажет (брезентпен қалдықтың бетін жабу,
қалдықтардың жоғарғы бөлігін жауын-шашыннан, желден қорғайтындай
етіп төбемен жабдықтау және т.б.);
- Қалдықтарды сақтауға арналған алаңның төменгі беттік бөлігі қолдан
жасақталған су өткізбейтін және химиялық тұрғыдан оқшауланған
арнайы беттік жабынмен жабдықталуы қажет (асфальт, керамзитобетон,
полимербетон, керамикалық тақтайша және т.б.);
- Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаң жан-жағынан периметр
бойынша арнайы шұңқырлармен жабдықталуы қажет және ағынды сулар
келіп құйылатындай етіп жасақталған автономды тазалау
қондырғылармен жабдықталуы шарт. Бұл жүйелердің желілік тазалау
жүйелеріне қосылуы тек қана техникалық шаралар сәйкес келген
жағдайда ғана жүзеге асады;
- Ластанған, немесе улы заттармен араласқан жауын-шашынды, ағынды
сулардың осы алаңнан шығып ешқандай тазалаусыз жалпы қалалық кәріз
жүйесіне қосылуы немесе жақын арадағы су қоймаларына ағызылуына
қатаң түрде тиым салынады [8].
Ұсақ дисперсті қалдықтарды өндірістік алаңдарда ашық күйде уақытша
сақтау барысында міндетті түрде шаң басу құрылғылары қолданылуы қажет, олай
болмаған жағдайда қалдықтарды сақтауға жол берілмейді.
Қалдықтарды табиғи немесе антропогендік (адам қолымен жасалған) рельеф
төмендеулерінде (ой-шұңқырлар, карьерлер және т.б.) сақтау – тек қана
арнайы алдын-ала жерді дайындаған жағдайда және де жоба алды дайындаудың
негізінде ғана жүзеге асады.
Қауіптілік деңгейі төмен қалдықтар (ІV санатты) кәсіпорынның негізгі
аймағында, сондай-ақ оның сыртында арнайы әзірленген шұңқырлар мен сақтау
орындарында сақталуына рұқсат етіледі.
Егер қалдықтардың құрамында әртүрлі санаттағы қалдықтар болатын болса,
онда олардың құрамындағы неғұрлым қауіпті заттардың (І – ІІ санатты
қауіптілікті) мөлшері мен шектеулі деңгейі анықтала отырып рұқсат етілген
жағдайда ғана осы қалдықтарды бір мезгілде сақталуына жол беріледі.
Кәсіпорын аймағында бір мезгілде сақтауға болатын қалдықтардың шектеулі
мөлшері әр кәсіпорын үшін нақты жағдайға байланысты анықталады –
материалдар балансы негізінде, қалдықтардың макро және микро құрамына
байланысты инвентаризация нәтижесіне байланысты, атмосфералық ауаға
таралатын қалдықтардың токсинді және компоненттерінің меграция деңгейіне,
қалдықтардың физико – химиялық құрамына, соның ішінде агрегаттық күйіне
тікелей байланысты болады.
Өндірістік аймақ территориясында өндіріс қалдықтарының шектеулі
жинақталу критериі ретінде осы аталмыш қалдыққа тән құрамындағы
спецификалық зиянды заттардың ауадағы мөлшері 2 м деңгейіне дейін, яғни
жұмыс аймағы ауа құрамындағы ШМК (шектеулі мүмкіндік концентрациясы) 30% -
дан жоғары болмауы қажет.
Қалдықтарды ашық сақтау барысындағы қалдықтардың шектеулі мөлшері
бекітілген тәртіп негізіндегі қалдықтардың жинақталу массасының мөлшеріне
байланысты анықталады.
Өндірістік аймақтарда қалдықтардың жинақталуының шектеулі мөлшері
бекітілмеген:
- І санатты қауіптіліктегі қатты, концентрленген сұйық және паста
тәріздес қалдықтар толықтай герметикалық тұрғыдан жабық ыдысқа салынып
бөгде адамдар кіруіне тиым салынатын арнайы қоймалық ғимараттарда
сақталады;
- ІІ және ІІІ қауіптілік санатындағы қатты, ұшқыш және түйіршіктелген
қалдықтар сәйкесінше металдан жасалған, пластиктен жасалған, ағаштан
және қағаздан жасалған ыдыстарда сақталады.
Жоғарыда келтірілген қалдықтарды уақытша сақтау (сурет 1.2) өндіріс
территориясы аймағында химиялық заттарға арналған жалпы қауіпсіздік
ережелерін сақтай отырып жүзеге асады: өрт және жарылу қауіптілігінің алдын-
алу, қауіпті екінші реттік байланыстардың ашық және жартылай ашық жағдайда
сақталуы салдарынан болатын қауіптіліктің алдын-алу.

1.2 – Сурет. Қалдықтарды уақытша сақтау

Кәсіпорын территориясынан жинақталған қалдықтардың шығарылу жиілігі
негізінен өндірістік қалдықтардың жинақталу лимитімен қадағаланады, олар
негізінен өдірістік кәсіпорынның даму жобасы құрамында немесе қалдықтарды
басқару жобасында көрсетіледі.
Егер өндіріс территориясы аймағында бір мезгілде сақталуға рұқсат
етілген қалдықтар жинақталу лимиті бұзылған болса немесе адамның өмір сүру
ортасының гигиеналық талаптары сақталмаған жағдайда (атмосфералық ауа,
топырақ, жерасты сулары ластанған болса) мұндай жағдайда қалдықтарды
территориядан тез арада шығару қажет.
Кәсіпорын территориясы аймағында өндірістік қалдықтарды тасымалдау
өндірістік кәсіпорындар ғимараттары мен территориясына қойылатын санитарлы
– эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі қажет. Қалдықтарды жабық
ғимараттар ішінде тасымалдау барысында гидро және пневможүйелерді,
автокарларды қолдану қажет.
Төгілмелі қалдықтарды тасымалдау барысында негізінен құбыр желілі
транспорттарды қолданған абзал, ең бірінші кезекте пневмовакуумдар
қолданылады (сурет 1.3). Қалдықтардың қалған түрлері үшін ленталық
транспортерлер, тігінен немесе көлденеңінен жөнелтілетін механизмдер, зауыт
ішіндегі автокөліктер, сонымен қатар теміржолмен жүретін транспорттар
қолданылады. Кәсіпорын территориясынан тыс жердегі өндірістік қалдықтарды
тасымалдау мақсатында транспорттың барлық түрлері қолданылады – құбыр
желілік, канатты, автокөліктік, теміржолдық, су транспорты және әуе
транспорты.

1.3 - Сурет. ТҚҚ шығару

Өндірістік қалдықтарды кәсіпорынның негізгі бөлігінен қосымша бөлігіне
және де уақытша сақтау полегондарына тасымалдап жеткізу арнайы жабдықталған
транспорттар арқылы немесе осы салада қызмет ететін арнайы транспорттық
фирмалар арқылы жүзеге асады [9].
Арнайы жабдықталған қалдықтарды тасымалдауға арналған транспорт
конструкциясы және қолданыс жағдайы болуы мүмкін апатты жағдайлардың алдын-
ала отырып, қалдықтарды тасымалдау барысында қоршаған ортаның және оның
компоненттерінің ластануына жол берілмеуі қажет. Қалдықтарды жинау, тиеу,
тасымалдау және түсіруге бағытталған барлық жұмыстар тізбегі негізгі және
қосымша жұмыс орындарында максимальді түрде механизацияланған және
мүмкіндігінше герметизацияланған (оқшауланған) болуы қажет.

1.3 Нысандарды (қалдықтарды сақтау орындарын) жасақтауға, орналастыруға
және қолдануға арналған талаптар

Қалдықтарды орналастыруға арналған нысандар мен учаскелерді таңдау
территорияның функционалдық аймағына байланысты және қала құрылыс
архитектуралық шешімдеріне тікелей байланысты болады.
Қалдықтарды сақтауға арналған нысандар негізінен тұрғын аймақтардан тыс
жерде санитарлы – эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерге сай және де
осы нормативтер қамтамасыз етілген аймақтарда орналастырылады.
Нысандарды (қалдықтарды) уақытша сақтау мына жағдайларда рұқсат
етімейді:
- І, ІІ және ІІІ су көздерін сақтау санитарлы қорғау белдеулерінде және
минералды көздер орналасқан территорияларда;
- Демалыс орындарының санитарлы қорғауының барлық белдеулерінде;
- Қала сыртындағы көпшілік халық жиналып және демалатын аймақта, сонымен
қатар емдеу–сауықтыру мекемелерінің территориясында;
- Рекреационды аймақтарда;
- Су тасымалдаушы және су шығатын жер беті қабаттары шоғырланған
жерлерде;
- Ашық су көздерін қорғауға арналған бекітілген су қорғау аймақтарының
шекараларында.
Тұтыну және өндіріс қалдықтарын уақытша сақтауға және жинауға арналған
нысандар негізінен қалдықтарды санитарлы – эпидемиологиялық қауіпсіздікті
сақтай отырып тұрғындарға зиян келмейтіндей жағдайда ұзақ уақытқа
қолданылуға арналған, тіпті олар жабылғаннан кейін де адамдарға және
қоршаған ортаға зияны тимейтіндей талаптар мен нормалар сақталуы шарт.
Қалдықтарды орналастыруға арналған учаскені таңдау алдын-ала жобалау
жұмыстарында көрсетілген мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Токсинді қалдықтарды орналастыруға арналған полигонға арналған учаскіге
қойылатын талаптар – жерасты сулары 20 м тереңдіктен төмен деңгейде болуы
қажет және де төменгі сүзу қабаттарының коэффициенті 10 (-6 смсек) аспауы
қажет; Сонымен қатар ауыл-шаруашылық техникалық дақылдарын өсіруге арналған
жерлерден (азық-түлік ретінде пайдалынатын өнімдерден басқа) кемінде 2 метр
қашықтықта болуы шарт.
Полигондарды батпақты немесе су шаятын орындарға орналастыруға рұқсат
етілмейді.
Қалдықтарды сақтауға арналған учаскенің көлемі – қалдықтардың
қауіптілік деңгейіне, қалдықтардың түріне және жинақталу көлеміне, қайта
өңдеу технологиясына байланысты анықталады, мұндай полегондардың қолданылу
ұзақтығы шамамен алғанда 20–25 жылды құрайды және аталмыш қалдықтарды қайта
кәдеге жарату, яғни екінші реттік қолдану мүмкіншілігі қарастырылады.
Қалдықтарды орналастыруға арналған нысандардың функционалдық аймақтары
нысанның қолданылу мақсатына және қалдықтарды орналастыру мүмкіншілігіне,
қалдықтарды қайта өңдеу дәрежесіне байланысты және кем дегенде екі аймақтан
құралуы қажет (әкімшілік – шаруашылық және өндірістік аймақтар).
Бұл нысандардың территориясында автономды жылыту қазандықтарын
орналастыруға, қалдықтарды жағуға арналған арнайы қондырғыларды
орналастыруға, көліктерді жууға арналған арнайы орындар салуға, көліктік
және машиналық механизмдерді залалсыздандыруға және бумен тазалауға
арналған қондырғыларды қондыруға рұқсат етіледі.
Полигон территориясы аумағында қалдықтарды орналастырудың бірнеше
тәсілдері бар: террассалармен, қатар-қатар оналастыру, шұңқырларда
орналастыру, цистермалармен орналастыру, жинақтаушы ыдыстарда орналастыру,
арнайы карталарда орналастыру, платформалармен орналастыру және т.б.
қалдықтарды орналастыру түрлері қарастырылады.
Арнайы полигондарда қалдықтарды сақтау және көму барысында қалдықтардың
қауіптілік деңгейі, агрегаттық жағдайы, суда ерігіштігі, заттар мен оның
компоненттерінің қауіптілік дәрежесі ескеріле отырып жүзеге асады.
І-ші санаттағы қауіптілікті, құрамында суда ерігіш заттары бар
қалдықтарды көму барысында арнайы шұңқырларда контейнерлі қорапшаға
салынған күйде, болаттан жасалған балондарға құйылып толтыруға дейін және
толтырудан кейін екі рет герметикалық тұтастығына тексерілгеннен кейін ғана
бетонды қорапшаға орналастырады. Қалдықтармен толтырылған шұңқырлар беті
топырақ қабатымен жабылады да оның бетінен су өткізбейтін арнайы жабынмен
қапталады.
І санаттағы қауіптілік деңгейі бар аз еитін заттарды көму барысында
шұңқырлардың түбі мен қабырғалары қосымша гидроизоляциялық қаптау
шараларымен қамтамасыз етілуі қажет, осы орайда сүзілу коэффициенті 10 (-8
смсек) аспауы қажет [10].
ІІ және ІІІ қауіптілік санатындағы қатты паста тәріздес құрамында
ерігіш заттары бар қалдықтарды көму барысында шұңқырлардың түбі мен
қабырғалары гидроизоляцияланған болуы шарт.
Құрамында ІІ және ІІІ қауіптілік сантындағы заттары бар суда ерімейтін
қатты және шаң тәріздес қалдықтарды көму барысында сүзілу коэффициенті 10 (-
6смсек) аспайтын тығыздалған топырақтар қолданылады.
ІV қауіптілік санатындағы қатты қалдықтар бірнеше қабаттан тұратын
тығыздалған арнайы карталарда жинақталады. Бұл аталған қалдықтар санитарлы
– эпидемиологиялық сараптама қорытындысынан кейін оқшаулаушы материал
ретінде қолданылса болады.
ІІІ және ІV санаттағы өндіріс және тұтыну қалдықтарын қатты тұрмыстық
қалдықтармен бірге сақтауға болады бірақ мына ережелерді сақтай отырып –
бұл қалдықтардың қатты тұрмыстық қалдықтар массасының арақатынасы 30%
аспауы қажет, осы заттардың кешенді әсері оттегін тұтыну дәрежесіне
байланысты (20ОБТ(оттегі биологиялық тұтыну) және ХПКОХТ (оттегіні
химиялық тұтыну)) 4000-5000 мгл аспауы қажет, және де бұл қатты тұрмыстық
қалдықтардың фильтратына сәйкес келеді.
Сондай-ақ қалдықтарды сақтау полигондарына мөлшеріне қарамастан
оқшаулаушы материал ретінде ІV санатты қауіптілікті қалдықтар қабылданады,
олаға қойылатын талаптар – біртекті құрылымды болуы және фракцияларының
өлшемі 250 мм төмен болуы, фильтрат деңгейіндегі оттегіні биохимиялық
тұтыну деңгейі (ОБТ20) 100-500 мгл деңгейінде, ОХТ (оттегіні химиялық
тұтыну) – 300 мгл аспауы қажет.
Қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге сақталуына жол берілетін өндірістік
қалдықтар төмендегідей технологиялық талаптарға сай болуы қажет – жарылыс
және өртену қауіптілігі болмауы қажет, өздігінен жарылғыш болмауы қажет
және ылғалдылық деңгейі 85% аспауы қажет.
Қатты тұмыстық қалдықтарды сақтауға арналған полигондарда орналастыруға
рұқсат етілген өндірістік қалдықтардың түрлері 1 – Қосымшада келтірілген.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына уақытша сақтауға
(орналастыруға) рұқсат етілетін қатты және өндірістік токсинді шлам
тәріздес қалдықтардың негізгі түрлері 2 – Қосымшада келтірілген.
Қалдықтарды сақтауға арналған нысандар (полигондар) орталықтандырылған
сумен қамтамасыз ету жүйесімен және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілуі
керек, сонымен қатар шаруашылық – ауызсу мақсатындағы суларды санитарлы –
эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес тасымалданып әкелуге жол беріледі.
Реттік ағындарды тазалау мақсатында және дренажды суларды тазалау
мақсатында желілік тазалау қондырғылары қарастырылады.
Реттік ағындарды алмастыру және бұру мақсатында полигонның қалдықтады
жинау алаңдарында биіктікті желі жүйесі және жауын-шашындық ағындар кәріз
жүйесі қарастырылады, ал фильтратты яғни сүзілген ағындарды бұру мақсатында
– дренаждық жүйе қолданылады.
Қалдықтарды сақтау полигонының жобасында – қалдықтарды көму аймағының
жан-жақты периметрі бойынша айналмалы канал және биіктігі 2 метрден жоғары
болатын айналмалы қоршау қарастырылуы қажет.
Қалдықтарды сақтауға арналған полигонның токсинді қалдықтар жиналған
карталарынан жауын-шашын және еріген сулардың полигонның басқа аймақтарына
таралуына, әсіресе шаруашылық мақсатта қолданылатын аймақтарға таралуына
қатаң тиым салынады.
Қалдықтардан шығатын зиянды, токсинді ластаушы заттардың жер астындағы
сулы горизонттарға (қабаттарға), өтуін болдырмас үшін топырақтың астынғы
қабатын және қабырғаларын арнайы гидроизоляциялау қарастырылған,
гидроизоляциялаушы материал ретінде санитарлы – эпидемиологиялық сараптама
қорытындысы бар тығыздалғн балшықты топырақ, балшықтыбитумды – бетонды
материал, асфальтобетон, асфальтополимербетон және де т.б. жарамды
материалдар қолданылады.

1.4 Қалдықтарды жинау

Қалдықтарды жинауды ұйымдастыру – бұлқалдықтардың пайда болу және
жинақталу орындарынан арнайы әзірленген қалдықтарды жинайтын және уақытша
сақтайтын орындарға тасымалдау барысындағы іс-шаралар жиынтығы [11].
Қалдықтарды жинау былайша жүзеге асады:
- Қатты тұрмыстық қалдықтарды және көшедегі әртүрлі тұтыныс қалдықтарын
жинақтауға арналған контейнерлерде;
- Көлемі мен мөлшері үлкен аумақты құрайтын қалдықтарды сақтауға және
жинауға аралған арнайы алаңдарда (метал қалдықтары, пайдаланылған
автокөлік дөңгелектері, аккумуляторлар және т.б.);
- Қауіпті қалдықтарды сақтауға арналған арнайы ғимараттар мен кешендер
(сынап – булы шамдар);
- Цехтардың территориясы аймағында өндірістік қалдықтар жинақталады;
- Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өзге де орындар мен ғимараттар.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау (ҚТҚ) көлемі - 1,2 м3 дейінгі,
атмосфералық жауын-шашындар түсуіне жол берілмейтін және қалдықтардың
формасы мен пішінін өзгеруіне жол берілмейтін арнайы контейнерлерде жүзеге
асырылады.
Бұл қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерде қалдықтардың
механикалық тұрақтылығын сипаттайтын және де өзге де қосымша ақпараттар
келтіріледі:
- Қалдықтың түрі;
- Контейнердің инвентарлы номері;
- Контейнердің иесі;
- Контейнердің атауы (яғни қай контейнерлік алаңға жататындығы туралы
ақпарат немесе номер жазылады).
Контейнерлі алаңды төмендегідей ақпараттар көрсетілуі қажет:
- Алаңның атауы (контейнерлі алаңның номері);
- Контейнерлі алаңның иесі;
- Қалдықтарды шығару кестесі.
Контейнерлік алаңдардың және қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарын,
үлкен көлемде қалдықтарды сақтауға арналған арнайы кәсіпорын
территориясында орналасуы осы кәсіпорынның басшысымен бірлесе отырып
анықталады және де арнайы карта – сызбада көрсетіледі.
Жұмыс көлемінің артуына байланысты және қалдықтардың жинақталу
жиілігінің артуына байланысты контейнерлік алаңдарда қосымша контейнерлер
орналастырылуы мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасының қолданысындағы
санитарлық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Контейнерлік алаңдардағы контейнерлердің жалпы саны қалдықтардың жиналуына
байланысты анықталады, бірақ 6 контейнерден асып кетпеуі қажет.
Қалдықтарды уақытша жинауға арналған металдан жасалған жинақталушыларды
10 күнде бір рет тазалап жуып тұру қажет. Металдан жасалған қоқыс
жинақтаушы ыдыстарды жылына екі рет көктемде және күзде сырлау – бояу
жұмыстары жүргізілуі қажет.
Қалдықтарды уақытша жинау орындарынан, сонымен қатар қоқыс тазалаушы
транспорттарынан екінші реттік қолдануға арналған шикізатты алуға тиым
салынады (картон, әртүрлі қағаздар, полиэтиленді материалдар, металл
қалдықтары және т.б.). Мұндай мақсатқа, яғни екінші реттік шикізатты
қолдану үшін қалдықтардың әр түріне арналған жеке-жеке арнайы қоқыс
жинақтауыштар орналастырылады.
Қаптамаға арналған картон, қағаз қалдықтары цех ғимараттарының ішінде
оналасқан арнайы тақтайшаның үстінде жинақталады. Белгілі биіктікке жеткен
кезде (тақтайшамен қоса есептегенде биіктігі 1,7 м болған кезде) қалдықтар
арнайы шикізат қоймасына жөнелтіледі және де түсіру – тиеу аймағына жақын
маңда орналастырылады. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық қатты қалдықтарға сипаттама
Қалдықтарды физика-химиялық әдіспен утилизациялау технологиясы
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тарихы
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Қалдық туралы жалпы мәліметтер, олардың құрылымы, классификациясы
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортада ыдырау мерзімі
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Қатты қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру
Өскемен қаласының қатты және тұрмыстық қалдықтармен ластануы
Пәндер