Биосфера – ғаламдық экожүйе



1. Биосфера туралы түсінік.
2. Биосфера құрылымы мен шекаралары.
3. Тірі заттың негізгі қасиеттері.
4. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы

Биосфера – ғаламдық экожүйе
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Биосфера құрылымы мен шекаралары.
3. Тірі заттың негізгі қасиеттері.
4. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы

Жердегі бiрде-бiр тiрi ағза еркін күйде болмайды. Барлық ағзалар
оларды қоршаған материалдық-энергетикалық ортамен, ең алдымен қоректену
мен тыныс алу арқылы үздiксiз және тығыз байланыста болады.
ХIХ ғасырдың басында ғыллымға биосфера түсiнiгiн енгiзген француз
жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744—1829) боған.
В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тiршiлiк бар немесе болған,
үнемi тiрi ағзалардың әсерiне ұшырайтын не ұшыраған бөлiгiн айтады.
Ағзалардың маңызы олардың алуантүрлiгiмен, барлық жерлерде таралуымен,
Жер тарихындағы тiршiлiгiнің ұзақтығымен, биохимиялық қызметінің
таңдамалы сипатымен және табиғаттың басқа компононенттерiмен
салыстырғанда химиялық белсендiлiгiнiң жоғары болуымен анықталады.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И Вернадский тiрi зат деп
атады. Оның негiэгi сипататтамасы ретiнде массаның химиялық құрамы мен
энергиясының жиынтығын қарастырды
Жердiң биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Оның кiруi —
бұл космостан келетiн күн энергиясының ағыны.
Жер планета ретiнде табиғат жағдайларының алуантүрлiлiгiмен
сипатталады. Бұл оның шар терiздi пішінімен, Күндi және өзiнiң осiнен
айналуымен анықталады. Табиғат жағдайларының көптүрлiлiгi Жердiң күрделi
рельефiнің әсерiнен де түзiледi. Бiрақ Жер биосферасының негiзгi
көптүрлiлiгiн тiрi ағзалар жасайды. Ғалымдардың болжамы бойынша қазiргi
биосферада тiрi ағзалардың шамамен 2 млн. түрi бар.
Биосфераның динамикалық жүйе ретiндегi ерекшелiгi оның бiртегiс
болмауы (тепе-теңсiздiгi) және оның тiрi затпен жұмысы Кун энергиясының
ағынының нәтижесi болып табылады.
Биосфераның маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi ондағы судың болуы.
Биосфераның тағы бiр белгiсi — оның космоспен тығыз байланыстылығы.
Биосфера құрылымы мен шекаралары.
1926 жылы В.И. Вернадский биосфераның шекаралары туралы меселенi
қойды.
Қандай физико-химиялық жағдайлар тiршiлiкке анагұрлым қолайлы болып
табылады.
1. Көмiркышқыл газы мен отгегінің жеткiлiктi мөлшерде болуы.
2. Судың жеткiлiктi болуы.
3. Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек
4. Минералдық қоректену элементтерiнiң жеткiлiктi болуы.
5. Су ортасының белгiлi бiр тұздылығы.
Қазiргi кезде тiршiлiк жер қыртысының жоғарғы бөлiгiнде
(литосфера), жер атмосферасының төменгi қабаты (тропосфера) және Жердiң
сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.
Литосферада тiршiлiктi ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының
температурасы шектейдi. Ол тереңдiкке байланысты артады да, 1,5 км
тереңдiкте +1000С-дан асады. Жер қыртысындағы бактерияларды табуға
болатын тереңдік -4 км. Мұнай кен орындарында 2—2,5 км тереңдiкте
бактериялардың саны бiршама көп болады. Мұхиттарда тiршiлiк 10— 11 км
тереңдiкке таралады. Атмосферадағы тiршiлiктiң жоғарғы шекарасы биiктiкке
байланысты ультракүлгiн радиацияның артуымен анықталады. Озон қабаты
күннiң ультракүлгiн сәулелерiнің көп бөлiгiн 22— 25 км биiктiкте
сiңiредi.
Биосферадағы тiршiлiктiң таралуы бiртектi емес. Тiрi заттың шоғырлануы,
негiзгi орталардың бөлiну шекарасында — топырақта, яғни литосфера мен
атмосфераның арасында, мұхиттың жоғарғы қабаттары, су қоймаларының
түбiнде, өзен жағалауларында өте көп жоғары болады.
Тiрi ағзалар ортаның химиялық жағдайларының кең диапазонында
тiршiлiк ете алады. Жердегi алғашқы тiршiлiк иелерi оттексiз ортада өмiр
сүрген. Бiрқатар микроорганизмдер тұздардың концентрленген
ерiтiндiлерiнде де тiршiлiк ете алады. Кейбiр тұрақты түрлер иондаушы
радиациясының әсерi жағдайында да тiршiлiк ете алады. Мысалы, бiрқатар
инфузориялар Жер бетiндегi радиациялық фонның табиғи деңгейiнен З млн.
есе жогары сәулеленудi көтере алады. Кейбір бактериялар ядролық
реакторлардың қазандықтарынан да табылған.

Тірі заттың негізгі қасиеттері.
Тiрi зат бiрқатар өзiне тән қасиеттерге ие бола отырып,биосферада
белгiлi бiр биогеохимиялық функциялар атқарады.
Тiрi затқа тән қасиеттер:
1) биосфераның тiрi заты энергияның үлкен қорымен сипатталады;
2) тiрi және өлi заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың
жылдамдығынан көрiнедi.
З) тiрi затты құрайтын химиялық қосылыстар — ақуыздар, ферменттер
және т.б. — тек тiрi ағзаларда ғана тұрақты болады;
4) ерiктi қозғалу биосферадағы кез келген тiрi затқа тән белгi;
5) тiрi зат өлi затқа қарағанда бiршама жоғары морфологиялық және
химиялық көптүрлiлiкпен
сипатталады. Тiрi заттың құрамына кiретiн 2 млн.-нан астам органикалық
қосылыстар белгiлi, ал өлi табиғаттың қосылыстарының саны шамамен 2 мың;
б) биосферадағы тiрi зат мөлшерi әр түрлi жеке ағзалар түрiнде
болады. Ең ұсақ вирустардың
мөлшерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері Адам санының өсуі. Адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері туралы ақпарат
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Биосфера туралы концепцияның қалыптасуы
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе.Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары.Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері
Пәндер