Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделі


KIPICПE
Зерттеудің өзектілігі. «Бәсeкeгe қaбiлeттi дaмығaн мeмлeкeт бoлу үшiн бiз сaуaттылығы жoғapы eлгe aйнaлуымыз кepeк. Бiздiң aзaмaттapымыз үнeмi eң oзық жaбдықтapмeн жәнe ең зaмaнaуи өндiрiстердe жұмыc жacaу мaшығын мeңгepугe дaйын бoлуғa тиic. Coндaй-aқ бaлaлapымыздың, жaлпы бapлық жeткiншeк ұpпaқтың функциoнaлдық caуaттылығынa дa үлкен көңiл бөлу қaжeт. Бaлaлapымыз қaзiргi зaмaнғa бeйiмдeлгeн бoлу үшiн бұл aca мaңызды», - дeп Eлбacы «Қaзaқcтaн - 2050» aтты хaлыққa жoлдaуындa aтaп өткeн бoлaтын. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор істі мектептен бастап, жастарға конструкторлық пен өнертапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз керек. Бұған физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс.
Физиканы oқытудa oқушылapдың шығapмaшылық қaбiлeтiн apттыpу - олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас бөлігінің бipi бoлып тaбылaды. Жас жеткіншектердің шығapмaшылық қaбiлeтiн дaмытудың әдістемесі ғылыми-техникалық шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы өзіне тән кезеңдер мен актылардағы, фазалар мен периодтардан тұратындығы П. К. Энгельмейердің, П. М. Якобсонның, Я. А. Пономаревтің т. б. зерттеулерінен белгілі.
Атақты физик-ғалымдарының (А. Эйнштейн, М. Борн, М. Планк, П. Л. Капица, А. Иоффе, И. Курчатов, С. Королев т. т. ) ғылыми өмір тәжірибесін қорытып, ой-пікірлерін талдап қарасақ, ғылыми-техникалық шығармашылықтың элементтері мынадай цикл түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза ұсыну (абстракты модель құру) → идеяны шешу принцепін анықтау → теориялық салдарды қорыту → оларды экперимент жүзінде тексеріп көру.
Физиканы оқыту әдістемесіне ғылыми-шығармашылық процестің мынадай негізгі компоненттері кіруі тиіс: 1) фактілерді жинап, талдап, қорыта білуді үйрету; 2) фактілерді интуитивті жолмен нобайлауға баулу; 3) салдардан логикалық қорытынды шығаруға тәрбиелеу; 4) оны эксперименттік жолмен тексеруге дағдыландыру; 5) эксперименттің нәтижесін бeлгiлi бip тeopиялық негізде дәлелдей білуге бағыттау.
Oқушылaрдың шығаpмашылық қабiлетін дамытуда, оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструкциялық схемалар салу, парадокстарды талдау, реферат жазу т. т. ) орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнертапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мeн шығapмашылық ic-әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекшеліктерімен таныстрып отыруды дағдыға айналдырған жөн. Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешілуіне қолайлы жағдай туғызылатын болады.
Ғылым мен білім дамып, шыңдала түскен, оның кең ауқымда өндіріске енген ғылыми-тexникaлық рeвoлюция кезеңінде, мектептің алдында өз түлектеріне мықты білім жүйесін беру және өзінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, оны өзіндік іздеу жолымен әрі қарата дамытып отыруға үйрету мақсаты қойылған.
Физика пәні бойынша мықты білімді қалыптастырудың маңызды факторы - сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-шығармашылық ынтасын дамытуға, оған оқушыларды жаңа материалдарды қабылдауға интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғыдан дайындау арқылы қол жетеміз. Бұл дегеніміз мұғалім барынша аз уақыт пен күшін жұмсап, толық комплектілі жабдықталған физика кабинетінде, кез келген оқыту құралдарының жүйесін қолданып, бiлiм бepу [3] .
Оқушыларды оқуға ынталандыру проблемасы жаңа емес: бұл мәселені 40-50 жылдардың өзінде И. А. Каиров, М. А. Данилов, Р. Г. Лембер қарастырған. Келесі жылдары бұл мәселеге КСРО-ның В. Г. Разумовский, А. В. Усова, Л. С. Хижнякова сияқты атақты физик-әдіскерлерінің де көзі түсті. Олар физиканы оқытудағы нeгiзгi мәсeлeнiң бірі ретінде оқытудың жағымды мотивтерін қалыптастыру мәселесін қойған, себебі сабақтағы оқу әрекетенің уәждемесінің және оқу пәніне қызығудың жоғарғы дәрежесі қазіргі заманғы сабақтың нәтижелілігін көрсететін бірінші фaктop бoлып тaбылaды.
Мeктeп практикасында физиканы оқытудағы oқушылapдың шығapмaшылық қaбiлeттepiн дамытуда бірталай тәжіриебе жинақталған. Бірақ кейбір кездерде әдебиетте берілген әдіс немесе жеке тәсіл күткен нәтижені бермеуі мүмкін. Себебі: біріншіден, әрбір нақты сыныптың шығармашылық әрекетінің тәжіриебесі мен даму дәрежесі бар, екіншіден, заман сарынына сай оқушылардың мiнeз-құлқы мeн қызығушылықтары өзгереді. Сондықтан, менің ойымша, физиканы oқытудa оқушылapдың шығapмашылық қабiлетiн жетілдіру проблемасы барлық кезде болады.
Өз жұмысымда, егер мұғалім сaбaқ бapыcындa оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытушы әдіс-тәсілдерді қолданса, оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруші мұғалімнің жұмысы ерекше нәтижелі, оқушылардың білім сапасы жоғары болады деген болжамға сүйендім. Нақ осы мәселелердің орта мектепте физика пәнін оқытудағы ерекшеліктері «Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру» деп аталатын дипломдық жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты . Орта мектепте оқушылардың физика сабағында шығармашылық әрекеттерін дамытушы әдіс-тәсілдерін зерттеу арқылы оқытудың жетілдірілген үлгілерін жасап, оны оқу үрдісіне енгізу.
Зерттеу объектісі - 11 сыныпта физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жoлдaрын aнықтaу.
Зерттеу пәні - оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын, шығармашылық әрекетті дамытушы әдіс-тәсілдер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы, олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдірудің әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста қарастырылған зерттеу әдістері жан-жақты талданды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен және мақалалармен танысып, оларды басшылыққа ала отырып, бірнеше ашық сабақтар өткізіп, практикалық тұрғыдан тірек конспектілер, физикалық диктанттар жүргізіліп, тексерілді. Сонымен қатар, оқушылармен әңгімелер өткізіп, анкета, тесттік, бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы жасалған жұмыстың тиімділігі зерттелді.
Зерттеу көздері. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу бағдарламалары, тұжырымдамалар, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер т. б.
Зерттеу кезеңдері. Алғашқы кезеңде физикадан әдістемелік оқулықтардағы, ғылыми басылымдардағы, жеке зерттеулердегі физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудің теориялық негіздері, осы мақсатта жаңа технологияларды қолдану әдістемелеріне талдау жасалды.
Негізгі кезең. Орта мектептегі 11-сыныпта өткізілетін шығармашылықты жетілдіру сабақтары нақтыланып, жоспары құрылып, оны өз практикамда пайдалана отырып, педагогикалық сынақтан өткіздім.
Аяқталу кезеңінде зерттеу болжамы нақтыланып, тиімділігіне көз жеткізілді. Әсіресе соңғы кезде оқыту әдістемесіне енгізіле бастаған оқытудың жаңа әдістері электрондық оқулықтар, видеофильмдердің, виртуальды эксперименттерді, тірек конспектілерді, күрделі есептерді шығаруды пайдалану арқылы жаңа технологияларды енгізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерінің дәрежесін, білім сапасын жетілдіретін ең тиімді әдіс болып отыр.
Зерттеудің ғылыми практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан практикалық мағызы зор. Қазақстанның алдыңғы қатарлы Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіруі үшін оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру басты мақсат.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыста 10 кесте, 2 сурет бар.
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмысының мақсаты мен міндеттері
Жеке тұлғаның қалыптасуының негізін анықтайтын маңызды проблеманың бірі әрекет, оның қоғам өміріндегі орны және жаңа ұрпақтың дамуына ықпалы. Әрекет проблемасы - адам қоғамы туралы ғылымдардың барлығының зерттейтін пәні. Ол - адамның жеке тұлғаның дамуының негізгі тірегі. « Әрекет - адам өмірінің көрсетілуінің негізгі нысаны, қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасы . . . » [18] .
Адамның әрекеті - қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасы, адам өміріндегі негізгі нысан. Адамның потенциалды даму мүмкіндіктері өте жоғары. Ол оның көрсетілімдеріне қарағанда кеңірек, молырақ және әлде қайда бай. Оны ешқандай бағдарламамен, ешқандай арнайы құрылымдармен тамамдауға болмайды. Философтар айтқандай әрекет байлығы - сарқылмайтын байлық.
Оқушының даму әрекетін қарастыру үшін, ең бірінші қандай әрекет оқушының тұлға болып дамуына үлкен әсер ететін ескеру қажет. Генетикалық тұрғыдан баланың дамуының алғашқы формасы ойын, содан соң оқу және еңбек болып табылады. Әр жас шамасы үшін жетекші әрекет түрі болады, мектепке дейінгі жаста - басымдылық ойынға, мектеп жасында - оқуға беріледі. Бірақ та басқа да пікірлер болуы мүмкін.
Көрнекті психолог В. Г. Ананьев өз жұмыстарының бір қатарында, еңбек - адамның филогенезде ерте даму нысаны ғана емес, онтогенезде де даму қажеттілігі болып табылатындығын айтады. Баланың, тек қана баланың емес, дамуындағы ойынның маңыздылығын кемсітпей, сонымен қатар дамуға ең қарапайым болса да, еңбектің кажет екендігін көрсетеді. Баланың, ананың тамақтандыруын бала қажет етпей, «өзім тамақтанамын» деген мезгілінен бастап, кез келген қажеттілігін қанағаттандыру үшін бала еңбек әрекетін орындайды. Өзіне өзі қызмет етудің әрекеттері: тамақтану, киіну, өзін бағып күту, бөлмені таза ұстау, үлкендердің еңбектеріне қатысу - оның күнделікті өмірінің маңызды бөлшектері болып табылады. Осы жұмыстарды баланың орнына ата-анасы жасау, оның жеке тұлға болып қалыптасуына, дамуына орасан зор зақым келтіреді, және де бұл кемшілікті ойын арқылы толықтыру мүмкін емес. Сенсомоторлық әрекеттер, нервтық-психологиялық және физикалық әрекет, еңбек процесінде, адамның еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттері, еңбекке жарамдылықтың негізі әдет-дағды, икемділік қалыптасады [12] .
Еңбек адамның дамуының алғашқы және негізгі тірегі ғана болып қоймай, сонымен қатар адамның онтогенезде қоғамдағы жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі факторы болып табылады. Адамның өмірінің барлық периодындағы жетекші әрекет ретіндегі рөлі таусылмайды. Бұл кездегі ескеретін жағдай, бала жан-жақты дамуы үшін, бала өмірінде әрекеттің барлық түрін ұйымдастыру керек. Бұл үшін әр әрекеттің объективті бай мүмкіндіктері бар. Ойын, оқу, еңбек, қоғамдық, көркем, спорт және де басқа әрекеттер бірін-бірі алмастыра алмайды. Ал осы сан алуан түрлі әрекеттердің тұтастығы әрекетті әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде сипаттайды.
А. Н. Леонтьевтің анықтамасы бойынша адам өмірі «бірін-бірі ауыстырушы әрекеттердің» жүйесі. Психологияда әрекет «субъект-объект полюстерінің арасындағы өзара ауысуды» қамтамасыз етуші процесс ретінде қарастырылады. Оқу әрекеті осы процестің уәждемесі (белгілі бір әлеуметтік-бағалы білімдер, икемділік, дағдылардың жүйесін игеру) және адамның белгілі бір уақыт интервалындағы әрекет арқылы анықталады.
Қазіргі кезде әрекетті анықтаудың бірнеше тәсілдері бар, оларды келесідей түрлерге жіктейді: функционалды, жүйелік-құрылымдық және операциялық. А. Н. Леонтьев әрекеттің пәндік мазмұны және психологиялық көрінісін белгілі бір құрылыс ретіндегі өзара байланыс ретінде қарастырып, оны функционалдық деп атауды ұсынды. Оның айтуынша: «кез келген әрекеттің құрылымы сақина тәрізді: бастапқы афферентация -пәндік ортамен байланысты жүзеге асыратын аффекторлы процестер - коррекция және бастапқы афференттік сұлбаның теріс байланысы арқылы байыту». Кибернетика сол сияқты әрекет пен қимылдың функционалдық құрылымын көрсетеді. Сонымен, басқару объектісін функционалдық жүйе деңгейінде түсіну, оқыту әрекетін, құрамында ақпарат, пән, процесс, афференттік нервтік талшықтың пәндік ортамен жаңа байланысы, алынған ақпаратты өңдеу, пән және процесс туралы ақпаратты түзету және байыту, яғни берілген пән туралы білімді жаңа деңгейге көтеруді бекітетін құрылым ретінде тануға мүмкіндік береді.
Әрекетті басқару үшін, оны функционалды процесс ретінде білу ғана жеткіліксіз, мақсатқа жету үшін, әрекет құрылысын жүйе ретінде қарастыру үшін, жүйелік-құрылымдық анализ жасаған жөн. Мұндай тәсілді А. Н. Леонтьев әрекеттің жалпы құрылысы деп атаған. Бұл құрылым келесі түрде көрсетілуі мүмкін: адам өмірі (оның жоғарғы, психикалық жанама кескініндегі көрінісі) - жеке әрекеттері (оның пайда болуына себеп болатын мотивтерінің критерийлері бойынша) - әрекеттер (саналы мақсатқа бағынатын процестер) - операциялар (белгілі бір мақсатқа жету жағдайларына тәуелді) . Қазіргі таңда әрекеттің мұндай құрылымын түсіну А. Н. Леонтьевтің, П. Я. Гальпериннің, Н. Ф. Талызиннің, Ю. К. Бабанскийдің, К. К. Платоновтың, А. Л. Журавлевтің, Б. Ф. Ломовтың, А. Ф. Эсауловтың және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылады[12] .
Әрекеттің құрылымын анықтайтын тағы бір әдіс: оқу әрекетінің операциялық жүйесі. Бұл әдіс әрекеттің бөлімдері мен операция түрлері көрсетуге мүмкіндік береді. «Әр адам әрекетінде бағдарлаушы, атқарушы және бақылаушы бөлімі болады», - деген П. Я. Гальперин. Н. С. Якиманскаяның ойынша атқарушы және жоспарлаушы әрекет бөлімі болса, В. М. Глушков әр әрекеттің келесі функционалдық бөлімдерін көрсеткен: бағдарлау, жоспарлау, атқару және басқару.
Оқу әрекетін басқару үшін көрсетілген әрекеттің құрылымын қарастыру бөлімдерінің барлық әдістерін бір жүйе ретінде алу керек. Әрекетті функционалдық құрылымын ашу білім, ептілік және дағдыны меңгеру процесінің жұмыс жасау механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Осы механизмнің құрылған моделі бойынша жүйелік-құрылымдық анализ жасау арқылы нақты әрекеттің реттілігін анықтауға мүмкіндік туындайды да, барлық сыртқы және ішкі әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Әрекетті анықтауда операциялық әдісті қолдану қандай да бір әрекетті қолдануға тиімді операциялар жиынтығын көрсетеді [3] .
Оқу әрекеті қойылған сұраққа жауап іздеу, фактілерді түсіндіру кезіндегі байқағанды, көргенді сипаттау, белгіленген жоспарды орындауда көрінеді. Әр түрлі әрекет түрлері сәйкесінше моделдермен сипатталады. Оқу әрекетінің келесі моделдерін көрсетуге болады: сипаттау, эвристика, бұйрық бойынша әрекет (эвристикалық және алгоритмдік), алгоритм бойынша әрекет. Көрсетілген моделдердің әр қайсысы оқу әрекетін білу, тану дәрежесі бойынша әр түрлі деңгейде сипаттайды. Ал алынған реттілігі төменгі дәрежеден жоғарғы дәрежеге өтуді көрсетеді.
Кез келген процесті (құбылысты немесе затты) тану оны сипаттаудан басталады, сипаттау нәтижесінде оның әрекеттің бастапқы құрылымы (эвристика) табылады, ол бұйрықтың негізі болады, бірақ көбіне алынған бұйрық тану процесін анықтамайды. Ал, алгоритмді әрекеттің нақтырақ анықталған құрылымы ретінде қарастыруға болады. Физиканы оқыту барысында әрекет моделінің барлық түрі қолданылады: сипаттау, эвристика, бұйрық және алгоритм. Оқушыларда шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып дамыту үшін алгоритмдік бұйрық қолданылады. Білім, ептілік және дағдыны меңгеру процесі тану процесін ұғынуды қамтамасыз ететін, оқушылардың өздігінен шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыруды болжамдайды. Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудағы алғашқы кезеңде басты рөл мұғалімге тиесілі: оның жетекшілігімен шығармашылық әрекеттің белгілі бір түрлерін оқушылардың өздігінен орындауды қалыптастыру мақсатты түрде жүргізіледі. Алғашқы шығармашылық қабілеттердің қалыптасуынан кейін ғана күрделірек білімдерді қалыптастыруға көшуге болады. Бұл процесті басқару жаңа, жоғарырақ деңгейде жүргізіледі: өзін-өзі бақылау, шығармашылық әрекетті өзіндік ұйымдастыру деңгейі. Бұл ретте оқушы әрекет құрылымын таниды, әрекеттің жеке қимылдары мен операцияларын жасауды ұйымдастырады.
Жоғарыда көрсетілгендей адамның барлық қабілеттері әрекет нәтижесінде дамиды. Бұл пікір - психологияның жетекші принципі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, олардың шығармашылық әрекетін дамытудан басқа жол жоқ. Оқу процесін танудың жоғарғы белсенділігін әдіс-тәсілдерді епті қолдану, оқушылардың шығармышылық қабілетін дамытудың құралы болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру - оқытушы әрекетінің мақсаты, ал белсенділікті дамыту әдістерін қолдану мақсатқа жету құралы болып табылады. Мұны түсіну мұғалім жұмысы үшін маңызды. Оқушылардың дамуын ойлап, оқытудың белсінді әдісін көбірек қолданған жөн. Бірақта, бір мезгілде осы әдіс-тәсілдерді қолдану, оқушылардың бар қабілеттерін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге тиімді ме, тиімді емес пе соны ескеруді ұмытпау керек.
Жетілдірудің қандай да бір әдіс-тәсілдерін қолдануда, оқушылардың шығармашылық, білім деңгейлерін ескеру керек. Қиын шығармашылық есептер, тек қана шығармашылық қабілеттерінің даму дәрежесі жоғары оқушыларға ғана беріледі. Ал, оқушылардың даму деңгейіне сай емес, одан әлдеқайда жоғары, оның мүмкіндіктерінен жоғары есептер оқытуда оңтайлы әсер әкелмейді. Ол оқушылардың өзіне деген, өз мүмкіндігіне деген сенімін түсіреді.
Оқушының шығармашылық қабілеттерін жетілдірудегі мұғалімнің жұмысының жүйесі, мақсатқа біртіндеп, жүйелі және мақсатылы жетуді ескеріп құрылуы керек.
Адамның кез келген әрекеті (тек қана шығармашылық емес) жеке қимылдардардан тұрады, ал олардың өзін жеке операцияларға жіктеуге болады.
Оқушылар шығармашылық әрекет процесінде келесі қимылдарды жасайды: мұғалімнің түсіндірулерін тыңдайды, кітаптар мен қосымша әдебиеттерді оқиды, есептерді шешеді, тәжіриебелік жұмыстарды жасайды және тағы басқа. Көрсетілген қимылдардың әр қайсысын жеке психикалық процестерге жіктеуге болады: түйсік, қабылдау, елес, ойлау, ес, қиял және т. б.
Осы психикалық процестердің ішінде ең маңыздысы ойлау болып табылады, себебі: ол басқа процестердің құрамында болады және көбіне олардың сипаттамалары мен сапасын анықтайды. Мысалға: ес пен ойлау, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеу барысында оларды жақсырақ ойлап-білсе, заттардың қасиеттері мен олардың арасындағы байланысты есте сақтау жақсырақ болады. Ойлау басқа да процестерге әсер етеді. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін, ең бірінші олардың ойлау қабілетін дамытуымыз керек.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін, оқушыларда оқу мотивтерін қалыптастыру керек. Оқушылар тек қана шығармашылық есептерді шығарып қана қоймау керек, олардың осы есептерді шығаруға ынтасы болуы керек. Оқушыларда оқу мотивтерін тәрбиелеу мектептердің алдына қойған басты мақсаттардың бірі болып табылады.
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдірумен ажырамас байланысты және оны шешудің алғы шарты. Басқа әрекеттер сияқты ойлау да қажеттіліктен туындайды. Сондықтан да, оқушылардың шығармашылық қажеттіліктерін дамытып, тәрбиелемей, олардың ойлау қабілетін жетілдіру мүмкін емес.
Сонымен, оқушылардың оқу процесінде шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері, оқушылардың ойлау қабілетін біртіндеп, мақсатылы және жоспарлы дамыту және бір мезгілде олардың оқу мотивтерін қалыптастыруды ескеру керек.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
Оқушылардың оқу процесінде шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге байланысты мұғалімнің оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жұмыстарының жүйесінде оның үш деңгейін көрсетуге болады: түсіну деңгейі, логикалық ойлау деңгейі және шығармашылық ойлау деңгейі.
Түсіну. Түсіну - кітап немесе мұғалім хабарлайтын дайын ақпаратты меңгеруге бағытталған аналитикалық-синтетикалық әрекет.
Жаңа материалды баяндау кезінде мұғалім жаңа фактілерді айтып қана қоймайды, ол сонымен қатар тәжіриебе нәтижелерін талдайды, теориялық дәлелдер тұрғызады, жаңа салдар шығарады. Оның баяндауы абстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, анықтау және т. б. бөлімдерден тұруы мүмкін. Барлық ойлау операцияларын (анализ, синтез, абстракция, жалпылау), ойлау әрекеттерінің тәсілдерін (салыстыру, жіктеу, анықтау), логикалық дәлелдеу тәсілдерін мұғалім түсіндіру барысында өзі жасайды.
Оқушылардың алдындағы мәселе жеңілірек: мұғалімнің жүргізген анализ, синтез, жалпылау, салыстыру және т. б. әрекеттердің барысы мен нәтижесін, қорытындының логикалығын, қарама-қайшы еместігін және дәлелді екенін бақылау. Бұлардың бәрі оқушылардан белгілі бір ойлаудағы тырысуларды, аналитикалық-синтетикалық әрекеттерді талап етеді.
Ой белсенділігі мәтінді зерттеуде де қажет етіледі. Параграфтың негізгі ойын көрсетіп, оның дәлелдемелерінің сенімділігін тексеру, оның ой-пікірінің логикасын анықтап алу, формуланы қорытындылаудың кезеңдері мен реттілігін біліп алу, нақты мысалдар мен фактілерді дәлелдеп отырған жағдаймен арақатынасын белгілеу және т. б. істеп білу қажет. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезінде нақты сыныптың деңгейін біліп, соған сәйкес жұмыс жасайды, ал кітапта материалды былай беруге мүмкіндік болмайды, және оқушыдан күш-жігер мен тырысуды талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz