Нейрондар туралы жалпы түсініктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері.

Дайындаған:Әнуарбеков М.
Тобы:102Б
Қабылдаған:Б.Ақтан

Жоспары:

1.Нейрондар туралы жалпы түсініктер.Синпстар.Аксон.Дендрит
2.Орталық жүйке-жүйесі
3.Орталық жүйке-жүйесін зерттеу тәсілдері

1. Нейрондар ( neuronum бұл атауды Вильгельм фон Вальдейер берді ) немесе нейроциттер - жүйке ұлпасының негізгі құрылым , қызмет бірлігі , көлемі ұсақ , дене диаметрі 4-5 мкм - ден ( мишық түйіршікті жасушасы ) ірі , дене диаметрі 140 мкм ( ми қыртысындағы алып көп жақты ( пирамида тәрізді ) жасушалар ) . туғаннан кейін бөліну қабілетін жоғалтады, тіршілікте оның саны көбеймейді ,қайта азаяды .
Нейрондардың елуі қалыпты жағдайда аз кездеседі , ол қалытты -апоптоз ( грек . apoptosis - түсетін мезгіл ) механизмімен іске асады .
Жетілген нейрондар қабылдағыш қызмет атқаратын сырт қабығынан - невролеммадан ( плазмолеммадан ) , денесінен ( corpus , перикарионнан ) , өсінділерінен тұрады . Жүйке жүйесі әр бөліміндегі нейрондар перикарион түрі , оның көлемі , есінділерінің саны , жалғама байланысы ,дендриттердің тармақталуы және бөлетін селбестiргiшiмен өзгешеленеді.
Перикарионның құрамына ядро және цитоплазма кіреді . Нейронның әдетте бір , ірі , дөңгелек ақшыл , 3 ірі ядрошықтары бар , хроматині аз , цитоплазманың ортасында орналасатын ядросы болады , Мұндай құрылым ерекшеліктері нейрон ядросындағы ДНҚ молекуласындағы бірізділіктің иРНҚ молекуласына жазылуы жоғары қарқында жүретінін көрсетеді . Ұрғашы мал нейрон ядрошығының жанында Х - хромосома сақтайтын, ірі хроматин үйіндісі - Барра денешігі болады.
Нейронның цитоплазмасында мына тұрақты қосындылар : түйіршікті эндоплазмалық тор ( Франц Ниссль рибосомаларды метилен кегімен бояп , алғашқы болып көргендіктен , оны Ниссль заты немесе тигроид деп атайды . Тигроид деп атау қате , себебі перикарионды Ниссль тәсілімен бояғанда , жолбарысқа емес , жыртқыш мысық терісі , дақты қабыланға ұқсас болады ) , Гольджи аппараты , көптеген митохондрийлер ( нейрондар қуатын зат алмасудағы ауада қамтамасыз ететіндіктен , ол оттек жетіспеуіне өте сезгіш болады ) , лизосомалар , жасуша орталығы ( центросома , нейрондарда болып , микротүтікшелер құрастырады ) , цитоқаңқа ( нейротүтікшелер , микро- , аралық нейрофиламенттерді бекіткенде , бір - бірімен жабысып , шоқтар түзіп , күміс тұздарымен бояғанда жасанды құрылым жіпшелер құрады да , қалыңдығы 0,5-3 мкм нейрофибриллдер деп аталады ) және тұрақсыз қосындылар ( май тамшысы , липофусцин түйіршіктері және нейромеланин ) сақталады .


3
Перикарионнан екі өсінді - дендриттер ( dendritum , dendror - ағаш ) және аксон ( грек . ахоп - өсінді , нейрит neuritumi ) тарайды .Олар жалғама ( синапс , грек synapsis - қосылу , байланыс ) құруға қатысады .
Аксон - әдетте жалғыз , ұзын ( бірнеше мкм - ден 1-2 м дейін жетеді ) , бойы тармақталмайды , тармақталған ұшында жалғама көпіршіктері болып , онда перикарионнан келген тітіркеністер сақталады .
Дендриттер - өте тармақталған , қысқа өсінділер , тітіркеністі қабылдап , перикарионға жеткізеді , онда түйіршікті , түйіршіксіз эндоплазмалық тор , рибосома құрамбөліктері , Гольджи аппараты болады .
Нейрондар құрылым , қызмет , биохимиялық белгілеріне орай жіктеледі . Құрылым жіктелуінде өсінділер саны алынады өсіндісі жоқ алғашқы нейробластар - аполярлы , бір өсінділілер ( кез торлы қабығының амақрин нейрондары , иіс сезу буылтығындағы шумақша аралық нейрондары ) - униполярлы ( unipolare ) ; жалған бір өсінділі ( жұлын түйіні нейрондарыі ) - псевдоуниполярлы , екі есінділілер ( иіс сезу нейрондары ) - биполярлы ( bipolare ) ; көп өсінділі ( ұршық тәрізді , жұлдызша , алмұрт , пирамида тәрізді және басқа ) - мультиполярлы ( multipolare ) болып жіктеледі.
Нейрондар атқаратын қызметіне сай ( рефлекторлық доғадағы орнына байланысты ) , үш топқа ( сезімтал - Миға бағытталған , сыртқы , ішкі орта әсерлерінен түзілген тітіркөністерді қабылдап , оны перикарионда өңдеп , аксонмен екінші , үшінші нейрондарға жеткізеді , қозуды шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне өткізеді ) , қозғалтқыш ( шетке бағытталған , тітіркеніске жауап беретін ағзаларға ( қаңқалық бұлшық ет , қан тамырлары ) хабарды өткізеді , қозуды бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді ) , аралық ( нейрондар арасындағы байланысты түзеді - байланыстырғыш қозуды сөзімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өтюзеді ) деп бөлінеді . Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша , былай өтеді : дендриттер -- дене - аксон .
Биохимиялық жіктелу нейрондар жалғамасында тітіркеністі өткізуде қолданылатын селбестіргіштердің химиялық ерекшеліктеріне негізделген , Оның басты сипатмежесі ( критерий ) -нақты селбіргіштер түзіп , жалғама көпіршігіне жинап , жалғама саңылауына шығару . Селбіргіші ацетилхолин болатын нейрон тобын - холинергиялық , норадреналин адренергиялық , серотонин - серотонинергиялык , дофамин - дофаминергиялық , гамма - аминді май қышқылы болса - ГАМҚ - ергиялық , АТФ , оның туындылары болатынын - пуринергиялық , субстанциялық энкефалин және эндорфин нейропептид болатынын - пептидeргиялық деп бөледі .

4
2. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады . Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық , салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді . Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен ( лат . сегментум -- бөлік , кесінді ) тұрады 8 мойын , 12 кеуде , 5 бел , 5 сегізкөз жөне 1-3 құйымшақ бөлімдері . Әрбір бөлімнен қос - қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады ( орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер ) . Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді . Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып ( 1 - жұптан басқасы ) дененің терісін , аяқ қолдарын , дене тұлғасының еттерін нервтен қамтамасыз етеді . Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады . Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да , 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады ( жаңа туған нәрестеде не бары 28-29r ) . 4-6 жасқа келгенде , жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады . Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді .
Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады . Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да , оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады , ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып , олардың қызметін реттейді . Бұларға қоса , жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан ( айталық , тізе рефлексі ) . Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару , жыныс мүшесінің эрекциясы , эякуляция ( шәуһет шығару ) т.с.с рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады .
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты , Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады .
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады ( жүрек - қан тамырлары , ас қорыту , зәр шығару т.б. рефлекстер ) .

5
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі . Одан 12 жұп нервтер шығып , миды көптеген іші мүшелермен , беттің , мойынның еттерімен , тілмен , көзбен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесінің функциясын зерттеу әдістері
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Есте caқтay және ұмыту
Бала есінің дамуы
Сараптама жүйелерінің мысалдары
Сигналдық системалар
Бала тілінің дамуы туралы
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Жасанды интеллект және нейрондық желілер
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Пәндер