Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен адам денсаулығы: зиянды ластаушылар және қалалық факторлар


Экологиялық жағдай және адам денсаулығы

  1. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
  2. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
  3. Қала және адамның денсаулығы

Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуына ағзаның ортаға

толық бейімделе адмауынан, қолайсыз әсерлергеберген теріс жауабы ретінде қарастыру керек.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-өмір сүру салтына, 20-25%-тұқым қуалау факторларына, 18-20%-қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12%-ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестициттермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-і қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Германияда соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі 25%-ға артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады.

Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мыс: Қарақалпақстанда балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда -5 болған

Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады.

  1. канцерогендер(латын-шығу тегі) -қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен

500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а) пирен және ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, нитриттер, асбест және т. б. жатады.

  1. мутагендер(латын-өзгеру) -хромосомалар саны мен құрылымының

өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар бензо(а) пирен, т. б. жатады.

  1. тератогендер(грек. құбыжық) -жеке дамуда кемістіктерге әкелетін

кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, пестицидтер, тыңайтқыштар, шу т. б. жатады.

Сонымен қатар эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер -эмбрионалдық даму кезінде де зақымдануларға әкелетін заттар. Мыс: алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар т. б.

Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.

Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклды ароматтық көмірсулар қауіпті.

Галогенді көмірсуларға хлор, бром, йод, немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді. Мыс: поливинилхлорид (ПВХ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол жатады.

ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады.

Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі.

Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған.

Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті.

Ауыр металдар. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т. б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Мәліметтер бойынша антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 97%, кадмийдің 89%, мыстың 87, никельдің 75%, сынаптың 60%-і шығарылады.

Қорғасынның негізгі көзі автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынмен улану белгілері мынадай: тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы т. б.

Кадмий. Ауыр металлдардың ішіндегі ең улы элемент. Оларға шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні.

Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Бу түріндегі сынаптың әсері өте қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның өзара байланысы: зиянды әсерлерді өтеу және құқықтық механизмдер
Экология және адам денсаулығы: табиғи және антропогендік факторлар, зиянды заттар және гигиена
Табиғатты қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығы мен психикасына әсері
Қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсері: Қазақстан жағдайы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және қазіргі заманғы аурулар
Қоршаған ортаны қорғау және атмосфера экологиясы: ауа жағдайы мен негізгі ластаушылар
Адам экологиясы және экологиялық медицина: қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері
Қазақстандағы қоршаған орта мен адам денсаулығы: экологиялық қауіптер және қорғау шаралары
Биосфера ыдырауындағы техногендік факторлар: химиялық және радиациялық ластану мен адам денсаулығы
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары, адам тіршілік ортасы және бейімделу механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz