Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Ағартушы-демократтардың әдеби ой-пікірлері .
Тексерген: Имаханбет Р. С.
Орындаған: Молдабек Е. Е.
2021-жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абай демократтарының сыншылық ой-пікірлері
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Қазақтың ұлы ағартушы-демократының сыншылық ой-пікірлерін шола баяндаған уақытта үшеуіне тән үш ерекшелік анық бой көрсетеді де, олардың ой-пікіріне арналған. Шоқан, Ыбырай, Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Шоқан Уәлиханов өзінің әдебиет жайындағы ойларын ғылыми арнамен , Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндаса, Абай Құнанбаев эстетикалық таныммен тұжырымдап отырды. Демек, қанатын қомдап ұшуға талпынған сәби сынға бүл үш сала, яғни ғылымның, педагогикалық және эстетикалық танымдар мен түсініктер үлкен таяныш болып, оның алар қамалдары мен асар асуларын бірсыдырғы дәл белгіледі. Келешекте айтылар әлеуметтік-эстетикалық ойлардың, озықтығы мен жарқындығы ғана емес, өрелі де биік болуы әдебиеттің өркендеуіне, өркен жаяр кейінгі ұрпақтың көркемдік таным-біліміне тәуелді байланысты екені анық аңғарылды. Мұның өзі тарихи, сондай-ақ әдеби-мәдени даму барысында қазақтың ағартушы-демократтары нәр алған ұлы арналардың, үлгі-өнегесін ардақтап қана қоймай, барынша терең игере білуге, тиімді насихаттай білуге, жаңа дәуірге сай жаңалық нышандарын өркендетіп, салаландыра түсуге үндейтіні сөзсіз . Қазақтың әлеуметтік ойын ояту жолында тарихи ұлы еңбек сіңірген Шоқан, Ыбырай, Абайлар сыншылық ой-пікірдің алымын молайтып, айтарын нақтылай түсті . Сөйтіп жаңа заман тудырған қазақтың үш данышпаны ғылыми, педагогикалық, эстетикалық тұрғыдан сыншылық өнердің қарлығашын ұшырып, мәнді өнеге көрсетті.
Шоқанның қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауы және пікір айтуы. Ғалымның әдебиет, өлең өнері туралы сыни ой-пікірлері .
Ы. Алтынсарин эстетикалық талап-талғамды қалыптастырудағы үлесі. 1879 жылы «Қырғыз(қазақ) хрестоматиясын» жасауындағы тарихи мәні. Ыбырай Алтынсариннің сыны-ғалым ретінде бой көрсетуі.
Абайдың сыншылық ой-пікірінің айрықша қатаң екендігі. Қазақтың мақал-мәтелдері туралы сыни ой-пікірлері . Абай сыны - қазақ әдебиетін өркендету жолындағы жаңа эстетикалық норма.
2. 1 Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абай демократтарының сыншылық ой-пікірлері
Ш. Уәлихановтың зерттеушілігі. Әдебиет мәселелерін зерттеуі, халық әдебиетіңің әлеуметтік, қоғамдық өмірмен байланыстылығына мән беруі, поэзияның халықтық сипатына мән беруі, жыраулар өміріне зер салуы, көшпелі елдер мәдениетінің, әдебиетінің барлығына өзгелердің көздерін жеткізуге ұмтылуы, араб, қазақ әдебиетінің ұқсастығына мін беруі, қазақтың суырып салма айтқыштығына зер салуы, қазақ өлеңдерін топқа бөлуі әдеби сынның негізін қалауға сеп болды . Шоқанның «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу», «Манас»жырын зерттеуі, «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» зерттеуінде өлеңнің 5 түрі туралы сөз қозғауы, «қазақ тың поэзияға құмарлығы, әсіресе өлеңді шығарып айтуға құмарлығы көшпенділердің айқын бейнесі«, «дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімділікке бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі, жасыл желекті даланың, ашық аспанның көріністері мен көшпенділік тұрмысы әсер етпесіне кім кепіл?», «өзінің поэзиялық дарындылығы жағынан қазақтар бірінші орынға ие екеніне дау айту қиын». Шоқан қазақ поэзиясын алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерттеп жүйелеген ғалым . Абай -қазақ әдебиетінің классигі, сыншысы. Ол сөз өнеріне, өлеңге сын көзімен қарап, биік талап қойды. «Әттең, дүние, сөз таныр кісі болса, кемшілігі әр жерде көрініп тұр-ау» деп, өзінен бұрынғы Бұқар, Дулат өлеңіне сын айтқан. Оннан астам өлеңінде тілдің құдіреті, өлеңнің қандай болуына пікір айтқан, өлеңді өнер ретінде қарап, оны күн көру мен ермекке айналдыруға қарсы шықты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»-поэзияның теориясы . Қазақ мақал-мәтелдеріне сыни пікір айтты. Ыбырайдың сыни көзқарастары туралы. «Қазақ хрестоматиясы»-жас ұрпақ үшін әрі оқулық, әрі көркем шығарма. Қазақ халық әдебиетінің үлгілері, төл туындылар және аудармалар, мақалалар жинағы тәрбиелілік мақсатта жазылған дүниелер . Оның сыншылығы нағыз педагоготығынан көрінеді. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясының » демократиялық, әдеби ойдың жемісі екендігі . Әңгімелері мен мақалаларындағы сын жанрының көрінісі. Абай өлеңдеріндегі сыншыл сарынның молдығы. Ақынның эстетикалық ой-пікірінің биік екендігі. Абай поэзиясының эстетикалық қуаты, көркемөнер :сөз, өлең, қарасөзіндегі сыни ойлар жемісі туралы, Абай сыншылдығы туралы ой толғау.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) - демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі . Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай) » деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) . Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т. б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды) . Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы . Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде: «Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері - қу борбай сымпыс шолақ», - деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне: «Ары кеткен алдамыш Мені-ақ алда, сөкпейін. Балы тамған жас қамыс, Ормасайшы көктейін», - деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді . Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай - ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:
«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай сымпыс шолақ», -
деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды . Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:
«Ары кеткен алдамыш
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс,
Ормасайшы көктейін», -
- деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай - ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.
Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) . Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыда туып күнім.
Оятқан мені ерте - Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі».
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» философиялық трактаттары, «Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», тарихи шығармасы және т. б.
Ал, енді Шәкәрімнен кейінгі қазақ философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ зиялылары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай.
Данышпан Абайдың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып қалдырған Қара сөздерінде қазақ халқын сынайтын, оның кей тірлігін қос көрмейтін жерлері көп.
Шешендік өнердің озық үлгісіндегі тәлімі мен тәрбиесі қатар өрілген не бір өрнекті өрімдері мен терең ой толғамдарына толы қанатты сөздер арқылы қазақты бірлік пен ынтымаққа, адалдық пен адамдыққа, оқу -білімге шақырған Абайдың Қара сөздерінің әрқайсысы ақыл парасат кеніне жетелер қазына. Билікке талас, мәнсапқұмарлық, шен-шекпен қуған қазақтың "мал шашпақ" мінезі Абайдың қара сөздерінде өткір мінеліп, сын тезіне алынады. Адам баласының тіршіліктегі көп қызықтарының бірқатары жалған, мәңгілігі тек артыңда қалған ұрпағың, сол ұрпақ бойына сіңірген оң істерің, ұлағатты өнегең деген ой айтылады Абайдың ғақлияларында. Сол қазынаны қайталап оқып, қайталап тыңдаған сайын қазақтың санасына сәуле шашқан дана Абайдың шығармаларымен алғаш кездескендей боласыз.
ҮШІНШІ СӨЗ
. . . Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалылығынан жетерсің» деген сөз. Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін болар ма екен деп күні өтеді . . .
БЕСІНШІ СӨЗ
. . . Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен . . .
АЛТЫНШЫ СӨЗ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz