Қазақ әдеби сыны мен баспасөзінің зерттелу тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Баспасөз және әдеби сын
Тексерген: Имаханбет Р. С.
Орындаған: Молдабек Е. Е.
2021-жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Баспасөз және әдеби сын
2. 2 Қазақ әдеби сыны мен баспасөзінің зерттелу тарихы
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әдеби сынның даму арнасы - баспасөз. Сондықтан да сынның дамуы баспасөздбің дамуына тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдеби сынның пайда болуына тікелей қолайлы жағдай туғызды. Әдебиетке қатысты алғашқы сын мақалалар ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде шыға бастаған. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» беттерінде көрінді. Қазақ баспасөзінің қарлығаштары болған бұл газеттер әлеуметтік рухани ойларды оятумен бірге әдеби ой-пікірлердің де көшбасында тұрды. Бұл газеттер қаншама ресмиліктің қыспағына түссе де, қазақтың қоғамдық ой-пікірін оятуға себепші болды. «Түркістан уалаяты» газетінде қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары, ақындардың өлең-жырлары, әңгімелері мен ертектері жарияланып отырған. 1875-1878 жылдар аралығында сыншылдық ой-пікірге қатысы бар материалдарды жариялап, халықтың сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады . Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болса саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін аңғартты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журанлы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты. «Айқаптың» тұңғыш санынан бастап «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлім ашылып, жаңа шыққан кітаптарға аннотация, жарнама-сын беріліп отырды. Айқап бетіндегі сын-ескертпелер мен мақалаларды негізінен екі салаға бөле қарастырамыз. Бірінші - педагогикалық сипаты айқын сыншылық ой-пікірлерді алдымен әңгімелейміз, өйткені бұл кезеңде мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі ең көкейтесті праактикалық іс болатын. Екінші - әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойларға назар аударып, олардың жанрлық болмысы мен табиғатын айқындау қажеттігі негізгі проблема болмақ. «Қазақ» газетінің позициясы әшейіндегі ағартушылық идеясын насихаттау емес, нақты практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға тырысқандығымен дараландырады, түбегейлі өзгерісті қалаған төңкерісшілдікті аңғартады. 1918 жылы шыққа «Абай» журналы жазба шешендіктің, ойды дөңгелетіп ажарлы жеткізудің жаңа бір амалын жасауға талпынды. Сонымен баспасөз бен сынның кіндігі бір екендігі осыншама сүбелі де жүйелі ой-пікірлерден аңғарылады. Сын - коллективтік ұжымның жігер-күшімен дүниеге келер жанр. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымдары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарды.
2. 1 Баспасөз және әдеби сын
Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып , бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басында, кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі талданды.
Тарихи деректердің бір түрі мезгіл-мезгіл шығып тұратын ұзақ мерзімді басылымдар болып табылады. Оның атқаратын қызметтері - қоғамдық ой-пікірді ұйымдастыру, мемлекетке идеологиялық тұрғыдан ықпал ету, экономикалық, саяси жəне мəдени ахуал бойынша ақпарат беру, басқару жүйесінде кері байланыс орнату.
Газеттердің пайда болуын қарастыратын болсақ, оның үш себебін бөліп көрсетуге болады: көбінесе экономикалық сұранысқа қызмет ете алады, қоғамдық топтардың қызығушылық танытқан көпшілік пікірін қалыптастырады жəне мемлекетік идеологияны жүргізеді. Сол себепті өткен ХХ ғ. басында мерзімді басылым ретінде газеттің негізгі қызметі түбегейлі айқындалды - қоғамдық пікірмен бөлісу жəне қоғамды жүйелеу бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.
Журнал - мерзімділігі жағынан аптасына, 10 күнде, 2 аптада, айына, 2 айда, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет шығатын басылым. Мазмұны жағынан журнал, қоғамдық-саяси, əдеби-көркем, спорттық, сатиралық, өндірістік-техникалық, ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық, библиографиялық журнал болып, оқырмандарына қарай бұқаралық жəне оқырмандардың белгілі бір категорияларына (балаларға, жасөспірімдерге) арналған болып бөлінеді. Бұқаралық, қоғамдық-саяси жəне əдеби көркем журналдарда ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, танымдық, сəндік, көркем өнер туындылары сипатындағы материалдар, фотосурет түрлері мен бейнелеу өнерінің туындылары; ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық журналдарда ғылыми-зерттеулерде мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар, спорттық жəне өндірістік-техникалық журналдарда өзі арналған салаларға қатысты материалдар, ал сатиралық журналдарда сын-сықақтар, фельетондар, тағы басқалар басылады
Рецензия. - сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын өрісі көп жанр. (лат. тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру) . Р. дегеніміз әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып баяндайтын, пікір білдіретін әдеби сынның жанры. Рецензия -әдеби үдерістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай, дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр. Сондықтан да рецензия баспасөз бетінде жиі көрініп, көп оқылады. Оның осы қасиетіне байланысты болса керек , сын туралы қаулыда рецензияға баса назар аударылды . «Рецензиялау практикасында елеулі кемшіліктер бар. Жарияланған рецензиялар көп реттерде сыңаржақты сипатта болады, ешқандай негізсіз қағытушылық кездеседі, олар шығарманы атүсті айтып шығуға саяды, оның маңызы мен құндылығын нақты көрсетіп бере алмайды» деп, қатты сынға алды. Сөйтіп алдағы уақыттарда жаңадан шығып жатқан кітаптарды рецензиялау жұмыстарын жақсарту міндеттерін алға қойды. Қаулы шыққаннан кейін, баспасөз бетінде сынның рецензия жанры әдәуір жандана түсті. Республикадағы бірден-бір үлкен әдеби журнал «Жұлдыз» беттерінде рецензиялық мақалалардың жариялануы жиілей түсті. Рецензия сан жағынан ғана емес, жанрлық жағынан да жетіліп, сапасы арта түсті. Шағын көлемде толымды пікір айту, әсіресе, жас сыншылардың шеберлік мектебіне айналды. Жаңадан шығып жатқан шығармалар өзі туралы айтылар бағаны алғаш рет осы рецензиядан алып жатты. Әдетте рецензия шағын келеді. Әрине рецензия жанрында көрінген кейбір мақалалармен пікір жарыстыруға, талдаушылық шеберлігіне тоқталып жатуға мүмкіндіктің жоқтығынан олардыі кейбіреуіне ғана тоқтала кеткенді жөн көрдік. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған «Алмас қылыш» романының кезінде идеялық жағынан қатты сынға ұшырағаны белгілі. Осы роман кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясына арнап белгілі әдебиетші Х. Әдібаев сын жазды . Автор «Сыншы міндеті - би болып, үкім шығару, кесім айту н/е мәңгілікке мандат беру емес, ойға ой, сезімге сезім қосып, шығарманың жетістік-кемістігін анықтау ғой деп түсінеміз . Алдымызда жатқан үш қалың кітаптың негізгі сипатын ағымыздан жарылып, газеттік маақаланың мүмкіндігінше талдадық-дей келіп, - Шығармада күрделі жемсі бар, жетістік аз емес; ренжітерлік, жетпей жатқан жерлерін де айттық . . . Қайталап айтамыз, жазушы І. Есенберлин бүгінгі таңда ел-жұртына мейлінше қажет, мың сан оқушысын тапқан, туған әдебиеттің тақырыптық шеңберін көбейткен күрделі романдар циклын бітірді»(«Қазақ әдебиеті», 12. 04. 1974) - деген ой түйеді. Шағын да шапшаң жанр рецензияның бірсыпырасы алдын-ала ойластырылған белгілі бір мақсаттармен жазылып, біржақтылыққа ұрынған, сөйтіп өзіне жүктелген абыройлы міндеттің үдесінен шыға ламаған кездері де болды. Сын қара қылды қақ жарып, шындықты шырылдап тұрып айтуға тиіс болса, кейбір рецензияларда бір кітапқа пікір айта отырып, авторының ар-ұжданына, намысына тиетін сөздер айтып, тіпті оның шығармашылық болашағын кесіп-пішіп қоятын жағдайлар да ұшырасты.
2. 2 Қазақ әдеби сыны мен баспасөзінің зерттелу тарихы
Белгілі деректанушы- ғалым Қ. Атабаев мерзімді басылымдарды дереккөз ретінде зерттей отырып, қазақ баспасөз тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынады:
1. «1870-1917 ж. наурызы , «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күнінен патша өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы.
2. 1917 ж. наурызы - 1918 ж. ортасы. Уақытша үкімет тұсындағы демократиялық бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.
3. 1918 ж. ортасы - 1920 ж. аяғы. Демократиялық күштердің большевиктік авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз.
4. 1921 ж. - 1991 ж. аяғы. Кеңес өкіметі немесе большевиктік диктатураның толық орнауы, тоталитарлық жүйенің қалыптасуы жəне коммунистік партияның шексіз үстемдік етуі жылдарындағы мерзімді басылым.
5. 1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі, тəуелсіз Қазақстан тұсындағы ұлттық баспасөз» [2; 58, 59] . Ғалым бұдан басқа кеңестік дəуірдегі баспасөз тарихының өзін шартты түрде кезеңдерге бөліп көрсете отырып [2; 59, 60], «ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу жəне даму тарихын еліміздің тəуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың ХХ ғ. тарихының дерегі ретінде пайдаланудың басты алғышарттарының бірі болып табылады» [2; 61], - деп жазғаны орынды.
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады . Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6-9], алғашқы басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады: ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар - «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902) ; ХХ ғ. басындағы газет-журналдар - «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911-1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913- 1918), «Айқап» (1911-1915), «Алаш» (1916-1917), ««Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерімен қатар зор маңызға ие болған басылым - «Айқап» журналы. Журнал 1911-1915 жылдардың аралығында жарық көрген. Ол туралы Ү. Субханбердина былай деп жазды: «Троицк қаласындағы «Энергия» баспасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, əдебиет пен мəдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды» [2; 24] . Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917) .
«Айқап» журналының шығарушысы жəне оның редакторы танымал жазушы, белгілі журналист Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші- ғалымдар М. Сералинді қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп есептейді . Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журналында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды тақырып - жер мəселесі, отырықшы болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды. Бұл мəселелер жөнінде М. Сералин өзінің «Жер мəселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалаларын жазып, оны «Айқап» журналының беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай, ел арасындағы ағарту мəселесіне де көңіл бөледі. Журнал жабылып қалғаннан кейін ол 1919-1920 жж. «Ұшқын» газетінде де қызмет атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz