Әдеби тілдің нормалары
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
ерекшелігінің
Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі -- ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сыннан өткізген жалпы халықтық тілі.
Ауызша сөйлеу тілі -- күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігі-сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері-кәсіби сөздер, жаргондар, диалектизмдер т.б кездесуі әбден мүмкін.
Ауызекі тілдің ерекшелігі-әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы Мысалы: екі адам ауа-райы туралы сөйлесіп тұрып күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін.)
Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді.
4.Ауызекі сөйлеу тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:
-- сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады;
-- көбіне-көп алдын-ала дайындықсыз өтеді;
-- сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;
-- одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады;
-- дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады.
2. Ауызекі тілдің әдеби тілге қатысы.
Сөйлеу түрінің екі түрі болады: 1) қарапайым түрі (ауызекі) 2) әдеби түрі.
Ауызекі сөйлеу тілінің әдеби тілден артықшылықтары: ауызекі сөйлеу тілінде еркінділік күшті болады. Сөз арасында диалектизм, тұрпайы сөздер, қарапайым дублетті сөздер де айтыла береді. Көбінесе ауызекі, көзбе-көз, беттесіп сөйлесу орайында танылады. Ауызекі сөйлеу тілінде беттесе сөйлескен кісілердің сөздері көбінесе сұрақ, жауап түрінде қысқа болады. Сөз тұлғаларын толық айтпай, сөзді, сөз тұлғаларын жұтып қойып (алып-ап, келіп - кеп) ауызекі сөйлеуге тән.
Әдеби тіл - жазба тіл. Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілі тығыз байланысты болып келеді. Себебі, әдеби тіл - ауызекі сөйлеу тілінің жоғарғы формасы. Пушкин: жазу тілі (әдеби тіл) мен сөйлеу тілі бір-біріне пара пар бірдей бола ала ма? деп сұрау қояды. Олардың бір-бірімен бірдей болмайтынын, әдеби тіл ауызекі сөйлеу тілінде жиі пайда болып, сөздерімен толығып отыратынын, бірақ өзінің жазу дәстүріндегі ерекшеліктерін сақтау керектігін айтады. Пушкин: тек қана сөйлеу тілімен жазу - бұл тілді білмеумен бірдей
Сөйлеу түрінің әдеби түрі жазба әдебиет тілінен қоректенеді: шешен мүмкін болғанша әдеби тіл үлгісімен сөйлеуге тырысады. Оның қолданған сөздері де, сөйлем құрылыстарында жалпыхалықтық қасиеті бар, алдын-ала кесіп-пішілген нормалар жүйесі болады. Онда да ауызекі сөйлеу тіліне тін ерекшеліктер, мысалы, сөйлемді сазына келтіріп сөйлеу, сөздерді қысқартып пайдалану (ҚазГУ, СҚ, Метро) бола береді. Әдеби тілде сөздер сараланған, кісінің ойлау, жазу елегінен өткен, ауызекі тілде айтыла бермейтін өрнектері болады. Сол себепті, дәл айтылған қалпында жазу өтімді болмайды. Француз ғалымы Бюффон Рассуждение о стиле деген еңбегінде: Өзі сөйлегендей жазатын адам қанша тамаша сөйлесе де, ол нашар жазатын адам дейді.
Жазба әдеби тіл жасалмай тұрған кезде ауызша тіл қаншама бай, көркем, шешендіктің құралы болғанымен, әдеби тіл деп есептелмейді. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл тығыз байланысты болып келіп, бір-бірін қажет етеді. Ауызекі сөйлеу тілі әдеби тілдің құнарлы байлығы болып табылады.
3. Әдеби тілдің сипаттамасы.
Әдеби тіл дегеніміз -- жазба әдебиет арқылы жалпыға бірдей ортақ нормалары қалыптасқан, стильдік тармақтары сараланған, қоғамдық қызметі әр алуан халық тілінің жоғары формасы 56.
Әдеби тілдің барлық стильдік тармақтарына, бірінде аз, бірінде көп, ортақ мынандай айырым белгілері болады.
1. Халық тілінің негізгі сөздік қоры мен сөз байлығы, дыбыс құрылысы мен грамматикалық құрылысы ауызекі тілге де, әдеби тілге де ортақ. Жазба әдебиеттің халық тілінің сөз байлығын игеру дәрежесі әдеби тілдің қалыптасу жағдайының қалпын көрсетеді.
2. Әдеби тіл өзіне керек сөздерді халықтың ауызекі тілінен ерекшелеп айтумен қатар, өзге тілдерден ауысқан сөздермен, әсіресе термин сөздермен толықтырады; бұрын бар сөздер деп және морфологиялық тұлғалар негізінде жаңа сөздер пайда болады.
Сөйтіп, әдеби тілдің тағы бір белгісі-оның сөз байлығының құрамында өзге тілден жазба әдебиеті арқылы ауысқан сөздер көп болады. Олардың санының аз-көптігі адебиеттің дәрежесінің де қандай екеніне өлшем бола алады.
Ауызекі тілдің сөз құрамында, грамматикалық құрылысында, сөздердің айтылуында белгілі жүйе болғанымен, олардың жетілу, тұрақтану жағдайы халық өкілдерінің бәріне бірдей үйреншікті болмағандықтан, оларда бірізділік жүйелілік негізінде пайда болған. Нормалар ауызекі тілде белгілі бір қалыпта жұмсалмай, ауытқып отырады. Оларды нормалап баянды ететін де, тілдің грамматикалық құрылысын жетілдіріп жақсарта түсетің де - жазба әдебиет. Сөйтіп, әдеби тіл - грамматикалық тағы басқа, тіл қат-қабаттары тап-тұйнақтай нормаланған тіл.
4. Әдеби тіл тарихы, қоғамдық құбылыс болатындықтан, қоғамның барлық іс-әрекетіне, әдебиетінің барлық түріне бірдей қызмет етеді. Әдеби тілдің неғұрлым стильдік тармақтары айқындалып жетілген болса, -- оның солғұрлым буыны қатқан, мүмкіншілігі мол, бай әдеби тіл болғаны. Осылардың бәрі жазу арқылы, жазба әдебиет арқылы сұрыпталады, жетіледі.
4. Әдеби тілдің нормалары.
Тілдік нормалар
Лексикалық норма
Грамматикалық норма
Орфоэпиялық норма
Орфографиялық норма
Тілдік норма дегеніміз әдеби деген ұғыммен қатар айтылады. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілге орныққан тіл байлықтары- тілдік норма дегенге жатады. Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулары ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып есептелінеді. Сондықтан *әдеби тіл* *әдеби емес тіл* дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз. Тілдік норма дегеніміз- бір жағынан тілде барды сол күйінде қалыптастыру болса, екіншіден тілде барды өзгертіп қалыптастыру үшіншіден тілде жоқты бірақ әдеби тіл үшін керекті жаңадан енгізіп қалыптастыру болып табылады.
Лексикалық норма дегеніміз- әдеби тілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұрғыда, жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы. Нормаға түскен сөз сол қалпында қалып қалмайды, әдеби тілдің талабына лайық заңды өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкін.Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:Диалектизмдер (Мысалы:ә(жаңғақ) д(шаттауық)ә(жүгері)д(борми).) Профессионализм (Жергілікті халықтардың кәсібіне байланысты сөздер. Мыс:ә(жұмысшы) ә.е(жұмыскер)ә(совет,Қарһарман)ә.е( кеңес,герой).
Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасын-орфоэпия дейміз. Ал сөздердің барлық норманы сақтай отырып, ережелерге сүйене отырып жазылуы- орфоэпиялық норма деп атаймыз. Мысалы:А(тажірбие, ауысша, сөсшен) Ж(тәжірибе, ауызша сөзшең). Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.Ал белгілі біт пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды.Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.
Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері тұлғалары құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп жұртқа әбден дағдылы болған:сөз таптарының тараптарының, сөз тұлғаларының ,сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылысының сол қалпын-грамматикалық норма дейміз. Грамматикалық нормалар грамматикалық ережелер негізінде , әдеби тілдің қалыптасу барысында жасалады. Грамматикалық норма - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманың дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz