Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 109 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

KZT1101 Қазақстанның қазіргі заман тарихы

пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Барлық мамандықтар бойынша

Күндізгі

ҚЫЗЫЛОРДА, 2021ж

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырған

т. ғ. к., проф М. Н. Аңсатова, п. ғ. м., аға оқытушы А. Ж. Азирбекова

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәннің оқу-әдістемелік кешені Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мәжілісінде қаралды.

№ 1 хаттама, « 26 » тамыз 2021ж

Кафедра меңгерушісі: Оразбақов А. Ж.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәннің оқу-әдістемелік кешені Академиялық кеңес отырысында мақұлданды.

№ 1 хаттама, « » 2021ж

Академиялық кеңес төрағасыЖайлауова М. К.

Мазмұны

1) Негізгі оқу бағдарламасының (міндетті компонент пәндері) көшірмесінен немесе оқу бағдарламасы (таңдау компоненті пәндері бойынша) ;

2) Syllabus (жұмыс оқу бағдарламасы)

3) пəннің оқу - əдістемесімен қамтамасыз ету картасы

4) дəрістік кешені (дəріс тезистері, көрнекілік жəне тарату материалын, ұсынылатын əдебиеттер тізімін) ;

5) семинарлық (практикалық), зертханалық сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқаулар;

6) білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар;

7) білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар;

8) оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі. (пән ерекшелігіне байланысты)

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін»

Гуманитарлық-педагогикалық

институт директоры Тайман С. Т.

№1 хаттама « ___ » 2021ж.

KZT1101 Қазақстанның қазіргі

заман тарихы пәнінің

жұмыс оқу бағдарламасы

Барлық мамандықтар бойынша берілген кредит саны: 5

Қызылорда, 2021 жыл

Жұмыс бағдарламасын дайындаған т. ғ. к., проф М. Н. Аңсатова, п. ғ. м., аға оқытушы А. Ж. Азирбекова

ПІКІР ЖАЗУШЫ

С. К. Серікбаев т. ғ. к.

Н. К. Мыңжасов т. ғ. к. доцент

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі., жалпы білім беру пәндері үшін «KZT1101Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне арналған типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды. Алматы 2019ж.

№1 хаттама « ___ » 2021ж. ғылыми әдістемелік кеңесінде қаралған.

Блок 1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай -тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары

Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қорыныстандыру ісінің қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау.

Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі.

Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Ұсақ өнеркәсіп. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсіту және қанау ұстанымы

Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар

Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Мұсылмандардың қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арыз-тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты.

Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Думада қазақ жері туралы мәселенің қойылуы Б. Қаратаев, Т. И. Седельников және басқа депутаттардың қызметі. Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік дума қызметіне арналған мақалалары. Аграрлық мәселе және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтың сөздері. Қазақ саяси элитасының (Ә. Н. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тынышбаев және т. б. ) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу әрекеттері. Ұлттық зиялылар: қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ғасыр басындағы қазақ ағартушылығы: ерекшеліктері, мақсаты, жеке тұлғалары. А. Байтұрсынұлының «Әліппе» (Оқу құралы) (1912) . Қазақ кітаптары және оларда көтерілген қоғамдық мәселелер. А. Байтұрсынұлының «Маса», М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» Ш. Құдайбердіұлының, М. Ж. Көпейұлының, Ғ. Қараштың, Ә. Кердерінің және басқа қазақ жазушыларының кітаптары. Қазақ әдеби және ғылыми тілінің қалыптасуы. «Айқап» журналы (ред. М. Сералин), «Қазақ» газеті (ред. А. Байтұрсынұлы) . Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы. Қазақ ұлтшылдығы: ерекшеліктері, мақсаты, қорғаныстық сипаты.

Ресейлік түркіліктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша қазақтан депутат сайлау құқының жойылуы. Қазақ саяси тобы өкілдерінің жалпыресейлік мұсылман съездеріне (С. - Петербург, Н. - Новгород) қатынасуы. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Ұлт-азаттық қозғалыс басшыларын қудалау. Жандарымдық - полицейлік тәртіптің күшеюі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Қазақстан аумағындағы халық бұқарасы жағдайының нашарлауы. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. «Тыл жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 ж. 25 маусымдағы жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Қозғалыстың көшбасшылары: А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ә. Жанбосынов, Ұ. Саурықов және басқалар. Қарқара көтерілісі ( «Албан көтерілісі») - 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық көтерілісінің Жетісу облысындағы орталығы. Орыс әскерінің жазалау әрекеттері. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Патша өкіметінің жазалау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тылдағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарының жағдайы. Ә. Бөкейхановтың шақыруымен тыл жұмысындағы жастармен жұмыс істеуге ұлт зиялыларының өз еркімен аттаныуы. Бұл азаматтық актінің салдары және тарихи маңызы. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы.

Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т. б. Қазақстандағы саяси биліктегі өзгерістер. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси басқарушы тобының Қазақ комитеттерін құруға байланысты шақырулары. Қазақ комитеттерінің құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ съездері және оларда қаралған мәселелер. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдары құрамындағы қызметі. 1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі.

Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә. Н. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.

Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары

Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі. Бұл оқиғаға байланысты Ә. Бөкейхановтың өз ұстанымын білдіркі. Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға дарялық. Қоқан қаласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) үкіметінің құрылуы. М. Шоқайдың естеліктері. Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы. Советтік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқы Декларациясы (15 қараша 1917 ж. ) жариялануы. Алашорда және Қоқан автономиясы билік орындарының таратылуы. Кеңес өкіметінің Қазақ комитеттерін «ұлттық-буржуазиялық» биліктің көрінісі ретінде тануы.

Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.

Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақ халқын таптық тұрғыдан екіге бөлу. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі. Алашорда үкіметіне «кешірім» жариялануы. А. Байтұрсынұлының В. И. Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылғын сын.

Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы - ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР - нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А. З. Валидов.

Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.

Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) . Оған көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.

Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы. Ф. И. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.

Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру -дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер - ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т. Рысқұловтың И. Сталинге хаты -ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С. Сәдуақасовтың, С. Қожановтың және Ж. Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. Ф. И. Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін - қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.

Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру - тоталитарлық басқаруға барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары - сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М. Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі - түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам. Оның («Яш Түркістан». «Кеңестер билігіндегі Түркістан» ж. б. еңбектері.

Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы - қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі - ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.

Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуі. А. Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы әрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.

Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындары мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктері. Қазақстандықтар -партизан қозғалысына дем берушілер. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры -қазақстандықтар қасіреті. Ерлігі бағаланбаған қазақстандықтар - кеңестік биліктің әділетсіздігінің айқын көрінісі.

Фашистердің «Түркістан» легионын құру әрекеті. М. Шоқай және басқалар туралы бұрмаланған аңыз бен шынайы шындық. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару - ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы.

Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі. Қазақстандықтардың соғыста қираған аудандарды қалпына келтіруге көмегі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары.

Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

БЛОК 2. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТЫ САЛДАРЛАРЫ

Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық»

Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.

Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының негізсіз сынға түсуі. Е. Б. Бекмахановтың, Қ. И. Сәтбаевтың, Б. Сүлейменовтың т. б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е. Б. Бекмахановтың К. Қасымұлы көтерілісін зерттеушілік жұмысының негізсіз айыпталуы. Хан Кене тарихи әдебиетте. «Феодалдық» эпостарға шабуыл - халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлері.

Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.

И. Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты.

Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар - Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.

Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.

Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.

Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар

Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі. 1965 - 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. Кеңестік экономиканы басқару тәсілдерін орталықтандыру тұрғысынан өзгерту және өнеркәсіптік, аграрлық реформалардың қайшылықтары. Мемлекеттік меншіктің басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай модернизациялық моделінің тиімсіздігі. Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70- ші жж. қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас тұлпар», т. б. ) .

КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.

Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.

Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т. б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991) . Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т. б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.

Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.

Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері

КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М. С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс. КСРО -ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.

Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері. Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары. Экономиканы басқарудағы өзгерістер. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы пәні
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Тарих ғылымының принциптері
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Оқушылардың жобаны орындауы
Тарихты оқыту әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz