Өлшеу құралдарын қосу схемасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті

Зертханалық жұмыс №1
Электротехника
(пәннің атауы)

Тақырып: Электротехника курсы бойынша зертханалық тәжірибелерді орындау үшін Еlectronics Workbench (EWB) программалық қамтамасыздандыруды тәжірибелік қолдануға
әдістемелік нұсқаулар

Орындаған: Маш 19-2 тобының
студентті Саипов Е.М
Тексерген: Байдильдина Ж.Б

Қарағанды 2021
Кіріспе
Электротехника курсында электрлік және магниттік құбылыстар және де оларды тәжірибелік мақсаттарда қолданулар зерттелінеді.
Электротехника пәнін зерделеу жұмыстарында электротехникалық құралдар мен қондырғыларды пайдаланатын техникалық бакалаврларды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
Электротехника курсында дәрістерде алынатын теориялық білімдерді тәжірибелік түрде түсіндіріп, дәлелдейтін зертханалық жұмыстарға көп көңіл аударылады.
Ұсынылған зертханалық практикум студенттердің өз бетінше есептеу модельдерін құрып, нәтижесін талдап, ПЭВМ қолдана отырып зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Осыған байланысты студенттер зертханалық жұмыстарды орындай отырып, зерттеу түрінде әрбір сұрақтарды өз бетінше шешуді үйренеді. Программалық қамтамасыздандыру ретінде Electronics Workbench программасы қолданылады.
№ 1 зертханалық жұмыста студенттер Electronics Workbench программасымен берілген электр тізбектерінің элементерін зерттейді, өлшеу құралдарының параметрлерін таңдауды және электр схемаларын құруды үйренеді.

Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері
1. Жұмысты орындау алдында оқытушы әрбір студентке жеке сұрақтар қойып, оның дайындығын тексереді. Зертханалық жұмысты орындауға жіберілген студент компьютердің алдына отырып, Electronics Workbench программасын қосып жұмысын бастайды.
2. Зертханалық жұмыстың соңында студент жасаған жұмысының нәтижесін оқытушыға көрсетеді.
3. Студент зерттеу нәтижесімен зертханалық жұмыстың есебін беріп, қорғауы керек. Әрбір студент жеке-жеке қорытынды жасауы қажет. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.
4. Әр жұмыс бойынша есеп беру, әр студентке жеке болады және оның ішінде:
- кафедраның атауы, курсы, жұмыстың атауы, студенттің тегі мен тобы көрсетілген титулдық бет;
- жұмыстың мақсаты мен мазмұны;
- тәжірибелердің электрлік схемалары;
- есептеулердің нәтижелері бар кестелер және берілген элементтер;
- есептеу есептемелері;
- графиктер;
- қорытындылар болу керек.
Есеп беру қолжазба тәжірибе, А4 стандарт форматта орындалады. Электрлік схемаларды сызғанда МЕСТ-термен сәйкестендірілген шартты белгілерді қолдану керек.

Зертханалық жұмыс № 1
Электротехника курсы бойынша зертханалық тәжірибелерді орындау үшін Еlectronics Workbench (EWB) программалық қамтамасыздандыруды тәжірибелік қолдануға әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мақсаты: электр сұлбаларын модельдеу техникасын зерттеу және өлшеу арқылы электр шамаларына талдау жасау.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1 Электр схемаларын жасау техникасы
EWB программасы түрлі қиын электр схемаларын модельдеуге мүмкіндік береді. EWB программасы арқылы электр схемаларын модельдеу үшін талданатын тізбектің схемасы болу керек. Схемаға сәйкес программаның жұмыс терезесіне компоненттер кітапханасынан кажетті электр тізбектерінің элементтері алынады. Электр тізбегін модельдеу программаның жұмыс терезесінде орындалады (сур.1.1).

Сур.1.1 EWB программасының жұмыс терезесі

Жоғарғы қатарда жұмыс терезесінің менюі орналасқан (File, Edit, Circuit, Analysis, Window, Help), төменде ыстық клавиштер функциясын орындайтын командалар қатары орналасқан. Ары қарай электр тізбектерін модельдеу үшін қажет түрлі элементтері бар пиктограммалар орналасқан.
Жұмыс терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышында электр схемасының жұмысын жүргізіп, тоқтататын сөндіргіш орналасқан. Сөндіргіштің төменгі жағында дер кезінде жұмысты тоқтата тұратын Pause клавишасы орналасқан. Электр схемаларын модельдеу терезесі пиктограмма қатарынан сызықша арқылы бөлінген.
Элементтерді орналастыру үшін тышқан курсорын сәйкесінше пиктограммаға апарып, тышқанның сол жақ кнопкасын бір рет басады. Осыдан кейін берілген пиктограммадағы барлық элементтердің бейнелері көрсетілген терезе ашылады. Таңдалған элемент тышқанның сол жақ кнопкасын басу арқылы жұмыс терезесіне алынып шығарылады. Элемент қызыл түспен бөлініп, өзінің активті күйде екенін көрсетеді. Элементке апарып тышқанның сол жағын екі рет басу диалогты терезені ашады, ол тізбекке қажетті параметрлерді орнатуға мүмкіндік береді (кернеу, номинальды кедергі және т.б.).
Элементтерді орналастырғаннан кейін оларды бір-бірімен жалғайды. Ол үшін тышқанның курсорын элементтің шетіне апарып сол жақ кнопканы басады, қара нүкте пайда болғанда келесі элементтің шетіне апарады, тағы да қара нүкте пайда болғанда кнопканы жібереді, яғни қосылыс орындалды деп есептеледі. Қосылысты айыру немесе керек емес элементті өшіру қажет болса, сол элементтің үстіне тышқан курсорын апарып сол жағын бір рет басады да клавиатурадағы Delete клавишасын басады. Шынымен өшіру қажет пе деген диалогты терезе шығады. Мақұлдаған жауап - элементті өшіреді, теріс жауап - өзгеріссіз қалдырады.

1.2 EWB компонеттерінің кітапханасы

Электр схемаларының элементтерін құрайтын пиктограммалар саны 14. Компоненттер кітапханасы келесі бөлімдерден тұрады:
1. Favorites - схемалардан тұратын бөлім. Алғашқы күйінде бөлім бос күйінде болады. Компоненттер модельдері мен схемалармен бөлімді толтыру автоматты түрде орындалады және жұмыстың соңында өшіріледі.
2. Sources - көздер. EWB программасындағы барлық көздер идеалды түрде көрсетілген.
3. Basic - сызықты және сызықты емес элементтер.
4. Diodes - диодтар.
5. Transistors - транзисторлар.
6. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралының жұмысы
Автоматты жүйенің температуралық реттегіш режимі
Өлшеу қателіктері және өлшеу құралдары
Қысымды өлшеу құралдары
Газ тасымалдау компрессор стансалары
Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №4 зауытының басты компрессорлық станциясының автоматтандырылуын жобалау
Көмір сутекті газдарды тазалаудың технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
БАҒЫТТАЛҒАН КЕРНЕУ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ Оқу құралы
Пәндер