Жоғарғы кәсіби білім жүйесін стратегиялық дамыту кезеңі
3 дәріс
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы
Жоспар:
1. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің тарихы.
2. Заманауи кезеңдегі жоғары білім.

Қазіргі әлемдегі адамдардың аса маңызды қажеттіліктерінің бірі жоғары білімге деген қажеттілік болып табылады, бұл адамдардың білімді болуға деген ұмтылысын білдіреді.
Жоғары білім жүйесі адамға өмірлік бағдар береді, оның дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді, тілдің, дәстүрлердің сабақтастығын қамтамасыз етеді, қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы мен ұлттық мәдениеттің сақталуына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта заманауи технологиялардың арқасында ақпараттардың қолжетімділігі айтарлықтай артты, кез келген арнайы білімдерді Интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланып, үйден шықпай-ақ алуға болады. Осыған байланысты заманауи білім беру жүйесінің функциясы адамды білімдердің белгілі бір көлемімен толықтыру емес, заманауи ойлауды қалыптастыру және оқушының тұлғасын дамыту болып өзгерді. Заманауи қоғамға адамгершілікті, жігерлі, толерантты, жаңа білімдерді қабылдауға, өз қабілетімен жаңашыл шешімдер қабылдауға және осы шешімдердің салдарын талдауға қабілетті адамдар керек.
Қазіргі технологиялар мен инновациялар дәуірінде жоғары білім саласына көптеген реформалар енгізілуде. Қазақстан 2030 Стратегиясында білім беру еліміздің басты бағыттарының бірі деп жарияланды. Осының негізінде білім саласын дамытудың бірнеше қысқамерзімді мемлекеттік бағдарламалары әзірленді: Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, осы бағдараманың жалғасы ретіндегі Бiлiм берудi дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында кәсіби және техникалық бiлiм берудi дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, 12 жылдық орта білім берудің Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және аттестаттау жүйесін жетілдірудің 2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы және т.б. құжаттар қабылданды.
Қазақстанның жоғары білім саласының тарихы өзіндік ерекшеліктер мен қызықты фактілерге өте бай.
Қазақстанда жоғарғы мектептің пайда болуы кеңес үкіметінің келуінен бастау алады. Оған дейінгі кезеңде білім беру жүйесі негізінен гимназиялардан, медреселер мен училищелерден тұратын еді.
Кеңес дәуірінің дау тудырмайтын жетістіктерінің бірі - білім беруді дамыту және сауатсыздықпен күрес болғаны белгілі. 1918 жылы Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация қабылданып, кеңестік білім беру жүйесінің негізгі принциптері жарияланды - ақысыз (тегін) білім алу, қыз балалар мен ер балалардың бірге оқуы, діни пәндердің алынып тасталуы, жазалаудың барлық түрлерінің жойылуы, мектептегі өзін-өзі басқару. Мектептердің барлығы екі сатыдан тұратын болды - біріншісі, 8-13 жастағы балаларға, екіншісі 13-17 жастағы балаларға арналды. Медресе, мектептер мен орыс-қазақ мектептерін кеңестік мектеп деп өзгерту науқаны бастылды. Азаматтық соғыстың соңына қарай Қазақстанда 2410 мектеп жұмыс істеп тұрды, оларды оқитын 144 мың оқушының ішінде 31 мың оқушы қазақ балалары болды. Алайда, мектептердің басым көпшілігі мектепке лайықталмаған орындарда жұмыс істеді, қазақ мектептерінің 99 пайызында өз ғимараты болған жоқ. Бірыңғай оқу бағдарламалары да, оқулықтар да болмады. Қазақ балалары мен батрактардың балаларына арналып мектеп-коммуналар мен мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. 1923 жылы мектептердің аны 2025, ал оқушылар саны 128 мыңға жетті, ал 1925 жылы 2713 мектепте 160 924 оқушы оқыды. Солай бола тұрса да, күрделі экономикалық жағдайлар мектеп санының артқанына қарамастан, білім беру жүйесінің сапалық көрсеткіштерінің құлдырауына әкеп соқтырды. Мысалы, 1927 жылы ауылдардағы қазақ мектептерінің 1,5% ғана, ал орыс мектептерінің 28% жеке үй-жаймен қамтылған еді. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білімге көшу туралы декларация жарияланды, ал 1931 жылы жалпыға бірдей 7 жылдық білім енгізілді. Интернаттар саны барған сайын арта түсті, 1934 жылы интернаттарда оқитын балалардың саны 24 мыңға жетті. 1925 жылы қазақстан мектептерінде аттестаттардың, куәліктердің бірыңғай үлгісі, 5-балдық бағалау жүйесі, оқу жылы мен демалыстардың бірыңғай ұзақтығы белгіленіп, мектептердің құрылымдары ретке келтірілді.
ХХ-ғасырдың 20-30 жылдарында білім беру жүйесінің аса маңызды бөліктерінің бірі ересек тұрғындардың арасындағы сауатсыздықты жою болғаны белгілі. 1921 жылы Қазақстан үкіметі сауатсыздықты жою жөніндегі Орталық Төтенше комиссияны құрды, осы комиссия тұрғындардың сауатын ашатын пункттерді ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстарға басшылық жасады.
1921 жылдан 1927 жылға дейін осы пункттерде 200 мың адам, 1929 жылы 150 мың адам, ал 1930 жылы 500 мыңға жуық адам оқытылды.
20-30 жылдары мектептерді әдістемелік қамтамасыз ету бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы Семейде А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы Есеп құралы, Оқу құралы, Тіл құралы деген кітаптарды жазып шығарды. Мемлекеттік баспада жаңа оқулықтар шығаруға арналған редакция алқасы құрылды, оның жұмысына Ә.Бөкейхан (Геогафия), М.Жұмабай (Қазақстан тарихы, Педагогика), Ж.Аймауытұлы (Дидактика), Б.Омаров (Алгебра) және басқа да ұлт зиялылары тартылды. 1927-28 оқу жылында қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарының саны 30-дан асты, оларың жалпы тиражы 575 мың данаға жетті.
1929 жылы қазақ әліпбиінің араб графикасынан латын әріптеріне көшірілуі білім беру жүйесіне ауыр соққы болып тиді Билік қазақ халқын жаппай сауаттандырумен қатар, ғасырлар бойы жинақталған, араб әріптерімен жазылған орасан зор рухани мұрадан айыруға тырысты.
Сонымен қатар, 1924 жылы А.Байтұрсынұлы жетілдіргеннен кейін де араб графикасы қазақтардың кез келген түркітілді басылымдарын, оның ішінде шетелдерде шығарылған басылымдарды да оқуына мүмкіндік ашқан болатын, бірақ бұл да саяси тұрғыдан зиянды деп танылды. Араб графикасының негізінде қазақша оқи алатын жүздеген мың қазақ енді қайтадан сауатсыз атанып, жаңа әліпбиді меңгеруге мәжбүр болды.
Кеңес үкіметінің тұсында Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының жүйесі дами бастады. 1926 жылы Ташкент жоғарғы педагогикалық институтында қазақ факультеті ашылды. 1928 жылы осы факультет Алматыға ауыстырылып, Қазақ мемлекеттік университеті болып ұйымдастырылды. Екі жылдан соң оның атауы Қазақ педагогикалық институты болып өзгертілді, ал 1935 жылы оған Абай Құнанбаевтың аты берілді. 1929 жылы Алматыда зооветеринарлық институт, ал 1930 жылы ауылшаруашылығы институты ашылды. 1934 жылы Алматыда тағы екі ЖОО ашылды - Тау-кен металлургия институты және С.Киров атындағы мемлекеттік университет (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ).
1931 жылы Алматыда республика бойынша алғашқы медицина институты ашылады. Педагогикалық және мұғалімдер институттары Оралда, Семейде, Ақтөбеде, Петропавлда, Шымкентте және Қостанайда ашылды. Сондай-ақ, 30-жылдары сырттай оқу жүйесі дами бастады.
Әрине, қарышты даму үшін ғылым мен жоғарғы білім тең ілгерілеуі қажет. Сондықтан да, азаматтық соғыс жылдары және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан ғылымының қайта өрлеуі басталды. Бұл іс қалыптасқан ғылыми-зерттеу ұйымдарының болмауына, қаржы тапшылығына және ғылыми кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты күрделене түсті. Осы кезеңде көбіне қолданбалы ғылыми проблемалар дамыды, оларды әзірлеу қажеттігі маңызды сұраныстарға байланысты болды. 1918 жылы Ташкентте Түркістан шығыс институты ашылды, ал 1919 жылы - Қазақ әскери комиссариаты жанынан тарихи-статистикалық бөлім ашалып, онда тарихи, этнографиялық және жаратылыстану-географиялық секциялар жұмыс істей бастады. 1920 жылы бөлім Оқу комиссиясы болып қайта құрылып, Халық ағарту комитетінің құрамына берілді және бұрнығы үш секцияға төртыншы болып археологиялық секция қосылды. Сол жылы комиссияның бір топ қызметкерлері ғалымдар өздері лауазымды тұлғалар бола отырып, нәтижелі жұмыс істей алмайды деп шешіп, Орынбор орыс географиялық қоғамы мен Орынбор оқу мұрағат комиссиясының мұрагері ретіндегі Қазақ аймағын зерттеу қоғамын құрды. 20-шы жылдары осы Қоғамның мүшелері А.Чулошниковтың, Ф.Рязановтың, А.Диваевтың, М.Тынышпаевтың, М.Дулатұлының ғылыми еңбектері шықты. 1924 жылы Қоғамның мүшелігінде 84 ғалым болды.
20-шы - 30-шы жылдары екпінді жүргізілген сауатсыздықпен күрес өз нәтижелерін бере бастады. 1939 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша Қазақстан халқының 76,3% сауатты екені анықталды. 1940 жылы республикада 5 289 бастауыш мектеп, 1 770 жетіжылдық және 698 орта мектеп жұмыс істеді, оларда оқитын оқушылардың саны 1 138 187 оқушыны құрады. Педагогикалық кадрлар ҚазМУ-да, 13 педагогикалық институтта және 23 педагогикалық училищелерінде дайындалды. Қазақстан соғыс жылдары КСРО-ның басқа аймақтарынан көшірілген 149 балалар мекемесін және 19 мың баланы қабылдады, балалар үйлерінің саны арта түсті. Кәсіби-техникалық білім мен орта арнаулы білім беретін мекемелер жүйесі тез дами бастады.
1940 жылы Қазақстанда кәсіби білім беретін 35 оқу орны ашылды, соғыс жылдары фабрика-завод училищелерінде жыл сайын 26 мыңнан астам адам оқытылды. 30-жылдардың соңында республикада жұмыс істеп тұрған 120 орта арнаулы оқу орындарынан 5 мыңнан астам адам мамандық алып шықты.
Жоғары білімді дамыту ісі одан әрі жалғасып жатты. 1936 жылы жоғарғы оқу орындарына түсу тәртібін реттейтін үкімет қаулылары қабылданып, бірыңғай оқу-әдістемелік басшылық енгізілді. 1938 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде алғашқы Қазақ аспирантурасы ашылды.
Соғыс жылдары республикадағы жоғарғы оқу орындарының саны арта түсті. 1943 жылы шетел тілдері педагогикалық институты ашылды, 1943 жылы Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы Алматыда Консерватория және Қыздар педагогикалық институты өз жұмысын бастады.
Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды медицина институты (1950), Семей зооветеринарлық (1951), Қарағанды тау-кен институты (1953) ашылды. Бұл оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрлары эвакуациямен келгендер есебінен де, репрессияға ұышарағандар есебінен де толықтырылып отырды.
Ой еңбегі мен қол еңбегінің арасын жақындату және мектеп пен өндірістің байланысын нығайту туралы Хрущевтың идеялары 50-ші жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында білім беру саласындағы түбегейлі реформалардың жүргізілуіне ұласты. 1958 жылы одақ бойынша қабылданған заңға сәйкес 1959 жылы республика көлемінде Мектеп пен өмірдің арасындағы байланысты нығайту туралы Заң қабылданды.
Осы Заңға сәйкес жетіжылдық және онжылдық білімнің орнына міндетті сегізжылдық білім енгізілді. Оны аяқтағаннан кейін түлектер зауыттарда не ауылдық жерлерде оқу мен жұмысты ұштастыра отырып, үш жыл жұмыс істеуге немесе өндірістік білім беретін политехникалық мектептерде оқуы тиіс болды. Енді жоғарғы оқу орнына түсу үшін абитуриенттік теориялық дайындық емес өндірістегі жұмыс өтілі қажет болды. Қазақстанда жаңа жүйеге көшу 1962-1963 жылдары аяқталды.
Бұл реформаның нәтижесінде екіұдай салдар қалыптасты. Өндірісте кадрлардың тұрақтамауы орын алды, жоғары оқу орнына түсу үшін жұмыс өтілі керек болған уақытша жұмысшылардың саны көбейді. Жоғары оқу орындарының беделі кеміді, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері өздерінің кәсіби қызметіне пайдасы жоқ, өнімсіз жұмыстарға пайдаланылды.
1964 жылы бұл реформаның кейбір қағидалары қайта қаралып, міндетті онжылдық мектеп енгізілді, жаңа оқу бағдарламалары мен жоспарлар әзірлене бастады, 1970 жылы жалпы білім беретін орта мектептің Жарғысы бекітіліп, оқытудың үш кезеңі енгізілді - бастауыш (3-сыныпқа дейін), сегізжілдық және онжылдық. Сегізжылдық мектептердің түлектері білім алуды онжылдық мектептерде жалғастыруға немесе кәсіптік-техникалық училищеде, орта арнаулы оқу орындарында жалғастыра алатын болды, одан әрі олар жоғарғы оқу орындарына да түсе алатын болды.
70-ші жылдары оқушылар саны артып, керісінше, мектептер санының кемуі орын алды. Мысалы, 1966 жылы 10 728 мектепте 2 852 мың оқушы оқыған болса, 1976 жылы 9 604 мектепте 3 346,4 мың оқушы оқыған, ал 1979 жылы 8 910 мектепте 3 257,2 мың оқушы оқыды. 70-ші жылдардың ортасынан бастап оқушылар саны да кеми бастады, бұл құбылыс демографиялық себептерге байланысты болды.
Ал жоғары білім жүйесінің дамуы одан әрі жалғасты. 1959 жылы республикадағы жоғары оқу орындарын басқаруды орталықтандыру мақсатында мемлекеттік комитет құрылып, кейін Қазақстанның жоғарғы және арнаулы білім министрлігі болып қайта қйымдастырылды. Жоғарғы оқу орындарының саны арта түсті. Егер 50-ші жылдары республикада 26 жоғарғы оқу орны жұмыс істеген болса, 1980 жылға қарай олардың саны 55-ке жетті, оларда оқитын студенттердің саны 250 мың адамды құрады.
Қазақстан 1991 жылы туәелсіздік алған сәттен бастап, жоғарғы мектеп институционалдық, заңнамалық және қаржы-шаруашылық аспектілер тұрғысынан көптеген өзгерістерге ұшырады.
Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі жетекші жоғарғы оқу орындарымен орнаған көптеген байланыстардың үзілуі, Қазақстанның жоғарғы мектебінің бүкіл инфрақұрылымында келеңсіз өзгерістердің орын алуына әкеп соқтырды. Республиканың сол кездердегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы да бұл келеңсіздіктердің орын алуына орасан зор әсерін тигізді. Көптеген мамандардың тыс елдерге кетуі, басқа кәсіпке ауысуы, жоғарғы оқу орындарының құнды ғылыми-оқу базасының жоғалуы, Қазақстанның жоғарғы мектебінің жаппай құлдырау қаупін тудырды. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының көлемі жеткіліксіз болды. Осындай жағдайларда жоғарғы оқу орындарын сақтап қалудың өзі өте қиын болды.
Сыртқы әлеммен жаңа коммерциялық қатынастардың дами бастауына байланысты, жоғарғы оқу орындарының ішкі реформаларға қажеттілігі барған сайын өткірлене түсті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz